СОР ЖБ Қазақ әдебиеті (қазақ мектеп) 5 сынып

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде) 5-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 5-сынып білім алушыларына «Қазақ әдебиеті (оқыту қазақ тілінде)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
2
Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР…………..4
«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалау………….5
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР………….11
«Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау……….12
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР………….18
«Адамгершілік — асыл қасиет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау…….19
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР………….24
«Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау…………..25
3
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
4
«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Асан қайғы «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызы,
«Қобыланды батыр» жыры
Оқу мақсаты А/И2 Эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтау
Б/С2 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығармадағы автордың бейнесіне талдау жасайды
• Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары деңгейі
Орындау уақыты 10-15 минут
1-тапсырма
Шығармадан келтірілген үзінділерді пайдалана отырып, автордың негізгі ойын, көзқарасын анықтаңыз.
Асан қайғының (автор бейнесі) жерге айтқан сыны арқылы жердің қандай қасиеттері туралы айтқанына талдау жасаңыз.
Асан қайғының сыны Қандай қасиеттер туралы айтады? Автор қандай адам?
Түркістанның қасында ескі қорған қала Сауранды көргенде: «Әттеген-ай, қорғанды ай тақырдың бетіне, Шөлістанның өтіне салған екен. Сарқырап аққан суы жоқ, жайқалып тұрған нуы жоқ, түбі тұрақты қала бола алмас», — деген екен.
Баянауыл тауын көргенде: «Баянға жаймай, қой семірмес», — деп, Асан қазіргі Баянауылды өзіне жайлау етіпті.
Жетісуды көргенде: «Мынау Жетісудың ағашының басы сайын жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс екен», — депті.
Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) тұсындағы Сыр өлкесін көргенде: «Ей, Ақмешіт, жерің шаң екен, суың жар екен, әр бұтаның түбінде кесек етің бар екен! Елің жұтамас, малыңның көзіне сақ бол!» -депті.
Қарсақбай аймағын көргенде: «Айналаң жапан түз екен, тауыңның асты жез екен, екі тауың ел біткенді шақырар, басыңа байлық қонар, жұртың ашықпас!» — деп жүріп кетіпті.
5
2-тапсырма
«Қобыланды батыр» жырындағы батыр бейнесін қазіргі шынайы өмірдегі батыр бейнесімен салыстырыңыз, айырмашылығы мен ұқсастығын сөздер мен сөз тіркестері арқылы жазыңыз.
«Қобыланды батыр» жырындағы батыр бейнесінің ерекшелігін сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестері Ортақ белгілері (ұқсастықтары) Қазіргі замандағы батыр бейнесінің ерекшелігін сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестері

Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Шығармадағы автордың бейнесіне талдау жасайды. 1 шығармадан келтірілген үзінділерден жерге қатысты қасиеттерді анықтайды; 1
үзінділер бойынша автор бейнесіне 5 сөйлеммен қорытынды жасайды; 1
Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды. 2 жырдағы батырдың әрекеттері және оны сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды; 1
қазіргі замандағы батырлардың ерекшелігін өз сөзімен сипаттайды; 1
екі замандағы батырларға тән ортақ ұқсастықтарды табады. 1
Барлығы 5
6
«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейлері
Төмен Орта Жоғары
Шығармадағы автордың бейнесіне талдау жасайды. Үзінділерден жерге қатысты қасиеттерді анықтау, үзінділер бойынша автор бейнесіне 5 сөйлеммен қорытынды жасау қиындық туғызады. П Шығармадан келтірілген үзінділерден жерге қатысты қасиеттерді анықтауда, үзінділер бойынша автор бейнесіне 5 сөйлеммен қорытынды жасауда қателіктер жібереді. П Шығармадан келтірілген үзінділерден жерге қатысты қасиеттерді дұрыс анықтайды, үзінділер бойынша автор бейнесіне 5 сөйлеммен толық дұрыс қорытынды жасайды. П
Шығарма кейіпкерлерінің әрекетін қазіргі өмірмен салыстыра бағалайды. Жырдағы батырдың әрекеттері және оны сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін анықтауда, қазіргі замандағы батырлардың ерекшелігін өз сөзімен сипаттауда, екі замандағы батырларға тән ортақ ұқсастықтарды табуда қиналады. П Жырдағы батырдың әрекеттері және оны сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін анықтауда, қазіргі замандағы батырлардың ерекшелігін өз сөзімен сипаттауда, екі замандағы батырларға тән ортақ ұқсастықтарды табуда қателіктер жібереді. П Жырдағы батырдың әрекеттері және оны сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс анықтайды, қазіргі замандағы батырлардың ерекшелігін өз сөзімен дұрыс сипаттайды, екі замандағы батырларға тән ортақ ұқсастықтарды дұрыс табады. | |
7
«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Тақырып «Қобыланды батыр» жыры
Оқу мақсаты 5.Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
5.А/И3. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығарманың басты тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды
• Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын ажыратады
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары деңгейі
Орындау уақыты 10-15 минут
1-тапсырма
«Екі жақты түсіндірме күнделігі» арқылы «Қобыланды батыр» жырының тақырыбы мен идеясын анықтаңыз.
Кестенің сол жағына мәтіннен тақырыбы мен идеясына байланысты (шығарма бойынша) үзінділер жазыңыз.
Оң жағына үзінділердің түсіндірмесін өз сөзіңізбен жазыңыз.
Жырдан үзінді (цитата) Түсіндірме (неге осы ойды таңдады, ол несімен маңызды болды)

Тақырыбы
Идеясы
2-тапсырма
Жырдан төмендегі сөздердің тура мағынасын анықтаңыз, жазыңыз.
Ауыспалы мағыналы сөз Тура мағыналы сөз Бейнеле уіш құрал түрі
Қара үйлі кедейлер қарқ болыпты да қалыпты.
Жылқы біткеннен тігерге тұяқ қалдырмай айдап кетіпті.
Арыстанның апандай аузын көреді.
Қараңғылық серпіліп жүре бергенде…
Құстай ұшып, құйғытып барады.
8
Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Шығарманың басты тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды. 1 жырдан тақырып пен идеяға қатысты үзінділер табады; 1
үзінділердің мағынасын өз сөзімен түсіндіреді; 1
үзінділер негізінде жырдың тақырыбы мен идеясын түсіндіреді. 1
Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын ажыратады. 2 берілген сөздердің тура мағынасын анықтайды; 1
бейнелеуіш құрал түрін анықтайды. 1
Барлығы 5
9
«Таза, мінсіз асыл сөз» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейлері
Төмен Орта Жоғары
Шығарманың басты тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды. Тақырып пен идеяға қатысты үзінділерді табу, мағынасын өз сөзімен түсіндіру, үзінділер негізінде жырдың тақырыбы мен идеясын анықтау қиындық туғызады. Жырдан тақырып пен идеяға қатысты үзінділерді табуда, мағынасын өз сөзімен түсіндіруде, үзінділер негізінде жырдың тақырыбы мен идеясын анықтауда қателіктер жібереді. ^ Жырдан тақырып пен идеяға қатысты үзінділерді дұрыс табады, мағынасын өз сөзімен дұрыс түсіндіреді, үзінділер негізінде жырдың тақырыбы мен идеясьш Д¥рЫс ^
Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын ажыратады. Сөздердің тура мағынасын, бейнелеуіш құрал түрін анықтауда қиналады. □ Сөздердің тура мағынасын, бейнелеуіш құрал түрін анықтауда қателіктер жібереді. □ Сөздердің тура мағынасын, бейнелеуіш құрал түрін дұрыс анықтайды. □
10
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
11
«Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Ыбырай Алтынсарин «Қыпшақ Сейітқұл», «Атымтай
Жомарт»
Оқу мақсаты 5.А/И1. Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра
суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу 5.Б/С3 Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығармадағы суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді ажыратады
• Шығармадағы кейіпкердің жеке құндылығына талдау жасай отырып, әдеби эссені жүйелі жазады
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Орындау уақыты 10-15 минут
1-тапсырма
«Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесінен цитаталар келтіре отырып, Қыпшақ Сейітқұл мен ағасының образдарын салыстырыңыз.
Кейіпкерлер Кейіпкерлер іс- әрекетінен цитаталар Екі кейіпкердің образдарына салыстыру (айырмашылығы мен ұқсастығына) жасаңыз.
Қыпшақ Сейітқұл
Сейітқұлдың ағасы
2-тапсырма
Суреттерге назар аударып, «Атымтай Жомарт» туралы әңгіме үзіндісін оқыңыз.
Осы шығармадағы автордың ойын жалғастырып, «Бүгінгінің Атымтай Жомарты қандай?» тақырыбында әдеби эссе (сөз саны-100-120) жазыңыз.
«Атымтай Жомарт» әңгімесі
1 [§ і+’іі ‘Я шшМл «Атымтай Жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-құсқы киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бір күні өзінің жақын, таныстары сұрады дейді: — Жомарт, құдай берген дәулетіңіз бар, ашқа -тамақ, жалаңашқа — киім, үйсіздерге — үй болдыңыз, сөйте тұрып, өз басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, шөп тасығаныңыздың
12
Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Шығармадағы суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді ажыратады. 1 шығармадағы екі кейіпкердің қарама-қарсы іс-әрекетін берудегі салыстыра суреттеулерді табады; 1
Шығармадағы кейіпкердің жеке құндылығына талдау жасай отырып, әдеби эссені жүйелі жазады. 2 эссенің сұрағына жауап беретін үш дәйексөзді (аргумент есебінде) таңдайды; 1
эссе құрылымын, сөз санын сақтайды. (кіріспе, негізгі, қорытынды, сөз саны-100-120); 1
стильді (көркем әдеби) орынды қолданады. 1
Барлығы 4
13
«Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) Білім алушының аты-жөні____________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейлері
Төмен Орта Жоғары
Шығармадағы суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді ажыратады. Екі кейіпкердің қарама-қарсы іс-әрекетін берудегі салыстыра суреттеулерді табуда қиналады. □ Шығармадағы екі кейіпкердің қарама-қарсы іс-әрекетін берудегі салыстыра суреттеулерді табуда қателіктер жібереді. |—| Шығармадағы екі кейіпкердің қарама-қарсы іс-әрекетін берудегі салыстыра суреттеулерді еркін табады. |—|
Шығармадағы кейіпкердің жеке қ¥ндылығына талдау жасай отырып, әдеби эссені жүйелі жазады. Эссенің сұрағына жауап беретін үш дәйексөзді (аргумент есебінде) таңдауда эссе қ¥рылымын, сөз санын сақтауда (кіріспе, негізгі, қорытынды, сөз саны-100-120), стильді (көркем әдеби) орынды қолдануда қиналады. □ Эссенің сұрағына жауап беретін үш дәйексөзді (аргумент есебінде) таңдауда эссе қ¥рылымын, сөз санын сақтауда (кіріспе, негізгі, қорытынды, сөз саны-100-120), стильді (көркем әдеби) орынды қолдануда қателіктер жібереді. □ Эссенің сұрағына жауап беретін үш дәйексөзді (аргумент есебінде) таңдайды, эссе қ¥рылымын, сөз санын сақтайды (кіріспе, негізгі, қорытынды, сөз саны-100-120), стильді (көркем әдеби) орынды қолданады. | |
14
«Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Дулат Бабатайұлы «О, Ақтан жас, Ақтан жас»
Оқу мақсаты 5.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-
әрекеті арқылы образын ашу
5.А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын суреттеп, сипаттайды
• Шығармадан алған әсері туралы сипаттайтын пікірін жазбаша жеткізеді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі
Орындау уақыты 10-15 минут
1-тапсырма
Кейіпкерлердің іс-әрекеті мен портретін талдап, автордың мәтіндегі кейіпкер образын ашуда сөз қолданысына талдау жасаңыз (2-3 сөйлем).
Кейіпкер портреті (Ақтан жас) мен іс-әрекетін ашудағы өлең жолдары Автордың кейіпкер образын ашудағы сөз қолданысына талдау
Жапанға біткен жапырақ, Жамылсаң тоңар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген, Сұғынсаң тояр ма екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор, Сауыт киер ме екенсің? Білтеліні тұтатып, Түтінін үзбей оқ атып, Жау қашырар ма екенсің?
Тұлпар атты жаратып, Құйрық-жалын таратып, Сырты қырлы, жүзі алмас, Сапы асынар ма екенсің?
Тең құрбымен теңеліп, Шаруа жиып кенеліп, Бала сүйіп, мал жиып, Керсеніне бал құйып, Өмірде сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің, Шаң бермей әлі кетерсің, Қажыма, Ақтан, қажыма, Жетерсің, әлі, жетерсің.
15
2-тапсырма
Өлеңнен алған әсеріңізді білдіре отырып, жетім бала Ақтан жасқа (70-80 сөз көлемінде) хат жазыңыз.
Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу. 1 мәтіндегі кейіпкер образын ашатын сөз қолданыстарын талдай отырып, 2-3 сөйлеммен қорытып жазады; 1
Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу. 2 шығармадан алған әсерін сипаттап жазады; 1
хат құрылымын сақтап жазады; 1
сөз санын (70-80 сөз) сақтайды. 1
Барлығы 4
16
«Тәрбиенің қайнар бұлағы» бөлімі бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейлері
Төмен Орта Жоғары
Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын суреттеп, сипаттайды. Кейіпкер образын ашатын сөз қолданыстарын талдау, 2-3 сөйлеммен қорытып жазу қиындық туғызады. □ Мәтіндегі кейіпкер образын ашатын сөз қолданыстарын талдауда, 2-3 сөйлеммен қорытып жазуда қателіктер жібереді. □ Мәтіндегі кейіпкер образын ашатын сөз қолданыстарын талдайды, 2-3 сөйлеммен толық қорытып жазады. □
Шығармадан алған әсері туралы сипаттайтын пікірін жазбаша жеткізеді. Шығармадан алған әсерін сипаттап жазуда, хат құрылымын, сөз санын (70-80 сөз) сақтауда қиналады. □ Шығармадан алған әсерін сипаттап жазуда, хат құрылымын, сөз санын (70-80 сөз) сақтауда қателіктер жібереді. □ Шығармадан алған әсерін сипаттап жазады, хат құрылымын, сөз санын (70-80 сөз) сақтайды. □
17
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
18
«Адамгершілік — асыл қасиет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Тақырып М.Қабанбай «Бауыр» әңгімесі
Оқу мақсаты 5. Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына қарай фабуласы
мен сюжеттік дамуын сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығарманы сюжеттік желісі бойынша ретімен орналастырады
• Мазмұн бойынша берілген сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі
Орындау уақыты 10-15 минут
1-тапсырма
Шығармадағы сюжеттер желісіне қарай оқиғаларды ретімен орналастырыңыз.
Оқиғалар Реті
Өле-өлгенше бұл дүниеден шешесін мың бейнеден іздесе де мәңгі бақи таба алмай, арманда өтетін шығар…
Иә, Манап Симбатович секілді ағам бар деген ой, әрине, Қалидың үш ұйықтаса түсіне кірген емес.
Қали костюмге көз қиығын немқұрайды тастады да, миығынан күлімсіреді.
Алыстағы ағаң жыл он екі айда бір рет келеді.
Орындық арқалығын желкесіне жастап, басын артқа тастап жіберді де, көзін жұмды.
Ауыл есіңде ме? Көкем, мен. Қалғұты. тау, қалың орман есіңде шығар?
Хат жазамын. Келер жылы жазда келемін…
Мереке қарсаңында жасөспірім боксшылардың қалалық біріншілігі өтеді.
2-тапсырма
Әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақ Жауап
Қали Манап әкелген костюмді неге киіп көрмеді?
Қали балалар үйінде немен айналысады?
Манап неліктен Қалиды балалар үйіне тапсырған еді?
19
Бағалау критерийі № Дескриптор Балл
тапсырма Білім алушы
Шығарманың сюжеттік желісі бойынша ретін орналастырады. 1 шығарманың мазмұны бойынша оқиғалардың ретін белгілейді. 1
Мазмұн бойынша берілген сұрақтарға жауап береді. 2 берілген үш сұраққа мазмұн бойынша жауап береді. 1 1 1
Барлығы 4
20
«Адамгершілік — асыл қасиет» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні________________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейлері
Төмен Орта Жоғары
Шығарманың сюжеттік желісі бойынша ретін орналастырады. Шығарманың мазмұны бойынша оқиғалардың ретін белгілеу қиындық туғызады. ^ ^ Шығарманың мазмұны бойынша оқиғалардың ретін белгілеуде қателіктер жібереді. ^^ Шығарманың мазмұны бойынша оқиғалардың ретін дұрыс белгілейді. ^^
Мазмұн бойынша берілген сұрақтарға жауап береді. Берілген үш сұраққа мазмұн бойынша жауап беруде қиналады. □ Берілген үш сұраққа мазмұн бойынша жауап беруде қателіктер жібереді. □ Берілген үш сұраққа мазмұн бойынша толық жауап береді. □
21
«Адамгершілік — асыл қасиет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
А.Байтұрсынұлы «Адамдық диқаншысы» өлеңі
5. А/И4. Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу
Б/С 2 Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау
Білім алушы
• Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап хат жазады, құрылымын сақтайды
• Өмірмен байланыстырады
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 10-15 минут
Тапсырма
Ақынның «Тұқымын адалдықтың шаштым, ектім…» деген өлең жолдарындағы басты ойын дамыта отырып, өз пікіріңізді білдіріп, замандастарыңызға арнап хат жазыңыз. Шынайы өмірмен байланыстырыңыз.
Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап хат жазады, құрылымын сақтайды. 1 хат құрылымын сақтайды; 1
кіріспе бөлімде автор өлеңінен алған әсерін жеткізеді; 1
негізгі бөлімде автор айтқан қасиеттердің қазіргі өмірде көрініс табуына өмірден дәлелдер келтіреді; 1
қорытынды бөлімде замандастарын адамгершілік қасиеттерге шақырады. 1
Өмірмен байланыстырады. Шынайы өмірмен байланыстырады. 1
Барлығы 5
22
«Адамгершілік — асыл қасиет» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейлері
Төмен Орта Жоғары
Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап хат, өлең жазады, құрылымын сақтайды. Хат құрылымын сақтап, кіріспе бөлімде автор өлеңінен алған әсерін жеткізу, негізгі бөлімде автор айтқан қасиеттердің қазіргі өмірде көрініс табуына өмірден дәлелдер келтіру, қорытынды бөлімде замандастарын адамгершілік қасиеттерге шақырып, хатты рәсімдеу қиындық туғызады. □ Хат құрылымын сақтауда, кіріспе бөлімде автор өлеңінен алған әсерін жеткізуде, негізгі бөлімде автор айтқан қасиеттердің қазіргі өмірде көрініс табуына өмірден дәлелдер келтіруде, қорытынды бөлімде замандастарын адамгершілік қасиеттерге шақырып, хатты рәсімдеуде қателіктер жібереді. | Хат құрылымын сақтайды, кіріспе бөлімде автор өлеңінен алған әсерін дұрыс жеткізеді, негізгі бөлімде автор айтқан қасиеттердің қазіргі өмірде көрініс табуына өмірден нақты дәлелдер келтіреді, қорытынды бөлімде замандастарын адамгершілік қасиеттерге шақырып, хатты дұрыс рәсімдейді. |—|
Өмірмен байланыстырады. Шынайы өмірмен байланыстыру қиындық туғызады. □ Шынайы өмірмен байланыстыруда қателіктер жібереді. |——| Шынайы өмірмен байланыстырады □
23
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
24
«Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі
Т/Ж4. Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту
Білім алушы
• Әдеби шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқып, жатқа айтады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Орындау уақыты
10-15 минут
Тапсырма
«Автор орындығын» пайдаланып, «Нағыз әже қайда?” әңгімесі бойынша кейіпкерлер атынан мәнерлеп, жатқа үзінді оқыңыз.
Нұсқау: Білім алушылар жасырылған кейіпкерлер атын таңдап алады. Өзіне тиесілі кейіпкерді рөлге ене отырып, дауыс нақышына салып, мәнерлеп (монолог) жатқа оқиды. Кейіпкерлер:
1. Ая (автордың 1 -қызы)
2. Райхан (автордың 2-қызы)
3. Азат (автор)
4. Жолдас (досы)
5. Азаттың әйелі
Мысалы: Азаттың әйелі (Жақсы кісілер. Тіпті айтары жоқ, оңды адамдар. Асты-үстімізге түсіп, жандары қалмай жүгіріп жүр. Қонаққа да өңкей тамаша адамдар жиналған екен.)
Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады. 1 жасырылған кейіпкерді таңдайды; 1
кейіпкер рөліне енеді; 1
үзіндіні мәнерлеп жатқа айтады. 1
25
«Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні______________________________
Бағалау критерийлері Оқу жетістігі деңгейлері
Төмен Орта Жоғары
Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды, жатқа айтады. Кейіпкерді таңдау, рөлге ену, үзіндіні мәнерлеп жатқа айту қиындық туғызады. □ Жасырылған кейіпкерді таңдауда кейіпкер рөліне енуде үзіндіні мәнерлеп жатқа айтуда қателіктер жібереді. □ Жасырылған кейіпкерді таңдайды, кейіпкер рөліне енеді, үзіндіні мәнерлеп жатқа айтады. □
26
«Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Д.Лондон «Мексика ұлы» әңгімесі
Оқу мақсаты А/И3. Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу
құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтау Б/С З.Шығармадағы кейіпкерді өзіндік құндылығы тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы
• Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын анықтайды
• Кейіпкерді ерекшелігіне талдайды
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
10-15 минут
1-тапсырма
«Мексика ұлы» әңгімесінің желісі кезеңдерін суретпен сәйкестендіріңіз.
бойынша берілген сөйлемдерден сюжеттік
«Мексика ұлы» әңгімесі бойынша үзінділер
А
Гонг қағылды да, айқас басталып кетті. Көрермендер бір серпіліп, алға ентелей қалысты. Шыдамсыздана шиыршық атып тұрған Дэнни екі аралықты бір-ақ аттап, Мексика баласын екі шайнап, бір жұту мақсатымен дүрсе қоя берді. Ол «ә» дегеннен-ақ Ривераға жұдырықты жаңбырдай жаудырып кеп жіберді. Тәжірибелі де шебер боксшының тұс-тұсынан төпелеген соққылары Ривераны жел айдаған қаңбақтай дөңгелетіп әкеп, керме арқанға жапсырды.________
Ә
Б
Дауыл толқынтқан теңіз шуындай ду соғылған шапалақтар үнінен селт етіп, басын көтерген Ривера айналасында құрдай жорғалаған жаттықтырушылар мен секунданттарын ертіп, орталық алаңға келе жатқан Дэнни Уордты көрді.
Спайдер Ховерти Ривераның тоқыма көйлегін басынан сыпырған кезде, зал іші күңіреніп кеткендей болды. Қара торы өңі оны барынша арық та әлжуаз етіп көрсетті. Рас, бұлшық еттері оның бар болатын, бірақ қарсыласымен салыстыруға келмейтін. Алайда алабұртқан көпшілік оның апайтөс кең кеудесін байқай алмай қалды.
27
В
Осыдан кейін ешкім күтпеген керемет оқиға болды. Жұдырықтар дауылы күрт тынды да, Ривера рингте жалғыз қалды. Дэнни, қаһарлы да даңқты Дэнни шалқасынан түсіпті. Ол теңселіп барып немесе тізерлей барып, жайлап жантая құламады, мұрттай ұшты. Оны Ривераның серпе ұрған сол қолы баудай түсірген екен.
Джек Лондон. «Мексика ұлы» ҺНр://Ы1іт1апб.1<2/ 4 2-тапсырма Кейіпкерге сыни тұрғыдан баға бере оты рып, 40-50 сөзден тұратын эссе жазыңыз. Бағалау критерийі № Дескриптор Балл тапсырма Білім алушы Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын анықтайды. 1 әңгімедегі автордың тіл шеберлігін, тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер) түсінеді, суретпен салыстыру арқылы анықтайды; 1 берілген сөйлемдерден сюжеттік кезеңдерді суреттермен сәйкестендіреді. 1 Кейіпкерді ерекшелігіне талдайды. 2 Кейіпкерге сыни баға беріп, эссе жазады. 1 Барлығы 2 28 Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?” әңгімесі. «Отбасы құндылықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика) Білім алушының аты-жөні____________________________________ Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейлері Төмен Орта Жоғары Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы) мағынасын анықтайды. Әңгімедегі автордың тіл шеберлігін, тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер) түсіну, суретпен салыстыру арқылы анықтау, берілген сөйлемдерден сюжеттік кезеңдерді суреттермен сәйкестендіру қиындық туғызады. □ Әңгімедегі автордың тіл шеберлігін, тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер) түсінуде, суретпен салыстыру арқылы анықтауда, берілген сөйлемдерден сюжеттік кезеңдерді суреттермен сәйкестендіруде қателіктер жібереді. |—| Әңгімедегі автордың тіл шеберлігін, тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарын (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер) түсінеді, суретпен салыстыру арқылы анықтайды, берілген сөйлемдерден сюжеттік кезеңдерін суреттермен сәйкестендіреді. □ Кейіпкерді ерекшелігіне талдайды. Кейіпкерге сыни баға беріп, эссе жазу қиындық туғызады. □ Кейіпкерге сыни баға беріп, эссе жазуда қателіктер жібереді. □ Кейіпкерге сыни баға беріп, эссе жазады. □ 29

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *