СОР СОЧ ЖБ ТЖБ БЖБ Қазақ тілі (Т2) 3 сынып орыс тілінде

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде емес)
3-сынып
1
ЖОБА
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (орыс тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
2
ЖОБА
Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР…………………………4
«Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау………………………..4
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау…………7
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы…………………………. 10
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР………………………..17
«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау…………………………….. 17
«Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау………………………..20
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы…………………………..23
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР………………………..29
«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау……………………………….29
«Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау……………………..32
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы…………………………..35
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР………………………..41
«Су — тіршілік көзі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау…………………..41
«Демалу мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау…………..44
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы…………………………..47
3
ЖОБА
1-ТОҚСАН БОИЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Тыңдалым
Айтылым
3.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/ мазмұндау
3.2.1.1 Берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану
3.2.2.1 Берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
• Тақырыпқа қатысты сөздерді анықтайды және қолданады
• Тірек сөздерге сүйеніп әңгімелейді
Қолдану
20 минут
1-тапсырма
Мәтінді тыңда. Тапсырманы орында.
Қасқыр — күшті, жыртқыш аң. Оның аяқтары ұзын. Түсі сұр, қара болады. Денесі итке ұқсайды. Ол иісті жақсы сезеді.
Қасқырлар 15-16 жыл өмір сүреді. Қасқырдың баласын «бөлтірік» деп атайды. Қасқыр — дала санитары, өйткені олар ауру және әлсіз жануарлармен қоректенеді.
Қасқырды неліктен «дала санитары» деп атайды?
A) Өйткені олардың тұмсығы иісті жақсы сезеді.
B) Өйткені олардың тырнақтары өткір болады.
C) Өйткені олар ауру жануарлармен қоректенеді. Б) Өйткені олар он бес-он алты жыл өмір сүреді.
Кестедегі сұрақтарға жауап бер. Кестеге тірек сөздерді жаз.
Қасқыр қандай аң? Қасқырдың сыртқы сипаты қандай? Қасқыр қай жануарға ұқсайды? Қасқырдың баласын қалай атайды?

2-тапсырма
Қасқыр туралы әңгімеле. Кестедегі сөздерді қолдан.
4
ЖОБА
Бағалау Тапсырма Дескриптор Балл
критерииі № Білім алушы
Мәтін мазмұны берілген сұрақтың жауабын анықтайды; 1
бойынша мәтіннен сұраққа сәйкес тірек сөздерді
сұрақтарға жауап 1 анықтайды:
береді 1-сұраққа сәйкес сөздер 1
Тақырыпқа 2-сұраққа сәйкес сөздер 1
қатысты сөздерді 3-сұраққа сәйкес сөздер 1
анықтайды және 4-сұраққа сәйкес сөздер 1
қолданады
Тірек сөздерге тақырыпқа сәйкес мәтін құрап айтады; 1
сүйеніп 2 тірек сөздерді орынды қолданады; 1
әңгімелейді сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. 1
Жалпы балл 8
5
«Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған
рубрика
Білім алушының аты-жөні______________________________________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма № Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді Тақырыпқа қатысты сөздерді анықтайды және қолданады 1 Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде және мәтіннен тірек сөздерді анықтауда қиналады. □ Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде/ мәтіннен тірек сөздерді анықтауда қателіктер жібереді. □ Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді және тірек сөздерді анықтайды. □
Тірек сөздерге сүйеніп әңгімелейді 2 Берілген тірек сөздердің негізінде мәтін құрауда қиналады. □ Тақырыпқа сәйкес мәтін құрауда / тірек сөздерді қолдануда/ тілдік нормаларды сақтап сөйлеуде қателіктер жібереді. □ Берілген тірек сөздердің негізінде мәтін құрап айтады. □
6
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Оқу мақсаты
Оқылым
Жазылым
3.3.3.1 Мәтіннің жанрын (әңгіме,тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату,баяндау/ сипаттау мәтіндерін анықтау
3.3.2.1 Жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан
құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну
3.5.1.2 Өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/ септік/ жіктік жалғаулы сөздерді ауызша және жазбаша тілде қолдану
3.5.1.5 Мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннің түрін ажыратады Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды Көптік жалғаулы сөздерді анықтайды Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Білу және түсіну Қолдану
20 минут
1-тапсырма
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Кәрі әже
Біздің үйдің он алтыншы пәтерінде кәрі әжей тұрады. Бірақ ол үйде жалғыз болмайды. Оған мектеп оқушылары келіп тұрады. Қыздар әжейдің бөлмесін жинайды. Ұлдар дүкеннен азық -түлік әкеледі. Әжей балаларға қызық әңгімелер айтады. Олар қызыға тыңдайды.
• Мәтінге сәйкес сөйлемдерді белгіле (^).
Әжейге мектеп оқушылары келеді.
Әжей балаларға тамақ дайындайды.
Қыздар әжейдің бөлмесін жинайды.
Мәтіннің түрін анықта.
сипаттау мәтіні
әңгімелеу мәтіні
пайымдау мәтіні
7
ЖОБА
• Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың? Жаз.
2-тапсырма
Мәтіннен көптік мағынада тұрған 2 сөз тауып жаз. Бір сөзбен сөйлем құрастырып жаз.
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды 1 мәтінге сәйкес сөйлемдерді анықтайды: 1-сөйлем 2-сөйлем 1 1
мәтіннің түрін анықтайды; 1
мәтіннің негізгі ойын тұжырымдайды; 1
Көптік жалғаулы сөздерді анықтайды Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды 2 көпше түрдегі сөздерді анықтайды; 1
көпше түрдегі сөзді қатыстырып сөйлем құрастырады; 1
сөйлемнің құрылымын сақтайды. 1
сөйлемді қатесіз жазады. 1
Жалпы балл 8
8
ЖОБА
«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға
ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Тапсырма № Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды 1 Мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлемдерді табуда, мәтіннің негізгі ойын анықтауда қиналады. □ Мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлемдерді анықтауда/ мәтіннің негізгі ойын тұжырымдауда қателеседі. □ Мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлемдерді табады, мәтіннің негізгі ойын анықтайды. □
Көптік жалғаулы сөздерді анықтайды Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды 2 Мәтіннен көптік жалғаулы сөздерді тауып, сөйлем құрастыруда қиналады. □ Мәтіннен көптік жалғаулы сөздерді анықтауда/ сөйлемнің құрылымын сақтауда қателіктер жібереді. □ Мәтіннен көптік жалғаулы сөздерді тауып, сөйлем құрастырады. □
9
ЖОБА
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 3- сыныпта «Қазақ тілі» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы), 1-4 сыныптар
3. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы — 40 минут Балл саны — 16 балл
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым, екінші тапсырма айтылым дағдысын, үшіншісі оқылым дағдысын, төртінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
10
ЖОБА
№ Ортақ тақырыптар Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқу мақсаты Тапсырманың сипаттамасы Тапсырма саны Жалпы балл
1 Жанды табиғат Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен (жарық пен қараңғы) Тыңдалым 3.1.2.1 Баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну 3.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1,5-2 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және сюжеттің даму желісі бойынша иллюстрациялар орналастыру/кесте толтыру/мазмұндау Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 4
2 Айтылым 3.2.4.1 Жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау 3.2.5.1 Оқылған/тыңдалған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша …, менің көзқарасым бойынша …, себебі …) дәлелдеу Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 4
3 Оқылым 3.3.3.1 Мәтіннің жанрын (әңгіме,тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, әңгімелеу/ сипаттау мәтіндерін анықтау 3.3.2.1 Жиі қолданылатын сөздер мен фразалардан құрастырылған шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар тапсырманы орындайды. 1 4
4 Жазылым 3.4.5.2Дауыссыз б-п, қ-ғ, к-г дыбыстары кездесетін сөздерді емлесін сақтап жазу 3.5.1.5 Мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құру Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 4
Жалпы балл 4 16
11
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тапсырма
Тыңдалым
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Жаралы құс
Ажар жаралы құсты көріп, үйге алып келді. Жарасына йод жағып, байлап қойды. Құсты қорапқа салды. Алдына жем, су қойды. Бірнеше күннен кейін құс үйдің ішінде ұша бастады. Ажар құсты далаға алып шықты. Құс ұшып кетті. Ажар оған ұзақ қарап тұрды. Ол қуанды.
Мәтіннің мазмұны бойынша суреттердің ретін көрсет (1,2,3,4,5).
Сұрақтарға жауап бер. Кестеге тиісті сөздерді жаз.
Ажар үйге қандай құсты алып келді? Ажар құсты қалай күтті? Ажар неге қуанды?

[4]
12
ЖОБА
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Щ І& I#. Ж 1
Жаралы құсты/ жаралы 1 Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы, қысқа және толық жауаптар қабылданады.
Жарасына йод жақты/жарасын байлады/жем-су берді/ 1
Жарасы жазылғаны үшін/ Құстың жарасы жазылғанына қуанды/ құстың ұша алғаны үшін/… 1
Жалпы балл 4
Айтылым
2. Жоспар бойынша тыңдаған мәтіннің мазмұнын айт. Тірек сөздерді пайдалан.
Тірек сөздер: жараланған құс, йод жақты, байлады, ұша бастады, жем, су, жазылды, алысқа
ұшып кетті, қуанды
Жоспар:
1. Жаралы құс
2. Ажардың қамқорлығы
3. Қуаныш
• Ажар қандай қыз деп ойлайсың? Неліктен?
[4]
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
2 Білім алушының ықтимал жауабы: Ажар ауладан жаралы құс көрді. Оны үйге алып келді. Жараға йод жақты, оны байлады. Содан соң құсқа тамақ берді. Құстың жарасы жазылды. Ажар құсты далаға шығарды. Құс ұшып кетті. Ажар қуанды. 1 Мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес, жүйелі баяндайды.
1 Тірек сөздерді орынды қолданады.
1 Тілдік нормаларды сақтап сөйлейді.
Ажар-мейірімді қыз. Ол жаралы құсқа көмектесті/Ажар қанаты сынған құсқа жақсылық жасады. Ажар маған ұнайды. 1 Сұраққа сәйкес дәлелді пікір айтады.
Жалпы балл 4
13
ЖОБА
Оцылым
3. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Атасы мен немересі
Саматтың атасы қартайды. Оның аяғы ауыратын болды. Көзі де дұрыс көрмейді. Самат атасына көмектеседі. Атасын далаға ертіп шығады. Қолына су құяды.
Сүлгісін әпереді. Атасының төсегін салады. Көрпесін жабады.
Атасы немересіне алғыс айтады.
V_____________________________________________________________________________________________У
• Кейіпкерлер мен олардың іс-әрекетін сәйкестендір.
Атасы
Самат
Далаға ертіп шығады.
Далада доп ойнайды.
Алғыс айтады.
Мәтін қай жанрда жазылған? Белгіле (^).
мақал-мәтел
О
бата
әңгіме
О
тұрмыс-салт жырлары
Мәтіннің негізгі ойына сәйкес болатын сөзді анықта.
әдептілік
қамқорлық
адалдық
мейірімділік
[4]
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
3 0“ 1 Әр дұрыс сәйкестікке 1балл қойылады.
1 А —“ -1 1
әңгіме 1
қамқорлық 1
14
ЖОБА
Жалпы балл
4
Жазылым
4. Сөздерге «ы», «і» әріптерінің тиістісін қосып, сөзді өзгертіп жаз.
Аяқ —
Төсек —
• Кез келген сөзбен бір сөйлем құрастырып жаз.
[4]
15
ЖОБА
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
аяғы 1
төсегі 1
4 Білім алушының ықтимал жауаптары: Саматтың атасының аяғы ауырады/ Үстелдің төрт аяғы бар/ Менің төсегім үлкен… 1 Тапсырманың мазмұнына сәйкес баламалы сөйлемдер қабылданады. Сөйлемнің құрылымын сақтайды.
1 Сөйлемдегі сөздерді қатесіз жазады .
Жалпы балл 4
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
16
ЖОБА
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Тыңдалым
Айтылым
3.1.2.1 Баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер
мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
3.2.2.1 Берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем)
Білім алушы
• Шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратады
• Тірек сөздерге сүйеніп әңгімелейді
Білу және түсіну Қолдану
20 минут
1-тапсырма
Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Менің атым — Айдар. Жасым сегізде. Мен үшінші сыныпта оқимын. Уақытты дұрыс пайдалану үшін күн тәртібі кестесін жасадым. Таңертең сағат 7-де тұрамын. Төсегімді жинаймын. Беті-қолымды жуып, таңғы асымды ішемін. Киініп, мектепте барамын. Мен бірінші аусымда оқимын. Сағат 8-де сабақ басталады. Үйге келіп, түскі асымды ішемін. Біраз демаламын. Далаға шығып, серуендеймін. Үй тапсырмасын орындаймын. Бос уақытымда теледидар көремін. Ұйықтар алдыңда кітап оқимын. Сағат 10-да ұйықтаймын.
Мәтінге сәйкес екі сөйлемді белгіле (У).
Ол үшінші сыныпта оқиды. | |
Ол бос уақытында киноға барады. | |
Ол өзінің уақыт кестесін жасады. | |
• Сұрақтарға қысқаша жауап жаз.
1) Айдар таңертең сағат нешеде тұрады?
2) Ол кешке сағат нешеде ұйықтайды?
2-тапсырма
Уақыт кестесін құрудың қандай пайдасы бар? Тірек сөздерге сүйеніп, әңгімеле. Тірек сөздер:
Күн тәртібін сақтау, бос уақыт, уақытты дұрыс пайдалану, уақытты дұрыс бөлу, жұмыс пен демалысты реттеу, уақытты босқа өткізбеу.
17
ЖОБА
Бағалау Тапсырма Дескриптор Балл
критерипі № Білім алушы
Шағын мәтіндегі мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдерді
сөйлемдердің 1 анықтайды; 1
мағынасын 1-сөйлем 1
ажыратады 2-сөйлем
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға
жауап береді: 1
1-сұрақ 1
2-сұрақ
Тірек сөздерге 2 тақырыпқа сәйкес ойын айтады; 1
сүйеніп тірек сөздерді орынды қолданады; 1
әңгімелейді сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды. 1
Жалпы балл 7
18
«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні_________________________________________________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма № Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Шағын мәтіндегі сөйлемдердің мағынасын ажыратады 1 Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде, мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдерді анықтауда қиналады. | | Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруде/ мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдерді анықтауда қателеседі. □ Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, мәтін мазмұнына сәйкес сөйлемдерді анықтайды. □
Тірек сөздерге сүйеніп әңгімелейді 2 Берілген тірек сөздердің негізінде тақырып бойынша сөйлеуде қиналады. □ Берілген тақырыпқа сәйкес сөйлеуде/ тірек сөздерді қолдануда/ тілдік нормаларды сақтауда қателіктер жібереді. |——| Тірек сөздерді қолдана отырып, берілген тақырыпқа сәйкес ойын айтады. □
19
ЖОБА
«Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру
3.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздердің мағынасын ажырату, ауызша және жазбаша тілде қолдану
3.5.1.5 Мұғалімнің қолдауымен үлгі бойынша сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жай және құрмалас сөйлем құру
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап береді
• Заттың сынын білдіретін сөздерді орынды қолданады
• Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты
3.3.4.1 Мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі
Орындау уақыты
20 минут
1-тапсырма
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Астанадағы «Бәйтерек» монументі 2002 жылы салынған. Оның биіктігі-97 метр. Ғимарат үш бөліктен тұрады. Жоғарғы жағында алтын түсті шар орналасқан. Аңыз бойынша ол самұрық құстың жұмыртқасы деп саналады. Бәйтерек «өмір ағашы» деген мағынаны білдіреді.
«Бәйтерек» монументі — Астана қаласының символы.
V
• «Бәйтерек» сөзі қандай мағынаны білдіреді?
• Қандай? қай? қашан? қайда? сұрақтарын қолданып, мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.
20
ЖОБА
2-тапсырма
Суретке қара. Бөлмені 4-5 сөйлеммен сипаттап жаз.
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап береді 1 мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап береді; 1
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ құрастырады; 1
Заттың сынын білдіретін сөздерді орынды қолданады Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды 2 сипаттау сөздерді орынды қолданады; 1
сөйлемдердің құрылымын сақтайды; 1
сөйлемдерді қатесіз жазады; 1
бас әріп пен тыныс белгілерін дұрыс қолданады. 1
Жалпы балл 6
21
ЖОБА
«Сәулет өнері» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Тапсырма № Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қойып, жауап береді 1 Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастыруда және сұрақтарға жауап беруде қиналады. | | Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастыруда/ мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде қателеседі. □ Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қояды және сұрақтарға дұрыс жауап береді. □
Заттың сынын білдіретін сөздерді орынды қолданады Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтайды 2 Суретті сипаттайтын сөйлемдер құрастырып жазуда қиналады. □ Сөйлемдердің құрылымын сақтауда/ сын есімдерді қолдануда/ бас әріп пен тыныс белгілерін қоюда қ_р ^ед, ^ Суретті сипаттайтын сөйлемдер құрастырып жазады. □
22
ЖОБА
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Қазақ тілі» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы), 1-4 сыныптар
3. 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы — 40 минут Балл саны — 16 балл
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырма тыңдалым дағдысын, екіншісі — айтылым, үшіншісі — оқылым, төртіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
23
ЖОБА
№ Ортақ тақырып Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқу мақсаты Тапсырманың сипаттамасы Тапсырма саны Жалпы балл
1 Сәулет өнері Уақыт Тыңдалым 3.1.2.1 Баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну 3.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен заттың атын/ сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздер мен көмекші сөздердің мағынасын ажырату, ауызша және жазбаша тілде қолдану Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет етенін тапсырманы орындайды. 1 4
2 Айтылым 3.2.1.1 Берілген тақырыпқа қатысты сөздерді табу және сөйлеу барысында қолдану 3.2.3.1 Белгілі тақырыптағы әңгімеге қатысу және сұхбаттасын түсіну және олардың ойын толықтыру Білім алушы ашық түрдегі қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 4
3 Оқылым 3.3.4.1 Мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 4
4 Жазылым 3.4.2.1 Оқыған/аудио/бейне материалдың мазмұнын тірек сөздерді қолданып жазу 3.4.3.1 Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қолдану Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды. 1 4
Жалпы балл 4 16
24
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Астанада «Думан» ойын — сауық орталығы бар. Ол 2003 жылы ашылды. Бұл -Қазақстандағы жалғыз мұхитарал. Оған жыл сайын Қызыл теңізден 120 тонна тұз әкеледі. Мұхитарал — үлкен және әдемі кешен. «Думанда» 3 үлкен көрме және 31 аквариум бар.
Бүгін жексенбі. Біз отбасымызбен «Думанға» бардық. Кассадан билет алып, ішіне кірдік. Онда акулалар, неше түрлі балықтар, тасбақалар мен сегізаяқтар бар екен. Біз оларды көріп, тамашаладық.
Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтыр.
«Думанда»
бар.
Керекті сөздер: аквариум, көрме, жануарлар
• «Думанға» жыл сайын қанша тонна тұз әкелінеді? Белгіле (^).
31 120 3
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 көрме 1
аквариум 1
жануарлар/… 1 Балықтар/тасбақалар/сегізаяқтар жауаптары да қабылданады.
120 1
Жалпы балл 4
25
ЖОБА
Айтылым Жұптық жұмыс
2. «Еліміздің ғимараттары» тақырыбында диалог құрастыр. Сипаттау сөздерін қолдан.
[4]
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
2 Білім алушының ықтимал жауабы: -Қанат, сен еліміздегі қандай ғимараттарды білесің? -Мен Қожа Ахмет Ясауидың кесенесін көрдім. -Ол қайда орналасқан? -Түркістан қаласында — Кесене қандай? — Биік күмбезді, үлкен, әдемі. Бірнеше бөлмеден тұрады. 1 Тақырыпқа сәйкес болатын кез келген диалог қабылданады. Тақырыпқа сәйкес сұрақтар қояды.
1 Сұрақтарға лайықты жауап береді.
1 Сипаттау сөздерін қолданады.
1 Сөйлемдердің құрылымын сақтайды.
Жалпы балл 4
Оқылым
3. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Құмырсқа мен қоңыз бір сыныпта оқып жүрді. Құмырсқа жақсы оқиды. Ал қоңыздың күнделігі нашар бағаға тола берді. Бір күні ол құмырсқадан:
— Сенің жақсы оқуыңның сыры неде? — деп сұрады.
— Оның сыры уақыт кестесінде, — деді құмырсқа.
— Уақыт кестесі деген не? — деп таң қалды қоңыз.
— Ол уақытты дұрыс бөлу, тиімді пайдалану, — деді құмырсқа.
Қоңыз өзінің уақыт кестесін жасады. Бірақ оның көп бөлігін ойынға арнады.
Құмырсқа неліктен жақсы оқыды?_
Әр кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты бір сұрақ құрастырып жаз.
ж
1) Өзің құрастырған сұрақтың біреуіне жауап жаз._______________________________________
[4]
26

11 thoughts on “СОР СОЧ ЖБ ТЖБ БЖБ Қазақ тілі (Т2) 3 сынып орыс тілінде

  1. Казахский язык 3 класс с русским обучением :
    Сор по разделу Онер можете отправить

  2. Здравствуйте, не могли бы отправить СОРпо теме Атакты тулгалар? 3 класс 3 четверть русский язык обучения.

  3. Можно заказать каз-яз 3, 4к,5 классы СОРы и СОЧ. Химия 7, 8, 9 кл СОРы и СОЧи, естествознание 5, 6 кл, СОРы и Сочи и 9 кл Биология СОРы СОЧи

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *