СОЧ ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті (орыс мектеп) Т2 5-сынып

Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» (оқыту қазақ тілінде емес)
5-сынып
2
МАЗМҰНЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты……………………………4
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар…………4
3. Күтілетін нәтижелер……………………………………………….4
4. Ойлау дағдыларының деңгейі…………………………………………5
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі……………………………………6
6. Модерация және балл қою……………………………………………6
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ……………………….7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………………14
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………………21
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………………29
3
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» (екінші тіл) пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)
3. Күтілетін нәтижелер
Тыңдалым:
білім алушы мәтіннің негізгі мазмұнын, сондай-ақ сөйлеушінің ниетін білдіретін функционалдық маңызды мағыналы ақпаратты түсінеді; мәтіннен арнайы ақпаратты алады; терминдердің мәнін және әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аялары бойынша мәтіннің негізгі бөліктерін түсінеді; фактілер мен пікірлерді ажырата отырып, мәтіннің мазмұнын бағалайды; әртүрлі стильдегі және жанрдағы мәтіндердің негізгі проблемаларын айқындайды; мәтінде айтылған деректер мен құбылыстар, оқиғалар арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды аша отырып, мәтінді талдайды; иллюстрациялар/негізгі сөздер/тақырыбы/басталуы бойынша айтылған ойдың мазмұнын болжайды.
Айтылым:
талқылау, өзінің пікірін білдіру және оқиғаларды, пікірлер мен проблемаларды бағалау арқылы білім алушы оқылған тақырыптар аясындағы диалогты қолдайды; назарды өзіне қарату тәсілдерін пайдаланып және мақсатты аудиторияны есепке ала отырып монолог құрады, ұсынылған тақырып бойынша ақпаратты талдайды және жинақтайды; белгілі бір тақырып бойынша айтылған ойды бағалайды; сөйлеу нормаларын сақтай отырып, тілдің лексикалық және грамматикалық құралдарын пайдаланады.
Оқылым:
білім алушы оқылған тақырыптар аясында белгілі бір күрделі тұтас және аралас мәтіндердің мазмұнын түсінеді; әртүрлі типтегі, стиль мен жанрдағы мәтіндердің ерекшеліктерін анықтайды; сөздердің айқын және астарлы мағынасын, көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін түсінеді; өзектілігін, шынайылығын, пайдалылығын және құндылығын анықтай отырып, әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алады; негіздемелі қорытынды шығара және оқығанына сыни тұрғыдан баға бере отырып, мәтіннің мазмұнын талдайды және жинақтайды; көркем шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемасын, автордың көзқарасын анықтай отырып мәтінді салыстырады, белгіленген оқу стратегияларын пайдаланады.
Жазылым:
білім алушы әртүрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, естігені және оқығаны негізінде әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; әртүрлі деректерден ақпарат алу арқылы проблемалық сипаттағы мәтіндерді жазады; тұтас мәтіндердің негізінде сызбаларды, кестелерді, диаграммаларды жасайды; белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; әртүрлі типтегі, стильдегі мәтіндердің мазмұнын салыстырады, талдайды және бағалайды; орфографиялық және грамматикалық нормаларды сақтайды; троптар мен тілдің көркемдегіш-бейнелеуіш құралдарын пайдаланады.
4
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Дағдылар тобы Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырмалар сипаттамасы Сұрақтар түрі
Тыңдалым Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары — мәтіннің негізгі мазмұнын, маңызды ақпаратты түсінеді; — мәтіннен арнайы ақпаратты алады; — терминдерді, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени мәтіннің негізгі бөліктерін түсінеді; — фактілер мен пікірлерді ажыратады; — мәтіннің мазмұнын бағалайды; — әртүрлі стильдегі және жанрдағы мәтіндердің негізгі проблемаларын айқындайды; — мәтінде айтылған деректер мен құбылыстар, оқиғалар арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды анықтайды; -мәтінді талдайды; -иллюстрациялар/негізгі сөздер/тақырыбы/басталуы бойынша айтылған ойдың мазмұнын болжайды. Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Оқылым Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары — тақырыптар бойынша мәтіндердің мазмұнын түсінеді; — әртүрлі типтегі, стиль мен жанрдағы мәтіндердің ерекшеліктерін анықтайды; — сөздердің астарлы мағынасын, көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін түсінеді; — әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алады; — мәтінге сыни тұрғыдан баға береді; -мәтіннің мазмұнын талдайды және жинақтайды; — шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемасын, автордың көзқарасын салыстырады; — оқу стратегияларын пайдаланады. Оқылым негізінде таңдауды, қысқа жауапты, толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жазылым және тілдік бағдар Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары — тілдік құралдарды пайдаланады; — әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; — ақпараттар арқылы проблемалық сипаттағы мәтіндер жазады; — мәтін негізінде сызбалар, кестелер, диаграммалар жасайды; — белгілі бір тақырып бойынша қарапайым, күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; -әртүрлі типтегі, стильдегі мәтіндердің мазмұнын салыстырады, талдайды және бағалайды; — орфографиялық және грамматикалық нормаларды сақтайды; Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
5
— көркемдегіш-бейнелеуіш құралдарды пайдаланады.
Айтылым Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары — талқылайды, өзінің пікірін білдіреді, — тақырыптар аясында диалогке қатысады; -мақсатты аудиторияға арнап монолог құрады; — тақырып бойынша ақпаратты талдайды және жинақтайды; — айтылған ойды бағалайды; — сөйлеу нормаларын сақтайды, тілдің лексикалық және грамматикалық құралдарын пайдаланады. Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізген дұрыс. Оларға жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
6
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут Тыңдалым- 8 минут Оқылым — 12 минут Жазылым — 20 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент — тыңдалым, екінші компонент — оқылым, үшінші компонент — жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент — айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
7
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырмалар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1 5.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар 150 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты тыңдалым көркем әдеби мәтінін 2 рет тыңдайды (аудио құралдар болмаған жағдайда мұғалім мәтінді өзі 2 рет оқып береді). Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында әдеби мәтіннің мазмұнына негізделген бірінші, екінші және үшінші тапсырмаларда төрт нұсқаның ішінен дұрыс жауабын белгілейді. Төртінші тапсырмада білім алушы мәтіндегі ақпараттарды сәйкестендіреді. Бесінші тапсырмада сөздерді жұптастырып, мәтін мазмұны бойынша сөз тіркесін құрайды. Мұғалім білім алушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды. 8 5
2 5.3.3.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау Көп таңдауы бар және толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар тақырыпқа қатысты 150 сөзден тұратын көркем әдеби мәтінді оқиды. Бірінші тапсырмада мәтінге тақырып қояды, екінші тапсырмада берілген бір сөздің синонимін мәтіннен тауып жазады. Мәтін мазмұны бойынша берілген 2 сұрақтың әрқайсысына жауап жазады. Мәтін бойынша оқиғалардың ретін көрсетеді. Мұғалім білім алушының мәтін мазмұнын түсінгенін бағалайды. 12 5
8
3 5.4.1.1 Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар өз мектебін сипаттап, басқа қалада тұратын досына хат жазады. Хат мазмұнында сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай түрлерін қолданып, тыныс белгілерін дұрыс қояды. Жазылым жұмысында хат жазудың стилін сақтауы және сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай тыныс белгілерінің дұрыс қойылуы бағаланады. 20 10
4 5.2.5.1 Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жұпта орындалады. Екі білім алушыға бөлімдерге қатысты ортақ тақырып беріледі (тақырып жазылған қағаздарды білім алушы өзі таңдайды). Жұптағы білім алушылар берілген тақырып бойынша 2 минут диалогке түседі (әр білім алушы диалогте 4-6 сөйлем айту керек). Мұғалім білім алушының берілген тақырыпты түсініп, соған қатысты жұбына сұрақтар қоюын, сұрақтарға лайық жауап беруін бағалайды. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі) 10
Барлығы 40 минут 30
9
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Әр ұлттың өзіне тән салт-дәстүрлері болады. Салт-дәстүр халықтың мінез-құлқын, қасиеттерін, ерекшеліктерін көрсетеді. Қазақ — салт-дәстүрге бай халық. Қазақ халқына бауырмалдық, адамгершілік, қонақжайлылық, мейірімділік сияқты қасиеттер тән. Қазақ отбасындағы ең үлкен қуаныш — нәрестенің дүниеге келуі. Әсіресе, қазақ халқы ұл баланың өмірге келуін ерекше күткен. Себебі, қазақтар өздерінің ұрпағын ер балалардан таратады. Баланың шілдехана, бесік тойы, тұсаукесер, сүндет тойын барлық ауыл-аймақ, туған-туыс болып тойлаған.
Қазақ халқының ең бір қадірлі салты — үлкенді сыйлау. Барлық қазақ отбасында ата-анасына, үлкендерге ерекше құрмет көрсеткен. Олардың ұрпақтары ата-аналарын қартайғанда қамқорлыққа алуға міндетті болған.
Қазіргі кезде ата-аналар мен балаларының арасындағы қарым-қатынастары еліміздің Ата заңымен қорғалады. Ата-ана балаларының тәрбиесіне жауапты болады. Балалар да ата-аналары қартайғанда, қамқорлық жасауға міндетті.
(112 сөз)
1. Мәтінде қазақ халқы не үшін ерекше шаттанған?
A. бауырмалдық үшін
B. қонақжайлық үшін
C. ұрпақ жалғастығы үшін
Б. сәбидің дүниеге келгені үшін
ш
2. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.
A. үлкенді сыйлау
B. баланың өмірге келуі
C. қазақтың салт-дәстүрі
Б. қазақтың қонақжайлылығы
[1]
3. Қазақ халқының ең бір қадірлі дәстүрін көрсетіңіз.
A. кішіге ізет
B. үлкенді сыйлау
C. қыз балаға құрмет
Б. мәдениетін құрметтеу
[1]
4.Бағдарсызық арқылы мәтіндегі ақпараттарды мағынасымен сәйкестендіріңіз (әр сұраққа бір жауапты белгілеңіз).
1. үлкенге құрмет А.ұрпақ жалғастырушы, шаңырақ иесі.
2. ер бала В. сыйлау, қамқорлық көрсету, бағу.
[1]
5. Берілген сөздерді жұптастырыңыз.
1. қазақ а. қуаныш 1-
2. туған ә. халқы 2-
3. үлкен б. туыс 3-
4. ерекше в. құрмет 4-
[1]
10
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Ертеде жылқы Күнге қарап:
— О, қайырымды, Күн! Мені жануарлардың арасындағы ең сұлуы дейді. Оны өзім де білемін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да әдемі етсем деп ойлаймын,- депті.
— Сонда қай жеріңді түзеткің келеді? — деп сұрайды Күн күлімсіреп.
— Егер аяқтарым бұдан да ұзындау болса, мен тіптен жүйрік болар едім. Мойным аққудың мойнындай ұзын болса, маған ол бұдан да әсем көрік берер еді. Адамды арқалап жүру үшін арқамнан мәңгі алынбайтын ер-тоқымым болса, жақсы болар еді.
— Күте тұр, — дейді Күн күліп.
Жылқыға Күн түйені алып келеді.
— Міне, сен ұнатқандай ұзын аяқ, ұзын мойын, ері де дайын. Қалай, сенің де осындай болғың келе ме? — деп сұрайды Күн.
Жылқы көріксіз жануарды көргенде қалшылдап қоя береді.
— Жо-жоқ! — дейді қорыққанынан.
— Саған өз бойыңдағы сұлулығың да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауы тиіс,- дейді Күн жылқыға. Содан бері жылқы әлі күнге дейін түйені көрген сайын қорыққанынан дірілдей бастайды екен.
1. Мәтін мазмұнына сай ат қойыңыз._____________________________________________________
[1]
2. Берілген сөздің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.
[1]
баяғыда________________________________________________________________________________
3. Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап жазыңыз.
1. Жылқы нені армандайды?
[1]
2. Жылқы түйені көргенде неге қорықты? [1]
4. Мәтін бойынша оқиғалардың ретін ажыратыңыз.
I Әркім өз қасиетін бағалауы тиіс.
II Жылқы мақтанады.
ІІІКүн түйені алып келеді.
A. II, І,Ш
B. ІІІ, II, І
C. П,Ш, І
[1]
Жазылым
Басқа қалада тұратын досыңызға өзіңіздің мектебіңізді, оның бөлмелерін, жабдықталуын сипаттап, хат жазыңыз. Хат мазмұнында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдерді қолданып, хат стилін сақтаңыз.
[10]
Айтылым
11
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалогке түсіңіз (әр білім алушыға 2 минут). Диалог тақырыптары:
1. Отбасындағы дәстүрлер
2. Менің туған күнім
3. Үйірменің үйретері көп
4. Мектеп кітапханасы
5. Үй жануарлары
6. Жануарлар туралы ертегілер
[10]
Балл қою кестесі
Тыңдалым, оқылым
Бағалау критерийі Жауап Балл
Білім алушы
Тыңдалым С 1
С 1
В 1
1-В; 2-А 1
Қазақ халқы, үлкен қуаныш, ерекше құрмет, туған-туыс 1
5 балл
Оқылым Жылқы мен Күн / Жылқының арманы / оқушы жауабы ескеріледі. 1
Ертеде 1
Сұлу болуды / оқушы жауабы ескеріледі. 1
Көріксіз жануардан / оқушы жауабы ескеріледі. 1
С 1
5 балл
Жазылым
Балл Мазмұны (5 балл) Тіл сапасы(5 балл)
5 Өте жақсы Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс. Өте жақсы Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
4 Жақсы Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді. Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс. Жақсы Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
3 Қанағаттанарлық Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға Қанағаттанарлық Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді. Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
12
тырысады, стильдік қолданысы орташа.
2 Төмен Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Төмен Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.
1 Өте төмен Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі. Өте төмен Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын.
Айтылым
Балл Негізгі ойды ашуы (5 балл) Сөз қолданысы (5 балл)
5 Өте жақсы Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Өте жақсы Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
4 Жақсы Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. Жақсы Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.
3 Қанағаттанарлық Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. Қанағаттанарлық Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.
2 Төмен Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Төмен Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.
1 Өте төмен Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі. Өте төмен Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.
13
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут Тыңдалым- 8 минут Оқылым — 12 минут Жазылым — 20 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент — тыңдалым, екінші компонент — оқылым, үшінші компонент — жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент — айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
14
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырмалар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1 5.1.5.1 Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар 150 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты тыңдалым көркем әдеби мәтінін 2 рет тыңдайды (аудиоқұралдар болмаған жағдайда мұғалім мәтінді өзі 2 рет оқып береді). Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында мәтіннің мазмұнына негізделген бірінші тапсырмада мәтіндегі тірек сөздерді анықтайды, екінші, үшінші және төртінші тапсырмаларда мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға сөз және сөз тіркестерімен жауап береді. Бесінші тапсырмада білім алушы мәтіннің негізгі тақырыбын анықтайды. 8 5
2 5.3.2.1 Хат, хабарлама, жарнама мазмұнын түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар тақырыпқа қатысты 150 сөзден тұратын хабарлама мәтінін оқиды. Бірінші, екінші және үшінші тапсырмаларда төрт нұсқаның ішінен дұрыс жауабын белгілейді. Төртінші және бесінші тапсырмаларда мәтінге қатысты араласқан сөздерді дұрыс орналастырып, сөйлем құрастырады. 12 5
3 5.4.2.1 Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу 5.5.1.3 Сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, орынды қолдану Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жеке орындалады. Білім алушы қазақ тарихындағы өзіне үлгі тұтатын батырдың ерлігін сипаттайтын мәтін жазады. Мәтін мазмұнында білім алушы сандық бірліктерді қолдануы тиіс. Жазылым жұмысында мәтін құрылымын сақтауы және сан есімдер мен тақырыпқа қатысты лексикалық минимумды қолдануы бағаланады. 20 10
4 5.2.5.1 Берілген сұрақты Толық жауапты Тапсырма жұпта орындалады. Екі білім алушыға Тыңдалым 10
15
дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу қажет ететін сұрақтар бөлімдерге қатысты ортақ тақырып беріледі (тақырып жазылған қағаздарды білім алушы өзі таңдайды). Жұптағы білім алушылар берілген тақырып бойынша 2 минут диалогке түседі (әр білім алушы диалогте 4-6 сөйлем айту керек). Мұғалім білім алушының берілген тақырыпты түсініп, соған қатысты жұбына сұрақтар қоюын, сұрақтарға лайық жауап беруін бағалайды. сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)
Барлығы 40 минут 30
16
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Конгресс кітапханасы — Америка Құрама Штатының Ұлттық кітапханасы және әлемдегі ең ірі кітапханалардың бірі. Ол Вашингтонда орналасқан. Америка Құрама Штат Конгресінің ғылыми кітапханасы болып есептеледі. Конгресс Кітапханасы 1800 жылы 24 сәуірде Америка Құрама Штат президенті Джон Адамс мемлекеттің астанасын Филадельфиядан Вашингтонға ауыстыру туралы заңға қол қойған кезде құрылған.
Жыл сайын кітап қоры 1-3 миллион сақтау бірлігіне дейін өсіп тұрады. Сканерлеу жылдамдығы күніне 75-200 құжаттарды құрайды.
Конгресс кітапханасында 1460 орынға арналған 18 оқу залы бар. Конгресс кітапханасының 1958 жылдан бастап ай сайын шығып тұратын маңызды библиографиялық көрсеткіштері бар. Соның бірі — Америка Құрама Штатының кітапханасында сақталған жиынтық каталог.
Мұнда президенттердің кітап жинақтары, қытай және жапон туындыларының әдебиеттері, сирек кездесетін америкалық басылымдар коллекциялары сақталған.
(125 сөз)
1. Мәтіндегі тірек сөздерді анықтаңыз (3 сөз немесе сөз тіркесі).
[1]
2. Әлемдегі ең ірі кітапхананы атаңыз.
[1]
3. Кітапхана қай қалада орналасқан және қай жылы құрылды?
[1]
4. Кітапханада қай елдің туындылары сақталған?
[1]
5. Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.
[1]
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Су — тіршіліктің көзі. Психолог Масару Эмото: «Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады», — дейді. Мысалы, су денемізге азық пен оттегін тасымалдайды, ұйқыны қалыпқа келтіреді, көздің жақсы көруіне ықпал етеді, иммунитетті күшейтеді. Дәрумендер мен минералдардың таралуын реттейді. Әрі судың денені жарақаттанудан қорғайтын қасиеті де бар екен.
Үлкен адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал денеде 20 пайыз су жетіспесе, ол ағзаға қауіп төндіреді екен.
Ғалымдардың зерттеуінше, Жер бетінің 70 пайызы судан тұрады. Бірақ соның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды. Ал ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталған. Сондықтан адамдар оны қолдана алмайды. Сонда ғаламшардағы адамдардың барлығы тек 1 пайыз ғана
17
ауыз суды пайдаланады. Сол себепті жер бетіндегі халыққа су қоры жетпейді, әлемде су тапшылығы мәселесі бар.
Ол, әсіресе, Африка және Қытай елдерінде байқалады. Судың жетіспеуінен жер бетінде мыңдаған адамдар түрлі ауруларға шалдығады. Осы ғаламдық мәселе болса да, адамзат суды үнемдеуді ойламайды.
(156 сөз)
1. Судың қандай қасиеті ауруларды жазады?
A) минералдарды реттеуі
B) иммунитетті күшейтуі
C) түрлі қалыпта болуы ^) таза энергиясы
[1]
2. Судың жетіспеуі ағзаға …
A) күш түсіреді.
B) қатер төндіреді.
C) пайдалы болады.
^)оттегін тасымалдайды.
[1]
3. Су тапшылығының адамзатқа кері әсері қандай?
A) адамдар ауруларға ұшырайды
B) емдік мақсатта қолданады
C) суды үнемдеуді түсінеді ^)мұздықтарды ерітеді
[1]
4-5. Сөздерді дұрыс орналастырып, қосымшаларды түрлендіріп, сөйлем құрап жазыңыз.
4. Ауру, адам ағзасы, қорғау, су, түрлі
[1]
5. Жаһандық, ғаламшар, мәселе, үлкен, су тапшылығы, әкелу
[1]
Жазылым
Сан есімдерді қолдана отырып, қазақ тарихындағы өзіңіз үлгі тұтатын батырдың ерлігін тарихи кезеңмен сипаттап жазыңыз. Сан есімдерді қолданыңыз.
[10]
Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұпта диалогке түсіңіз (әр білім алушыға 2 минут). Диалог тақырыптары:
1. Тұмар ханшайым туралы аңыз
2. Қазақ елінің мәдениеті
3. Су — тіршілік тірегі
4. Судың адам ағзасына пайдасы
5. Мектеп кітапханасында
6. Кітапхана және интернет
[10]
18
Балл қою кестесі
Тыңдалым, айтылым
Дағды Жауап Балл Жалпы балл
Тыңдалым Конресс кітапханасы, кітап қоры, оқу залы, библиографиялық көрсеткіштер, коллекция 1 5 балл
Конгресс кітапханасы 1
Вашингтон. 1800 жылы 24 сәуірде 1
Қытай және жапон туындылары 1
АҚШ кітапханасы 1
Оқылым Д 1 5 балл
В 1
А 1
Су адам ағзасын түрлі аурулардан қорғайды / оқушы жауабы ескеріледі. 1
Ғаламдық су тапшылығы үлкен мәселелерге әкеледі / оқушы жауабы ескеріледі. 1
10 балл
Жазылым
Балл Мазмұны (5 балл) Тіл сапасы(5 балл)
5 Өте жақсы Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс. Өте жақсы Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
4 Жақсы Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді. Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс. Жақсы Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
3 Қанағаттанарлық Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Қанағаттанарлық Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді. Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
Төмен Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі Төмен Грамматикалық және пунктуациялық
19
2 және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.
1 Өте төмен Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі. Өте төмен Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын.
Айтылым
Балл Негізгі ойды ашуы (5 балл) Сөз қолданысы (5 балл)
5 Өте жақсы Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Өте жақсы Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
4 Жақсы Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. Жақсы Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.
3 Қанағаттанарлық Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. Қанағаттанарлық Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.
2 Төмен Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Төмен Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.
1 Өте төмен Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі. Өте төмен Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.
20
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут Тыңдалым- 8 минут Оқылым — 12 минут Жазылым — 20 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент — тыңдалым, екінші компонент — оқылым, үшінші компонент — жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент — айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
21
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырмалар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1 5.1.6.1 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар 140-150 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтінді 2 рет тыңдайды (аудиоқұралдар болмаған жағдайда мұғалім мәтінді өзі 2 рет оқып береді). Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында мәтіннің мазмұнына негізделген бірінші тапсырмада төрт нұсқаның ішінен дұрыс жауабын белгілейді. Екінші тапсырмада мәтін мазмұнына сай келетін екі ақпаратты белгілейді. Үшінші, төртінші және бесінші тапсырмаларда мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға сөйлеммен жауап береді. Мұғалім білім алушының мәтін мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап бере алуын бағалайды. 8 5
2 5.3.1.1 Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар тақырыпқа қатысты 140-160 сөзден тұратын мәтінді оқиды. Бірінші, екінші тапсырмаларда мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға 1 сөйлеммен жауап жазады. Үшінші тапсырмада төрт нұсқаның ішінен дұрыс жауабын белгілейді. Төртінші тапсырмада берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазады. Бесінші тапсырмада мәтіндегі оқиғалардың ретін сандармен көрсетеді. Мұғалім білім алушының мәтін мазмұнын түсініп, негізгі ақпаратты анықтай алуын бағалайды. 12 5
22
3 5.4.31 Жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жеке орындалады. Компьютердің пайдасы мен зияны тақырыбында эссе жазады. Мәтін мазмұнында білім алушының сын есімдерді қолдануы тиіс. Жазылым жұмысында эссе құрылымын сақтауы, сын есімдерді дұрыс қолдануы, тақырыпқа қатысты лексикалық минимумды қолдануы бағаланады. 20 10
4 5.2.6.1 Тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жеке орындалады. Білім алушыларға бөлімдердің әрқайсысына қатысты иллюстрациялық суреттер беріледі (суреттер мен тірек сөздер әр бөлімге дайындалу керек). Мұғалім білім алушының суреттерді сипаттауда тірек сөздерді дұрыс қолдануын бағалайды. Тыңдалым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі) 10
Барлығы 40 минут 30
23
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Тыңдалым
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Спорт — денсаулық кепілі
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата-бабаларымыз «Тәні саудың — жаны сау» деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай-ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа деп бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан — 2030» стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті.
Халықтың денсаулығы — ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. «Бірінші байлық — денсаулық» немесе «Денсаулық — терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Тағы да «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп, жан мен тән саулығын қоршаған ортада дұрыс сақтап және нығайтуға түрлі пайдалы әрекеттер жасап отырған.
1. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың қанша түрінен жаттығу жасау керек?
A) 35
B) 33
C) 31 Д) 32
[1]
2. Мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыңыз.
р/с Ақпараттар дұрыс бұрыс
А Спорттың қандай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты.
В Н.Назарбаев спортты бірнеше түрге бөлген.
С Денсаулық — ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.
[2]
3. Спортпен айналысудың денсаулыққа пайдасы бар ма?
[1]
4. «Қазақстан — 2030» бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі қандай?
[1]
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Менің Отаным — Қазақстан
Азия мен Еуропа құрлықтарының ортасында орналасқан ежелгі қазақ жері — қазіргі Қазақстан Республикасы үлкен аумақты алып жатыр. Ол дүние жүзіндегі екі жүзден астам мемлекеттің ішінде жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды алады. Қазақстанның жері қандай үлкен болса, оның географиялық ерекшеліктері де әр алуан.
24
Қазақстан жерінде көне ескерткіштер көптеп саналады. Айталық, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Отырар, Сауран, Сығанақ, Шымкент, Тараз, Түркістан сияқты қалалар мәдениет пен ғылымның орталықтары болған. Қазіргі кезде ғалымдар Арал теңізі маңынан, Маңғыстау түбегінен, Астана жанынан көне қалалардың орындарын табуда. Еліміздің ең қымбат тарихи жәдігері — «Алтын адам». Алматы маңындағы Есік обасынан табылған «Алтын адам» көне дәуірлерде Қазақстан жерінде жоғары өркениеттің болғандығын көрсетеді.
Қазақстан мәдениетінің басты ошағы — Алматы қаласы. Мұнда Абай атындағы опера және балет театры, М.Әуезов атындағы қазақ драма театры, цирк және орыс, неміс, ұйғыр, корей театрлары жұмыс істейді. Әлемге белгілі «Медеу» мұз айдыны — халқымыздың мақтанышы.
1. Көне қалалар ненің орталығы болған?
[1]
2. «Алтын адамның» табылуының дәлелі не?
[1]
3. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін тақырыбына сәйкес келеді?
A) Денсаулық — зор байлық.
B) Айлалы батыр алдырмас.
C) Туған жер — алтын бесік.
Д)Білім басы — бейнет, соңы — зейнет.
[1]
4. Мәтіннен берілген сөздердің синонимін табыңыз. а. ежелгі____________________
ә. мұра______________________
[1]
5. Мәтіндегі оқиғаларды ретімен орналастырыңыз.
Оқиғалар Реті
Еліміздің ең қымбат тарихи жәдігері — «Алтын адам».
Қазіргі Қазақстан мәдениеті жаңа заманға сай мәдениет пен өнерді қалыптастырған.
Қазақстан Республикасы үлкен аумақты алып жатыр.
Қазақстан жерінде көне ескерткіштер көп.
[1]
Жазылым
Компьютердің пайдасы мен зияны тақырыбында эссе жазыңыз. Жазылым мазмұнында сын есімдерді қолданыңыз.
[10]
Айтылым
Берілген суреттерді тірек сөздердің көмегімен сипаттаңыз (әр білім алушыға 2 минут). «Компьютердің тілін табу — өнер»
Тірек сөздер: компьютер, тәуелділік, әлеуметтік желі, зиян, жылдамдық, ақпарат
25
[10]
Балл қою кестесі
Тыңдалым, айтылым
Дағды Жауап Балл Жалпы балл
Тыңдалым В 1 5 балл
А,С 1 1
Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керек. 1
«Қазақстан — 2030» стратегиялық бағдарламасының басым бағыттарының бірі -халықты салауатты өмір салтына ынталандыру. 1
Оқылым Ұлы Жібек жолының бойындағы көне қалалар мәдениет пен ғылымның орталықтары болған. 1
Алтын адамның табылуы Қазақстан жерінде өркениеттің болғандығын дәлелдейді. 1 5 балл
С 1
A. ежелгі-көне B. мұра-жәдігер 1
1
Оқиғалар Реті
Еліміздің ең қымбат тарихи жәдігері — «Алтын адам». 3
Қазіргі Қазақстан мәдениеті жаңа заманға сай мәдениет пен өнерді қалыптастырған. 4
Қазақстан Республикасы үлкен аумақты алып жатыр. 1
Қазақстан жерінде көне ескерткіштер көп. 2

10 балл
26
Жазылым
Балл Мазмұны (5 балл) Тіл сапасы(5 балл)
5 Өте жақсы Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс. Өте жақсы Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
4 Жақсы Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді. Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс. Жақсы Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
3 Қанағаттанарлық Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Қанағаттанарлық Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді. Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
2 Төмен Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Төмен Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.
1 Өте төмен Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі. Өте төмен Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын.
27
Айтылым
Балл Негізгі ойды ашуы (5 балл) Сөз қолданысы (5 балл)
5 Өте жақсы Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Өте жақсы Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
4 Жақсы Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. Жақсы Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.
3 Қанағаттанарлық Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. Қанағаттанарлық Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.
2 Төмен Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Төмен Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.
1 Өте төмен Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі. Өте төмен Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.
28
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут Тыңдалым- 8 минут Оқылым — 12 минут Жазылым — 20 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі)
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырма -тыңдалым, екінші тапсырма — оқылым, үшіншісі — жазылым және тілдік бағдар, төртінші тапсырма — айтылым дағдыларын тексеруге арналған.
29
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырмалар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1 5.1.6.1 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар 160-170 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтінді 2 рет тыңдайды (аудиоқұралдар болмаған жағдайда мұғалім мәтінді өзі 2 рет оқып береді). Білім алушылар мәтінді тыңдау барысында мәтіннің мазмұнына негізделген бірінші тапсырмада төрт нұсқаның ішінен дұрыс жауабын белгілейді. Екінші тапсырмада мәтін мазмұнына сай келетін екі ақпаратты белгілейді. Үшінші, төртінші және бесінші тапсырмаларда мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға сөйлеммен жауап береді. Мұғалім білім алушының мәтін мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап бере алуын бағалайды. 8 5

2 5.3.3.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау Көп таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жеке орындалады. Білім алушылар тақырыпқа қатысты 160-170 сөзден тұратын көркем әдеби мәтінді оқиды. Бірінші, екінші тапсырмаларда мәтін мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап жазады. Үшінші тапсырмада төрт нұсқаның ішінен дұрыс жауабын белгілейді. Төртінші тапсырмада берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазады. Бесінші тапсырмада мәтіндегі оқиғалардың ретін сандармен көрсетеді. Мұғалім білім алушының мәтін мазмұнын түсініп, тақырыпты анықтай алуын бағалайды. 12 5
30
3 5.4.1.1 Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу Жазба ша толық жауап ты қажет ететін сұрақ тар Тапсырма жеке орындалады. Білім алушы қазақ тарихындағы өзіне үлгі тұтатын батырға хат жазады. Мәтін мазмұнында білім алушы болымды, болымсыз етістіктерді қолдануы тиіс. Жазылым жұмысында хат стилін сақтауы және болымды, болымсыз етістіктерді дұрыс қолдануы мен тақырыпқа қатысты лексикалық минимумды қолдануы бағаланады. 20
4 5.2.6.1 Тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жеке орындалады. Білім алушыларға бөлімдердің әрқайсысына қатысты иллюстрациялық суреттер беріледі (суреттер мен тірек сөздер әр бөлімге дайындалу керек). Мұғалім білім алушының суреттерді сипаттауда тірек сөздерді дұрыс қолдануын бағалайды. Тыңдалым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 2 минут беріледі) 10
Барлығы 40 минут 30
31
Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тыңдалым
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы идеясын жарияласа, Қазақстан халқы Ассамблеясын 1995 жылдың 1 наурызында құрды.
Содан бері талай жыл өтіпті. Елбасының сол жылдары жасаған қадамы өз жемісін беріп, жұртшылықты жетістікке бастады. Ең бастысы, Ассамблея татулық пен тыныштықтың тірегіне айналды. Осындай киелі құбылысты нығайта түсу мақсатында 2015 жыл — Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланған болатын.
Біздің ауданда, ауылымызда, негізінен қазақ және ұйғыр ұлтының өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді.
Ұйғырларды таранчы деп атайды. Ұйғырлардың мекені — Шығыс Түркістан, қазіргі Шыңжаң Ұйғыр автономиясы. Онда 12 млн. ұйғыр тұрады. Қазақстандағы, яғни Алматы облысы бойындағы жер аударылып келген ұйғырларды жетісулық деп атайды. Олар 1876-77 жылдары Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін Цин империясына қарсы көтерілістен соң бәрі Жетісуға көше бастады. Қазақтардың кеңдігі мен бауырмалдығының арқасында біздің ұйғыр халқы да өсіп-өніп, жақсы тіршілік кешуде. Қазақстанды өз Отаны санайды. Еліміз табиғи ресурстарға бай. Ал байлықтың ең үлкені — халықтар достығы. Біз осы достықты нығайтып, бір-бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет етуіміз керек.
(162 сөз)
1. Қазақстан халқы Ассамблеясы қай жылы құрылды?
A. 1992 жылы
B. 2015 жылы
C. 1993 жылы Д. 1995 жылы
[1]
2. Мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыңыз._____________________________________
р/с Ақпараттар дұрыс бұрыс
А Ұйғырлар Шығыс Түркістан, қазіргі Шыңжаң Ұйғыр автономиясын мекендейді.
В 2015 жыл — Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы.
С Еліміздегі байлықтың ең үлкені — табиғи ресурстар.
[1]
3.Жер аударылып келген ұйғырларды неге жетісулық деп атайды?
[1]
4. Елбасы1992 жылы қандай идея ұсынды?
[1]
5. Ұйғыр халқының жақсы өмір сүруіне не әсер етті?
[1]
32
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Сұлу Көкше өңірінде биік тау бар. Жерден атқан садақтың оғы оның шыңына жетпейді. Содан да бұл тау Оқжетпес атанып кеткен.
Бұл шыңға сүйсінбейтін жан жоқ. Жақыннан қарағанда сандықша тастарды қолмен әдейілеп қалағандай көрінеді. Қарағайлар мен шыршалар Оқжетпестің тастарына қадалып өскен.
Шың туралы мынадай аңыз бар. Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол елден ерекше ер тұлғалы, зор денелі, батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне қызыққан жау аз емес еді. Бала келген жаумен шайқасып, еліне жолатпапты.
Бір күні сол бала шайқастан кейін сәл тынығып алмақшы болады. Күміскөлдің мөлдір суына рақаттанып шомылады да, Көкшенің баурайындағы қалың қарағайдың арасына келіп жатады. Орман ішінде жасырынып жүрген жау осы сәтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Қапыда қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші азайып, әл-дәрмені таусылады. Сонда батыр жаулардан қорлық көргенше өлгенін артық санап, Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Жау қолына тастамас үшін пілін де төбесіне көтеріп алады. Сондағы батыр осы Оқжетпес болса керек.
(168 сөз)
1. Баланы қалай сипаттайды?
[1]
2. Кейіпкер қандай тілек тілейді?
[1]
3. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы мәтін тақырыбы бола алады?
A) Ел іші — алтын бесік.
B) Туған жер — алтын бесік.
C) Айлалы батыр алдырмас.
Д)Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі.
[1]
4. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз. а. ер_________________
в. демалу__________________
с. дұшпан_________________
[1]
5. Мәтіндегі оқиғаларды ретімен орналастырыңыз.
Оқиғалар Реті
Қаруы жоқ батыр дұшпандармен айқасады.
Пілді жауға қалдырмас үшін көтеріп алады.
Бала батыр болып өседі.
Көлге шомылып, қарағайдың ортасында демалып жатады.
[1]
33
Жазылым
Болымды және болымсыз етістіктерді қолдана отырып, еліміздің көрікті жерлері туралы досыңызға хат жазыңыз.
[10]
Айтылым
Берілген суреттерді тірек сөздердің көмегімен сипаттаңыз (әр білім алушыға 2 минут). «Қазақстандағы ұлттар достастығы»
Тірек сөздер:Елбасы, 1 мамыр мерекесі, ұлттар достастығы, бір ел, шаңырақ
[10]
Балл қою кестесі
Тыңдалым, оқылым
Дағды Жауап Балл Жалпы балл
Тыңдалым Д 1 5 балл
А,В 1
Себебі ұйғырлар Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін Цин империясына қарсы көтерілістен соң Жетісуға көше бастады. 1
Н.Назарбаев 1992 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы идеясын жариялады. 1
Қазақтардың кеңдігі мен бауырмалдығы әсер етті. 1
Оқылым Ер тұлғалы, зор денелі, батыр 1 5 балл
Өзін тасқа айналдыруын тілейді. 1
Д 1
а. ер- батыр в. демалу-тынығу 1
34
с. дұшпан- жау
Оқиғалар Реті 1
Қаруы жоқ батыр дұшпандармен айқасады. 3
Пілді жауға қалдырмас үшін көтеріп алады. 4
Бала батыр болып өседі. 1
Көлге шомылып, қарағайдың ортасында демалып жатады. 2
Барлығы 10 балл
Жазылым
Балл Мазмұны (5 балл) Тіл сапасы(5 балл)
5 Өте жақсы Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры, стилі толық сәйкес келеді. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс. Өте жақсы Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
4 Жақсы Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанры сәйкес келеді. Ойын жеткізеді. Лексикалық минимумды жеткілікті қолданады, стильдік қолданысы дұрыс. Жақсы Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады. Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
3 Қанағаттанарлық Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауға тырысқан. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Қанағаттанарлық Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді. Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
2 Төмен Мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі және қорытынды), жанрын, стилін сақтауы шектеулі. Ойын жеткізуде ауытқулар көптеп кездеседі. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Төмен Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.
1 Өте төмен Мәтін құрылымы (кіріспе, негізгі және қорытынды) мүлдем ескерілмеген. Жазба жұмысы жанрға, стильге сәйкес емес. Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі. Өте төмен Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын.
35
Айтылым
Балл Негізгі ойды ашуы (5 балл) Сөз қолданысы (5 балл)
5 Өте жақсы Тақырыпты және сұрақты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Өте жақсы Лексикалық минимумы мол, стильдік қолданысы өте дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Арасында елеусіз қателер жібергенімен, ойды түсінуге кедергі келтірмейді.
4 Жақсы Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. Жақсы Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.
3 Қанағаттанарлық Тақырыпты және сұрақты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын орынды жеткізеді. Қанағаттанарлық Лексикалық минимумы жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.
2 Төмен Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі. Төмен Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда елеусіз қателер жібереді.
1 Өте төмен Тақырып пен сұрақты түсінуде және күтпеген сұрақтарға жауап беруде қолдауды қажет етеді. Ойын жеткізуде өрескел ауытқулар кездеседі. Өте төмен Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен. Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.
36

4 thoughts on “СОЧ ТЖБ Қазақ тілі мен әдебиеті (орыс мектеп) Т2 5-сынып

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *