СОР СОЧ ЖБ ТЖБ Дуниетану 1 сынып

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Дүниетану
1-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Дүниетану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1 — 4-сыныптары) «Дүниетану» пәні бойынша оқу
бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 1 -сыныпта жиынтық бағалау 3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
Шартты белгілер
* әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды (мүмкіндігінше) кіріктіру ұсынылады.
** бағдарламадағы оқу мақсаттарының бір бөлігі қолданылады.
2
Мазмұны
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 5
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау……………………6
«Салт-дәстүр және әдебиет» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау 10
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы………………..15
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР … 25
«Тағам және сусындар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау……….26
«Дені саудың — жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау…….29
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы………………..33
3
4
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
5
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше:
Оқу мақсаты:
3.1 Көне мәдениеттер мен өркениеттер.
3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары.
2.4 Туризм.
1.3.1.1 Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу.
1.3.4.1 Дереккөздерді зерделеу арқылы Томирис туралы әңгімелеу.
1.2.4.2 Туристердің негізгі мақсаттарын анықтау.
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Білу және түсіну Қолдану
Бағалау критерийі:
Орындау уақыты:
ежелгі адамдардың
Білім алушы
• Суреттерге сүйеніп, тіршілігін анықтайды.
• Томирис туралы ақпарат табады.
• Суреттер мен сөйлемдерге сүйеніп,
туристердің негізгі мақсатын анықтайды.
20 минут
Тапсырма
1. Суреттерге сүйене отырып, төменде берілген сөйлемдерді толықтырыңыз.
1. Алғашқы адамдар
2. Олар жабайы _____
өмір сүрген.
аулаған.
3. Олардың алғашқы еңбек құралы ,
болған.
Тірек сөздер: аңдарды, үшкіртас, үңгірде.
6
2. Сөйлемдерді оқыңыз және Томириске қатысты дұрыс ақпаратты білдіретін сөйлемдерді (^) белгілеңіз.
Ол — атақты сақ ханшайымы болған. Q
Ол елін, жерін жаудан қорғаған. П
Ол парсылардың ханшайымы болған. □
Ол парсы патшасы Кирді жеңген. ЕИ
3. Суреттерге мұқият қараңыз. Сіз саяхатқа қайда барар едіңіз? Бұл орынды таңдау себебіңізді жазыңыз__________________________________________________________________.
Медеу мұз айдыны
Бурабай көлі
Астана қаласы
Сөйлемдерді оқыңыз және саяхатқа шығу үшін орындалатын іс-әрекеттердің ретін (1-5) нөмірлеп көрсетіңіз.
Заттарды жинастыру Q
Баратын жерді таңдау Q
Билет сатып алу I I
Саяхаттың мақсатын анықтау I I Саяхатқа бару ЦЦ
7
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Суреттерге сүйеніп, ежелгі адамдардың тіршілігін анықтайды. 1 алғашқы адамдардың баспанасын анықтайды; 1
алғашқы адамдардың атқарған жұмыстарын анықтайды; 1
алғашқы құралдарын анықтайды 1
Томиристуралы ақпарат табады. 2 бірінші сөйлемнің Томирис туралы екенін көрсетеді; 1
екінші сөйлемнің Томирис туралы екенін көрсетеді; 1
төртінші сөйлемнің Томирис туралы екенін көрсетеді; 1
Суреттер мен сөйлемдерге сүйеніп, туристердің негізгі мақсатын анықтайды. 3 саяхатқа шығу үшін таңдалған орынның атауын анықтайды; 1
аталған орынды таңдап алу себебін сипаттайды; 1
іс-әрекеттің дұрыс ретін көрсетеді. 1
Барлығы 9
8
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Суреттерге сүйеніп, Ежелгі адамдардың Ежелгі адамдардың баспанасын / Ежелгі адамдардың
ежелгі адамдардың тіршілігін анықтауда тамақтануын / еңбек құралын тіршілігін дұрыс анықтаиды.
тіршілігін анықгаиды. қиналады. анықтауда қателеседі.
□ □ □
Томирис туралы ақпарат Томиристуралы дұрыс Томирис туралы бірінші/ екінші / Томирис туралы барлық
табады. ақпарат табуда қиналады. төртінші сөилемдерді анықтауда қателіктер жібереді. ақпаратты дұрыс табады.
□ □ □
Суреттер мен Туристің негізгі Саяхат орнын таңдап алу себебін Туристің негізгі мақсаттарын
сөилемдерге сүиеніп, мақсаттарын анықтауда түсіндіруде / туристің іс- әрекетінің дұрыс анықтаиды.
туристердің непзгі қиналады. ретін көрсетуде қателіктер жібереді.
мақсатын анықтаиды. □ □ □
«Салт-дәстүр және әдебиет» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше:
Оқу мақсаты:
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Бағалау критерийі:
3.1 Көне мәдениеттер мен өркениеттер.
3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар.
1.3.3.1 Қазақстан аумағындағы көне жазу туралы баяндау.
1.3.3.2 Түрлі материалдарды, әдістер мен
құралдарды пайдалана отырып, көне жазуларды бейнелеу.
1.3.1.2 Көне заманның танымал тарихи
ескерткіштері/жәдігерлері туралы әңгімелеу.
Білу және түсіну
Қолдану
көне жазуларды
Білім алушы
• Қазақстан аумағындағы анықтайды.
• Көне жазуларды таңбалар арқылы бейнелейді.
• Қазақстандағы танымал тарихи ескерткіштерді анықтайды.
Орындау уақыты: 20 минут
Тапсырма
1. Қазақстан жеріндегі көне жазуларды бейнелейтін суреттерді (^) белгілеңіз.
10
2. Кез келген сөз жазыңыз. Көне таңбаларды қолдана отырып, осы сөзді қайта жазыңыз.
Мысалы:
р мИ і ЯкН ү Я һ һ Я 9.
ъ ТІ t 1>і Ш ^ІТ
k ІХІ һ ІғВ ч Ін і> |н N ІҒ>9 [JkH Т 1 -К
3. Дұрыс жауабын таңдаңыз.
Алтын адам кім болған?
A) шебер
B) бақташы
C)зергер
D) жауынгер
Аңыз бойынша Алтын адамды қалай атаған?
A) Алтын батыр
B) Алтын айдар
C) Алтын дулыға
D) Алтын семсер
Алтын адам қай облыстан табылған?
A) Ақтөбе
B) Алматы
C) Атырау d) Ақтау
11
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Қазақстан аумағындағы көне жазуларды анықтайды. 1 адам бейнелі петроглифті анықтайды; 1
аң бейнелі петроглифті анықтайды; 1
Көне жазуларды таңбалар арқылы бейнелейді. 2 сөзді жазады; 1
сөздегі әріптерге сәйкес таңбаларды табады және бейнелеп жазады. 1
Қазақстандағы танымал тарихи ескерткіштерді анықтайды. 3 Алтын адамның кім болғанын анықтайды; 1
Алтын адамның аңыздағы атын анықтайды; 1
Алтын адам табылған облысты анықтайды. 1
Барлығы 7
12
«Салт-дәстүр және әдебиет» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат
ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:__________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Қазақстан аумағындағы көне жазуларды анықгайды. Қазақстан аумағындағы көне жазуларды анықтауда қиналады. Адам бейнелі / аң бейнелі петроглифті анықгауда қателеседі. Қазақстан аумағындағы көне жазуларды дұрыс анықтайды.
□ □ □
Көне жазуларды таңбалар арқылы бейнелейді. Көне жазуды бейнелеу үшін сөзді және таңбаларды жазуда қиналады. Сөзді және сөздегі әріптерге сәйкес таңбаларды жазуда қателіктер жібереді. Көне жазуды бейнелеу үшін таңбаларды дұрыс қолданады.
□ □ □
Қазақстандағы танымал тарихи ескерткіштерді анықгайды. Танымал тарихи ескерткіштерді (Алтын адам) анықгауда қиналады. Алтын адамның қызметін / аңыздағы атын / жерленген жерін анықтауда қателеседі. Танымал тарихи ескерткіштерді (Алтын адам) дұрыс анықтайды.
□ □ □
14
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
15
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта «Дүниетану» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Дүниетану» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 — 4-сыныптар).
3. 3- тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы — 45 минут Балл саны — 20 балл
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп жауапты таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 11 тапсырмадан тұрады.
Көп жауапты таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
16
Тапсырма № Ортақ тақырып Бөлімше Оқу мақсаты Тапсырманың сипаттамасы Тапсырма саны Жалпы балл
1-3 3.1 Көне мәдениеттер мен өркениеттер. 1.3.1.1 Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу. 3 3
4 5. Саяхат 3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары. 1.3.2.1 Көрнекі материалдар негізінде сақтардың өмір салтын сипаттау. Білім алушылар көп жауапты таңдауы бар жабық түрдегі тапсырмаларды орындайды. 1 1
5 1.3.4.1 Дереккөздерді зерделеу арқылы Томиристуралы әңгімелеу. Олар бір дұрыс жауапты таңдайды. 1 1
6 2.4 Туризм. 1.2.4.1 Туризмнің мәнін түсіндіру. 1 4
7 6. Салт-дәстүр және әдебиет 3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар. 1.3.3.1 Қазақстан аумағындағы көне жазу туралы білу. Білім алушылар көп жауапты таңдауы бар жабық түрдегі тапсырмаларды орындайды. Олар бір дұрыс жауапты таңдайды. 1 1
8 Білім алушылар суреттің әр бөлігінің орнын анықтайды және кестеге әр бөлігінің нөмірін жазып көрсетеді. 1 4
9 3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және отансүйгіштік. 1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату. Білім алушылар көп жауапты таңдауы бар жабық түрдегі тапсырмаларды орындайды. Олар бір дұрыс жауапты таңдайды. 1 1
10 1.3.5.2 Тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу. 1 2
11 3.1 Көне 1.3.1.2 Көне заманның танымал Білім алушылар мәтінді тиісті 1 3
мәдениеттер мен тарихи сөздермен толықтырады.
өркениеттер. ескерткіштері/жәдігерлері
туралы әңгімелеу.
4. Мысал үлгілері және балл қою кестесі
«Дүниетану» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Алғашқы адамдар қай жерде пайда болған?
A) Азияда
B) Австралияда
C) Африкада
D) Америкада
[1]
2. Көне өркениеттердің дамуы қай жерден басталады?
A) Евфрат
B) Греция
C) Тигр
D) Месопотамия
[1]
3. Алғашқы адамдар еңбек құралдарын неден жасаған?
A) ағаштан
B)тастан
C) темірден
D) шыныдан
[1]
4. Сақтар жүктерді қандай көлікпен тасыған?
с I)
[1]
19
5. Сақтардың патшасы кім болған?
A) Алтын Айдар
B) Сұлушаш
C) Томирис
D) Клеопатра
[1]
6.Туризм туралы сөз тіркестерін анықтап, (^) белгісін қойыңыз.
1. Тауға серуендеу
2. Қазақстанға саяхат
3. Мектептегі сабақ
4. Естелік суреттер
5. Туған күн
6. Кәдесый сатып алу
7. Компьютермен жұмыс істеу
[4]
7. Көне заманда адамдар жазуды қайда жазған?
A) қағазға
B) қатты қағазға
C) тасқа
D) компьютерде
[1]
8. Суреттің әр бөлігінің орнын анықтаңыз және олардың нөмірін кестеге жазып көрсетіңіз.
%
20
[4]
9. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін анықтаңыз.
A) Астана, теңге, ту
B) елтаңба, әнұран, ту
C) теңге, Ата заң, елтаңба
D) әнұран, Астана, Ата заң
[1]
10. Елтаңбада кездесетін элементтердің нөмірлерін қоршаңыз.
11. Мәтінді толықтырып жазыңыз.
Бұл -____________________. Ол сақ жауынгері болған. Оның киімдері
жасалған. Бұл жәдігерді__________________________көруге болады.
[3]
21
Балл қою кестесі

Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
1
~2
С
D
3
Т
B
А
5
«б»
C
Тауға серуендеу, Қазақстанға саяхат, естелік суреттер, кәдесый сатып алу
4
Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі._____________________
7
т
C
Әр дұрыс анықталған суретке 1 балл қойылады.
4
9
В
10
1, 4
2
Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі._____________________
11
Алтын адам, алтыннан, мұражайдан
3
Әр дұрыс жауапқа 1 балл беріледі. Сөздерді
жазуда грамматикалық қателер есептелмейді.
Барлығы
20
1
1
22
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы, сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
23
24
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
25
«Тағам және сусындар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше:
Оқу мақсаты:
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік.
1.1 Мен және менің отбасым.
1.1.4.1 Жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.
1.1.4.2 Тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру.
1.1.1.5 Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың алыну көзін анықтайды.
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Бағалау критерийі:
Орындау уақыты:
Білу және түсіну Қолдану
Білім алушы
• Жеке бас гигиенасына қатысты тәртіп ережелерін атайды.
• Тамақтану режиміне пайдалы тағамдарды анықтайды.
• Тұтыну заттарының алыну көздерін көрсетеді. 20 минут
Тапсырма
1. Сурет бойынша жеке бас гигиенасына қатысты тәртіп ережелерін жазыңыз.
26
2. Суреттерге мұқият қараңыз. Пайдалы тағамдарды (^) белгілеңіз.
3. Сүт өнімдерінің алыну ретін көрсетіп, суреттерді нөмірлеңіз.
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Жеке бас гигиенасына қатысты тәртіп ережелерін атайды. 1 тісті тазалауға қатысты тәртіп ережелерін жазады; 1
жуынуға қатысты тәртіп ережелерін жазады; 1
тарануға қатысты тәртіп ережелерін жазады; 1
Тамақтану режиміне пайдалы тағамдарды анықтайды. 2 пайдалы тағамды анықтайды (көкөністер); 1
пайдалы тағамды анықтайды (ірімшік); 1
Тұтыну заттарының алыну көздерін көрсетеді. 3 Бірінші суретті анықтайды (сиыр — 1); 1
Екінші суретті анықтайды (ферма — 2); 1
Үшінші суретті анықтайды (сүт таситын машина — 3); 1
Төртінші суретті анықтайды (сүт зауыты — 4); 1
Бесінші суретті анықтайды (дайын сүт өнімдері — 5). 1
Барлығы 10
27
«Тағам және сусындар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат
ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:__________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Жеке бас гигиенасына қатысты тәртіп ережелерін атайды. Жеке бас гигиенасына қатысты тәртіп ережелерін анықгауда қиналады. □ Жеке бас гигиенасына қатысты тәртіп ережелерін анықтауда (тісті тазалау / жуыну / тарану) қателіктер жібереді. □ Жеке бас гигиенасына қатысты тәртіп ережелерін дұрыс анықтайды. □
Тамақтану режиміне пайдалы тағамдарды анықгайды. Пайдалы тағамдарды анықгауда қиналады. □ Пайдалы тағамдарды анықтауда (көкөністер/ ірімшік) қателеседі. □ Пайдалы тағамдарды дұрыс анықтайды. □
Тұтыну заттарының алыну көздерін көрсетеді. Сүт өнімдерінің алыну ретін көрсетуде қиналады. □ Сүт өнімдерінің алыну ретін көрсетуде (сиыр / ферма / сүт таситын машина / сүт зауыты / дайын сүт өнімдері) қателіктер жібереді. |—| Сүт өнімдерінің алыну ретін дұрыс көрсетеді. □
«Дені саудың — жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше:
Оқу мақсаты:
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік.
2.1 Жергілікті жерде бағдарлану.
1.1.4.3 Үйдегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.
1.1.4.6 Шұғыл көмек қызметтерін білу және олармен хабарласу жағдайларын анықтау.
1.2.1.2 Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру.
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Бағалау критерийі:
Білу және түсіну Қолдану
Білім алушы
• Үйдегі қауіпсіздік ережелерін анықтайды.
• Жедел көмек қызметтерін және олармен хабарласу жағдайларын анықтайды.
• Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың қажеттілігін көрсетеді.
Орындау уақыты: Тапсырма
20 минут
1. Сөздерді оқыңыз. Қауіп туғызатын заттар мен оларды абайсызда қолданудан туындайтын әрекеттерді білдіретін сөздерді сәйкестендіріңіз.
2. Суреттерге қараңыз. Жедел көмек қызметтерінің телефон нөмірін жазыңыз.
атауын және олардың
29
3. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
Табиғатта _________________________________ болмайды.
Табиғатта өзін-өзі ұстау ережесін сақтау ____________________үшін қажет.
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Үйдегі қауіпсіздік ережелерін анықтайды. 1 қайшы мен оны абайсыз қолданудан туындайтын қауіпті әрекетті сәйкестендіреді; 1
шәйнек пен оны абайсыз қолданудан туындайтын қауіпті әрекетті сәйкестендіреді; 1
ине мен оны абайсыз қолданудан туындайтын қауіпті әрекетті сәйкестендіреді; 1
ұсақ заттар мен оны абайсыз қолданудан туындайтын қауіпті әрекетті сәйкестендіреді; 1
дәрі-дәрмек пен оны абайсыз қолданудан туындайтын қауіпті әрекетті сәйкестендіреді; 1
Жедел көмек қызметтерін және олармен хабарласу жағдайларын анықтайды. 2 өрт сөндіру қызметінің атауын көрсетеді; 1
жедел жәрдем қызметінің атауын көрсетеді; 1
полиция қызметінің атауын көрсетеді; 1
өрт сөндіру қызметінің телефон нөмірін жазады; 1
жедел жәрдем қызметінің телефон нөмірін жазады; 1
полиция қызметінің телефон нөмірін жазады; 1
Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың қажеттілігін көрсетеді. 3 табиғатта жасауға тыйым салынатын әрекеттерді жазады; 1
табиғатта өзін-өзі ұстау ережесін сақтаудың қажеттілігін жазады. 1
Барлығы 13
30
«Дені саудың — жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат
ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:__________________________________________
Бағалау критерииі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Үйдегі қауіпсіздік ережелерін анықгайды. Қауіпті заттарды абайсызда қолданудан туындайтын әрекеттерді анықтауда қиналады. □ Қауіпті заттарды абайсызда қолдану нәтижесін анықтауда (күйіп қалу / қадалу/ жұтып қою/ улану / кесіп алу) қателіктер жібереді. □ Қауіпті заттарды абайсызда қолданудан туындайтын әрекеттерді дұрыс анықтайды. □
Жедел көмек қызметтерін және олармен хабарласу жағдайларын анықгайды. Жедел көмек қызметтерін және олардың телефон нөмірлерін анықтауда қиналады. □ Жедел көмек қызметтерін және телефон нөмірлерін анықтауда (өрт сөндіру қызметі / жедел жәрдем қызметі / полиция қызметі) қателіктер жібереді. □ Жедел көмек қызметтерін және олардың телефон нөмірлерін дұрыс анықтайды. □
Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың қажеттілігін көрсетеді. Табиғатта өзін-өзі ұстау ережесін және оны сақгаудың қажеттілігін анықтауда қиналады. □ Табиғатта өзін-өзі ұстау ережесін / ережені сақгаудың қажеттілігін анықтауда қателеседі. □ Табиғатта өзін-өзі ұстау ережесін және оны сақтаудың қажеттілігін дұрыс анықтайды. □
32
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
33
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта «Дүниетану» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Дүниетану» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 — 4-сыныптар).
3. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы — 45 минут Балл саны — 20 балл
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп жауапты таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 9 тапсырмадан тұрады.
Көп жауапты таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
34
Тапсырма № Ортақ тақырып Бөлімше Оқу мақсаты Тапсырманың сипаттамасы Тапсырма саны Жалпы балл
1-2 1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік. 1.1.4.2 Тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру. Білім алушылар көп жауапты таңдауы бар жабық түрдегі тапсырмаларды орындайды. Олар бір дұрыс жауапты таңдайды. 2 2
3-4 СС q; і _о о >ч 0 CD 1 сс ц- сс 1.1.4.1 Жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру. 2 2
5 1.1 Мен және менің отбасым. 1.1.1.4 Тауар-ақша қатынасының қарапайым түрлерін түсіндіру. Білім алушылар қысқа жауапты қажет ететін 1 тапсырманы орындайды. 1 2
6 I— 3.1 Көне мәдениеттер мен өркениеттер. 1.3.1.1 Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу. Білім алушылар толық жауапты қажет ететін ашық түрдегі 1 тапсырманы орындайды. 1 5
7 >ч сс о 2.1 Жергілікті жерде бағдарлану. 1.2.1.2 Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру. Білім алушылар көп жауапты таңдауы бар жабық түрдегі тапсырмаларды орындайды. Олар бір дұрыс жауапты таңдайды. 1 3
8 _0 I I Білім алушылар толық жауапты қажет ететін ашық түрдегі 1 тапсырманы орындайды. 1 4
q X _0 <я о X CD а) Білім алушылар көп жауапты таңдауы бар жабық түрдегі тапсырмаларды орындайды. Олар бір дұрыс жауапты таңдайды. 1 1 d 00 Ь) Білім алушылар толық жауапты қажет ететін ашық түрдегі 1 тапсырманы орындайды. 1 4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі Дүниетану пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары І.Суреттегі тағамдар қандай түрге жатады? A) зиянды тағамдар B) сүт тағамдары C) пайдалы тағамдар D) нан тағамдары [1] 2. Зиянды тағамдар қатарын анықтаңыз. A) апельсин, айран, табиғи шырын B) майонез, газдалған сусын, кетчуп C) сәбіз, ірімшік, газдалған сусын D) қаймақ, майонез, күріш ботқасы [1] 3. Денені және киімді таза ұстау________________________деп аталады. A) табыс B) гигиена C) бақыт D) иммунитет [1] 4. Жеке бас гигиенасының негізгі ережесін анықтаңыз. A) Әр адам дұрыс тамақтану керек. B) Әр адамның жеке заттары болу керек. C) Әр адам спортпен айналысу керек. D) Әр адам сәнді киім кию керек. [1] 36 5. Саматтың 100 теңгесі бар. Ол осыған қандай үш түрлі тағам сатып ала алады? Саматқа үш түрлі тағам таңдауға көмектесіңіз. Екі түрлі нұсқасын жазып көрсетіңіз. 1._______________________________________ 2. [2] 6. Ежелгі адамдардың өмірі туралы суретке мұқият қараңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Ежелгі адамдар қайда тұрған? , 2. Олар тамақты қалай тауып жеген? , 3. Киімдерін неден тіккен?_______________ 4. Еңбек құралдарын неден жасаған? , 5. Отты қайдан алған? _______________ [5] 37 7. Адамдар табиғатқа қандай зиян келтіреді? Суреттен тауып, (^) белгілеңіз. 8. Суреттерде табиғатта өзін-өзі ұстаудың қандай ережелері бейнеленген? Жазыңыз. 1. Гүлдерді__________________________________болмайды. 2. Ағаштардың бұтақтарын_____________________болмайды. 3. Құстардың ұясына____________________________болмайды. 4. Жануарларға_______________________________болмайды. [4] 9. а) Суретке мұқият қараңыз. Берілген мақалдардың қайсысы суретке сай келеді? A) Отансыз адам - ормансыз бұлбұл. B) Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені. C) Таза болса табиғат - аман болар адамзат. D) Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады. [1] b) Балаларға қандай кеңес берер едіңіз? Өз ойыңызды жазыңыз. [1] 38 Балл қою кестесі Сұрақ № Жауап Балл Қосымша ақпарат 1 С 1 2 В 1 3 В 1 4 В 1 5 Жауап нұсқалары: 1. су, банан, алма 2. кекс, банан, балмұздақ 3. балмұздақ, шырын, алма 2 Кез келген екі дұрыс жауабы қабылданады. Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады. 6 Үңгірде/шалашта/үңгірде және шалашта 1 Аң аулау/терімшілік/аң аулау және терімшілік 1 Т еріден/жануарлардың терісінен/жабайы жануарлардың терісінен 1 Тастан/ағаштан/тастан және ағаштан 1 Найзағайдан/тастарды бір-біріне соғу арқылы/ найзағайдан және тастарды бір-біріне соғу арқылы/тастардан 1 7 2-сурет 1 3-сурет 1 5-сурет 1 8 Үзуге/жұлуға болмайды 1 Балл қоюда грамматикалық қателер есепке алынбайды. Сындыруға / кесуге болмайды 1 Тиісуге/бұзуға/ұстауға болмайды 1 Тиісуге/зиян келтіруге болмайды 1 9 а) С 1 9 b) Оқушылардың ықтимал жауаптары: Орманды ластамаңдар. Қоқыс қалдырмаңдар. Тазалықты сақтаңдар. Табиғатты аялаңдар. От жақпаңдар. Отты өшіріңдер. 1 Суреттің мазмұнына сәйкес кез келген дұрыс жауаптар қабылданады. Барлығы 20 39 5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз. Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз. Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады. Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз. Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз. 6. Модерация және балл қою Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *