СОР СОЧ ЖБ ТЖБ БЖБ Жаратылыстану 3 сынып

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Жаратылыстану
3-сынып
1
ЖОБА
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 1-сыныпта жиынтық бағалау 3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
2
ЖОБА
Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР………………………4
«Тірі табиғат. Өсімдіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау…………………..4
«Тірі табиғат.Жануарлар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау…………………….7
1 -тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы………………………100
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР…………………….166
«Тірі табиғат. Адам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау………………………166
«Заттар және олардың қасиеттері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау…………….19
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы……………………….222
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР…………………….288
«Заттар және олардың қасиеттері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау………….28
«Жер және ғарыш» бөлімі бойынша жиынтық бағалау………………………….311
«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау………………………..344
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы……………………….377
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР…………………….433
«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау………………………..433
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы……………………….466
3
ЖОБА
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Тірі табиғат. Өсімдіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау («Тірі табиғат», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыптары аясында)
Бөлімше 2.1 Өсімдіктер
Оқу мақсаты 3.2.1.1 Өсімдіктердің фотосинтез үдерісінде оттегіні бөлуін
түсіндіру
3.2.1.2 Өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру 3.2.1.4 Адамның іс-әрекеттерінің өсімдіктердің саналуандығына әсерін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Фотосинтез үдерісін сипаттайды
• Өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына бейімделу жолдарын сипаттайды
• Адам әрекеттерінің өсімдіктер әлеміне тигізетін әсерін анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Фотосинтез үдерісінде өсімдік ауадан нені сіңіреді және нені бөліп шығарады? Суреттегі бағдарлардың тұсына жаз.
V I г / /
\ и г х
УйП
/
2-тапсырма
Суреттегі өсімдік қай топқа жатады? Белгіле (У).
4
Бұл өсімдік қоршаған орта жағдайларына қалай бейімделеді? Жаз.
3-тапсырма
Адамның өсімдіктер әлеміне тигізетін оң әсерлерін анықта.
1) Өсімдіктерді өсіру о
2) Өсімдіктерді көп мөлшерде жинау о
3) Өсімдіктердің жаңа түрлерін шығару о
4) Табиғи бірлестіктерді сақтау о
5) Суқоймаларын ластау о
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Фотосинтез үдерісін сипаттайды 1 фотосинтез үдерісі кезінде ауадан сіңірілетін газды анықтайды; 1
фотосинтез үдерісі кезінде ауаға бөлінетін газды анықтайды; 1
Өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына бейімделу жолдарын сипаттайды 2 өсімдіктің қоршаған орта жағдайларына бейімділігін анықтайды; 1
өсімдіктің қоршаған орта жағдайларына бейімделу жолдарын түсіндіреді; 1
Адам әрекеттерінің өсімдіктер әлеміне тигізетін әсерін анықтайды 3 адамның өсімдіктер әлеміне тигізетін оң әсерлерін анықтайды: бірінші екінші үшінші 1 1 1
Жалпы балл 7
5
«Тірі табиғат. Өсімдіктер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика («Тірі табиғат», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыптары аясында)
Білім алушының аты-жөні:
Бағалау критерийі Тапсырма № Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Фотосинтез үдерісін сипаттайды 1 Фотосинтез үдерісін сипаттауда қиналады. □ Фотосинтез үдерісі кезінде ауадан сіңірілетін/ ауаға бөлінетін газдарды анықтауда қателеседі. Фотосинтез үдерісін дұрыс сипаттайды. □
Өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына бейімделу жолдарын сипаттайды 2 Өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына бейімделу жолдарын түсіндіруде қиналады. □ Өсімдіктің қоршаған орта жағдайларына бейімділігін анықтауда/ бейімделу жолын түсіндіруде қателіктер жібереді. □ Өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына бейімделу жолдарын түсіндіреді. □
Адам әрекеттерінің өсімдіктер әлеміне тигізетін әсерін анықтайды 3 Адамның өсімдіктер әлеміне тигізетін оң әсерлерін анықтауда қиналады. Адамның өсімдіктер әлеміне тигізетін оң әсерлерін анықтауда қателеседі. □ Адамның өсімдіктер әлеміне тигізетін оң әсерлерін дұрыс анықтайды. □
6
«Тірі табиғат. Жануарлар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау («Тірі табиғат», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыптары аясында)
Бөлімше 2.2 Жануарлар
Оқу мақсаты 3.2.2.1 Жануарларды омыртқалыларға және
омыртқасыздарға жіктеу
3.2.2.2 Жануарларды тіршілік ортасы бойынша ажырату
3.2.2.6 Адамның жануарлар санының азаюына себепші болатын іс-әрекет түрлерін анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Омыртқалы және омыртқасыз жануарларды ажыратады
• Жануарлардың тіршілік ортасын анықтайды
• Адамның жануарлар санының өзгеруіне әсер ететін әрекеттерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Дене құрылысына қарай жануарлардың қай топқа жататынын анықта және жаз.
Ұлу —
Піл —
2-тапсырма
Жануарлардың атауын олардың тіршілік ортасымен сәйкестендір.
Қасқыр
Шұбалшаң
Торғай
Сазан
Су
Құрлық — ауа
Топырақ
7
ЖОБА
3-тапсырма
• Адамның қандай іс-әрекеттері жануарлар санының көбеюіне әсер етеді? Бір мысал келтір.
• Адамның қандай іс-әрекеттері жануарлар санының азаюына әсер етеді? Бір мысал келтір
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Омыртқалы және омыртқасыз жануарларды ажыратады 1 омыртқалы жануарды анықтайды; 1
омыртқасыз жануарды анықтайды; 1
Жануарлардың тіршілік ортасын анықтайды 2 суда тіршілік ететін жануарларды анықтайды; 1
құрлық-ауа қатынасында тіршілік ететін жануарларды анықтайды; 1
топырақ арасында тіршілік ететін жануарларды анықтайды; 1
Адамның жануарлар санының өзгеруіне әсер ететін әрекеттерін сипаттайды 3 адамның жануарлар санының көбеюіне әсер ететін әрекетіне мысал келтіреді; 1
адамның жануарлар санының азаюына әсер ететін әрекетіне мысал келтіреді. 1
Жалпы балл 7
8
ЖОБА
«Тірі табиғат.Жануарлар» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика («Тірі табиғат» және «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыптары аясында)
Білім алушының аты-жөні:_______________________________________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма № Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Омыртқалы және омыртқасыз жануарларды ажыратады 1 Омыртқалы және омыртқасыз жануарларды ажыратуда қиналады. □ Омыртқалы/ омыртқасыз жануарларды ажыратуда қателеседі. □ Омыртқалы және омыртқасыз жануарларды дұрыс ажыратады. □
Жануарлардың тіршілік ортасын анықтайды 2 Жануарлардың тіршілік ортасын анықтауда қиналады. □ Су/құрлық-ауа/топырақ арасында тіршілік ететін жануарларды анықтауда қателеседі. | 1 Жануарлардың тіршілік ортасын дұрыс анықтайды. □
Адамның жануарлар санының өзгеруіне әсер ететін әрекеттерін сипаттайды 3 Адамның жануарлар санының өзгеруіне ететін әрекеттеріне мысал келтіруде қиналады. | | Адамның жануарлар санының көбеюіне/азаюына әсер ететін әрекеттеріне мысал келтіруде қателіктер жібереді. | | Адамның жануарлар санының өзгеруіне әсер ететін әрекеттеріне мысал келтіреді. | 1
9
ЖОБА
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Жаратылыстану» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Жаратылыстану» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 — 4-сыныптар).
3. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы — 40 минут Балл саны — 16 балл
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларға білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда максималды балл жинау үшін білім алушыдан тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін 6 тапсырмадан тұрады.
10
ЖОБА
№ Бөлім Бөлімше Оқу мақсаты Т апсырманың сипаттамасы Тапсырма саны Жалпы балл
1 Тірі табиғат («Тірі табиғат» және «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен, жарық-қараңғы» ортақ тақырыптары аясында) 2.1 Өсімдіктер 3.2.1.1 Өсімдіктердің фотосинтез үдерісінде оттегіні бөлуін түсіндіру Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар тапсырмаларды орындайды. 1 1
3.2.1.2 Өсімдіктердің қоршаған орта жағдайларына (жылу, жарық, ылғал) бейімделу жолдарын түсіндіру 1 2
3.2.1.5 Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтаудағы Қызыл кітаптың рөлін анықтау Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 3
2 2.2 Жануарлар 3.2.2.1 Жануарларды омыртқалыларға және омыртқасыздарға жіктеу Білім алушы жабық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 4
3.2.2.4 Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы өзара байланысты зерттеу Білім алушы жабық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 3
3.2.2.6 Адамның жануарлар санының азаюына себепші болатын іс-әрекет түрлерін анықтау Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 3
Жалпы балл 6 16
11
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Жаратылыстану» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Фотосинтез үдерісінің нәтижесінде не пайда болады?
A) су
B) оттек
C) жарық
^) көмірқышқыл газ
2. Тікен шөлді жерге қалай бейімделген? Белгіле (^).
Жапырақтары жалпақ О
Жапырақтары жіңішке (^)
3.
Тамыры ұзын О Тамыры қысқа
[1]
[2]
Суретте бейнеленген кітап не үшін керек? Ол неге «Қызыл кітап» деп атал ады? Жаз .
Қазақста.шың «ьізыл Кітабы
Қызыл кітапқа енген екі өсімдікті жаз.
1) 2)
[3]
12
ЖОБА
4. Берілген тұжырымдардың дұрыс немесе бұрыс екенін анықтап, белгіле (^).
Тұжырымдар
Иә
Жоқ
1) Шұбалшаң — омыртқасыз жануар
2) Саршұнақ — омыртқасыз жануар
3) Шыбын — омыртқалы жәндік
4) Түлкі — омыртқалы жануар
[4]
5. Өсімдіктер мен жануарлардың байланысына қатысты 3 тұжырымды белгіле (^) .
Жануарлар өсімдіктерді тозаңдандырады.
Өсімдіктер жануарларға қорек болады.
Топырақтың түзілуіне көмектеседі.
Ауаны оттегімен қамтамасыз етеді.
Тұқымдардың таралуына көмектеседі.
[3]
6. Сұрақтарға жауап жаз.
1) Адамның қандай әрекетінен жануарлардың саны азайып кетуі мүмкін?
•/
2) Өрт жануарларға қандай зиян келтіреді?
3) Адамдар жануарлар дүниесін қалай қорғай алады?
[3]
13
ЖОБА
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 В (оттек) 1
2 Жапырақтары жіңішке 1
Тамыры ұзын 1
3 Қызыл кітап сирек кездесетін немесе жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды қорғау керектігін ескертеді/ кейбір өсімдіктер мен жануарларға жойылу қаупі төніп тұрғандығын ескертеді/адамдардың назарын жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларға аудару үшін қажет/… 1 Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады.
Бәйшешек/ақ тұңғиық/кәдімгі таушымылдық/кәдімгі емен/жаңғақты лотос/мүкжидек/қызғалдақ/… 2 Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.
4 1) Иә 1
2) Жоқ 1
3) Жоқ 1
4) Иә 1
5 Жануарлар өсімдіктерді тозаңдандырады. | ✓ | Топыракгын түзшуіне көмектеседі. Ауаны оттегімен камтамасыз етеді. Тұкымдардынтаралуына көмекгеседі. ( ^ 3 Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.
6 Тіршілік ортасы жағдайын өзгерту: батпақтарды құрғату/ормандарды кесу/жер жырту/құрылыс салу/ жол салу/суқоймаларын салу)/ өрт/аңшылық/… 1 Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады.
Жануарлар түтінге тұншығады/денелері күйіп қалады/ балалары немесе жұмыртқалары жанып кетеді/ұялары мен індері жойылады/… 1
Қорықтар мен ұлттық бақтар құрады/ жануарларды қорғау туралы заңдар шығарады/Қызыл кітапқа енгізеді/… 1
Жалпы балл 16
14
ЖОБА
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
15
ЖОБА
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Тірі табиғат. Адам» бөлімі бойынша жиынтық бағалау («Уақыт» ортақ тақырыбы аясында)
Бөлімше 2.3 Адам
Оқу мақсаты 3.2.3.1 Адамның ішкі ағзаларының орналасуын анықтау
3.2.3.3 Тыныс алу жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Орналасуы бойынша адамның ішкі ағзаларын анықтайды
• Тыныс алу жүйесінің мүшелерін атайды және рөлін сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
1-тапсырма
Суретке мұқият қара. Адамның ішкі ағзаларының атауларын жаз.
2-тапсырма
Тыныс алу жүйесі мүшелерінің атауын жаз.
• Өкпе қандай қызмет атқарады?
16
ЖОБА
Бағалау Тапсырма Дескриптор Балл
критерийі № Білім алушы
Орналасуы бойынша 1 адамның ішкі ағзаларын атайды; 1 -ағзаны 1
адамның ішкі 2-ағзаны 1
ағзаларын 3-ағзаны 1
анықтайды 4-ағзаны 1
Тыныс алу жүйесінің тыныс алу жүйесінің мүшелерін атайды; 1-мүшені 1
мүшелерін 2 2-мүшені 1
атайды және 3-мүшені 1
рөлін 4-мүшені 1
сипаттайды өкпенің қызметін сипаттайды. 1
Жалпы балл 9
17
«Тірі табиғат. Адам» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
(«Уақыт» ортақ тақырыбы аясында)
Білім алушының аты-жөні:
Бағалау критерийі Тапсырма № Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Орналасуы бойынша адамның ішкі ағзаларын анықтайды 1 Суреттегі орны бойынша адамның ішкі ағзаларын анықтауда қиналады. □ Суреттегі орны бойынша адамның ішкі ағзаларын анықтауда қателіктер жібереді: өкпе/жүрек/бауыр/ішек. ^^ Суреттегі орны бойынша адамның ішкі ағзаларын анықтайды. □
Тыныс алу жүйесінің мүшелерін атайды және рөлін сипаттайды 2 Тыныс алу жүйесінің мүшелерін анықтауда және рөлін сипаттауда қиналады. □ Тыныс алу жүйесінің мүшелерін анықтауда/ тыныс алу мүшелерінің рөлін сипаттауда қателіктер жібереді. □ Тыныс алу жүйесінің мүшелерін анықтайды және рөлін сипаттайды. □
18
«Заттар және олардың қасиеттері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау («Сәулет өнері», «Су-тіршілік көзі» ортақ тақырыптары аясында)
Бөлімше
Оқу мақсаты
3.1 Заттардың типтері
3.2 Ауа
3.3 Су
3.3.1.1 Заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша жіктеу
3.3.2.1 Ауаның құрамын сипаттау
3.3.3.6 Судың тіршілік үшін маңыздылығын түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Табиғи және жасанды денелерді ажыратады
• Заттардың агрегаттық күйлерін ажыратады
• Ауаның құрамын анықтайды
• Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Орындау уақыты
15 минут
1-тапсырма
Табиғи және жасанды денелерге 1 мысалдан келтіріп жаз.
2-тапсырма
Заттар қандай күйлерде бола алады? Жаз.
19
ЖОБА
3-тапсырма
Ауаның құрамына қандай газдар кіреді? Атауын жаз.
4-тапсырма
Судың адам өміріндегі маңыздылығына 1 мысал келтіріп жаз.
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
№ Білім алушы
Табиғи және жасанды табиғи денелерге мысал келтіреді; 1
денелерді ажыратады 1 жасанды денелерге мысал келтіреді; 1
Заттардың агрегаттық күйлерін ажыратады 2 заттың агрегаттық күйлерін атайды; 1
Ауаның құрамын анықтайды 3 ауаның құрамын сипаттайды: бірінші элемент екінші элемент үшінші элемент 1 1 1
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын сипаттайды 4 судың адам өміріндегі маңызын сипаттайды. 1
Жалпы балл 7
20
«Заттар және олардың қасиеттері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика («Сәулет өнері», «Су-тіршілік көзі» ортақ тақырыптары аясында)
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Тапсырма № Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Табиғи және жасанды денелерді ажыратады 1 Табиғи және жасанды денелерді ажыратуда қиналады Табиғи/ жасанды денелерді ажыратуда қателеседі. Табиғи және жасанды денелерді дұрыс ажыратады.
Заттардың агрегаттық күйлерін ажыратады 2 Заттардың агрегаттық күйлерін атауда қиналады. Заттардың агрегаттық күйлерін атауда қателеседі. Заттардың агрегаттық күйлерін дұрыс атайды. □
Ауаның құрамын анықтайды 3 Ауаның құрамына енетін газдарды атауда қиналады. Ауаның құрамына енетін газдарды атауда қателеседі. Ауаның құрамына енетін газдарды дұрыс атайды.
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын сипаттайды 4 Судың адам өміріндегі маңызын түсіндіруде қиналады. Судың адам өміріндегі маңызын түсіндіруде қателіктер жібереді. — Судың адам өміріндегі маңызын түсіндіреді.
21
ЖОБА
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Жаратылыстану» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Жаратылыстану» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 — 4-сыныптар).
3. 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы — 40 минут Балл саны — 16 балл
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларға білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда максималды балл жинау үшін білім алушыдан тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін 7 тапсырмадан тұрады.
22
ЖОБА
№ Бөлім Бөлімше Оқу мақсаты Тапсырманың сипаттамасы Тапсырма саны Жалпы балл
1 Тірі табиғат («Уақыт» ортақ тақырыбы аясында) 2.3 Адам 3.2.3.2 Асқорыту жүйесінің тіршілікке қажетті энергияны алудағы рөлін сипаттау Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 2
3.2.3.4 Қан айналымы жүйесін және оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 4
3.2.3.5 Адам ағзасының ауру мен инфекциядан қорғану жолдарын түсіндіру Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 1
2 Заттар және олардың қасиеттері («Сәулет өнері», «Су-тіршілік көзі» ортақ тақырыптары 3.1 Заттардың типтері 3.3.1.1 Заттарды шығу тегі және агрегаттық күйі бойынша жіктеу Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды 1 3
3.2 Ауа 3.3.2.1 Ауаның құрамын сипаттау Білім алушы жабық түрдегі сәйкестікті анықтауды қажет ететін тапсырманы орындайды 1 3
аясында) 3.3 Су 3.3.3.2 Судың негізгі табиғи көздерін салыстыру. 3.3.3.4 Суды тазартудың түрлі тәсілдерін ұсыну. Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар тапсырманы орындайды. 1 2
3.3.3.3 Ауыз суды үнемді қолдану қажеттілігін түсіндіру. Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 1
Жалпы балл 7 16
23
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Жаратылыстану» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Сұрақтарға жауап жаз.
1) Асқорытуға қандай мүшелер қатысады?
2) Тамақтанудың адам өмірінде қандай маңызы бар?
2. Сөйлемдерді толықтыр.
1) Адамның қанайналым жүйесі мүшелеріне
2) Қан ағзаны _
3) Қан ағзадан
[2]
пен
жатады.
қамтамасыз етеді. алып шығады.
[4]
3. Адам ауру мен инфекциядан қалай қорғана алады? 1 мысал келтіріп жаз.
[1]
4. Қатты, сұйық, газ күйіндегі денелерге 1 мысалдан келтір. Сызбаны толтыр.
[3]
24
ЖОБА
5. Ауаның құрамындағы газдарды пайыздық мөлшерімен сәйкестендір.
21%
78%
[3]
6. Дұрыс жауабын анықта.
1) Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстар қалай аталады?
A) көл
B) өзен
C) бұлақ ^)қайнар
2) Суды тазарту үшін қолданылатын табиғи зат:
A) саз
B) құм
C) тас ^) шөп
[2]
7. Суды қалай үнемдеуге болады? Жаз.
[1]
Азот
Оттегі
Көмірқышқыл газ және басқа газдар
25
ЖОБА
Балл қою кестесі

Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ішек
3-тен кем емес
Тамақтану ағзаға күш береді/адам ағзасының дұрыс өсіп-жетілуіне көмектеседі/
Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады.
жүрек
қантамырлар/тамыр
қоректік заттармен/оттегімен
көмірқышқыл газын / зиянды заттарды
Денені шынықтыру/спортпен айналысу/ жеміс-жидек пен көгөністерді көп жеу/дұрыс тамақтану/жеке бас гигиенасын сақтау/
Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады.
Әр дұрыс сәйкестікке 1 балл қойылады.
тас/мұз/ас тұзы
су/сүт/шырын
бу/бұлт/түтін/ауа
Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы жауаптар қабылданады.
А)
В)
Суды босқа ағызбау керек/ Су ағатын шүмекті дұрыс жауып жүру керек/
Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады.
Жалпы балл
16
1
1
1
1
1
2
1
1
3
1
4
3
5
6
7
26
ЖОБА
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
27
ЖОБА
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Заттар және олардың қасиеттері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау («Су-тіршілік көзі» ортақ тақырыбы аясында)
Бөлімше 3.4 Табиғат ресурстары
Оқу мақсаты 3.3.4.2 Топырақтың негізгі құрамын зерттеу (құм, саз,
өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары, су, ауа)
3.3.4.3 Топырақтың негізгі қасиеттерін анықтау
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі Қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Топырақтың негізгі құрамын анықтайды
• Топырақтың негізгі қасиеттерін атайды
Орындау уақыты 15 минут
1-тапсырма
Топырақтың құрамында қандай заттар бар?
2-тапсырма
Топырақтың қандай қасиеттері бар? 2 қасиетін жаз.
1)
2)
28
ЖОБА
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
№ Білім алушы
Топырақтың негізгі топырақтың құрамын анықтайды:
құрамын анықтайды 1 -элемент 1
1 2-элемент 1
3-элемент 1
4-элемент 1
5-элемент 1
Топырақтың негізгі 2 топырақтың қасиеттерін анықтайды:
қасиеттерін атайды 1 -қасиеті 1
2-қасиеті 1
Жалпы балл 7
29
«Заттар және олардың қасиеттері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика («Су-тіршілік көзі» ортақ тақырыбы аясында)
Білім алушының аты-жөні:
Бағалау критерийі Тапсырма № Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орташа Жоғары
Топырақтың негізгі құрамын анықтайды 1 Топырақтың құрамына енетін заттарды анықтауда қиналады. Топырақтың құрамына енетін заттарды анықтауда қателеседі. Топырақтың құрамына енетін заттарды дұрыс анықтайды.
Топырақтың негізгі қасиеттерін атайды 2 Топырақтың негізгі қасиеттерін анықтауда қиналады. Топырақтың негізгі қасиеттерін анықтауда қателеседі. Топырақтың негізгі қасиеттерін дұрыс анықтайды.
30
ЖОБА
«Жер және ғарыш» бөлімі бойынша жиынтық бағалау («Өнер», «Атақты тұлғалар» тақырыбы аясында)
Бөлімше 4.1 Жер
4.2 Ғарыш
Оқу мақсаты 3.4.1.1 Жер сфераларын түсіндіру және графиктік кескіндеу
3.4.2.1 Ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы
әңгімелеу
3.4.2.2 Адамзат дамуындағы ғарыштың маңызын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Жер сфераларын ажыратады және сипаттайды
• Ғарышты игерудің маңызды оқиғалары туралы әңгімелейді
• Ғарышты зерттеудің маңызын сипаттайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
1-тапсырма
Суреттегі бос орындарға Жер қабықтарының атауын жаз.
• Биосфера деген не?
2-тапсырма Сұрақтарға жауап жаз.
31
ЖОБА
• Тұңғыш қазақ ғарышкерінің аты-жөнін жаз.
• Ол ғарышқа қашан ұшты?_______________________
• Адамдар ғарышты не үшін зерттейді?___________
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Жер сфераларын ажыратады және сипаттайды 1 Жердің географиялық қабықтарын анықтайды: атмосфера гидросфера литосфера 1 1 1
биосфера қабығын сипаттайды; 1
Ғарышты игерудің маңызды оқиғалары туралы әңгімелейді Ғарышты зерттеудің маңызын сипаттайды 2 тұңғыш қазақ ғарышкерін атайды; 1
қазақ ғарышкерінің ғарышқа ұшқан уақытын көрсетеді; 1
ғарышты зерттеудің маңыздылығын сипаттайды. 1
Жалпы балл 7
32
ЖОБА
«Жер және ғарыш» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған
рубрика(«Өнер», «Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы аясында)
Білім алушының аты-жөні:__________________________________________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма № Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Жер сфераларын ажыратады және сипаттайды 1 Жер сфераларын анықтауда және сипаттауда қиналады. □ Жер сфераларын анықтауда/ жер сфераларын сипаттауда қателіктер жібереді. □ Жер сфераларын анықтайды және сипаттайды.
Ғарышты игерудің маңызды оқиғалары туралы әңгімелейді Ғарышты зерттеудің маңызын сипаттайды 2 Ғарышты игерудің маңызды оқиғаларын және ғарышты зерттеудің маңызын сипаттауда қиналады. □ Ғарышты игерудің маңызды оқиғаларын/ ғарышты зерттеудің маңызын сипаттауда қателіктер жібереді. | | Ғарышты игерудің маңызды оқиғаларын және ғарышты зерттеудің маңызын сипаттайды. □
33
ЖОБА
«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау («Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы аясында)
Бөлімше 5.1 Күштер және қозғалыс
Оқу мақсаты 3.5.1.1 Серпімділік күшін зерттеу және оның білінуіне
мысал келтіру
3.5.1.2 Ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру
3.5.1.3 Үйкеліс күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Серпімділік күші бақыланатын денелерді анықтайды
• Ауырлық күшін анықтайды және мысал келтіреді
• Үйкеліс күшін анықтайды және мысал келтіреді
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
1-тапсырма
Созған немесе қысқан кезде қай денелерде серпімділік күші пайда болады? Белгіле (^).
2-тапсырма Суретке қара.
• Сары тақтайша қандай күштің әсерінен майысты?______________________________
• Осы күшке өзің 1 мысал келтір._____________________________________________
3-тапсырма
Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде оның қозғалысына кедергі жасайтын күш пайда болады. Ол қалай аталады? _________________________________________________
• Осы күшке өзің 1 мысал келтір
34
ЖОБА
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Серпімділік күші бақыланатын денелерді анықтайды 1 серпімділік күші бақыланатын денелерді анықтайды: 1-дене 2-дене 3-дене 1 1 1
Ауырлық күшін анықтайды және мысал келтіреді 2 ауырлық күшін анықтайды; 1
ауырлық күшіне мысал келтіреді; 1
Үйкеліс күшін анықтайды және мысал келтіреді 3 үйкеліс күшін анықтайды; 1
үйкеліс күшіне мысал келтіреді. 1
Жалпы балл 7
35
ЖОБА
«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
(«Атақты тұлғалар» тақырыбы аясында)
Білім алушының аты-жөні:_____________________________________________________________________
Бағалау критерийі Тапсы рма № Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Серпімділік күші бақыланатын денелерді анықтайды 1 Серпімділік күші бақыланатын денелерді анықтауда қиналады □ Серпімділік күші бақыланатын бірінші/екінші/үшінші денені анықтауда қателеседі. □ Серпімділік күші бақыланатын денелерді дұрыс анықтайды. □
Ауырлық күшін анықтайды және мысал келтіреді 2 Ауырлық күшін анықтауда және мысал келтіруде қиналады. | 1 Ауырлық күшін анықтауда/ ауырлық күшіне мысал келтіруде қателеседі. | 1 Ауырлық күшін анықтайды және мысал келтіреді. □
Үйкеліс күшін анықтайды және мысал келтіреді 3 Үйкеліс күшін анықтауда және мысал келтіруде қиналады. □ Үйкеліс күшін анықтауда/ үйкеліс күшіне мысал келтіруде қателеседі. □ Үйкеліс күшін анықтайды және мысал келтіреді. □
36
ЖОБА
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Жаратылыстану» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Жаратылыстану» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 — 4-сыныптар).
3. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы — 40 минут Балл саны — 16 балл
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларға білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда максималды балл жинау үшін білім алушыдан тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін 5 тапсырмадан тұрады.
37
ЖОБА
№ Бөлім Бөлімше Оқу мақсаты Тапсырманың сипаттамасы Тапсырма саны Жалпы балл
1 3-бөлім. Заттар және олардың қасиеттері («Су-тіршілік көзі» ортақ тақырыбы аясында) 3.4 Табиғат ресурстары 3.3.4.3 Топырақтың негізгі қасиеттерін анықтау 3.3.4.1 Кейбір ағзалардың тіршілігіндегі топырақтың рөлін түсіндіру Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 4
4-бөлім. Жер және ғарыш («Өнер», «Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы аясында) 4.3 Кеңістік және уақыт 3.4.3.1 Жердің өз осінен айналуының салдарын түсіндіру Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 2
4.2 Ғарыш 3.4.2.1 Ғарышты игерудің кейбір айтулы оқиғалары туралы әңгімелеу 3.4.2.2 Адамзат дамуындағы ғарыштың маңызын түсіндіру Білім алушы жабық түрдегі сәйкестікті анықтауды қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 5
2 5-бөлім. Табиғат физикасы («Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы аясында 5.1 Күштер және қозғалыс 3.5.1.1 Серпімділік күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру 3.5.1.2 Ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру 3.5.1.3 Үйкеліс күшін зерттеу және оның білінуіне мысал келтіру 3.5.1.4 Күштің әсер ету бағытын анықтау Білім алушы жабық түрдегі көп жауапты таңдауы бар тапсырманы орындайды 1 2
Білім алушы жабық түрдегі сәйкестікті анықтауды қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 3
Жалпы балл 5 16
38
ЖОБА
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Жаратылыстану» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Суретке мұқият қара. Сұрақтарға жауап жаз.
1) Топырақтың түрін анықтап, жаз.___________________
2) Бұл топырақтың ең басты қасиеті қандай?__________
3) Топырақтың құрамын жақсарту үшін не істеу керек?
4) Топырақ жануарларға не үшін қажет?_______________
1) Жер өз білігінен __________________________________ сағатта бір рет айналып өтеді.
2) Жердің өз білігінен айналуының нәтижесінде ________________________________________ ауысады.
[2]
39
ЖОБА
3. Тұжырымдар дұрыс болуы үшін тиісті бөлімдерді сәйкестендір.
1) Адамнан бұрын ғарышқа … а) ғылыми зерттеулер жасайды
2) Ю. Гагарин — … Ь) Байқоңыр
3) Ғарышкерлер ғарышта … с) жануарлар ұшырылды
4) Әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы — … Ф ауа райы мен климатты зерттеуге
көмектеседі
5) Ғарышты игеру е) тұңғыш ғарышкер
[5]
4. Дұрыс жауабын анықта.
1) Заттардың өзгеріске түсіп, қайта өз қалпына келуіне әсер ететін күш қалай аталады?
A) үйкеліс күші
B) ауырлық күші
C) тартылыс күші Б) серпімділік күші
[1]
2) Бала велосипед теуіп бара жатыр. Велосипед дөңгелегі мен жер бетінің арасында қандай күш пайда болады?
A) үйкеліс күші
B) ауырлық күші
C) тартылыс күші Б) серпімділік күші
[1]
5. Күштердің қозғалыс бағытын анықта және сәйкестендір.
Ауырлық күші
Серпімділік
Үйкеліс күші
үнемі тік бағытта жоғары қарай
үнемі тік бағытта, төменге қарай
пішінді өзгертетін күшке қарсы
қозғалысқа қарама- қарсы жаққа
[3]
40
ЖОБА
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 қара топырақ 1 Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады.
құнарлылық 1
қарашірік пен тыңайтқыш қосу керек/ қопсыту керек/ суарып отыру керек 1
кейбір жануарлар топырақ арасында тіршілік етеді/ ін салады/ ыстық пен суықтан қорғанады/ кейбірі қыстайды/жұмыртқа салады/… 1
2 24 сағатта/ітәулікте 1
күн мен түн 1
3 1-с 1
2-е 1
3-а 1
4-Ь 1
5-6 1
4 О) 1
А) 1
5 3 Әр дұрыс сәйкестікке 1 балл қойылады.
г козғалыска карама- карсы жакка бағыпалады Ауырлыккүші к. \ )
Серпімділік күші 1 /х. үнемі тік багытта жоғарықарайбағытталады
1 К / \и ( „ . . 1/ \ үнемі тік бағытта, төменге қарай бағытталады |
Үикеліс күші Ү пішінді өзгертетін күшке қарсы бағытталады
Жалпы балл 16
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
41
ЖОБА
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
42
ЖОБА
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау («Демалыс мәдениеті, мерекелер» ортақ тақырыбы аясында)
Бөлімше 5.2 Жарық
5.3 Дыбыс 5.5 Электрлік
Оқу мақсаты 3.5.2.1 Көлеңкенің пайда болу себептері мен ерекшеліктерін
түсіндіру
3.5.2.2 Денелердің жарықты шағылыстыру қабілетін түсіндіру
3.5.3.1 Дыбыс қаттылығы дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көлеңкенің пайда болу себебін түсіндіреді
• Денелердің жарықты шағылыстыру қасиетін сипаттайды
• Дыбыс күшінің қашықтыққа тәуелділігін анықтайды
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Суретке мұқият қара. Ыдыстың артындағы қара дақ қалай аталады? Ол қалай пайда болады? Түсіндіріп жаз.
2-тапсырма
Суретке мұқият қара. Сұрақтарға жауап бер.
1) Жарықты шағылыстыратын денелерді ата. _________________________________
2) Жарықты жақсы шағылдыру үшін дененің беті қандай болу керек?___________
3-тапсырма
Суретке мұқият қара. Қай жақта тұрған адам машинаның дыбысын жақсырақ естиді? Белгіле (^).
43
ЖОБА
Неліктен? Түсіндір.
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Көлеңкенің пайда болу себебін түсіндіреді 1 көлеңкені анықтайды; 1
көлеңкенің пайда болу себебін сипаттайды; 1
Денелердің жарықты шағылыстыру қасиетін сипаттайды 2 жарықты шағылыстыратын денелерді атайды; 1
жарықты шағылыстыратын дененің қасиетін сипаттайды; 1
Дыбыс күшінің қашықтыққа тәуелділігін анықтайды 3 арақашықтығы бойынша дыбыс күшін анықтайды; 1
дыбыс күшінің қашықтыққа тәуелділігін сипаттайды. 1
Жалпы балл 6
44
«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
(«Демалыс мәдениеті, мерекелер» ортақ тақырыбы аясында)
Білім алушының аты-жөні_________________________________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма № Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Көлеңкенің пайда болу себебін түсіндіреді 1 Көлеңкенің пайда болу себебін түсіндіруде қиналады. □ Көлеңкенің пайда болу себебін түсіндіруде қателеседі. □ Көлеңкенің пайда болу себебін түсіндіреді. □
Денелердің жарықты шағылыстыру қасиетін сипаттайды 2 Жарықты шағылыстыратын денелерді атауда және дененің жарықты шағылыстыру қасиетін сипаттауда қиналады. □ Жарықты шағылыстыратын денелерді атауда/ дененің жарықты шағылыстыру қасиетін сипаттауда қателеседі. □ Жарықты шағылыстыратын денелерді атайды және дененің жарықты шағылыстыру қасиетін сипаттайды. ^^
Дыбыс күшінің қашықтыққа тәуелділігін анықтайды 3 Дыбыс күшінің қашықтыққа тәуелділігін түсіндіруде қиналады. Дыбыс күшінің қашықтыққа тәуелділігін түсіндіруде қателеседі. □ Дыбыс күшінің қашықтыққа тәуелділігін түсіндіреді. □
45
ЖОБА
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 4-сыныпта «Жаратылыстану» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Жаратылыстану» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 — 4-сыныптар).
3. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы — 40 минут Балл саны — 16 балл
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларға білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда максималды балл жинау үшін білім алушыдан тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін 5 тапсырмадан тұрады.
46
ЖОБА
№ Бөлім Бөлімше Оқу мақсаты Тапсырманың сипаттамасы Тапсырма саны Жалпы балл
1 5-бөлім. Табиғат физикасы «Демалыс мәдениеті, 5.2 Жарық 3.5.2.1 Көлеңкенің пайда болу себептері мен ерекшеліктерін түсіндіру 3.5.2.2 Денелердің жарықты шағылыстыру қасиетін түсіндіру Білім алушы жабық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 4
мерекелер» ортақ тақырыбы аясында) 5.3 Дыбыс 3.5.3.1 Дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігін түсіндіру Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 4
5.5 Электрлік 3.5.5.1 Электр энергиясы көздерін анықтау Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 3
3.5.5.3 Қарапайым электр тізбегін элементтерін көрсете отырып, сызба түрінде ұсыну Білім алушы сәйкестендіруді қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 2
5.6 Магниттілік 3.5.6.1 Магнит көмегімен әртүрлі металдардың магниттелу қасиетін зерттеу Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 3
Барлығы 5 16
47
ЖОБА
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Жаратылыстану» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Дұрыс тұжырымдарды белгіле (^).
Тұжырымдар дұрыс
Көлеңке тек жарық бар кезде ғана түседі.
Мөлдір және жартылай мөлдір денелер жарықты өткізеді.
Көлеңкенің пішіні заттың пішінін қайталайды.
Беті тегіс емес заттар жарықты жақсы шағылыстырады.
Көлеңкенің көлемі дене мен жарық көзінің арасындағы қашықтыққа байланысты.
[4]
2. Сөйлемдерді толықтыр.
1) Ауа бөлшектерінің қозғалысынан______________________________________пайда болады.
2) Тербеліс күшейген сайын дыбыс ________________________________________ шығады.
3) Дыбыс көзі алыс болған сайын дыбыс__________________________________ естіледі.
4) Өте қатты шыққан дыбыс есту қабілетін ______________________________.
Керекті сөздер. қаттырақ, нашар, төмендетеді, дыбыс.
3. Электр энергиясы көздерінің атауын жаз.
[4]
[3]
48
ЖОБА
4. Электр тізбегінің шартты белгілерін құралдармен сәйкестендір.
[2]
5. Сұрақтарға жауап жаз.
1) Магнитке тартылатын 1 заттың атауын жаз.
2) Заттар магниттік қасиетке ие болу үшін не істеу керек?
3) Қандай заттар жақсы магниттеледі?________________________
[3]
49
ЖОБА
Балл қою кестесі

Жауап
Балл
Қосымша
ақпарат
Тұжырымдар дүрыс
Көлеңке тек жарык бар кезде ғана түседі. ✓
Мөлдір және жартылаймөлдір денелер жарықты өгкізеді. ✓
Көлеңкенің пішіні заттың пішінін қанталайды. ✓
Беті тегіс емес заттаржарыкгыжаксы шагылыстырады.
Көлеңкенің көлемі дене мен жарык көзінің арасындағы кашыктыкка байланысты.
Әр дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.
дыбыс
қаттырақ
нашар
төмендетеді
су электр станциясы
атом электр станциясы
жылу электр станциясы
Әр дұрыс сәйкестікке 1 балл қойылады
шеге/ине/қайшы/түйреуіш/…
магнитке үйкелеу керек/магниттеу керек/
құрамында темірі бар заттар жақсы магниттеледі/темірден жасалған заттар/…
Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады.
Жалпы балл
16
1
4
2
3
4
2
1
1
5
1
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
50
ЖОБА
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
51

One thought on “СОР СОЧ ЖБ ТЖБ БЖБ Жаратылыстану 3 сынып

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *