СОР ЖБ Қазақстан тарихы 7 сынып

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Қазақстан тарихы 7-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып білім алушыларына «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) 7-сыныптың «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлмі бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері мен мектеп әкімшілігіне, мектеп білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
2
Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР……………………..4
«VI — IX ғғ. Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау…………………….5
2 -ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР……………………10
«X — ХІІІ ғғ. Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау…………………..11
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР…………………….17
«XIII — XV ғ. 1-ші жартысындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау…..18
«Қазақ халқының қалыптасуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау………………..22
«Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау……….26
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР…………………….30
«Қазақ хандығының XVI — XVII ғасырлардағы дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 31
3
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
4
«VI — IX ғғ. Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Орта ғасырлар тарихынан нені оқып үйренеміз
ҮІ-К ғғ. билік құрған қай қаған ерекше есте сақталады Білге қаған мен Күлтегіннің мемлекетті нығайтудағы саясаты бізге қандай деректерден белгілі
Оқу мақсаты 6.3.1.2VI-IX ғғ. мемлекеттерді білу және картаны
қолданып, саяси процестерді түсіндіру арқылы Түрік
қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау 6.3.1.3Тарихи оқиғалар мен процестердің сабақтастығын сипаттауда «Ұлы Дала Елі» ұғымын қолдану
6.2.3.1 Көне түркі жазуының тарихи маңызын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ерте ортағасырлық мемлекеттердің хронологиялық шеңберлер анықтайды
• Ерте ортағасырлық мемлекеттерді картадан көрсетеді
• Алғашқы мемлекеттік бірлестіктер мен түрік қағанаты арасындағы байланысты анықтау арқылы «ҰлыДала Елі» ұғымының мағынасын анықтайды
• Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын талдайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Төмендегі фактілердің қайсысы дұрыс:
1. Қазіргі қазақ жерінде ерте орта ғасырда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі -Түрік қағанаты.
2.Түрік қағанаты 604 жылы Батыс және Шығыс болып екіге бөлінді
A) екі нұсқау да дұрыс
B) бірінші нұсқау дұрыс
C) екінші нұсқау дұрыс Д) екі нұсқау да бұрыс
2. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы дұрыс:
I. Сұлу қағанның шайқастарда үнемі жеңіске жетуіне байланысты арабтар оны «сүзеген», «мүйізді қаған» деп атаған
II. Парсы тарихшысы Гардизи: Қимақ елінің құрамында жеті тайпа болғандығын жазған.Олардың ішіндегі ең атақтылары қимақтар мен қыпшақтар дейді.
A) екі нұсқау да дұрыс
B) бірінші нұсқау дұрыс
C) екінші нұсқау дұрыс Д) екі нұсқау да бұрыс
5
3. Қай мәлімет дұрыс:
Оғыздарда жоғарғы билік иесі — жабғу деп аталды. ІІ. 765 жылы қарлұқтар Түргеш қағанатының әлсірегенін пайдаланып,билікті қолдарына алып,өздерінің мемлекетін құрды
A) екі нұсқау да дұрыс
B) бірінші нұсқау дұрыс
C) екінші нұсқау дұрыс Д) екі нұсқау да бұрыс
2. Картамен жұмыс
Батыс Түрік,Түргеш,Қарлұқ мемлекеттерінің орнын картада белгілеңіз.
3.Төмендегі бос орындарды дұрыс мағлұматтармен толықтырыңыз
1 Қытай шежіресі бойынша «теле» сөзінен «…» атауы қалыптасқан
2 Сақтардан көптеген ескерткіштер қалды. Олар … өзендерінің бойында Алатау бөктерінде,Қырғызстан жерінде кездеседі.
3 Түрік қолбасшысы Бумын Жужан қағаны … қағанға соғыс жариялайды.
4. Деректі талдаңыз.Деректен үзінді оқи отырып, төмендегі сұраққа жауап беріңіз.
Күлтегін жырынан үзінді
Түркі халқы үшін Түн ұйықтамадым,
Күндіз отырмадым.
Інім Күлтегінмен бірге,
Екі шадпен бірге,
Өліп-тіріліп үлгайттым.
Біраз үлгайтып,
Біріккен халықты от-су қылмадым.
Сөйтіп, Тәңірі жарылқады.
Бағым болғандықтан,
Сәті түскендіктен Өлімші халықты тірілттім.
Жалаңаш халықты тонды,
6
Кедей халықты бай қылдым.
Аз халықты көп қылдым,
Тату елге жақсылық қылдым.
Төрт бұрыштагы халықты Бәрін бейбіт қылдым,
Тату қылдым,
Бәрі маган багынды.
1. Түрік қағанаттары көрші елдермен қарым-қатынаста қандай мақсатты көздеді?
2. Білге қаған мен Күлтегіннің мемлекетті нығайтудағы ролі қандай?
3. «Күлтегін», «Тоныкөк» жырларының тарихи құндылығы неде?
1.—————————————————————————
2.
3.
7
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Ерте ортағасырлық мемлекеттерді ң хронологиялық шеңберлер анықтайды 1 Қазіргі қазақ жерінде ерте орта ғасырда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлекетті біледі 1
Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып екіге бөлінген уақытты біледі
Арабтар «Сүзеген», «Мүйізді қаған» деп атаған қағанды біледі 1
Парсы тарихшысы Гардизидің Қимақ елі құрамындағы тайпалар туралы айтқанын біледі
Оғыздардың жоғарғы билік иесінің лауазымын біледі 1
Қарлұқтардың қай жылы билікке келгенін біледі
Ерте ортағасырлық мемлекеттерді картадан көрсетеді 2 Батыс Түрік қағанатының орнын картада белгілейді 1
Түргеш қағанатының орнын картада белгілейді 1
Қарлұқ қағанатының орнын картада белгілейді 1
Алғашқы мемлекеттік бірлестіктер мен Түрік қағанаты арасындағы байланысты анықтау арқылы «Ұлы Дала Елі» ұғымының мағынасын анықтайды 3 Қытай шежіресі бойынша «теле» сөзінен қалыптасқан халық атауын анықтайды 1
Сақтар ескерткіштерінің қай өзен жағалауында кездесетіндігін анықтайды 1
Бумын соғыс жариялаған Жужан қағанын анықтайды 1
Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын талдайды 4 Түрік қағанаттары көрші елдермен қарым-қатынаста қандай мақсатты көздегенін анықтайды 2
Білге қаған мен Күлтегіннің мемлекетті нығайтудағы ролін түсіндіреді 2
«Күлтегін», «Тоныкөк» жырларының тарихи құндылығын анықтайды. 2
Барлығы 15
8
«VI — IX ғғ. Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған
рубрика
Білім алушының аты-жөні______________________________________________
Бағалау критерийлері Оқушылардың оқу жетістігі деңгейлері
Төмен Орта Жоғары
Ерте ортағасырлық мемлекеттерді атайды, хронологиялық шеңберлер есебін шеше алады Ерте ортағасырлық мемлекеттер мен олардың хронологиялық шеңберін атауда қиналады □ Ерте ортағасырлық мемлекеттер мен олардың хронологиялық шеңбері атайды, бірақ аздаған қателіктер жібереді □ Ерте ортағасырлық мемлекеттер мен олардың хронологиялық шеңбері дұрыс атайды □
Ерте ортағасырлық мемлекеттерді картадан көрсетеді Ерте ортағасырлық мемлекеттердің кем дегенде 1-уін картада белгілейді □ Ерте ортағасырлық мемлекеттердің кем дегенде 2-уін картада белгілейді □ Берілген ерте ортағасырлық мемлекеттердің барлығын картада белгілейді |~|
Алғашқы мемлекеттік бірлестіктер мен Түрік қағанаты арасындағы байланысты анықтау арқылы «Ұлы Дала Елі» ұғымының мағынасын ашады Алғашқы мемлекеттік бірлестіктер мен Түрік қағанаты арасындағы байланысты анықтау арқылы «Ұлы Дала Елі» ұғымына қатысты тапсырмаларды орындайды және тікелей нұсқаулықтарға сай орындау рәсімдеріне ілеседі |—| Алғашқы мемлекеттік бірлестіктер мен Түрік қағанаты арасындағы байланысты анықтау арқылы «Ұлы Дала Елі» ұғымына қатысты тапсырмаларды орындайды, таныс және кейбір таныс емес жағдайларда білімін сәтті түрде қолданады □ Алғашқы мемлекеттік бірлестіктер мен Түрік қағанаты арасындағы байланысты анықтау арқылы «Ұлы Дала Елі» ұғымына қатысты, тапсырмаларды нақты орындайды және кең өрістегі жағдайларда білімін сәтті түрде қолданады |—|
Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын талдайды Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын ажыратады □ Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын ішінара негіздей отырып, талдайды □ Көне түркі жазуының тарихи маңыздылығын толық негіздей отырып қорытынды қалыптастырады, алынған нәтижелерге қатысты логикалық бірізді аргументтерді келтіріп, талдайды |_|
9
2 -ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
10
«X — XIII ғғ. Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып X — XIII ғғ. саяси карта қаншалықты өзгерді
Ұлы Жібек жолы ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына қалай әсер етті
Әлем өркениетінің дамуына түркі мәдениеті қандай үлес қосты
6.3.1.3 Х-ХТТТ ғғмемлекеттерді білу және және картаны қолданып, саяси процестерді түсіндіру
6.4.2.1 Ұлы Жібек жолының қала мәдениетінің дамуына әсерін анықтау
6.2.2.4 Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде анықтау М.Қашғари, Ж.Баласағұни еңбектерінің тарихи құндылығын түсіндіру
Білім алушы
• Дамыған ортағасырлық, мемлекеттерді атайды және саяси оқиғалары мен құбылыстарын анықтайды
• Дамыған ортағасырлық мемлекеттердің аумағын, астаналарын, көршілес мемлекеттерін картаға түсіреді
• Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари,Ж.Баласағұни және А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын сипаттайды
• Ұлы Жібек жолының ортағасырлық Қазақстан қалаларының дамуына әсерін талдайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
І.Төмендегі фактілердің қайсысы дұрыс:
1.Қарахан мемлекеті Қазақстан жеріндегі алғашқы дамыған ортағасырлық мемлекет болды.
ІІ.Қыпшақ хандығында құлды «яланкуг» деп атаған
A) І және ІІ — ші екі нұсқау да дұрыс
B) Тек І — ші нұсқау дұрыс
C) Тек ІІ — ші нұсқау дұрыс
^) І және ІІ — ші екі нұсқау да дұрыс емес
2.Төмендегі деректердің қайсысы дұрыс:
I. Рашид ад-Дин деректерінде Монғол жеріндегі IX- XIII ғғ өмір сүрген керейлер- нашар дамыған ел деп береді
II. Орыс жылнамаларында қыпшақтарды «половшылар» (далалықтар) деп көрсетеді
A) І және ІІ — ші екі нұсқау да дұрыс
B) Тек І — ші нұсқау дұрыс
C) Тек ІІ — ші нұсқау дұрыс
^) І және ІІ — ші екі нұсқау да дұрыс емес
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
11
З.Қай мәлімет дұрыс:
I. ХІ-ХШғғ дамыған ортағасырлық мемлекеттердің құрылымының түрі құлиеленушілік құрылыс болды
II. 970 жылы Мұса Сатұқ Боғрахан өз ықпалын күшейту үшін ислам дінін мемлекеттік дін етіп жариялады
A) І және ІІ — ші екі нұсқау да дұрыс
B) Тек І — ші нұсқау дұрыс
C) Тек ІІ — ші нұсқау дұрыс
^) І және ІІ — ші екі нұсқау да дұрыс емес
1. Картамен жұмыс.Әр ұсынылған тапсырманың дұрыс жауабы 1 балмен бағаланады.
3 V! Да / ) У( ^ V , ’% ч*
І- 1 V X-. ч
‘гТл ■г, ‘ V

V С4- V .
1) Батыс Қарахан мемлекеті аумағы мен орталығын, Шығыс Қарахан мемлекеті аумағы мен орталығын белгілеңіз;
2) Қыпшақ мемлекеті аумағын және оң, сол қанатының орталықтарын белгілеңіз;
3) Найман, Керей, Жалайыр мемлекеттерінің аумағын, астанасын картадан белгілеңіз
2. Кестені толтырыңыз.
Ғұламалар Еңбегінің атауы Еңбектің маңыздылығы, құндылығы
Махмуд Қашғари
Жүсіп Баласағұни
Қожа Ахмет Яссауи
12
4.Суретпен жұмыс.
• Ұлы Жібек жолының Қазақстан қалаларының дамуына әсер еткенін дәлелдеп, нақты 3 дәлел келтіріңіз:
• Ұлы Жібек жолы қолөнердің дамуына ықпал етті:
• Ұлы Жібек жолы сауданың дамуына ықпал етті:
• Ұлы Жібек жолы құрылыстың дамуына ықпал етті:
13
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Дамыған ортағасырлық мемлекеттерді атайды және саяси оқиғалары мен құбылыстарын анықтайды 1 Қарахан мемлекетінің Қазақстан жеріндегі алгашқы дамыганортагасырлық мемлекет болғанын біледі//білмейді және Қыпшақ хандығында құлды «яланкуг» деп аталганын/аталмаганын біледі 1
Рашид ад-Дин деректерінде Монғол жеріндегі IX- ХІІІғғ өмір сүрген керейлердің нашар/күштідамыган ел болганын және орыс жылнамаларында қыпшақтарды «половшылар» (далалықтар) деп атаганын/атамаганын біледі 1
ХІ-ХІІІғғ дамыған ортағасырлық мемлекеттердің құрылымының түрі құлиеленушілік құрылыс болганын/болмаганынжәне 970ж/басқа жылы Мұса Сатұқ Боғрахан өз ықпалын күшейту үшін ислам дінін мемлекеттік дін етіп жариялағанын біледі 1
Дамыған ортағасырлық мемлекеттердің аумағын, астаналарын, көршілес мемлекеттерін картаға түсіреді 2 Батыс, Шығыс Қарахан мемлекеті аумағы мен оның орталығын көрсетеді 1
Шығыс-Дешті Қыпшақ аумағын және Қыпшақ мемлекетінің оң қанаты мен сол қанаты орталығын көрсетеді 1
Найман, Керей, Жалайырлардың Қазақстандағы аумағын көрсетеді 1
Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұни және А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын сипаттайды 3 Махмуд Қашғаридің еңбегінің атауы мен оның құндылығын көрсетеді 1
Жүсіп Баласағұни еңбегінің атауы мен оның құндылығын көрсетеді 1
Қожа Ахмет Яссауи еңбегінің атауы мен оның құндылығын көрсетеді 1
Ұлы Жібек жолының ортағасырлық Қазақстан қалаларының дамуына әсерін талдайды 4 Ұлы Жібек жолы қолөнердің дамуына ықпал еткенін дәлелдейді 2
Ұлы Жібек жолы сауданың дамуына ықпал еткенін дәлелдейді 2
Ұлы Жібек жолы құрылыстың дамуына ықпал еткенін дәлелдейді 2
Барлығы: 15
14
«6.2А X — XIII ғғ. Қазақстан» бөлім бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні___________________________________________________
Бағалау критерийлері Оқу жетістігінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Дамыған ортағасырлық мемлекеттерді атайды және саяси оқиғалары мен құбылыстарын анықтайды Дамыған ортағасырлық мемлекеттер мен олардың хронологиялық шеңбері бойынша шектеулі білімін және түсінігін көрсетеді \^\ Дамыған ортағасырлық мемлекеттер мен олардың хронологиялық шеңбері бойынша жеткілікті білімін және түсінігін көрсетеді ЕП Дамыған ортағасырлық мемлекеттер мен олардың хронологиялық шеңбері бойынша терең білімін және түсінігін көрсетеді | |
Дамыған ортағасырлық мемлекеттердің алып жатқан аумағын, астаналарын, көршілес мемлекеттерін картаға түсіреді Дамыған ортағасырлық мемлекеттердің кем дегенде 1-уін, олардың астаналарын картадан дұрыс көрсетеді Дамыған ортағасырлық мемлекеттердің кем дегенде 3-уін, олардың астаналарын картадан дұрыс көрсетеді □ Дамыған ортағасырлық мемлекеттердің барлығын, олардың астаналарын картадан дұрыс көрсетеді
Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұни және А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын сипаттайды Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұни және А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын ажыратады □ Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари, Ж.Баласағұни және А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын ішінаранегіздейотырып талдайды □ Түркі кезеңіндегі қоғамды бейнелеуде М.Қашғари,Ж.Баласағұни және А.Яссауи еңбектерінің тарихи құндылығын толық негіздейотыра қорытынды қалыптастырады, алынған нәтижелерге қатысты логикалық бірізді аргументтерді келтіріп, талдайды [^]
15
¥лы Жібек жолының ¥лы Жібек жолының
ортағасырлық Қазақстан ортағасырлық қала мәдениетінің
қалаларының дамуына дамуына әсері туралы жай
әсерін талдайды тапсырмаларды орындайды жэне
тікелей нұсқаулықтарға сай
орындау рәсімдеріне ілеседі

¥лы Жібек жолының
ортағасырлық қала мәдениетінің дамуына әсері туралы эдеттегі тапсырмаларды орындайды, тиісті деңгейде білімін сәтті қолданады

¥лы Жібек жолының
ортағасырлық қала мәдениетінің дамуына әсері туралы қиын тапсырмаларды орындайды жэне кең өрістегі жағдайларда білімін сәтті түрде қолданады

16
ЖОБА
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
17
ЖОБА
«XIII — XV ғ. 1-ші жартысындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті
Моңғол империясының ыдырауы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер болды
Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуында Ақ Орданың рөлі қандай
Моғолстан мен Әбілқайыр мемлекеттеріндегі оқиғалар қандай өзгерістерге әкелді
Оқу мақсаты 6.2.2.3 көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау
6.3.1.6 ХІІІ-Х^ ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолданып, саяси процестерді түсіндіру
6.3.1.8 Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау
6.3.2.5 тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында XIII — XV ғғ. құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
•Моңғол мемлекетінің құрылуын анықтайды •ХІІІ-Х^ ғғ.мемлекеттерді картадан көрсетеді •Шыңғыс ханның әскерінің жетістіктерін анықтайды •ХІІІ-Х^ ғғ. ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының себептерін анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу, түсіну деңгейі Қолдану

Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Төменде берілген тарихи мәтіндегі бос орындарға қажетті сөздерді қойыңыз.
1206 жылдың көктемде Орхон өзенінің сағасында____________________жақтаушымоңғол
ақсүйектерінің құрылтай жиналысы болып, онда ол____________деген атпен моңғолдардың
әміршісі болып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан деген сөз моңғолша «көктен жаралған» деген ұғымды білдіреді. Сөйтіп, Орталық Азияда құдіретті Шыңғыс хан империясы құрылды.
Шыңғыс-хан мемлекетті әскери тұрғыдан ұйымдастырды. Бүкіл территориясы мен халқы оң қанат (барунғар), сол қанат (зұңғар — жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-
әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ ________ бөлінді. Олардың әрқайсысы оң мың
адамнан тұрды, «мыңдықтар» — он «жүзден», ал «жүздіктер» «ондықтан» құралды.
Мемлекеттің барлық аумағы 95 түмен болды. Мемлекеттің басты заңы __________________деп
аталды.
1. 2. 3. 4.
түменге «Жасақ» Темучинді Шыңғыс-хан
18
ЖОБА
2. Кескін картада Алтын Орданың, Ақ Орданың, Моғолстан мемлекеттерінің аумағын белгілеңіздер.
3. Төмендегі ұғымдарды сипаттамасымен сәйкестендіріңіздер. Әрбір дұрыс жауап 1 балл.
Ұғымдар сипаттамасы
1 Құрылтай Шыңғыс ханды қорғайтын жеке әскері
2 ноян Тыңшылықпен айналысып, маңызды мәліметтер жеткізетін адамдар
3 жансыз Ортағасырдағы моңғол қоғамындағы әскербасылары
4 кешіктен Ақсүйектер мен халықтың маңызды мәселелерді талқылау үшін өткізілетін кеңесі
4. Кестеде берілген тарихи тұлғаларды сөздерімен сәйкестендіріңіз. Цитаталармен байланысты саяси оқиғаны толықтырыңыз.
Тарихи тұлғалар Дереккөзден алынған тарихи тұлғалардың сөздерінен үзінділер Осы цитаталармен байланысты саяси оқиғалар
Ұрыс хан «Мен әлемді жаулап алмағанда, олар бізге қылыш көтерер еді».
Өзбек хан «Ақ Орданың тәуелсіздігіне мен алғаш қол жеткіздім!»
Тоқтамыс «Біз мемлекетімізді нығайту үшін ислам дінін нығайттық».
Әмір Темір «Әмір Темір болмағанда, Мәскеу біздің астанамыз болар еді…».
19
ЖОБА
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Моңғол мемлекетінің құрылуын анықтайды 1 Шыңғыс ханның билікке келуін біледі; 2
Моңғол мемлекетінің басқару жүйесін біледі; 1
Моңғол мемлекетінің негізгі заңын біледі; 1
ХІІІ-Х^ ғғ.мемлекеттерді картадан көрсетеді 2 Алтын Орда мемлекетін картада белгілейді; 1
Ақ Орда мемлекетін картада белгілейді; 1
Моғолстан мемлекетін картада белгілейді; 1
Шыңғыс ханның әскерінің әскери өнер жетістіктерін анықтайды 3 Моңғол империясының жоғары басқару жүйесін сипаттайды; 1
Моңғол әскербасыларының аталуын біледі 1
Шыңғыс ханның әскерінің ерекшеліктерін біледі; 1
Шыңғыс ханның жеке әскерін сипаттайды. 1
ХІІІ-Х^ ғғ. ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының себептерін анықтайды 4 Ақ Орданың дербес мемлекетке айналуын сипаттайды; 1
Алтын Ордада ислам дінінің қабылдануын түсіндіреді; 1
Алтын Орда мемлекетінің орыс князьдіктерімен қарым-қатынасына қатысты оқиғаларды сипаттайды 1
Әмір Темір жорықтарының көрші мемлекеттерге әсерін біледі 1
Барлығы 15
20
ЖОБА
6.3А XIII — XV ғ. 1-ші жартысындағы Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтықбағалаудыңнәтижесінеқатыстыата-аналарғаақпаратұсынуғаарналғанрубрика
Білім алушыныңаты-жөні
Бағалау критерийлері Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Моңғол мемлекетінің құрылуын анықтайды Моңғол мемлекетінің құрылуы бойынша шектеулі білімін және түсінігін көрсетеді |—| Моңғол мемлекетінің құрылуы бойынша білімі мен түсінігінде қателіктер кездеседі □ Моңғол мемлекетінің құрылуы бойынша нақты білімі мен түсінігі бар □
ХІІІ-Х^ ғғ.мемлекеттерді картадан көрсетеді Ортағасырлық мемлекеттердің кем дегенде 1-уін картада белгілейді Ортағасырлық мемлекеттердің кем дегенде 2-уін картада белгілейді Берілген ортағасырлық мемлекеттердің барлығын картада белгілейді
Шыңғыс ханның әскерінің әскери өнер жетістіктерін анықтайды Шыңғыс ханның әскерінің әскери өнер жетістіктерін сипаттауда қиналады □ Шыңғыс ханның әскерінің әскери өнер жетістіктерін сипаттауда қателеседі □ Шыңғыс ханның әскерінің әскери өнер жетістіктері мен әскерінің құрылымын біледі □
ХІІІ-Х^ ғғ. ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының себептерін анықтайды ХІП-Х^ ғғ. мемлекеттерде орын алған тарихи оқиғаларды біледі, тарихи оқиғаларды байланыстыруда қиналады |—| ХІІІ-Х^ ғғ. мемлекеттерде орын алған тарихи оқиғаларды біледі, тарихи оқиғаларды байланыстыруда қателіктер жібереді □ ХІІІ-Х^ ғғ. мемлекеттерде орын алған тарихи оқиғаларды біледі, тарихи оқиғалардың байланысын біледі □
21
ЖОБА
«Қазақ халқының қалыптасуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып
Ұлы Дала мұрагері-Қазақ халқы қалай қалыптасты
Оқу мақсаты
6.1.1.3 ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерді анықтау
6.1.1.4 «қазақ» этнонимінің мағынасын түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•Қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін анықтайды •Қазақ этнонимінің мағынасын түсіндіреді •Қазақ халқының қалыптасуы жайлы деректерді сипаттайды •Жүздер құрамындағы руларды анықтайды
Ойлау
деңгейі
дағдыларының Білу, түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
20 минут
Тапсырма
1. Төмендегі фактілердің қайсысы дұрыс:
Бір дұрыс жауабы бар көп нұсқалы жауаптан тұратын сұрақтар, барлығы 3 сұрақ болады, әрбір дұрыс жауапқа 1 балл беріледі.
1. XV ғасырдың ІІ жартысында қазақ атауы этникалық сипатқа ие болып, барлық ру-тайпаларға ортақ атау болып қалыптасты.
ІІ. Қазақ халқының қалыптасуы Алтын Орда мемлекетінің бөлінуімен байланысты.
A) екі нұсқау да дұрыс
B) бірінші нұсқау дұрыс
C) екінші нұсқау дұрыс Д) екі нұсқау да бұрыс
2. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы дұрыс:
I. «Қазақ» сөзінің мағынасы еркін, кезбе деген мағынаны білдіреді.
II. «Қазақ» сөзінің мағынасы «мықты», «берік» деген мағынаны білдіреді.
A) екі нұсқау да дұрыс
B) бірінші нұсқау дұрыс
C) екінші нұсқау дұрыс Д) екі нұсқау да бұрыс
3. Қай мәлімет дұрыс:
1. Қазақ халқының қалыптасуы ислам дінінің таралуымен байланысты.
ІІ. Қазақ халқының қалыптасуы туралы парсы тарихшысы Рузбихан құнды деректер қалдырған.
A) екі нұсқау да дұрыс
B) бірінші нұсқау дұрыс
C) екінші нұсқау дұрыс Д) екі нұсқау да бұрыс
2. Картамен жұмыс.
22
ЖОБА
Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүздің орналасуын картада белгілеңіз (Барлыгы:3 балл)
З.Төмендегі бос орындарды тиісті сөздермен толықтырыңыз:
1 Қазақ халқының құрамына кіретін ру-тайпалардың ен-таңбалары салынған жер-….
2 Қазақ халқында жүздердің қалыптасуын зерттеген ғалым-этнограф …
3 Ұлы жүз құрамындағы рулар…, орта жүз рулары …, кіші жүз рулары…
4. «Қазақ» этнонимітуралы деректерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. (Барлыгы:6 балл)
1) Көне түрік тіліндегі деректерге қарағанда «қазақ» деген атау Орхон-Енисей жазбасындағы «цазгацоглүм» деген сөздегі«ғ»әрпінің түсіп қалуы нәтижесінде тұрақталған.
2) Ежелгі Сібір тайпалары тілінде «қазақ» сөзі «мыцты», «берік», «алып» мағынасында айтылады.
3) ХІІІ ғ.б. жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің араб-қыпшақ сөздігінде «қазақ» сөзіне «еркін»,«кезбе» деген түсіндірме берілген.
1. Қазақ атауының зерттелуінде қай нұсқа негізгі деп ойлайсыз? (жауабыңызды түсіндіріңіз)
2. «Деректерден қандай қорытынды шығаруға болады?»
3. «Қазақ» атауы деректерде қай кезден бастап кездеседі?
23
ЖОБА
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін анықтайды 1 қазақ атауының этникалық сипатқа айналған уақытын біледі; 1
қазақ сөзінің мағынасы жайлы зерттеулерді біледі; 1
қазақ халқының қалыптасуы жайлы дерек қалдырған ортағасырлық авторды атайды. 1
Қазақ жүздерінің орналасуын картада белгілейді 2 Ұлы жүз руларының орналасу аймағын белгілейді; 1
Орта жүз руларының орналасу аймағын белгілейді; 1
Кіші жүз руларының орналасу аймағын белгілейді. 1
Қазақ халқының қалыптасуы жайлы деректерді сипаттайды 3 Қазақ руларының ен-таңбалары салынған ескерткішті біледі; 1
Қазақ жүздерінің қалыптасуын зерттеуші ғалымдарды біледі; 1
Әр жүз құрамындағы руларды топтастырады. 1
Қазақ этнонимінің мағынасын түсінеді 4 қазақ этнонимі жайлы деректерді салыстырады; 2
қазақ этнонимі жайлы тұжырым жасайды; 2
деректер негізінде қазақ атауының шығу хронологиясын пайымдайды; 2
Әмір Темір жорықтарының көрші мемлекеттерге әсерін біледі. 1
Барлығы 15
24
ЖОБА
«Қазақ халқының қалыптасуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні____________________________________________________
Бағалау критерийлері Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін анықтайды Қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін сипаттауда қиналады ^ ^ Қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін сипаттауда қателеседі ^ Қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін біледі □
Қазақ жүздерінің орналасуын картада белгілейді Қазақ жүздерінің орналасуын картада белгілеуде қиналады □ Қазақ жүздерінің орналасуын картада белгілеуде қателіктер жібереді □ Қазақ жүздерінің орналасуын картада толық белгілейді □
Қазақ халқының қалыптасуы жайлы деректерді сипаттайды Қазақ халқының қалыптасуы жайлы деректерді сипаттауда қиналады,қазақ жүздері құрамындағы руларды анықтауда шектеулі білімін көрсетеді |—| Қазақ халқының қалыптасуы жайлы деректерді сипаттауда және қазақ жүздері құрамындағы руларды анықтауда қателіктер жібереді |—| Қазақ халқының қалыптасуы жайлы деректерді сипаттайды, қазақ жүздері құрамындағы руларды жақсы анықтайды □
Қазақ этнонимінің мағынасын түсінеді Қазақ этнонимінің мағынасын сипаттауда қиналады □ Қазақ этнонимінің мағынасын сипаттауда бір ғана деректі сипаттайды Қазақ этнонимінің мағынасын сипаттауда барлық деректерді қолданады | |
25
ЖОБА
«Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Тақырып
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Неліктен Керей мен Жәнібек құрған Қазақ хандығы Орталық Азиядағы алғашқы ұлттық мемлекет деп саналады
6.3.1.9 Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау
6.2.3.4 М.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінің маңыздылығын түсіндіру
6.3.1.10 қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау
Білім алушы
• Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен оқиғаларды сипаттайды
• Қазақ хандығы алғаш құрылған аймақты картада белгілейді
• Қазақ хандығының құрылуында орын алған маңызды оқиғаларды топтастырады
• М.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегін талдайды
Ойлау дағдыларының Білу, түсіну деңгейі Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Сөздерді тиісті орындарға қойыңыз.(Жәнібек пен Керей, 200 мыңдай, Көшпелі өзбектер мемлекетінде, Шейх-Хайдар, Әбілқайыр хан әулетінен, шайбанилықтармен)
Дешті-Қыпшақта Әбілқайыр хан билікті қолына алған соң, көшпелі халықтың
__________________бастаған бір бөлігі Моғолстанға қоныс аударып, Шу мен Қозыбасы
өзендерінің аңғарында орын тепті. Моғолстан ханы өз қарсыластарымен болатын күресте көмектесер деген есеппен қазақ басшыларымен одақтас болды. Өзара қырқысулар мен
соғыстардан жапа шеккен халық Жәнібек хан мен Керей ханның маңына
топтасады. Осы тұста Әбілқайыр ханның кенеттен қайтыс болуына байланысты Моғолстанға қарсы әскери жорық тоқтатылды. Әбілқайырдың өлімінен кейін
___________________хан тағы үшін күрес басталды. Керей мен Жәнібек қол астындағы
тайпалар өзбек ұлысына қайта оралған соң тақ тартысының қарқыны үдей түсті. Соғыс
басталды. Әбілқайыр ханның ұлы, хан тағының мұрагері __________________қолбасшыларының
бағынбауы салдарынан жеңіліске ұшырады. Шейх-Хайдар үзеңгілестерінің көпшілігінің көзі жойылды, тірі қалғандары жан-жаққа босып кетті. Осылайша, «Көшпенді өзбектер
мемлекетіндегі» билік______________Керей мен Жәнібектің қолына өтті. Олар тағы да отыз
жыл бойы табан тіресе шайқасты.
26
ЖОБА
2.Картаға Қазақ хандығының алғаш құрылған аймағын түсіріңіздер.
3. Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен маңызды оқиғаларды анықтаңыздар. Оқиғаларды кестедегі бөлімдерге сәйкес топтастырыңыздар.
Экономикалық жағдаймен байланысты Әлеуметтік-этникалық жағдаймен байланысты шшш ‘ ■**< т \У№ шШ Саяси жағдаймен байланысты ТгЗ* 1.Дерек көзбен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз. 2.Бұл деректе Қазақ хандығының құрылуына байланысты қандай мәліметтер бар? 3. Деректің құндылығы неде? Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и Рашиди» еңбегінен үзінді Бұл уақытта Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы тегінен тараған сұлтандарға көп зардап шектірді. Жәнібек хан мен Керей хан одан қашып, Моғолстанға барды. Есен-Бұға хан оларды жылы шыраймен қабылдап, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу және Қозыбасы округтерін берді. Кейбір жошылық сұлтандар Әбілхайыр хан тарапынан төніп келе жатқан қатерді алдын-ала сезіп, оны болдырмауға тырысты. Сол мақсатпен олар Керей хан, Жәнібек сұлтан және сол сияқтылар азғантай адамдары мен Әбілхайыр ханнан қашып, Моғолстанға келді. Сол уақытта Моғолстан хандығын билеу кезегі Есенбұға ханға жеткен еді. Есенбұға хан оларды қатты құрметтеп, оларға Моғолстанның бір шетін бөліп берді. Олар осы жерден қауіпсіз жайлы қоныс тапты. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан (хижра бойынша) басталады. Аллаға бәрі мәлім. Сөйтіп, тыныш өмір сүріп жатты. Әбілқайыр дүние салғаннан кейін өзбектердің ұлысында алауыздық пайда болды. Әркім мүмкіндіктеріне қарай һәм дұрыс өмір сүру үшін Керей мен Жәнібек ханды паналады, олар осылай күшін нығайтты. Басында өстіп елден қашып, олардан бөлініп-жарылып қалып, біраз уақыт торығып, әрі сергелдеңде болғандықтан оларды «қазақ» деп атады. Бұл лақап ат қазақтарға осылай таралды. 27 ЖОБА Қазақ Хандығы «Өзбекстанның (көшпелі өзбектер елінде) басым бөлігінде хижраның 940 жылы (1533-34) билік жүргізе бастайды». (М.Х.Дулати. Тарих-и Рашиди. Алматы 2003, 305-306-беттер) Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл Білім алушы Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен оқиғаларды сипаттайды 1 Қазақ хандығын құрған хандарды атайды; 1 Қазақ хандары мен Әбілқайыр хандығы арасындағы қарым-қатынасты сипаттайды; 1 Қазақ хандығын құрған халықтың санын біледі; 1 Әбілқайыр ханның мұрагерін біледі; 1 Қазақ хандығының аумағының кеңею себептерін біледі; 1 Қазақ хандарының күресі туралы біледі. 1 Қазақ хандығы алғаш құрылған аймақты картада белгілейді 2 Қазақ хандығы ту тіккен жерді картада белгілейді. 1 Қазақ хандығының құрылуында орын алған маңызды оқиғаларды топтастырады 3 Қазақ хандығының құрылуына Сыр бойындағы сауда жолдарына ықпал ету себеп болғанын түсінеді; 2 Қазақ хандығының құрылуына ру-тайпалардың этникалық жағынан туыстас болғандығын талдай алады; 2 қазақ хандығының құрылуында Шыңғыс хан әулетінің билік үшін талас-тартыстары әсер еткенін сипаттайды. 2 М.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегін талдайды 4 деректе қазақ хандығының құрылуына қатысты маңызды ақпараттар берілгенін анықтайды; 1 Деректің маңыздылығын бағалайды. 1 Барлығы 15 28 ЖОБА «Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы»бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатыстыата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні___________________________________________ Бағалау критерийлері Оқу жетістіктерінің деңгейі Төмен Орта Жоғары Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен оқиғаларды сипаттайды Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен оқиғаларды сипаттауда қиналады □ Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен оқиғаларды сипаттауда қате жібереді р □ Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен оқиғаларды сипаттайды □ Қазақ хандығы алғаш құрылған аймақты картада белгілейді Қазақ хандығы алғаш құрылған аймақты картада белгілеуде қиналады |—| Қазақ хандығы алғаш құрылған аймақты картада белгілеуде қате жібереді |—| Қазақ хандығы алғаш құрылған аймақты картада белгілейді □ Қазақ хандығының құрылуында орын алған маңызды оқиғаларды топтастырады Қазақ хандығының құрылуында орын алған маңызды оқиғаларды топтастыруда қиналады Қазақ хандығының құрылуында орын алған маңызды оқиғаларды топтастыруда қате жібереді Қазақ хандығының құрылуында орын алған маңызды оқиғаларды топтастырады ^ М.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегін талдайды М.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегін талдауда сұрақтарға шектеулі жауаптар ұсынады М.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегін талдауда қателіктер кездеседі □ М.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегін талдап, сұрақтарға толық жауап береді 29 ЖОБА 4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 30 ЖОБА «Қазақ хандығының XVI - XVII ғасырлардағы дамуы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Тақырып Не себепті Қ. Жалайыр: «Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болғаны Қасым хан еді...» деп жазды Тәуекел хан қазақ жерлерін біріктіру мақсатында қандай саясат ұстанды Есім хан Қазақ хандығының біртұтастығын қалай сақтап қалды Неліктен Тәуке ханды «Дала Ликургі» деп атады Оқу мақсаты 6.3.1.10 Қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау 6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау Бағалау критерийі Білім алушы • Қасым ханның мемлекетті нығайтудағы рөлін біледі • Қазақ хандарының мемлекеттің территориясын қалыптастыруда атқарған рөлін анықтайды • ХУП-ХУПІ ғ қазақ хандарының сыртқы саясатын талдайды • ХУП-ХУШ ғ қазақ хандарының ішкі саясатында орын алған оқиғаларды талдайды Ойлау дағдыларының Білу, түсіну деңгейі Қолдану Жоғары деңгей дағдылары Орындау уақыты 20 минут Тапсырма 1. Төмендегі мәтінді оқып, бос орындарға қажетті сөздерді қойыныздар. («Қасым ханның қасқа жолы», Ұлытау, Балқашқа, Сырдария, сыртқы саясатта) Қасым ханның тұсында Қазақ хандығы саяси, әлеуметтік, экономикалық жағынан дамыды. М.Х.Дулатидың дерегі бойынша Қасым ханның 300 мың әскері болған. Халқы 1 млн-ға жеткен. 1511-1518 ж 7 жылбойы билік етті. Қасым хан қоғамдық қайшылықтарды болдырмау үшін деген____________ заңдар жинағы шығарды. Заң бес бөлімнен тұрды: мүлік заңы, қылмыс заңы, әскери заң, елшілік жоралар заңы, жұртшылық заң. Осы заңдардың арқасында Қазақ хандығы күш қуаты артып, әлем таныған елге айналды. Қасым хан тұсында елдің шекарасы солтүстікте____________, оңтүстікте Сырдария мен Түркістан, батысында Жайық өзені, шығысында________________ дейін созылып жатты. Хаңдықтың орталығы бойындағы Сығанақ қаласы.Қасым өмірінің соңғы кезінде Сарайшықта отырып, билік жүргізді.______________Орта Азия хандарымен, Батыс Сібір елдерімен, Ресеймен дипломатиялық байланыстар жасады.Сыртқы саясатта негізгі бағыты Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қарату болды.Сол үшін Мауереннахр билеушісі Шайбани ханмен соғыстар жүргізіп, Сыр бойындағы қалаларды хаңдықтың құрамына қосып алды. Қасым хан Мұхаммед Хайдардыңдерегі бойынша 1518 ж қайтыс болды. 31 ЖОБА 2. Картаға Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының астанасын, Орбұлақ шайқасы өткен жерді, Тәуке хан тұсындағы астананы белгілеңіз. 3. XVII-XVIII ғасырларда Қазақ хандығының төменде берілген мемлекеттермен қарым-қатынасы бойынша кестені толтырыңыздар. Ресей мемлекетімен Орта Азия хандықтарымен Жоңғар хандығымен 4. ХҮП-ХҮШ ғасырларда Қазақ хандығының ішкі саясатында орын алған жағымды және жағымсыз оқиғалар бойынша диаграмманы толтырыңыздар. 32 ЖОБА Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл Білім алушы Қасым ханның мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтайды 1 Қасым ханның заңдар жинағын біледі; 1 Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығының жер аумағын сипаттайды; 2 Қазақ хандығы астанасының орналасуын біледі; 1 Қасым ханның сыртқы саясатын түсіндіреді. 1 Қазақ хандарының мемлекеттің территориясын қалыптастыруда атқарған рөлін анықтайды 2 Қасым ханның астанасын картада белгілейді; 1 Орбұлақ шайқасы болған жерді картада белгілейді; 1 Тәуке ханның астанасын белгілейді. 1 ХУП-ХУШ ғ қазақ хандарының сыртқы саясатын талдайды. 3 Қазақ хандығының Ресей мемлекетімен қарым-қатынасын талдайды; 1 Қазақ хандығының Орта Азия хандықтарымен қарым-қатынасын талдайды; 1 Қазақ хандығының ойраттармен қарым-қатынасын талдайды. 1 ХУП-ХУШ ғ Қазақ хандығының ішкі саясатында орын алған оқиғаларды талдайды 4 ХҮП-ХҮШ ғ Қазақ хандығының ішкі саясатында орын алған жағымды саяси оқиғаларды талдайды; 2 ХҮП-ХУШ ғ Қазақ хандығының ішкі саясатында орын алған жағымсыз саяси оқиғаларды талдайды. 2 Барлығы 15 33 ЖОБА «Қазақ хандығының XVI - XVII ғасырлардағы дамуы» бөлімібойынша жиынтықбағалаудыңнәтижесінеқатыстыата-аналарғаақпаратұсынуғаарналғанрубрика Білім алушыныңаты-жөні:_________________________________________ Бағалау критерийлері Оқу жетістіктерінің деңгейі Төмен Орта Жоғары Қасым ханның мемлекетті нығайтудағы рөлін біледі Қасым ханның мемлекетті нығайтудағы рөлін сипаттауда қиналады □ Қасым ханның мемлекетті нығайтудағы рөлін сипаттауда қателіктер жібереді Қасым ханның мемлекетті нығайтудағы рөлін жақсы біледі □ Қазақ хандарының мемлекеттің территориясын қалыптастыруда атқарған рөлін анықтайды Қазақ хандығының астаналары мен Орбұлақ шайқасы өткен жерді картада белгілеуде қиналады □ Қазақ хандығының астаналары мен Орбұлақ шайқасы өткен жерді картада белгілеуде қателеседі □ Қазақ хандығының астаналары мен Орбұлақ шайқасы өткен жерді дұрыс картада белгілейді □ ХУП-ХУШ ғ қазақ хандарының сыртқы саясатын талдайды ХУП-ХУШ ғ қазақ хандарының сыртқы саясатын талдауда қиналады □ ХУП-ХУШ ғ қазақ хандарының сыртқы саясатын талдауда қателеседі □ ХУП-ХУШ ғ қазақ хандарының сыртқы саясатын талдайды □ ХУП-ХУШ ғ Қазақ хандығының ішкі саясатында орын алған оқиғаларды талдайды ХУП-ХУШ ғ Қазақ хандығының ішкі саясатында орын алған оқиғаларды талдауда қиналады ХУП-ХУШ ғ Қазақ хандығының ішкі саясатында орын алған оқиғаларды талдауда қателеседі ХУП-ХУШ ғ Қазақ хандығының ішкі саясатында орын алған оқиғаларды дұрыс талдайды 34 ЖОБА «XVI - XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Тақырып Оқу мақсаты Бағалау критерийі Ойлау деңгейі XVI - XVII ғғ. қазақтардың рухани мәдениетінде халық өмірі қалай көрініс табады Неліктен киіз үй көшпелілердің материалдық мәдениетінің ең жоғарғы үлгісі деп саналады Неге Ақтамберді жырау «жылқыдан асқан мал бар ма!?...» деп жырлады 6.2.2.1 Күй, аңыз, шежіре, эпостық жырлардың тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау 6.2.2.5 Көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау 6.4.1.2 Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшеліктерін анықтау Білім алушы Қазақ халқының рухани мәдениетін анықтайды Қазақ халқының рухани өмірін сипаттайды Киіз үйдің ерекшелігін анықтайды Қазақ халқы үшін жылқы малының ерекшелігін талдайды дағдыларының Білу, түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары Орындау уақыты 20 минут Тапсырма 1. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. 1. XVI - XVII ғ қазақ даласында кең таралған күйлер- 2. "Шежірелер жинағы" еңбегінің авторы кім, еңбекте не баяндалған?- 3. Көшпелі ру-тайпалар уақыт есебін не арқылы анықтаған- 4. Ислам дінінде жерлеу дәстүрі қандай?--------------------- 2. Кестедегі сұрақтарға жауап беріңіз. XVI - XVII ғасырда өмір сүрген қандай жырауларды білесің? Қазақ халқында табиғи құбылыстарға қатысты қандай ырымдар бар? XVI - XVII ғ қазақ халқының рухани өмірінде ислам дінінің рөлі: Еуропа саяхатшысы Рубрук тамсана жазған сусын: 35 ЖОБА 3. Кестедегі бөлімдер бойынша көшпелілердің баспанасының ерекшеліктерін түсіндіріңіз. Кілт сөздер: туырлық, үзік, түндік, уық, кереге, ер-тұрман, кебеже, адалбақан. Киіз үйдің құрылысы Киіз үйдің жабдықтары Киіз үйдің заманауи баспаналардан ерекшелігі 4. Қазақ халқы үшін жылқы малының ерекшелігін анықтаңыз. Жылқының шаруашылықпен байланысы- Жылқының салт-дәстүрмен байланысы- --------------------------------------------------------------------------Жылқының сауда-саттықпен байланысы--------------------------------------------------------- Жылқының мемлекет саясатымен байланысы- 36 ЖОБА Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл Білім алушы Қазақ халқының рухани мәдениетін анықтайды 1 XVI - XVII ғ күйлерді біледі; 1 "Шежірелер жинағы" еңбегін сипаттайды; 1 көшпелілердің уақытты есептеу әдістері жайлы біледі; 1 Мұсылмандардың жерлеу дәстүрін сипаттайды. 1 Қазақ халқының рухани өмірін сипаттайды 2 XVI - XVII ғ жырауларын біледі; 1 XVI - XVII ғ рухани өмірінде ислам дінінің рөлін түсінеді; 1 Қазақ халқының ырымдарын сипаттайды; 1 Еуропалық саяхатшылардың көшпелілер жайлы деректерін сипаттайды. 1 Киіз үйдің ерекшелігін анықтайды 3 Киіз үйдің құрылысын біледі; 1 Киіз үйдің жабдықтарын сипаттайды; 1 Киіз үйдің заманауи баспаналардан ерекшелігін түсіндіреді. 1 Қазақ халқы үшін жылқы малының ерекшелігін талдайды 4 Жылқының шаруашылықтағы рөлін талдайды; 1 Жылқының ұлттық салт-дәстүрмен байланысын анықтайды; 1 Жылқының сауда-саттықтағы маңызын түсінеді; 1 Жылқының сыртқы саясаттағы маңызын ашады. 1 Барлығы 15 37 ЖОБА «XVI - XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушыныңаты-жөні:________________________________________ Бағалау критерийлері Оқу жетістіктерінің деңгейі Төмен Орта Жоғары Қазақ халқының рухани мәдениетін анықтайды Қазақ халқының рухани мәдениетін сипаттауда қиналады | | Қазақ халқының рухани мәдениетін сипаттауда қателеседі. 1 1 Қазақ халқының рухани мәдениетінің мәнін түсінеді. □ Қазақ халқының рухани өмірін сипаттайды Қазақ халқының рухани өмірін сипаттауда қиналады ^ Қазақ халқының рухани өмірін сипаттауда қателеседі. □ Қазақ халқының рухани өмірін өте жақсы сипаттайды. | | Киіз үйдің ерекшелігін анықтайды Киіз үйдің ерекшелігін анықтауда қиналады □ Киіз үйдің ерекшелігін анықтауда қателеседі □ Киіз үйдің ерекшелігін өте жақсы анықтайды □ Қазақ халқы үшін жылқы малының ерекшелігін талдайды Қазақ халқы үшін жылқы малының ерекшелігін талдауда қиналады □ Қазақ халқы үшін жылқы малының ерекшелігін талдауда қателеседі □ Қазақ халқы үшін жылқы малының ерекшелігін дұрыс талдайды □ 38 ЖОБА 39

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *