СОР СОЧ ЖБ ТЖБ Музыка 1 сынып

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Музыка
1-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Музыка» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Музыка» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 1-сыныпта жиынтық бағалау 3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
Шартты белгілер
* әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды (мүмкіндігінше) кіріктіру ұсынылады.
** бағдарламадағы оқу мақсаттарының бір бөлігі қолданылады.
2
Мазмұны
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР………………..5
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау……………………..6
«Дәстүр және фольклор» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау…………8
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы………………….11
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР……………….17
«Тағам және сусындар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау…………18
«Дені саудың-жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау………..21
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы………………….25
3
4
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
5
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты: 1.1.3.1 Жоғарғы, орта, төменгі регистр, темп,
динамика (f, p), қысқа, ұзақ дыбыстар, соль және ми ноталарының биіктігін естіп анықтау.
1.3.1.1 Өз шығармашылық жұмысын көрсете білу.
Білу және түсіну Қолдану
Білім алушы
• Ми және соль ноталарының дыбысталуын анықтайды.
• Өз шығармашылық жұмысын таныстырады. Орындау уақыты: 15 минут
Тапсырма
1. Берілген әуенді тыңдап, ми және соль ноталарының биіктігін анықтаңыз.
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Бағалау критерийі:
2. Шағын топтықжұмыс. Берілген өлеңнің бір шумағын таңдап алыңыздар. Ми және соль ноталары арқылы әуен шығарыңыздар және орындаңыздар.
Жүрдек пойыз көңілді Асулардан асады. Әнге бөлеп өңірді Әуеніне басады.
Жел естіріп алдыдан Зымырайды, зырлайды. Ақша бұлттар қалғыған Әсем әнін тыңдайды
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Ми және соль ноталарының дыбысталуын анықтайды. 1 ми нотасының дыбысталуын анықтайды; 1
соль нотасының дыбысталуын анықтайды; 1
Өз шығармашылық жұмысын таныстырады. 2 ми және соль ноталары арқылы әуен құрастырады; 1
шығармашылық жұмысын орындайды. 1
Барлығы 4
6
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:______________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Ми және соль ноталарының дыбысталуын анықгайды. Ми және соль ноталарының дыбысталуын анықгауда қиналады. Ми / соль ноталарының дыбысталуын анықгауда қателеседі. Ми және соль ноталарының дыбысталуын дұрыс анықгайды.
Өз шығармашылық жүмысын таныстырады. Әуен қүрастыруда және шығармашылық жұмысын орындауда қиналады. Әуен құрастыруда / шығармашылық жұмысын орындауда қателіктер жібереді. Әуен құрастырады және шығармашылық жұмысын орындайды.
«Дәстүр және фольклор» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты:
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Бағалау критерийі:
Орындау уақыты:
1.1.3.2 Қазақ халқының және басқа халықтардың музыкалық аспаптарының дыбыс бояуын және дауыс бояуын ажырату.
1.1.2.2 Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және қазақ халық аспаптарында ойнау.
1.1.2.1 Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау.
Білу және түсіну
Қолдану
Білім алушы
• Музыкалық аспаптардың дыбыс бояуын анықтайды.
• Ұрмалы музыкалық аспаптарда қарапайым ырғақтық суреттемені орындайды.
• Әнді аспаптың сүйемелдеуімен орындайды.
15 минут
Тапсырма
1. Оркестрдің орындауындағы С. Бәйтерековтың «Кішкентай» күйін тыңдаңыз. https://www.youtube.com/watch?v=W26ocFfDoJ8
Төмендегі суреттен күйде ойналған музыкалық аспаптарды тауып, белгілеңіз.
2. Шағын топтықжұмыс. Берілген ырғақтық суреттемені ұрмалы аспапта
орындап көрсетіңіздер.
1-топ
2-топ
3-топ
өТШТТХПТТіТТ ®лли ли J IJ * ®лли J ілли J
I
77ТТТГТТЛГЛШ
лли ЛІЛЛи I
лли і ілли і
8
3. Сыныппен жұмыс. «Бесік жыры» халық әнін орындаңыздар.
Әй-әй, бөпем, әй бөпем.
Ән айтайын, бал бөпем.
Ән тыңдағың келсе егер,
Және айтайын, жан көкем.
Бөпем менің ай ма екен?
Шекер ме екен, бал ма екен? Ойнақтап бір бәйгеден Озып келер тай ма екен?!
Тас бұлақтар тауда екен,
Жас құрақтар сайда екен. Көлбең-көлбең ұшатын Көбелектер қайда екен?
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Музыкалық аспаптардың дыбыс бояуын анықтайды. 1 сазсырнай аспабының дыбысын анықтайды; 1
үшбұрыш аспабының дыбысын анықтайды; 1
домбыра аспабының дыбысын анықтайды; 1
Ұрмалы музыкалық аспаптарда қарапайым ырғақтық суреттемені орындайды. 2 ырғақтық суреттемені орындау барысында сегіздік нотаның ұзақтығын дұрыс сақтайды; 1
ырғақтық суреттемені орындау барысында төрттік нотаның ұзақтығын дұрыс сақтайды; 1
ырғақтық суреттемені орындау барысында паузаны дұрыс сақтайды; 1
ырғақтық суреттемені ұрмалы аспаппен дұрыс орындайды. 1
Әнді аспаптың сүйемелдеуімен орындайды. 3 әннің әуенін сақтап орындайды; 1
әннің ырғағын сақтап орындайды. 1
Барлығы 9
9
«Дәстүр және фолькпор» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:____________________________________
Бағалау Оқу жетістіктерінің деңгейі
критерийі Төмен Орта Жоғары
Музыкалық Музыкалық аспаптардың Сазсырнайдың / үшбұрыштың / Музыкалық
аспаптардың дыбыс дыбыс бояуын анықгауда домбыраның дыбыс бояуын анықтауда аспаптардың дыбыс
бояуын анықтайды. қиналады. қателіктер жібереді. бояуын дұрыс анықтайды.
¥рмалы музыкалық ¥рмалы музыкалық ¥рмалы музыкалық аспаппен ырғақтық ¥рмалы музыкалық
аспаптарда аспаппен ырғақгық суреттемені орындауда, төрттік / аспаппен ырғақгық
қарапаиым ырғақтық суреттемені орындауда сегіздік ноталардың ұзақтығын / суреттемені дұрыс
суреттемені орындайды. қиналады. паузаны сақтауда қателіктер жібереді. орындаиды.
Әнді аспаптың Әннің әуені мен ырғағын Әннің әуенін / ырғағын сақгап Әннің әуені мен
сүйемелдеуімен сақтап орындауда орындауда қателіктер жібереді. ырғағын сақтап
орындаиды. қиналады. орындаиды.
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
11
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта «Музыка» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Музыка» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1-4-сыныптар)
3. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы — 40 минут Балл саны — 15 балл
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа / толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 6 тапсырмадан тұрады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
12
Тапсырма № Ортақ тақырып Оқу мақсаты Тапсырманың сипаттамасы Тапсырма саны Жалпы балл
1 Саяхат. 1.1.3.1 Жоғарғы, орта, төменгі регистр, темп, динамика (f, р), қысқа, ұзақ дыбыстар, соль және ми ноталарының биіктігін естіп анықтау. Білім алушылар қысқа жауапты қажет ететін 4 ашық тапсырма орындайды. 4 11
2 Дәстүр және фольклор. 1.1.2.1 Әндерді музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау. Білім алушылар музыкалық репертуарды орындайды. 2 4
4. Мысал үлгілері және балл қою кестеа
«Музыка» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Белгілерді оларды сипаттайтын сөзбен сәйкестендіріңіз.
f Ақырын
Р
Қатты
[2]
2. Нотаның ұзақтығын анықтаңыз және жазыңыз.
а)
J
в)
П
[2]
3. Берілген музыкалық аспаптар қай регистрге жатады? Музыкалық аспапты сәйкес регистрімен байланыстырып сызыңыз.
[3]
14
4. Нота сызығына ми және соль ноталарын жазыңыз. Оларды сәйкес
түстермен бояңыз.
[4]
5. Әнді ырғағы мен екпінін сақтай отырып, орындаңыз.
[2]
6. Музыкалық шулы және ұрмалы аспаптарды қолдана отырып, әнге сүйемелдеу жасаңыз.
[2]
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 f -қатты 1
р- ақырын 1
2 а) төрттік нота 1
в) сегіздік нота 1
3 Сазсырнай — жоғары регистр 1
Дауылпаз — төмен регистр 1
Домбыра — ортаңғы регистр 1
4 Ми нотасы — нота сызығының бірінші сызығында орналасады. 1
Соль нотасы — нота сызығының екінші сызығында орналасады. 1
Ми нотасы — сары түспен боялады. 1
Соль нотасы — көгілдір түспен боялады. 1
5 Әннің ырғағын сақтайды. 1 Білім алушыларға 5-6- бөлімдерде үйренген әндерді ұсынуға болады. Мысалы: • «Тұлпарым» әні. Сөзі мен музыкасы Б.Бейсенованікі; • «Көңілді паровоз» әні. Музыкасы А. Танидікі, сөзі А. Естеновтікі; • «Бесік жыры» халық әні; • «Бауырсақ» әні. Музыкасы Ә. Бейсеуовтікі, сөзі Н. Арынованікі.
Әннің екпінің сақтайды. 1
6 Әнді музыкалық шулы аспаптармен сүйемелдей отырып, ырғағын сақтап 1 Бұл тапмырманы орындау үшін мұғалім оқушыларға музыкалық-шулы және ұрмалы
15
орындайды. аспаптарды ұсынуы қажет. Мысалы: тоқылдақ, асатаяқ, дауылпаз, қоңырау, үшбұрыш, барабан, бубен, маракас, металлофон, ксилофон, ағаш қасықтар, кастаньеттер, қоңырау және т.б.
Әнді музыкалық шулы аспаптармен сүйемелдей отырып, екпінін сақтап орындайды. 1
Барлығы 15
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
16
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
17
«Тағам және сусындар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары: 1.1.1.1 Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл
күйін, ырғақ, екпінін, динамикасын анықтау.
1.1.2.2 Қарапайым ырғақтық суреттемелерді шулы музыкалық және қазақ халық аспаптарында ойнау.
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі: Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
• Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл күйін, екпінін және динамикасын анықтайды.
• Ұрмалы музыкалық аспаптарда қарапайым ырғақтық суреттемені орындайды.
Орындау уақыты: 15 минут
1. И. Дунаевскийдің «Выходной марш» музыкалық шығармасын тыңдаңыз. Шығарманың көңіл күйін, екпінін және динамикасын анықтаңыз. http://musico.cc/?string=Дунаевский+Выходной+марш+(Uирк)
Тыңдалған шығармаға сәйкес музыкалық терминдерді (^) белгілеңіз.
Көңіл күйі:
— көңілді
— көңілсіз
Екпіні:
— жылдам
— баяу
Динамикасы:
— форте
— пиано
2. Шағын топтықжұмыс. Ұрмалы музыкалық аспаптарды қолдана отырып, берілген ырғақтық суреттемелерді орындаңыз.
18
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл күйін, екпінін және динамикасын анықтайды. 1 тыңдалған шығарманың көңіл күйін анықтайды; 1
тыңдалған шығарманың екпінін анықтайды; 1
тыңдалған шығарманың динамикасын анықтайды; 1
Ұрмалы музыкалық аспаптарда қарапайым ырғақтық суреттемені орындайды. 2 ырғақтық суреттемені орындау барысында сегіздік нотаның ұзақтығын сақтайды; 1
ырғақтық суреттемені орындау барысында төрттік нотаның ұзақтығын сақтайды. 1
Барлығы 5
19
«Тағам және сусындар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:
Бағалау
критерийі
Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Тыңцалған музыкалық шығарманың көңіл күйін, екпінін және динамикасын анықтайды.
Тыңдалған шығарманың көңіл күйін, екпінін және динамикасын анықгауда қиналады.
Тыңдалған шығарманың көңіл күйін / екпінін / динамикасын анықтауда қателеседі.
Тыңдалған шығарманың
көңіл күйін, екпінін және динамикасын дұрыс
анықтайды.
¥рмалы музыкалық аспаптарды қолдана отырып, ырғақтық суреттемені орындайды.
Ырғақтық суреттемені сегіздік және төрттік ноталардың ұзақтықтарын сақтай отырып, орындауда қиналады.
Ырғақтық суреттемені
орындау барысында сегіздік / төрттік ноталардың
ұзақтықгарын сақгауда
қателеседі.
Ырғақтық суреттемені
сегіздік және төрттік ноталардың ұзақтықтарын сақтай отырып, дұрыс орындайды.
«Дені саудың-жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаттары: 1.2.2.1 Дауысты және музыкалық аспаптарды
қолдану арқылы музыкалық фразалар (1-2 такт) шығару.
1.3.1.1 Өз шығармашылық жұмысын көрсете білу.
Қолдану Білім алушы
• Шулы және ұрмалы музыкалық аспаптарды қолдана отырып, әуен (1-2 такт) құрастырады.
• Өз шығармашылық жұмысын таныстырады.
Орындау уақыты: 15 минут
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Бағалау критерийі:
Шағын топтық жұмыс. Берілген өлең шумақтарының біреуін таңдап алыңыздар. Шулы және ұрмалы музыкалық аспаптарды қолданып, әуен шығарыңыздар. Шығарған әуеніңізді орындап көрсетіңіздер.
Қайырымды дәрігер Айболит! Отыр талдың түбінде. Емделуге келеді Сиыр, қасқыр, түлкі де,
Қоңыз бен құрт, аю да,
Тіпті бар ғой кірпі де!
Бәрін емдеп жазады Қайырымды дәрігер Айболит!
Айболитке түлкі келді:
«Ой, мені маса шағып алды!» Айболитке ит те келді:
«Мені қораз шоқып алды!»
Қасқыр келді қалтырап, Енді оған сал құлақ.. «Міне, келді жеделхат Гиппопотам досымнан!» «Тез келе көр, дәрігер, Африкада әбігер. Балалар қалды ауырып, Сен оларға дәрі бер!»
Қоян кетті секіріп,
Би билейді қуанып.
Күліп жүріп айтады: «Мың рақмет, Айболит!»
21
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Шулы және ұрмалы музыкалық аспаптарды қолдана отырып, әуен (1-2 такт) құрастырады. 1 әуенді шығарады; 1
әуенді орындау үшін шулы және ұрмалы музыкалық аспаптарды қолданады; 1
Өз шығармашылық жұмысын таныстырады. өз шығармашылық жұмысын дауыспен орындайды; 1
өз шығармашылық жұмысын музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындайды. 1
Барлығы 4
22
«Дені саудың-жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Шулы және ұрмалы музыкалық аспаптарды қолдана отырып, әуен (1-2 такт) құрастырады. Әуен шығаруда, шулы және ұрмалы музыкалық аспаптарды қолдануда қиналады. □ Әуен шығаруда / шулы және ұрмалы музыкалық аспаптарды қолдануда қателіктер жібереді. □ Әуенді дұрыс шығарады және шулы / ұрмалы музыкалық аспаптарды қолданады. □
Өз шығармашылық жұмысын таныстырады. Өз шығармашылықжұмысын орындауда қиналады. □ Өз шығармашылықжұмысын дауыспен / музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындауда қателіктер жібереді. |—| Өз шығармашылықжұмысын дұрыс орындайды. □
24
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
25
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта «Музыка» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Музыка» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1-4-сыныптар).
3. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы — 40 минут Балл саны — 15 балл
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа / толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Көп жауапты таңдауы бар сұрақтарға білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
26
Тапсырма № Ортақ тақырып Оқу мақсаты Тапсырманың сипаттамасы Тапсырма саны Жалпы балл
1 Тағам және сусындар. 1.1.1.2 Таныс дыбыстары мен музыканы тыңдау барысында анықтау және сипаттау. Білім алушылар көп жауапты таңдауы бар жабық түрдегі 2 тапсырманы орындайды. 2 2
1.1.3.1 Жоғарғы, орта, төменгі регистр, темп, динамика (f, р), қысқа, ұзақ дыбыстар, соль және ми ноталарының биіктігін естіп анықтау. Білім алушылар қысқа жауапты қажет ететін ашық түрдегі 4 тапсырманы орындайды. 4 10
2 Дені саудың -жаны сау. 1.2.2.1 Дауыстыжәне музыкалық аспаптарды қолдану арқылы музыкалық фразалар (1-2 такт) шығару. Соль және ми ноталарын қолданып музыкалық фраза шығарады, музыкалық фразаны қол белгілерін көрсете отырып, орындайды. 2 3
4. Мысал үлгілері және балл қою кестесі
«Музыка» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. «Марш деревянных солдатиков» (Ағаш сарбаздар маршы) музыкалық шығармасын жазған кім?
A) М.И. Глинка
B) П. И. Чайковский
C) В.А.Моцарт
D) И.О.Дунаевский
[1]
2. Берілген өлең шумақтары қай әннен алынған?
«Шие ойнап органда,
Концерт берді орманда»
A) «Жемістер маршы»
B) «Қайтала»
C) «Жемістер концерті»
D) «Шаңырақ»
[1]
3. Берілген белгі қалай аталады? Атауын жазыңыз.
£ [1]
4. Суреттерге мұқият қараңыз. Кейіпкерлердің регистрлерін анықтаңыз және кестеге жазыңыз.
Жоғары
Ортаңғы
Төмен
[3]
28
5. Берілген аспаптарды екі топқа бөліп жазыңыз.
Асатаяқ
Үшбұрыш
Л!»
Маракас
Дауылпаз
Шулы аспаптар Ұрмалы аспаптар

[4]
6. Ми және соль ноталарынан құралған әуенді тыңдаңыз (ми-соль-соль-ми-ми-соль). Дөңгелек белгілерді (фишка) қолданып, әуенді нота сызығына орналастырыңыз.
[2]
7. Соль және ми ноталарын қолданып, өз әуеніңізді шығарыңыз. Нота сызығына орналастырыңыз.
8. Өзіңіз шығарған әуенді қол белгілерімен көрсете отырып, орындаңыз.
[1]
29
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 В) П.И.Чайковский 1
2 С) «Жемістер концерті» 1
3 пауза 1
4 Жоғары регистр — түйе 1
Ортаңғы регистр — мысық 1
Төмен регистр — тышқан 1
5 Шулы аспаптар — асатаяқ 1
Шулы аспаптар — маракас 1
Ұрмалы аспаптар — үшбұрыш 1
Ұрмалы аспаптар — дауылпаз 1
6 Нота сызығына ми нотасын дұрыс орналастырады. 1 Әуеннің нота сызығында дұрыс орналасу нұсқасы
Нота сызығына соль нотасын дұрыс орналастырады. 1 Л
л¥
(ф « — — • Г-

7 Өз әуенін шығарады. 1
Өз әуенін ми және соль ноталары арқылы нота сызығына орналастырады. 1
8 Өз әуенін қол белгілерін көрсете отырып, орындайды. 1
Барлығы 15
30
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *