СОР СОЧ ЖБ ТЖБ Жаратылыстану 1 сынып

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Жаратылыстану
1-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 1-сыныпта жиынтық бағалау 3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
Шартты белгілер
* әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды (мүмкіндігінше) кіріктіру ұсынылады.
** бағдарламадағы оқу мақсаттарының бір бөлігі қолданылады.
2
Мазмұны
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .. 5
«Жер және ғарыш бөлімі» бойынша жиынтық бағалау………………6
«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау……………10
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы…………..13
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 21
«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау……………22
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы…………..27
3
4
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
5
«Жер және ғарыш бөлімі»
(«Саяхат» ортақ тақырыбы аясында) бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше: 4.2 Ғарыш.
4.1 Жер.
4.3 Кеңістік және уақыт.
Оқу мақсаты: 1.4.2.3 Жекелеген ғарыштық денелерді атау және
сипаттау.
1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау.
1.4.3.2 Уақытты өлшеу құралдарын анықтау.
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі: Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы:
• Ғарыштық денені атайды және сипаттайды.
• Жердің пішінін және жасанды моделін табады.
• Уақытты өлшеу құралын көрсетеді.
Орындау уақыты: 10 минут
Тапсырма
1 .Суреттегі ғарыштық дененің атауын жазыңыз.
Бұл —
Суреттегі денені сипаттайтын сөз тіркестерін қоршап сызыңыз.
дөңгелек пішінді өзінен жарық шыгарады қатты дене шар тәріздес
6
Жердің пішініне ұқсас заттарды тауып, (^) белгілеңіз.
b) Жердің жасанды моделін тауып, (^) белгілеңіз.
Л’ ; ‘
~z
-тт|— “
40-
w ІЙГ
3. Уақытты өлшеу құралдары мен өлшем бірліктерін сәйкестендіріңіз.
сағат
ай
апта
күн
минут
7
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Ғарыштық денені атайды және сипаттайды. 1 ғарыштық дененің атауын жазады (Күн); 1
ғарыштық дененің пішінін анықтайды (шар тәріздес); 1
ғарыштық дененің қасиетін анықтайды (өзінен жарық шығарады); 1
Жердің пішінін және жасанды моделін табады. 2 доп бейнеленген суретті белгілейді; 1
глобус бейнеленген суретті белгілейді; 1
Уақытты өлшеу құралдарын көрсетеді. 3 сағатты «минут» өлшем бірлігімен сәйкестендіреді; 1
сағатты «сағат» өлшем бірлігімен сәйкестендіреді; 1
күнтізбені «күн» өлшем бірлігімен сәйкестендіреді; 1
күнтізбені«апта» өлшем бірлігімен сәйкестендіреді; 1
күнтізбені«ай» өлшем бірлігімен сәйкестендіреді. 1
Барлығы 10
8
«Жер және ғарыш бөлімі» (Саяхат ортақ тақырыбы аясында) бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:____________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Ғарыштық денені атайды және сипаттайды. Ғарыштық денені атауда және сипаттауда қиналады. □ Ғарыштық денені атауда / сипаттауда қателеседі. □ Ғарыштық денені дұрыс атайды және сипаттайды. □
Жердің пішінін және жасанды моделін табады. Жердің пішінін және жасанды моделін анықгауда қиналады. □ Жердің пішінін /жасанды моделін анықгауда қателік жібереді. □ Жердің пішінін және жасанды моделін дұрыс анықгайды. □
Уақытты өлшеу қүралдарын көрсетеді. Уақытты өлшеу қүралдарын және өлшем бірліктерін анықгауда қиналады. □ Уақытты өлшеу құралдарын (сағат / күнтізбе) өлшем бірліктерімен сәйкестендіруде қателіктер □ Уақытты өлшеу құралдарын және өлшем бірліктерін дұрыс анықгайды. □
«Табиғат физикасы» бөлімі («Дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы аясында) бойынша
жиынтық бағалау
Бөлімше:
Оқу мақсаты:
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Бағалау критерийі:
5.4 Жылу.
5.5 Электр.
5.6 Магниттілік.
1.5.4.1 Жылыту жабдықтары мен құрылғыларын анықтау.
1.5.5.1 Адамдардың күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру.
1.5.6.1 Магниттілік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау.
Білу және түсіну
Қолдану
Білім алушы
• Жылыту құрал-жабдықтарын көрсетеді.
• Электр қуатының маңызы туралы әңгімелейді.
• Магниттік қасиеті бар денелерді таңдайды.
Орындау уақыты:
15 минут
Тапсырма
1. Жылыту құралдарын ( белгілеңіз
2. Сұрақтарға жауап жазыңыз.
Үйде электр қуаты сөніп қалса, қандай жағдай болуы мүмкін?
1.
2.
10
3. Магниттік қасиеті бар екі дененің атауын жазыңыз:
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Жылыту құрал- жабдықтарын көрсетеді. 1 жылыту жабдығын белгілейді (алауошақ); 1
жылыту жабдығын белгілейді (жылытқыш); 1
Электр қуатының маңызы туралы әңгімелейді. 2 электр қуаты сөніп қалған жағдайға бір мысал келтіреді; 1
электр қуаты сөніп қалған жағдайға екінші мысал келтіреді; 1
Магниттік қасиеті бар денелерді таңдайды. 3 заттың атауын жазады (қасық); 1
заттың атауын жазады (қайшы); 1
Барлығы 6
11
«Табиғат физикасы» бөлімі («Дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы аясында) бойынша жиынтық бағалаудың
нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:
Бағалау
критерийі
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен
Орташа
Жоғары
Жылыту құрал-
жабдықтарын
көрсетеді.
Жылу беретін жабдықгарды анықтауда қиналады.
Жылу беретін жабдықгарды (жылытқыш / алауошақ) анықгауда қателеседі.
Жылу беретін жабдықгарды дұрыс анықтайды.
Электр қуатының маңызы туралы әңгімелейді.
Электр қуаты сөніп қалған
жағдайдың салдарына мысал
келтіруде қиналады.
Электр қуаты сөніп қалған жағдайдың салдарына келтірілген екі мысалдың біреуінен қателеседі.
Электр қуаты сөніп қалған
жағдайдың салдарын дұрыс
анықгайды.
Магниттік қасиеті бар денелерді таңдайды.
Магниттік қасиеті бар заттарды таңдауда қиналады.
Магниттік қасиеті бар заттарды таңдауда (қасық, қайшы) қателеседі.
Магниттік қасиеті бар заттарды дұрыстаі-ідайды.
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
13
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта «Жаратылыстану» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Жаратылыстану» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 — 4-сыныптар).
3. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы — 45 минут Балл саны — 20 балл
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп жауапты таңдауы бар және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 9 тапсырмадан тұрады.
Көп жауапты таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
14
Тапсырма

Бөлім
Бөлімше
Оқу мақсаты
Тапсырманың сипаттамасы
Тапсырма
саны
Жалпы
балл
5-6
4.2 Ғарыш
1.4.2.1 Астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау.
го
X
XI
о
к
л со
1® ш 9-
U- _Q
Sg і ш
CL Н
Ф Q-V- о
го
X
к
го
о
Білім алушылар көп жауапты таңдауы бар жабық түрдегі тапсырмаларды орындайды. Олар бір дүрыс жауапты таңдайды.__________________________
1.4.2.3 Жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау.____________
1.4.2.2 Ғарышты зерттеуге арналған қүрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау.________________
Білім алушылар қысқа жауапты қажет ететін ашық түрдегі тапсырмаларды орындайды.
4.1. Жер
1.4.1.1 Жердің пішінін оныңжасанды моделі негізінде анықгау.
Білім алушылар көп жауапты таңдауы бар жабық түрдегі тапсырмаларды орындайды. Олар бір дұрыс жауапты таңдайды.__________________________
4.3. Кеңістік және уақыт
1.4.3.1 Уақыттың маңыздылығын түсіндіру.
Білім алушылар толық жауапты қажет ететін ашық түрдегі тапсырмаларды орындайды.________________________
1.4.3.2 Уақытты өлшеу құралдарын анықгау
Білім алушылар көп жауапты таңдауы бар жабық түрдегі тапсырмаларды орындайды. Олар бір дұрыс жауапты таңдайды.__________________________
1
1
XI
о
го
п
■&
н
го
ю
го
т
XI
го
ф
I
(D
CL
5.4 Жылу
CL
о
. ю
О ф (D сг Ct CD
ГО
X
XI
о
к
го
15
ю
XI
Q.
XI
І!Г
ГО
1.5.4.1 Жылыту жабдықгары мен қүрылғыларын анықтау.
Білім алушылар қысқа жауапты қажет ететін ашық түрдегі тапсырмаларды орындайды.________________________
5.5 Электрлік
1.5.5.1 Адамдардың күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру.
5.6 Магниттілік
1.5.6.1 Магниттілік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау._____________________
Білім алушылар көп жауапты таңдауы бар жабық түрдегі тапсырмаларды орындайды. Олар бір дұрыс жауапты таңдайды.
4. Мысал үлгілері және балл қою кестесі
«Жаратылыстану» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Астрономия ғылымын сипаттайтын суретті анықтаңыз.
A) B) C) D)
[1]
2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Күн жүйесінде неше ғаламшар бар?__________________________________________
2. Сіз қандай ғаламшарларды білесіз? Екі ғаламшардың атауын жазыңыз.
[3]
3. Суретте бейнеленген ұшу аппараты қалай аталады? Жауабын жазыңыз.
[1]
4. а) Жер ғаламшарының пішінін анықтаңыз.
A)сопақ
B) жалпақ
C) шар тәріздес
D) төртбұрышты
[1]
Ь)Дұрыс жауабын таңдаңыз. Глобус — бұл ….
A) Жердің картасы
B) Жердің сызбасы
C)Жердің кестесі
D)Жердің жасанды моделі
[1]
16
б.Сурет бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Балалар қандай жағдайға тап болды?
[1]
Неліктен?
[1]
6. Уақытты өлшеу үшін не қолданылмайды?
A) таймер
B) күнтізбе
C) таразы
D) сағат
[1]
7. Жылу беретін құралды анықтаңыз. Оның нөмірін жазыңыз.
Құралдың нөмірі:__________________________________________________
Жылу беретін тағы қандай құралдар білесіз?
Жазыңыз.__________________________________________________________
[2]
8. Сұрақтың үш дұрыс жауабын таңдаңыз.
Электр қуатынсыз адамдар не істей алмайды?
A) Теледидар хабарларын көре алмайды.
B) Жағажайға барып демала алмайды.
C) Компьютермен жұмыс істей алмайды.
D) Тоңазытқышта тамақ сақтай алмайды.
E) Тауға саяхатқа шыға алмайды.
[3]
17
9. Магниттік қасиеті жоқ заттардың атауларын сызыңыз.
[5]
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 В 1
2 1) 8 ғаламшар 1
2) Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун 2 Кез келген екі ғаламшардың атауы қабылданады. Әр дұрыс жауапқа бір балл беріледі.
3 Байланыс спутнигі 1
4 а) C 1
b) D 1
5 Пойыздан кешікті/Балалар пойыздан кешігіп қалды. 1
Уақытқа қарамады/ билетке қарамады/ жолға шығатынын ұмытып кетті/шұғыл шаруасы болып қалды. 1 Суреттің мазмұнына қатысты кез келген дұрыс жауап қабылданады.
6 С 1

7 №5 1 Жылу беретін кез келген құралдың атауы қабылданады.
Пеш, алауошақ (камин) 1
8 А 1
C 1
D 1
9 Қарындаш 1
Өшіргіш 1
Дәптер 1
Бор 1
Мақта 1
Барлығы 20
18
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
19
20
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
21
«Табиғат физикасы» бөлімі («Тағам және сусындар» ортақ тақырыбы аясында) бойынша
жиынтық бағалау
Бөлімше:
Оқу мақсаты:
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Бағалау критерийі:
5.2 Жарық.
5.3 Дыбыс.
1.5.2.2 Жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату.
1.5.2.3 Жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау.
1.5.3.1 Дыбыстың таралуының ерекшеліктерін түсіндіру.
1.5.3.2 Дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату.
Білу және түсіну Қолдану
Білім алушы
• Табиғи және жасанды жарық көздерін таниды.
• Жасанды жарық көзін және оның қажеттілігін анықтайды.
• Дыбыстың таралу ерекшеліктерін сипаттайды.
• Табиғи және жасанды дыбыс көздерін ажыратады.
Орындау уақыты:
20 минут
Тапсырма
1.Табиғи жарық көзі бейнеленген суретті (^) белгілеңіз.
Жасанды жарық көзі бейнеленген суретті (^) белгілеңіз.
22
2. Суреттегі заттар мен сөз тіркестерін бағытпен сәйкестендіріңіз.
көшені жарықтандыру үшін
жұмыс орнын жарықтандыру үшін
3. Қай ұшақтың дыбысы қатты естіледі деп ойлайсыз?
Сөйлемді толықтырып жазыңыз: № _________ ұшақтың дыбысы қатты естіледі, себебі
ол _________________ұшып бара жатыр.
23
4. Аталған дыбыстар қай дыбыс көзіне жатады? Бағытпен сәйкестендіріңіз.
жасанды дыбыс көздері
құстың сайрауы қоңыраудың үні баланың күлкісі жаңбырдың сыбдыры балғаның дыбысы телефонның шылдыры
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Табиғи және жасанды жарық көздерін таниды. 1 табиғи жарық көзін белгілейді; 1
жасанды жарық көзін белгілейді; 1
Жасанды жарық көзін және оның қажеттілігін анықтайды. 2 көшені жарықтандыруға арналған жарық көзін анықтайды; 1
бөлмені жарықтандыруға арналған жарық көзін анықтайды; 1
жұмыс орнын жарықтандыруға арналған жарық көзін анықтайды; 1
Дыбыстың таралу ерекшеліктерін сипаттайды. 3 дыбысы қатты естілетін ұшақты анықтайды; 1
өз жауабын түсіндіреді; 1
Табиғи және жасанды дыбыс көздерін ажыратады. 4 құстың сайрауын табиғи дыбыс көзімен сәйкестендіреді; 1
қоңыраудың үнін жасанды дыбыс көзімен сәйкестендіреді; 1
баланың күлкісін табиғи дыбыс көзімен сәйкестендіреді; 1
жаңбырдың сыбдырын табиғи дыбыс көзімен сәйкестендіреді; 1
балғаның дыбысын жасанды дыбыс көзімен сәйкестендіреді; 1
телефонның шылдырын жасанды дыбыс көзімен сәйкестендіреді. 1
Барлығы 13
24
«Табиғат физикасы бөлімі» («Тағам және сусындар» ортақ тақырыбы аясында) бойынша жиынтық бағалаудың
нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:____________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Табиғи және жасанды жарық көздерін таниды. Табиғи және жасанды жарық көздерін анықтауда қиналады. □ Табиғи / жасанды жарық көздерін анықгауда қателеседі. □ Табиғи және жасанды жарық көздерін дұрыс таниды. □
Жасанды жарық көзін және оның қажеттілігін анықгайды. Жасанды жарық қүралдарын оларды қолдану мақсатымен сәйкестендіруде қиналады. □ Жасанды жарық құралдарын оларды қолдану мақсатымен сәйкестендіруде қателіктер жібереді. | 1 Жасанды жарық құралдарын оларды қолдану мақсатымен дұрыс сәйкестендіреді. □
Дыбыстың таралу ерекшеліктерін сипаттайды. Дыбыстың қасиеттерін анықгауда және оны түсіндіруде қиналады. | 1 Дыбыстың қасиеттерін анықгауда / түсіндіруде қателеседі. □ Дыбыстың қасиеттерін дұрыс анықтайды және түсіндіреді. □
Табиғи және жасанды дыбыс көздерін ажыратады. Табиғи және жасанды дыбыс көздерін жіктеуде қиналады. □ Табиғи /жасанды дыбыс көздерін жіктеуде қателіктер жібереді. □ Дыбысты табиғи және жасанды дыбыс көздеріне дұрыс жіктейді. | |
26
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
27
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта «Жаратылыстану» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Жаратылыстану» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 — 4-сыныптар).
3. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы — 45 минут Балл саны — 16 балл
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп жауапты таңдауы бар және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 6 тапсырмадан тұрады.
Көп жауапты таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
28
Тапсырма № Бөлім Бөлімше Оқу мақсаты Тапсырманың сипаттамасы Тапсырма саны Жалпы балл
1 «Табиғат физикасы» («Тағам және сусындар», «Дені саудың жаны сау» ортақ тақырыптары аясында) 5.2 Жарық 1.5.2.1 Жарық пен қараңғылықгы салыстыру. Білім алушылар қысқа жауапты қажет ететін ашық түрдегі тапсырмаларды орындайды. 1 1
2 1.5.2.2 Жарықгың табиғи және жасанды көздерін ажырату. Білім алушылар толық жауапты қажет ететін ашық түрдегі тапсырмаларды орындайды. 1 2
3 1.5.2.3Жасанды жарықгың қажеттілігін және оның көздерін анықгау. Білім алушылар қысқа жауапты қажет ететін ашық түрдегі тапсырмаларды орындайды. 1 2
4 5.3 Дыбыс 1.5.3.2 Дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату. 1 4
5 1.5.3.2 Дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату. Білім алушылар көп жауапты таңдауы бар жабық түрдегі тапсырмаларды орындайды. Олар бір дүрыс жауапты таңдайды. 1 4
6 1.5.3.1 Дыбыстың таралуының ерекшеліктерін түсіндіру. Білім алушылар қысқа жауапты қажет ететін ашық түрдегі тапсырмаларды орындайды. 1 3
4. Мысал үлгілері және балл қою кестесі
«Жаратылыстану» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Сөйлемді аяқтаңыз.
Қараңғылық дегеніміз ______________________________________болмауы.
[1]
2. Табиғи және жасанды жарық көздерінің суретін салыңыз.
Жасанды жарық көзі
Табиғи жарық көзі
3. Жарық туралы берілген сөйлемдерді аяқтаңыз.
Жарықты қолмен ұстау мүмкін емес. Оны__________
[2]
болады.
Жарық түспейтін жерде үнемі ,
болады.
[1]
[1]
4. Суретке мұқият қараңыз. Жасанды дыбыс көздерін қызыл қарындашпен, табиғи дыбыс көздерін көк қарындашпен қоршаңыз.
5. а) Екі табиғи дыбыс көздерін анықтаңыз.
A)домбыра
B) жаңбыр
C)боран
D) ысқырық
E) даңғыра
[4]
[2]
30
b) Екі жасанды дыбыс көздерін анықтаңыз.
A) телефон
B) күлкі
C) жаңбыр
D)қоңырау
E) жел
[2]
6. Дұрыс жауабын қоршаңыз.
1) Сағат вакуумның ішінде тұр. Ақиқат Жалған
2) Вакуумдағы сағаттың даусын естуге болады. Ақиқат Жалған
3) Вакуумдағы сағат шырылдауы мүмкін. Ақиқат Жалған
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Жарықтың 1
2 Жасанды жарық көзінің суретін салады 1
Табиғи жарық көзінің суретін салады 1
3 Көруге 1
Қараңғы 1
4 Адамдар 1 Ана/бала/анасы мен баласы деген жауаптар қабылданады және 1 балл қойылады.
Мысық 1
Теледидар 1
Шаңсорғыш 1
5а В 1
С 1
5b А 1
D 1
6 Ақиқат 1
Жалған 1
Ақиқат 1
Барлығы 16
31
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *