СОР ЖБ БЖБ Қазақ тілі 9 сынып

«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 9-сынып

МАЗМҰНЫ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР…………………4
«Мәңгілік Ел — мұратым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау…………………4
«Жаһандану мәселелері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау………………….7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР………………..12
«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 12 «Адам құқығы мен бостандығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау……………15
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР………………..19
«Отбасы және демографиялық өзгеріс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау……..19
«Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау…………………………………..23
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР………………..27
«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау….27
«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімі бойынша жиынтық бағалау……30
3
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Мәңгілік Ел — мұратым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.1.2.1 Қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми
тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (жолдау) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау Бағалау критерийі Білім алушы
• Әр түрлі жанрдағы көлемді мәтіндердің (жолдау) мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш
құралдардың қызметін түсіндіреді Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Қымбатты отандастар!
Біздер, қазақстандықтар — бір халықпыз!
Біз үшін ортақ тағдыр — бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы.
Бабаларымыздың арманы.
Егеменді дамудың 22 жылында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел
болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды.
Олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар — уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.
Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеп, қабылдауды ұйымдастыруды тапсырамын.
Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050 Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын! Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсысыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар.
Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!
1. Бұл мәтін қандай мақсатта жазылған? Аудиториясы кімдер?
2. Мәтіннен 3 көркемдегіш құралды теріп жазып, түрлеріне қарай ажыратыңыз. Бұл көркемдегіш құралдарды автор не үшін қолданды?
Көркемдегіш құрал Мәтіннен мысал Автор не үшін қолданды?
Эпитет
Метафора
Метонимия
4
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Әр түрлі жанрдағы 1 мәтіннің жазылу мақсатын 1
көлемді мәтіндердің анықтайды;
(жолдау) мақсатты аудиториясын көрсетеді; 1
аудиториясы мен 2 көркемдегіш құралдарды табады;
көркемдегіш эпитет 1
құралдардың қызметін метафора 1
түсіндіреді метонимия 1
көркемдегіш құралдардың
қолданысына түсінік береді.
эпитет 1
метафора 1
метонимия 1
Барлығы 8
5
«Мәңгілік Ел — мұратым» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні____________________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Әр түрлі жанрдағы көлемді мәтіндердің (жолдау) мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың қызметін түсіндіреді Мәтіннің жазылу мақсатын, аудиториясын анықтауда, көркемдегіш құралдарды (эпитет, метафора, метонимия) тауып, қолданысына түсінік беруде (эпитет, метафора, метонимия) қиналады. □ Мәтіннің жазылу мақсатын, аудиториясын анықтауда, көркемдегіш құралдарды (эпитет, метафора, метонимия) тауып, қолданысына түсінік беруде (эпитет, метафора, метонимия) қателіктер жібереді. □ Мәтіннің жазылу мақсатын, аудиториясын анықтайды. Көркемдегіш құралдарды (эпитет, метафора, метонимия) тауып, қолданысына түсінік береді (эпитет, метафора, метонимия). □
6
«Жаһандану мәселелері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.2.1.1 Тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет)
мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу
9.3.3.1 Мәтін құрылымын сақтай отырып, бірнеше графиктік мәтіндегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстыру, маңызды тұстары мен үрдістерді (тенденция) анықтап жазу
9.4.3.1 Стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктерді дұрыс қолдана білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Графиктік мәтіндердегі мәліметтерді салыстырып, өңдейді
• Графиктік мәтіндердегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстырып, маңызды ақпараттар мен үрдістерді анықтайды
• Тілдік бірліктерді стильге сай қолданады Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Асанқайғының жерұйықты іздегені
Асанқайғы ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен», -депті.
Түндікті өзенін көргенде: «Он екі қазылық Ой түндік, маңырап жатқан қой түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен», — деп, тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен. Сонан «Үшқара» атанған екен таудың аты.
Қызылтау деген жерге келгенде: «Тау-тасы кеш болғанда қой болып, ыңыранып жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен», — депті.
Баянауыл тауын көргенде: «Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар екен, тұзы ауыр екен, бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен», — депті.
Ащы бойына келгенде, артына қарап: «А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның мынау, ащының арқасы екен. Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен, күзге таман бір жұма ащылайды екен. Сонысы бір жылға татиды екен», — депті.
1. Мәтіндегі тілдік құралдар қандай мақсатта қолданылған?
Тілдік құралдар Қолдану мақсаты
Жер екен, жер екен…
Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер… Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен…
А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның мынау, ащының арқасы екен…
7
2. Тақырыпқа қатысты тілдік бірліктерді қолдана отырып, тапсырмаларды орындаңыз. Берілген графиктік мәтіндердегі ортақ тақырыпты анықтаңыз.
Көтерілген мәселелер бойынша қандай айырмашылықтар бар?
Екі мәтінде көтерілген мәселелердің қайсысы маңызды деп ойлайсыз? Пікіріңізге мәтіннен дәлел келтіріңіз.
Осы мәселені қандай жолдармен шешуге болады?
/ \
Парниктік газдардың жылдық бөлінуі
ЖБР ТУРАЛЫ ГЫПЫМДАР * АНТРОЛОГЕНДІК ӘСЕР • АТМОСФЕРАНЫҢ ӨЗГЕРУІ
8
9
Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Тілдік бірліктерді стильге сай қолданады 1 тілдік құралдардың қолданысына түсінік береді; қайталау бағалаушы сөздер қаратпа сөз 1 1 1
Графиктік мәтіндердегі мәліметтерді салыстырып, өңдейді Графиктік мәтіндердегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстырып, маңызды ақпараттар мен үрдістерді анықтайды 2 ортақ тақырыпты анықтайды; 1
көтерілген мәселелердің айырмашылығын көрсетеді; 1
мәселенің маңызды тұстарын анықтайды; 1
шешу жолдарын ұсынады; 1
экология саласына қатысты термин сөздерді қолданады. 1
Барлығы 8
10
«Жаһандану мәселелері» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Тілдік бірліктерді стильге сай қолданады Тілдік құралдардың (қайталау, бағалаушы сөздер, қаратпа сөздердің) қолданысына түсінік беруде қиналады. □ Тілдік құралдардың (қайталау, бағалаушы сөздер, қаратпа сөздердің) қолданысына түсінік беруде қателіктер жібереді. □ Тілдік құралдардың (қайталау, бағалаушы сөздер, қаратпа сөздердің) қолданысына түсінік береді. П
Графиктік мәтіндердегі мәліметтерді салыстырып, өңдейді Графиктік мәтіндердегі (диаграмма, кесте) деректерді салыстырып, маңызды ақпараттар мен үрдістерді анықтайды Мәтіндердегі ортақ тақырыпты анықтауда, көтерілген мәселелердің айырмашылығын көрсетуде, маңызды тұстарын анықтауда, шешу жолдарын ұсынуда, экология саласына қатысты термин сөздерді орынды қолдануда қиналады. П Мәтіндердегі ортақ тақырыпты анықтауда, көтерілген мәселелердің айырмашылығын көрсетуде, маңызды тұстарын анықтауда, шешу жолдарын ұсынуда, экология саласына қатысты термин сөздерді орынды қолдануда қателіктер жібереді. П Мәтіндердегі ортақ тақырыпты анықтайды. Көтерілген мәселелердің айырмашылығын көрсетеді, маңызды тұстарын анықтайды, шешу жолдарын ұсынады. Экология саласына қатысты термин сөздерді орынды қолданады. П
11
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.1.3.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік
мәселелермен байланыстыра білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтін ақпаратын өмірлік мәселелермен байланыстырады
Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз.
Тәуелсіз Қазақстанның жеті жетістігі
Ширек ғасырдан астам уақыт әлемдік тарих үшін қас-қағым сәт! Биыл бір ғана «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу арқылы егемен Қазақстан өзінің есімін жаһандық жылнамаға жазды. Осының бәрі Қазақстанның мемлекеттілігінің негізін қалап, туған халқын баянды тәуелсіздікке жетелеген Тұңғыш Президентіміз, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өміршең идеялары мен баянды бастамаларының жемісі.
Елімізді әлем таныған шақта сан түрлі жетістіктеріміз де жетерлік. Солардың бірегейі — «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі.
10 маусым — 10 қыркүйек аралығында жаһан жұрты Еуразияның кіндігіндегі Қазақ Елінің бас қаласына көз тікті. Тәуелсіздігінің 27 жылдығына аяқ басқанда еліміз халықаралық деңгейдегі аса ауқымды, жауапты шараны зор абыроймен өткізді. Қуанарлығы сол, 155 мемлекет, 22 халықаралық ұйымның қатысуымен өткен көрмеден 4 миллионға жуық адам ұмытылмас әсер алып қайтты.
Орнықты дамудың даңғылына түскен Қазақстан өз жолынан жаңылмайтынын дәлелдеді. Тәуелсіз Қазақ Елінің бүгінгі табысының екі алтын тұғыры бар. Бірі — Ұлы Далада жаңа мемлекет құрған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық саясаты, екіншісі — өз көшбасшысының айналасына топтаса білген Қазақстан халқы. Бүгінгі ұрпақтың пешенесіне жазылған ең үлкен бақыт — тәуелсіздігіміз баянды болсын!
1. «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне саяхат» тақырыбында естеліктеріңізбен бөлісіңіз. Қандай сәттер есте ерекше қалды?
2. «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі — тәуелсіз Қазақстанның мақтанарлық жетістіктерінің бірі. Өз тарапыңыздан мәтін тақырбына орай Тәуелсіз Қазақстанның жеті жетістігін ойластырыңыз.
12
Бағалау критерийі № Дескриптор Балл
тапсырма Білім алушы
Мәтін ақпаратын өмірлік 1 көрмеге саяхаттан естеліктерін 1
мәселелермен байланыстырады жазады;
әсерімен бөліседі; 1
2 Жеті жетістікті көрсетеді:
1-жетістік 1
2-жетістік 1
3-жетістік 1
4-жетістік 1
5-жетістік 1
6-жетістік 1
7-жетістік 1
Барлығы 9
13
«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтін ақпаратын өмірлік мәселелермен байланыстырады Тақырып бойынша естелік жазып, әсерімен бөлісуде, өз көзқарасымен жеті жетістікті көрсетуде қиналады. Тақырып бойынша естелік жазып, әсерімен бөлісуде, өз көзқарасымен жеті жетістікті көрсетуде қателіктер жібереді. Тақырып бойынша естелік жазып, әсерімен бөліседі, өз көзқарасымен жеті жетістікті көрсетеді.
□ □ П
14
«Адам құқығы мен бостандығы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.2.5.1 Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-
қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру
9.3.4.1 Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген
мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу(аргументативті эссе);
9.4.4.2 Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін
ажырата білу, түрлендіру Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты сұрақтар құсрастырады
• Көтерілген мәселе бойынша аргументативті эссе жазады
• Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіре қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтінді оқыңыз.
Жұмыскердің құқығы: нені білу керек?
Заңда жұмыс берушінің де, жұмыскердің де құқығы анық айтылған.
Біріншіден, еңбек келісімшарты қолыңызда болуы керек.
Еңбек келісімшарты — қызметкер мен жұмыс беруші арасында жасалған шарт. Екеуара міндеттері мен құқықтарын айқындайды. Ол міндетті түрде жасалуы керек және бір данасы қызметкердің қолында болуы тиіс. Бұл — екі тарап арасындағы келісімнің дәлелі. Жұмыс беруші өз міндетін орындамаса, осы келісімшартты негізге ала отырып, әр тарап өз құқығын қорғайды.
Еңбек шартына қол қоярда мынаны ескеріңіз.
Ең бірінші, келісімшартты мұқият оқып шығуыңыз керек. Түсініксіз болса, заңгердің не өзге құқықтық сауаты бар адамның көмегіне жүгініп, еңбек шартын талқылаған жөн. ҚР заңнамасы негізінде әр салаға байланысты белгіленген уақыт мерзімдері бар, вахталық қызмет болса да, түнгі уақыт болса да, қосымша төленетін ақысынан бастап барлық шарты заңнама аясында жазылуы керек.
Мысалы, түнде немесе негізгі жұмыс мезгілінен тыс қосымша істеген кезде және демалыс, мейрамдарда төленетін үстемақы күндік табыстан бір жарым есе артық болуы тиіс.
1. Мәтінде көтерілген мәселеге қатысы бес сұрақ құрастырыңыз.
2. Ұсынылған жағдаят бойынша эссе жазыңыз. Эссе жазу барысында оқылым мәтінінің ақпаратын, себеп-салдар және қарсылықты салалас сөйлемдерді қолданыңыз.
• Адал еңбек қашан да ақталатын белгілі. Алайда өмірде жұмыс берушінің қызмет бабын асыра сілтей пайдаланатын жағдайларын кездестіріп жүрміз. Қалай болғанда да нәпақа табу сіз үшін керек. Қалай ойлайсыз, мұндай жағдайларға қарамастан адал еңбектің береріне сену керек пе әлде өз құқығыңызды ашық қорғау қажет пе? Өз көзқарасыңызды
15
білдіре отырып, аргументативті эссе жазыңыз.
16
Бағалау критерийі № тапсырма Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты сұрақтар құсрастырады Көтерілген мәселе бойынша аргументативті эссе жазады Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіре қолданады 1 Көтерілген мәселеге қатысты бес сұрақ құрастырады; 1-сұрақ 2-сұрақ 3-сұрақ 4-сұрақ 5-сұрақ 1 1 1 1 1
2 тақырыпты ашады; 1
жанрға сай жазады; 1
көзқарасын білдіреді; 1
дәлелдер келтіреді; 1
себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді қолданады; 1
қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді қолданады. 1
Барлығы 11
17
«Адам құқығы мен бостандығы» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні__________________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Тиісті сөздер мен фразаларды қолданып, орта көлемді монолог дайындайды Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажыратып, түрлендіре қолданады Тақырыпқа қатысты 3 сөз бен 3 фразаны теріп жазып, себеп-салдар және қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді қолданып, жағдаятқа сай монолог құрастыруда қиналады. П Тақырыпқа қатысты 3 сөз бен 3 фразаны теріп жазып, себеп-салдар және қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді қолданып, жағдаятқа сай монолог құрастыруда қателіктер жібереді. П Тақырыпқа қатысты 3 бен 3 фразаны теріп жазады. Сөз бен фразаларды, себеп-салдар және қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді қолданып, жағдаятқа сай монолог құрастырады. | |
18
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Отбасы және демографиялық өзгеріс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.1.4.1 Мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау
9.4.4.2 Салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің негізгі ойын анықтайды
• Салалас құрмалас сөйлемдерді мағыналық түріне қарай түрлендіріп қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Қазақстанда халық саны 2017 жылғы 1 қыркүйектегі есеп бойынша 18 074,1 мың адамға жетті. 2016 жылдың 1 қыркүйегімен салыстырғанда, 232,5 мың адамға көбейіп, өсім 1,3 пайызды құрады. Есепті кезеңде Қазақстанда қала халқының саны 10 367,4 мың адам, ауыл халқының саны 7706,7 мың адам болған. Азаматтық ахуалды тіркеу органдарының берген мәліметтерді өңдеу нәтижесінде ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында 257,5 сәби дүниеге келгені анықталды, бұл көрсеткіш 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,5%-ке аз. 1 мың адамға шаққанда жалпы туу коэффициенті 21,45-ті құрайды. Республика халқының табиғи өсімі осы кезеңде 2016 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда 17,3 мың адамға немесе 9,3%-ке қысқарып, 169,4 мың адамды көрсетті. Халық санының табиғи өсу коэффициенті 1 адамға шаққанда 14,11 адам болды. Осы есепті кезеңде 88,1 мың адам қайтыс болды, бұл 2016 жылдың қаңтар-тамызындағы көрсеткіштен 0,8 пайызға аз деген сөз. 1 мың адамға шаққандағы жалпы өлім коэффициенті 7,34-ті құрады. 2017 жылдың қаңтар-тамызында республикада 1 жасқа дейінгі балалардың 2140 өлімі тіркелді, яғни 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 13,7%-ке қысқарған.
1. Мәтін не туралы? Қандай мақсатта жазылған?
2. Сұраққа жауап беру арқылы мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз. Елімізде демографияны дамыту қаншалықты маңызды?
Э (экономикалық) С (саяси) Ә (әлеуметтік)

Негізгі ойы:
3. Суреттерді қолданып, сюжетті әңгіме айтыңыз. Әңгімелеу барысында салалас құрмалас сөйлемдер қолданыңыз.
19
Не, немесе, я, яки, не (я) болмаса, әлде, әйтпесе
і іҒ
Бірде, біресе, кейде
20
Бағалау критерийі № тапсыр ма Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіннің негізгі ойын анықтайды Салалас құрмалас сөйлемдерді мағыналық түріне қарай түрлендіріп қолданады 1 мәтіннің жазылу мақсатын анықтайды; 1
2 мәселенің маңыздылығын көрсетеді; экономикалық саяси әлеуметтік 1 1 1
мәтіннің идеясын анықтайды; 1
3 суреттерді қатыстырып, әңгіме құрастырып айтады; 1
салалас құрмалас сөйлемдерді қолданады. талғаулы салалас кезектес салалас 1 1
Барлығы 8
21
«Отбасы және демографиялық өзгеріс» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннің негізгі ойын анықтайды Салалас құрмалас сөйлемдерді мағыналық түріне қарай түрлендіріп қолданады Мәтіннің жазылу мақсатын, мәселенің маңыздылығын (экономикалық, саяси, әлеуметтік) көрсетіп, мәтіннің идеясын анықтауда, салалас құрмалас (талғаулы, кезектес) сөйлемдерді қолданып суреттер бойынша әңгіме құрастыруда қиналады. □ Мәтіннің жазылу мақсатын, мәселенің маңыздылығын (экономикалық, саяси, әлеуметтік) көрсетіп, мәтіннің идеясын анықтауда, салалас құрмалас (талғаулы, кезектес) сөйлемдерді қолданып суреттер бойынша әңгіме құрастыруда қателіктер жібереді. □ Мәтіннің жазылу мақсатын анықтайды. Мәселенің маңыздылығын (экономикалық, саяси, әлеуметтік), мәтіннің идеясын анықтайды. Салалас құрмалас (талғаулы, кезектес) сөйлемдерді қолданып, суреттер бойынша әңгіме құрастырып айтады. □
22
«Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары»
бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.2.4.1 Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін,
құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау
9.3.1.1 Жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Түрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады
• Мәтінге күрделі жоспар құрастырады

Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқыңыз.
А мәтіні
«Биотехнология» деген түсінікті бірінші рет 1917 жылы Венгрия инженері Карл Эреки қолданған. К.Эрекидің айтуынша: «Биотехнология — ол тірі жандардың көмегімен өткізілетін жұмыстар».
Биотехнология дамуын қарастырғанда келесі заңдылықты байқап өтуге болады: ХХ ғасырдың 60 жылдарына дейін көбінесе көбею саласында зерттеулер өткізілген. 60 жылдардың соңында және 70 жылдардың басында биотехнология өз зерттеулерін жасушалардың технологияларының саласында қадағалап өткізеді. Олар келесі зерттеулер: экстракорпоралдық ұрықтандыру, өсіру, гаметалармен жасушаларды төмен температураларда ұзақ уақыт сақтау.
Ал 1973 жылдан бастап биотехнология молекулярлық зерттемелерге қатысады. Биотехнология саласының мақсаты — коммерциялық өнімді дамыту. Сондықтан биотехнологияның негізінде экономика жатыр. Экономика жағдайлары жоғары мемлекеттерде биотехнология дамуы да өте жақсы деңгейде.
Ә мәтіні
Соңғы 10 жыл ішінде еліміз экономиканы индустрияландыруды ғана емес, ақыл-ойға жүгінетін инновациялық дамуды да қолға алды. Содан бері көптеген жұмыстар атқарылып, алғашқы нәтижелер көп күттірмей қолға да тие бастады. Сондай ғылым салаларының бірі -биотехнология.
Биотехнология кез келген өнімді жасап шығаруда немесе технологиялық өндірісте сапалы әрі таза өнім алу үшін тірі ағзаны қолдану үдерісі дегенді білдіреді. Мысалы, оған сүттің ашуын, қышқыл сүтті өнімдердің алынуын жатқызуға болады. Адамдар осыған дейін бұл үдерістердің принципін түсінбестен қолданып келген. Қазіргі таңда биотехнология мағынасы, әрине, оларға қарағанда әлдеқайда күрделірек. Өміріміздің сан-алуан бағыттарында көрініс табуда. Заманауи әлем мен дамыған экономикада бұл ұғым таза экологиялық өнімді өндіруде табиғатты ластамайтын жолдармен алу әдістері, ауыл шаруашылығы және түрлі өндірістік үдерісте өнімді алу барысында оған химияны емес, табиғатта кездесетін табиғи өнімдерді қолданудың синонимі десек те болады.
Биотехнология — жарқын болашаққа бастар баспалдақ.
23
1. Мәтіндердің тақырыбын, қызметін, кұрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырыңыз.
2. «Биотехнологиялық жаңалықтарды таратудағы БАҚ-тың ықпалы» деген тақырыпта мақала жазу үшін мәтіндегі деректер мен ақпараттарды пайдаланып, күрделі жоспар құрыңыз.
I. Кіріспе бөлім
II. Негізгі бөлім
1.
2.
3.
ІІІ. Қорытынды бөлім
24
Бағалау критерийі № Дескриптор Балл
тапсырма Білім алушы
Түрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады 1 Мәтіндердің ұқсастықтарын табады; тақырып қызметі құрылымы тілдік ерекшеліктері 1 1 1 1
Мәтіндердің айырмашылықтарын салыстырады; тақырып қызметі құрылымы тілдік ерекшеліктері 1 1 1 1
Мәтінге күрделі жоспар құрастырады 2 мәтіндердегі деректер мен ақпараттарды қолданады; 1
кіріспе бөлімнің тақырыбын жазады; 1
негізгі бөлім абзацтарының тақырыптарын жазады: 1. 2. 3. 1 1 1

қорытындының тақырыбын жазады. 1
Барлығы 14
25
«Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары»
бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Түрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстырады Мәтіндердің ұқсастықтарын (тақырып, қызметі, құрылымы, тілдік ерекшеліктері) табуда, мәтіндердің айырмашылықтарын (тақырып, қызметі, құрылымы, тілдік ерекшеліктері) салыстыруда қиналады. □ Мәтіндердің ұқсастықтарын (тақырып, қызметі, құрылымы, тілдік ерекшеліктері) табуда, мәтіндердің айырмашылықтарын (тақырып, қызметі, құрылымы, тілдік ерекшеліктері) салыстыруда қателіктер жібереді. □ Мәтіндердің ұқсастықтарын (тақырып, қызметі, құрылымы, тілдік ерекшеліктері) табады. Мәтіндердің айырмашылықтарын (тақырып, қызметі, құрылымы, тілдік ерекшеліктері) салыстырады. □
Мәтінге күрделі жоспар құрастырады Мәтіндердегі деректер мен ақпараттарды қолданып, кіріспе, негізгі бөлім абзацтары (3) және қорытынды бөлімнің тақырыбын жазуда қиналады. □ Мәтіндердегі деректер мен ақпараттарды қолданып, кіріспе, негізгі бөлім абзацтары (3) және қорытынды бөлімнің тақырыбын жазуда қателіктер жібереді. □ Мәтіндердегі деректер мен ақпараттарды қолданады. Кіріспе, негізгі бөлім абзацтары (3) және қорытынды бөлімнің тақырыбын жазады. П
26
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.1.2.1 қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми
тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (мақала, интервью) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау
9.4.4.4 Аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану Бағалау критерийі Білім алушы
• Әртүрлі жанрдағы мәтіндердің мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың қызметін түсіндіреді
• Аралас құрмалас сөйлемдерді қолданады Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Бейбітшілікке, тыныш өмір сүруге ұмтылу — қазақ халқының қанына сіңген асыл
қасиеттерінің бірі екенін тарихтан белгілі. «Сырт көз — сыншы» деген ғой, арғы-бергі
заманда қазақ жерінде болған саяхатшылар, ғалымдар, елшілер қазақ ұлтының меймандос, сабырлы, момын, ешкімге жамандық, қаскөйлік жасамайтын ел екенін сүйсіне жазған. Тәуелсіздікке қол жеткен тұста да елбасымыздың және елдің бетке ұстар азаматтарының қажырлы, табанды еңбегінің арқасында біз осы асыл қасиетімізді тағы да бір дәлелдеп, оны әлемге паш ете білдік. Мәселен, сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Семей ядролық полигонын жабу еліміздің өмірінде ғана емес, әлемдегі айтулы оқиғаның бірі болды. Ядролық қару пайда болғалы ешбір ел ядролық полигонды өз еркімен жауып көрмеген болатын. Біздің еліміздің дүниежүзінде бірінші болып ядролық полигонды жабу жөніндегі осы қадамына БҰҰ мен дүниежүзілік қауымдастық үлкен баға берді. Дәл сол тұстан бастап әлем Қазақстанды бейбітсүйгіш ел екенін тани бастады.
ХХІ ғасырдың ең басты заңы — татулық. Бейбітшілік пен келісімсіз әлемнің құрдымға кетуін, табиғат анамыздың экологиялық проблемаларға ұшырау мүмкіндігін біздің еліміз бен елбасымыз өте жақсы біледі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жалпы әлемдегі мемлекеттердің мемлекет болып қалу кепілдігі «бейбітшілік пен келісімде» жатқанын тілге тиек етеді. Біз әлемге осылайша нұрымызды шаша береміз!
1. Мәтіннің мақсаты қандай? Кімдерге арналып жазылған?
2. Кестені толтырыңыз.
Көркемдегіш құралдар Мәтіннен мысал Қолданылу мақсаты
Эпитет
Метафора
Метонимия
3. «Татулық әлемді құтқарады» деген ойды дамытып айтуда аралас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.
27
Бағалау критерийі № Дескриптор Балл
тапсырма Білім алушы
Әртүрлі жанрдағы 1 мәтіннің мақсатын анықтайды; 1
мәтіндердің мақсатты аудиториясын көрсетеді; 1
аудиториясы мен 2 көркемдегіш құралдарды табады;
көркемдегіш құралдардың эпитет 1
қызметін түсіндіреді метафора 1
метонимия 1
көркемдегіш құралдар қолданысына
түсінік береді;
эпитет 1
метафора 1
метонимия 1
Аралас құрмалас 3 ойды дамытып айтады; 1
сөйлемдерді қолданады. аралас құрмалас сөйлемді қолданады. 1
Барлығы 10
28
«Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні_____________________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Әртүрлі жанрдағы мәтіндердің мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың қызметін түсіндіреді Аралас құрмалас сөйлемдерді қолданады. Мәтіннің мақсатын, аудиториясын анықтауда, көркемдегіш құралдарды (эпитет, метафора, метонимияны) тауып, қолданысына түсінік беруде, аралас құрмалас сөйлемді қолданып, ойды дамытып айтуда қиналады. П Мәтіннің мақсатын, аудиториясын анықтауда, көркемдегіш құралдарды (эпитет, метафора, метонимияны) тауып, қолданысына түсінік беруде, аралас құрмалас сөйлемді қолданып, ойды дамытып айтуда қателіктер жібереді. П Мәтіннің мақсатын, аудиториясын анықтайды. Көркемдегіш құралдарды (эпитет, метафора, метонимияны) тауып, қолданысына түсінік береді. Аралас құрмалас сөйлемді қолданып, ойды дамыта әңгімелейді. | |
29
«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.2.5.1 Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-
қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру
9.3.2.1 Мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Оқырман тұрғысынан мәтінге талқылау сұрақтарын құрастырады
• Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырады Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз.
Баламалы энергия көздері
Баламалы энергия көздерін іздеудің бүгінгі күні маңызы артып отыр. Бұл үдерістен Қазақстан да артта қалған жоқ. Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Біз энергияның баламалы түрлерін өндіруді дамытуға, Күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге тиіспіз»,- деген еді.
Қазіргі уақытта жел мен Күн сынды баламалы энергия көздерін пайдалану жоғары дәрежеде деп айту қиындау. Өйткені мамандардың есебі бойынша, елімізде жалпы жаңғыртылатын энергия көздерінің үлесі 1% екен. Бүгінде Қазақстанның жер қойнауы табиғи қазбаларға бай болғандықтан энергия тапшылығы айтарлықтай байқалмайды, дегенмен баламалы энергия көздері ол болашақтың қажеттілігі екені сөзсіз.
Қазақстанның климаттық жағдайы — күн қуатын пайдалануға қолайлы. Ғалымдардың айтуынша, елімізде күн энергиясын өндіру мүмкіндігі жылына 2,5 миллиард киловатт-сағат. Бұл отандық ғалымдарды жаңа жобаларды жасауға жетелеп отыр. Мәселен, күн сәулесін жинайтын арнайы тақталар. Толық автоматтандырылған аталмыш тақтайшалар ғимараттан шықпай-ақ, күн сәулесінің түсу бұрышын анықтап, оны компьютер арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Бұл арзан әрі қолайлы.
Бүгінде баламалы электр энергиясын өндіру озық әлемдік технологияларды енгізуге және энергетикалық тиімді бағдарламаларды іске асыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз, сондықтан баламалы энергия көздеріне қазірден бастап баса назар аударылуы тиіс.
1. Мәтін оқырманға қалай әсер етуі мүмкін? Оқырманға қандай ой тастайды деп ойлайсыз?
2. Оқырманның қарым-қатынасын анықтау үшін талқылау сұрақтарын құрастырыңыз. Берілген тірек сөздерді қолданыңыз._______________________________________________
Тірек сөздер Сұрақтар
… қалай ойлайсыз?
Неліктен … мәселе орын алды?
… келісесіз бе? Сіз бұған қалай қарайсыз?
30
3. Сүлеймен патша барлық жануарлардың тілін біліпті деген аңыз ежелден келеді. Бір күні патша барлық тіршілік иелерін жинап алып олардан адамдардың қандай зиян келтіріп жатқаны туралы сұрапты. Сонда барлық жан-жануарлар, өсімдіктер мен жәндіктер адам баласын тек мақтаған екен. Бұл Сүлеймен өмір сүрген дәуірде болған. Қазіргі кезде жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемі адамның табиғатқа тигізіп жатқан әсері туралы Сүлеймен патшаға не айтар еді деп ойлайсыз? Жауабыңызды төменде берілген тапсырмалардың бірін таңдау арқылы жазыңыз.
• Жануарлар әлемнің атынан хат жазыңыз.
• Өсімдіктер әлемінің атынан өтініш жазыңыз.
31
Бағалау критерийі № Дескриптор Балл
тапсырма Білім алушы
Оқырман тұрғысынан мәтінге талқылау сұрақтарын 1 мәтінде көтерілген мәселенің оқырманға әсерін анықтайды; 1
құрастырады 2 талқылау сұрақтарын құрастырады; 1. 2. 3. 1 1 1

Әртүрлі жанрда мәтіндер 3 рөлге енеді; 1
құрастырады оқырмандарды өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғауға ынталандырады; 1
мәтіннің жанрын сақтайды; 1
тақырыпты ашады. 1
Барлығы 8
32
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Оқырман тұрғысынан мәтінге талқылау сұрақтарын құрастырады Мәтінде көтерілген мәселенің оқырманға әсерін анықтауда, 3 талқылау сұрағын құрастыруда қиналады. □ Мәтінде көтерілген мәселенің оқырманға әсерін анықтауда, 3 талқылау сұрағын құрастыруда қателіктер жібереді. П Мәтінде көтерілген мәселенің оқырманға әсерін анықтайды. 3 талқылау сұрағын құрастырады. П
Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырады. Рөлге енуде, оқырмандарды өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғауға ынталандыруда, мәтіннің жанрын сақтауда, тақырыпты ашуда қиналады. П Рөлге енуде, оқырмандарды өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғауға ынталандыруда, мәтіннің жанрын сақтауда, тақырыпты ашуда қателіктер жібереді. Рөлге енеді. Оқырмандарды өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғауға ынталандырады. Мәтіннің жанрын сақтайды. Тақырыпты ашады. |—|
33

2 thoughts on “СОР ЖБ БЖБ Қазақ тілі 9 сынып

  1. Осындай сайттардың бар болғанына көп рахмет! Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *