СОР Қазақ тілі мен әдебиеті 9 сынып — ЖБ БЖБ Казахский язык и литература 9 класс

«Қазақ тілі мен әдебиеті» 9-сынып пәнінен (оқыту қазақ тілінде емес) жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

МАЗМҰНЫ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР………………..4
«Қазақ жазуының даму жолы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау…………….4
«Жолың болсын, жолаушы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау……………….8
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР……………….12
«Заң — қоғамның тірегі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау………………12
«ҚР Тұңғыш Президенті күні — Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы» бөлімі
бойынша жиынтық бағалау………………………………………….16
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР……………….20
«ЭКСПО-2017» — Қазақстанның белесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау……20
«Биотехнология жаңалықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау…………..23
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР……………….26
«Жаһандық мәселе: демография» бөлімі бойынша жиынтық бағалау…………26
«Роботтар мен киборгтер әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау………..31
3
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Қазақ жазуының даму жолы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым
Айтылым
Оқу мақсаты
9.1.1.1 Тыңдалатын мәтіндегі фразалар мен дәйексөздерді талқылай отырып, тақырып пен көтерілетін мәселені болжау
9.2.1.1 Берілген тақырыпқа сай сөздерді орынды қолдана отырып, мақсатты аудиторияға арналған ауызша мәтіндер құрастыру
Бағалау критерийі
Білім алушы:
• Фразалар мен дәйексөздерге сүйеніп, тақырып пен көтерілетін мәселені болжайды
• Сөздерді қолданып, мақсатты аудиторияға сай ауызша мәтіндер құрастырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Берілген сөздер мен сөз тіркестері арқылы тақырыпты, көтерілетін мәселені болжаңыз. Себебін түсіндіріңіз. Өз жауабыңызды бірінші бағанға жазыңыз.
Ұсынылатын сөздер мен дәйексөздер: Жазу жүйесі, көне түркі мұралары, араб графикасы, қазақ әліпбиі, латын графикасы, «Латын графикасына көшу қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады» (Н.Ә.Назарбаев).
Менің болжамым Мәтін тақырыбы және көтерілген мәселе
Тақырып: Тақырып:
Мәселе: Мәселе:
2. Мәтінді тыңдап, тақырыбы мен көтерілген мәселені кестенің екінші бағанына жазыңыз.
Көне заманнан бері қазақтар әртүрлі жазу жүйесін пайдаланып келген. Олардың алғашқысы — қазақпен бірге басқа да түркі халықтарына ортақ болған руна жазуы. Осы жазу үлгісінде Күлтегін, Білге қаған ескерткіштері сияқты көне түркі мұралары сақталған. У-ХІІ ғасырларды қамтитын руна жазуы Орхон, Енисей, Талас өзендері бойынан табылып отыр. Мұның өзі біздің ата-бабаларымыздың өмір сүрген географиялық орындарын көрсетеді. VIII-ІХ ғасырларда қазақ даласына мұсылман дінінің келуі араб жазуын ала келді. Араб графикасына негізделген жазу үлгісі 1929 жылға дейін сақталып келді. Яғни осы тұсқа дейін жазылған еңбектер араб жазуы негізінде хатқа түсті. Оны Ш.Уәлиханов,
А.Құнанбаев, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім сияқты ұлы тұлғалар қолданды. ХХ ғасырдың басында А.Байтұрсынұлы араб жазуын қазақ тілінің заңдылықтарына орай бейімдеп, қазақ
4
әліпбиін жасады. Осы әліпби негізінде кітаптар жарық көрді, шәкірттер білім алды. Мағжан, Абай, Мұхтар секілді алыптардың еңбектері осы әліпби негізінде жазылды. 1929-1940 жылдар аралығында халқымыз латын графикасы негізіндегі әліпбиді пайдаланды. 1940 жылдан бастап қазіргі қолданыстағы кирилицаға негізделген әліпби қолданылуда.
Қазіргі кезде қоғамда латын әліпбиіне көшу мәселесі көтерілу үстінде. Ел арасында түрлі пікірлер айтылады. Біреулері қолдаса, кейбірі әліпбиді ауыстыруға ұзақ уақыт, көп қаражат, сонымен қатар интеллектуалдық күш-жігер керек деген көзқараста.
Ал еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Латын графикасына көшу қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады», — деген болатын. Сондықтан біздің латын әліпбиіне көшуіміз әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіру жолындағы маңызды қадам болмақ.
3. Сіз қалаңыздағы жастар форумына қатысуға шақырту алдыңыз. Жастарға арнап латын әліпбиіне көшудің тиімділігі мен маңызы туралы ауызша мәтін құраңыз. Мәтін мазмұнында келесі сөздер және сөз тіркестерін қолданыңыз: жаһандану дәуірі, тіл тазалыгы, сауаттылық деңгейі, гылым мен техника тілі, тіл үйрену, цазац жазуының тарихы, көршілес елдер тәжірибесі.
5
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
№ Білім алушы
Фразалар дәйексөздерге тақырып көтерілетін болжайды мен сүйеніп, пен мәселені 1-2 — кілт сөздер арқылы тақырыпты болжайды; — дәйексөз арқылы мәтінде көтерілетін мәселеге болжам жасайды; — мәтін бойынша тақырыпты анықтайды; — мәтін мазмұны бойынша көтерілген мәселені нақтылайды. 1 1 1 1
Сөздерді қолданып, мақсатты аудиторияға сай ауызша мәтіндер құрастырады 3 — тақырып туралы ауызша мәтін құрайды; — мақсатты аудиторияны ескереді; — берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданады; — латын әліпбиіне көшудің тиімділігі мен маңызын айтады; — стиль мен жанр ерекшелігін сақтайды; — мәтін құрылымын сақтайды. 1 1 1 1 1 1
Барлық балл: 10
6
«Қазақ жазуының даму жолы» тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Фразалар мен дәйексөздерге сүйеніп, тақырып пен көтерілетін мәселені болжайды Кілт сөздер мен дәйексөз, арқылы тақырып п көтерілетін мәселені болжау қиналады. ер ен да Кілт сөздер мен дәйексөзд арқылы тақырып көтерілетін мәселені болжау қателеседі. ер ен да Кілт сөздер мен дәйексөздер арқылы тақырып пен көтерілетін мәселені болжайды.
Сөздерді қолданып, мақсатты аудиторияға сай ауызша мәтіндер құрастырады Мәтін құрылымы м мақсатты аудиторияға ұсынылған сөздер мен тіркестерін қолдан тақырып бойынша ауыз мәтін құрауда қиналады. ен сай сөз п, ша Мәтін құрылымы мен мақсат аудиторияға сай ұсыныл сөздер мен сөз тіркесте қолданып, тақырып бойын ауызша мәтін құрау қателеседі. ты ған рін ша да Мәтін құрылымы мен мақсатты аудиторияға сай ұсынылған сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, тақырып бойынша ауызша мәтін құрайды.
7
«Жолың болсын, жолаушы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Сөйлеу әрекетінің түрлері
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
жанрлық ерекшелігін
Оқылым Жазылым
9.3.4.1. Мәтіндердің стилін, салыстырып, талдау жасау
9.4.3.1. Жазба жұмыстарында афоризмдерді тиімді қолданып жазу
Білім алушы:
• Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін ажыратады
• Жазба жұмысында афоризмдерді қолданады
Қолдану
Жоғары деңгей деңгейлері
Орындау уақыты
15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтіндерді оқып, стилін, жанрын салыстырыңыз.
А мәтіні
Жасың бар, жігіт-желең, шалдарың бар. Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар. Жол ұзақ, биік асу, сапар алыс,
Жаз өтер, күз де кетер, тақалар қыс. Қамданыңдар Болашақ деген елге, Қандай біз сый-сияпат апарамыз? Қорқауды, өсекшілді қатарға алма, Кеселін тигізеді сапарға алда.
Не бетімізді айтамыз Болашаққа?
Жат қылықты қалдырмай апарғанда Жамандық атаулыны қалдырыңдар,
Суға батыр, отқа өрте, жандырыңдар. Болашақ деп аталған өлмес-өшпес, Жақсылықтан жаралған тағдырың бар. Қыз-қырқын, жігіт-желең, шалдарың бар,
Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар!
М. Мақатаев
Ә мәтіні
«Халықаралық бағдаршам күні» 1914 жылғы тамыз айының 5-і күні орын алған оқиғаға байланысты тойланады. Бұл күні Американың Кливленд қаласында алғашқы заманауи бағдаршамның тұңғыш түпнұсқасы шыққан болатын.
Алайда ең алғашқы бағдаршамды британдық Джей Найт есімді азамат XIX ғасырда ойлап тапты. Ол тек екі түсті шамнан тұрды. Ал ол бір түстен екіншіге ауысқанда дыбыс шығаратын болған. Бұл құрылғы тұңғыш рет 1889 жылы Лондон парламенті орналасқан көшеге қойылды. Кейін үш жыл өткен соң, бағдаршамның жарық шамы жарылып, абайсызда жақын тұрған полиция сақшысын зақымдаған көрінеді. Содан бағдаршам 50 жыл бойы ұмыт қалған.
1910 жылы алғашқы екі түсті автоматтандырылған бағдаршам патенттеліп, қолданысқа берілді. Ал күнделікті күнде көріп жүрген үш түсті бағдаршамыңыз алғаш рет Нью-Йорк қаласында 1914 жылы пайда болды. Жылдар өте бұл аппарат тиімділігін көрсетіп, Америка және Еуропа мемлекеттерінде кеңінен қолданыла бастаған.
8
2. Берілген кестені толтырыңыз.
А мәтіні Ә мәтіні
Стилі, себебі …

Жанры, себебі …

Ұқсастығы

Айырмашылығы

3. Сізге саяхаттау өте ұнайды. Ел-жер көру үшін кезекті саяхатыңызда ұшақты емес, пойызды таңдадыңыз. Жол үстіндегі көрген қызықты оқиғаңыз, кездескен кедергі мен ерекше әсеріңіз туралы 3 күніңізді сипаттайтын күнделік жазыңыз. Күнделігіңізде берілген афоризмді қолданыңыз.
Афоризмдер:
1. Жол сұрамай, жолға түспе.
2. Жол сұраған адаспайды.
3. Жолаушыны жол сынайды.
9
Тапсыр Дескриптор
Бағалау критерийі ма № Білім алушы Балл
Мәтіндердің стилін, — мәтіндердің стилін анықтайды; 1
жанрлық ажыратады ерекшелігін 1 — мәтіндердің жанрын анықтайды; — стильдік ерекшеліктерін көрсетеді; — жанр ерекшеліктеріне дәлел келтіреді; — ұқсастығын салыстырады; — айырмашылығын ажыратады; 1 1 1 1 1
Жазба жұмысында афоризмдерді қолданады 2 — күнделіктің жазу талаптарын сақтайды; — саяхат барысындағы қызықты оқиғаны баяндайды; — кездескен қиындығы туралы сипаттайды; — алған әсерімен бөліседі; — ұсынылған афоризмдерді қолданады. 1 1 1 1 1
Барлық балл: 11
10
«Жолың болсын, жолаушы» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін ажыратады Мәтіндердің стильдер жанрларын салыстыры ерекшеліктерін ажырату қиналады. ін, п, да Мәтіндердің стильде жанрларын салыстыр ерекшеліктерін ажырат қателеседі. рін ып уда Мәтіндердің стильде жанрларын салыстыра ерекшеліктерін көрсетеді. рін, ды,
Жазба жұмысында афоризмдерді қолданады Мазмұндық және жанрл талаптарына сәйкес күнде жазуда және афоризмде қолдануда қиналады. ық лік рді Мазмұндық және жанр талаптарына сәйкес күнд жазуда және афоризмд қолдануда қателеседі. лық елік ерд і Мазмұндық және жанрл талаптарына сәйкес күнде жазады және афоризмде қолданады. ық лік рді
11
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Заң — қоғамның тірегі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Тыңдалым
Айтылым
Оқу мақсаты
9.1.4.1 Орта көлемді поэзиялық, прозалық шығармалардан үзінді тыңдау (тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық) мәселені анықтап, өз пікірін білдіру
9.2.3.1 Коммуникативтік жағдаятқа сай сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп, өз ойын жеткізу
Бағалау критерийі
Білім алушы:
• Тыңдалған поэзиялық, прозалық үзінділердегі (тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық) мәселені анықтап, пікір білдіреді
• Жағдаятқа сай интонация, кідіріс, логикалық екпінді қолданып, ойын жеткізеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну Қолдану
Орындау уақыты
15-20 минут
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Ұрлық
Бұрын бір ел болыпты, халқының бәрі ұры екен. Кеш батса болды, көршісінің үйіне ұрлыққа түседі екен. Ұрылар үйіне келсе, олардың да үйін де біреулер тонап кететін көрінеді. Ұрылар елі осылайша өмір сүріпті.
Бір күні осы елге бір адал кісі көшіп келеді. Әлгі адам кешті өз үйінде кітап оқумен өткізеді. Түн болғанда ұрлыққа келген ұрылар шамы жанып тұрған үйден адамды көреді де, өз жөндеріне кетеді. Осылайша біраз уақыт өтеді. Енді жұрт адал адамға ренжи бастайды. Адал адам жұрт тілегіне қарсы келе алмай, ол да кеш бата үйінен кетіп, таң ата оралып жүреді. Тек жұрт сияқты ұрлыққа бармайды. Ол түнді өзен жағасында аспандағы айға, ағып жатқан суға қарап, көпір үстінде өткізіп жүреді. Таңертең үйіне келсе, ұрылар үйін тонап кетеді екен. Біраз уақыттан кейін адал адам кедейге айналады. Ал ұрлықпен айналысып жүрген отбасылар байып, ұрлықпен айналыспайтын болады. Адал адамның үйіне ұрлыққа түскен ұрылар ештеңе таба алмай, кедей бола бастайды. Байығандар адал адам сияқты түнде табиғатты тамашалап, көпір үстінде жүруді әдетке айналдырады. Осыдан қала халқы бай, кедей болып бөлінеді. Енді бай адамдар өздері ұрлық істемейді, бірақ кедейлерге ұрлық істетеді. Осылайша байығандар одан әрі байып, кедейлер кедейлене береді. Бірте-бірте байлар өздері ұрлауды да, өзгелерді ұрлыққа жалдауды да қояды. Бірақ енді байлығын ұрылардан қорғауды ойлайды. Содан ақылдаса келіп, сақшы жиып, түрме салады.
Арада біраз жыл өткенде әлгі қаланың тұрғындары «ұрлық» деген сөзді ұмытады. Өздері ұры болса да, енді олар «бай», «кедейміз» дейді екен. Сонда баяғы адал адам ғана өзгермеген еді. Бірақ ол да ұзамай өмірден өтіпті. Елдің айтуына қарағанда аштан өліпті.
12
1. Мәтіннен 1 қоғамдық, 1 тұрмыстық мәселені анықтаңыз.
1._________________________________________________________________________________________________
2._________________________________________________________________________________________________
2. Мәселенің бірін таңдап, бүгінгі заман көрінісімен байланыстыра отырып, өз пікіріңізді 4-5 сөйлеммен түсіндіріңіз.
3. Берілген сұрақтардың бірін таңдап, жұпта диалогке түсіңіз. Сөйлеу кезінде кідіріс, екпін, интонацияны ескеріңіз.
1. Қогамдагы цщыцтыц сауаттылыцты қалай арттыруға болады?
2. Еліміздегі балалар цүцыгы цалай цоргалады?
3. Өз цұцыгын білмеудіц салдары цандай болады?
4. Жастар арасындагы тәртіп бұзушылыцтыц себебі неде?
13
Тапс Дескриптор
Бағалау критерийі ырма № Білім алушы Балл
Тыңдалған поэзиялық, — 1 қоғамдық мәселені анықтайды; 1
прозалық үзінділердегі (тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық) мәселені анықтап, пікір білдіреді 1-2 — 1 тұрмыстық мәселені табады; — таңдау жасаған мәселені бүгінгі күнмен байланыстырады; — өз пікірін 4-5 сөйлеммен білдіреді. 1 1 1
Жағдаятқа сай интонация, — тақырып бойынша сұрақ қояды; 1
кідіріс, логикалық екпінді — сұраққа қатысты өз ойын білдіреді; 1
қолданып, ойын жеткізеді 3 — тақырыпты ашады; — кідіріс, екпін, интонацияны орынды қолданады. 1 1
Барлық балл: 8
14
«Заң — қоғамның тірегі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Тыңдалған поэзиялық, прозалық үзінділердегі (тұрмыстық, әлеуметтік, қоғамдық) мәселені анықтап, пікір білдіреді Үзіндіден қоғамд әлеуметтік мәселені анықт бүгінгі күнмен байланысты пікірін білдіруде қиналады. ық, ап, ра Үзіндіден қоғамдық, әлеуме мәселені анықтап, бүі күнмен байланыстыра пік білдіруде қателеседі. г ттік інгі ірін Үзіндіден қоғамдық, әлеуме мәселені анықтап, бүі күнмен байланыстыра пік білдіреді. ттік іні ірін
Жағдаятқа сай интонация, кідіріс, логикалық екпінді қолданып, ойын жеткізеді Тақырып бойынша сұ қоюда, кідіріс, екг интонацияны қолдан диалоке түсуде қиналады. рақ ін, г, Тақырып бойынша сұрақ қою кідіріс, екпін, интонаци қолданып, диалоке түс қателеседі. да яны уде Тақырып бойынша сұ қояды, кідіріс, ек интонацияны қолдан диалоке түседі. рақ пін ыг
15
«ҚР Тұңғыш Президенті күні — Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы» бөлімі
бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым
Жазылым
Бағалау критерийі
Оқу мақсаты
9.3.5.1 Қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерден қорытынды жасау, өз көзқарасын білдіру
9.4.1.1 Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шолу жазу
Білім алушы:
• Қосымша мәліметтер негізінде қорытынды жасайды,
көзқарасын білдіреді
• Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сәйкес шолу
жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді оқыңыз. Мәтіннен қандай ой түйдіңіз?
1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан алғаш рет бүкілхалықтық президент сайлауын өткізіп, президенттік басқару институтына көшті. Арада 20 жыл өткен соң, 2011 жылдың желтоқсанында, парламент депутаттары бұл күнді ресми мереке ретінде тойлау керек деген бастама көтерді.
Осылайша, 2011 жылдың желтоқсанында Парламенттің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға өзгеріс енгізілді. Президент тиісті құжатқа қол қойған соң, 2012 жылдың 1 желтоқсанынан бері бұл күн мемлекеттік мереке деңгейінде тойланып келеді.
Шыны керек, алғашында бұл мерекені Қазақстан халқы толық түсінбеді. Оның үстіне, Тәуелсіздік күні, Астана күні, Наурыз немесе Жаңа жыл сияқты емес, ешқандай атрибуты жоқ. Бірақ бес жыл ішінде халықтың бойы әбден үйренген сияқты. Оның біз байқаған бірнеше белгісі бар. Біріншіден, Тұңғыш Президент күнін халық бір күнгі демалыс деп асыға күтетін болды. Ал кейбір ұйым қызметкерлері, әсіресе, мемлекеттік қызметшілер мерекеге берілетін сыйақыға қуанады. Егер бұл күн аптаның демалыс күніне дәл келсе, онда үкіметтің арнайы бұйрығымен басқа күнге ауыстырылып, халық қатарынан бірнеше күн демалады.
Екі жыл депутаттар Астана қаласының атын Нұрсұлтан Назарбаев атымен атауды ұсынған еді. Бірақ бұл бастамаға Президенттің өзі қарсы болды. Ол Астананың аты өзгермейтінін айтқан болатын.
Қазақстанда Назарбаев атындағы көше болмағанымен, Иорданиядағы Амман қаласында, Шешенстандағы Грозный қаласында, Түркияның бір емес, бірнеше қаласында, Татарстан астанасы — Қазан қаласында Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көшелер бұрыннан бар.
Мәтіннің негізгі ойы
2. Сіздің ойыңызша, Тұңғыш Президент күнін тойлау қажет пе? Ойыңызды «ПТМС формуласы» бойынша білдіріңіз.
16
• Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, …»
• Екінші сөйлем: «Оның себебін былай түсіндіремін: … »
• Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын: …»
• Соңгы сөйлем: «Осыган байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім:…».
3. Қалаңызда «Тұңғыш Президент күні» мерекесі жоғары деңгейде тойланды. Өткізілген іс-шаралар туралы шолу жазыңыз.
17
Тапсыр Дескриптор
Бағалау критерийі ма № Білім алушы Балл
Қосымша мәліметтер негізінде қорытынды жасайды, көзқарасын білдіреді 1 — мәтін бойынша қорытынды жасайды; — сұрақ бойынша пікірін білдіреді; — себебін түсіндір еді; — себебін дәлелдейді; — өз ойын қорытындылайды; 1 1 1 1 1
Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сәйкес шолу жазады 2 — стильдік ерекшелігін сақтайды; — жанрлық талаптарын сақтайды; — өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат береді; — тақырыпты ашады. 1 1 1 1
Барлық балл: 9
18
«ҚР Тұңғыш Президенті күні — Тәуелсіз Қазақстанның айбынды мейрамы» ортақ тақырыбы бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерииі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Қосымша мәліметтер негізінде қорытынды жасайды, көзқарасын білдіреді Мәтіннің негізгі ой анықтауда, сұрақ бойын пікірін білдіріп, себе түсіндіріп, дәлелдеуде, ойын қорытындылау қиналады. ын ша бін өз да Мәтіннің негізгі ой анықтауда, сұрақ бойын пікірін білдіріп, себе түсіндіріп, дәлелдеуде, өз ой қорытындылауда қателеседі. ын ша бін ын Мәтіннің негізгі ой анықтайды, сұрақ бойын пікірін білдіріп, себе түсіндіріп, дәлелдейді, өз ой қорытындылайды. ын ша бін ын
Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сәйкес шолу жазады Стильдік және жанрл ерекшелігін сақтап, шо жазуда қиналады. ық лу Стильдік және жанрл ерекшелігін сақтап, ш жазуда қателеседі. & Й о 1 1 Стильдік және жанрл ерекшелігін сақтап, тақырып ашып, шолу жазады. ық ты
19
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«ЭКСПО-2017» — Қазақстанның белесі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым
Айтылым
Оқу мақсаты
9.1.3.1 Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну
9.2.5.1 Сөйлеу барысында түрлі стильде берілген тақырып бойынша қажетті аргументтерді орынды қолдану, диалогте, полилогте сенімді сөйлеу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы:
• Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді
• Қажетті аргументтерді қолданып, тақырыпқа сай диалог, полилогке қатысады
Білу және түсіну Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді тыңдап, бос орынға қажетті сөздер мен терминдерді қойыңыз.
Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаевтың халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің жабылу рәсімінде сөйлеген сөзінен үзінді:
«ЭКСПО-2017» көрмесі табысты өтті. Қазақстан экономикасын дамытуға оң әсер етті. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артты. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті. Қазақстанның астанасы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Жалпы, ЭКСПО аясында 6 мыңнан астам түрлі іс-шара өткізілді.
ЭКСПО бүкіл әлемнің зияткерлік және технологиялық потенциалын көрсетуге мүмкіндік берді. Мұнда баламалы энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаңалық көпшілік назарына ұсынылды. ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы біздің ел «жасыл» технологияларды дамыту идеясын қолдайтынын тағы да дәлелдей түсті. Жалпы, біздің көрме «таза энергетиканы» жаһандық деңгейде дамытуға айрықша үлес қосатынына сенімдімін.
«ЭКСПО» көрме кешені инновациялық мақсатта одан әрі қызмет ететін болады. Осымен халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін жабық деп жариялаймын!
1. ЭКСПО өткізіліп жатқан уақытта туристік қызметке деген____________1,8 есе өсті.
2. Көрме барлық елдің____________________________потенциалын көрсетуге жол ашты.
3. Халықаралық көрме өткізу арқылы еліміз «жасыл» технологияларды_______________
дәлелдеді.
4. Көрме кешені_________________________мақсатта одан әрі қызмет ететін болады.
2. Жұбыңызбен «ЭКСПО-2017 көрмесі бізге не берді?» деген сұрақ бойынша диалогке түсіңіз. Ойыңызды дәлелдеу үшін аргументтер келтіріңіз.
20
Тапсырма № Дескриптор
Бағалау критерийі Білім алушы Балл
Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді 1 — бос орындарға қажетті сөздер мен терминдерді қояды; 4
Қажетті аргументтерді қолданып, тақырыпқа сай диалог, полилогқа қатысады 2 — тақырыпты ашады; — стильдік талаптарды сақтайды; — сұраққа қатысты пікір білдіреді; — өз пікіріне аргументтер келтіреді; — тақырып бойынша сенімді еркін сөйлейді. 1 1 1 1 1
Барлық балл: 9
21
«ЭКСПО-2017 — Қазақстанның белесі» ортақ тақырыбы бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні_____________________________________
Бағалау критерийі
Оқу жетістігі деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді
Бос орындарға мағынасы жағынан сай келетін сөздер немесе терминдерді қоюда қиналады.
Бос орындарға мағынасы жағынан сай келетін сөздер немесе терминдерді қоюда қателеседі.
Бос орындарға мағынасы жағынан сай келетін сөздер немесе терминдерді дұрыс қояды.
Қажетті аргументтерді қолданып, тақырыпқа сай диалог, полилогке қатысады
Сұрақ бойынша пікір білдіріп, аргумент келтіруде, стильдік талаптарды сақтап, диалогте сенімді сөйлеуде қиналады.
Сұрақ бойынша пікір білдіріп, аргумент келтіруде, стильдік талаптарды сақтап, диалогте
сенімді сөйлеуде қателеседі.
Сұрақ бойынша пікір білдіреді, аргумент келтіреді, стильдік талаптарды сақтап, диалогте сенімді сөйлейді.
22
«Биотехнология жаңалықтары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты
9.3.4.1 Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау
9.4.2.1 Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыра отырып, өз ойын дәлелдеп жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы:
• Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін ажыратады
• Ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшіліктерін салыстырып, эссе жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Жоғары деңгей дағдылары
15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтіндерді оқып. стилін, жанрын салыстырыңыз. Ерекшеліктерін, ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратыңыз.
1-мәтін 2-мәтін
— Сәлеметсіз бе, мына алмаларыңыз қаншадан? — 500 теңге… — Імм, ммм… Неге СОНША қымбат? — Бұл алмалар шетелден әкелінген. Құрты жоқ. Ұялмай қоясың дастарқанға. Өте дәмді. Үп-үлкен… Салып берейін, қанша келі аласыз? — Жо-жоқ, бұл алмалар гендік модификацияланған өнімдер ғой. Оның пайдасынан зияны көп. Сырты жылтыр болғанмен, денсаулыққа зиян. Маған анау тұрған өзіміздің жергілікті жердің құрт жеген алмасынан беріңіз… Жасанды гендік модификация дегеніміз — лаборатория жағдайында бөлініп алынған геннің басқа ағзаға жасанды жолмен енгізілуі. Бұл реципиент өсімдік адам үшін қолайлы қасиеттерге ие болуы үшін, түрлі вирустар мен ауруларға, сыртқы ортаның қолайсыз факторларына төзімді болуы үшін жасалады. Гендік өзгертілген дақылдардан алынған өнімдердің татымдылық сапасы жақсы әрі ұзақ сақталатын, өнімді мол беретін қасиеттерімен ерекшеленеді.
2. «ГМӨ-ның пайдасы басым ба, әлде зияны ма?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Мәселенің екі жағын қарастыра отырып, өз ойыңызды аргументтермен дәлелдеңіз.
23
Тапсыр Дескриптор
Бағалау критерийі ма № Білім алушы Балл
Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін ажыратады 1 — екі мәтіннің стилін анықтайды; — екі мәтіннің жанрын табады; — мәтіндердің стильдік ерекшеліктерін көрсетеді; — мәтіндердің жанрлық ерекшелігін айқындайды; — ұқсастықтарын анықтайды; — айырмашылықтарын анықтайды; 1 1 1 1 1 1
Ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшіліктерін салыстырып, эссе жазады 2 — эссе құрылымын сақтайды; — логикалық бірізділікті сақтайды; — мәселе бойынша өз позициясын білдіреді; — сұраққа қатысты пікірін білдіреді; — пікіріне аргументтер келтіреді; — аргументтерді түсіндіреді; — мәселенің шешімін ұсынады. 1 1 1 1 1 1 1 1
Барлық балл: 14
24
«Биотехнология жаңалықтары» ортақ тақырыбы бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні_____________________________________
Бағалау
критерийі
Оқу жетістігі деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін ажыратады
Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табуда қианалады.
Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табуда қателеседі.
Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді.
Ұсынылған шешімнің артықшылығы мен
кемшіліктерін салыстырып, эссе жазады
Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселеге өз
көзқарасын білдіруде және оны аргументтермен дәлелдеп, түсіндіруде, қорытынды
жасауда қиналады.
Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселеге өз көзқарасын білдіруде және оны
аргументтермен дәлелдеп,
түсіндіруде, қорытынды
жасауда қателеседі.
Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселеге өз көзқарасын білдіреді және оны
аргументтермен дәлелді,
түсіндіріп, қорытынды
жасайды.
25
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Жаһандық мәселе: демография» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым
Айтылым
Оқу мақсаты
9.1.3.1 Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну
9.2.6.1 Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды өзара салыстырып бағалау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білім алушы:
• Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді
• Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды салыстырып, пікір білдіреді
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді тыңдап, көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.
Жер бетіндегі әртүрлі кезеңдегі халық санының өсуі әрқалай болды. XV ғасырдан бастап аграрлық мәдениет, медицина мен жаратылыс ғылымдарындағы адамзаттың қол жеткізген нәтижелері адам санының өсуін тұрақтандырды. XVI ғасырда халықтың негізгі бөлігі Еуропада тұрғанымен, салыстырмалы түрде Таяу Шығыс, Орта Азия, Қытайда да халық саны көп болды.
XVIII ғасырға дейін халық саны орташа жылдамдықпен, жүзжылдықта 1%-ға көтеріліп отырған, ал 1830 жылдары өнеркәсіптік революция басталғаннан кейін, жер бетіндегі халық саны 1 млрд-ты құрады. Тамақтанудың, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы, гигиеналық, медициналық құрал-жабдықтардың кеңінен таралуы бала өлімін азайтып, өмір сүру ұзақтығын арттырды. Бұл жағдай әлемдегі халық санының аса жылдамдықпен дамуына әсер етті.
XVIII ғасырдың ортасынан бастап XX ғасырдың ортасына дейін экономикасы жылдам дамыған Ұлыбритания, АҚШ, Франция секілді елдердің есебінен жер бетіндегі халық санының артуы байқалды. Ал XX ғасырдың ортасында әлемдегі жағдай тез арада өзгеріп, дамушы елдердегі халық санының артуы — «демографиялық жарылыстың» туындауына себепші болды. Дамушы елдердегі демографиялық жағдай этникалық және діни себептерге, ерте бастан некеге тұруға, білім деңгейінің төмендігіне, өндіріске әйелдерді араластырмауға байланысты жоғарылады. Сонымен қатар кейбір мемлекеттердің тәуелсіздік алуы, медициналық қызмет көрсетудің жақсаруы, халықаралық гуманитарлық ұйымдардың көмектері есебінен өлім саны тез арада қысқарды. Мұндай құбылыс «демографиялық жарылысқа», яғни халық санының жылдам қарқынмен дамуына алып келді. Әлемдегі халық санының өсуі «перифериялық», яғни дамушы елдер және өтпелі экономикасы бар елдерге тән сипат алуда
A. XV ғасырдан бастап аграрлық мәдениет, медицина мен жаратылыс
ғылымдарындағы адамзат қол жеткізген ____________________________________ адам
санының өсімін тұрақтандырды.
B. Тамақтанудың, санитарлық-эпидемиологиялық _________________________________
жақсаруы, гигиеналық, медициналық құрал-жабдықтардың кеңінен таралуы бала
26
өлімін төмендетіп, өмір сүру ұзақтығын арттырды.
С. Дамушы елдердегі демографиялық жағдай этникалық және діни себептерге, ерте
бастан _________________________________, білім деңгейінің төмендігіне, өндіріске
әйелдерді араластырмауға байланысты жоғарылады.
Қажетті сөздер: көмектер, құбылыс, ахуал, жетістіктер, қызмет көрсету, отбасын құру
2. Сөздер мен сөз тіркестерін мағынасына қарай сәйкестендіріңіз.
Сөз немесе сөз тіркесі Анықтамасы
1. өсім А. халық санының тез өсуі
2. шоғырланған В. халық санының артуы
3. демографиялық жарылыс С. өндірістің қарқынды дамуы
4. өнеркәсіптік революция Д. қоныстанған
1 2 3 4

3. Сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіңіз. Сөйлемдерді қайта құрылымдауда бастапқы ойдың сақталуын ескеріңіз.
Сөйлемдер Перифраздалған сөйлемдер
XV ғасырдан бастап аграрлық мәдениет, медицина мен жаратылыс ғылымдарындағы адамзаттың қол жеткізген нәтижелері адам санының өсуін тұрақтандырды. Медицина мен жаратылыс…
XX ғасырдың ортасында әлемдегі жағдай тез арада өзгеріп, дамушы елдердегі халық санының артуы — «демографиялық жарылыстың» туындауына себепші болды. «Демографиялық жарылыстың»…
Дамушы елдердегі демографиялық жағдай этникалық және діни себептерге, ерте бастан некеге тұруға, білім деңгейінің төмендігіне, өндіріске әйелдерді араластырмауға байланысты жоғарылады. Білім деңгейінің төмендігіне…
Кейбір мемлекеттердің тәуелсіздік алуы, медициналық қызмет көрсетудің жақсаруы, халықаралық гуманитарлық ұйымдардың көмектері есебінен өлім саны тез арада қысқарды. Халықаралық гуманитарлық…
4. Диаграммамен танысыңыз.
Жагдаят: Сіз география пәні бойынша 1997-2013 жылдар аралығындағы Қазақстанның иммиграциясы мен эмиграциясын зерттеп жүрсіз. Зерттеуіңіздің шағын таныстырылымын
27
мектепшілік оқушылар арасындағы конференцияда таныстырыңыз. Осы жылдардағы иммиграция мен эмиграция жағдайын салыстырып, пікір білдіріңіз.
28
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді 1-2 — сөйлем мазмұнына сай көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен терминдерді қояды; — сөздер мен олардың анықтамасын сәйкестендіреді; 3 4
3 — сөлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіп жазады; 1-сөйлем 2-сөйлем 3-сөйлем 4-сөйлем 1 1 1 1
Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды салыстырып, пікір білдіреді 4 — диаграммададан қажетті ақпаратты алады; — таныстырылым жасайды; — жағдайға өзінің пікірін білдіреді; — қорытынды жасайды. 1 1 1 1
Барлық балл: 15
29
«Жаһандық мәселе: демография» ортақ тақырыбы бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні_____________________________________
Бағалау
критерийі
Оқу жетістігі деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді
Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қоюда, сөздер мен олардың анықтамасын
сәйкестендіруде, сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіп жазуда қиналады.
Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қоюда, сөздер мен олардың анықтамасын
сәйкестендіруде, сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіп жазуда қателеседі.
Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қояды, сөздер мен олардың анықтамасын
сәйкестендіреді, сөйлемдерді перифраз тәсілімен өзгертіп жазады.
Кесте, диаграмма,
шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды салыстырып, пікір
білдіреді
Диаграммадағы ақпараттарды қолданып таныстырылым жасауда, өз пікірін білдіріп, қорытындылауда қиналады.
Диаграммадағы ақпараттарды қолданып таныстырылым
жасауда, өз пікірін білдіріп, қорытындылауда қателеседі
Диаграммадағы ақпараттарды қолданып таныстырылым
жасайды, өз пікірін білдіріп, қорытындылайды.
30
«Роботтар мен киборгтер әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері
Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
9.3.1.1 Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау, қорытынды жасау
9.4.1.1 Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, аннотация, нұсқаулық жазу
Білім алушы:
• Мәтіннен маңызды ақпараттарды анықтап, қорытынды жасайды
• Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай аннотация нұсқаулық жазады
Жоғары деңгей дағдылары 15-20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді оқыңыз. «Сіздің ойыңызша, мәтін бойынша көтерілген мәселелердің қайсысы өзекті?» сұрағы бойынша «ПОПС формуласы» негізінде өз жауабыңызды білдіріңіз. «ПОПС формуласы»
Менің ойымша, …
Оны былай түсіндіремін:…
Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдеймін:…
Ойымды былай қорытындылаймын:…
Роботтардың пайдасы мен зияны
ХХІ ғасыр — ақпараттандыру технологиясы, жасанды интеллектінің дамыған заманы. Күнделікті өмірімізге роботтың да қарқындап еніп, түрлі салаларда өз міндеттерін атқарып жатқаны да соның бір дәлелі болса керек. Қазір роботтар ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқа да салаларда қолданылады. Әрине, роботтың адамға тигізетін пайдасы зор. Адам өзінің физикалық және ой еңбегін жеңілдету мақсатында роботтарды ойлап тапқан. Оны үнемі жетілдіріп, дамытып отырады. Адам ағзасы ыстық пен суыққа төзімсіз. Сондықтан да адамның жүруіне қауіпті жерлерде, жер асты, ай бетіндегі зерттеу жұмыстарында, адамның денсаулығына зиян келетін өндіріс орындарында, дәлдікті қажет ететін медицина, есептеу салаларында роботтың атқаратын қызметі, адамға әкелетін пайдасы ұшан-теңіз. Қазірдің өзінде роботтар қонақүй жұмысшыларын алмастыра алады, жол қозғалысын реттей алады, көлік жүргізіп, басқа да заттарды істей алады.
Сонымен қатар роботтың адамзатқа тигізетін зияны да жоқ емес. Британ ғалымдары роботтар адамдардың жұмыс орнын қаншалықты баса алатынын есептеді. АҚШ-тың өзінде алғашқы онжылдықта мамандықтардың 47%-ы толықтай автоматтандырылып, адамзат болашақта жұмыссыз қалуы әбден мүмкін. Бұл көрсеткіш Германияда 35%, Ұлыбританияда 30%, Жапонияда 21% болмақ. Қаржы саласындағы жұмыс орындарының 61%-ын роботтар алмастырады. Ал білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету саласында жасанды интеллектінің үлесі аз болады.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, еңбек нарығындағы бұл өзгеріс әлеуметтік теңсіздікке де әкелуі мүмкін. Сонымен қатар байлар мен кедейлердің арасы алшақтай
31
түседі. Робот жасаушылардың табысы тез көбеймек.
Ал дене еңбегінің аз болуы адам денсаулығына кері әсерін тигізбей қоймайды. Адам психикасына, әсіресе балалар психикасына әсер, дамудың тежелуі, артық салмақ, ұйқының жетіспеуі, психикалық аурулар, агрессия жаңа технологияның жемісі.
Қорыта келе, Бауыржан Момышұлының «Техника қаншама дамып жетілгенімен, ойлайтын, парасатты адамның орнын ауыстыра алмайды» деген сөзін естен шығармасақ екен.
Қайрат Н.Б.,
ҚазМ¥У-нің Филология факультетініц студенті
2. Н.Б. Қайраттың «Роботтардың пайдасы мен зияны» мақаласы бойынша аннотация жазыңыз.
Жагдаят: Сабақта аннотация қалай жазылатынын меңгердіңіз және мұғалім үйге әдеби шығарма немесе мақала бойынша аннотация жазып келуді тапсырды.
32
Тапсыр Дескриптор
Бағалау критерийі ма № Білім алушы Балл
Мәтіннен маңызды ақпараттарды анықтап, қорытынды жасайды 1 — мәтіндегі өзекті мәселені анықтайды; — себебін түсіндіреді; — мәселенің өзектілігіне дәлел келтіреді; — мәселе бойынша қорытындыға келеді; 1 1 1 1
Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай аннотация нұсқаулық жазады 2 — стильдік ерекшелігін сақтайды; — аннотация талаптарын сақтайды; — құрылымды сақтайды; — жұмысқа өзінің бағасын береді; — мәтіндегі ақпаратты қолданады. 1 1 1 1 1
Барлық балл: 9
33
«Роботтар мен киборгтер әлемі» ортақ тақырыбы бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні______________________________________
Бағалау
критерийі
Оқу жетістігі деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Мәтіннен маңызды
ақпараттарды анықтап, қорытынды жасайды
Мәтіндегі өзекті ақпараттарды анықтап, себебін түсіндіруде және дәлелдер келтіруде, қорытынды жасауда қиналады.
Мәтіндегі өзекті ақпараттарды анықтап, себебін түсіндіруде және дәлелдер келтіруде,
қорытынды жасауда қателеседі.
Мәтіндегі өзекті ақпараттарды анықтап, себебін түсіндіреді және дәлелдер келтіріп, қорытынды жасайды.
Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай
аннотация нұсқаулық жазады
Ақпараттарды қолдана
отырып, құрылымы, жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай аннотация жазуда, шығармаға баға беруде қиналады.
Ақпараттарды қолдана отырып, құрылымы, жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай аннотация жазуда, шығармаға баға беруде қателеседі.
Ақпараттарды қолдана отырып, құрылымы, жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай аннотация жазады, шығармаға баға береді.
34

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *