СОР СОЧ ЖБ ТЖБ Көркем еңбек 1 сынып

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Көркем еңбек
1-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Көркем еңбек» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Көркем еңбек» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 1-сыныпта жиынтық бағалау 3 және 4-
тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
Шартты белгілер
* әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды (мүмкіндігінше) кіріктіру ұсынылады.
** бағдарламадағы оқу мақсаттарының бір бөлігі қолданылады.
2
Мазмұны
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .. 5
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау…………………6
«Салт-дәстүр және фольклор» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 9
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы……………..13
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 19
«Көкөністер мен жемістер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 20
«Дені саудың — жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау….22
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы……………..25
3
4
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
5
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты:
1.1.3.1 Нақты материалдар мен техникалардың негізінде өз идеялары мен сезімдерін шығармашылық деңгейде ұсыну.
1.2.2.1. Қарапайым әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, материалдарды (көркемдік, табиғи және жасанды) және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу.
Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі:
Бағалау критерийі:
Білім алушы
• Өз идеясын/сезімін нақты материалдар мен техникалар арқылы көрсетеді.
• Құралдар мен материалдард арқылы эксперимент өткізеді.
Орындау уақыты: Тапсырма
15 минут
1. Берілген геометриялық фигуралардан қайық құрастырыңыз. Суретті қосымша элементтермен толықтырып, түсті қарындаштармен бояңыз.
6
2. Эксперимент жүргізіңіз.
1) Суреттің контурын балауыз қарындаштармен бастырып сызыңыз.
2) Суретті акварель бояумен бояңыз.
Эксперимент жүргізу барысында не байқадыңыз? Дұрыс жауабын таңдаңыз.
Егер балауыз қарындаштардың үстінен акварель бояуын жақса, онда бояулар:
A) араласады
B)араласпайды
C) бөгеді
D) түсін өзгертеді
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Өз идеясын/сезімін нақты материалдар мен техникалар арқылы көрсетеді. 1 қайықтың корпусының (астыңғы бөлігі) пішінін таңдайды; 1
қайықтың иллюминаторын (дөңгелек терезесін) таңдайды; 1
желкенін таңдайды; 1
жалаушасының пішінін таңдайды; 1
композицияны қосымша элементтермен толықтырып, аяқтайды; 1
Құралдар мен материалдард арқылы эксперимент өткізеді. 2 суреттің контурын балауыз қарындаштармен ұқыпты бастырып сызады; 1
суретті акварель бояуларымен бояйды; 1
эсперименттің қорытындысын дұрыс тұжырымдайды. 1
Барлығы 8
7
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:,
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Өз идеясын/сезімін нақты материалдар мен техникалар арқылы көрсетеді. Өз идеясын көрсетуде қиналады. □ Қайықты құрастыруда /композицияны аяқтауда қателіктер жібереді. □ Өз идеясын дұрыс көрсетеді. □
Құралдар мен материалдард арқылы эксперимент өткізеді. Эксперимент жүргізуде және қорытынды жасауда қиналады. □ Эксперимент жүргізуде / қорытынды жасауда қателіктер жібереді. □ Эксперимент жүргізеді және дұрыс қорытынды жасайды. □
8
«Салт-дәстүр және фольклор» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау|
Оқу мақсаты: 1.1.2.1 Ұлттық және әлем мәдениетінің әр түрлі
өнер туындыларына көңіл бөлу.
1.2.3.4 Шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдану.
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі: Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
• Ұлттық және әлем мәдениетінің
туындыларын таниды және сипаттайды.
• Шығармашылық жұмысында қазақ ұлттық
мәдениетінің элементтерін пайдаланады.
Орындау уақыты: 15 минут
Тапсырма
1. Суреттерге қараңыз. Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарын белгілеңіз.
Суреттегі музыкалық аспаптарды түрлеріне қарай бөліңіз және сәйкестендіріп сызыңыз.
Шулы аспаптар Ұрмалы аспаптар Ішекті аспаптар
9
2. Ыдыстарды қазақ халқының ұлттық ою-өрнектерімен безендіріңіз.
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Ұлттық және әлем мәдениетінің туындыларын таниды және сипаттайды. 1 қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабын анықтайды (домбыра); 1
қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабын анықтайды (жетіген); 1
қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабын анықтайды (асатаяқ); 1
шулы аспаптарды ажыратады (асатаяқ); 1
ұрмалы аспаптарды ажыратады (дауылпаз); 1
ішекті аспаптарды ажыратады (скрипка); 1
Шығармашылық жұмысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін пайдаланады. 2 ыдыстарды безендіру үшін қазақ халқының ұлттық өрнегін қолданады; 1
суретті контурынан асырмай, ұқыпты бояйды. 1
Барлығы 8
10
«Дәстүр және фольклор» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:,
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Ұлттық және әлем мәдениетінің туындыларын таниды және сипаттайды. Ұлттық және әлем мәдениетінің туындыларын анықтауда қиналады. □ Ұлттық / әлем мәдениетінің туындыларын анықтауда қателеседі. □ Ұлттық және әлем мәдениетінің туындыларын дұрыс анықтайды. □
Шығармашылық жұмысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін пайдаланады. Жұмыс барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдануда және суретті контурынан асырмай бояуда .—. қиналады. 1—1 Жұмыс барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдануда / суретті контурынан асырмай бояуда қателіктер .—. жібереді. 1—1 Жұмыс барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін дұрыс қолданады және суретті контурынан асырмай бояйды. □
11
12
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
13
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта «Көркем еңбек» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Көркем еңбек» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 — 4-сыныптар).
3. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы — 40 минут Балл саны — 12 балл
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа / толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар танымдық мүмкіндіктері мен меңгерген білім, білік және дағдыларын шығармашылықпен қолданады.
14
Тапсырма № Ортақ тақырып Бөлімше Оқу мақсаты Тапсырманың сипаттамасы Тапсырма саны Жалпы балл
1-3 Саяхат. 1.3 Шығармашылық идеялар мен сезімдерді көрсету және дамыту. 2.3 Дайындау технологиялары. 1.1.3.1. Нақгы материалдар мен техникалардың негізінде өз идеялары мен сезімдерін шығармашылық деңгейде үсыну. 1.2.3.3. Қарапайым тәсілдерді қолданып, шығармашылық жүмысты аяқгау. Білім алушылар 3 тапсырма орындайды. 1-тапсырма сәйкестендіруге, 2-3-тапсырмалар суреттің элементтерін толықгырып салуға берілген. 3 9
4 Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті. 2.3 Дайындау технологиялары. 1.2.3.1. Қарапайым тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақгау, қосу және біріктіру. 1.2.3.4. Шығармашылық жұмыстарды дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдану. Білім алушылар аппликация техникасында 1 тапсырма орындайды. 1 3
4. Мысал үлгілері және балл қою кестеа
«Көркем еңбек» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Жұмыстардың қандай техникада орындалғанын анықтап, сәйкестендіріп сызыңыз.
атауымен
Баспа басу
Шашырату
Оригами
Аппликация
[4]
2. Берілген суреттердің екінші бөлігін толықтырып салыңыз.
[2]
16
3. Алақанның іздеріне мұқият қараңыз. Бояу мен қылқаламды қолданып, жануарлардың суреттерін толықтырып салыңыз.
4. Дайын бөлшектерді қолданып, торсықтың аппликациясын жасаңыз.
п
4
[3]
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Шашырату 1
Аппликация 1
Баспа басу 1
Оригами 1
2 Зымыран 1
Жеңіл көлік 1
3 1-суретті толықтырып салады; 1
2-суретті толықтырып салады; 1
3-суретті толықтырып салады; 1
4 Торсықтың аппликациясын жасайды. 1 Бұл тапсырманы орындау үшін түрлі түсті қағаздар, желім, қайшы дайындап қоюлары қажет.
Аппликацияны ою-өрнекпен безендіреді. 1
Жұмысты эстетикалық талапқа сай орындайды 1
Барлығы 12
17
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы, сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
18
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
19
«Көкөністер мен жемістер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты: 1.2.1.1. Өз идеялары мен сезімдерін қарапайым
тәсілдермен көрсету үшін қоршаған ортадағы белгілі бір визуалды
элементтерді қолдану.
1.2.3.3 Қарапайым тәсілдерді қолданып,
шығармашылық жұмысты аяқтау.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
• Шығармашылық идеяларын көрсету үшін қоршаған ортаның элементтерін пайдаланады.
• Жұмысты аяқтау үшін қарапайым сурет салу тәсілдерін қолданады.
Орындау уақыты: 15 минут
Тапсырма
1. Алжапқышты жеміс-жидектермен безендіріңіз.
(Q\
2. Жемістердің екінші бөлігін аяқтап салыңыз.
20
Бағалау критерийі Дескриптор Балл
Білім алушы
Шығармашылық идеяларын көрсету үшін қоршаған ортаның элементтерін пайдаланады. алжапқышты жеміс-жидектермен безендіреді; 1
суретті контурынан асырмай, ұқыпты бояйды; 1
Жұмысты аяқтау үшін қарапайым сурет салу тәсілдерін қолданады. жемістердің сыртқы контурын аяқтап салады; 1
жемістердің ішкі бөліктерін аяқтап салады. 1
Барлығы 4
«Көкөністер мен жемістер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:______________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Шығармашылық идеяларын көрсету үшін қоршаған ортаның элементтерін пайдаланады. Алжапқышты жеміс-жидектермен безендіруде және суретті контурынан асырмай бояуда қиналады. □ Алжапқышты жеміс-жидектермен безендіруде/ суретті контурынан асырмай бояуда қателіктер жібереді. □ Алжапқышты жеміс-жидектермен дұрыс безендіреді және суретті контурынан асырмай бояйды. □
Жұмысты аяқтау үшін қарапайым сурет салу тәсілдерін қолданады. Суреттердің екінші бөлігін толықтырып салуда қиналады. □ Суреттердің сыртқы контурын / ішкі бөліктерін аяқтап салуда қателіктер жібереді. і—і Суреттердің екінші бөлігін дұрыс толықтырып салады. □
21
«Дені саудың — жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты:
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Бағалау критерийі:
1.2.3.2 Айқындалған материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары және т.б.) қарапайым көлемді пішіндерді жасау.
Қолдану Білім алушы
• Түрлі материалдарды (ермексаз, қолданыстан шыққан заттар, қағаз материалдары және т.б.) қолданып, көлемді пішіндер жасайды.
Орындау уақыты: 15 минут
Тапсырма
Ермексаздан жасалған көлемді бұйымдарға қараңыз. Біреуін таңдап алып, жасаңыз.
Бағалау критерийі Дескриптор Балл
Білім алушы
Түрлі материалдарды (ермексаз, қолданыстан шыққан заттар, қағаз материалдары және т.б.) қолданып, көлемді пішіндер жасайды. таңдап алған бұйымның ірі бөліктерін жасайды; 1
бөліктерін біріктіріп, бұйымды жинайды; 1
ұсақ бөліктерін толықтырып, бұйымды аяқтайды. 1
Барлығы 3
22
«Дені саудың- жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:,
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Түрлі материалдарды (ермексаз,қолданыстан шыққан заттары, қағаз материалдары және т.б.) қолданып, көлемді пішіндер жасайды. Көлемді бұйым жасауда қиналады. □ Бұйымның ірі бөліктерін /ұсақ бөліктерін жинақтауда қателеседі. |—| Көлемді бұйымдарды дұрыс жасайды. □
23
24
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
25
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта «Көркем еңбек» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Көркем еңбек» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 — 4-сыныптар).
3. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы — 40 минут Балл саны — 10 балл
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа / толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 3 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар танымдық мүмкіндіктері мен меңгерген білім, білік және дағдыларын шығармашылықпен қолданады.
26
Тапсырма № Ортақ тақырып Бөлімше Оқу мақсаты Тапсырманың сипаттамасы Тапсырма саны Жалпы балл
1-2 Көкөністер мен жемістер 1.3 Шығармашылық идеялар мен сезімдерді көрсету және дамыту 1.1.3.1. Нақгы материалдар мен техникалардың негізінде өз идеялары мен сезімдерін шығармашылық деңгейде үсыну. Білім алушылар жұмысты орындауда қолданылған техникалар мен материалдарды анықгауға бағытталған 2 тапсырманы орындайды. 2 7
3 Дені саудың -жаны сау 2.3 Дайындау технологиялары 1.2.3.2 Айқындалған материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары және т.б.) қарапайым көлемді пішіндерді жасау. Білім алушылар ермексаздан көлемді пішіндер мүсіндеуге арналған 1 тапсырманы орындайды. 1 3
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
Дүниетану пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Берілген жұмыстарды орындау үшін қолданылатын материалдардың астын сызыңыз.
Ж . ■ \+і- ‘
‘ұз, жапырақ, бояу, тіс щеткасы, жіп, ине, ермексаз.
3)
Бояу, жіп, құлақ тазалайтын таяқшалар, тұз, қағаз.
[3]
2. Суреттердің орындалу техникасын және қолданылған көкөніс пен жемістің атауын жазыңыз.
Орындалу техникасы
[4]
28
3. Ермексаздан үш түрлі жемістің немесе көкөністің көлемді пішінін жасаңыз. Үлгі:
[3]
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Жапырақ, бояу, тіс щеткасы 1
Жемістер, көкөністер, қағаз, бояу 1
Бояу, құлақ тазалайтын таяқшалар, қағаз 1
2 Баспа басу техникасы 1
Пияз 1
Алма 1
Цитрустық жемістер 1
5 Жемістердің/көкөністердің түсіне сәйкес ермексазды таңдайды; 1 Бұл тапсырманы орындау үшін ермексаз бен оны кесуге арналған құрал қажет болады.
Жемістердің/көкөністердің пішінін дұрыс жасайды; 1
Жемістердің/көкөністердің ұсақ бөліктерін толықтырады. 1
Барлығы 10
29
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *