СОР СОЧ ЖБ ТЖБ Сауат ашу 1 сынып

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Сауат ашу
1-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Сауат ашу» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Сауат ашу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 1-сыныпта жиынтық бағалау 3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
Шартты белгілер
* әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды (мүмкіндігінше) кіріктіру ұсынылады.
** бағдарламадағы оқу мақсаттарының бір бөлігі қолданылады.
2
Мазмұны
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР……………….5
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау…………………….6
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау.9
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы…………………11
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР………………19
«Тағам және сусын» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау…………..20
«Дені саудың — жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау……..22
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы…………………25
3
4
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
5
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері:
Оқу мақсаты:
Тыңдалым және айтылым
1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде (кім? не?) туралы айтылғанын анықтау.
1.1.6.1 Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру
сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас
құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану.
1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау.
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Білу және түсіну Қолдану
Бағалау критерийі:
Білім алушы
• Тыңдалған мәтіннің кім/не туралы екенін анықтайды.
• Сипаттау/салыстыру сөздерін пайдаланып, әңгімелейді.
• Дыбыстарды түрлеріне қарай (дауысты және дауыссыз, жуан/жіңішке дауыстылар) дұрыс ажыратады.
Орындау уақыты:
25 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Біз қалада тұрамыз. Біздің қаламыз сәнді де сәулетті. Қаланың үйлері биік, көшелері кең. Көшелер жасыл желекке бөленген. Қаламыз өте таза. Қалада стадион, театр, саябақ бар. Мектептің қасында қаламыздағы ең үлкен кітапхана орналасқан. Қаланың тұрғындары өте қонақжай. Мен өз қаламды жақсы көремін.
1. Мәтінің не туралы екенін анықтап, ат қойыңыз.____________________
Сөйлемдерді оқыңыз. Сөйлемдердің ақиқат немесе жалған екендігін анықтаңыз. Жауабын қоршап сызыңыз.
Мектептің қасында үлкен саябақ орналасқан. Ақиқат Жалған
Қаланың тұрғындары қонақжай. Ақиқат Жалған
6
2. Өзіңіз тұратын жерді мәтінде сипатталған қаламен салыстырып, әңгімелеңіз.
3. Суреттегі заттардың атауын жазыңыз және сөздің дыбыстық сызбасын көрсетіңіз.
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Тыңдалған мәтіннің кім/не туралы екенін анықтайды. 1 мәтіннің тақырыбын анықтайды; 1
Мәтінге ат қояды; 1
мәтінге сәйкес ақиқат ақпаратты табады; 1
мәтінге сәйкес жалған ақпаратты табады; 1
Сипаттау/салыстыру сөздерін пайдаланып, әңгімелейді. 2 әңгімелеу барысында өзі тұратын жерді сипаттап айтады; 1
әңгімелеу барысында салыстыра сипаттап айтады; 1
Дыбыстарды түрлеріне қарай (дауысты және дауыссыз, жуан/ жіңішке дауыстылар) дұрыс ажыратады. 3 «кеме» сөзін жазады және дыбыстық сызбасын көрсетеді; 1
«зәкір» сөзін жазады және дыбыстық сызбасын көрсетеді. 1
Барлығы 8
7
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:,
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Тыңдалған мәтіннің кім/не туралы екенін анықтайды. Мәтінге тақырып қоюда және беріл ақпараттың ақи қат/жалғандығ анықтауда қиналады. ген ын Мәтінге тақырып қоюда/ берілген ақпараттың ақиқаттығын / жалғандығын анықтауда қателеседі. Мәтінге тақырыг қояды және бер ақпараттың ақиқат/жалғанды дүрыс анықтайд ілге >іғын ы н н
Сипаттау/салыстыру сөздерін пайдаланып, әңгімелейді. Сипаттап айт және салыст отырып әңгімеле қиналады. ■уда ыра іуде Сипаттап айтуда/ салыстыра отырып әңгімелеуде қателеседі. | 1 Сипаттай салыстыра оты дүрыс әңгімелейді. жән ры ю п,
Дыбыстарды түрлеріне қарай (дауысты және дауыссыз, жуан/жіңішке дауыстылар) дүрыс ажыратады. Сөздерді жазуда және сөздің дыбыстық сызбас көрсетуде қинала ын ды. Сөздерді жазудың/ сөздің дыбыстық сызбасының біреуін ғана орындайды □ Сөздерді д жазады дыбыстық сызб көрсетеді. ІҮРЬ жән >асы іс е н
8
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық
бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері:
Оқу мақсаты:
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Бағалау
критерийі:
Орындау уақыты:
Оқылым
Жазылым
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
1.3.5.1 Тақырыпқа байланысты керекті сөздер, сызбалар, суреттер, белгілерін қолдана отырып, жай сөйлемдер/мәтін құрастыру және жазу.
Білу және түсіну
Қолдану
Білім алушы
• Буынға бөліп немесе тұтас сөздермен түсініп оқиды.
• Тірек сөздердің/сызбалардың/суреттердің көмегімен сөйлем құрастырып жазады.
25 минут
Тапсырма
1. Ертегіні түсініп оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Аю, түлкі, қасқыр үшеуі жа-рыс-ты. Қор-баң-да-ған аю араның ұ-я-сын бұзып кетті. Аралар а-ю-ды талай бас-та-ды. Араға та-лан-ған аю тез жү-гір-ді.
О-сы-лай-ша аю бә-рі-нен о-зып кетті.
Ертегі не туралы? _________________________
Аюдың басқалардан озып кетуіне не себеп болды? ,
2. Суреттердің орнына тиісті сөзді қойып оқыңыз және сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.
Айдынның әкесі
Ол теңізге
шығады . Балаларына
туралы қызықты әңгімелер айтып береді.
9
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Буынға бөліп немесе тұтас сөздермен түсініп оқиды. 1 сөздерді буынға бөліп немесе тұтас сөздермен оқиды; 1
мәтіннің тақырыбын анықтайды; 1
мәтіндегі оқиғаның себебін анықтайды; 1
Тірек сөздердің/сызбалар дың/суреттердің көмегімен сөйлем құрастырып жазады. 2 тиісті сөзді жаза отырып, бірінші сөйлемді құрастырады; 1
тиісті сөзді жаза отырып, екінші сөйлемді құрастырады; 1
тиісті сөзді жаза отырып, үшінші сөйлемді құрастырады. 1
Барлығы 6
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:_________________________________________
Бағалау
критерийі
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен
Орташа
Жоғары
Буынға бөліп немесе тұтас сөздермен түсініп оқиды.
Мәтінді оқуда және сұрақтарға жауап беруде қиналады.
Мәтінді буынға бөліп немесе тұтас сөздермен оқуда / сұрақтарға жауап беруде қателеседі.
Мәтінді буындап немесе тұтас сөздермен дұрыс оқиды және
сұрақтарға жауап береді.
Тірек
сөздердің/сызбалардың/суреттердің көмегімен сөйлем құрастырып жазады.
Сөйлем
құрастыруда және жазуда қиналады.
Сөйлем құрастыруда / жазуда қателіктер жібереді.
Сөйлемдерді
дұрыс
құрастырып
жазады.
10
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
11
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмүнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмүнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта «Сауат ашу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмүны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Сауат ашу» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмүнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (1- сынып).
3. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы — 40 минут Оқылым -20 минут Жазылым -20 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Балл саны — 18 балл
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сүрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сүрақтар қолданылады.
Берілген нүсқа көп жауапты таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сүрақтарды қамтитын 6 тапсырмадан түрады.
Көп жауапты таңдауы бар сүрақтарда білім алушы үсынылған жауап нүсқаларынан дүрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сүрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екінші тапсырма оқылым дағдысын, үшіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
12
Тапсырма № Сөйлеу әрекетінің түрлері Ортақ тақырып Оқу мақсаты Тапсырманың сипаттамасы Тапсырма саны Жалпы балл
1-3 Тыңдалым және айтылым Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті. 1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім / не туралы айтылғанын анықтау. Білім алушылар берілген мәтінді тыңдайды және мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді. 3 5
4 Оқылым Саяхат. 1.3.10.1 Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырату және орынды қолдану. Білім алушылар оқыған мәтіннен заттың атын, сынын және қимылын білдіретін сөздерді анықтауға берілген 1 тапсырма орындайды. 1 8
5 1.2.4.1 Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату 2-тапсырмада берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздер тауып жазады. 1 2
6 Жазылым Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті. 1.3.10.2 Тәуелдік және жіктік жалғауларының қарапайым. формаларын қолдана алу (терминсіз). Білім алушылар тәуелдік жалғауларын дұрыс қолдануға берілген 1 тапсырма орындайды. 1 3
4. Мысал үлгілері және балл қою кестесі
«Сауат ашу» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
Ертегіні мұқият тыңдаңыз және тапсырмаларды орындаңыз.
Түлкі мен тырна
(Ертегі)
Ертеде түлкі мен тырна дос болыпты. Бір күні түлкі тырнаны қонаққа шақырып:
— Маған қонаққа кел, қымбаттым! Мен дәмді тамақ пісіріп қоямын, — дейді.
Тырна түлкіге қонаққа келеді. Түлкі оның алдына табаққа салынған ботқаны қойыпты да:
— Кел, қымбаттым, қысылма. Тамақ же, — депті.
Тырна ұзын тұмсығымен жалпақ ыдыстағы ботқаны жей алмапты.
Келесі күні тырна енді түлкіні қонаққа шақырыпты. Ол түлкіге арнап салқын көже дайындайды. Көжені мойны тар құмыраға құйып береді. Түлкі қанша әуреленсе де, құмырадағы тамақты жей алмайды. Түлкінің басы құмыраға сыймады. Ал тырна ұзын тұмсығымен өз тамағын өзі жей беріпті. Түлкі тамақ жей алмай, үйіне аш қайтады. Осылайша түлкі мен тырна достықтарынан ажырапты.
1. Ертегінің кейіпкерлерін жазыңыз_______________________________________________________
[1]
2. Тыңдаған ертегіге сәйкес суретті тауып, белгілеңіз.
А) В) С) D)
[1]
3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Ертегі неден басталды?
Ары қарай не болды?
Ертегі немен аяқталды?
[3]
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Түлкі, тырна 1
2 В) 1
3 Түлкі мен тырна дос болыпты / Ертеде түлкі мен тырна дос болыпты/ Түлкі мен тырнаның достығынан басталады 1 Ертегінің мазмұнына сәйкес кез келген дұрыс жауаптар қабылданады.
Бір күні түлкі тырнаны қонаққа шақырыпты/ Олар бір-бірін қонаққа шақырыпты. 1
Түлкі мен тырнаның достығы ажырапты/ Олардың достығы аяқталыпты. 1
Барлығы 5
Оқылым
1. Мәтінді оқыңыз.
Заттың атын білдіретін сөздердің астын бір сызықпен, сынын білдіретін сөздердің астын ирек сызықпен, қимылды білдіретін сөздердің астын екі сызықпен сызыңыз.
Асан екеуміз тоғайға бардық. Аласа бұталардың арасында сұр торғайлар ұшып жүр. Анадайдан тоқылдақтың дауысы естіледі. Тоғайдың іші көңілді екен.
2. Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздер тауып жазыңыз.
Көңілді -________________
Аласа — _________________
[10]
15
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Заттың атын білдіретін сөздер: — бала — торғайлар Заттың сынын білдіретін сөздер: — аласа — сұр — көңілді Заттың қимылын білдіретін сөздер: — бардық — ұшып жүр — естіледі. 1 1 1 1 1 1 1 1
Көңілсіз 1
Биік 1
Барлығы 10
Жазылым
1. Берілген сөздерді тиісті орынға жазыңыз.
Көйлегің, тақиясы, қамшым.
Менің
Сенің
Оның
[3]
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Менің қамшым 1
Сенің көйлегің 1
Оның тақиясы 1
Барлығы 3
16
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе
калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
17
18
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
19
«Тағам және сусын» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері:
Оқу мақсаты:
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Бағалау критерийі:
Тыңдалым және айтылым
1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту.
1.1.9.3 Сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау.
Білу және түсіну Қолдану
Білім алушы
• Сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастырады.
• Буындардан сөз құрастырады және сөздегі буын санын анықтайды.
Орындау уақыты:
25 минут
Тапсырма
1. Суреттерге мұқият қараңыз және оқиғаның ретіне қарай нөмірлеңіз. Әңгіме құрастырыңыз.
2. Берілген буындардан сөз құрастырып, кестеге жазыңыз. Сөздегі буын санын көрсетіңіз.
дақ
Үлгі: бүл-дір-ген — 3 буын
Сөз Буын саны

20
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастырады. 1 әңгіменің құрылымын анықтайды: басы, оқиғаның желісі, соңы; 1
жүйесін сақтай отырып, сурет бойынша әңгіме құрастырады; 1
Буындардан сөз құрастырады және сөздегі буын санын анықтайды. 2 буындардан сөз (екіден кем емес) құрастырады; 1
сөздегі буын санын анықтайды. 1
Барлығы 4
«Тағам және сусын» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:__________________________________________
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Бағалау
критерийі
Сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастырады.
Буындардан сөз құрастырады және сөздегі буын санын анықтайды.
Төмен
Әңгіменің құрылымын анықтауда және
сурет бойынша әңгіме құрастыруда қиналады.
Буындардан сөз құрастыруда және сөздегі буын санын анықтауда қиналады.
Орташа
Әңгіменің құрылымын анықтауда / сурет бойынша әңгіме
құрастыруда қателіктер жібереді.
Буындардан сөз құрастыруда /сөздегі буын санын анықтауда қателіктер жібереді.
Жоғары
Әңгіменің
құрылымын дұрыс анықтайды және сурет бойынша әңгіме
құрастырады.
Буындардан сөз құрастырады және сөздегі буын санын дұрыс анықтайды.
21
«Дені саудың — жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері:
Оқу мақсаты:
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Бағалау критерийі:
Орындау уақыты:
Оқылым
Жазылым
1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу
немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру.
1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
Білу және түсіну Қолдану
Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді және иллюстрация бойынша сұрақ қояды.
• Сөздерді каллиграфиялық талаптарды сақтай отырып, көркем және сауатты жазады.
25 минут
Тапсырма
1. Мәтінді түсініп оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Футбол
Балалар футбол ойнауға жиналды. Олар екі командаға бөлінді. Асқар қақпашы болды. Болат допты қақпаға қарай тепті. Асқар допты жылдам қағып алды. Балалар жақсы шыныққан және мықты. Футбол ойыны қыза түсті.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жазыңыз.
1) Мәтін не туралы? ________________________
2) Ойынға қандай балалар қатысты? ,
22
2. Сурет бойынша екі сұрақ құрастырып, көркем етіп жазыңыз.
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді және иллюстрация бойынша сұрақ қояды. 1 мәтіннің тақырыбын анықтайды; 1
мәтінге қатысты ақпаратты анықтайды; 1
сурет бойынша бір сұрақ құрастырады; 1
сурет бойынша екінші сұрақ құрастырады; 1
Сөздерді каллиграфиялық ережелерді сақтай отырып, көркем және сауатты жазады. 2 әріптердің байланысын сақтап, көркем жазады; 1
сөйлемдерді сауатты жазады. 1
Барлығы 6
23
«Дені саудың — жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:__________________________________________
Бағалау критерийі
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен
Орташа
Жоғары
Мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді және иллюстрация бойынша сұрақ қояды.
Мәтіннің тақырыбын және мәтінге қатысты ақпаратты анықтауда қиналады.
Мәтіннің тақырыбын / мәтінге қатысты ақпаратты анықтауда қателеседі.
Мәтіннің
тақырыбын және мәтінге қатысты ақпаратты дұрыс анықтайды.
Сурет бойынша сұрақ құрастыруда қиналады.
Сурет бойынша бір ғана сұрақ құрастырады.
Сурет бойынша сұрақтарды дұрыс құрастырады.
Сөздерді каллиграфиялық ережелерді сақтай отырып, көркем және сауатты жазады.
Әріптердің байланысын сақтап жазуда және сөздерді сауатты /көркем жазуда қиналады.
Әріптердің байланысын сақтап, жазуда / сауатты / көркем жазуда қателіктер жібереді.
Әріптердің байланысын сақтай отырып, сауатты және көркем жазады.
24
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
25
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта «Сауат ашу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Сауат ашу» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (1- сынып).
3. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы — 40 минут Оқылым -20 минут Жазылым -20 минут
Тыңдалым және айтылым бөлек тексеріледі.
Балл саны — 12 балл
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп жауапты таңдауы бар сұрақтарды, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады.
Көп жауапты таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екінші тапсырма оқылым, үшіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
26
Тапсырма № Сөйлеу әрекетінің түрлері Ортақ тақырып Оқу мақсаты Тапсырманың сипаттамасы Тапсырма саны Жалпы балл
1-2 Тыңдалым және айтылым. Тағам және сусын. 1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (үнайды/ үнамайды). Білім алушылар мәтінді тыңдайды, сұрақгарға жауап береді және тыңдалған мәтінге қатысты пікірін айтады. 2 3
3-4 Оқылым. Тәні саудың-жаны сау. 1.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған мәтіннің тақырыбын, басын, ортасын және соңын анықгау. 1.2.2.1 Мәтінде автордың кім (не) туралы айтқысы келгенін түсіну. 1.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен әңгімелеу мәтінін/ ерекшелігіне қарай мәтін жанрын (өлең, әңгіме, ертегі)/ стилін (көркем және бейкөркем) ажырату. Білім алушылар мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықгайды. Оқыған мәтіннің тақырыбын және жанрын анықгайды. 2 6
5 Жазылым. Тәні саудың-жаны сау. 1.3.9.3 Бас әріппен жазылатын сөздерді (кісі аттары, жер-су атаулары, үй жануарларына берілген атауларды) анықгау. Білім алушылар берілген сөздерден сөйлем құрастырып жазады. 1 3
4. Мысал үлгілері және балл қою кестесі
«Сауат ашу» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
Мәтінді мұқият тыңдаңыз және берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Бір күні бақшадағы көкөністер өздерінің адамға тигізетін пайдасы туралы дауласып қалыпты. Дауды қияр бастапты.
— Адамға бәрінен мен пайдалымын. Мен тез өсемін. Бәріңнен бұрын пісемін. Адам мені көп пайдаланады, — деп мақтаныпты ол.
— Жоқ, бәрінен де мен пайдалымын. Менің ақ түсімнен адамдар қант алады, қызыл түсім нәр береді. Ешқандай зияным жоқ, — деп сөзге қызылша араласыпты.
— Ал менің шырыным өте пайдалы. Ол адамдарға күш береді, — депті сәбіз.
Бұл әңгімеге бақшадағы басқа көкөністер де қосылыпты. Олар бірін-бірі жеңе алмай ұзақ дауласып, ақырында адамның өзінен сұрауды жөн көріпті.
1. Дауға қандай көкөністер қатысты?
A) қияр, қызанақ, сәбіз
B) қызылша, картоп, қияр
C) қияр, қызылша, сәбіз
D) сәбіз, қызылша, пияз.
[1] 2. Сұрақтарға жауап беріңіз:
• Көкөністер не туралы дауласты?
• Сіз қай көкөніс пайдалы деп ойлайсыз?
[2]
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 С) 1
2 Өздерінің пайдасы туралы/Өздерінің адамға тигізетін пайдасы туралы дауласты. 1
Көкөністер пайдалы/Әр көкөністің өзіндік пайдасы бар. 1 Мәтінге қатысты кез келген дұрыс жауап қабылданады.
Барлығы 3
28
Оқылым
1. Мәтінді оқыңыз. Мәтіннің бөліктерін сызыңыз. анықтаңыз және байланыстырып
Екеуі бұлақтың басына келіп отырды. Су ішті. Дәмі ерекше екен. Бұлақ басына басқа балалар да келді. Олар да бұлақтан су ішті. Судың дәмі туралы әр түрлі пікірлер айтты. басы
Жазғы демалыста балалар тауға саяхатқа шықты. Қайрат пен Мұқан алға қарай озып кетті. Олар тау етегінде ағып жатқан мөлдір бұлақты көрді. ортасы
Мұғалім де бұл судың пайдасы туралы айтып берді. Бұл асқазан ауруларын емдейтін шипалы су болып шықты. соңы [3]
2. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар
Мәтінге ат қойыңыз. Бұлақтың суы қандай екен? Мәтіннің жанрын анықтаңыз. [3]
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Мәтіннің құрылымын анықтайды- басы 1
Мәтіннің құрылымын анықтайды- оқиғаның өрбуі (ортасы) 1
Мәтіннің құрылымын анықтайды- соңы 1
2 Мәтіннің тақырыбын анықтайды; 1
Мәтін бойынша сұраққа жауап береді; 1
Мәтіннің жанрын анықтайды. 1
Барлығы 6
29
Жазылым
1. Суреттің орнына тиісті сөзді қойып, үш сөйлем құрастырып жазыңыз.
Мараттың, деген, , бар, Ақтөс
[3]
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Білім алушылар сөйлемді және жалқы есімдерді бас әріптермен жазады. 1-сөйлем: Мараттың Ақтөс деген күшігі бар.
2-сөйлем: Ақтөс -өте сүйкімді күшік. 1
3-сөйлем: Марат күшігін жақсы көреді. 1
Барлығы 3
30
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

One thought on “СОР СОЧ ЖБ ТЖБ Сауат ашу 1 сынып

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *