СОР ЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті (орыс мектеп) Т2 5-сынып

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
«Қазақ тілі мен әдебиеті»
(оқыту қазақ тілінде емес)
5-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 5-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі және әдебиеті (оқыту қазақ тілінде емес)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
2
Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР………………..4
«Отбасындағы дәстүр мен мерекелер», «Мектеп өмірі. Әдепті бала — арлы бала»
тақырыптары бойынша жиынтық бағалау………………………………..5
«Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі» тақырыбы бойынша жиынтық бағалау………………………………………………………..8
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР……………….11
«Ежелгі көшпелілер мәдениеті» тақырыбы бойынша жиынтық бағалау……….12
«Су — тіршілік көзі» тақырыбы бойынша жиынтық бағалау……………….15
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР……………….18
«Денсаулық — зор байлық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау……………..19
«Компьютердің тілін табу — өнер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау………22
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР……………….25
«Қазақстандағы ұлттар достастығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау……..26
«Ер есімі — ел есінде!» бөлімі бойынша жиынтық бағалау………………29
3
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
4
«Отбасындағы дәстүр мен мерекелер», «Мектеп өмірі. Әдепті бала — арлы бала» тақырыптары бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және
нақты ақпаратты анықтау
А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Ақпараттардың мәтінге қатысты дұрыс-бұрыстығын ажыратады
• Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды
• Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
ДеҢгейі Қолдану
Орындау уақыты 10-15 минут
1-тапсырма
Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтаңыз.
Мақсаттың атасы әбден қартайды. Аяғы жүруден, көзі көруден, құлағы естуден қалды. Аузындағы тістерінің барлығы түсіп қалғандықтан, ішкен асы аузынан ағып кететін де кездері болды. Ұлы мен келіні атасын отбасымен бірге үстел басына отырғызбай, тамағын бөлмесіне тасып беріп жүрді. Бірде келіні көжені шыны аяққа құйып әкелген еді. Қарттың қолы дір-дір етіп, ыдысты жерге түсіріп алды. Ашуланған келіні: «Үйдегі барлық шыны аяқты сындырып бітірдіңіз! Бұдан былай сізге барлық тамақты итаяққа құйып беретін боламын!» — деп ұрысты.
Бір күні ерлі-зайыптылардың ағашпен ойнап отырған ұлдарына көзі түсті.
Әкесі: «Не істеп отырсың, Мақсат?» — деп сұрады. «Сендер қартайғанда тамақ құйып беретін итаяқ жасап отырмын. Атам сияқты сендерді де жеке бөлмеде тамақтандыратын боламын», — деді Мақсат ата-анасына қарап.
Мақсаттан бұндай жауапты күтпеген ата-анасы бұл сөзді естіп, жылап жіберді. Өздерінің қартты ренжіткендеріне қатты ұялып, өз қателіктерін мойындады. Сол күннен бастап, Мақсаттың атасы дастарқан басында отбасымен бірге тамақтанатын болды. Ал ұлы мен келіні қарияға қызмет көрсетіп, асты-үстіне түсіп отыратын болды.
Ақпараттар + дұрыс — бұрыс
Мақсаттың әкесі әбден қартайды. —
Ұлы мен келіні атасына тамақты бөлмесіне апарып береді. +
Қарт ыдысты сындырып алды. +
Мақсат темірмен ойнап отырды. —
Ұлы мен келіні атасына қамқорлық жасайтын болды. +
2-тапсырма
Мәтіндегі нақты ақпараттарға қатысты сөз немесе сөз тіркестерін айтыңыз.
3-тапсырма
Жұбыңызбен берілген тақырыптың бірін таңдап, сұрақтар қоя отырып, диалогке қатысыңыз (әр жұпқа 2 минут беріледі).
1. Мектептегі үйірмелер (үйірме және спорт секциялары).
2. Сүйікті пәндерім (қызығушылық танытатын пәндер, себебі).
3. Мектептегі мерекелер (мектебіңізде ұйымдастырылатын іс-шаралар).
4. Менің сыныптастарым (достық).
5. Менің жетістіктерім (мадақтама, жетістік).
6. Менің мектебім (мектеп ғимараты, сынып бөлмелері).
Бағалау критерийі № Дескриптор Балл
тапсырма Білім алушы
Ақпараттардың мәтінге қатысты дұрыс-бұрыстығын белгілейді. 1 мәтінге сай 3 дұрыс ақпаратты анықтайды: 1-ақпарат 2-ақпарат 3-ақпарат 1 1 1
Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды. 2 мәтіндегі негізгі ақпараттарға қатысты төрт сөз немесе сөз тіркестерін анықтайды: 1-сөз, сөз тіркесі 2-сөз, сөз тіркесі 3-сөз, сөз тіркесі 4-сөз, сөз тіркесі 1 1 1 1
Шағын диалогке 3 тақырыпқа қатысты сұрақтар қояды; 1
қатысу арқылы сұрақтарға лайықты жауап береді; 1
сұрақты түсінгендігін көрсетеді. шағын диалогке қатысады. 1
Барлығы 10
6
«Отбасындағы дәстүр мен мерекелер», «Мектеп өмірі. Әдепті бала — арлы бала» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың
нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейлері
Төмен Орта Жоғары
Ақпараттардың мәтінге қатысты дұрыс-бұрыстығын белгілейді. Мәтінге сай ақпараттарды анықтауда қиналады. □ Мәтінге сай бірінші, екінші, үшінші ақпараттарды анықтауда қателіктер жібереді. | | Мәтінге сай ақпараттарды дұрыс анықтайды. П
Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді анықтайды. Мәтіндегі негізгі ақпараттарға қатысты сөздер немесе сөз тіркестерін ажыратуда қиналады. | | Мәтіндегі негізгі ақпараттарға қатысты бірінші, екінші, үшінші, төртінші сөздер немесе сөз тіркестерін ажыратуда қателіктер жібереді. | | Мәтіндегі негізгі ақпараттарға қатысты сөздер немесе сөз тіркестерін дұрыс анықтайды. П
Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді. Тақырыпқа қатысты сұрақтар қоюда, сұрақтарға жауап беруде қиналады. Шағын диалогке қатысу белсенділігі төмен. П Тақырыпқа қатысты сұрақтар қоюда, сұрақтарға жауап беруде қателіктер жібереді. Шағын диалогке қатысу белсенділігі орташа. □ Тақырыпқа қатысты сұрақтарды дұрыс қояды, сұрақтарға сай лайықты жауап береді, шағын диалогке еркін қатысады. П
7
«Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі» тақырыбы бойынша
жиынтық бағалау
Оқу мақсаты О3. Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби
шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау
Ж2. Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты,
белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу
ТБ1.1. Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Мәтін тақырыбын анықтап, кейіпкерлер мен олардың әрекетін сәйкестендіреді
• Мәтіндегі жалпы есімдерді анықтайды
• Суретке қатысты оқиғаны сипаттап, құрылымы сақталған мәтін жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 10-15 минут
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқып, мәтінге сай ат қойыңыз.
Қалың орманды бір түлкі аралап келе жатты. Ол биік ағаштың басында отырған бір қырғауылды көрді де, жақындап келіп:
— Сәлеметсіз бе, қырғауыл! Қалай тұрасың, достым? — деді.
— Жақсы сөзіңе рақмет! Өзіңіз қалай тұрасыз? — деді қырғауыл.
— Жерге түсіп сөйлессең екен, шырағым, кәрімін, бір құлағым жөнді естімейді, — дейді түлкі.
— Жерге түспеймін, жерге түсуге қорқамын, жерде әр түрлі аңдар бар, бізді жеп қоюы мүмкін, — деді қырғауыл.
— Ей, достым, биылғы заман бұрынғы емес! Бүгін қалаға барып келіп едім, «біреуге біреу зорлық қылмасын» деген бұйрық шығыпты. Бұйрықта қой мен қасқыр, түлкі мен тауық, ит пен мысық бірге жүрсін, көгершін мен қаршыға бір ұяға жұмыртқаласын делінген. Қорықпа, түс, — дейді түлкі.
— Жақсы хабарыңыз бар екен, досым! Ана жақта бір топ иттер келе жатыр, оларға да айтыңыз, олар да бұйрықты естісін, — деді қырғауыл.
Ит деген сөзді естіген түлкі алды-артына қарамастан қаша жөнелді.
— Қайда барасыз, бұйрықты ұмытып кеттіңіз бе? — деді қырғауыл.
— Кім біледі, бұйрықты иттер естімеген шығар, — деген түлкінің даусы алыстан естілді.
2-тапсырма
Мәтіндегі кейіпкерлер мен олардың әрекетін (—> ) арқылы сәйкестендіріңіз.
Кейіпкер Әрекеті
Түлкі Орман ішінде жүріп келе жатады.
Жерге түсіп сөйлесуге қорқады.
Қырғауыл Жан-жағына қарамастан қашып кетті.
Бұйрықты естіп қуанады.
8
3-тапсырма
Мәтіннен жалпы есімдерді теріп жазыңыз.
4-тапсырма
Берілген тірек сөздерді қолдана отырып, суреттегі жан-жануарлардың достығы туралы шағын мәтін жазыңыз (60-80 сөз).
Тірек сөздер: Хайуанаттар бағы, тор, Африка, мекен етеді, қорек, мейірімді, қамқорлық танытады, қала тұрғындары, таңғалады, хайуанаттар бағының қызметкерлері
Бағалау критерийі № Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтін тақырыбын анықтап, 1 мәтінге ат қояды; 1
кейіпкерлер мен олардың
әрекетін сәйкестендіреді. 2 кейіпкерлер мен олардың әрекетін дұрыс 1
сәйкестендіреді;
Мәтіндегі жалпы есімдерді 3 мәтіннен 5 жалпы есімді анықтайды;
анықтайды. 1 жалпы есім 1
2 жалпы есім 1
3 жалпы есім 1
4 жалпы есім 1
5 жалпы есім 1
Суретке қатысты оқиғаны 4 мәтінді кіріспе, негізгі, қорытынды 1
сипаттап, құрылымы бөлімдерге бөліп жазады;
сақталған мәтін жазады. суретке сай оқиға құрап жазады. 1
Барлығы 9
9
«Қазақстандағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі» тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға
ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні______________________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейлері
Төмен Орта Жоғары
Мәтін тақырыбын анықтап, кейіпкерлер мен олардың әрекетін сәйкестендіреді. Мәтінге сай ат қоюда, кейіпкерлер мен олардың әрекетін сәйкестендіруде қиналады. □ Мәтінге сай ат қоюда, кейіпкерлер мен олардың әрекетін сәйкестендіруде қателіктер жібереді. □ Мәтінге сай ат қояды, кейіпкерлер мен олардың әрекетін дұрыс сәйкестендіреді. □
Мәтіндегі жалпы есімдерді анықтайды. Мәтіннен жалпы есімдерді ажыратуда қиналады. □ Мәтіннен бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші жалпы есімдерді ажыратуда қателіктер жібереді. |—| Мәтіндегі жалпы есімдерді дұрыс анықтайды. □
Суретке қатысты оқиғаны сипаттап, құрылымы сақталған мәтін жазады. Мәтінді кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерге бөлуде, суретке сай оқиға құрап жазуда қиналады. □ Мәтінді кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерге бөлуде, суретке сай оқиға құрап жазуда қателіктер жібереді. □ Құрылымы толық сақталған, суретке сай оқиға құрап жазады. □
10
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
11
«Ежелгі көшпелілер мәдениеті» тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты АІ.Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың
синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу
А4. Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау
Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау
Білім алушы
• Сөздерді синонимдерімен қатар қолданады
• Мәтін мазмұнына сай жоспар құрады
• Жоспарға сай баяндайды
• Нақты ақпараттарды анықтайды
Қолдану Білу және түсіну
Орындау уақыты 10-15 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Нақты ақпараттарды анықтаңыз, синонимін айтыңыз.
Адамдар ерте кезден сауда жасаған. Уақыт өте ел мен елді, қалалар мен халықтарды бір-бірімен байланыстыратын сауда жолдары пайда болды. Осылайша Еуропа мен Азияда Ұлы Жібек жолы Чжан Цянбының саяхаты нәтижесінде ашылды. «Ұлы Жібек жолы» деген атауды 1877 жылы неміс географы Фердинанд фон Рихтгофен берді.
Ұлы Жібек жолының бір тармағы — Египет пен Вавилонда, Иранда өте қымбат бағаланатын, әдемі көк тас лазурит тасымалдаған — «лазурит жолы» деп аталған. Екінші тармағы — Қытайдағы императорлар мен ақсүйектерге әшекейлер жасау үшін әдемі нефрит тасын тасымалдайтын — «нефрит жолы» болған. Ал үшінші «бұлғын жолымен» қымбат бағалы терілер тасылған.
Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Жолдың бойында Испиджаб, Тараз, Алматы, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ қалалары бой көтерді.
(109 сөз) Һйр://^^^.і;агіҺ-Ьеаа1іпка.к2/кк/гіше1хаүе1/5І1кгоаЬ/
ерте кезден ______________________________
қымбат____________________________________________________________________________________
тасымалдаған________________________________________________________________________
бой көтерді__________________________________________________________________________
1. Мазмұн бойынша шағын жоспар құрыңыз.
Кіріспе бөлім. ____________________________
Негізгі бөлім.____________________________
Қорытынды бөлім.________________________________
2. Жоспарға сай мәтінді жұбыңызға мазмұндаңыз. Мазмұндау кезінде қарамен берілген сөздерді синонимдерімен бірге қолданыңыз.
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
12
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
№ Білім алушы
Сөздерді синонимдерімен қатар қолданады. 1 нақты ақпараттардың синонимін табады; 1 синоним 2 синоним 3 синоним 4 синоним 1 1 1 1
сөздерді синонимімен бірге баяндауда қолданады. 1
Мәтін мазмұнына сай жоспар құрады. мәтін мазмұны бойынша шағын жоспар құрады; 1
Жоспарға сай баяндайды. жоспар бойынша мәтінді мазмұндайды. 1
Барлығы 7
13
«Ежелгі көшпелілер мәдениеті» тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні___________________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейлері
Төмен Орта Жоғары
Сөздерді синонимдерімен қатар қолданады. Қарамен берілген сөздердің синонимін табуда, мәтінді баяндауда қиналады. □ Қарамен берілген бірінші, екінші, үшінші, төртінші сөздердің синонимін табуда, мәтінді баяндауда қателіктер жібереді. □ Қарамен берілген сөздердің синонимін дұрыс табады, баяндауда сөздерді синонимдерімен дұрыс қолданады. |—|
Мәтін мазмұнына сай жоспар құрады. Жоспарға сай баяндайды. Мәтін мазмұны бойынша шағын жоспар құруда, жоспар бойынша мәтінді мазмұндауда қиналады. □ Мәтін мазмұны бойынша шағын жоспар құруда, жоспар бойынша мәтінді мазмұндауда қателіктер жібереді. |——| Мәтін мазмұны бойынша дұрыс жоспар құрып, жоспарға сүйене отырып, мәтінді толық баяндайды. |——|
14
«Су — тіршілік көзі» тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақаты
1-тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, ажыратыңыз.
Бұрынғы заманда малға өте бай бір ел болыпты. Бұл жердің тұрғындарының: «Біздің отбасымыз бен малымызды қорғайтын батырымыз болса екен», — деген жалғыз армандары болыпты.
Күндердің күнінде бір отбасында алып бала дүниеге келеді. Ел-жұрт жиналып, үлкен той жасайды. Балаға Толағай деп ат қояды. Сол нәресте жыл сайын емес, күн сайын ержете бастайды. Бір жылы жаңбыр жаумай, шөп шықпай, малдар өле бастайды. Халықтың басына түскен қиындықты уайымдаған Толағай Дана деген ақсақалға барып, ақыл сұрапты. Сонда қарт айтқан екен:
— Толағай, біздің жерімізде тау жоқ, бұлт келмейді. Сондықтан жаңбыр жаумайды, —
дейді.
Толағай:
— Ата, сіз рұқсат етсеңіз, бір жерден тау арқалап алып келсем бола ма? — дейді.
Қарт Толағайға риза болып, рұқсатын береді.
Арада ай өтеді, жыл өтеді. Бір күні Толағай Тарбағатай тауына жетіп, төменде орналасқан кішірек тауды арқасына салып алады. Арада біраз уақыт өткен соң, Толағай әлсірей бастайды. Ауылына жақындап қалғанда тізесі бүгіліп, құлап түседі. Еліне жаңбыр сыйлаған батыр осылай таудың астында мәңгі ұйқыға кетеді.
Содан бері ол тауды ел «Толағай» деп атап кетіпті. Жаңбыр жауған сайын жұрт Толағайды есіне алады екен.
(167 сөз) (кк.шкіреёіа.огд)
Ақпараттар + дұрыс — бұрыс
Дәулетті елді мекендеушілердің бір ғана армандары болған екен. +
Елінің жағдайын ойлаған Толағай анасынан ақыл сұрапты. —
Қарттың айтуынша, бұл аймақта биік таулар болмағандықтан, жауын жаумайды. +
Толағай Тарбағатайдың етегінде орналасқан тауға бір айда жетеді. —
Толағай тауды ауылына жеткізе алмай қалады. —
ОЗ.Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау Ж5.Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
Білім алушы
• Әдеби мәтінге сай ақпараттарды ажыратады
• Орфографиялық норманы сақтайды, тыныс белгілерін орынды қолданады
Білу және түсіну
10-15 минут
мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды
15
2-тапсырма
Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.
3-тапсырма Мәтіндегі тірек сөздерді табыңыз.
Мәтіндегі тірек сөздер (5 сөз)
4-тапсырма
Тірек сөздерді қатыстыра отырып, «Судың адам өміріндегі маңызы» тақырыбында шағын мәтін жазыңыз. Тыныс белгі мен орфографиялық нормаға сай жазуға тырысыңыз.
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
№ Білім алушы
Әдеби мәтінге сай 1 мәтін мазмұнына қатысты 2 дұрыс
ақпараттарды ақпаратты белгілейді;
ажыратады. 1-ақпарат 1
2-ақпарат 1
Орфографиялық норманы 2 негізгі тақырыпты анықтайды. 1
сақтайды, тыныс 3 мәтіндегі бес тірек сөзді табады;
белгілерін орынды 1 тірек сөз 1
қолданады. 2 тірек сөз 1
3 тірек сөз 1
4 тірек сөз 1
5 тірек сөз 1
4 тірек сөздерді қатыстырып шағын
мәтін жазады;
тірек сөздерді қатыстырады; 1
тыныс белгісін дұрыс қояды; 1
орфографиялық нормаға сай жазады 1
Барлығы 11
16
«Су-тіршілік көзі» тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейлері
Төмен Орта Жоғары
Әдеби мәтінге сай ақпараттарды ажыратады. Мәтінге сай 2 ақпаратты анықтауда қиналады. □ Мәтін мазмұнына қатысты бірінші, екінші дұрыс ақпаратты белгілеуде қателік жібереді. ^ Мәтінге сай 2 ақпаратты дұрыс анықтайды. □
Тірек сөздер мен жетекші сұрақтарға жауап беру арқылы негізгі тақырыпты анықтайды. Мәтіндегі бес тірек сөзді табуда, берілген сұрақтарға мазмұн бойынша жауап беруде, негізгі тақырыпты анықтауда ққиналады. Мәтіндегі бес тірек (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші) сөзді табуда, берілген сұрақтарға мазмұн бойынша жауап беруде, негізгі тақырыпты анықтауда қателіктер жібереді. |—д Мәтіндегі бес тірек сөзді дұрыс табады, берілген сұрақтарға мазмұн бойынша дұрыс жауап береді, негізгі тақырыпты дұрыс анықтайды.
17
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
18
«Денсаулық — зор байлық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 5Т6 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде
сұрақтарға жауап беру
5. А4. Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді
• Мәтін мазмұнына жоспар құрады, соған сүйеніп баяндайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 10-15 минут
1-тапсырма
Мәтінді 2 рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Мұрат лагерьден келген күннің ертеңіне терезенің жанында бірдеңе тасырлаған соң Ұлжан сыртқа қараса, баласы бір орында жүгіріп тұр екен. «Бұнысы несі?» — деп таңданды Ұлжан. Бір кезде Мұрат жүгіргенін қойды да, қолын жоғары созып, онан соң қайта төмен түсіріп, осылайша бірнеше рет қайталады. Бір кезде екі бүйірін таянып, біресе отырып, біресе тұрды. Баласының бұл қылықтары шешесін әрі таңдандырды, әрі қызықтырды. Тысқа шықты да: «Мұратжан-ау, бұның не, лагерьден осыны үйреніп кайттың ба?» — деді Ұлжан шешей. «Жаттығу жасап жатырмын», — деді баласы. «Ол не дегенің?» «Лагерьде бізге күнде ертемен жаттығу жасататын. Үйде де жасап тұрыңдар деген. Апа, бұның пайдасы зор. Үнемі жаттығу жасап, дене шынықтырумен айналысқан адамның денсаулығы күшті болады. Ауруға да бой бермейді». Ұлжан дөңгелек столға шай жасап жатқанда, Мұрат орамал, сабын, тіс порошогын алып тысқа шығып кетті. Үйдің артында өзен бар еді. Бақшадан келе жатқан Батырбай қарт бүкіл кеудесін сумен жуып жатқан баласын көрді. «Мұратжан-ау, мынауың не?» — деді. «Шынығып жатырмын», — деп жауап берді Мұрат.
Р/с Сұрақ Жауап
1 Мұрат лагерьден не үйреніп келді?
2 Жаттығудың пайдасы қандай?
2-тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі азат жолдар бойынша шағын жоспар құрыңыз.
Спорт — денсаулық кепілі
Спортпен айналысу денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруге болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеп, түрлі жаттығулар жасауға болады. Білім алушылар мектептің дене шынықтыру үйірмелеріне тұрақты қатысулары керек. Онда арқанмен тартылады, секіреді, жүгіреді. Өйткені, олар спорттың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін, спортпен айналысудың адам өмірін ұзартатынын білуі шарт.
19
Еліміздің ертеңгі тізгіні — жастар, сондықтан да жас ұрпақтың дені сау болуы қажет. Сонда ғана өз елімізді дамыған, алдыңғы қатардағы ел екенімізді көре аламыз.
Салауатты өмір сүрудің, тазалықты сақтаудың белгілі ережелерін білмейтін жан кемде-кем. Ол біздің мектеп бағдарламасына да енгізілген. Бірақ оған көпшілігіміз күнделікті өмірде аса мән бермейміз. Себебі, өз бойымызда қалыптасып қалған жалқаулық пен қомағайлықтың, ұйқышылдықтың күштілігі.
Жоспар
1.______________________________
2.______________________________
3.______________________________
3-тапсырма
Жоспарға сүйеніп, жұбыңызға мәтін мазмұнын баяндаңыз.
Бағалау критерийі № Дескриптор Балл
тапсырма Білім алушы
Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді. 1 сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап береді; 1-сұрақ 2-сұрақ 1 1
Мәтін мазмұнына жоспар 2 мәтінге жоспар құрады; 1
құрады, соған сүйеніп баяндайды 3 жоспарға сүйеніп, мәтін мазмұнын баяндайды. 1
Барлығы 4
20
«Денсаулық — зор байлық» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейлері
Төмен Орта Жоғары
Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап беруде қиналады. □ Сұрақтарға (бірінші, екінші) мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап беруде қате жібереді. |—| Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен дұрыс жауап береді. □
Мәтін мазмұнына жоспар құрады, соған сүйеніп баяндайды Мәтінге жоспар құруда, жоспарға сүйеніп, мәтін мазмұнын баяндауда қиналады. □ Мәтінге жоспар құруда, жоспарға сүйеніп, мәтін мазмұнын баяндауда қателіктер жібереді. □ Мәтінге сай дұрыс жоспар құрады. Жоспарға сүйеніп, мәтінді толық баяндайды. □
21
«Компьютердің тілін табу — өнер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
5.О1 Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау 5.Ж1. Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
• Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды
• Ресми стиль ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолданып, хабарландыру жазады
Білу және түсіну Қолдану
Орындау уақыты
10-15 минут
1-тапсырма
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Компьютер — ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп. Мысал келтіретін болсақ: әр пәннен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жазылған және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасауға әлдеқайда аз уақыт жұмсалады.
Компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап жарық көрген. Әсіресе, ондағы алуан түрлі ойындар жеткіншек балалар мен бүлдіршіндердің денсаулығына, жүйке жүйесіне зақым келтіретінін сол кезден-ақ ғылыми негізде дәлелдеген.
Сонымен, компьютердің адам ағзасына тигізетін залалы мынандай:
— көздің көру қабілетін төмендетеді;
— омыртқалардың қисаюына әкеледі;
— жүйкеге салмақ түсіреді;
— шаршағыштық, әлсіздік басады.
1. Мәтіндегі 2 маңызды ақпаратты анықтаңыз.__________________________________
р/с
Маңызды ақпараттар
1
2
2. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.
22
2-тапсырма
Жаңа ноутбук сатып алуыңызға байланысты үйіңіздегі қолданыста болған компьютеріңізді құрылғыларымен (процессор, пернетақта, тышқан) сататыныңыз туралы хабарландыру мәтінін жазыңыз.
Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды. 1 мәтіндегі екі маңызды ақпаратты анықтап, өз сөзімен жазады; 1-ақпарат 2-ақпарат 1 1
мәтіннің негізгі тақырыбын сөз тіркесімен береді; 1
Ресми стиль ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолданып, хабарландыру жазады. 2 тапсырмаға сай хабарландыру мәтінін жазады; 1
хабарландыру жазудың талаптарын сақтайды. 1
Барлығы 5
23
«Компьютердің тілін табу — өнер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейлері
Төмен Орта Жоғары
Мәтіндегі маңызды ақпаратты анықтайды. Мәтіндегі екі маңызды ақпаратты анықтап, өз сөзімен жазуда, мәтіннің негізгі тақырыбын сөз тіркесімен беруде қиналады. □ Мәтіндегі бірінші, екінші маңызды ақпаратты анықтап, өз сөзімен жазуда, мәтіннің негізгі тақырыбын сөз тіркесімен беруде қателіктер жібереді. □ Мәтіндегі екі маңызды ақпаратты анықтап, өз сөзімен дұрыс жеткізеді, мәтіннің негізгі тақырыбын сөз тіркесімен дұрыс береді. □
Ресми стиль ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолданып, хабарландыру жазады. Тапсырмаға сай хабарландыру мәтінін жазуда, хабарландыру жазудың талаптарын сақтауда қиналады. □ Тапсырмаға сай хабарландыру мәтінін жазуда, хабарландыру жазудың талаптарын сақтауда қателіктер жібереді. □ Хабарландыру мәтінін тапсырмаға сай дұрыс жазады, хабарландыру жазудың талаптарын толық сақтайды. |—|
24
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
25
«Қазақстандағы ұлттар достастығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
5Т6 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру
5.А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді
• Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну Қолдану
Орындау уақыты
10-15 минут
1-тапсырма
Мәтінді 2 рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Бірінші мамыр мейрамының шығу тарихы әріде жатыр. Бұдан 3 мың жыл бұрын Италия тұрғындары жердің қамқоршысы, әйел құдайы Майяға табынған. Соның құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуендеу мен салтанат мерекесі болып есептеледі. 1890 жылы Парижде өткен ІІ Интернационал Конгресінің шешімімен 1886 жылы Чикагода болған Америкалық еңбекшілердің 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, капиталистер мен қанаушыларға қарсы жанқиярлық күресінің құрметіне Варшава қаласында сол жылдан бастап 1 мамыр еңбекшілердің ынтымағы мерекесі ретінде аталып келеді.
Айтулы мейрамды алғаш рет 1890 жылы Мажарстан, Бельгия, Алмания, Дания, Испания, Италия, Норвегия, АҚШ, Швеция, Франция сияқты мемлекеттер атап өтті. Содан бері қанша заман өтсе де, қазіргі таңда 1 мамыр мерекесін әр түрлі мазмұнда әлемнің 66 мемлекеті тойлайды.
1 мамыр — Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылы наурызда дүниежүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың үлгісі Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы құрылды. Сол кезден бастап 1 мамыр жаңаша сипат, мазмұнға ие болды.
1. 1 мамыр кімнің құрметіне серуендеу мен салтанат мейрамы болып саналады?
2. 1995 жыл — Қазақстан үшін қандай жыл?
2-тапсырма
Жұпта «Қазақстанда 1 мамыр мерекесі қалай тойланады?» деген тақырыпта диалогке түсіңіз.
(144 сөз)
(һйр://Ьаі§апіп.акІоЬе.§оү.к2/кк/поёе/6822)
26
Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Мазмұнға бағытталған 1 сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1
сұрақтарға жауап сөйлеммен жауап береді;
береді. 1-сөйлем 1
2-сөйлем 1
Шағын диалогке 2 тақырыпқа қатысты жұбына сұрақтар 1
қатысу арқылы қояды;
сұрақты түсінгендігін жұбының қойған сұрақтарына жауап 1
көрсетеді. береді.
Барлығы 4
27
«Қазақстандағы ұлттар достастығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні_________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейлері
Төмен Орта Жоғары
Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді. Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап беруде қиналады. |—| Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен (1-сөйлем, 2-сөйлем) жауап беруде |—. қателіктер жібереді. 1 1 Сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша дұрыс жауап береді. □
Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді. Тақырыпқа қатысты жұбына сұрақтар қоюда, жұбының қойған сұрақтарына жауап беруде қиналады. | | Тақырыпқа қатысты жұбына сұрақтар қоюда, жұбының қойған сұрақтарына жауап беруде қателіктер жібереді. |—| Тақырыпқа қатысты жұбына сұрақтарды дұрыс қояды, жұбының қойған сұрақтарына дұрыс, толық жауап береді. | 1
28
«Ер есімі — ел есінде!» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 5.О1 Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау
5.Ж5.Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды
• Жалғауларды орфографиялық нормаға сай қолданады
• Сөйлем соңындағы тыныс белгілерді қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну Қолдану
Орындау уақыты 10-15 минут
1-тапсырма
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
… Әлияның «Отан үшін алға!» ұраны нағыз ерліктің ұранындай болып кетті.
«1944 жылдың қаңтар айында немістер бекініп алған Казачиха деревнясына шабуыл басталды. Кеңес жауынгерлері жауға қаһарлы түрде шүйлікті. Қашаннан бергі әдетінше, Әлия Молдағұлова өзінің жаужүрек жолдастарының алдыңғы қатарында болды.
— Ура! Отан үшін! — деп ұрандаған Молдағұлова жауынгерлерді соңына ертіп, алға ұмтылды. Оның дәл көздеген оғынан 8 неміс солдаты қаза тапты. Траншеяда кескілескен шайқас басталды. Немістер шыдай алмады. Молдағұлова ет қызуымен алға озып, неміс траншеяларына еніп кетті. Блиндаждан неміс офицері шыға келіп, қызды ұстап алды. Жекпе-жек басталды. Күш тең емес еді. Әлия фашистік хайуанның тырнағынан сытылып шықты да, неміс офицеріне автоматтан оқ жаудырды. Дәл сонымен қабаттаса мылтық дауысы естілді — фашист Әлия Молдағұлованың кеудесіне пистолетпен атып үлгерді» — деп жазылған марапат парағында. Өзінің жаны үзіліп бара жатқанда Әлия немістің жетпіс сегізінші солдатын атып үлгерген еді. Бұл 14 қаңтар күні болатын. Әлия 13 қаңтар күні Сапураға жазған ең соңғы хатын «Сәлем саған, Отаным!» деп бастапты.
(150 сөз)
(ҺЦр://^^^.акіоЬеаа2еіі.к2/?р=29428) 1. Мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды белгілеңіз.
Ақпараттар + дұрыс — бұрыс
Әлия неміс офицерімен айқаса кетті. +
Неміс офицері Әлияға оқ жаудыра бастайды. —
Әлия өлер алдында немістің солдатын атып түсіреді. +
Әлия қаза болар алдында үш күн бұрын сіңлісіне хат жазған екен. —
29
2. Мәтіндегі 3 маңызды ақпаратты жазыңыз.
р/с Маңызды ақпараттар
1
2
3
3. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.
2-тапсырма
Мектебіңіздегі 9 мамыр мерекесінің тойлануы туралы мәтін құрап жазыңыз (90-100 сөз).
Бағалау критерийі № Дескриптор Балл
тапсырма Білім алушы
Мәтіндегі маңызды ақпаратты анықтайды. 1 мәтін мазмұнына сай 2 ақпаратты белгілейді; 1-ақпарат 2-ақпарат 1 1
мәтіндегі үш маңызды ақпаратты жазады; 1-ақпарат 2-ақпарат 3-ақпарат 1 1 1
негізгі тақырыпты анықтайды; 1
Жалғауларды орфографиялық нормаға сай қолданады. 2 мәтін құрамында жалғауларды дұрыс қолданады; 1
Сөйлем соңындағы тыныс белгілерді қолданады. сөйлем соңындағы лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдерге қатысты тыныс белгілерді дұрыс қолданады. 1
Барлығы 9
30
«Ер есімі — ел есінде!» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейлері
Төмен Орта Жоғары
Мәтіндегі маңызды ақпаратты анықтайды. Мәтін мазмұнына сай ақпараттарды белгілеуде, мәтіндегі үш маңызды ақпаратты, негізгі тақырыпты анықтауда қиналады. Мәтін мазмұнына сай бірінші, екінші ақпараттарды белгілеуде, мәтіндегі бірінші, екінші, үшінші маңызды ақпаратты, негізгі тақырыпты анықтауда қателіктер жібереді. Мәтін мазмұнына сай ақпараттарды дұрыс белгілейді, мәтіндегі үш маңызды ақпаратты және негізгі тақырыпты дұрыс анықтайды.
Жалғауларды орфографиялық нормаға сай қолданады. Мәтін құрамында жалғауларды қолдануда қиналады. □ Мәтін құрамында жалғауларды қолдануда қателеседі. □ Мәтін құрамында жалғауларды дұрыс қолданады. □
Сөйлем соңындағы тыныс белгілерді қолданады. Сөйлем соңындағы лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдерге қатысты тыныс белгілерді қолдануда қиналады. □ Сөйлем соңындағы лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдерге қатысты тыныс белгілерді қолдануда қателіктер жібереді. □ Лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдерге қатысты сөйлем соңындағы тыныс белгілерін дұрыс _ы’ □
31

One thought on “СОР ЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті (орыс мектеп) Т2 5-сынып

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *