СОР СОЧ ЖБ ТЖБ Қазақ тілі Т2 (орыс мектеп) 1 сынып

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін)
1-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (орыс тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4 сыныптары) «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 1-сыныпта жиынтық бағалау 3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
Шартты белгілер
* әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды (мүмкіндігінше) кіріктіру ұсынылады.
** бағдарламадағы оқу мақсаттарының бір бөлігі қолданылады.
2
Мазмұны
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 5
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау…………………..6
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 9
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы……………….13
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 21
«Тағам және сусын» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау…………22
«Дені саудың — жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау……25
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы……………….29
3
4
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
5
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің Тыңдалым
түрлері: Айтылым
Оқу мақсаты: 1.1.4.1 Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың
кім/не туралы екенін түсіну.
1.2.4.1 Шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндау.
1.2.2.1 Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын білдіру.
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі: Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
• Тыңдаған/оқыған мәтіннің мазмұнын айтады.
• Сурет бойынша сөйлемдер құрастырып, өз ойын жеткізеді.
Орындау уақыты: 25 минут
Тапсырма
Тыңдалым Мәтінді тыңдаңыз.
Думан анасымен бірге аялдамаға келді. Олар автобусқа отырды. Автобуста Думанның Әйгерім мен Елдос деген сыныптастары да отыр екен. Барлығы мектепке дейін бірге келді. Думан анасымен қоштасып, достарымен бірге мектепке кірді.
1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жазыңыз:
Думан мектепке кіммен бірге келді? _________________________________
Мәтінде қандай көлік туралы айтылған?_______________________________
6
Айтылым
2. Мәтінде Думан туралы не айтылған?
3. Суретте не бейнеленген? Шағын әңгіме құрастырыңыз.
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. 1 Думанның мектепке анасымен және/немесе достарымен бірге келгенін жазады; 1
мәтінде айтылған көлік түрін анықтайды; 1
Т ыңдаған/оқыған мәтіннің мазмұнын айтады. 2 Думан мен анасы туралы сөйлем құрастырады; 1
балалар туралы сөйлем құрастырады; 1
мектеп туралы сөйлем құрастырады; 1
Сурет бойынша сөйлемдер құрастырып, өз ойын жеткізеді. 3 суретте бейнеленген заттарды атайды; 1
сурет бойынша шағын әңгіме құрастырып айтады. 1
Барлығы 7
7
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Мәтіннің мазмұны бойынша сүрақгарға жауап береді. Мәтіннің кім / не туралы екенін анықгауда қиналады. □ Мәтін бойынша берілген екі сұрақтың біреуінің жауабынан қателеседі. |—| Мәтіннің кім / не туралы екенін дұрыс анықгайды. □
Т ыңцаған/оқыған мәтіннің мазмұнын айтады. Тыңцаған мәтіннің мазмүнын айтуда қиналады. □ Мәтіннің кейіпкерлері / сюжеті туралы мазмұндауда қателіктер жібереді. |—| Тыңцаған мәтіннің мазмұнын дұрыс айтады. □
Сурет бойынша сөйлемдер құрастырып, өз ойын жеткізеді. Суретте бейнеленген заттарды атауда және сурет бойынша шағын әңгіме қүрастыруда қиналады. |—| Суретте бейнеленген заттарды атауда / сурет бойынша шағын әңгіме құрастыруда қателіктер жібереді. |—| Суретте бейнеленген заттарды дұрыс атайды және сурет бойынша шағын әңгіме құрастырады. |——|
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің Оқылым
түрлері: Жазылым
Оқу мақсаты: 1.3.5.1 Мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын
мәтіннен қажетті ақпаратты табу.
1.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім? не? қандай? қанша?) қою.
1.4.1.1 Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу.
Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
• Иллюстрациялы мәтіннен қажетті ақпаратты табады.
• Мәтін/иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады.
• Суреттегі заттарды сипаттайтын сөздерді жазады.
Орындау уақыты: 20 минут
Тапсырма
Оқылым
1. Мәтінді оқыңыз. Мәтін бөліктерінің ретін анықтап, нөмірлеңіз.
Маса айдаһарға тәтті қан іздеп шығыпты. Маса кішкентай сәбиді шағыпты.
Ертеде бір айдаһар болыпты. Бірде айдаһар ауырып қалыпты. Айдаһарға тәтті қан керек болыпты.
Қарлығаш масаны қуып жетіп, қанды тартып алыпты.
Айдаһар ашуланып, қарлығаштың құйрығын тістеп алыпты. Қарлығаштың құйрығы айыр болып қалыпты.
9
2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Ертегі кейіпкерлері не істеді? Байланыстырып сызыңыз.
масаны қуды баланы шақты
адамдарға көмектесті тәтті қан іздеп шықты
3.Мәтін мазмұны бойынша қарапайым екі сұрақ құрастырып жазыңыз.
Жазылым
4. Берілген сөздерді оқыңыз. Сөздерді пайдаланып, кейіпкерлерді сипаттап жазыңыз. Тірек сөздер: мейірімді, ашулы, үлкен, кішкентай, көңілді, көңілсіз.
10
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Иллюстрациялы мәтіннен қажетті ақпаратты табады. 1 мәтіннің барлық бөліктерінің ретін табады; 1
2 масаның суретін тиісті сөз тіркестерімен сәйкестендіреді; 1
қарлығаштың суретін тиісті сөз тіркестерімен сәйкестендіреді; 1
Мәтін/иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады. 3 қарапайым бір сұрақ құрастырып жазады; 1
екінші қарапайым сұрақ құрастырып жазады; 1
Суреттегі заттарды сипаттайтын сөздерді жазады. 4 мәтіннің бірінші кейіпкерін сипаттайтын сөздерді жазады; 1
мәтіннің екінші кейіпкерін сипаттайтын сөздерді жазады. 1
Барлығы 7
11
«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-
аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:____________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Иллюстрациялы мәтіннен қажетті ақпаратты табады. Мәтін бөліктерінің ретін анықгауда, кейіпкерлері мен олардың іс-әрекетін сәйкестендіруде қиналады. □ Мәтін бөліктерінің ретін анықгауда / кейіпкерлері мен олардың іс-әрекетін сәйкестендіруде қателіктер жібереді. □ Мәтін бөліктерінің ретін дұрыс анықгайды, кейіпкерлері мен олардың іс-әрекетін дұрыс сәйкестендіреді. □
Мәтін / иллюстрация бойынша қарапайым сұрақгар қүрастырады. Мәтін бойынша қарапайым сұрақгар құрастыруда қиналады. |~| Мәтін бойынша бір ғана сұрақ құрастырады. □ Мәтін бойынша сұрақгарды дұрыс құрастырады. □
Суреттегі заттарды сипаттайтын сөздерді жазады. Заттарды сипаттайтын сөздерді жазуда қиналады. □ Берілген екі суреттің біреуін сипаттайтын сөздерді жазуда қателеседі. |—| Заттарды дұрыс сипаттап жазады. □
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
13
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» пәні бойынша (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1-4 сыныптар).
3. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы — 40 минут Балл саны — 18 балл Айтылым бөлек тексеріледі.
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп жауапты таңдауы бар және қысқа жауап қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Көп жауапты таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Бірінші тапсырма тыңдалым дағдысын, екінші тапсырма айтылым дағдысын, үшіншісі оқылым, төртіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
14
Тапсырма № Сөйлеу әрекетінің түрлері Ортақ тақырып Оқу мақсаты Тапсырманың сипаттамасы Тапсырма саны Жалпы балл
1-3 Тыңдалым. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті. 1.1.4.1 Мүғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну. Білім алушылар мәтінді тыңдайды және мәтін бойынша сұрақгарға жауап береді, тыңдаған мәтінге сәйкес суреттерді анықгайды. 3 4
1 Айтылым. Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті. 1.2.4.1 Шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндау. Білім алушылар 3 сұраққа ауызша жауап береді және өзі ұнатын ертегіден үзінді айтады. 1 4
1-2 Оқылым. Саяхат. 1.3.3.1 Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату. 1.3.5.1 Мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу. Білім алушылар оқылған мәтін бойынша 2 тапсырма орындайды. 1-тапсырмада мәтін бойынша қойылған сұраққа жауап беру және мәтіннің жанрын (өлең, ертегі) анықгау талап етіледі. 2-тапсырмада мәтінге сүйеніп сөйлемдердің ретін анықгайды. 2 6
2 Жазылым. Саяхат. 1.4.1.1 Суретте берілген заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу. 1.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған / тыңдау-көру материалдары бойынша таныс заттардың атауларын жазу. Білім алушылар 1-тапсырмада суреттегі заттың сынын білдіретін сөздерді таі-ідап жазады. 2-тапсырмада суреттегі заттың екі бөлшегінің атауын жазады. 2 4
4. Мысал үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша
3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым
Мәтінді тыңдаңыз және берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Тышқан өтіп бара жатып, орманда тұрған әдемі үйшікті көріп қалыпты.
— Үйшікте кім бар? — деп сұрапты ол. Ешкім жауап қайтармапты.
Тышқан бос тұрған үйшікте өмір сүре бастапты. Біртіндеп үйшікке бақа, қоян, түлкі, қасқыр және аю келе бастапты. Олар барлығы дос болып, үйшікте бірге өмір сүріпті.
1. Дұрыс жауапты таңдаңыз.
Үйшікті ең бірінші көрген:
A) бақа
B)қоян
C) тышқан
D) түлкі
[1]
2. Мәтінде кездесетін сөздерді қоршаңыз.
қоян мысық тышқан күшік
[2]
3. Тыңдаған мәтінге сәйкес келетін суретті анықтаңыз.
[1]
16
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 С) 1
2 тышқан 1
қоян 1
3 В) 1
Барлығы 4
Айтылым
4. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1) Үйшікте қандай жануарлар өмір сүрді? 2) Сіз қандай ертегілер білесіз? 3) Сізге қай ертегі ұнайды? Неліктен? 4) Өзіңізге ұнайтын ертегіден үзінді айтып беріңіз. [4]
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр, аю/ Тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр, аю өмір сүрді/ Үйшікте тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр, аю өмір сүрді. 1 Кез келген жауаптар қабылданады.
2 «Шалқан» / «Бауырсақ» және білім алушылардың тағы басқа жауаптары/ Мен «Шалқан» …. ертегісін білемін. 1 Кез келген ертегінің атауы қабылданады.
3 Білім алушылардың жауаптары. 1 Себебін түсіндіре отырып берілген толық жауап қабылданады.
4 Білім алушылардың жауаптары. 1 Ертегінің үзіндісін оқиғаның жүйесін сақтай отырып әңгімелеуі қажет.
Барлығы 4
17
Оқылым
5. Мәтінді оқыңыз және берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Ертеде бір кішкентай ШРЖ болыпты. Көжектің мектепке барғысы келіпті. Ол
үйінен V-/»’ ч_/ шығып, ормандағы аі-щардың мектебіне келеді. Мектепте мұғалімді көрді. Мектеп көжекке ұнады.
Дұрыс жауабын таңдаңыз.
Көжектің қайда барғысы келді?
A) мектепке
B) үйге
C) дүкенге
D) орманға
[1]
Бұл ертегі ме, өлең бе?
[1]
6. Мәтін бойынша сөйлемдердің ретін тауып, белгілеңіз.
Сөйлемдер Реті
Көжек велосипедпен барды.
Көжек үйінен шықты.
Мектеп көжекке ұнады.
Көжек мектепке келді.
[4]
18
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 А) 1
Ертегі 1
2 1 — Көжек үйінен шықты. 2 — Көжек велосипедпен барды. 3 — Көжек мектепке келді. 4 — Мектеп көжекке ұнады. 4 Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.
Барлығы 6
Жазылым
7. Суреттегі заттың сынын білдіретін 2 сөзді тауып, жазыңыз.
көңілді
жасыл
көңілсіз
әдемі
ашулы
8. Суреттегі жеңіл көліктің 2 бөлшегінің атауын жазыңыз.
[2]
[2]
19
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Көңілді 1
Әдемі 1
2 Есік, дөңгелек, шанақ, рөл, кабина 2 Білім алушылардың кез келген жауабы қабылданады. Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.
Барлығы 4
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе
калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
20
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
21
«Тағам және сусын» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің Тыңдалым
түрлері: Айтылым
Оқу мақсаты: 1.1.3.1 Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің
көмегімен сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау.
1.2.4.1 Шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндау.
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі: Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
• Мәтіннің мазмұнына сәйкес иллюстрация/сурет/сызбаны анықтайды.
• Тыңдаған мәтін бойынша сөйлемдер құрастырады.
Орындау уақыты: 20 минут
Тапсырма
Тыңдалым
Мәтінді тыңдаңыз.
Бүгін Әселдің туған күні. Анасы бәліш пісірді. Бәліш — Әселдің сүйікті тағамы. Әсел үстелге бәліш пен жеміс салатын қойды. Ол жеміс салатын алма мен құлпынайдан жасады. Туған күніне оның достары келеді.
1. Сөйлемдердің дұрыс немесе дұрыс емес екенін анықтаңыз. Жауабын қоршап сызыңыз.
Әселдің анасы палау пісірді. Дұрыс Дұрыс емес
Әсел жеміс салатын жасады. Дұрыс Дұрыс емес
2. Әселдің сүйікті тағамы қандай? Қоршап сызыңыз.
22
3. Әсел жеміс салатын қандай жеміс-жидектен жасады? Белгілеңіз.
Айтылым
4. Сұраққа жауап беріңіз.
Әсел туған күніне қалай дайындалды? Айтып беріңіз.
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. 1 мәтінге қатысты дұрыс тұжырымды табады; 1
мәтінге қатысты дұрыс емес тұжырымды табады; 1
Мәтіннің мазмұнына сәйкес иллюстрация/сурет/сызбаны анықтайды. 2 кейіпкердің сүйікті тағамын анықтайды; 1
салатқа қосылған жемісті таңдайды; 1
салатқа қосылған жидекті таңдайды; 1
Тыңдаған мәтін бойынша сөйлемдер құрастырады. 3 мәтін бойынша бір сөйлем құрастырады; 1
мәтін бойынша екінші сөйлем құрастырады. 1
Барлығы 7
23
«Тағам және сусын» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат
ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:_____________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтін мазмұны бойынша сүрақтарға жауап береді. Дүрыс және дұрыс емес тұжырымдарды анықгауда қиналады. □ Дұрыс / дұрыс емес тұжырымдарды анықгауда қателеседі. □ Дұрыс / дұрыс емес тұжырымдарды нақгы анықтайды. □
Мәтіннің мазмұнына сәйкес иллюстрация/сурет/сызбаны анықгайды. Мәтіндегі ақпаратқа сәйкес суреттерді анықгауда қиналады. □ Тыңцаған мәтінге сәйкес суреттердің кейбіреуін анықтайды. □ Мәтіндегі ақпаратқа сәйкес суреттерді дұрыс анықтайды. □
Тыңдаған мәтін бойынша сөйлемдер қүрастырады. Мәтін бойынша сөйлемдер құрастыруда қиналады. □ Мәтін бойынша бір ғана сөйлем құрастырады. □ Мәтін бойынша екі немесе одан артық сөйлемдер құрастырады. |——|
«Дені саудың — жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері:
Оқу мақсаты:
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Бағалау критерийі:
Оқылым
Жазылым
1.3.5.1 Мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу.
1.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған/ тыңдау-көру материалдары бойынша заттардың таныс атауларын жазу.
Қолдану
Білім алушы
• Иллюстрациялы мәтіннен қажетті ақпаратты табады.
• Тыңдаған/ көрген/ оқыған материалдардың негізінде заттардың атауларын жазады.
Орындау уақыты:
20 минут
Тапсырма
Оқылым
Мәтінді оқыңыз. Берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Ерден кәмпитті жақсы көреді. Ол көп кәмпит жеді. Ерденнің
Ол ағасымен бірге
Ол тез сауығып кетті.
ауырды.
барды. Дәрігер Ерденге жазып берді.
1. Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырып жазыңыз.
Ерденнің
_жазып берді.
ауырды. Ол
барды. Дәрігер
25
Жазылым
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
№ Білім алушы
Иллюстрациялы мәтіннен қажетті ақпаратты табады. 1 мәтін бойынша сөйлемді «тісі» сөзімен толықтырады; 1
мәтін бойынша сөйлемді «емханаға» сөзімен толықтырады; 1
мәтін бойынша сөйлемді «дәрі» сөзімен толықтырады; 1
Т ыңдаған/көрген/оқыған материалдардың негізінде заттардың атауларын жазады. 2 дене мүшесінің атауын жазады — бас; 1
дене мүшесінің атауын жазады — мойын; 1
дене мүшесінің атауын жазады — қол; 1
дене мүшесінің атауын жазады — кеуде; 1
дене мүшесінің атауын жазады — аяқ. 1
Барлығы 8
26
«Дені саудың — жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға
ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:_____________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Иллюстрациялы мәтіннен қажетті ақпаратты табады. Мәтіннің иллюстрациясы бойынша ақпаратты анықгауда қиналады. □ Мәтіннің иллюстрациясы бойынша кейбір ақпаратты ғана анықгайды. □ Мәтіннің иллюстрациясы бойынша ақпаратты дүрыс анықгайды. □
Т ыңдаған/көрген/оқыған материалдардың негізінде заттардың атауларын жазады. Көрген заттардың атауларын жазуда қиналады. □ Көрген заттардың атауларының кейбіреуін ғана жазады. |—| Көрген заттардың атауларын дұрыс жазады. □
28
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
29
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 — 4-сыныптар)
3. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы — 40 минут Балл саны — 15 балл Айтылым жеке тексеріледі.
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа / толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 7 тапсырмадан тұрады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Бірінші тапсырма тыңдалым дағдысын, екінші тапсырма айтылым дағдысын, үшіншісі оқылым және төртіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
30
Тапсырма № Сөйлеу әрекетінің түрлері Ортақ тақырып Оқу мақсаты Тапсырманың сипаттамасы Тапсырма саны Жалпы балл
1-3 Тыңцалым Дені саудың -жаны сау. 1.1.3.1 Тыңцаған мәтін мазмүны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақгарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/ суреттер/сызбалар таі-ідау. Білім алушылар мәтінді тыңдайды, мәтінде кездесетін сөздерді анықтайды, тыңдалған мәтінге сәйкес суреттерді таңдайды. 2 3
1 Айтылым Дені саудың -жаны сау. 1.2.4.1 Шағын мәтінді/ қарапайым оқиғаларды мазмұндау Білім алушылар тыңцалған мәтін бойынша қойылған 3 сұраққа ауызша жауап береді. 1 3
3 Оқылым Тағам және сусын. 1.3.5.1 Мұғалімнің көмегімен иллюстрациялы шағын мәтіннен қажетті ақпаратты табу. Білім алушылар оқылған мәтін бойынша 3 тапсырма орындайды. 1-тапсырмада мәтіндегі іс-әрекеттің ретін анықгайды. 2-тапсырмада екі бағандағы сөз тіркестерін сәйкестендіреді. 3-тапсырмада мәтіндегі ақпаратқа қатысты суреттер таі-ідайды. 3 5
4 Жазылым Тағам және сусын. 1.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған немесе тыңдаған/ тыңдау-көру материалдары бойынша заттардың таныс атауларын жазу. Білім алушылар суреттердің орнына тиісті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықгырып жазады. 1 4
4. Мысал үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша
4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым
Мәтінді тыңдаңыз және берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Асхат компьютер ойындарын ойнағанды жақсы көреді. Көп ойнағаннан оның көзі ауырды. Асхат әкесімен бірге көз дәрігеріне барды. Оған көз дәрігері дәрі жазып берді. Асхат компьютерде көп ойнауға болмайтынын түсінді.
1. Мәтінде кездесетін сөздердің астын сызыңыз.
көз бас дәрі көзілдірік
[2]
2. Тыңдаған мәтінге сәйкес келетін суретті тауып, белгілеңіз.
[1]
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 көз 1
дәрі 1
2 D) 1
Барлығы 3
32
Айтылым
3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
• Оқиға неден басталды?
• Содан соң не болды?
• Оқиға немен аяқталды?
[3]
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Асхат компьютер ойындарын ойнауды жақсы көретін/ Асхат компьютерде көп ойнайды. 1 Мәтінге сәйкес басқа да дұрыс жауаптар қабылданады.
2 Асхаттың көзі ауырды. Ол әкесімен бірге көз дәрігеріне барды. Дәрігер оған дәрі жазып берді. 1
3 Асхат компьютердің алдында көп отыруға болмайтынын түсінді. 1
Барлығы 3
Оқылым
Мәтінді оқыңыз және берілген тапсырмаларды орындаңыз.
Әйгерім мандарин, алма, таңқурай мен қарақат сатып алды. Ол барлық жеміс-жидектерді жуып, тазалады. Содан соң оларды турап, араластырды. Оған қаймақ қосты. Жеміс салаты дайын болды.
33
4. Мәтінге сүйеніп іс-әрекеттердің орындалу ретін анықтаңыз және сөздерді нөмірлеңіз.
Араластыру Жуу Сатыпалу Турау Тазалау
[1]
5. Оң жақ бағандағы сөз тіркестерін сол жақтағылармен бағыт арқылы сәйкестендіріңіз.
Әйгерім жеміс-жидектерді қаймақ қосты.
Әйгерім салатқа араластырды.
□ □ □ □
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 1. Сатып алу 2. Жуу 3. Тазалау 4. Турау 5. Араластыру 1
2 1.Әйгерім жеміс-жидектерді араластырды. 1
2. Әйгерім салатқа қаймақ қосты. 1
3 1
ш 1
Барлығы 5
34
Жазылым
7. Суреттің орнына сөздер қойып, сөйлемдерді толықтырып жазыңыз. Асқардың сүйікті тағамы —
сүттен жасалады.
Мен ™ ____________________________________________жақсы көремін.
денсаулыққа пайдалы.
[4]
Бал қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Тұшпара 1
Ірімшік 1
Балмұздақты 1
Су 1
Барлығы 4
35
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

5 thoughts on “СОР СОЧ ЖБ ТЖБ Қазақ тілі Т2 (орыс мектеп) 1 сынып

  1. считаю, что необходимо по обновленной программе предоставлять на сайтах в помощь учителю весь неодходимый материал бесплатно, что необходимо не только учителю со стажем, но и начинающим специалистам

  2. Өте қажетті мәлімет екен! Өтініш….Көшірілмей жатыр, электронкама жіберіп беріңізші.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *