СОЧ ТЖБ Қазақстан тарихы 6 сынып

ПРОЕКТ
«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы
6-сынып
1
ПРОЕКТ
2
МАЗМҰНЫ
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты………………………….3
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар……….3
3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 6 сынып…………3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі…………………………………..4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу…………………………………………………………4
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі……………………………..5
7. Модерация және балл қою……………………………………..5
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ…………………8
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………..12
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………..17
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………..22
ПРОЕКТ
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 6 сынып Білім алушы:
Білу
— отан тарихы кезеңдерін;
— Қазақстан тарихының орта ғасырдағы негізгі оқиғаларын, құбылыстарын, процестерін;
— отан тарихында маңызды рөл атқарған тарихи қайраткерлерді;
— тарихи даму барысында қалыптасқан ұлттық және әлемдік мәдениеттің маңызды жетістіктерін;
— тарих ғылымының ұғымдарын; тарихи деректердің түрлерін.
Түсіну
— отан тарихының дамуының тұтастығы мен үздіксіздігін сипаттайтын негізгі оқиғалардың, құбылыстар мен процестердің мәнін;
— қоғамдық процестердің тарихи шарттылығын, адамзаттың мәдени әртүрлілігін;
— Қазақстанның тарихи жолының ерекшеліктерін;
— отан тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі мен орнын;
— отан тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне құрметпен қарау қажеттігін.
Қолдану
— тарихи ойлау дағдыларын: өмірлік міндеттер мен мәселелерді шешу үшін;
— тарихи картадағы өзгерістерді, түрлі нысандардың орналасуын анықтау кезінде;
— тарихи тұлғаларды, оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді салыстыру кезінде;
— Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын сипаттау кезінде;
— тарихи негізіне сүйене отырып, заманауи өмірдің құбылыстарына қатынасы бойынша өз ұстанымын анықтау кезінде;
— тарихи материалдармен жұмыс кезінде.
Талдау
— себеп-салдарлық байланыстарын анықтау мақсатында тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, процестерді;
— жалпы сипатты белгілері мен ерекшеліктерін анықтай отырып, Қазақстанның тарихи дамуын;
— тарихи тұлғалар қызметінің нәтижесі мен уәждерін;
— тарихи паралелль өткізу жолымен Қазақстанның жекелеген мемлекеттерінің даму үрдістерін, қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени процестерін;
-проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін түрлі тарихи дереккөздерді;
— бір тарихи оқиғаларға, құбылыстар мен процестерге түрлі көзқарастарды;
— түрлі таңбалы жүйеде (мәтін, карта, кесте, схема, дыбыс-бейне қатары) ұсынылған
3
ПРОЕКТ
ақпараттарды.
Жинақтау
-жалпы заңдылықтарды анықтай отырып, тарихи құбылыстардың, процестердің сипатты белгілерін жіктеу, жүйелеу, жалпылау және саралау үшін түрлі дереккөздердегі ақпараттарды;
-қоғамда болып жатқан қазіргі заманғы саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерге бағдарлану үшін тарихи мәліметтерді.
Бағалау
— тарихи оқиғаларды, процестерді, құбылыстарды, тұлғаларды отандық тарихқа ықпалы тұрғысынан бағалайды, оларды әртүрлі түсіндіруді;
— әртүрлі тарихи дереккөздердің анықтығын.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау дағдыларының деңгейі Сипаттама Тапсырмалар түрлері
Білу және түсіну VI — IX ғасырдағы Қазақстан; ортағасырлық Қазақстан тарихының кезеңделуі; Ұлы Түрік қағанатының құрылуы; X ғ.- XШ ғ. басындағы Қазақстан; Қарахан мемлкеті; Қазақстан территориясына исламның тарала басталуы; XIII -XV ғасырлардың І жартысындағы Қазақстан; Шыңғыс ханның жаулаушылық соғыстары; Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер: Батыс Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты, Қарлұқ қағанаты, Оғыз мемлекеті, Қимак қағанаты; қазақ халқының қалыптасуы; Қазақстан — Ұлы Дала мұрагері: тарихи және этникалық сабақтастық Түркі мемлекеттерінің қоғамдық-саяси құрылысы; түркілердің әскери өнері; шаруашылығы; түркі әлемінің көрнекті ғұламалары; Әбілқайыр хандығы; XIII -XV ғасырлардың І жартысындағы мемлекеттердің қоғамдық-саяси құрылысы; сауданың дамуы; мәдениет; қазақ халқының мәдениеті: материалдық, рухани мәдениет; қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы: егіншілік, мал шаруашылығы КТБ- көп таңдауы бар сұрақтар/тапсы рмалар
Қолдану көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау; оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау; Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы орнын анықтау; ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және жанама себептерін анықтау; Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау; XШ-XV ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау; картаны қолдану арқылы XШ-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру; «Қазақ» этнонимінің мағынасын түсіндіру ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жоғары деңгей дағдылары Түркі мәдениеті әлемдік өркениеттің дамуына қосқан үлесін анықтау; Атлах шайқасының тарихи маңызына баға беру; Ұлы Жібек жолының тарихи маңызын талдау; мемлекеттің негізін салушылар — Жәнібек пен Керейдің қызметіне баға беру; М.Х. Дулатидің «Тарихи Рашиди» еңбегінің қазақ хандығының ерте тарихының құнды дерегі ретінде баға беру, Қазақ хандығының алғашқы жылдар қалыптасуындағы ішкі және сыртқы саясатын талдау, біртұтас қазақ мемлекеті қалыптасуының тарихи маңызын анықтау; ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
4
ПРОЕКТ
Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары
I 0% 75% 25%
II 25% 75% 0
III 0% 80% 20%
IV 0% 75% 25%
Барлығы 7% 76% 17%
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
7.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
5
ПРОЕКТ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты — 40минут Балл саны — 25 Тапсырмалар түрлері:
КТБ- көп таңдауы бар сұрақтар/тапсырмалар;
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар;
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа / толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушыльщ және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 тапсырмадан тұрады: 1-тапсырма көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланысты анықтап, сәйкестендіруге берілген тапсырма.
2-3 тапсырмалар қолдану дағдыларын анықтауға арналған қысқа жауапты қажет ететін жабық сұрақтар мен кестені толтыруға арналған.
4- тапсырма дерек мазмұны мен білімге сүйеніп, Атлах шайқасының маңыздылығын талдау — жоғары деңгей дағдыларын анықтауға арналған.
6
ПРОЕКТ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма саны* тапсырма № * Тапсырма түрі* Орындау уақыты, мин* Балл* Бөлім бойынша балл
6.4.1.1 Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы өзара экономикалық байланыстарын анықтау Қолдану 1 1 ҚЖ 10 5
VI — IX ғасырлардағы Қазақстан 6.3.1.1 Оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау Қолдану 2 2-3 ҚЖ 15 10 25
6.3.2.3 Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау Жоғары деңгей дағдылары 1 4 ТЖ 15 10
Барлығы: — 4 — — 40 25 25
Ескерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
7
ПРОЕКТ
«Қазақстан тарихы» пәнінен 1-тоқсанға арналған
жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
а) «Көшпелі адамдар. Алайда олар жер өңдейді, себеді және орады» деп жазған авторды атаңыз._____________________________________________________________
Ъ) «Қалаларда халықтың бір бөлігі жер өңдейді, ал екіншісі саудамен айналысады» деген дерек беретін жазбаны анықтаңыз.___________________________________________
с) «Онда түрлі елдердің саудагерлері аралас тұрғанын, ал қала тұрғындарының жартысын көпестер құрағанын» хабарлайтын деректегі қаланы көрсетіңіз.________
б) Тарихи деректерде «көпестер қаласы» ретінде аталған қаланы жазыңыз
е) Орта Азия, Қытай, Византия билеушілерінің теңгелері осы кезеңде халықаралық сауданың кең дамығанын айқындайды_______________________________________________________
. . [5]
2. Тарихи оқиғалардың қай мемлекетке қатысты екендігін анықтаңыз.
Тарихи оцигалар Мемлекет
1. Мұқан қаған түркілердің Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірдегі үстемдігін бекітті
2. 751 жылы шілдеде Тараз маңындағы Атлах қаласында араб және қытай әскерлері арасында үлкен шайқас болды
3. Олар 965 жылы Киев Русімен одақтаса отырып, Хазар қағанатын талқандады
4. Қағанның Ертіс бойындағы ордасы — Имақия қаласы болды
5. Тон-жабғу тұсында Орта Азия мемлекеттеріне қағанаттың қатаң бақылауы орнықты

3. Түрік қағанатының құрылуының тарихи маңызын 4 дәйекпен беріп, қорытынды жасаңыз.
1.________________________________________________________________________________
2._________________________________________________________________________________
3 .________________________________________________________________________________
4 .________________________________________________________________________________
Қорытынды__________________________________________________________________________
[5]
8
ПРОЕКТ
4. Берілген деректермен өз біліміңізді қолданып, берілген әр сұраққа дәйекті жауап жазыңыз.
«Атлах шайқасы қай өркениеттіц (цытайлыцтар мен мұсылмандар) Түркістанда билік ететіндігі жайлы мәселені аныцтады»
Академик В.Бартольд
Атлах шайқасының себептерін жазыңыз.
1_____________________________________________________________________________________
2_____________________________________________________________________________________
Атлах шайқасының нәтижесін жазыңыз 1_____________________________________________________________________________________
2_____________________________________________________________________________________
Шайқаста көрініс тапқан көшпелілердің әскери өнерін сипаттаңыз.
1_____________________________________________________________________________________
2_____________________________________________________________________________________
Шайқас туралы мәлімет алуға болатын деректерді жазыңыз.
1_____________________________________________________________________________________
2_________________________________________________________________________________
Атлах шайқасының тарихи маңыздылығын дәлелдеңіз 1_____________________________________________________________________________________
2______________________________________________________________________________
[10]
9
ПРОЕКТ
Балл қою кестесі
Тапсыр ма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 a) Әл Идриси b) Қытай елшісінің жазбалары c) Суяб гі) Тараз е) ҮІ ғасырдың соңы- ҮШ ғасырдың басы 5
2 І.Түрік қағанаты
2.Түркеш қағанаты
3.Оғыз мемлекеті 5
4. Қимақ қағанаты
5. Батыс түрік қағанаты
3 1. Қағанаттың құрылуымен бөлек жүрген тайпалар бейбіт өмірге көшіп, өз шаруашылығын дамытуға мүмкіндік алды 1 Нақты түсінік қалыптастыра тын,
2. Түрік қағанатында дала тайпалары мен қалалар тұрғындары, будда, христиан дінін ұстанғандар және Тәңірге табынушылар бейбіт өмір сүре бастады 1 құрылымы әртүрлі сөйлеммен жазылған
3. Осы мемлекеттер шеңберінде көне түркі халықтарының дамуы, оларға өз айналасындағы тайпаларға ықпал етті 1 мүмкін болатын жауаптар
4. Түрік қағаны елдің бірлігін сақтауға тырысты. Жаңа реформалар енгізіп, шаруашылығы мен мемлекеттің дамуына ықпал етті 1 қабылданады
Қорытынды: Біртұтас Түрік қағанатының құрылуы жаңа түрік мемлекеттерінің қалыптасуына негіз болды 1
4 1)Сұлу қаған қаза болғаннан кейін, Түргеш қағанатының құлауын пайдаланған, Қытай империясы Жетісу аймағына басқыншылық саясатын қайтадан бастады 2) Арабтардың Жетісуға жорықтар жасауының себебі -мұнда күміс өндірілді. Сондай-ақ мұнда бай сауда қалаларынан үлкен олжаны басып алу мүмкіндігі болды 2 Нақты түсінік қалыптастыра тын, құрылымы әртүрлі сөйлеммен жазылған мүмкін болатын жауаптар қабылданады.
1) қытайлар Жетісудан қуылып, алдағы уақытта бұл аймақ істеріне араласпады 2) арабтар да мұнда тұрақтай алмай, Орта Азияға шегінуге мәжбүр болды. Бұл аймақта ислам тез тарай бастады 2
1)түркештер кенеттен қытайлардың сол қанаты және ту сыртынан соққы берді 2) арабтың алдыңғы шебіндегі атты әскердің шабуылының мықтылығы 2
10
ПРОЕКТ
1) В.В. Бартольд: «Атлах шайқасы екі өркениеттің (қытайлықтар мен мұсылмандар) қайсысы Түркістанда билік етеді деген маңызды сұраққа жауап берді». 2) Әл Макдиси еңбегінде: бес күнге созылған бұл соғыста Қытай әскерінің 45 мыңы өліп, 20 мыңы тұтқынға түсті деп жазады. Қатты әлсіреген жау Жетісу өңірін тастап кетті. Сонан кейін мың жыл бойына қазақ жері қытай әскерінің табанына тапталған жоқ. Тек 1757 жылы ғана жоңғарларды жер бетінен құртып жіберген қытайлар Абылай әскерімен бетпе-бет келіпті. 2
1) Түрік дүниесі Ислам әлемімен рухани тұтастыққа қол жеткізді. Исламды мемлекеттік дін ретінде мойындаған түркі халықтары біртұтас рухани, мәдени бірлікке қол жеткізу арқылы ұлт ретінде ұйысып, тұрақты, гүлденген мемлекеттерге айналды 2) Адамзат мәдениетіне Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Әбу Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Иүгінеки, Ибн Сина қатарлы ұлы тұлғалардың данышпандық ілімдерін берді 2
Жалпы балл 25
11
ПРОЕКТ
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты — 40минут Балл саны — 25 Тапсырмалар түрлері:
КТБ- көп таңдауы бар сұрақтар/тапсырмалар;
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар;
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа / толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 тапсырмадан тұрады: 1-тапсырма берілген ұғымдарды мағынасына қарай сәйкестендіру — қолдану дағдысын анықтауға арналған.
2-3- тапсырмаларда Ұлы Жібек жолының әрбір сала үшін тарихи маңызын анықтауға арналған. Картада Ұлы Жібек жолының екі тармағын, шығыс пен батыс нүктелері болатын мемлекеттерді және сауда жолының басты аймағы және басты қалаларды жазуға берілген.
4- тапсырма Х- XIII ғасырлардағы дамыған мемлекеттердің құлауына әсер еткен факторлармен танысып, олардың негізгі және жанама себептерін кестеге жіктеуге берілген.
12
ПРОЕКТ
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларыны ң деңгейі Тапсырма саны* тапсырма № * Тапсырма түрі* Орындау уақыты, мин* Балл * Бөлім бойынша балл
6.2.2.2 Ортағасырлық сәулет өнері ескерткіштерінің ерекшеліктерін түсіндіру Білу және түсіну 1 1 КТБ 10 7
X ғасыр- XIII ғасырдың басындағы Қазақстан 6.4.2.2. Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың дамуындағы орнын анықтау Қолдану 2 2-3 ҚЖ 20 12 25
6.3.1.7 Ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және жанама себептерін анықтау Қолдану 1 4 ҚЖ 10 6
Барлығы: — 4 — — 40 25 25
Ескерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
13
ПРОЕКТ
«Қазақстан тарихы» пәнінен 2-тоқсанға арналған
жиынтық бағалау тапсырмалары
І.Төменде берілген сөйлемдердің реттік нөмірін Айша Бибі, Қарахан, Бабаджа-қатын кесенелері тұсына сәйкесінше орналастырыңыз.
Қажетті мәліметтер:
1. Мемлекетте билік еткен Шах-Махмұд Боғраның қабірінің басына орнатылған, мазар ел ішінде «Әулие ата күмбезі» деп аталған
2. Қазақ оюлармен безендірілген, бұл кесенені Қарахан салдырған
3.Айша бибінің қамқоршысы Айша қайтыс болған соң, оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрған
4. Бұл кесене — махаббаттың символы
5. Бағаналарына араб әрпімен “күз, бұлттар, дөцгеленген дүние..Г деген сөздер жазылған, кесенеде 60 түрлі әшекей қолданылған
6. Кесенеге 30 түрлі өрнекті кірпіш пайдаланылған, төртінші залда төбеге шығатын баспалдақ орнатылған. Кірпіштерінің өрнектеліп қалануы жағынан Бұқарадағы ортағасырлық Исмаил күмбезіне ұқсайды
7. Кесене өзінің композициясы мен құрылымы жағынан өте қарапайым да қатаң, кесене көркемдік пен сымбаттылық беретін призмалық барабанға орналасқан, 16 қырлы конус жабыны бар. Мұндай төбе жабыны — Қазақстан күмбездерінің ішіндегі ең ерекшесі деп саналады.
Айша Бибі кесенесі Қарахан кесенесі Бабаджа-қатын кесенесі
[7]
2. Ұлы Жібек жолының халықаралық қатынастардың нығаюындағы маңызын салалар бойынша көрсетіңіз.
Саяси салада
• 1 • 2
Экономикалық салада
•1
•2
Мәдени салада
•1
•2
[6]
14
ПРОЕКТ
3. Картаны негізге ала отырып, тапсырманы орындаңыз.
Ұлы Жібек жолының екі бағытын көрсетіңіз
ч
■ч
• 1
• 2
V
Ұлы Жібек жолының шығыс және батыс нүктелерін жазыңыз

•1
• 2
V
Ұлы Жібек жолының бойындағы сауда орталығы болған қалаларды көрсетіңіз
[6]
4. Дамыған мемлекеттердің құлауына әсер еткен факторларды жазыңыз.
Негізгі Жанама
1. 1.
2. 2.
3. 3.
[6]
15
ПРОЕКТ
Балл қою кестесі
Тапсыр ма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 Айша бибі кесенесі: 2, 4, 5 3
Қарахан кесенесі: 1, 6 2
Бабаджа-Қатын кесенесі: 3, 7 2
Саяси 1. Қазақстан, Орталық Азияны басып, Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер шығып, керісінше батыстағы елдерден Қытайға қарай елшіліктер ағыла бастаған. 2. ҮІІ-Х ғасырларда Ұлы Жібек жолының халықаралық маңызы арта түсті — Қытай Византиямен және арабтармен байланыс орнатты 2 Нақты түсінік қалыптастыраты н, құрылымы әртүрлі сөйлеммен жазылған мүмкін болатын жауаптар қабылданады
2 Экономикалыц 1. Жібек жолының түркі бөлігі халықаралық саудада ерекше рөл атқарды 2. Ұлы Жібек жолы, сауданың дамуы көптеген қалалардың пайда болуына, олардың өркендеуіне жол ашты 2
Мәдени 1. Адамдар мен идеялардың еркін қозғалыста болуы аса көрнекті энциклопедияшылардың, ғалымдардың, ақындар мен философтардың және олардың мектептерінің пайда болуына ықпал етті 2. Ғылым мен мәдениет орталықтары да болды. Мәселен, Отырар — ұлы ғалым әл-Фарабидің Отаны. 2
3 Ұлы Жібек жолының екі бағытын көрсетіңіз: Онтүстік, Солтүстік 2
Ұлы Жібек жолының шығыс және батыс нүктелерін атаңыз: Қытай, Византия 2
Ұлы Жібек жолының бойындағы сауда орталығы болған қалаларды көрсетіңіз. Отырар, Үргеніш, Бұхара, Тараз, Баласагұн, Са- уран, Талхиз және басца бай цалалар 2 Кез-келген 2 қаланың аты жазылса қабылданады
3 Негізгі факторлар: Қаған билігінің әлсіреуі Тақ үшін талас-тартыстар Көрші мемлекеттердің жаугершілік саясаты 3 Нақты түсінік қалыптастыраты н,құрылымы әртүрлі
Жанама факторлар: Экономикалық дағдарыс Өзара тайпалық соғыстар Қағандардың жеке меншікке ұмтылуы 3 сөйлеммен жазылған мүмкін болатын жауаптар қабылданады
Жалпы балл 25
16
ПРОЕКТ
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты — 40 минут Балл саны — 25 Тапсырмалар түрлері:
КТБ- көп таңдауы бар сұрақтар/тапсырмалар ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа / толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 5 тапсырмадан тұрады: 1- тапсырма кестеде берілген ақпараттардың «ақиқат» немесе «жалғандығын» анықтап белгілеу — білу және түсіну дағдысын анықтауға арналған, 2-тапсырма қазақ халқының рухани мәдениетіне қатысты ұғымдарды анықтамаларымен сәйкестендіру-қолдану дағдысын анықтауға арналған, 3-тапсырма Алтын Ордадан бөлінген мемлекеттерді кескін картада белгілеу-қолдану дағдысын анықтауға арналған, 4-5- тапсырмалар «қазақ» атауы қалыптасуы мен қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын анықтауға арналған кесте толтыруға берілген.
17
ПРОЕКТ
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларын ың деңгейі Тапсырма саны* тапсырма № * Тапсырма түрі* Орындау уақыты, мин* Балл * Бөлім бойынша балл
XIII — XV ғасырдың I жартысын дағы Қазақстан 6.3.1.8. Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау Қолдану 1 1 КТБ 8 4 15
6.1.1.2 ХІІІ-Х^ ғасырлардағы мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау Қолдану 1 2 ҚЖ 8 6
6.3.1.6 Картаны қолдану арқылы ХШ-Х^ ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру Қолдану 1 3 ҚЖ 8 5
Қазақ халқының қалыптасуы 6.1.1.4 «Қазақ» этнонимінің мағынасын түсіндіру Қолдану 1 4 ҚЖ 8 4 4
Біртұтас қазақ мемлекетіні ң құрылуы 6.3.1.9 Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын анықтау Жоғары деңгей дағдылары 1 5 ТЖ 8 6 6
Барлығы: — 5 — — 40 25 25
Ескерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
18
ПРОЕКТ
«Қазақстан тарихы» пәнінен 3-тоқсанға арналған
жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Төмендегі берілген ақпараттардың «ақиқат» не «жалғандығын» анықтаңыз.
№ Ацпарат Ацицат Жалган
1 Түмен-түркі-моңғол ұлыстарында болған әскери-әкімшілік бірлік. Ол өз кезегінде мыңдық пен жүздікке бөлінген. Түменді түменбегі басқарған
2 Барұнғар -оң қанаттағы әскер. Көшпелілер мемлекетін құрайтын ру-тайпаларды да, олардан жасақталған әскерді де оң қанаттағылар, сол қанаттағылар деген топтарға бөлген
3 Ондаған жүздіктер он мыңдықтар деп аталған. Әр он мыңдықтың өз әскери тулары болған
4 Жасақ, Яса — Шыңғыс хан империясының әскери-заңдар жинағы
[4]
2. Кестедегі ақпараттармен танысып, қандай мемлекет туралы айтылып тұрғандығын анықтап, халқының құрамын жазыңыз.
1 «Тарихи-Рашиди»
деректері бойынша ХІҮ-ХҮІ ғасырдың басында бұл Жетісу мен қазіргі Қырғызстан аумағы болды
Халқының құрамында көптеген
2 және 3____________
тайпалары болды
XIV ғасырдың соңы-ХУғасырдың I жартысында бұл тайпалар ортақ «өзбектер» атауымен белгілі болды.
Хандықтың халқын
5 және 6___________
тайпалары құрады
[6]
19
ПРОЕКТ
3. Алтын Орда мемлекеті ыдырағаннан кейін пайда болған мемлекеттердің территориясын кескін картада белгілеңіз.
Қазан хандыгы, Батыс Сібір хандыгы, Астрахан хандығы, Ноғай Ордасы, Ақ Орда.
[5]
4. Кестеде «Қазақ» этнонимі туралы деректердің мазмұнын түсіндіріңіз.
№ «Қазақ» этнонимі туралы пікірлер Мағынасын ашыцыз
1 В.В. Радлов: «қазақ сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар»
2 Ш.Ш.Уалиханов: «қазақ күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді»
3 Ш.Құдайбердіұлы: «қазақ өз алдына ел болып жүрген халық»
4 Б.Кәрібаевтың пікірінше қазақ — түркі сөзі. Бастапқыда ол ерікті, еркін деген мағынада қолданылды
[4]
5. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызына анықтап, баға беріңіз.
1
20
ПРОЕКТ
[6]
Балл қою кестесі______________________________________________
Тапсырма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 1) ақиқат 2) ақиқат 3) жалған 4) ақиқат 4 Әр жауапқа 1 балл
2 1. Моғолстан 2. Түркі тайпалары 3. Түркіленген моңғол тайпалы 4. Әбілхайыр хандығы 5. Қыпшақ және қарлұқ текті түркі тайпалары 6. Түркіленген моңғол тайпалары 6
3 (1 С < 1 « < Т:,“< < о < < 1 « < < Т ■ О ң.-Г' 1, х . 2 Ч \! / » НОГАЙСКА* ОР -X ‘Л Л .Л..ХС. / "■ -* ч^ЗоУшиЕ * V /і Г Н О Г. .! ) 1 'ПМИ** >4 ‘ \;кГ і \ ш ^ И М П С • N ү ‘’ р * , » е .хлнстао •) Д А Г ХАНСТІО рМКІ ЛГ» 1 _ “ Г[Ті>щі Г.ІИГІ іцтіі** ТіуштгЧ‘ Гппм ГТТТІ ЭояоіоА СЧм*. с праоАпммииим ****** ооаиесо •«•ом.іи грм« (осчяарспі аанм «шо хуі ■ І+лфре* 1 ойаіммаіа .■рритари» Паитс*Ы> 5
4 В.В. Радлов: «Қазақ сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар» деген пікірі қазақ халқының еркін өмір сүріп , көшпелі өмір салтын ұстанатындыгын көрсетеді. Ш.Ш.Уалиханов: «қазақ күшті, мықты, шабытты дегенді білдіреді» деген пікірінде қазақ халқының әскери өнері туралы, жауынгер халық екендігін көрсетеді. Ш.Құдайбердіұлы: «қазақ өз алдына ел болып жүрген халық» деген пікірінде егемен тәуелсіз өмір сүруі, жеке мемлекет құруын айтады Б.Кәрібаевтың пікірінше қазақ — түркі сөзі. Бастапқыда ол ерікті, еркін деген себебі: бостандығы, өмір сүру салты. Қазақ халқының бостандықты бағалайтын, ешкімге бас имеген халық екендігін көрсетеді. 1 1 1 1 Басқа да дұрыс жауаптар қабылданады
5 1. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы қазақ хандығының ішкі феодалдық қырқыстары мен талас -тартысын тоқтатты 2. Ел ішінде тыныштық берік орнап, береке — бірлік кең өріс алды 3. Қазақ хандығының нығаюы көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы мал жайылымдарын жыл мерзімдері бойынша тиімді пайдалануына жағдай жасады 4. Шаруалар дер кезінде өріс-қонысқа, жайлау мен қыстауға көшіп — қонды 5. Бейбіт өмір, мамыражай заман орнады 6
21
ПРОЕКТ
6. Шаруашылықтың дамуына оң ықпал етті.
Жалпы балл 25
22
ПРОЕКТ
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты- 40 минут Балл саны- 25 Тапсырмалар түрлері:
КТБ- көп таңдауы бар сұрақтар/тапсырмалар;
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар;
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа / толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 тапсырмадан тұрады: 1- тапсырма кестеде берілген ұғымдарды мағынасына қарай сәйкестендіру — қолдану дағдысын анықтауға арналған. 2-тапсырма көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттауға берілген. 3-тапсырма XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын талдау-жоғары деңгей дағдысын анықтауға арналған. 4-тапсырма көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтауға берілген.
23
ПРОЕКТ
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма саны* тапсырма № * Тапсырма түрі* Орындау уақыты, мин* Балл * Бөлім бойынша балл
Қазақ хандығының XVI — XVII ғасырлардағы дамуы 6.3.1.11 Қоғамдық-саяси өмірдегі сұлтан, би, батыр, жыраулардың қызметтерін сипаттау Қолдану 1 1 КТБ 10 7 21
6.2.2.3 Көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау Қолдану 1 2 КТБ 5 4
6.3.2.6 Қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау Жоғары деңгей дағдылары 1 3 ТЖ 15 10
XVI — XVII ғасырлардағы экономика мен мәдениет 6.4.1.2 Көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау Қолдану 1 4 ҚЖ 10 4 4
Барлығы: — 4 — — 40 25 25
Ескерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
24
ПРОЕКТ
«Қазақстан тарихы» пәнінен 4-тоқсанға арналған
жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Әлеуметтік топтардың қоғамдық қызметіне қарай сәйкестендіріңіз.
Хан А. Шыңғыс хан ұрпағы, хан бөліп берген ру-тайпаларды басқарады, оларға жерлерді бөліп береді, хан сайлауына қатысады, елге жау шапса, ханға елден әскер жасақтайды.
Сұлтан В. Ерлігінің арқасында қараша халық арасында кеңінен танылған, жерді және елді қорғайды, хан-сұлтанның үкімін орындайды, бидің шешімдерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді
Би С. Қалада тұрады, бұрын малшы болғанымен, туыстары немесе өзі барлық малдарынан айырылып қалғандықтан, қалаға қоныс аударған, жер жыртады, егістік суғарады, сөйтіп азын-аулақ күн көріске ақша табады
Батыр ^. Байдың малын бағады, кедейленіп, қиын жағдайға душар болса, байдан сауын ала алады, мүлкінен айырылып қалса, туыстарынан, басқалардан жылу жинайды, қиын жұмыстар істеу үшін ағайындары арасында асар жасайды
Малшы Е. Мемлекет басшысы, Шыңғыс хан ұрпағы, қараша халықтан жоғары тұрады, әскерді басқарады, халыққа жер бөліп береді, бүкілхалықтық Құрылтай шақырады.
Жатақ Ғ. Шешендік, тапқырлық қасиеттің арқасында ел басқаруға қатысады, бөліп берген жерлерді басқарады, сот билігін жүзеге асырады, елдің күрделі мәселелерін шешуге қатысты Құрылтайға қатысады.
Қожа О. Шыңғыс хан ұрпақтары сияқты ақсүйек болып саналады, ислам дінін таратады, халық арасында шариғаттың сақталуын қадағалайды
Жауаптары:
1- 2- 3- 4- 5- 6- 7-
[7]
2. Мәтіндегі бос орынға сөздерді орналастырыңыз
Жәңгір хан ұрыс майданында Дала өңірі үшін озық жаңа әскери әдістерді пайдаланды. Таулы жерді ептілікпен пайдалана біліп, өз жасағын шебер басқарудың арқасында үлкен жеңіске жетті. Сол
кезеңдегі орыс құжаттары бойынша, 1_____________өз адамдарының жартысына «от қарумен» бірге тау
арасындағы өткелде ор қазып бекінуге бұйырып, ал «өзі үш жүз адаммен тастың ар жағына жасырынады». Ойраттар шатқалға енген кезде оларды бораған мылтық оғы қарсы алды. Жаудың дүрлігіп есі шықты, осы сәтте жауға тылдан Жәңгірдің өзі соққы берді. Көп кешікпей қазақтарға
көмекке Самарқан билеушісі 2____________адамымен келді. 3_____________талқандалып, «бұл ұрыста он
мыңдай адамынан» айырылғаннан соң кейін шегінді. Жоңғар Алатауы төңірегіндегі 4____________мекені шешуші шайқас орны ретінде аталды.
25
ПРОЕКТ
Орбұлац Ойраттар 20 мың Жәңгір хан
[4]
3. XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси оқиғаларын сипаттаңыз.
Саясат багыты Хацназар хан тұсында Есім хан тұсында
Ішкі саясат 1 1
2 2
1 1
Сыртқы саясат 2 2
Қорытынды
[10]
4. Суретті қолдана отырып, Х^-К^П ғасырлардағы отырықшы қоныстарда дәстүрлі шаруашылықтың қалай дамығандығын сипаттаңыз.
[4]
26
ПРОЕКТ
Балл қою кестесі
Тапсыр ма № Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 1-Е, 2-А, 3-Ғ, 4-В, 5-Б, 6-С, 7-0 7
2 1 — Жәңгір хан 1 —
2 — 20 мың 1
3 — Ойраттар 1
4 — Орбұлақ 1
Есім хан Ішкі саясатта: Есім ханның ескі жолы заңы Есім ханның реформалары Сыртқы саясатта: Қазақ-бұхар соғысы Тұрсын Мұхаммедтің Имамқұлымен одақтасуы Кррытынды: Мемлекетті жан-жақты нығайтты 5 Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады
3 Хақназар хан Ішкі саясатта: Хақназар қазақ тайпалары арасында өз беделі мен ықпалын нығайтады. Ол ноғай мырзаларының билігінен босап, тәуелсіз билеуші болды. Сыртқы саясатта: Хақназар XVI ғасырдың 60-70-жылдары Ноғай Ордасы,Сібір хандығына қарсы біраз жорықтар жасады Корытынды: Мемлекеттің ішкі-сыртқы жағдайын реттеді. 5
4 Мал шаруашылыгы: 1. Қазақтар негізінен қой, жылқы мен түйе өсірді. Шаруашылықта маңызы жағынан қой жетекші орын алды. Дала қойлары, куәлардың айтуы бойынша, төзімділігімен, ірілігімен және етті, сүтті қасиеттерімен ерекшеленді. 2. Көшпелілер өмірінде жылқының орны ерекше болды. Дала жылқылары үлкен төзімділігімен ерекшеленіп, қатаң жағдайларға тез көндікті. Жылқылар теңдеп жүк артатын (күш көлігі), салт мініп жүретін және бәйге аттар болып бөлінді. 2 Білім алушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады
Егін шаруашылыгы: 1. Қазақтар бидай және тарымен қатар сұлы мен арпа септі, сондай-ақ қара бидай, күріш және бақша дақылдарын өсірді. 2. Көшпелілердің егіншілікке көшуі барлық жерде экономикалық қажеттіліктен жүргізілді. 2
Жалпы балл 25
27

6 thoughts on “СОЧ ТЖБ Қазақстан тарихы 6 сынып

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *