СОР ЖБ Қазақ тілі мне әдебиеті Т2 орыс мектеп 6 сынып

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
«Қазақ тілі мен әдебиеті» (екінші тіл)
6-сынып
ЖОБА
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып оқушыларына «Қазақ тілі (екінші тіл)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (орыс тілінде білім беретін) 6-сыныптың «Қазақ тілі (екінші тіл)» пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсынысты дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
Шартты белгілер
* әр тоқсан барысында 2 ортақ тацырът цамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды (мүмкіндігінше) кіріктіру ұсынылады.
** багдарламадагы оқу мацсаттарыныц бір бөлігі қолданылады.
2
ЖОБА
М А З М Ұ Н Ы
1-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ЖИНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ………………….4
«Отан отбасынан басталады» бөлімі бойынша жиынтық бағалау……….4
«Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау………………………………………………7
2-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ЖИНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ…………………10
«Астана — мәдениет пен өнер ордасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 10
«Қазақстан қорықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау…………..14
3-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ЖИНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ…………………17
«Болашақ мамандықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау………….17
«Қазақстан және Ұлы Жібек жолы», «Жер байлығына аяулы көзқарас»
бөлімдері бойынша жиынтық бағалау……………………………..20
4-ТОҚСАНҒА АРНАЛҒАН ЖИНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ…………………23
«Абайды оқы, таңырқа!» бөлімі бойынша жиынтық бағалау………….23
«Қазақ ұлттық қолөнері», «Саяхат және туризм» бөлімдері бойынша
жиынтық бағалау……………………………………………..27
3
ЖОБА
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Отан отбасынан басталады»
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Тыңдалым
Айтылым
Оқу мақсаты
6.1.1.1.Тірек сөздер, мәтіннің бастапқы бөлігін тыңдау арқылы тақырыпты және көтерілетін мәселені болжау
6.2.2.1.Тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Мәтін бөліктері, тірек сөздер негізінде тақырыпты, мәселені болжайды
• Диалогке қатысуда сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтіннің бөліктерін тыңдап, әр бөлігіндегі тірек сөздерді анықтаңыз.
Отбасы дегеніміз — туысқандық байланыста бірлесіп өмір сүретін адамдар. Олар отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды. Отбасы — адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Отбасында қалыптасқан барлық жақсы қасиеттер өмір бойына серік болады. Оны ешкім түзете алмайды.
Тірек сөздер:____________________________________________________________________________
Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ана ерекше құрметтелген. Олардың тікелей үрім-бұтақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған. Қазақстан Республикасының Конституциясында ата-аналар мен олардан тараған балалардың құқықтық қарым-қатынастары заңды түрде бекітіліп, өркениетті жолдармен қорғалады. Ата-ана балаларының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты жауапты болса, балалар да кейін әке-шешелері қартайған шағында қамқорлық жасауға міндетті.
Тірек сөздер:________________________________________________________________________
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке — отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды. Әке мен шеше ақылдасып, үйленген ұлдарына енші бөледі, тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді. Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен. Қызды ерекше құрметтейді.
Тірек сөздер:
4
ЖОБА
Кенже бала — отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже баланың өз отбасы болса да, ата-анасымен бірге тұрады. Себебі ол — қара шаңырақтың иесі. Қара шаңырақ — үлкен үй, әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады. Қара шаңырақта балаға туыстарын, нағашыларын, ата-бабасын, үлкен аталарын, жеті атасын үнемі айтып отырған.
Тірек сөздер:_________________________________________________________________________________________________________
2. Тірек сөздердің көмегімен мәтінге тақырып қойыңыз.
Тақырып:____________________________________
3. Жұпта «Отан отбасынан басталады» тақырыбында диалог құрастырыңыз. Тыңдалым мәтініндегі тірек сөздер мен сөз тіркестерін қолданыңыз.
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
№ Білім алушы
Мәтін бөліктері, тірек сөздер негізінде тақырыпты болжайды 1-2 мәтін бөліктеріндегі ең маңызды тірек сөздерді анықтайды; 1 1 1 1
тірек сөздердің негізінде мәтінге тақырып қояды; 1
Диалогке қатысуда сөз тақырып төңірегінде диалогке 1
әдебі мен сөйлеу этикеті 3 қатысады;
формаларын қолданады диалог мазмұнында тірек сөздерді қолданады. 1
Барлық балл 7
5
ЖОБА
«Отан отбасынан басталады» тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтін бөліктері, тірек сөздер негізінде тақырыпты болжайды Мәтін бөліктеріндегі ең маңызды тірек сөздерді анықтауда, тірек сөздердің негізінде мәтінге тақырып қоюда қиналады Мәтін бөліктеріндегі ең маңызды тірек сөздерді анықтауда, тірек сөздердің негізінде мәтінге тақырып қоюда қателеседі Мәтін бөліктеріндегі ең маңызды тірек сөздерді дұры анықтайды, тірек сөздердің негізінде мәтінге тақырып қояды с
Диалогқа қатысуда сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолданады Тақырып төңірегінде диало қатысуда, диалог мазмұныщ тірек сөздерді қолдануда қиналады гке а Тақырып төңірегінде диалогк қатысуда, диалог мазмұнынд тірек сөздерді қолдануда қателіктер жібереді е а Тақырып төңірегінде диалогк қатысады, диалог мазмұнынд тірек сөздерді қолданады е а
6
ЖОБА
Бөлім «Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі», «Таулар сыры» Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 6.3.4.1. Мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық
құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру
6.4.1.1. Мәтіндердің стильдік ерекшелігін сақтай отырып, күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазу 6.5.1.3. Реттік сан есімдер мен жинақтық сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану
Бағалау критерийі • Мәтіндердің стильдік, жанрлық ерекшелігін, түрін
салыстырады
• Күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазады
• Реттік, жинақтық сан есімдерді қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтіндерді оқып, стилін, жанрын салыстырыңыз.
1-мәтін
Бәтеңке,
Шүжық,
Балқаймақ,
Дүкенде тұрып ұрысты.
Бәтеңке шықты айғайлап:
Айту керек дұрысты!
Сен екеуің кімсіңдер,
Мені айтындар мүлік деп,
Құр мақтанып жүрсіндер,
Жұрт та сырттан күліп көп.
…Білмейсіндер, өмірге Кім пайдалы, кім мықты,
Кәне, екеуің жеңіл де,
Мойындаңдар шындықты.
…Таласты олар ұзақ түн,
…Кетті айтыс ұзап тым,
Бір бітімге келмеді…
Бақта оянды әнші құс,
Ай да қалғып барады.
Шымқай тартты күн шығыс,
Алтын арай тарады.
Бәтеңке,
Шұжық,
Балқаймақ,
Жатыр әлі айғайлап…____________________________________________________________________
7
ЖОБА
Бірін-бірі мінеді,
Керкілдесті, керісті.
Жүгінетін біреуді,
Табалық деп, келісті.
2-мәтін
Биігін қар көмкеріп алақанаттанып жататын Алатау — табиғаты әсем Қазақ жеріндегі ең ірі тау жоталарына жатады. Оның қазақ үшін орны бөлек. Алатауды ән-күйге қоспаған ақын-жазушы жоқ шығар, сірә…
Жер жәннаты Жетісуға көрік беріп тұрған Алатаудың қойнауы құтты — ауасы таза, шипалы судың көзі, мұнда өсімдіктің түр-түрі өседі, жануардың да түрі көп. Шыңды-құзды тау биігін қарлы шыңдар басып жатыр, қалың мұздақтар көп, тау етегінде — орман, аңғарында — шалғын. Қойнауы құпияға толы Алатау қазақ үшін биіктіктің, асқақтықтың символына айналған. Флора мен фаунаға аса бай сұлу табиғаттың Алатау аталатын ғажайыбы осы жерді мекендеген халық үшін де, келген-кеткен қонақтар үшін де үнемі сағындырып тұратын ерекше күшке ие.
Салыстыру аспектілері
1-мәтін 2-мәтін
Стилі
Жанры
Мәтін түрі
2. Мәтіндерге ат қойыңыз.
1-мәтін 2-мәтін

3. Жанрлық ерекшелігін сақтап, өз өмірбаяныңызды жазыңыз. Реттік сан есімдерді қолданыңыз.
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіндердің стильдік, жанрлық ерекшелігін, түрін салыстырады 1-2 мәтіндердің стилін анықтайды; 1
мәтіндердің жанрын анықтайды; 1
мәтіндердің түрін анықтайды; 1
мәтіндерге сай тақырып қояды. 1
Күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазады. Реттік, жинақтық сан есімдерді қолданады 3 жанрлық ерекшелігіне сай өмірбаян жазады; 1 1
өмірбаян мазмұнында кем дегенде 2-3 реттік сан есімді қолданады. 1
Барлық балл 7
8
ЖОБА
«Қазіргі қазақ ауылы мен қаланың тыныс-тіршілігі», «Таулар сыры» ортақ тақырыбы бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіндердің стильдік, жанрлық ерекшелігін, түрін салыстырады Мәтіндердің стилін, жанрын түрін анықтауда, мәтіндерге мазмұнға сай ат қоюда қиналады Мәтіндердің стилін, жанрын, түрін анықтауда, мәтіндерге мазмұнға сай ат қоюда қателеседі Мәтіндердің стилін, жанрын, түрін анықтайды, мәтіндерге мазмұнға сай ат қояды
Күнделік, мінездеме, түсініктеме, өмірбаян жазады. Реттік, жинақтық сан есімдерді қолданады Өмірбаянның жанрлық ерекшелігін сақтап жазуда, реттік сан есімдерді қолдануда қиналады Өмірбаянның жанрлық ерекшелігін сақтап жазуда, реттік сан есімдерді қолдану,, қателеседі да Жанрлық ерекшелігі толық сақталған өмірбаян жазады, реттік сан есімдерді қолданад ы
9
ЖОБА
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар Бөлім «Астана — мәдениет пен өнер ордасы»
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым
Айтылым
Оқу мақсаты
6.1.3.1 Тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердіңмағынасын түсіну
6.2.6.1. Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру
Бағалау критерийі
• Тақырыпқа қатысты сөздер мен тірек сөздердің мағынасын ашады
• Тірек сөздерді қолданып, сюжетті суреттерге әңгіме құрастырады
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Орындау уақыты
15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді тыңдаңыз. Сөйлем мазмұнына сай көп нүктенің орнына берілген сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз (аумағымен, шымылдығын, сән-салтанатымен).
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2010-2013 жылдары салынды. Театрдың салтанатты ашылуында Елбасы: «Зауыттар мен жолдар салатын ел, берік тірегін болашақ жылдар бойына орнатады. Мектептер мен аурухана салатын ел, ұлт болашағының ондаған жылдар бойғы қамын жейді. Театр тұрғызатын ел ғасырлар арқылы болашағына көз тігеді», — деген еді.
Есілдің сол жағалауында орналасқан «Астана Опера» театры асқақ сән-салтанатымен көз тартады. Ғимараттың жалпы ауданы 64 мың шаршы метр. Оның 3000 шаршы метрін сахна аумағы алып жатыр. «Астана Опера» өзінің көлемімен ғана емес, сонымен қатар, әсем сәулетімен де таң қалдырады. Әлемдік сәулет өнерінің ең үздік классикалық дәстүрлері ескеріле салынған театр сәулетінде ұлттық нақыш айқын байқалады.
Театрдың Үлкен залы 1250 орынға есептелген, ал Камералық зал 250 адамға арналған. Техникалық мүмкіндіктері бойынша «Астана Опера» көптеген әлемдік театрлардан асып түседі десек артық айтқандық емес.
2013 жылдың 21 маусымында театр өзінің алғашқы маусымын М.Төлебаевтың ұлы туындысы — Абзал Мұхитдиновтың жаңа музыкалық редакциясындағы «Біржан — Сара» операсымен салтанатты түрде ашты.
(a) Сол жақ жағалауда тұрғызылған «Астана Опера» театры ерекше …………………
көркем.
(b) «Астана Опера» өзінің…………..қатар, көркем сәулетімен де таңдай қаққызады.
(c) «Біржан — Сара» операсы салтанатты түрде театрдың……………….ашты.
10

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *