СОР Казахский язык и литература 10 класс ЕМН ОГН — ЖБ БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып ЖМБ ҚГБ

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде емес) жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып
(жаратылыстану-математикалық, қогамдық-гуманитарлық багыт)

МАЗМҰНЫ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 4
«Еңбек нарығы және сұраныс». Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы» бөлімдері
бойынша жиынтық бағалау……………………………………………4
«Отандық өнеркәсіп өнімі», «Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті»…9
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 13
«Ұлттық экологиялық мәдениет», «Мұхит — тіршілік мекені» бөлімдері бойынша
жиынтық бағалау………………………………………………….13
«Ұлттық таным және мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау………….16
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 20
«Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда», «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы
гендерлік бейне» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау…………………..20
«Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар», «Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек»…………………………………………………………25
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР 29
«Жастардың денсаулығы — қоғам байлығы», «Сандық технологияны пайдаланудағы
теңсіздік» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау………………………..29
«Қоғам және заң» бөлімі бойынша жиынтық бағалау……………………..35
3
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Еңбек нарығы және сұраныс». Балғабек Қыдырбекұлы «Теміржолшы» бөлімдері
бойынша жиынтық бағалау
10.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну
10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету Білім алушы
• Тақырыпқа сәйкес сөздер мен терминдердің мағынасын ажыратады
• Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін қолданады
Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Әліш Үмбеталовтың теміржолда қызмет істегеніне жиырма жыл толуы қарсаңында, ол үлкен бастаманың иесі болды. Оның поездарды тоқтаусыз жөнелтудегі бастамасын бүкіл Түрксіб теміржолшылары қуана қарсы алды. Осы мәселеге байланысты Түрксіб басқармасында болған жиын оның өміріндегі ең бір белді кезең болды.
Кеше кеште қызметте тұрған Әліш Үмбеталовқа станция бастығы Орынбаев бір пакет әкеліп тапсырды да:
— Қазір сен жұмыстан шығып, үйіңе барып жуынып, маған кел, мен сені осында күтемін, екеуміз қазір Алматыға жүреміз, — деді.
— Не жұмысқа жүреміз?
Асығып бара жатқан станция бастығы оған жауап берудің орнына:
— Тез кел! — деді әлгі сөзін қайталап.
Әліш жұмыс киімін тастап, пакет ойына түсіп ашып оқып еді, «станция бастығы екеуіңіз келесіз, сіз кеңеске қатысушыларға өз жұмысыңыз туралы әңгіме айтасыз» деген шақыруға жол бастығы қол қойыпты. Әліш сасыңқырап қалды.
— Дайындықсыз қалай сөйлеймін, міне, қызық.
Ол орнынан тұрып тез киінді де, станция бастығына келіп барлық жағдайын, өзінің даярлығының жоқтығын да ескертті.
— Ештеңе етпейді, — деді Орынбаев, — даярлықтың керегі жоқ. Ондағылардың бәрі өзіңдей теміржолшылар, өзіңнің жұмыс тәжірибеңді жай ғана әңгімелеп бересің.
Әліш әлі де жүрексініп келеді. Поезд ішінде де ол қобалжумен болды. «Әңгімені неден бастаймын» деп Орынбаевтан қайта-қайта сұрай берді. Сол күні олар қонақ үйге түсті де, таңертең жол басқармасына келді. Кеңес күндізгі сағат он бірде басталды.
Алдымен жол бастығы баяндама жасады, сонан соң Әлішке сөз берді.
Біраз қысылыңқырап қалған Әліш аздан соң сөйлеп кетті. Ол өзінің жұмысына байланысты жағдайларды, іс әдісін бір жарым сағат айтты. Біраз сұраулар болды. Оған жауап беріп, Әліш орнына келіп отырды.
— Көп сөйлеп кеттім бе? — деп сұрап қойды ол жанындағы Орынбаевтан.
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
4
— Жоқ, әдемі сөйледің, бағана сонша қорқып едің, өзің шешен екенсің ғой. Мәжіліс аяқталар кезде жол бастығы Андреев орнынан тұрды да:
— Кеңестің аяғы мейрамға айналатын болды, жолдастар, — деді. — Біздің жолдасымыз Әліш Үмбеталов үкімет наградасына ие болды. Мына «Правда» газетінде Указ басылыпты.
1. Сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыз.
A) Әліш___________________________________20 жыл жұмыс істеп, үлкен бір іс бастады.
B) Түрксіб жұмысшылары Әліштің поездарды________________________________жөнелту
идеясын қуанышпен қабылдады.
C) Әліш Үмбеталов теміржолдағы жиырма бес жыл .____________________________________
сіңірген еңбегі үшін орденмен марапатталды.
2. Ақпараттарды сәйкестендіріңіз.
Ақпарат Сәйкестендіру
1. Тез жуынып, киімің ауыстыр, /А . өзінің жұмысы туралы айту керек. 1-
2. Әліш кеңесте Б. біз қазір Алматыға жол жүреміз. 2-
3. Дайындық қажет емес, В. барлығы өзің сияқты теміржолшылар. 3-
3. Мәтінді оқып, ондағы ақпараттар мен мәселелер, автор көзқарасына қатысты жұбыңызға 3 сұрақ қойыңыз. Сұрақ құрастыруда және жұбыңыздың сұрағына жауап беруде сөз әдебі мен сөйлеу этикетінің формаларын қолданыңыз.
Мәтін
Дүниежүзілік экономикалық форум мамандарының пікірінше, таяу жылдары құрылысшы, өндіріс жұмысшылары, кеңсе және әкімшілік қызметкерлері, тілшілер мен сәнгерлер мамандығына сұраныс төмендейді. Бұл үдеріс басталып та кеткен және алдағы 15-20 жыл ішінде еңбек нарығында өзгерістер орын алады.
Құрылысшылар мен жұмысшыларды алмастыратын — 3^ принтерлер мен роботтар. БҰҰ баяндамасына сәйкес, дамушы елдердегі роботтандыру электротехника және автокөлік саласындағы қызметкерлердің үштен екі бөлігінің орнын баспақ. 3^ принтерлер құрылысшылардың 50%-ын жұмыссыз қалдырады.
Кеңсе қызметкерлерінің орнына мәселелердің шешімін тауып, адамға қарағанда жұмысты жылдам әрі тиімді атқаратын ақылды компьютерлік жүйелер келеді.
Мамандардың сөзінше, «қауіп тобынан» кез келген мамандық орын алуы мүмкін. Роботтар мен компьютерлік бағдарламалар адвокаттар мен директорларды да оп-оңай алмастыра алады. Тәжірибе жүргізу мақсатында құралған құқықтық робот АҚШ-та жұмыс істеуде. Тәжірибені сәтті деуге де болады. Уақыт өте келе роботтар дамудың стратегиялық жоспарларын анағұрлым жақсырақ құрып, бүгінгі директорлар мен компания президенттеріне қарағанда түрлі жағдайларға жылдам әрекет ету мүмкіндігіне ие.
Мамандар барлық мамандық өкілдерін еңсесін түсірмей, кәсібилік деңгейін арттыруға шақырады, себебі жақсы мамандарға деген сұраныс қашан да жоғары және мамандықтардың басым көбі жойылмайды, керісінше жаңа деңгейге ауысады.
Ал роботтандырылған өнеркәсіп мекемелері қайтадан адамдарды жұмысқа шақыруға мәжбүр. Роботтар өз қызметін жақсы атқарады, бірақ олар жаңашыл ойлар, ішкі түйсік немесе «адам бейнесімен» әлдеқандай әрекет жасауға қабілетсіз.
5
Десе де өз саласын таппай жүрген көптеген маманға қайта мамандануға тура келмек. Бірақ мұнда тұрған қорқынышты дәнеңе жоқ. Бүгінде ғаламтор арқылы үйден шықпай-ақ көптеген мамандықты игеруге болады.
Жалпы алғанда, мамандар еңбек нарығын жіті бақылауға кеңес береді. Соңғы 10 жыл ішінде бірқатар жаңа мамандық пайда болды. Әсіресе, ол ғаламтор саласына байланысты. Одан бөлек қолдан жасалған бұйымдар мен үй өнімдеріне деген сұраныс артып, тренд қалыптасты.
6
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
№ Білім алушы
Тақырыпқа сәйкес сөздер мен 1 мағынасына қарай қажетті сөздерді
терминдердің мағынасын қояды;
ажыратады 1-сөйлем 1
2-сөйлем 1
3-сөйлем 1
2 ақпараттарды өзара сәйкестендіреді;
1-сәйкестендіру 1
2-сәйкестендіру 1
3-сәйкестендіру 1
Мәтін бойынша монолог, 3 сұрақ қоюда сөйлеу этикеті
диалог құрауда сөз әдебі мен формаларын қолданады;
сөйлеу этикетін қолданады 1-сұрақ 1
2-сұрақ 1
3-сұрақ 1
жауап беруде сөйлеу этикетінің 1
формаларын қолданады.
Барлық балл 10
7
«Еңбек нарығы және сұраныс» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Тақырыпқа сәйкес сөздер мен терминдердің мағынасын ажыратады Мағынасына қарай қаже сөздерді толықтыру қиналады. тті да Мағынасына қарай қаже сөздермен дұрыс толықтыру қателеседі. тті да Мағынасына қарай қаж сөздермен дұрыс толықтырад етті ы.
Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін қолданады Сұрақтар құрастыруда, жау беруде мәтіндегі ақпараттар өз пікірімен жүй байланыстыруда, сөш этикеті формаларын қолдану қиналады. ап ды елі еу да Сұрақтар құрастыруда, жау беруде мәтіндегі ақпараттар өз пікірімен жүй байланыстыруда, сөйлеу этик формаларын қолдану қателеседі. ап ды елі еті да Сұрақтар құрастыруда, жа беруде мәтіндегі ақпараттар өз пікірімен жүй байланыстыруда, сөйлеу эти формаларын қолданады. уап ды елі еті
8
«Отандық өнеркәсіп өнімі», «Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті»
Оқу мақсаты 10.4.4.1 Тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр
тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсыну (тірек-схема, менталды карта, презентация)
10.3.3.1 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтінге жоспар құрып, негізгі және қосымша ақпараттар бойынша тірек-схема, менталды карта, презентация дайындайды
• Көтерілген мәселені анықтап, кейіпкерлер әрекетін шынайы өмірмен салыстырып, баға береді
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары деңгейі
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
«Рахат» акционерлік қоғамы — 70 жылдық дара тарихы бар, Қазақстандағы кондитерлік өнім өндіретін ірі өндіріс орындарының бірі. Кондитерлік өнімдер алғаш рет 1942 жылы шығарыла бастады. Фабриканың күнделікті өндірістік қуаты тәулігіне 250 тонна өнім шығарады. Кәсіпорын 10 цех пен бір қосалқы цехтен тұрады.
«Рахат» АҚ-да 3500-ге тарта адам жұмыс істейді. Өндірістік қуат Алматы және Шымкент қалаларындағы екі алаңда шоғырланған. Өндірістің жан-жақтылық сипаты, оның ауқымы мен какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша дербес желінің болуы компания үшін отандық өндірушілер арасында кондитерлік өнімдердің кең сұрыпталымын иеленуге мүмкіндік береді. Бүгінде «Рахат» АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 10 түрлі топқа жататын алуан түрлі кондитерлік өнімнің 250-ден аса атауымен толыққан.
«Рахат» АҚ — сусамыр (диабет) ауруынан зардап шегетін адамдарға арнап арнайы өнім шығаруды игерген Қазақстандағы бірден-бір кәсіпорын. Бұл сұрыпталымға қуаттылығы төмен әрі қантты тең дәрежеде табиғи шикізатпен ауыстыру арқылы шығарылған шоколад, кәмпит, печенье және вафлидің бірнеше атауы кіреді.
«Рахат» АҚ-ның қазақстандық басқа кондитерлік өнім өндірушілерден өзгешелігі -алуан түрлілігімен айрықша шоколад өнімдерін шығаруда басымдық танытуы. Кәсіпорында бірыңғай жауапкершілік пен сапаны бақылаудың кешенді жүйесіне негізделген ішкі сапалық жүйе ұйымдастырылып, іске асырылуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылайды. Қазіргі кезде «РАХАТ» АҚ өнімі Ресей, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Германия, Қытай, Ауғанстан секілді елдерге экспортталады. Компания келешекте өндіріс көлемін ұлғайтуды және экспорт көлемін арттыру жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлауда.
1. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз.________________________________________________________
Жоспар_________________________________________________________________________________
1._____________________________________________________________________________________
2._____________________________________________________________________________________
3.
9
4.___________________________________________________________________________________________
2. Әр абзацтағы негізгі және қосымша ақпараттар негізінде 4 тірек-схема әзірлеңіз.
3. «Әпке» шығармасында көрініс тапқан 3 мәселені анықтаңыз.
4. Қамажайдың бауырлары үшін өз бақытынан бас тартуы дұрыс па? Кейіпкердің шешімін бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, ойыңызды 5-6 сөйлеммен беріңіз.
10
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
№ Білім алушы
Мәтінге жоспар құрып, негізгі 1 мәтіндегі әр абзацтың мазмұны 1
және қосымша ақпараттар бойынша жоспар құрады;
бойынша тірек-схема, 2 негізгі және қосымша ақпараттарды
менталды карта, презентация анықтап, тірек-схема әзірлейді;
дайындайды 1-тірек-схема 1
2-тірек-схема 1
3-тірек-схема 1
4-тірек-схема 1
Көтерілген мәселені анықтап, 3 шығармадағы 3 мәселені анықтайды;
кейіпкерлер әрекетін шынайы 1-мәселе 1
өмірмен салыстырып, баға 2-мәселе 1
береді 3-мәселе 1
4 кейіпкердің шешіміне қатысты пікірін 2
5-6 сөйлеммен жеткізеді.
Барлық балл 10
11
«Отандық өнеркәсіп өнімі»;«Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың әтижесіне
қатысты ата-аналарға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтінге жоспар құрып, негізгі және қосымша ақпараттар бойынша тірек-схема, менталды карта, презентация дайындайды Мәтінге жоспар құрып, нег және қосымша ақпараттар анықтап, 1,2,3,4 тірек-сх әзірлеуде қиналады. ізгі ды ема Мәтінге жоспар құрып, неі және қосымша ақпаратта анықтап, 1,2,3,4 тірек-сх әзірлеуде қателеседі. 4згі рды ема Мәтінге жоспар құрып, неі және қосымша ақпаратта анықтап, тірек-схема әзірлейд гізгі рды і.
Көтерілген мәселені анықтап, кейіпкерлер әрекетін шынайы өмірмен салыстырып, баға береді Шығармадағы 3 мәсел анықтап, кейіпкер шешіміне қатысты пікірін сөйлеммен жеткіз қиналады. ені дің 5-6 уде Шығармадағы 1,2,3-мәсе. анықтап, кейіпкердің шешім қатысты пікірін 5-6 сөйлем жеткізуде қателеседі. ені іне мен Шығармадағы 3 мәсел анықтап, кейіпкердің шешім қатысты пікірін 5-6 сөйлем жеткізеді. тені іне мен
12
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Ұлттық экологиялық мәдениет», «Мұхит — тіршілік мекені» бөлімдері бойынша
жиынтық бағалау
10.1.2.1 мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу), жазбаға сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіру
10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету
Білім алушы
• Тыңдалған мәтіндегі негізгі ақпараттарды түртіп жазып, мәтін мазмұнын түсіндіреді
• Сөз әдебі мен сөйлеу этикетін орынды қолданып, ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндер негізінде монолог құрады
Ойлау дағдыларыны Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. Мәтінді тыңдап, негізгі ақпараттарды қысқаша жазып алыңыз. Жазғаныңызға сүйеніп мазмұнын түсіндіріңіз.
Арал теңізі — кезінде құрлықтың ішінде орналасқан бүкіл дүниежүзіндегі төртінші ең ірі су қоймасы болатын. 1960 жылдары Кеңес Одағының орталық басшылығы мақта егістіктерін суару үшін Аралға құятын ең басты 2 өзен — Сырдария мен Амударияның суын бұрып жіберді. Соның нәтижесінде Өзбекстан әлемдегі ең ірі мақта өндірушінің біріне айналды. Алайда ауыл-шаруашылығының мұндай жетістігі тым қымбатқа түсті — Арал теңізі тартыла бастады, жергілікті балық шаруашылығы түгел құрдымға кетті, Арал өңірінің ауа райы күрт өзгере бастады. Ауаға химиялық заттар мен теңіз түбіндегі кепкен тұздың шаңы жайылды, теңіздің тоқтамай тартылуы салдарынан жергілікті халық ауыр халге түсті. Жергілікті халықтың арасында ісік ауруы, қанның аздығы, аллергия және т.б. дерттер кең жайылып, өмірдің орташа ұзақтығы 64-тен 51-ге дейін құлдырады. Арал теңізінің тартылуы — ХХ ғасырдағы адамның қолымен жасалған теңдессіз апат болып қалды. Аралдың суы бұрын-соңды болмаған деңгейіне дейін тартылып, теңіз “Солтүстік Арал” және “Оңтүстік Арал” болып екіге бөлінді.
2. Сізге мектеп оқушыларының алдында ««Мұхиттардың ластануы — адамзат үшін қауіпті» деген тақырыпта ауызша баяндама жасау тапсырылды. Ауызша баяндама жасауда мәтін ақпаратын қолданыңыз, сөз әдебі мен сөйлеу этикетін сақтаңыз.
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
13
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Тыңдалған мәтіндегі негізгі ақпараттарды түртіп жазып, мәтін мазмұнын түсіндіреді 1 негізгі ақпараттарды жазып алады; 1
мәтін мазмұнын қысқаша өз сөзімен түсіндіреді; 1
жазып алған ақпараттарға сүйенеді; 1
Сөз әдебі мен сөйлеу этикетін орынды қолданып, ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндер негізінде монолог құрады 2 баяндама мазмұнында ұлттык мерекелер туралы айтады; 1
бірнеше ұлттық мерекелердің тәрбиелік маңызы туралы айтады; 1
өз пікіріне аргументтер мен дәлелдер келтіреді; 1
мәтін мазмұнында берілген сөздер мен сөз тіркестерін қолданады; 1
сөз әдебиі мен сөйлеу этикетін сақтайды. 1
Барлық балл 8
14
«Ұлттық экологиялық мәдениет», «Мұхит — тіршілік мекені» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-
аналарға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Тыңдалған мәтіндегі негізгі ақпараттарды түртіп жазып, мәтін мазмұнын түсіндіреді Негізгі ақпараттарды жа алып, жазған ақпараттар сүйеніп, мәтін мазмұі қысқаша түсіндір қиналады. зып ына ын уде Негізгі ақпараттарды жазып алып, жазған ақпараттарына сүйеніп, мәтін мазмұнын қысқаша түсіндіруде қателеседі Негізгі ақпараттарды жазып алады, жазған ақпараттарына сүйеніп, мәтін мазмұнын қысқаша түсіндіреді.
Сөз әдебі мен сөйлеу этикетін орынды қолданып, ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндер негізінде монолог құрады Мәтін ақпаратын қолдан тақырыпты ашуда, сөз әд мен сөйлеу этикетін сақ баяндама жасауда қиналадь ып, ебі тап, . Мәтін ақпаратын қолданып, тақырыпты ашуда, сөз әдебі мен сөйлеу этикетін сақтап, баяндама жасауда қателеседі. Мәтін ақпаратын қолданып, тақырыпты ашады, сөз әдебі мен сөйлеу этикетін сақтап, баяндама жасайды.
15
«Ұлттық таным және мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
10.3.1.1 мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау
10.4.3.1 шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу Білім алушы
• Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды, факті мен көзқарасты ажыратады, мәтін идеясымен байланыстырады
• Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын қолданып, шығармашылық жазба жұмысын жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. Мәтінді тыңдап, 3 негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз. Мәтін идеясымен байланысын 1 сөйлеммен жазыңыз.
Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні Айт намазы оқылады. Мұсылман халқы жуынып, таза киімдерін киіп, үстіне хош иіс сеуіп, мешітке айт намазына барады. Өмірден өткен туған-туыстарына арнап құран бағыштайды. Айт намазына келушінің мешітке барарда басқа жолмен, үйіне қайтарда басқа жолмен жүргені абзал. Бұл Құрбан айт намазына барушыға көп жер куә болсын дегеннен шыққан.
Көрші-қолаң, туыс-туғанды қыдырып, «Айт құтты болсын!» айтысады. Айт күндері мейлінше көтеріңкі көңіл күйде, кешірімді болуға тырысу керек. Ренжіскен кісілер қайта табысып, айт күндері татуласқан жөн. Ауырып жатқан кісілердің көңілін арнайы барып сұрау, жетім-жесір, мұң-мұқтаждарға қол ұшын беріп, оларға да айттың қуанышын сездіру өте сауапты істерге жатады. Бұған қоса әке-шешесіне, отбасындағы жандарға, көрші-қолаң, жора-жолдастарына мүмкіндігінше кішігірім болса да сәлем-сауқат, сый-сияпат жасап, Айт мейрамын ерекше өткізуге де болады.
Бұл күннің ерекшелігі шариғат бойынша мұсылмандар құрбандық шалады. Ал құрбандық шалудағы ең маңызды жайт — оны Аллаға арнап сою. Сондықтан да құрбандық деп Құрбан айт күндерінде шалынатын малды айтады. Оны үшке бөліп, бір бөлігі туған -туыстарға, екінші бөлігі кедей, мұқтаж жандарға, үшінші бөлігі отбасына қалдырылады. Шалынған малды түгелдей мұқтаж жандарға таратуға да болады. Құрбандық шалу тек мал бауыздаумен ғана шектелмейді. Онда адамның ішкі ниеті, шын пейілі, дінге бекемдігі, басқаларға жанашырлығы, пенденің сараңдығы мен жомарттығы да сыналады.
Құрбан айт мерекесінің қоғамдық маңызы зор деп ойлаймын. Меніңше, ол туыстық қарым-қатынастарды нығайтып, жақындастырады. Мұсылмандардың бір-біріне деген сүйіспеншілік, сыйластық, өзара құрмет сезімдерін арттыруға септігін тигізеді.
Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат Мәтін идеясымен байланысы
1 1
2 2
3 3
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
16
2. Берілген тұжырымдардан факті мен көзқарасты ажыратыңыз. Тиістісіне «+» белгісін қойыңыз.
Тұжырымдар Факті Көзқарас
1. Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні Айт намазы оқылады
2. Шариғат бойынша мұсылмандар құрбандық шалады
3. Оны үшке бөліп, бір бөлігі туған-туыстарға, екінші бөлігі кедей, мұқтаж жандарға, үшінші бөлігі отбасына қалдырылады
4. Шалынған малды түгелдей мұқтаж жандарға таратуға да болады
5. Құрбан айт мерекесінің қоғамдық маңызы зор деп ойлаймын
6. Меніңше, ол туыстық қарым-қатынастарды нығайтып, жақындастырады
3. «Ұлттық мерекелер — тәрбие мектебі» деген тақырыпта 70-100 сөз көлемінде шығармашылық жазба жұмысын жазыңыз.
17
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды, факті мен көзқарасты ажыратады, мәтін идеясымен байланыстырады 1-2 3 негізгі ақпаратты анықтайды; 3
3 қосымша ақпаратты анықтайды; 3
мәтін идеясымен байланысын 1 сөйлеммен көрсетеді; 1
факті мен көзқарасты ажыратады; 1
Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын қолданып, шығармашылык жазба жұмысын жазады 3 тақырыпты ашады; 1
көркемдегіш құралдар мен амалдарды қолданады; 1
сөз көлемін сақтайды; 1
Барлық балл 11
18
«Ұлттық таным және мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды, факті мен көзқарасты ажыратады, мәтін идеясымен байланыстырады Мәтіннен негізгі ж қосымша ақпаратты анықі оны идеямен байланыстыру факті мен көзқарас ажыратуда қиналады. әне ап, да, ты Мәтіннен негізгі және қосы^ ақпаратты анықтап, идеямен байланыстыруда, фа мен көзқарасты ажырат қателеседі. ша ны кті уда Мәтіннен негізгі және қосым ақпаратты анықтап, оны идеям байланыстырады, факті м көзқарасты ажыратады. ша ен ен
Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын қолданып, шығармашылық жазба жұмысын жазады Көркемдегіш құралдар м амалдарды қолданып, көлеміне сай тақыр бойынша шығармашыл жұмыс жазуда қиналады. ен сөз ып ық Көркемдегіш құралдар амалдарды қолданып, көлеміне сай тақырып бойыі шығармашылық жұмыс жаз қателеседі. мен сөз ша уда Көркемдегіш құралдар м амалдарды қолданып, с көлеміне сай тақырып бойын шығармашылық жұмыс жазаді ен өз ша ЗІ.
19
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда», «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 10.1.3.1 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени
тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну
10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету Бағалау критерийі Білім алушы
• Тақырыпқа сәйкес сөздер мен терминдердің мағынасын ажыратады
• Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін қолданады
Ойлау дағдыларыныҚолдану
деңгейі
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
2015 жылы отандық өнімді қолдау мақсатында елімізде айрықша акция басталды. Ол нәтижелі әрі пайдалы болды. Бұл — «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы белсенділерінің «Қазақстанда жасалған» республикалық акциясы. Әлеуметтік желі арқылы танылып, дүкендер желісінде «Қазақстанда жасалған» жазуы бар өнімдер қойылып, сатылып жатты. Аталмыш игі істі 11 ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бастауды ұсынған еді. «Барлық қазақстандықтарды, бүгінгідей қиын жағдайда, біздің қазақстандық тауарларды сатып алуға шақырамын. Бұны Қазақстан экономикасына қосқан үлесіміз деп білейік», — деген еді Президент.
Бұл үндеуден кейін «Қазақстан-2050» ұйымы бірден ірі дүкен желілерімен және өндірушілермен келіссөз жүргізуді бастады. Мемлекеттік маңызы бар істі ірі супермаркеттер мен дүкендер қолдап, сауда сөрелерінің тұсына «Қазақстанда жасалған» деп жазылған түрлі-түсті белгі-тақтайшалар жасалды. Ол өнімдер дүкеннің ең көрікті жерлеріне қойылды.
«Қазақстандық өнімді сатып алу арқылы біз тек ел экономикасына ғана көмектесіп қоймаймыз, сондай-ақ отандық кәсіпорындарда еңбек етіп жүрген мыңдаған адамдарға қолдау көрсетеміз. Олар біздің арқамызда жұмысын жалғастырады, отбасын асырап, ұрпақ өрбітеді, дәрігерлер мен мұғалімдердің еңбекақысы үшін салық төлейді. Біз қазақстандық өнімді қажет болғандықтан емес, солай дұрыс болғандықтан сатып аламыз», — деді «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы Данат Жұмин.
Арнайы тақтайшалар мен белгілер қойылған сәттен бастап мыңдаған адам акцияны қолдап, отандық өнімдерді сатып алғандары жөнінде суреттерімен, пікірлерімен бөлісіп жатты. Тіпті, республикалық арналардың бірі фотобайқау жариялап, арнайы бейнематериал жасаған болатын. Ақпараттық қолдаудың арқасында, қазақстандық заттарға деген сұраныс ондаған есеге көбейіп, танымалдылығы мен тартымдылығы артты.
1. Мәтіннен берілген сөздердің синонимдерін анықтаңыз.
А. ерекше —
20
B. бастама —
C. үндеймін -Б. жалақы -Е. өсіреді -Ғ. көбейді-
2. Көп нүктенің орнын қажетті сөздермен толықтырыңыз
Сөздер: ахуалына/ «Қазақстанда жасалган»/келіссөз/тұтыну/ шараны
A. «Қазақстан-2050» ұйымы Елбасының бастамасынан кейін ірі сауда орталықтарымен __________________жүргізуді қолға алды.
B. Еліміздегі сауда орындары мемлекеттік маңызы жоғары____________________________қолдап,
сауда сөрелерінің тұсына ____________________________ деп жазылған түрлі-түсті белгі-
тақтайшалар орнатты.
C. Отандық өнімдерді ____________________________ арқылы мемлекеттің экономикалық
._________________қолдау көрсетеміз.
3. Өз мәтініңізді оқып, көтерілген мәселе туралы жұбыңызға әңгімелеңіз. Тыңдалған ақпарат бойынша 2 сұрақ қойыңыз. Сұрақ қою мен жауап беруде сөз әдебі және сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.
1-оқушы
1990 жылдардағы демократия, теңдік, адам құқығы мәселесі Қазақстанға сырттан келіп таңылды. «Біз де жұрттан қалмайық» деген үрдіспен өзімізде мұндай проблема болмаса да, бар сияқты көтере бастадық. Сөйтіп, керек десеңіз ол мәселе жоғары деңгейде де қозғала бастады. Қазіргі күні осы тақырыпқа орай арнайы жобалар жасалып, қаражат бөлінетін болды. Шындығында, бұл негізінен Батыс елдерінің өзекті мәселесі. Мысалы, кезінде Америка мектептерінде директор болып қызмет ететін ер адам мен әйел адамның жалақысы екі түрлі болатын. Қазір енді ғана теңестіріліп келеді. Өйткені оларда барлығы бірдей тарифпен есептелмейді. Өздерінің қамқоршылық кеңестері бар. Сондықтан жалақы да әртүрлі болуы заңды. Ер мен әйелдің тең құқылығы осы тұста туындайды. Неліктен? «Екеуміздің жұмысымыз бірдей, екеуміз де мектеп директорымыз, неге ерлер көп алады, неге біз аз аламыз?» Міне, бұл жерде әйел адамды кемсітушілік бар. Еңбекке ақы төлеудің теңдігі сақталмай отыр деген сөз. Ал бізде бұл мәселе жоқ. Әйел адам болсын, ер адам болсын, директордың жалақысы бірдей. Бұл — бір ғана мысал. Соған байланысты Батыс елдерінде ер мен әйелді жасанды түрде теңестіру мәселесі басталды. Мысалы, Скандинавия елдерінде парламент депутаттарының 50 пайызы әйел, 50 пайызы ер адам болуы міндетті деген сияқты арнайы заңдар қабылданған. Баяғы Кеңес үкіметі кезінде депутаттардың 30 пайызы еңбекшілерден, 20 пайызы шаруалардан, 10 пайызы интеллигенциядан болуы керек деген сияқты ережелер болды.
2-оқушы
Біз әйелдердің түрлі кемсітушіліктерге, зорлық-зомбылыққа ұшырайтындығы туралы көбірек айтамыз. Ал отбасындағы ер адамдардың жағдайы туралы мүлде ұмыттық. Гендер осыны да айтуы керек. Мысалы, ер адам отбасында көп жағдайда әйелдер тарапынан психологиялық қысымға ұшырайды. Өйткені ер адамға отбасын асырау міндеті жүктелген. Егер олар тең болса, әйел адамға да ол міндет жартылай жүктелсін деген мәселе қойылуы керек еді ғой. Немесе әскер қатарына ер адамдар шақырылады. Ауыр жұмыста көбіне өлім-жітімге душар болатын да солар. Ер адамдар, негізінде, психологиялық жағынан әлсіз болып келеді. Сондықтан ерлердің де мүддесін қорғау маңызды.
Біз қазір тең құқылық дегенді де шатастырып жүрміз. «Тең» басқа, «бірдей» басқа.
21
Әйел мен ер адам ешқашан бірдей бола алмайды. Қай жағынан алып қарасаңыз да. Биологиялық, физиологиялық жағынан айырмашылық бар. Психикалық жағынан да бірдей емес. Әлеуметтік рөлдері де бөлек. Тіпті, ақыл-ой деңгейі, сана, ойлау жүйесінде де айырмашылық бар. Мысалы, ерлер абстрактілі ойлайды. Ал әйелдер абстрактілі ойлауға бейім емес. Оған дәлел, философия тарихында бір де бір атақты әйел философ жоқ. Табиғи болмысы сондай.
22
Бағалау критерийі Тапсырма Дескриптор Балл
№ Білім алушы
Тақырыпқа сәйкес сөздер мен терминдердің мағынасын ажыратады 1 сөздердің синонимін мәтіннен табады; 3 (әр 2 дұрыс жауап үшін 1 балл)
2 сөйлемдердің мазмұнын берілген сөздермен толықтырады; 1 1 1
Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу 3 жұбына мәтініндегі ақпараттар мен мәселе туралы әңгімелейді; 1
этикетін қолданады жұбының мәтіні бойынша 2 сұрак қояды; 1 1
жұбының қойған 2 сұрағына толық сөйлемдермен жауап береді; 1 1
сұрақ қою мен жауап беруде сөйлеу этикеті формаларын қолданады. 2
Барлық балл 13
23
«Сауда ме көмек: екі жақты келісімді сауда», «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне» бөлімдері бойынша жиынтық
бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Тақырыпқа сәйкес сөздер мен терминдердің мағынасын ажыратады Сөздердің синонимін мәтін табуда, сөйлемдердің мазұ берілген сөздер толықтыруда қиналады. нен нын мен Сөздердің синонимін мәтінн табуда, сөйлемдердің мазұн берілген сөздерм толықтыруда қателеседі. ен ын ен Сөздердің синонимін мәтін табады, сөйлемдердің мазұ берілген сөздер толықтырады нен нын мен і і і
Мәтін бойынша монолог, диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін қолданады Мәтіндегі ақпараттар мәселе негізінде жұбы мәтіні бойынша сұрақ қон сұрақтарға жауап бер сұрақ қою мен жауап бер сөйлеу этикеті формала қолдануда қиналады. мен ның да уде уде рын Мәтіндегі ақпараттар м мәселе негізінде жұбын мәтіні бойынша сұрақ қою сұрақтарға жауап беруде, сұр қою мен жауап беруде сөйл этикеті формаларын қолдану қателеседі. ен ың да, ақ еу да Мәтіндегі ақпараттар мен мә негізінде жұбының мә бойынша сұрақ қо> сұрақтарға нақты, жүйелі жг береді. Сұрақ қою мен ж< беруде бірнеше сөйлеу эти формаларын қолданады. селе )тін ды уап уап кет 5 і , I I і 24 «Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар», «Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек» 10.3.6.1 мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны бағалау 10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) Білім алушы • Мәтіндегі негізгі ойға қатысты деректі ақпараттарды анықтап, көзқарасын білдіреді, баға береді • Көтерілген мәселе бойынша қажетті тілдік құрылымдарды қолданып, эссе жазады («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары Орындау уақыты 25 минут Тапсырма Мәтінді оқып шығып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Астанада тұрмыстық қалдықтар сары және жасыл түсті контейнерлерге сұрыпталып тастала бастады. Сары жәшіктер пластик, қағаз, шыны, металл және ұсақ-түйек электронды техника қалдықтарын жинауға арналса, жасыл контейнерлерге тағам бөліктері, органикалық қалдықтар жиналады. Негізгі мақсат - полигонға жиналатын қоқыс көлемін кемітіп, еліміздегі қайта өңдеу саласын дамыту. Алдағы жылдары елімізде сұрыпталмаған қоқысты көмуге жаппай тыйым салынбақшы. Жалпы сарапшылардың дерегі бойынша, жыл сайын елімізде 700 миллион тонна өнеркәсіптік қоқыс пен қалдықтар жиналатын болса, оның 250 миллионы денсаулыққа қауіпті улы заттар көрінеді. Қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу ісі бойынша Германия Еуропада алдыңғы орында. Бұл ел алғаш мұндай тәжірибені 1990 жылдардың басында іске асырып көрді және әлі күнге дейін дамыту үстінде. Немістердің әрқайсысының пәтерінде қоқыс жинауға арналған кемінде үш түрлі ыдыс болады. Ол кейде тіпті сегізге дейін жетеді. Ескі батарейкалар мен аккумуляторлар ерекше әдіс арқылы жоюды қажет етеді, себебі онда жоғары токсинді улы заттар бар. Ескі киімдер арнайы контейнерге салынады. Германияда кез келген сусынның бағасына ыдысының құны қосылады. Босаған кезде оны өткізіп, ақшасын қайтарып алуға болады. Берлиндегі жасөспірімдер егер қоқыс жинап оны өткізсе, қаржылық марапатқа ие болады. Қоқысты қайта іске асыру және сұрыптау бойынша Францияда қоқыс өртейтін арнайы кешенді зауыттар салынған. Мысалы, Париж түбіндегі Иври-сюр-Сен зауыты жылына шамамен 600 мың тонна қоқыс өртейді. Қоқыстарды парализ тәсілі бойынша жоғары температурада өртейді. Соның әсерінен зиянды улы заттар толық еріп, күлге айналады. Франция қоқысты сұрыптап жинау әдісі мен қайта өңдеу нәтижесінде 30% алюминий, 50% әйнек, сонша газет қағазын өңдіріп отыр. Жапонияда тұрмыстық қалдықтарды өртейді, ал одан алынған энергияны жылыту үшін қолданады. Тұрмыстық техникаларды қайта бұзып, өңдеу үшін жөнелтеді. Бұл елде әр жапондықтың үйінің алдында үш контейнер тұрады. Бірі пластмассаға арналса, екіншісі тағам, ал үшіншісі керексіз заттар үшін. Тіпті аталған елде органикалық қалдықтардың өзінен құрылыс материалдарын жасап шығарады. Оқу мақсаты Бағалау критерийі 25 1. Мәтіндегі негізгі ойды және оны ашатын деректі ақпараттар бойынша кластерді толтырыңыз. 2. Мәтіндегі негізгі ойға қатысты пікіріңізді 3 сөйлеммен беріңіз. 3. «Адам құқығының аяққа тапталуы құқықтық сауатсыздықтан» деген пікірмен келісесіз бе? Лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолдана отырып, ойыңызды шағын эссе түрінде жеткізіңіз. 26 Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл Білім алушы Мәтіндегі негізгі ойға қатысты деректі ақпараттарды анықтап, көзқарасын білдіреді, баға береді 1 мәтіннің негізгі ойын анықтайды; 1 негізгі ойды ашатын 6 деректі ақпаратты анықтайды; 1 1 1 (әР 2 дұрыс жауап үшін 1 балл). 2 мәтіннің негізгі ойына қатысты өз пікірін 3 сөйлеммен білдіреді; 2 Көтерілген мәселе бойынша қажетті тілдік құрылымдарды қолданып, эссе жазады («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) 3 берілген пікірдегі кілт сөзге 2-3 сөйлеммен анықтама береді; 1 пікірге қатысты өз ұстанымын білдіреді; 1 өз ұстанымын 3-4 аргументпен дәлелдейді; 2 мәселенің шешіміне қатысты нақты ұсыныстар береді; 1 эссе мазмұнында қолданылатын лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолданады. 2 Барлық балл 13 27 «Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар», «Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні________________________________________________________________ Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі Төмен Орта Жоғары Мәтіндегі негізгі ойға қатысты деректі ақпараттарды анықтап, көзқарасын білдіреді, баға береді Мәтіннің негізгі ойын және негізгі ойды ашатын 6 деректі ақпаратты анықтауда, негізгі ойына қатысты өз пікірін жеткізудеқиналады. Мәтіннің негізгі ойын және негізгі ойды ашатын 6 деректі ақпаратты анықтауда, негізгі ойына қатысты өз пікірін жеткізуде қателеседі. Мәтіннің негізгі ойын және негізгі ойды ашатын 6 деректі ақпаратты анықтайды, негізгі ойына қатысты өз пікірін жеткізеді Көтерілген мәселе бойынша қажетті тілдік құрылымдарды қолданып, эссе жазады («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) Берілген пікірдегі кілт сөзге анықтама беруде, өз ұстанымын дәлелдейтін аргументтер мен фактілер келтіруде, мәселенің шешіміне қатысты ұсыныстар беруде, эссе мазмұнында қолданылатын лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолдануда қиналады. Берілген пікірдегі кілт сөзге анықтама беруде, өз ұстанымын дәлелдейтін аргументтер мен фактілер келтіруде, мәселенің шешіміне қатысты ұсыныстар беруде, эссе мазмұнында қолданылатын лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолдануда қателеседі. Берілген пікірдегі кілт сөзге анықтама береді. Өз ұстанымын дәлелдейтін аргументтер мен фактілер келтіріп, мәселенің шешіміне қатысты ұсыныстар береді. Эссе мазмұнында қолданылатын лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолданады. 28 4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР «Жастардың денсаулығы - қоғам байлығы», «Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау Оқу мақсаты 10.1.4.1 прозалық шығарманы тыңдау, шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау 10.2.6.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыру, негізгі идеясын түсіндіру Бағалау критерийі Білім алушы • Жалпыадамзаттық мәселені анықтайды • Графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыра отырып, ортақ идеяны түсіндіреді Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі Орындау уақыты 25 минут Тапсырма Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Мұрат үш күннен бері ауру. Еті күйіп-жанып, екі беті қып-қызыл болып балбырап, төсек тартып жатып қалды. Ұлжан сусынын аузына тосып, күндіз-түні оның жанынан шықпайды. Жолаушы кеткен Батырбай қария бүгін келді. Есіктен кірген бойда төсекте жатқан баласын, қасында отырған Ұлжанды көріп шошып кетті. — Мұрат жайша жатыр ма? Кеудесін кере бір күрсініп алып: — Қайдан жайша болсын! — деп бастады да, Ұлжан Мұраттың ауруға шалдығу себебін баяндап берді. Батырбай қария алақанын баласының маңдайына басып, біраз отырды да, басын шайқады: — Дәрігерге көрсетпесе болмас. Мұрат — Батырбай қария мен Ұлжанның сүт кенжесі. Кәрі әке-шешеге ол өте аяулы. Көздерінен таса еткілері келмейді. Мектепке түскенге шейін Мұрат семья өмірінен ұзақ шыға алмай келді. Қарт ата-ана үйде ойна деп, оны қақпайлай беретін. Есік алдына шықса болды, суық тиеді, сыз өтеді, шаншу қадалады деген сияқты толып жатқан қауіптерді төндіріп, үйге кіргізетін. Алдыңғы жылы күзде әке-шешесі Мұратты оқуға берді. Мұрат жақсы үлгеріп оқып кетті. Қазір ол 2-сыныпта оқып жүр. Қыс бойы Мұрат өзге балалардай сырғанақты да еркін тебе алған жоқ. Дәрігер Мұратты қарап көріп, былай деді: — Балаларыңыздың аурушаң, арық болып өскеніне өздеріңіз айыптысыздар. Баланы жас күнінен шынықтырып, ыстықтан да, суықтан да қорықпайтын, төзімді ету керек. Таза ауада ойнауына бөгет жасамаңыздар. Күнге күйіп, суға шомылып, жалаңаяқ жүрсін. Одан қорқуға болмайды. Бұрын да қыңқыл-сыңқылы көп болатын Мұраттың науқасы бұл жолы ұзаққа созылып, тым азып кетті. Уақыт өте берді. Мұрат өсе берді. Ол бастауыш мектепті бітірді. 29 Биылғы жазғы демалыста жолдастарымен бірге пионер лагеріне жіберілген еді. Лагерьде Мұрат бір ай болып, әр жағынан жетіліп, іштей де, сырттай да жаңғырып қайтты. Ойы сергіп, бойы өскендей болды. Мұрат лагерьден қайтып келген күннің ертесіне терезенің тұсында бірдеме тасырлаған соң, Ұлжан сыртқа қараса, баласы жүгіріп бара жатқан адамға ұқсап, бір орында безек қағып тұр екен. — Әкем-ау, бұнысы несі? — деп таңданды Ұлжан. Бір кезде Мұрат жүгіргенін қойды да, қолын жоғары созып, онан соң қайта төмен түсіріп, осылайша бірнеше рет қайталады. Бұнымен де тынған жоқ. Бір кезде екі бүйірін таянып, біресе отырып, біресе тұрды. Баласының бұл қылықтары шешесін әрі таңдандырды, әрі қызықтырды: — Мұратжан-ау, бұның не, лагерьден осыны үйреніп кайттың ба?—деді Ұлжан шешей. — Зарядка жасап жатырмын. — Ол не дегенің ? — Лагерьде бізге күнде ертемен зарядка жасататын. Үйде де жасап тұрындар деген. Апа, бұның пайдасы зор. Атам екеуіңнің жасауларыңа да болады. Үнемі зарядка жасап, физкультурамен айналысқан адамның денсаулығы күшті болады. Ауруға да бой бермейді. Мұрат орамал, сабын, тіс порошогін алып тысқа шығып кетті. Үйдің артында арық бар еді. Арықта таудың мөлдір, суық суы ағып жататын. Ертемен бақшаны аралап көріп, енді қайтып келе жатқан Батырбай қарт, бүкіл кеудесін сумен жуып жатқан баласын көрді. — Мұратжан-ау, мынауың не? 1. Мұраттың аурушаң болуының 4 себебін атаңыз. г---------------------->
30
2. Мәтіннен адамзатқа ортақ мәселені анықтап, оның салдары мен бірнеше шешу жолын ұсыныңыз.
3. Графиктік мәтіндердегі ақпараттарды бір-бірімен салыстыра отырып, ортақ идеясын түсіндіріңіз.
31
32
Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл
Білім алушы
Жалпыадамзаттық мәселені анықтайды 1 кейіпкерге қатысты 4 себепті анықтайды; 1-себеп 2-себеп 3-себеп 4-себеп 1 1 1 1
жалыпадамзатқа ортақ 1 мәселені анықтайды; 1
мәселенің 3 салдарын анықтайды; 1
мәселенің нақты 2-3 шешу жолын ұсынады; 2
Графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыра отырып, ортақ идеяны түсіндіреді 2 графиктік мәтіндердегі ақпараттарды бір-бірімен салыстырады; 2
ортақ идеяны түсіндіреді. 1
Барлық балл 11
33
«Жастардың денсаулығы — қоғам байлығы», « Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік» бөлімдері бойынша жиынтық
бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні
Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Жалпыадамзаттық мәселені анықтайды Кейіпкерге қатыс себептерді, жалпыадамза ортақ мәселені, салдар анықтауда, мәселенің наі шешу жолдарын ұсын қиналады ты тқа ын ты уда Кейіпкерге қатысты себепте жалпыадамзатқа ортақ мәсел салдарын анықтауда, мәсел нақты шешу жолдарын ұсыі қателеседі. рді ені енің уда , , і і Кейіпкерге қатысты себепте жалпыадамзатқа ортақ мәсел салдарын анықтайды, мәселе нақты шешу жолдарын ұсына рді, ені, ;нін ды.
Графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыра отырып, ортақ идеяны түсіндіреді Графиктік мәтіндерд ақпараттарды салыстыру ортақ идеяны түсіндір қиналады. іегі гда, уде Графиктік мәтіндер ақпараттарды салыстыр ортақ идеяны түсінді] қателеседі. дег уда зуд< 1 2 Графиктік мәтіндер ақпараттарды салыстыра ортақ идеяны түсіндіреді. дегі ды, 34 «Қоғам және заң» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 10.3.6.1 мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны бағалау 10.4.3.1 шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу Білім алушы • Мәтінге қатысты деректі ақпаратты анықтайды, өз пікірін білдіреді, баға береді • Көркемдегіш құралдар мен айшықтауды қолданып, шығармашылық жазба жұмысын орындайды Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары деңгейі Орындау уақыты 25 минут Тапсырма Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Жаза — бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Жаза — соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды қылмыстық заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады. Жазаның белгілері: • жаза — бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы; • жаза жеке сипатта болады. Ол тек қылмыскерге ғана қолданылады және ешқандай жағдайда да басқа адамдарға жүктелмейді (мысалы, кәмелеттік жасқа толған қылмыскердің ата-анасына); • жаза әрқашан қылмыс жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге байланысты оған белгілі бір моральдық қасірет әкеледі және белгілі бір құндылықтардан айырады. ХУ-ХУП ғасырларда қазақтың әдет-ғұрып заңында жазалардың мынадай түрлері болған: а) рудан қуып жіберу; ә) кінәліні жәбірленушінің туыстарына беру; б) адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар мүліктік қылмыстар үшін айыппұл тағайындау; в) денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені үшін құн тағайындау; г) өлім жазасы — жазаның бұл түрі өте сирек қолданылды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі кәмелеттік жасқа толмағандарға тағайындалатын жазаның жүйесі мен тізімін бекітеді. Оларға: айыппұл, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, қамау, бас бостандығынан айыру жатқызылады. Айыппұл салған кезде, адам ақшалай төлемге байланысты белгілі бір материалдық шығынға ұшырайды. Түзеу жұмыстары — бұл сотталған адамды табысының белгілі бір бөлігін мемлекет пайдасына ұстап қалу арқылы еңбекке тарту. Қамау — бұл сотталған адамды қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады, олар жазаны абақтыда өтейді. Қамау бір айдан алты айға дейінгі мерзімге Оқу мақсаты Бағалау критерийі 35 белгіленеді. Бас бостандығынан айыру — сотталушыны колония — қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады. 1. Мәтін мазмұнындағы негізгі ойға қатысты деректі ақпараттар негізінде кесте-сызба әзірлеңіз. 2. Еліміздегі жаза түрлері қылмыстың азаюына қаншалықты ықпал етеді деп ойлайсыз? Ойыңызды 2-3 сөйлеммен беріңіз. 3. Жергілікті газетке «Жасөспірімдер неге қылмысқа барады? » деген тақырыпта мақала жазыңыз. Мақала мазмұнында теңеу мен эпитет және риторикалық сұраулы сөйлемдерді қолданыңыз. 36 Бағалау критерийі Тапсырма № Дескриптор Балл Білім алушы Мәтінге қатысты деректі ақпаратты анықтайды, өз пікірін білдіреді, баға береді 1 мәтін бойынша кесте-сызба дайындайды; 1 деректі ақпараттарды қолданады; 1 2 мәтіндегі негізгі ойға қатысты пікірін 2-3 сөйлеммен білдіреді; 2 Көркемдегіш құралдар мен айшықтауды қолданып, шығармашылық жазба жұмысын орындайды 3 мақаланың кіріспе бөлімінде мәселенің өзектілігі туралы айтады; 1 негізгі бөлімде жастардың қылмысқа баруының 3-4 себебін көрсетеді; 1 қорытынды бөлімде мәселенің шешу жолдарын көрсетеді; 2 мақала мазмұнында теңеу мен эпитеттерді қолданады; 2 риторикалық сұраулы сөйлемдерді қолданады. 1 Барлық балл 11 37 «Жастардың денсаулығы - қоғам байлығы», « Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған рубрика Білім алушының аты-жөні Бағалау критерийі Оқу жетістігі деңгейі Төмен Орта Жоғары Мәтінге қатысты деректі ақпаратты анықтайды, өз пікірін білдіреді, баға береді Деректі ақпараттарды қолда мәтін бойынша кесте-сь дайындауда, негізгі ойға қаты пікірін 2-3 сөйлеммен жеткіз қиналады. ып зба сты уде Деректі ақпараттарды қолданып мәтін бойынша кесте-сызба дайындауда, негізгі ойға қатысты пікірін 2-3 сөйлеммен жеткізуде қателеседі. Деректі ақпараттарды қолдан мәтін бойынша кесте-сы дайындайды, негізгі о қатысты пікірін 2-3 сөйлем жеткізеді. ып зба йға мен Көркемдегіш құралдар мен айшықтауды қолданып, шығармашылық жазба жұмысын орындайды Теңеу мен эипитет, риторика сұраулы сөйлемдерді қолдан құрылымына сай мақала жаз қиналады. лық ып уда Теңеу мен эипитет, риторикалық сұраулы сөйлемдерді қолданып, құрылымына сай мақала жазуда қателеседі. Теңеу мен эипитет, риторика сұраулы сөйлемдерді қолдан құрылымына сай мақала жаза лық ып, ды. 38

2 thoughts on “СОР Казахский язык и литература 10 класс ЕМН ОГН — ЖБ БЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті 10 сынып ЖМБ ҚГБ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *