СОР ЖБ Қазақ тілі Т1 (қазақ тілінде) 6 сынып

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде)
6-сынып
ЖОБА
Әдістемелік ұсьшыстар мұғалімге, 7-сынып 6ілім алушыларына «Қазақ тіліі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, Білім беру Бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
2
ЖОБА
Мазмұны
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 4
Бөлім «Қазацстандазы көрікті жерлер» 4
Бөлім «Ұлттық және отбасылық цұндылыцтар» 7
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 10
Бөлім «Астана — мәдениет пен өнер ордасы» 10
Бөлім «Тарихи тұлғалар» 13
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 16
Бөлім «Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары» 16
Бөлімі «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз» 19
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 21
Бөлім «Әлемдегі кітапханалар» 21
Бөлім «Ғылым мен технология жетістіктері» 24
3
ЖОБА
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Қазақстандағы көрікті жерлер»
Оқу мақсаты 6.1.1.1- мәтіннің атауын талқылау және алғашқы
Бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің атауын талқылап, көтерілген
мәселені болжайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15 -20 минут
Тапсырма
1. Мәтіннің атауын жұпта талқылаңыз. Мәтіннің алғашқы Бөлігін мұқият тыңдап, қалған бөлігінде көтерілген мәселені болжаңыз.
Оқжетпес туралы аңыз
Көкшетауға ат басын бұратын көптеген саяхатшылардың қызығушылығын оятатын нәрсе — табиғаттың көз тартар сұлулығы. Соның ішінде Бурабайдағы «Оқжетпес» тасының жөні бөлек, атауының өзі бір ерекше. Жыл сайын демалуға барып жүргенімізбен, сол «Оқжетпес» жартасының қалай біткені жайында біле бермейміз әрі мән де бермейміз.
Ал аңыз былай дейді: Бурабай дейтін елді мекенде кезінде Оқжетпес атты баһадүр өмір сүрген. Оқжетпес туа салып күн сайын емес сағат сайын өсіп, жетіле берген. Тіпті бойы тоқтаусыз өскен. Бала күнінде далада ойын қуып жүрсе, қасындағы балалардың атқан садағы оның кеудесіне әрең жеткен. Бойы ұзын, өзі батырдың тірі кезінде елде абыройы асқақ болады. Жаугершілік заман келіп, күн артынан күн өтіп жаумен шайқасады. Ол әр күн сайын жаудың бетін қайтарып, елін аман сақтап отырған. Жарақат алса, жарасын сол көлдің бойында емдеп, Бурабайдың ауасымен тыныстаған. Дәл сондай күннің бірінде ол жауға қарсы соғысады. Соғыс ұзақ күндерге созылады. Жаудың беті қайтар емес. Тіпті жау санында есеп жоқ. Айларға созылған соғыстың салдарынан Оқжетпес шаршап, түнде тынығып жатқан кезінде жау тыңшылары сырын Біліп, үстінен бас салады. Бірақ алып денелі батыр оған да көнбей орнынан сілкіне тұрып тағы соғысады. Тек ең ақырында әлі кетіп, ақыры демі бітті-ау деген кезде, Оқжетпес қатты даусымен: «Уа, Тәңірім, мені жау қолынан өлтіріп, ұятқа қалдырғанша, тасқа айналдыр» десе керек, лезде аспан айналып жерге түскендей күй тұнып, Оқжетпес сол жерде жартасқа айналып кеткен. Бұл аңыздың бір түрі ғана. Жалпы Бурабайдағы түрлі ескерткіштерге қатысты көптеген аңыздар бар. Аңыздың өзі ертегі емес, шындыққа жанасатын жанрдың түрі екенін ұмытпаңыз.
2. Берілген сұрақтарға тыңдалған мәтіннен дәлелдер келтіре отырып жауап беріңіз.
1. Батыр бала күнінде қандай болған?
2. Батыр алған жарақатын қалай емдеген?
3. Оқжетпес қалай тасқа айналған?
4
ЖОБА
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
№ Білім алушы
Мәтіннің атауын талқылап, 1 мәтіннің атауын 1
көтерілген мәселені талқылайды;
болжайды мәтіннің алғашқы Бөлігінің мәнін ашады; 1
көтерілген мәселені болжайды; 1
2 сұрақтарға мәтіннен дәлелдер келтіріп жауап береді 1-сұрақ; 2-сұрақ; 3-сұрақ. 1 1 1
Барлығы 6
5
ЖОБА
«Қазақстандағы көрікті жерлер» 6өлімі бойыиша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика
Білім алушыиың аты-жөиі_______________________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмеи Орта Жоғары
Мәтіннің атауын талқылап, көтерілетін мәселені болжайды Мәтіннің атауын талқылауда, көтерілетін мәселені болжауда, сұрақтарға (1-сұрақ, 2-сұрақ, 3-сұрақ) мәтіннен дәлелдер келтіріп жауап беруде қиналады Мәтіннің атауын талқылауда, көтерілетін мәселені болжауда, сұрақтарға (1-сұрақ, 2-сұрақ, 3-сұрақ) мәтіннен дәлелдер келтіріп жауап беруде қателіктер жібереді Мәтіннің атауын талқылайды, көтерілетін мәселені болжайды, сұрақтарға (1-сұрақ, 2-сұрақ, 3-сұрақ) мәтіннен дәлелдер келтіріп жауап береді
6
ЖОБА
Бөлім «Ұлттық және отбаеылық құндылықтар»
6.2.2.1- Ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану
6.3.6.1- Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау
Білім алушы
• Тілдік құралдар арқылы мәтіннің стилін, тілдік ерекшеліктерін ажыратады
• Мәтіндегі пунктуациялық, орфографиялық қателерді түзетуде сөздікке, емле ережелеріне сүйенеді
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15 -20 минут
Тапсырма
1. Мәтіндерді мұқият оқып, стилдерін анықтаңыз. Әр стильге тән ерекшеліктерді сөздік қолданыстар арқылы ажыратыңыз.
1-мәтін
Келіннің тапқырлығы
Ертеректе бір қарияның балаларының аты Қамысбай Қасқырбай Қойбай Қубай Субай Қайрақбай Пышақбай Баубай Балтабай екен. Балтабайы үйге келін түсіріп, сол жаңа түскен жас келінді сынамақ болған атасы өзеннің ар жағынан сасқалақтағансып жүгіріп келіп: «Келін ау, келін, судың ар жағында, қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр. Теееез ауылға бар да, хабар бер. Балтабай пышақ қайрап әкеліп, қойды адал бауыздап алсын. Мен қасқырды қуып кеттім. Шүу!», — депті. Мұнысы — «қысылтаяң шақта келінім көргенсіздік танытып, өзінің қайын аға, қайын атасының атын атап қояр ма екен?» деген ойы ғой. Сөйтсе, келіншек не істепті десеңші, шапшаң төбеге жүгіріп шығып, күйеуіне: «Шапқы-ау шапқы, шапшаң кел. Сарқыраманың ар жағында сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам: «жаныманы білемеге жанып әкелсін» дейді. Өзі ұлыманы қуып кетті», -депті.
2-мәтін
Қайта оралды қазағыма бүгін дәстүрлері.
Көптен күткен халқымыздың асыл арман еді.
Берекелі қазақ жері — ел мерекелі
Дәстүрлерін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі.
Шілдехана бесік той,
Тұсау кесер сүндет той,
Ай, шіркін-ай!
Құда түсіп сырға салу,
Беташарым-ай.
Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен,
Қыз-бозбала кең даланы
Әнімен елтіп тербеткен
Ер жігітке жарасады озып шыққан бәйгеден,
Қыз балаға жарасады алқа шашбау сәукеле Жоғалмасын дәстүріміз ұмытылмасын,
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
7
ЖОБА
Ата-баба көзіндей қылып сақтайық қазақ дәстүрін
2. Екі мәтінді қайталап оқыңыз. Түсіп қалған тыныс белгілерін тауып, тиісті орнына қойыңыз.
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Тілдік құралдар арқылы мәтіннің стилін, тілдік ерекшеліктерін ажыратады 1 мәтіннің стилін ажыратады; 1
әр стильге тән ерекшеліктерді ажыратады; 1
тілдік құралдарды қолданады; 1
Мәтіндегі пунктуациялық, орфографиялық қателерді түзетуде сөздікке, емле ережелеріне сүйенеді 2 тиісті тыныс белгілерді қояды; -үтір; -нүкте; 1 1
орфографиялық қателерді емле ережелеріне сүйеніп дәлелдейді. 1
Барлығы 6
8
ЖОБА
«Ұлттық жәие отбасылық құидылықтар» бөлімі бойыиша жиыитық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушыиың аты-жөиі
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Тілдік құралдар арқылы мәтіннің стилін, тілдік ерекшеліктерін ажыратады Мәтіннің стилін, әр стильге тән ерекшеліктерді ажыратуда, тілдік құралдарды қолдануда қиналады Мәтіннің стилін, әр стильге тән ерекшеліктерді ажыратуда, тілдік құралдарды қолдануда қателеседі Мәтіннің стилін, әр стильге тән ерекшеліктерді ажыратады, тілдік құралдарды қолданады
Мәтіндегі пунктуациялық, орфографиялық қателерді түзетуде сөздікке, емле ережелеріне сүйенеді Тиісті тыныс белгілерді қоюда (ү^^р^ нүкте), орфографиялық қателерді емле ережелеріне сүйеніп дәлелдеуде қиналады Тиісті тыныс белгілерді қоюда (ҮтіР^ нүкте), орфографиялық қателерді емле ережелеріне сүйеніп дэлелдеуде қателіктер жібереді Тиісті тыныс белгілерді қояды нүкте), орфографиялық қателерді ем ережелеріне сүйеніп дәлелдейді
9
ЖОБА
2-тоқсан бойыиша жиыитық бағалауға ариалғаи тапсырмалар
Бөлім «Астаиа — мәдениет пеи өиер ордасы»
Оқу мақсаты 6.2.6.1- оқылым стратегияларын қолдану: комментарий
жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу
6.3.4.1- эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі)
Бағалау критерийі Білім алушы
• Оқылым мәтінінен қажетті ақпараттарды іріктеп, рөлге бөліп оқиды
• Тақырыбына сай, құрылымы жүйелі келісу-келіспеу эссесін жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары Орыидау уақыты 15 -20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқып, «Астана — ел жүрегі» деген пікірді дәлелдейтін өлең жолдарын іріктеңіз.
Елімнің жүрегі — Астаиа
Астанам көп қараймын мен келбетіңе,
Балғынсың жас қайыңдай өс тербетіле,
Жәннаттай жан біткенді елжіретесің,
Біз үшін жәннат қала сен жер бетінде.
Елімнің жүрегі!
Жарқырап, жайнай берші, сен Астанам!
Өзіңе арналады ән дастаным.
Қашан да саған іңкәр менің жаным,
Жастықтың жалауы бол, сен Астанам!
Аңсаймын, армандаймын пәк жүрекпенен,
Астана, жайна дәйім, мен тілеп келем Мен — тілекшің ем Елімнің жүрегі!
Жарқырап жайнай берші, сен Астанам!
Өзіңе арналады ән дастаным.
Қашан да саған іңкәр менің жаным,
Жастықтың жалауы бол, сен Астанам.
2. «Астана — елімнің жүрегі ме?» деген тақырыпта келісу не келіспеу эссесін жазыңыз. Эссеңізде мәтіннен іріктелген мысалдарды қолданыңыз.
10
ЖОБА
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
№ Білім алушы
Мәтіннен қажетті ақпараттарды іріктеп оқиды 1 тақырыбын анықтайды; 1
өлең жолдарын іріктейді; 1
дәлелді пікірлерді ажыратады; 1
қажетті мысалдарды іріктейді; 1
Тақырыбына сай, құрылымы жүйелі келісу- 2 келісу не келіспеу эссесін жазады; 1
келіспеу эссесін жазады мәтіннен мысалдар келтіреді. 1
Барлығы 6
11
ЖОБА
«Астана — мәдениет пен өнер ордасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Оқылым мәтінінен қажетті ақпараттарды іріктеп оқиды Мәтінді мұқият оқып, қажетті мысалдарды іріктеуде қиналады Мәтінді мұқият оқып, қажетті мысалдарды іріктеуде қателеседі Мәтінді мұқият оқиды, қажетті мысалдарды іріктейді
Тақырыбына сай, құрылымы жүйелі келісу-келіспеу эссесін жазады Келісу не келіспеу эссесін жазуда, мәтіннен мысалдар келтіруде қиналады Келісу не келіспеу эссесін жазуда, мәтіннен мысалдар келтіруде қателіктер жібереді — Келісу не келіспеу эссесін жазады, мәтіннен мысалдар келтіреді
12
ЖОБА
Бөлім «Тарихи тұлғалар»
Оқу мақсаты 6.4.3.1-көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу
сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Орындау уақыты 15 -20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқып, көнерген сөздер, эвфемизм, дисфемизм және табу сөздердің астын сызыңыз.
Шоқтығы биік ғалым
Қазақстан археология мектебінің негізін салушы Әлкей Марғұлан этнография, тарих, шығыстану, әдебиеттану, өнертану бойынша көптеген еңбек сіңірген. Филология ғылымдарының докторы, академик, профессор. Ол 1904 ж. 11 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Әкесі Хақан — атақты Олжабай баһадүрдің тікелей ұрпағы. Әлкейдің әкесі Хақан мен шешесі Нұрила көптеген халық ертегілері мен аңыз-әфсаналарын білген. Жай отындай жарқыраған, қағілез бала бес жасында оқып, жаза білуді үйренеді, бала кезінде «Қобыланды», «Алпамыс», «Көрұғлы», «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» дастандарын оқып, жатқа білген. Хақанның шаңырағында қазақ даласына белгілі адамдар жиі бас қосқан. Құймақұлақ Әлкей бастауыш білімді ауыл мектебінен алды. 1915 жылы Баянауылда үш сыныпты орыс мектебінде оқыды. 15 жасында гимназияда оқу үшін Екатеринбургке сапар шегеді, алайда Азамат соғысында опат болып жатқан адамдардың жағдайы балаға әсер етуінің кесірінен оқи алмайды. 1919 жылы Әлкей Хақанұлы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, оны бітірген соң туған ауылына оралады да, Далба мектебінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1921 жылы Семей техникумына оқуға түседі. Одан кейін Ленинградқа оқуға барады. Ленинградта оқып жүргенде-ақ зерттеушілікпен айналысады. Әлкей елге келгеннен кейін де көп ізденіп, түрлі қазба жұмыстарын жүргізеді және көне жәдігерлерді тауып, мұражайға тапсырады. Ол жинаған материалдарының негізінде «Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихы» деген монографиялық еңбек жазады. Кейін Орталық Қазақстанды зерттейді. Әлкей Марғұлан қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге зор еңбек сіңірді. Оның қаламынан туған тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден астам энциклопедиялық мақалалар жарық көрді.
2. Қазіргі уақытта Әлкей Марғұлан сияқты ғалымдар немесе тарихи тұлғалардан сіз кімді айтар едіңіз? Өзіңіз тарихи тұлға деп есептейтін адам туралы қысқаша мәтін жазыңыз. Жазылымыңызда көнерген сөздер, эвфемизм мен дисфемизмдерді және табу сөздерді қолданыңыз.
13
ЖОБА
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
№ Білім алушы
Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді 1 мәтіннен көнерген сөзді табады; 1
анықтаиды эвфемизмді табады; 1
дисфемизмді табады; 1
табу сөзді табады; 1
2 көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді қатыстырып, жазылым жұмысын орындаИды. 1
өз ойын білдіреді. 1
Барлығы 6
14
ЖОБА
«Тарихи тұлғалар» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні______________________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді анықтайды Мәтіннен көнерген сөзді, эвфемизмді, дисфемизмді, табу сөзді анықтауда, көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді қатыстырып, жазылым жұмысын орындауда қиналады Мәтіннен көнерген сөзді, эвфемизмді, дисфемизмді, табу сөзді анықтауды, көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді қатыстырып, жазылым жұмысын орындауда қателіктер жібереді Мәтіннен көнерген сөзді, эвфемизмді, дисфемизмді, табу сөзді анықтайды, көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу сөздерді қатыстырып, жазылым жұмысын орындайды
15
ЖОБА
3-тоқсаи бойыиша жиыитық бағалауға ариалғаи тапсырмалар
Бөлім «Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары»
Оқу мақсаты 6.1.3.1- тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,
детальді ақпаратты анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтін мазмұнындағы детальді ақпараттарды анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15 -20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді зейін қойып тыңдап, мазмұнын жұпта талқылаңыз.
Былғары қолғап шебері
Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева Балтуған Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік ағамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары қолғап шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған. 1999 жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгер-құқықтанушы мамандығын бітірген. Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері. Дәл сол жылы әлемнің ең үздік боксшысы деген атақ Серік Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері Мәскеуде өткен ХХТТ Олимпиада ойындарының күміс иегері (1980), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионы. Мәскеу Олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген қызығушылығы артып, Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен айналысатын студенттердің саны 40-тан 600-ге дейін өсті. Бұл қазақ боксының дамуына үлкен ықпал етті. 1981-1987 жылдары Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып, коммерциялық «Қазақстан» спорт клубының, ҚР кәсіпқой 6окс Федерациясының, ҚР президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм және спорт академиясының профессоры. Серік Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған.
2. Мәтінді қайта тыңдаңыз. Мәтіндегі детальді ақпараттарды анықтаңыз.
р/с Детальді ақпараттар
1
2
3
16
ЖОБА
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
№ Білім алушы
Мәтін мазмұнындағы 1 мазмұнын жұпта 1
детальді ақпараттарды талқылайды; 1
анықтайды 2 мәтіндегі детальді
ақпараттарды табады;
1-ақпарат 1
2-ақпарат 1
3-ақпарат 1
Барлығы 5
17
ЖОБА
«Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні_________________________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтін мазмұнындағы детальді ақпараттарды анықтаИды Мазмұнын жұпта талқылауда, мәтіндегі детальді ақпараттарды (1,2,3-ақпараттар) табуда қиналады Мазмұнын жұпта талқылауда, мәтіндегі детальді ақпараттарды (1,2,3-ақпараттар) табуда қателеседі Мазмұнын жұпта талқылайды, мәтіндегі детальді ақпараттарды (1,2,3-ақпараттар) табады
18
ЖОБА
Бөлімі «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз»
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
6.2.7.1- энциклопедия, сөздік, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпараттарды алу, авторына сілтеме жасау
6.3.2.1-жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, құттықтау құрастырып жазу
Білім алушы
• Энциклопедия, сөздік және газет-журналдардан алған ақпараттардың авторына сілтеме жасайды
• Құттықтау жазудың жанрлық, стильдік ерекшеліктерін, құрылымын сақтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Орындау уақыты Тапсырма
Қолдану 15 -20 минут
1. Балаларға арналған газет-журнал, энциклопедия, сөздіктерден Наурыз мерекесі туралы ақпараттар алыңыз. Алған ақпараттарыңыздың авторына сілтеме жасауды ескеріңіз.
2. Наурыз мерекесі туралы жинаған ақпараттар негізінде жақын адамыңызға құттықтау жазыңыз. Құттықтаудың жанрлық және стильдік, құрылымдық ерекшеліктерін сақтаңыз.
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
№ Білім алушы
Энциклопедия, сөздік және 1 энциклопедия, сөздік және 1
газет-журналдардан алған газет-журналдардан
ақпараттардың авторына ақпараттар алады;
сілтеме жасайды авторына сілтеме жасайды; 1
Құттықтау жазудың 2 құттықтау жазады; 1
жанрлық, стильдік
ерекшеліктерін, құрылымын жанрлық және стильдік, 1
сақтайды құрылымдық 1
ерекшеліктерін сақтайды. 1
Барлығы 6
19
ЖОБА
«Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз» бөлімі бойыиша жиыитық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-
аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушыиың аты-жөні________________________________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Энциклопедия, сөздік және газет-журналдардан алған ақпараттардың авторына сілтеме жасайды Энциклопедия, сөздік және газет-журналдардан ақпараттар алуда, авторына сілтеме жасауда қиналады Энциклопедия, сөздік және газет-журналдардан ақпараттар алуда, авторына сілтеме жасауда қателеседі Энциклопедия, сөздік және газет-журналдардан ақпараттар алады, авторына сілтеме жасайды
Құттықтау жазудың жанрлық, стильдік ерекшеліктерін, құрылымын сақтайды Құттықтау жазуда, жанрлық және стильдік, құрылымдық ерекшеліктерін сақтауда қиналады Құттықтау жазуда, жанрлық және стильдік, құрылымдық ерекшеліктерін сақтауда қателіктер жібереді Құттықтау жазады, жанрлық және стильдік, құрылымдық ерекшеліктерін сақтайды
20
ЖОБА
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім «Әлемдегі кітапханалар»
6.1.2.1- әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (өмірбаян, хабарландыру) көтерілген мәселені талдау Білім алушы
• Мәтінде көтерілген мәселені талдайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15 -20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз (мәтінді ықшамдауға болады). Жұпта мәтіннің қысқаша мазмұнын айтыңыз.
Әлемнің ең үлкен кітапханасы
«Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған» деп қорытындылайды профессор Еренғайып Омаров. Өкінішке қарай, даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың тарихымен, ғылым, білім, өнердегі жетістіктерінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі қалмай жойылып кетіпті. Жер түбіндегі мысырлық ғалым Птоломей болмаса, біз де ондай кітапхана болғанын білмес те едік. Осы кітапханадан білім алған, бүкіл әлем мойындаған Әбу-Насыр әл-Фараби туралы деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық. Отырардын өзінде әл-Фарабиден де білімі жоғары, оған білім үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін. Себебі Отырар кітапханасын әл-Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті. Бұл кітапханада жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті. Ол заманда кітаптың өте қымбат тұратынын ескерсек, бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық. Ол кітаптарды сатып алу, жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана ғимараты және ондағы жұмыс істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне оңайға түспесе керек. Бұндай шығынды кішігірім қалалардың көтере алмасы белгілі.
Осындай үлкен кітапхананы IX ғасырда әлемнің жарты бөлігінен байлық тоқтаусыз құйылып жатқан Бағдат халифтері жинақтаған. Халиф Әл-Мамун (813-833ж.) Бағдат қаласында «Байт Әл-Хакма» (Даналық үйі) атты ғалымдар үйін ашып, дүниенің түкпір-түкпірінен ғалымдар шақырып, кітапхана қорын әзірлеген. Обсерватория ашқан. Кейін Бағдатта өте үлкен кітапхана жинақтаған. Бұл «Даналық үйінде» Орта Азияның, гректің, парсының, Мысырдың көптеген ғалымдары жұмыс жасады. Солардың еңбегінің арқасында кейін «араб өркениеті» деген түсінік пайда болды.
«Даналық үйінде» ең бірінші болып Орта азиялық математик Әл-Хорезми басшылық жасады. Әбу Насыр әл-Фараби де Бағдат халифінің шақыртуымен Бағдатқа барған. Осы кездегі Бағдат Халифінің басты уәзірлері Фараб қаласынан болған деген дерек бар.
Халифке ақыл қосатын уәзірлердің тек білімді, қабілетті адамдардан жиналатынын ескерсек, Фараб қаласының бұл заманда ғылым-білім, мәдениеті өте жоғары қала болғаны айтпаса да түсінікті. Ғылым-білімде осындай үлкен жетістікке жеткен Фараб-Отырар қаласының негізгі табыс көзі сауда деп білеміз. Кейін ғалымдар «Ұлы Жібек жолы» деп атаған үлкен сауда жолының күре тамырында орналасқан қаланың табысы жоғары қала болғаны даусыз.
2. Мәтінді екінші қайтара тыңдаңыз. Мәтінде орын алған мәселелерді анықтаңыз.
Жұпта талдаңыз.
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
21
ЖОБА
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
№ Білім алушы
Мәтіннің мазмұнын, 1 қысқаша мазмұнын аИтады; 1
көтерілген мәселені 2 мәтіндегі мәселелерді 1
талдаиды анықтаИды; 1 1
топта талқылаИды. 1 1
Барлығы 6
22
ЖОБА
«Әлемдегі кітапханалар» бөлімі бойыиша жиыитық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған
рубрика
Білім алушыиың аты-жөні________________________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннің мазмұнын, көтерілген мәселені талдайды Мәтіннің қысқаша мазмұнын айтуда, негізгі мәселелерді анықтауда, топта талқылауда қиналады Мәтіннің қысқаша мазмұнын айтуда, негізгі мәселелерді анықтауда, топта талқылауда қателеседі Мәтіннің қысқаша мазмұнын айтады, негізгі мәселелерді анықтайды, топта талқылайды
23
ЖОБА
Бөлім «Ғ ылым мен технология жетістіктері»
Оқу мақсаты 6.2.5.1- мәтіннен негізгі және қосымша
ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру 6.3.5.1 — оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөИлемдерді іріктеИ отырып, жинақы мәтін жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Негізгі, қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтаИды, сұрақтар құрастырады
• Негізгі ойды білдіретін сөИлемдерді іріктеИді
• Материалдар негізінде жинақы мәтін жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15 -20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқыңыз (мәтінді ықшамдауға болады). Мәтіндегі негізгі, қосымша ақпараттарды және көтерілген мәселелерді ажыратыңыз. Негізгі ақпараттың тұсына «+» белгісін, қосымша ақпараттың тұсына «-» белгісін, ал мәселенің тұсына «?» белгісін қойыңыз.
ІРҺопе 6 смартфонын құлтемірлер құрастырады
Арріе өнімдерін құрастыратын «Ғохсопп Тесһпоіоду» компаниясы жұмысшы адамдарды құлтемірлерге ауыстыруды бастады. Нақтырақ аИтсақ, іРһопе 6 смартфондары жиналатын конвеИерлер толық құлтемірлер арқылы басқарылатын болады, — деп хабарлайды «шазһаЫе.сош» сайты. Қазіргі кезде «ФоксБот» (ҒохҺоі) деп аталатын арнайы жабдықталған автоматты құрылғылар тәжірибе жүзінде тексеруден өтіп жатыр. Алдағы уақытта «Ғохсопп» зауыттарының бірі осы құлтемір аппаратымен жұмыс жасайтын болады. Ал Арріе компаниясының моБильді құрылғылары жансыз темір аппараттар жасап шығарған алғашқы өнім болмақ. Бұл ақпаратты «Ғохсопп» компаниясының атқарушы директоры Терри Гоу акционерлердің жиналысында хабарлады. Гоудің жасаған хабарламасына ораИ, іРһопе сериядағы жаңа смартфондарды құрастыратын компания 10 000 «Фоксботты» іске қоспақшы екен. 20 000-нан 25 000 АҚШ доллары шамасында тұратын әрбір темір жұмысшы компанияға қаржының біршама үнемдеуін алып келеді. «Арріе Іпзіёег» ақпаратына сенсек, бүгінде, ҚытаИда орналасқан «Ғохсопп» компаниясында 1 миллион адам еңбек етеді екен.
Жалпы бұл жоспар «Ғохсопп» компаниясында 2011 жылы басталған болатын. Сол кездегі жоспар 10 000 темір аппарат болған. Ал 2014 жылға деИін олардың саны 1 миллионға жетуге тиіс болған. Дегенмен, құлтемірдің бағдарламасын жасау біраз қиындық тудырып, жасалған жоспар уақытынан кешіктірілген болатын. 2014 жылдың наурыз айында Арріе іРһопе смартфондарының қуат жинақтағышын толық автоматты түрге өткізу туралы ақпарат жарияланған болатын. Оған түрткі болған басты себеп смартфонның құрастырылуы кезінде адам еңбегін көп қажет етуі еді. Дегенмен, бар еңбек құлтемірдің есесіне жазылмасы анық. ҚалаИ дегенмен де, құрастырудың бастапқы кезеңде «Ғохсопп» компаниясы адам еңбегінсіз белгіленген нәтижеге жете алмаИды. Сондықтан компания басшылығы тағы 100 000 адамды жұмысқа алуды көздеп отыр. Себебі біз алдында хабарлағандай, іРһопе 6 смартфондарының ең көп мөлшердегі сандық көрсеткішін жоспар бойынша өз уақытында жасап үлгеру мүмкін
24
ЖОБА
болмай қалады. Бұл жыл Арріе жаңа смартфонның екі түрлі нұсқасын шығаруды жоспарлап отыр. Қытайлық жабдықтаушылар құрастыруды осы тамыз айынан бастауға дайын.
2. Мәтіннен анықтаған негізгі, қосымша ақпараттар мен көтерілген мәселелер бойынша жұбыңызға сұрақтар (кемінде 3 сұрақ) құрастырыңыз. Сұрақтардың ақпараттар мен мәселелерді анықтауға бағытталуын ескеріңіз.
3. Мәтін бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазыңыз.
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Білім алушы Балл
Негізгі, қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтайды, сұрақтар құрастырады 1 негізгі ақпаратты табады; 1
қосымша ақпаратты табады; 1
мәселені анықтайды; 1
2 негізгі ақпаратты анықтауға қатысты сұрақтар құрастырады; 1
қосымша ақпаратты анықтауға қатысты сұрақтар құрастырады; 1
мәселелерді анықтауға қатысты сұрақтар құрастырады; 1
Негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді 3 қажетті сөйлемдерді табады; 1
Материалдар негізінде жинақы мәтін жазады ақпараттарды іріктейді; 1
жинақы мәтін жазады. 1
Барлығы 9
25
ЖОБА
«Ғылым мен технология жетістіктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні____________________________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Негізгі, қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтайды, сұрақтар құрастырады Негізгі, қосымша ақпараттарды табуда, мәселені анықтауда, сұрақтар (1-сұрақ, 2-сұрақ, 3-сұрақ) құрастыруда қиналады Негізгі, қосымша ақпараттарды табуда, мәселені анықтауда, сұрақтар (1-сұрақ, 2-сұрақ, 3-сұрақ) құрастыруда қателеседі Негізгі, қосымша ақпараттарды табады, мәселені анықтайды, сұрақтар (1-сұрақ, 2-сұрақ, 3-сұрақ) құрастырады
Негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді Қажетті сөйлемдерді табуда қиналады □ Қажетті сөйлемдерді табуда қателіктер жібереді □ Қажетті сөйлемдерді табады □
Материалдар негізінде жинақы мәтін жазады Ақпараттарды іріктеуде, жинақы мәтін жазуда қиналады Ақпараттарды іріктеуде, жинақы мәтін жазуда қателеседі Ақпараттарды іріктейді, жинақы мәтін жазады
26

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *