СОЧ ТЖБ Құқық негіздері 9 сынып

«Құқық негіздері» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 9-сынып

МАЗМҰНЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты……………………..3
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар…..3
3. «Құқық негіздері» пәнінен күтілетін нәтижелер………………….3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі…………………………………..4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды
бөлу …………………………………………………………5
6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері………………5
7. Модерация және балл қою……………………………………..5
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………..6
II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………11
III ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ……………..17
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………22
2
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім мен білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған «Құқық негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. «Құқық негіздері» пәнінен күтілетін нәтижелер Білу
— құқық пәні мен ұғымын;
— заманауи құқық жүйелерін;
— іргелі құқықтық және әлеуметтік құндылықтарды: адам құқығы, демократия, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет, заңдылық және құқық тәртібі;
— қазақстандық құқық саласының базалық мазмұны мен негізгі ұғымдарын;
— құқық дереккөздерін біледі.
Түсіну
— мемлекет және құқықтың пайда болуы, олардың өзара байланысы;
— қазақстандық құқық салаларының негізгі ұғымдары мен базалық санаттарын;
— құқық мазмұнын, нақты құқықтық қарым-қатынастардың қатысушысы ретінде азаматтың міндеттері мен жауапкершілігін;
— әлеуметтік өмірдің негізгі салаларындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу қажеттілігін;
— тұлғаның құқығын құрметтеу қажеттілігін түсінеді.
Қолдану
— күнделікті өмірде және практикалық әрекетінде құқықтық ақпаратты;
— құқықпен реттелген, күнделікті өмірде заңға сәйкес іс-қимыл мен мінез-құлық тәртібін таңдау кезінде;
— құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру тәсілдерін айқындау кезінде, сондай-ақ бұзылған құқықтарды қорғау кезінде;
— тиісті органдар мен ұйымдарға білікті заң көмегіне жүгіну кезінде;
— өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелер бойынша пікірталастарға қатысу кезінде қолданады.
Талдау
— қоғамдағы құқықтық қатынастарды реттейтін нормалар мен тетіктерді;
— құқықтық қатынастар субьектілерінің негізгі құқықтары мен міндеттерін;
— қоғамдағы құқықтық қатынастарға байланысты, күрделі емес практикалық жағдаяттарды;
— жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігін және құқықтық ережелерінің ерекшеліктерін;
— түрлі деректерден алынған құқықтық сипаттағы ақпараттарды талдайды.
Жинақтау
— қоғамда әлеуметтік бейімделу үшін құқықтық және адамгершілік нормаларын ескере отырып, түрлі практикалық жағдаяттардағы мінез-құлық моделін
3
жинақтайды.
Бағалау
— қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық институттардың қызметі, олардың дамуына өз үлесін қосу мүмкіндігін;
— қоғам өміріндегі оң және келеңсіз құбылыстарды; құқық қорғау мен заңдылық мәнін;
— нақты мәселелерді шешуде саналы белсенділік таныту қабілетін көрсету;
— адамгершілік нормаларына сәйкес белгіленген міндеттерді сындарлы шешу үшін өзінің ұжымда және топта ынтымақтасу қабілетін бағалайды.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау дағдыларының деңгейі Сипаттама Тапсырмалар түрлері
Білу және түсіну Әкімшілік құқық, Конституциялық құрылым негіздері, азаматтық құқық ұғымы мен қағидалары, неке және отбасы ұғымдарын біліп, түсіндіреді КТБ — Көп таңдауы бар тапсырмалар ҚЖ — Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
Қолдану Конституция негізінде мемлекеттік органдардың қызметтері, меншік түрлері, ҚР еңбек жағдайлары, әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері мен белгілерін анықтап, тұжырымдамалармен жұмыс жасайды. ҚЖ — Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ — Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жоғары деңгей дағдылары Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін анықтайды. Азаматтық құқықтағы міндеттемелер мен жауапкершіліктер, құқықтық нормативтік актілерге сүйене отырып, еңбек дауларын, құқықтық жағдаяттарға талдау жасайды. Қылмыстық жауапкершіліктің және жаза түрлерін ажыратады. Еңбек шартының мазмұнын талдайды. Құқықтық мемлекеттің ерекшелігі мен маңызын талдайды. Отбасының қоғамдағы маңыздылығын, әкімшілік құқық нормалардың маңызын бағалайды, шешу жолдарын ұсынады, құқықтың мәні мен мазмұнын ашады. ҚЖ — Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ — Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары
I 100% 0 0
II 0 75% 25%
III 0 25% 75%
IV 0 0 100%
Барлығы 25% 25% 50%
6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы, сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/ қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
5
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ І тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты — 40 минут Балл саны — 20 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады. Тест тапсырамаларынан берілген жауап нұсқаларының ішінен дұрыс бір жауапты таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
6
І тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдылары ның деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма № Тапсырма ның түрі Орындалу уақыты, мин Балл* Бөлімге берілетін балл саны
9.1 Әкімшілік құқық түсінігі 9.6.1.1 Әкімшілік құқық ұғымын түсіндіру Білу және түсіну 1 1 КТБ 8 6 6
9.1 Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары 9.2.1.1 Конституциялық құрылым негіздерін түсіндіру Білу және түсіну 1 2 КТБ 8 4 4
9.1 Азаматтық құқық түсінігі 9.3.1.1 Азаматтық құқық ұғымы мен қағидаларын түсіндіру Білу және түсіну 1 3 ҚЖ 12 6 6
9.1 Неке және отбасы құқығы түсінігі 9.5.1.1 Неке және отбасы ұғымдарын түсіндіру Білу және түсіну 1 4 ҚЖ 12 4 4
БАРЛЫҒЫ: — 4 — — 40 20 20
Ескерту: * — өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
7
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгілері «Құқық негіздері» пәнінен І тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1.1. Әкімшілік құқық пәнінің қоғамдық қатынастар жүйесін құрайды:
A) Қоғамдық тәртіпті реттеу
B) Мемлекет және құқық тәсілдері
C) Азаматтық алу тәсілдері
Б) Конституциялық құрылымының жүйесі Е) Басқару және атқарушы ұйымдардың жүйесі
1.2. Лауазымды тұлғаларға мемлекеттік-биліктік құзырет беретін норма түрі:
A) Міндеттейтін норма
B) Көтермелейтін норма
C) Уәкілеттік беретін норма ^) Тыйым салатын норма Е) Шектейтін норма
1.3. Әкімшілік- құқықтық қатынастар реттейтін сала:
A) Мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейді
B) Атқарушы биліктің жүзеге асырылуын реттейді
C) Еңбек пен жұмыспен қамтуды реттейді
Б) Азаматтардың құқықтық мүдделерін реттейді Е) Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық қатынастарын реттейді
1.4. Азаматтардың әкімшілік құқық қабілеттігі басталатын жас мөлшері:
A) Туған кезден бастап
B) 18 жастан бастап
C) 16 жастан бастап ^) 14 жастан бастап
Е) Кейбір кезде 13 жастан
1.5. Әкімшілік құқықтың негізгі қайнар көзі:
A) Конституция
B) Түрлі құқықтық актілері
C) Қаулылар Б) Жарлықтар Е) Бұйрықтар
1.6. Әкімшілік құқықтық қатынастардың негізгі субъектісі:
A) Жеке тұлғалар
B) Мемлекеттік басқару ұйымдары
C) Заңды тұлғалар
Д) Ұжымдық субъектілер Е) Барлық азаматтар
[6]
8
2. Қазақстан Республикасының Конституцияның 1-бабында көрсетілгендей мемлекеттің құрылымын сипаттамасына қарай сәйкестендіріңіз.
№ Мемлекеттік құрылымы Сипаттамасы
1. Құқықтық А «ашық, сыртқы» деген мағыналарда қолданылады, дін мемлекеттен бөлек.
2. Әлеуметтік В «халық билігі» деген мағынаны білдіреді.
3. Зайырлы С конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.
4. Демократиялық Б халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған.
[4]
3. Азаматтық құқық ұғымын және қағидаларын анықтаңыз. Азаматтық құқық дегеніміз — _____________________________
Мысалы:
[2]
Азаматтық құқықтың қағидаларын анықтаңыз.
1.
2.
3.
4.
[4]
4. Неке және отбасы ұғымдарын түсіндіре отырып, олардың қағидасын көрсетіңіз.
1. Неке дегеніміз — 2. Отбасы дегеніміз —
Неке және отбасы қағидасын жазып көрсетіңіз.
3.
4.
[4]
9
Балл қою кестесі
Тапсырм
а

Жауаптары
Балл
Қосымш
а
ақпарат
1
1.1. Е
1.2. С
1.3 в
1.4 А
1.5 А
1.6. В
1 2 3 4
С Б А В
Азаматтық құқық дегеніміз азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы
Мысалы, белгілі бір мүлікті сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру_________________________________
1. Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық принципі
2. Азаматтық құқықты сот арқылы қорғау принципі
3. Шарт еркіндігі
4. Біреудің жеке ісіне келісімсіз араласпауы
Білім
алушыны
ң өз
сөзімен
дұрыс
жазған
жауаптар
ы
қабылдан
ады.
Неке дегеніміз отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған ер мен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақ______________________________________
Отбасы деп бірлесіп күн көретін, туыстық қатынаста тұратын адамдар тобын айтамыз____________________________
Неке тек азаматтардың хал актілерін жазу органдарында ғана тіркеледі_________________________________________
Ер мен әйел некеге тұру немесе тұрмауды өз еркімен шешетіндігін көрсетеді. Неке одағына тұру кезінде қандай да бір зорлық көрсету салдарынан некені жарамсыз деп тану мүмкін
Мазмұны на сай жауаптар қабылдан ады.
Білім
алушы
басқа да
дұрыс
қағидатта
р жазса
жауап
қабылдан
ады.
Барлығы
20
1
1
1
1
1
1
2
4
3
1
1
1
1
1
1
4
1
1
1
1
10
П ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты — 40 минут Балл саны — 20 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар білім алушының баптар бойынша талдау жасап, өз ойын толық ашып жеткізуге арналған. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
11
ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдылар ының деңгейі Тапсы рма саны* Тапсы рма №* Тапсыр маның түрі Орында лу уақыты, мин Балл* Бөлімге берілетін балл саны
9.2 Мемлекеттік органдардың конституциялық құрылысы 9.2.2.1 Конституция негізінде мемлекеттік органдардың қызметтерін анықтап, салыстыру Қолдану 1 1 ҚЖ 12 6 6
9.2 Меншік құқығы 9.3.2.1 Меншік түрлерін анықтау Қолдану 1 2 ҚЖ 8 4 4
9.2 Еңбек жағдайлары 9.4.2.1 ҚР еңбек кодексінің баптарын негізге ала отырып еңбек жағдайларын анықтау Қолдану 1 3 ҚЖ 8 4 10
9.4.2.2 Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсіндіру Жоғары деңгей дағдылар 1 4 ТЖ 12 6
БАРЛЫҒЫ: — 4 — — 40 20 20
Ескерту: * — өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
12
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгілері «Құқық негіздері» пәнінен ІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Мемлекеттік органдардың қызметін анықтап, салыстырыңыз.
[6]
2. Берілген кестеге меншік түрлерін көрсетіп, мысал келтіріңіз.
Меншік түрлері
1. 2.
Мысалы: Мысалы:
[4]
3. Берілген жағдаят бойынша ҚР еңбек кодексінің баптарына сүйене отырып, еңбек жағдайларын анықтаңыз.
А. 21 жасар Сәрсеновты база директоры жұмысқа қабылдайды. Шамалы уақыт өткен соң директор Сәрсеновке жұмысының міндетінен тыс қосымша жұмыс тапсырады. Сарсенов сол жұмысына байланысты үстеме жалақы төлеуді талап етеді. Алайда директор Сарсеновке еңбек шартында қосымша жұмыс үшін үстеме ақы төленбейтіндігін айтып, жалақысын көтеруден бас тартады.
Директордың шешімі дұрыс па?__________________________________________________________
ҚР Еңбек кодексіне сүйене отырып, шешу жолын көрсетіңіз.
13
[2]
В. 25 жастағы Асанов мектепке жас маман ретінде жұмысқа орналасуға келеді. Жұмыс беруші ретінде мектеп директорымен еңбек шартын жасасып, мектепке жұмысқа қабылданады. Кейін ол магистратураға түсіп, бір жыл оқуға кетеді. Директор оның орнына басқа адамды жұмысқа қабылдайды. Асанов оқудан келгеннен кейін өз жұмысын жалғастыруды сұрайды. Директор оқу демалысы кезінде уақытша жұмыс жасаған жұмыскерді жұмыстан босатып, Асановты қайта жұмысқа қабылдайды. Директор дұрыс шешім қабылдады ма және себебін түсіндіріңіз?
[2]
4. Жағдаят бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қызметкер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін анықтаңыз.
25 жастағы Асан мектепке жас маман ретінде жұмысқа орналасуға келеді. Жұмыс беруші ретінде мектеп директорымен еңбек шартын жасасып, мектепке жұмысқа қабылданады. Еңбек шартында жұмыскер мен жұмыс берушінің қандай құқықтары мен міндеттері
растырылады?
Жұмыс беруші цщыцтары Жүмыскердіц міндеттері
1.
2.
3.
[6]
14
Балл қою кестесі
Тапсыр ма № Жауаптары Балл Қосымша ақпарат
1 1. Парламент заң шығарушы орган, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. 1 Білім алушының өз ойымен жазыған дұрыс жауаптары қабылданады
2. Үкімет атқарушы орган, мемлекеттік бағдарламаларды әзірлейді, заңдарды жүзеге асырады. 1
3. Сот төрелігін жүргізіп, жаза береді. 1
4. Президенттің жыл сайынғы жолдауын жүзеге асырады, есеп береді. 1
5. Рақымшылық жасау, кешірім беру мәселелерін шешеді, сот құрылысы мен сотта іс жүргізу мәселелеріне қатысады. 1
6. Заңдардың жүзеге асырылуын қадағалайды, заңға бағынады. 1
2 Жеке меншік 1 Білім алушы басқа да дұрыс мысалдар келтіре алады.
Мемлекеттік меншік 1
Мысалы: азаматтардың жеке өзіне қатысты барлық мүліктері мен заттары жатады 1
Мысалы: мемлекеттің жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, сақтандыру сақтық қорлары жатады. 1
3 А. Директордың шешімі дұрыс емес. Себебі қосымша жұмыс жасағаны үшін үстеме ақы төленеді. 1 ҚР еңбек кодексінің баптарына сәйкес жауаптар қабылданады.
А. ҚР Еңбек кодексінің 108 — бабында үстеме уақыттағы жұмысқа бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде ақы төленеді. 1
В. Директор дұрыс шешім қабылдады. 1
В. ҚР 87 — бабында өндірістен қол үзбей білім алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтік мақсаттарда жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босатылады және оның жұмыс орны сақталады 1
15
Жұмыс беруші өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға құқылы. 1 Білім алушының басқада дұрыс жазған жауаптары қабылданады.
Жұмыс беруші жұмыскерлерден еңбек, ұжымдық шарттар талаптарының, еңбек тәртібі қағидаларының және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге құқылы. 1
4 Жұмыс беруші жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеуге құқылы. 1
Жұмыскер еңбек тәртібін сақтауға міндетті. 1
Жұмыскер жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға міндетті. 1
Жұмыскер заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге міндетті. 1
Барлығы 20
16
Ш ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты — 40 минут Балл саны — 20 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар білім алушының баптар бойынша талдау жасап, өз ойын толық ашып жеткізуге арналған. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін
17
ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсыр ма саны* Тапсыр ма№ Тапсыр маның түрі Орындалу уақыты, мин Балл* Бөлімге берілетін балл саны
9.3 Азаматтық құқықтағы міндеттеме мен жауапкершілік 9.3.3.1 Азаматтық құқықтағы міндеттемелерді талдап, жауапкершіліктерін анықтау Жоғары деңгей дағдылары 1 1 ТЖ 8 4 4
9.3 Еңбекті қорғау 9.4.3.2 Құқықтық нормативтік актілерге сүйене отырып, еңбек дауларын шешу жолдарын ұсыну Жоғары деңгей дағдылары 1 2 ТЖ 10 5 5
9.3 Әкімшілік жауапкершілік 9.6.2.1 Әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері мен белгілерін анықтау Қолдану 1 3 ҚЖ 10 5 5
9.3 Қылмыстық жауапкершілік 9.7.3.1 Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы қылмыстық жауапкершілікті және жаза түрлерін анықтау Жоғары деңгей дағдылары 1 4 ТЖ 12 6 6
БАРЛЫҒЫ: — 4 — — 40 20 20
Ескерту: * — өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
18
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгілері «Құқық негіздері» пәнінен ІІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың
тапсырмалары
1. Берілген жағдаятқа байланысты борышкер мен несие берушінің арасында қандай міндеттемелер мен жауапкершілік туындайды?
Жандосов электронды техника дүкенінен теледидарды несиеге алады. Банкпен бір жылға несие шартын жасасады. Алайда үш айдан соң Жандосов жұмысынан қысқартылып, жұмыссыз қалады. Ол банкке барып ай сайынғы төлемді төлей алмайтындығын айтады.
Осы жағдайдан кейін қандай міндеттемелер мен жауапке ршіліктер туындайды?
Міндеттеме Жауапкершілік
Борышкер
Несие беруші
[4]
2. Құқықтық нормативтік актілерге сүйене отырып, еңбек дауларын шешу жолдарын ұсыныңыз.
Он алты жасар Қасым фирмада жұмыс істейді. Онымен бірге жиырма жастағы Қайрат та сондай қызметтер атқарып жүр. Бірде жалақы алу кезінде қол қойып тұрып, ол Қайратқа өзі алатын сомадан екі есе көп сома қойылғанын байқап қалды. Бұл оған әділетсіздік болып көрінді. Ол өз еңбегі мен Қайраттың еңбегіне төлем арасындағы айырманың неден тұратынын сұрайды. Есепшінің айтуынша. біріншіден, Қасым кәмелетке толмаған, оған жоғары жалақы алуға әлі ерте; екіншіден, Қайрат қалай болғанда да директордың туысы; үшіншіден, Қасымның өзінін жалақысын сұрауға ешқандай құқығы жоқ; төртіншіден, осындай ақпарат үшін сені жұмыстан шығаруға құқығымыз бар.
Есепші жауабы Жауабыңызды еңбек заңнамасына сүйене отырып жазыңыз.
1. Қасым кәмелетке толмаған, оған жоғары жалақы алуға әлі ерте.
2. Қайрат қалай болғанда да директордың туысы.
3. Қасымның өзінін жалақысын сұрауға ешқандай құқығы жоқ.
4. Осындай ақпарат үшін сені жұмыстан шығаруға құқығымыз бар.
5. Есепшінің берген жауабынан қорытынды шығарыңыз.
[5]
19
3. Берілген дәлеледерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілерін көрсетіңіз.
Белгілері Дәлелдер
1. Жолаушылардың билетсіз жүруі
2. Машина жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, басқа машинаны соғуы
3. Әкімшілік құқықтың ғана емес, басқа да құқық салаларының нормаларын бұзады. Мысалы: еңбек, азаматтық, қаржылық құқық нормалары.
4. Жеке тұлғаның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың нормаларын сақтамағаны үшін он айлық есептік көрсеткіште айыппұл салу
5. Автобус жүргізушінің жұмыс барысында темекі шегіп отыруы
[5]
4. Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы қылмыстық жауапкершілікті және жаза түрлерін анықтаңыз.
А. Жүк автокөлігінің жүргізушісі Есімов жол қозғалысының белгіленген ережесін сақтай отырып, машинаны артқы жаққа қарай айдады. Оның жолдастары, соның ішінде Арғынов Есімовты ұстағысы келді. Арғынов осы мақсатпен, Есімов машинаны артқы жаққа қарай жүргізе бастағанда, оған білдірместен машинаға келді және қозғалыстағы машинаның артқы доңғалағына тасты кіргізуге тырысты. Осы кезде оның аяғы тастан тайып кетіп, артқы доңғалақтардың арасына қысылды және ол машина астына басылып қалды. Сот Есімовты Арғыновтың өліміне кінәлі деп есептеп, оны соттады. Соттың шешімімен келісуге бола ма? Себебін түсіндіріп жазыңыз.
В. Кәмелеттік жасқа толмаған Тоғжанов пен Үсенов есімді азаматтар Оралова есімді азаматшаның өміріне және денсаулығына қауіп төндіріп, ұрлық жасады. Оралова есімді азаматша өзін сақтау мақсатында қорғануға тырысты, нәтижесінде ұрыс пайда болып, Оралова есімді азаматша өзін қорғау мақсатында шабуылшының біреуін ұрады. Сол ауыр соққының нәтижесінде шабуылдаушы қайтыс болады. Қылмыстың субъективтік және объективтік жақтарын атаңыз және қылмысты жеңілдету тұстарын көрсетіңіз.
С. 14 жасар Қасымов көшеден атылмаған оқ тауып алды. Оқтын шын екеніне көз жеткізгісі келген ол оқты ауладағы ашық отқа тастады. Оттың атылу нәтижесінде 5 жасар қыз ауыр жарақат алды. Қасымовтың іс әрекетінде қылмыстық белгілері бар ма?
[6]
20
Балл қою кестесі
Тапсырм а № Жауаптары Балл Қосымш а ақпарат
1. Борышкердің міндеттемесі: жағдаятқа байланысты техникасын не техникалық құнын қайтарып беру 1 Білім алушыны ң басқа да дұрыс жауабы қабылдан ады.
1 2. Борышкердің жауапкершілігі: міндеттемені төлеуге қатысты банкпен бір шешімге келу 1
3. Несие берушінің міндеттемесі: талап ету құқығы бар 1
4. Несие берушінің жауапкершілігі: шартты қайта қарап ортақ келісімге келу 1
Біріншіден, ҚР Еңбек кодексінде көрсетілген 16 жастағы тұлғалар үшін еңбек уақыты мен еңбек ақысы негізгі қызметкерлермен теңеспейді; ҚР Еңбек кодексінің 103-бабында жұмыскердің айлық жалақысының мөлшері жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді. 1 Басқа үлгіде берілген білім алушыны ң дұрыс жауабы
2 Екіншіден, еңбек қатынасындағы жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы туысқандық байланыс Еңбек құқығына қайшы келеді және заңмен қудаланады; 1 қабылдан ады
Үшіншіден, кез-келген қызметкер жұмысқа тұрар алдында өз жалақысын білуге құқылы; ҚР Еңбек кодексі 22 — бап 1
Төртіншіден, азаматты іс-әрекеті үшін жұмыстан шығаруға ешқандай құқығы жоқ; 1
Заң бойынша есепшнің ондай жауап айтуына құқысы жоқ. Себебі есепшінің жұмыс міндетіне кірмейді. Есепші төленетін жалақысы туралы ақпарат бере алады. 1
3 1) құқыққа қайшылығы 2) кінәлілігі 3) көп тарағандығы 4) әкімшілік жазаланатындығы 5) қоғамға қауіптілігі 5
А. Сот дұрыс шешім қабылдады 1 Берілген жауапқа
Қылмыстың құрамы бар абайсызда жасалған қылмыс болып есептеледі 1 ұқсас жауаптар
4 В. Қылмыстың субьектісі Оралова, обьектісі шабуылшыны ұру 1 дұрыс деп қабылдан ады
Оралова қорғану мақсатында жасауы 1
С. Қасымовтың іс-әрекетінде қылмыстың белгісі бар 1
Абайсызда қыз бала денсаулығына ауыр жарақат алды 1
Барлығы 20
21
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ IV тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты — 40 минут Балл саны — 20 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады. Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар білім алушының баптар бойынша талдау жасап, өз ойын толық ашып жеткізуге арналған. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
22
IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларыны ң деңгейі Тапс ырма саны * Тапс ырма № Тапсы рманы ң түрі Орындалу уақыты, мин Балл* Бөлімге берілетін балл саны
9.4 Еңбек шарты 9.4.4.1 Құқықтық жағдаяттарды талдай отырып, еңбек шартының мазмұнын ашу Жоғары деңгей дағдылары 1 1 ТЖ 8 4 4
9.4 Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам 9.1.2.1 Құқықтық мемлекеттің ерекшелігі мен маңызын анықтау Жоғары деңгей дағдылары 1 2 ТЖ 8 4 4
9.4 Отбасының қоғамдағы маңыздылығы 9.5.4.1 Отбасының қоғамдағы маңыздылығын бағалау Жоғары деңгей дағдылары 1 3 ТЖ 12 6 6
9.4 Әкімшілік құқық бұзушылықты алдын алу 9.6.3.1 Әкімшілік құқық нормалардың маңызына баға беру Жоғары деңгей дағдылары 1 4 ТЖ 12 6 6
БАРЛЫҒЫ: — 4 — — 40 20 20
Ескерту: * — өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
23
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгілері «Құқық негіздері» пәнінен тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың
тапсырмалары
1. Құқықтық жағдаяттармен танысыңыз. ҚР Еңбек кодексінің төменде берілген бабын қолдана отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Байболова мемлекеттік жұмыс орнына хатшы болып жұмысқа қабылданады. Онымен еңбек жағдайлары көрсетілген еңбек шартын жасасады. Оның таңертен 9.00-де жұмыс орнында болуы керек еді, бірақ отбасы жағдайына байланысты жарты сағатқа кешігіп келеді. Байболова еңбек шартында нақты үзіліс уақытын көрсетілмеуіне байланысты, үзіліс уақытын пайдаланғанын айтады. Басшысы үзіліс уақыты жұмыс басталғаннан кейінгі төрт сағаттан кейін болатындығын айтты. Оның басшысы айғайлап жұмыстан қуып шығады.
Директор шешімі дұрыс па? Тараптардың әрекеттерін заңга сәйкестігін анықтаңыз. Еңбек шартының мазмұны бойынша екі дәлел келтіріңіз.
Директор:_________________________________________________________________________
Байболова:
1-дәлел:
2-дәлел:
[4]
2. Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктерін жазыңыз.
[4]
3. «Қазіргі кезде қоғамда отбасының рөлі төмендеп кетті» осы пікірмен қаншалықты келісесіз?
Позиция
Түсіндіру
1- мысал
24
2-мысал
1- салдары
2- салдары
[6]
4. Әкімшілік құқықтың норма түрлерін көрсетіп, олардың маңыздылығын жазыңыз.
Әкімшілік құқық нормалары Олардың маңыздылығы

[6]
25
Балл қою кестесі
Тапсырм а № Жауаптары Балл Қосымш а ақпарат
1 Директордың шешімі дұрыс емес, бірден жұмыстан шығаруға болмайды 1 Білім алушыды ң басқа да дұрыс жауаптар ы ескеріледі
Байболова еңбек шартында үзілістің көрсетпегендігін дұрыс көрсетеді 1
1-дәлел еңбек шартның мазмұны бойынша үзіліс уақыттары анық көрсетілуі тиіс 1
2-дәлел үзіліс уақыты ҚР 81 — бапта көрсетілгендей жұмыс ішінде үзіліс уақыты берілетінгі көрсетілген 1
2 1-ерекшелігі заңның үстемдік етуі. Барлық адамдар тек заңға бағынып, заңды орындайды 1 Білім алушы өз дәлелімен маңыздыл ығын дұрыс анықтаса жауап қабылдан ады.
2-ерекшелігі мемлекеттік биліктің бөлінуі. Әр тармақ өзіне қатысты қызметтерді жүзеге асырады. 1
3-ерекшелігі азаматтардың құқықтары мен бостандықтардың шын мәнділігі, азаматтар өз құқықтарын қорғай алады 1
4-ерекшелігі тұлға мен мемлекеттің өзара жауаптылығы. Әр тарап бір-бірінің алдындағы жауаптылықты біледі 1
3 Позициясы қоғамда отбасының рөлі төмендеп кетті деген пікірмен толық келіспеймін 1 Білім алушы теріс позициян ы ұсынып, дәлел келтіре жауап дұрыс деп есептелен еді
Түсіндіруі себебі отбасы қоғамда маңызды рөл атқарады, көптеген жастар отбасын құрып, олар балалар тәрбиесіне көңіл бөледі, олардың білім алуларына жағдай жасайды. 1
1-мысал балардың білім алуы үшін ата-аналар балаларын гимназияларға, шетелден білім алуларына жағдай жасайды. 1
2-мысал отбасында балаларға жан-жақты жағдайлар қарастырады, заманға сай техникалық жабдықтармен материалдық жағдайлармен қамтамасыз етеді. 1
1- салдары нәтижесінде мемлекетте мықты кадрлар бар 1
2- салдары заманға сай бәсекелестікте патриот тұлғалар тәрбиеленуде. 1
4 Реттелетін норма 1 Білім алушы басқада дұрыс жауаптар жазса дұрыс деп есептеуге болады
Субьектіге белгілі бір құқықтар береді немесе міндеттер жүктейді. Мемлекет тарпынан белгілі бір іс әрекеттерді жүзеге асырады 1
Қоргалатын норма 1
Әкімшілік теріс қылық жасағаны үшін жаза беру шараларын жүзеге асырады. 1
Рұқсат ету 1
Құқық шеңберінде субьектіге қандайда бір әрекет жасауға рұқсат береді. Белгілі бір шешімдерді қабылдай алады. 1
Барлығы 20
26

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *