СОЧ ТЖБ Құқық негіздері 10 сынып ЖМБ

«Құқық негіздері» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 10-сынып
(жаратылыстану-математикалық багыт)

МАЗМҰНЫ
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты……………………………..3
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар…………..3
3. «Құқық негіздері» пәнінен күтілетін нәтижелер……………………..3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі………………………………………4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 5
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі…………………………………5
7. Модерация және балл қою…………………………………………5
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ…………………….6
II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ…………………..11
Ш ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ……………………16
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ…………………..22
2
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Құқық негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. «Құқық негіздері» пәнінен күтілетін нәтижелер Білу:
— конституциялық құқық көздерін, нормаларын, жүйелерін;
— конституциялық саяси құқықтарын;
— әкімшілік құқық жүйесі, нормасын, субъектілерін;
— еңбек құқығы, оның мәнін, әкімшілік еңбек тәртібін ұйымдастырудағы міндеттер, еңбек тәртібін бұзғаны үшін жауаптылық;
— азаматтық құқық көздерін, қатынастарын, меншік құқығы формаларын, тұтынушы құқығының қолданылу аясын;
— отбасылық қатынастар, ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерін;
— қылмыстық құқық ұғымы, белгілерін, қылмыстық жауаптылық, оның түрлерін, азаматтардың құқықтарын қорғауды, сонымен қатар оны жүзеге асыру қажеттілігі мен мүмкіндіктерін біледі.
Түсіну:
— қоғамның мәдени элементі және маңызды әлеуметтік реттеушісі ретінде құқықтың мәні мен рөлін;
— қазақстандық қоғамдағы негізгі құқықтық ұстанымдарды;
— құқық жүйесі мен құрылымын, құқықтық қатынастар, құқық бұзушылық пен заңдық жауаптылық, әлеуметтік-экономикалық саланы құқықтық реттеу, құқықты жүзеге асыру түрі ретіндегі заңдық қызметті түсінеді.
Қолдану:
— нормативтік актілерді қолдана отырып нақты құқықтық жағдайларда жеке ұстанымдарының дәлелдемелерін;
— Қазақстан Республикасының заңнамаларына нақты құқықтық нормалардың сәйкестігін бағалау үшін құқықтық білімін;
— күнделікті өмірде, өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелер бойынша пікірталастарға қатысу кезінде құқық ережелерін, құқықтық ақпараттарды өз бетімен іздену дағдыларын қолданады.
Талдау:
— құқықтық нормаларды, заңнаманың барлық салаларында құқықтық қатынас процесінде пайда болған даулы мәселелер тууы аясында берілген ақпараттарды;
— түрлі деректерден алынған, құқық салаларына қатысты ақпараттарды талдайды.
Жинақтау:
— адамгершілік және құқықтық нормаларымен қабылданған өз мінез-құлықтары мен басқалардың әрекеттерін байланыстыру үшін алынған ақпаратты;
3
жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға қарсы келмейтін шешім қабылдау, өз қарым-қатынасын білдіру, жағдаяттарды бағалау үшін, берілген контекстегі ақпараттарды жинақтау және талдау үшін білім, білік дағдыларды жинақтайды.
Багалау:
— Қазақстан Республикасының заңнамаларын нақты мәселелерді шешу барысында қолдану ерекшеліктерін өздігінше бағалайды.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау дағдыларын ың деңгейі Сипаттама Тапсырмалар түрлері
Білу және түсіну Құқық жүйесі және оның негізгі элементтерін түсіндіру (құқық нормалары, сала, ішкі сала, құқықтық институт), мемлекетті құқық және құқықтық қатынастың негізгі субъектісі ретінде анықтау КТБ — Көп таңдауы бар тапсырмалар ҚЖ — Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
Қолдану Құқықтық мемлекеттің принциптерін айқындау, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктеу (саяси, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени), мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелу ерекшеліктерін графикалық сызба құру арқылы түсіндіру, құқықтық жағдаят мысалында мәміле ұғымын және оның түрлерін түсіндіру, отбасылық қарым-қатынастар саласындағы нормативтік құқықтық актілердің қажеттілігін түсіндіру («Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы кодексі», «Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңы»), азаматтық процестің негізгі міндеттері мен принциптерін талдау, халықаралық жария құқық ұғымын түсіндіру және оның реттейтін қоғамдық қатынастар саласын анықтау, қазіргі халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын органдар мен ұйымдарды анықтау ҚЖ — Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ — Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жоғары деңгей дағдылары Нақты мысалдар арқылы қылмыстық теріс қылық пен қылмысты қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалық-саяси және құқықтық актілердің негізгі ережелерін түсіндіру, құқықтық жағдаятты (казусты) талдай отырып, меншік құқығын қорғау жолдарын түсіндіру, заң терминдерін пайдалана отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдарын нақты жағдаяттық мысалдармен (казустармен) түсіндіру, әртүрлі өмірлік жағдаяттарда еңбек құқықтарының іске асуын зерттеу, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот талқылауының негіздері бойынша білімін шығармашылық түрде көрсету. ҚЖ — Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ — Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары
I 50% 50% 0
II 0 33 % 67 %
III 0 60 % 40%
IV 0 75% 25%
Барлығы 12 % 55% 33%
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
5
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ I тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты — 40 минут Балл саны — 20
Тапсырмалар түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар сұрақтар/тапсырмалар;
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ — толық жауапты қажет ететінтапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады. Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы жауап нұсқаларының ішінен бір немесе бірнеше жауап нұсқаларын таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.
6
I тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларын ың деңгейі Тапсырма саны* Тапсырм а №* Тапсырм а түрі* Орындау уақыты, мин* Балл* Бөлім бойынша балл
Мемлекет және құқық 10.1.1.3 Құқық жүйесі және оның негізгі элементтерін түсіндіру (құқық нормалары, сала, ішкі сала, құқықтық институт) Білу және түсіну 1 1 КТБ 10 5 20
10.1.1.4 Мемлекетті құқық және құқықтық қатынастың негізгі субъектісі ретінде анықтау Білу және түсіну 1 2 ҚЖ 10 6
10.1.2.1 Құқықтық мемлекеттің принциптерін айқындау Қолдану 1 3 КЖ 10 5
10.1.3.2 Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жіктеу (саяси, азаматтық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени) Қолдану 1 4 КЖ 10 4
Барлығы 4 — 40 20 20
Ескерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
7
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгілері «Құқық негіздері» пәнінен І тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1.1. Құқықтық норма дегеніміз:
A) мемлекет бекіткен заңдық норма
B) заң негізінде жүзеге асырылатын тәртіп ережелері
C) қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже
^) заңның үстемдігі және жеке тұлғаның құқықтары мен бостандығының ақиқаттылығы
1.2. Құқық салалары:
A) қоғамда танылған әрекет мүмкіншілігі немесе негізделген, расталған бостандық
B) мемлекеттік билікпен орнатылған және онымен қоғамдық қатынастардың бекітілуі мен дамуы толықтай қорғалатын нормалар жүйесі
C) үстем таптың мазмұны өмірдегі материалдық жағдаймен анықталатын билеуші таптың заңға айналған еркі
^) бұл белгілі бір әдістер арқылы қоғамдық қатынастардың бір саласын сапалы түрде реттейтін құқық нормаларының жиынтығы
1.3. Құқық институттары:
A) бұл белгілі бір әдістер арқылы қоғамдық қатынастардың бір саласын сапалы түрде реттейтін құқық нормаларының жиынтығы
B) заңның үстемділігі және жеке тұлғаның құқықтары мен бостандығының ақиқаттылығы
C) реттеуші, қорғаушы бұл құқықтық сала ішінде немесе ішкі саладағы белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдық нормалардың топтық жиынтығы
Б) қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже
1.4. Субъектіге белгілі бір мазмұндағы іс-әрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма :
A) міндеттейтін норма
B) тиым салушы норма
C) құқық беруші
Б) дефинитивті норма
1.5. Құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі:
A)гипотеза
B)диспозиция
C)санкция Б ) норма
[5]
2. Тұжырымдардың «ақиқат» не «жалған» екендігін анықтаңыз.
№ Сипаттамасы А Ж
1 Құқықтық қатынастардың субьектілері — бұл құқықтық қатынастардың сәйкес субъективтік құқықтар мен міндеттерді иеленген қатысушылары
8
2 Құқықтық қатынастар — құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар болып табылады.
3 Ұжымдық субъектілер: жеке тұлғалар мемлекет, мемлекеттік аппарат — мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекітілсе, тіркелсе толық түрде құқықтық және әрекет қабілеттілігі бар деп саналады.
4 Жеке субъектілер: бұл мемлекетпен қорғалатын және қамтамасыз етілетін қатынастар.
5 Құқықтық қатынастың белгісі — Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа елдердің азаматтары сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар (апатридтер) жеке тұлғалар болып ұғынылады
6 Құқықтық қатынастың белгісі-бүл еріксіз қатынас, себебі оның пайда болуы үшін қатысушылардың еркі қажет емес
[6]
3. Құқықтық мемлекеттің белгілерін сәйкестендіріңіз.
№ Принциптері Анықтамасы
1 Биліктің бөлінуі А Жеке тұлғаның бостандығын қорғау және ұйымдастырудың жоғары формасы
2 Құқықтық мемлекет В Құқықтың үстемдігі, соттың мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардан тәуелсіздігі
3 Соттың тәуелсіздігі С Мемлекет пен жеке тұлғаның арасындағы қатынастағы әділеттілік және теңдік.
4 Заңның үстемдігі Б Республикада мемлекеттік билік конституция мен заңдарға негізделген, заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері болып, үш тармаққа бөлінуі
5 Мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауапкершілігі Е Саяси құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етілген, заңды билікті жүзеге асыруы қамтамасыз етілген демократиялық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет.
1 2 3 4 5

[5]
4. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын кестеге жазыңыз.
Жеке құқықтары мен бостандықтары Саяси құқықтары мен бостандықтары Экономикалық құқықтары мен бостандықтары Әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтар

[4]
9
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша
1 1-С 1
2-Б 1
3-С 1
4-А 1
5-С 1
2 Ақиқат 1
Ақиқат 1
Жалған 1
Ақиқат 1
Ақиқат 1
Жалған 1
3 1-Б 1
2-Е 1
3-В 1
4-А 1
5-С 1
4 Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды 1 Басқа да дұрыс жауаптар қабылданады
Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы. 1
Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. 1
Білім алуға құқығы бар. Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар 1
Барлығы 20
10
II ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
II тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты — 40 минут Балл саны — 20 Тапсырмалар түрлері:
КТБ -көп таңдауы бар сұрақтар/тапсырмалар ҚЖ -қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 3 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.
11
II тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма саны* № тапсыр ма* Тапсырма түрі* Орындау уақыты, мин* Балл* Бөлім бойынша балл
Жария құқық 10.2.2.1 Мемлекеттік басқарудың құқықтық реттелу ерекшеліктерін графикалық сызба құру арқылы түсіндіру Қолдану 1 1 ҚЖ 10 8 20
10.2.4.3 Нақты мысалдар арқылы қылмыстық теріс қылық пен қылмысты қоғамдық қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттау Жоғары деңгей дағдылары 1 2 ТЖ 15 5
10.2.5.1 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалық-саяси және құқықтық актілердің негізгі ережелерін түсіндіру Жоғары деңгей дағдылары 1 3 ТЖ 15 7
Барлығы 3 — — 40 20 20
Ескерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
12
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгілері «Құқық негіздері» пәнінен ІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік жүйесі туралы кестені толтықтырыңыз.
Заң шығарушы д ‘ 1 д. Сот билігі л
2 3 4 Л
5 ■0’ 6 Д 7 8
[8]
2. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Қылмыс және теріс қылық Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді: қылмыс және теріс қылық. Қылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет — әрекетсіздік. Қылмыстың қоғамдық дәрежесін білу үшін, мынандай факторларға сүйену керек: объектінің құндылығы, құқыққа қайшы әрекеттің мазмұны, жағдайы, уақыты, әдісі, келтірген зиянның көлемі мен сипаты, құқық бұзушының жеке мінездемесі. Теріс қылық дегеніміз — қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігі біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан келтіруші құқық бұзушылық. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 10-бабының 3-тармағына сәйкес, қылмыстық теріс қылық — қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген не адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза көзделген, іс-әрекет (әрекетсіздік) болып танылады делінген. Яғни қылмыстық теріс қылықтың өзіне тән негізгі 4 белгісі болуы тиіс:
1. Әрекет қасақана болуы;
2. Қоғамға зор қауіп төндірмеуі;
3. Болмашы зиян келтіру немесе келтіру қаупін туғызу;
4. Оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу түріндегі жаза көзделуі тиіс.
ргоһигог.доу.кг
Қылмыс пен қылмыстық теріс қылықтың ерекшеліктері қандай?
1__________________________________________________________________________________________
2__________________________________________________________________________________________
3__________________________________________________________________________________________
Қылмыс пен қылмыстық теріс қылықты қоғамға қауіптілік дәрежесіне сәйкес сипаттаңыз:
1._________________________________________________________________________________________
2._________________________________________________________________________________________
[5]
3. Жағдаяттардың шешімін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңына сәйкес түсіндіріңіз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң,13-бап.
1) өздерінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген міндеттерін атқарғаны үшін, егер заңдарда өзгедей көзделмесе, өзі тиісті міндеттерді атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке
13
тұлғалардан ақша, көрсетілетін қызмет және өзге де нысандар түрінде кез келген сыйақы қабылдау.
2) өзінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген міндеттерін атқаруына байланысты не қызметі бойынша өздеріне тәуелді адамдардан жалпы қамқоршылығы немесе қызметінде бетімен жібергені үшін сыйлықтар алу немесе қызметін қабылдау.
Жагдаят Сұрақтар
Жолдасов мен жедел уәкіл Азаматов адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, бұзақылық қылмысын жасап күдікті ретінде танылған Олжасовтан жәбірленуші Саттаровпен татуластырып, қылмыстық істі тоқтауға шешім қабылдайтынын айтып, соңғыдан 140 000 теңге сұраған. Олжасов сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросына қызметіне шағымданған. Жасырын тергеу әрекеттері нәтижесінде Жолдасов пен Азаматов күдіктіден 50 000 теңге пара алу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі қызметкерлеріне ұсталынған. Жолдасов мен жедел уәкіл Азаматов қылмыс жасады ма? Қалай жазаланады? 1 2 Олардың әрекетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңга сәйкес түсіндіріңіз. 1 2 3 4 5
[7]
14
Балл қою кестесі
Тапсыр ма №
Жауап
Балл
Қосымша
ақпарат
Заң шығарушы 1. Атқарушы Сот билігі
2. Парламент 3. Үкімет 4. Жоғарғы сот
5. Сенат 6. Мәжілі с 7. Орталық атқарушы органдар 8. Жергілікті соттар
Қылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет — әрекетсіздік
Теріс қылық дегеніміз — қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігі біршама төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан келтіруші құқық бұзушылық.____________________________
Қылмыстық теріс қылық қоғамға зор қауіп төндірмейді
Болмашы зиян келтірген не адамның жеке басына, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызады__________
Теріс қылықты жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмысқа тарту, қамаққа алу түрінде жаза көрсетілген, айыпты жасалған іс әрекет (әрекет не әрекетсіздік) танылады.______________________________
Азаматтарға тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіледі
Қылмыстық іс айыптау актісімен сот қарауына беріледі
Азаматов пен Жолдасовтың әр салынып, мүліктері тәркіленеді
қайсысына айыппұл
Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалады
Жолдасов мен жедел уәкіл Азаматов қылмыс жасады
Олардың әрекеті қоғамға қауіпті деп ойлаймын
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң 13-бап
Барлығы
20
Білім
алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады
8
1
1
1
1
2
1
1
1
1
1
3
1
1
1
1
15
ІІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ІІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты — 40 минут Балл саны — 20 балл
Тапсырмалар түрлері:
КТБ -көп таңдауы бар сұрақтар/тапсырмалар ҚЖ -қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.
16
III тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларыны ң деңгейі Тапсырма саны* Тапсырм а №* Тапсыр ма түрі* Орында у уақыты, мин* Балл* Бөлім бойынша балл
Жеке құқық 10.3.1.6 Құқықтық жағдаят мысалында мәміле ұғымын және оның түрлерін түсіндіру Қолдану 1 1 ҚЖ 6 5 20
10.3.1.8 Құқықтық жағдаятты (казусты) талдай отырып, меншік құқығын қорғау жолдарын түсіндіру Жоғары деңгей дағдылары 1 2 ТЖ 7 3
10.3.2.2 Заң терминдерін пайдалана отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жолдарын нақты жағдаяттық мысалдармен (казустармен) түсіндіру Жоғары деңгей дағдылары 1 3 ТЖ 7 3
10.3.3.1 Отбасылық қарым-қатынастар саласындағы нормативтік құқықтық актілердің қажеттілігін түсіндіру («Қазақстан Республикасының неке және отбасы туралы кодексі», «Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңы») Қолдану 1 4 ТЖ 10 5
10.3.4.2 Әртүрлі өмірлік жағдаяттарда еңбек құқықтарының іске асуын зерттеу Жоғары деңгей дағдылары 1 5 ТЖ 10 4
Барлығы — 5 — — 40 20 20
Ескерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
17
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгілері «Құқық негіздері» пәнінен ІІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Мәміле ұғымын түсіндіріп, оның түрлерін ажыратыңыз.
Мәміле -______________________________________________________________________________________________
[1]
№ Жагдаят Түрлері
1 Тамыров пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Ұзақовқа алдын ала ақшасын төледі
2 Кәсіпкер Мұратов көтерме дүкеннің қоймасында 50 жәшік ауыз судың ақшасын төлегеннен кейін, жүктерін машинасына тиеп, кетіп қалады
3 Қайтыс болған Сапаровтың ұлы мен қызы 6 ай үшінде мұраны қабылдауға еркін білдірмеген.
4 Кәсіпкер Насырова жазбаша келісімге сәйкес апта сайын тауарға телефонмен тапсырыс беріп отырады.
[4]
2 Жағдаят бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Жағдаят Сұрақтар
Азамат Б.-ның үйінде бірнеше сурет болған. Бірақ оны аса бағаламайтын. Ол суреттерді қабырғалары дымқылданған қосалқы үй-жайда сақтайтын. Бірде Б. -ға танысы Т. қонаққа келеді. Б. оған баяғы суреттерді көрсетеді. Т. олардың біреуі атақты суретшінің жұмысы екендігін таниды. Б.-ның суреттерді арнайы ыңғайластырылмаған үй-жайда сақтайтынын көріп, бұлай етуге болмайтынын, сурет мәдени құндылық болып табылатынын айтқан. Оған Б. меншіктің иесі өзі екенін, суретпен не істесе де өзі білетінін айтып жауап берген. Бұл дауға қандай төрелік айтар едіңіз? Меншік құқығын қорғау жолдарын түсіндіріңіз. Тиісті заң бабы бойынша түсіндіріңіз.
[3]
3. Жағдаят бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
Жағдаят Сұрақтар
Азаматша П дүкенде сыртқы түрі мен бағасы ұнаған магнитофонды таңдап алады. Магнитафонның нұсқаулығы қытай тілінде жазылған екен. Магнитафонды тексермей, кассаға барып сатып алады. Үйіне әкелген кезде магнитафон жарамсыз екені анықталады. Бірақ дүкендегі сатушы оны айырбастаудан бас тартады, өйткені азамат П-да кепілдік құжатында сатушының мөрі басылып қойылмаған екен. Тауар сатып алған кезде тұтынушы ретінде П. қандай қателіктерді жасады? Тиісті заң бабы бойынша түсіндіріңіз. Тұтынушы құқығын қорғау жолдарын ұсыныңыз.
[3]
18
4. Төмендегі жағдаяттарды оқып, шешімін тиісті заң бабын қолдана отырып түсіндіріңіз.
№ Жагдаяттар Түсіндіру
1 А мен В некесін бұзу және ортақ мүлікті бөлу жөніндегі талаппен сотқа шағымданады. Сот отырысында жауапкер бөлінуге жататын заттардың қатарында бейнемагнитофон, жұмсақ жиһаз, кілем және т.б. А-ның ата — анасы тойға сыйлаған мүліктердің көрсетілмегенін айтады. Сот аталған заттардың той күні екеуіне тарту етілгенін анықтаған. Бап Түсіндіру
2 Азамат В. әйелімен ажырасқан бері өзінің кәмелетке толмағана қызына алимент төлеп отырды. Бірнеше жылдан соң, қызы кәмелет жасқа толып, колледжді аяқтап, жұмысқа тұрғаннан кейін әкесі қызынан материалдық көмекті сұрады. Бірақ қызы оған қарсылық білдіреді. Қызының айтуы бойынша, әкесі шешесімен ажырасып, жеке тұрған және оған тәрбие беруде қатысқан жоқ. Бап Түсіндіру
3 Жағдаяттар бойынша отбасылық қарым-қатынастар саласындағы нормативтік құқықтық актілердің қажеттілігін түсіндіріңіз
[5 ]
5. Берілген жағдаят бойынша еңбек қуқықтарының іске асуын, шешу жолдарын талдаңыз.
Жагдаят Түсініктеме
Он алты жасар Асан құрылыс жұмысына қосалқы жұмысшы болып тұрақты жұмысқа тұрды. Құрылысты уақытында тапсыру керек болды. Соған орай Асанды түнгі уақытта жұмысқа шығуға міндеттеді. Ол бас тартты. Осы себептен оны жұмыстан шығарып жіберді. Кәмелетке толмағанын сылтау етіп, еңбек жалақысы мен еңбек кітапшасын да бермеді. Әкімшіліктің іс-әрекетіне цүцыцтыц бага бер, дәлелдер келтіріңіз
Берілген жағдаят бойынша еңбек құқықтарының іске асуын, шешу жолдарын ұсыныңыз. Тиісті заң бабы бойынша түсіндіріңіз.

[4]
19
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымш а
1 Мәміле — азаматтар мен заңды ұйымдардың азаматтық құқықтар мен міндеттер белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеті 1 Басқа да дұрыс жауаптар қабылдан ады
Ауызша 1
Ауызша 1
Жазбаша 1
Жазбаша 1
2 ҚР азаматтық кодексі бойынша реттеледі 1 Басқа да дұрыс жауаптар қабылдан ады
«Меншік иесінің өз өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс» кодекстің бабы негізінде меншік иесі зиян келтірмеуі керек 1
ҚР констиуциясы 6-бабы «Меншік міндет жүктейді оны пайдалану, сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуі тиіс» екенін айтады 1
3 Тауар сатып алған кезде тұтынушы ретінде тексеріп алу керек еді. 1
14-бап бойынша сатып алушы өзіне азық-түлікке жатпайтын тауар берілген кезден бастап он төрт күн ішінде, бойынша басқа тауарға айырбастауға немесе ақшасын қайтып алуға құқылы. 1
Тұтынушы құқықтарын қорғалуы үшін құқықтық сауаттылықты арттыру ұсынылады. 1
4 «Неке және отбасы туралы» кодексі. 33-бап. Ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі. Ерлі-зайыптылар некеде тұрған (ерлі-зайыптыболған) кезінде жинаған мүлік олардың бірлескен ортақ меншігі болып табылады. 1
«Неке және отбасы туралы» кодексі. 37-бап Ерлі зайыптылардың ортақ мүлкін бөлу кезінде сот кәмелетке толмаған баланың мүдделерін ескере отырып, ерлі-зайыптылардың талап етуі бойынша ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай мүліктің берілуге жататынын айқындайды. Егер ерлі-зайыптылардың біреуіне құны оған тиесілі үлестен асатын мүлік берілсе, екінші жұбайға тиісті ақшалай немесе өзге өтемақы алып беріледі 1
«Неке және отбасы туралы» кодексі. 146-бап бойынша кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасамаған кезде және ерекше мән-жайлар болған кезде сот кәмелетке толған балаларын осы мән- 1
20
жайлардан туындаған қосымша шығыстарды көтеруге тартуы мүмкін.
Азамат В әйелімен ажырасқаннан бері өзінің кәмелетке толмаған қызына алимент төлеп тұрғанын ескере отырып, сот шешімін шығарады 1
Отбасы — неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» кодексі болып табылады . 1
5 Кәмелетке толмаған қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы келісім бойынша толық емес жұмыс уакыты, оны жұмысқа қабылдау кезінде не кейін белгіленеді. 1 Басқа да дұрыс жауаптар қабылдан ады
Кәмелетке толмаған қызметкерлер уақыттан тыс жұмыстарды атқаруға қатыстырылмайды. 1
ҚР баланың құқықтары туралы заң бойынша 16-бап. 3. Баланың еңбек бостандығына құқығы. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлермен еңбек шартын жасасу және оны бұзу тәртібі және олардың еңбегін реттеудің басқа да ерекшеліктері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленеді. 1
ҚР баланың құқықтары туралы заң бойынша 16-бап. 4. Баланы оның денсаулығына қауіп төндіруі немесе білім алуына кедергі келтіруі не оның денсаулығына және дене бітімі, ақыл-ойы, рухани, моральдық және әлеуметтік жағынан дамуына нұқсан келтіруі мүмкін кез келген жұмысты орындауға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады 1
Барлығы 20
21
IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ IV тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты — 40 минут Балл саны — 20
Тапсырмалар түрлері:
КТБ -көп таңдауы бар сұрақтар/тапсырмалар;
ҚЖ -қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Берілген нұсқа қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұрады.
22
IV тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырмас аны* Тапсыр ма№* Тапсырма түрі* Орындау уақыты, мин* Балл* Бөлім бойынша балл
Іс жүргізу құқығыны ң негіздері 10.4.1.3 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес сот талқылауының негіздері бойынша білімін шығармашылық түрде көрсету Жоғары деңгей дағдылары 1 1 ТЖ 15 6 12
10.4.2.1 Азаматтық процестің негізгі міндеттері мен принциптерін талдау Қолдану 1 2 КЖ 10 6
Халықарал ық құқық 10.5.1.1 Халықаралық жария құқық ұғымын түсіндіру және оның реттейтін қоғамдық қатынастар саласын анықтау Қолдану 1 3 ҚЖ 10 4 8
10.5.2.1 Қазіргі халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғауды жүзеге асыратын органдар мен ұйымдарды анықтау Қолдану 1 4 ҚЖ 5 4
Барлығы 4 — — 40 20 20
Ескерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
23
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгілері «Құқық негіздері» пәнінен ІУтоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес сұрақтарға жауап беріңіз.
10-бап. Заңдылық
Сот, прокурор, тергеуші, анықтау органы және анықтаушы қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Кодекс, осы Кодекстің 1-бабында көрсетілген өзге де нормативтік құқықтық актілер талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.
11-бап. Сот төрелігін соттың ғана жүзеге асыруы
Қазақстан Республикасында қылмыстық істер бойынша сот төрелігін сот қана жүзеге асырады. Сот өкілеттігін кімнің де болса иемденіп алуы заңда көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
21-бап. Сот төрелігін заң мен сот алдындағы теңдік бастауларында жүзеге асыру Сот төрелігі баршаның заң мен сот алдында теңдігі бастауларында жүзеге асырылады.
23-бап. Сот ісін жүргізуді тараптардың жарыспалылығы мен тең құқылығы негізінде жүзеге асыру
Сот қылмыстық қудалау органы болып табылмайды, айыптаушы немесе қорғаушы тарап жағында әрекет етпейді және құқық мүдделерінен басқа қандай да болсын мүдделерді білдірмейді.
Сот объективтілікті және бейтараптылықты сақтай отырып, тараптардың өз процестік міндеттерін орындауы және өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайларды жасауға міндетті.
Сот төрелігіне не жатады?
1.
2.
3.
Сот талқылауының негіздері қандай?
1.
2.
3.
[6]
2. Азаматтық процестің негізгі міндеттері мен принциптерін кестеде анықтап, тиісті ұяшыққа белгі қойыңыз.
Азаматтық процестіц мақсаттары Азаматтық процестіц негізгі міндеттері мен принциптері Азаматтық процестіц принциптері
Құқық бұзушылықты ескерту
Азаматтық істердің шешілуі мен дұрыс қаралуы
Соттардың тәуелсіздігі
Заңдылығы
Заң мен тәртіпті қамтамасыз ету
Заң алдындағы теңдік
[6]
24
3. Берілген бап қатарының «ақиқат» не «жалған» екендігін анықтаңыз.
№ Сипаттамасы А Ж
1 Барлық адамдар тумысынан тәуелді және қадір-қасиеті мен құқықтары әртүрлі болып дүниеге келеді.
2 Әр адам өмір сүруге, бостандықта болуға және оның жеке басына қол сұғылмауына құқылы.
3 Ешкім де құлдықта немесе кіріптарлықта ұсталуы тиіс емес. Құлдық пен құл саудасына, қандай түрде болса да, тыйым салынады.
4 Ешкім де азапталуға немесе қадір-қасиетін қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездік жолмен жәбірленуге немесе жазалануға тиіс емес.

4. Қазіргі әлемдегі адам құқықтарын қорғайтын халықаралық ұйымдарды жазыңыз.
1. ____________________________________________________________________________________________________________
2.
3. ____________________________________________________________________________________________________________
4. ____________________________________________________________________________________________________________
[4]
25
Балл қою кестесі
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Сот төрелігі заңды сақтауға міндетті 1 Басқа да мазмұнда с дұрыс жауаптар қабылдан ады
Сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады 1
Сот алдында теңдік сақталады 1
Сот талқылауының негіздері заңға негізделеді 1
Сот талқылауы обьективті,бейтарап жүзеге асырылады 1
Сот әділеттілікті қалпына келтіреді 1
2 1. Азаматтық процестің мақсаттары 1
2. Азаматтық процестің мақсаттары 1
3. Азаматтық процестің принциптері 1
4. Азаматтық процестің принциптері 1
5. Азаматтық процестің мақсаттары 1
6. Азаматтық процестің принциптері 1
3 Жалған 1
Ақиқат 1
Ақиқат 1
Ақиқат 1
4 Біріккен Ұлттар Ұйымы 1 Басқа да ұйымдард ың атауы қабылдан ады
Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы 1
Адам құқығын қорғайтын Еуропалық сот 1
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1
Барлығы 20
26

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *