СОР СОЧ ЖБ ТЖБ Дене шынықтыру 1 сынып

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Дене шынықтыру
1-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Дене шынықтыру» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 1-сыныпта жиынтық бағалау 3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
Шартты белгілер
* әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды (мүмкіндігінше) кіріктіру ұсынылады.
** бағдарламадағы оқу мақсаттарының бір бөлігі қолданылады.
2
Мазмұны
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР………………..5
«Ойын арқылы қозғалыс дағдыларын үйрету» бөлімі бойынша жиынтық бағалау..5
«Қозғалмалы ойындар арқылы қимыл-тірек аппаратын дамыту» бөлімі бойынша жиынтық бағалау………………………………………………..8
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы………………….11
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР……………….17
«Ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау………………………………………………………18
«Салауатты өмір салтын қалыптастыру» бөлімі бойынша жиынтық бағалау…..20
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы………………….23
3
4
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
5
«Ойын арқылы қозғалыс дағдыларын үйрету» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
Бөлімше: Дене белсенділігі кезінде жүрек соғысы және тыныс
алу.
Оқу мақсаты: 1.3.3.3 Дене жаттығуларын орындау кезінде
ағзадағы физикалық өзгерістерді анықтайды.
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі: Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
• Дене жаттығуларын орындайды.
• Дене жаттығуларын орындау кезіндегі ағзада (жүрек соғысы, тыныс алу) болатын өзгерістерді айтады.
Орындау уақыты: 20 минут
Тапсырма
Суретке қараңыз (жаттығуларды мұғалім орындап көрсетуі мүмкін). Жаттығуларды орындаңыз. Жаттығуларды орындау кезінде ағзаңызда болған өзгерістерді айтыңыз.
Бағалау критерийі Дескриптор Балл
Білім алушы
Дене жаттығуларын орындайды. бастапқы тұрыстарға дұрыс тұрады; 1
жаттығуларды (суретте көрсетілген/мұғалімнің көрсетуі бойынша) талапқа сай орындайды; 1
Дене жаттығуларын орындау кезіндегі ағзада (жүрек соғысы, тыныс алу) болатын өзгерістерді айтады. жүрек соғысындағы өзгерістерді атайды; 1
тыныс алудағы өзгерістерді атайды. 1
Барлығы 4
6
«Ойын арқылы қозғалыс дағдыларын үйрету» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Дене жаттығуларын орындайды. Бастапқы қалыпта тұруда және дене жаттығуларын талапқа сай орындауда қиналады. □ Бастапқы қалыпта тұруда / дене жаттығуларын талапқа сай орындауда қателіктер жібереді. □ Бастапқы қалыпты дұрыс сақтайды және дене жаттығуларын талапқа сай орындайды. |—|
Дене жаттығуларын орындау кезіндегі ағзада (жүрек соғысы, тыныс алу) болатын өзгерістерді айтады. Дене жаттығуларын орындау кезіндегі жүрек соғысында және тыныс алуда болған өзгерістерді сипаттауда қиналады. | | Дене жаттығуларын орындау кезіндегі жүрек соғысында / тыныс алуда болған өзгерістерді анықтауда қателіктер жібереді. | | Дене жаттығуларын орындау кезіндегі жүрек соғысында және тыныс алуда болған өзгерістерді дұрыс сипаттайды. |~~|
«Қозғалмалы ойындар арқылы қимыл-тірек аппаратын дамыту» бөлімі
бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше:
Оқу мақсаты:
Ойлау дағдыларының деңгейі: Бағалау критерийі:
Тірек-қимыл жаттығуларын дамыту.
1.2.8.8 Түрлі қарапайым әрекеттерді орындау кезінде өзінің рөлін және басқаларының рөлін біледі, тани бастайды, айырмашылықтарды құрметтейді.
Білу және түсіну
Қолдану
Білім алушы
• Өзінің рөлін орыңцайды және өзгелердің рөлін таниды.
• Түрлі дене әрекеттерін орындау барысында рөлдер арасындағы айырмашылықты анықтайды және сақтайды.
Орындау уақыты: 20 минут
Тапсырма
«Аралар» ойыны.
Ойынның шарты: Сыныптың жартысы «араның» рөлінде болады. Әр ойыншы «араның» қолында доп бар. Аралар допты қашушы топтың мүшелеріне қарай көздеп лақтырады. Қарсы топтың доп тиген ойыншысы «араға» айналып, басқаларды қууға көмектеседі. Ойын қарсы топтың барлық мүшесі «ара» рөліне енгенше жалғасады.
Ойынды рөлдерді ауыстыра отырып, ойнаңыз. Рөлдердің арасындағы айырмашылықты сипаттаңыз.
8
Бағалау критерийі Дескриптор Балл
Білім алушы
Өзінің рөлін орындайды және өзгелердің рөлін таниды. қуушы /қашушы араның рөлін орындайды; 1
өзге қатысушылардың рөлін анықтайды. 1
Түрлі дене әрекеттерін орындау барысында рөлдер арасындағы айырмашылықты анықтайды және сақтайды. рөлдер арасындағы айырмашылықты атайды; 1
ойын барысында рөлдер арасындағы айырмашылықты сақтайды. 1
Барлығы 4
9
«Қозғалмалы ойындар арқылы қимыл-тірек аппаратын дамыту» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне
қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:________________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Өзінің рөлін орындайды және өзгелердің рөлін таниды. Өзінің рөлін орындауда және өзгелердің рөлін анықтауда қиналады. Өзінің рөлін орындауда / өзгелердің рөлін анықтауда қателеседі. Өзінің рөлін дұрыс орындайды және өзгелердің рөлін анықтайды.
Түрлі дене әрекеттерін орындау барысында рөлдер арасындағы айырмашылықты анықгайды және сақтайды. Рөлдер арасындағы айырмашылықты анықтауда және сақгауда қиналады. □ Рөлдер арасындағы айырмашылықты анықтауда / сақтауда қателеседі. □ Рөлдер арасындағы айырмашылықты дұрыс анықтайды және сақтайды. □
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
11
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта «Дене шынықтыру» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Дене шынықтыру» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 — 4-сыныптар)
3. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы — 40 минут Балл саны — 6 балл
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: тірек-қозғалыс қимылдарын анықтауға және сипаттауға арналған сұрақтар, ойын арқылы дене қозғалыстарының дамуын тексеруге бағытталған сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа 2 тапсырмадан тұрады.
12
Тапсырма № Бөлім Бөлімше Оқу мақсаты Тапсырманың сипаттамасы Тапсырма саны Жалпы балл
1 Ойын арқылы қозғалыс дағдыларын үйрету Кеңістік динамикасы және қозғалыс Қауіпсіздік ережесі. 1.1.5.5 Түрлі кеңістіктерде бірқатар қарапайым іс-қимылдарды біледі және орындай алады. 1.3.4.4. Бірқатар дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды. Білім алушылар кедергілерден аттап өту және биіктіктен секіру жаттығуларын орындауда кездесетін қиыншылықтар мен тәуекелдерді атайды. 1 4
2 Қозғалмалы ойындар арқылы қимыл-тірек аппаратын дамыту. Секіртпемен орындалатын ойындар. 1.2.1.1 Дене қызметін орындау және оған қатысу кезінде қозғалыс идеяларын, стратегияларын және жоспарларын білу және түсіну. Білім алушылар эстафетаның шартын және ережелерін орындайды. 1 2
4. Мысал үлгілері және балл қою кестесі
«Дене шынықтыру» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Кедергілерден аттап өту (доп, гимнастикалық таяқша, орындық) және биіктіктен секіру жаттығуларын орындау кезіндегі қиындықтар мен тәуекелдерді атаңыз.
Кедергілерден аттап өту (доп, гимнастикалық таяқша, орындық) жаттығуларын орындаңыз.
Биіктіктен секіріп түсу жаттығуын жасаңыз.
[4]
2. «Секіртпемен секіру» эстафеталық ойынына қатысыңыз.
Ойынның шарты: Білім алушылар екі топқа бөлініп, алаңның бір шетіндегі сызықтың бойында тұрады. Алаңның қарама-қарсы жағына әр топқа арналған бір секіртпе қойылады. Мұғалімнің белгісі бойынша топтың әр мүшесі кезекпен секіртпеге қарай жүгіреді. Белгіленген межеге жеткеннен соң секіртпемен бір рет секіріп, кері қарай жүгіреді. Мәреге бірінші болып жеткен топ жеңіске жетеді.
14
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Кедергілерден аттап өту кезіндегі қиындықтар мен тәуекелдерді атайды; 1
Биіктіктен секіру кезіндегі қиындықтар мен тәуекелдерді атайды; 1
Кедергілерден аттап өту жаттығуын орындайды; 1
Биіктіктен секіріп түсу жаттығуын орындайды. 1
2 Эстафетаның шартын сақтайды; 1
Секіртпемен дұрыс секіреді. 1
Барлығы 6
15
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
16
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
17
«Ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
Бөлімше:
Оқу мақсаты:
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Бағалау критерийі:
Коммуникативті дағдыларын дамыту ойындары.
1.1.2.2 Негізгі дене қозғалыстарын және олардың қарапайым дене жаттығуларымен қалай байланысты болатынын біледі.
Білу және түсіну
Қолдану
Білім алушы
• Негізгі дене қозғалыстарын атайды.
• Негізгі дене қозғалыстарын қарапайым дене жаттығуларымен салыстырады.
Орындау уақыты: 20 минут
Тапсырма
1. Суреттерге қараңыз. Дене қозғалыстарын орындаңыз.
1.
2.
Орындалған дене қозғалыстарының қарапайым дене жаттығулармен байланысын анықтаңыз. Дене жаттығуларын орындаңыз.
Бағалау критерийі Дескриптор Балл
Білім алушы
Негізгі дене қозғалыстарын атайды. негізгі дене қозғалыстарын атайды; 1
дене қозғалыстарын орындайды; 1
Негізгі дене қозғалыстарын қарапайым дене жаттығуларымен салыстырады. негізгі дене қозғалыстарының қарапайым дене жаттығуларымен ұқсастығы мен айырмашылығын атайды; 1
дене жаттығуларын орындайды. 1
Барлығы 4
18
«Ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне
қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:_______________________________________
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Негізгі дене қозғалыстарын атайды. Негізгі дене қозғалыстарын атауда және орындауда қиналады. |—| Негізгі дене қозғалыстарын атауда / орындауда қателеседі. □ Негізгі дене қозғалыстарын дұрыс атайды және орындайды. |—|
Негізгі дене қозғалыстарын қарапайым дене жаттығуларымен салыстырады. Негізгі дене қозғалыстарын қарапайым дене жаттығулармен салыстыруда қиналады. ц Негізгі дене қозғалыстарын қарапайым дене жаттығуларымен ұқсастығын / айырмашылығын анықтаудэ—, қателеседі. 1 1 Негізгі дене қозғалыстарын қарапайым дене жаттығуларымен дұрыс салыстырады.
«Салауатты өмір салтын қалыптастыру» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше: Эстафета және қозғалмалы ойындар.
Оқу мақсаты: 1.2.5.5. Өзінің шығармашылық тапсырмаларының
күшті жақтарын және жақсартуды қажет ететін жақтарын іздейді және бақылайды.
Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі: Анализ
Бағалау критерийі: Білім алушы:
• Шығармашылық тапсырмаларды орындағаннан кейін өзінің күшті жақтарын атайды.
• Шығармашылық тапсырмаларды орындау нәтижелерін жақсарту жолдарын ұсынады.
Орындау уақыты: 25 минут
Тапсырма
1. Доппен орындалатын эстафеталық жаттығулар.
2. Доппен орындалатын эстафеталық жаттығулардың өзге нұсқаларын ұсыныңыз. Ең қызықты нұсқасын таңдап алыңыздар және жарысты ұйымдастырыңыздар.
20
Бағалау критерийі Дескриптор Балл
Білім алушы
Шығармашылық тапсырмаларды орындағаннан кейін өзінің күшті жақтарын атайды. эстафеталық жаттығулардың шартын орындайды; 1
өзінің күшті жақтарын атайды; 1
Шығармашылық тапсырмаларды орындау нәтижелерін жақсарту жолдарын ұсынады. орындау нәтижелерін жақсарту жолдарын ұсынады; 1
эстафеталық жаттығулардың өзге нұсқасын ұсынады. 1
Барлығы 4
21
«Салауатты өмір салтын қалыптастыру» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға
ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні:
Бағалау критерийі Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Шығармашылық тапсырмаларды орындағаннан кейін өзінің күшті жақтарын атайды. Тапсырмаларды орындауда және өзінің күшті жақтарын атауды қиналады. □ Тапсырмаларды орындауда / өзінің күшті жақтарын атауды қателеседі. □ Тапсырмаларды дұрыс орындайды және өзінің күшті жақтарын атайды. □
Шығармашылық тапсырмаларды орындау нәтижелерін жақсарту жолдарын ұсынады. Шығармашылық тапсырмаларды орындау нәтижелерін жақсарту жолдарын және өзге нұсқасын ұсынуда қиналады. □ Шығармашылық тапсырмаларды орындау нәтижелерін жақсарту жолдарын / өзге нұсқасын ұсынуда қателеседі. □ Шығармашылық тапсырмаларды орындау нәтижелерін жақсарту жолдарын және өзге нұсқасын дұрыс ұсынады. □
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
23
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта «Дене шынықтыру» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Дене шынықтыру» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 — 4-сыныптар)
3. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы — 40 минут Балл саны — 8 балл
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: тірек-қозғалыс қимылдарын анықтауға және сипаттауға арналған сұрақтар, ойын арқылы дене қозғалыстарының дамуын тексеруге бағытталған сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа 2 тапсырмадан тұрады.
24
Тапсырма № Бөлімше Бөлім Оқу мақсаты Тапсырманың сипаттамасы Тапсырма саны Жалпы балл
1 Жеке қозғалыс белсенділігі. Ойын арқылы қарым-қатынас пен әлеуметтік дағдылар. 1.1.6.6. Қарапайым, өзгертілген дене жаттығуларын орындау кезінде туындауы мүмкін тәуекелдерді және қиындықтарды біледі. Білім алушылар гимнастикалық қабырғада өрмелеу және арқанмен өрмелеу жаттығуларын орындау барысында туындайтын қиындықтар мен тәуекелдерді анықтайды. 1 4
2 Эстафета және қозғалмалы ойындар. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. 1.2.2.2. Әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше қалай жұмыс істеу керек екендігін біледі. Білім алушылар қозғалмалы ойындарға қатыса отырып, ойын шартын анықтайды және түрлендіріп ұсынады. 1 4
4. Мысал үлгілері және балл қою кестесі
«Дене шынықтыру» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Гимнастикалық қабырғада өрмелеу және арқанмен өрмелеу жаттығуларын орындау кезіндегі қиындықтар мен тәуекелдерді атаңыз.
Гимнастикалық қабырғамен өрмелеу жаттығуларын орындаңыз.
Арқанмен өрмелеу жаттығуларын орындаңыз.
[4]
2. Ойын шартын анықтаңыз. Ойынға ат қойыңыз. Ойынға қатысыңыз.
Ойын шартын түрлендіру жолдарын ұсыныңыз.
[4]
26
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Гимнастикалық қабырғада өрмелеу кезіндегі қиындықтар мен тәуекелдерді атайды; 1
Арқанмен өрмелеу кезіндегі қиындықтар мен тәуекелдерді атайды; 1
Гимнастикалық қабырғада өрмелеу жаттығуларын орындайды; 1
Арқанмен өрмелеу жаттығуларын орындайды. 1
2 Ойынның шартын анықтайды; 1
Ойынға ат қояды 1
Ойынның ережесін сақтайды; 1
Ойынның шартын түрлендіру тәсілін ұсынады. 1
Барлығы 8
27
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *