СОЧ ТЖБ Қазақ тілі 9 сынып

«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 9-сынып

МАЗМҰНЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты…………………….3
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар….3
3. Күтілетін нәтижелер………………………………………..3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі………………………………….4
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі…………………………….5
6. Модерация және балл қою…………………………………….5
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………..6
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ……………….15
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ……………….23
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ……………….34
2
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде).
3. Күтілетін нәтижелер
1) тыңдалым және айтылым:
білім алушы қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-кәсіптік салалардағы мәтіндерін түсінеді; сөйлесу тәртібінің, бағалаудың ашық және жабық түрде берілген нысандарын таниды; әртүрлі өмірлік жағдаяттарда ауызша тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады; тілдік қарым-қатынастың әртүрлі мақсаттары мен тактикаларын іске асыру үшін түрлі тілдік құралдарды пайдалана отырып, әңгімеге бастамашы бола алады және диалогті қолдайды; проблемалық сипаттағы ақпаратты жинақтай отырып, монолог құрастырады; өз пікірін қорғайды және дәлелдейді; өз пікірін білдіре отырып, әңгіме нысанасына қатысты сөйлеушінің көзқарасын бағалайды; сұрақтар арқылы мәтін мазмұнын болжайды; өз сөздерін ресімдеу кезінде грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды;
2) оқылым:
білім алушы әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және егжей-тегжейлі ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) түсінеді және өзінше түсіндіреді; мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді; зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп оқуды, арнайы ақпарат алу үшін оқуды, талдамалық оқуды, белгілі бір мақсатпен оқуды қоса алғанда, оқу стратегияларын пайдаланады; әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды талдайды және жинақтайды; қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-танымдық аяларына қатысты мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; дәлелдер мен фактілерді ажырата отырып, ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды;
3) жазылым:
білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады; ақпаратты ұсынудың әртүрлі нысандарын пайдалана отырып, мәтін құрастырады (оның ішінде, баспа); ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе, және т.б.) жазады; әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндердің құрылымдық-композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады; анықтамалық материалды пайдалана отырып мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; белгілі бір тақырып бойынша күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды.
3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Дағдылар тобы Ойлау дағдылары ның деңгейі Сипаттама Сұрақтар түрі
Тыңдалым мен айтылым Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары — тақырыптық мәтіндерді түсінеді, болжайды; — сөйлесу ерекшеліктерін таниды; — ауызша тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады; — жалпы және нақты сұрақтарға жауап береді; — тілдік құралдарды пайдаланады; — әңгімеге, диалогке қатысады; — ақпаратты жинақтайды; — диалог, монологтердегі көтерілген мәселені талдайды, өз пікірін қорғайды және дәлелдейді; — сөйлеушінің көзқарасын бағалайды; — грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды. Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Оқылым және әдеби тіл нормалары Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары — мәтіннен негізгі және детальді ақпаратты анықтайды; — ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеуді тілдік құралдар арқылы таниды; — ауызекі сөйлеу мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажыратады; -мәтін негізіндегі берілген сұрақтарға нақты жауап береді; — оқылым стратегияларын қолданып, комментарий жасайды; — іріктеп және рөлге бөліп оқиды; — әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпараттарды алады, оларды талдайды және жинақтайды. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жазылым және әдеби тіл нормалары Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары — естіген және оқыған ақпараттарын жинақтайды; — әртүрлі жанрдағы мәтіндер жазу үшін жоспар құрады; -мінездеме, өмірбаян, құттықтауды жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай жазады; — графиктік мәтін құрастырады; — эссе жазу барысында абзацты жүйелі құрастырып, «келісу, келіспеу» эссесін жазады; -жинақы мәтін жаза алады; — орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
4
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
5
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым — 15 минут
Жазылым — 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі
Балл саны: 30 Тапсырмалар түрлері
КТБ — көп таңдауды қажет ететін сұрақтар ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар ТЖ — толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі -тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі — оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі — жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
6
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырмал ар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1 9.1.2.1 қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (Жолдау) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау; 9.1.4.1 мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау; 9.1.5.1 мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту; 9.4.3.1 стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктердің дұрыс қолдана білу; Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 150-200 сөзден тұратын ортақ тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады). Оқушылар мәтінді оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсініп, мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдайды, негізгі ойды анықтайды, өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айтады. Тыңдаушы жұп мәтінде көтерілген мәселе бойынша екі сұрақ қояды. Сөйлеу барысында стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктердің дұрыс қолдана білуі бағаланады. Бағалау әр оқушыға жеке-жеке қойылады. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3- 5 минут беріледі) 10
2 9.2.3.1 мақала құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату; 9.2.2.1 қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану; Көп таңдауы бар, қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Оқушыларға 120-150 сөзден тұратын мәтін беріледі. Мәтінді оқып, тілдік құралдарды анықтайды, қолданысына түсінік береді, құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық,стильдік ерекшеліктерін анықтайды. 15 10
7
3 9.3.2.1 мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру; 9.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе); 9.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Бірінші жұмыста мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыра отырып, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай жазба жұмысын жазады. Екінші жазылым жұмысында құрылымын сақтай отырып, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірдің немесе жағдаяттың біреуін таңдап, өз ойын дәлелдеп, тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады. 25 10
Барлығы 40 30
8
«Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Мәңгілік Ел — мұратым», «Жаһандану мәселелері» бөлімдері бойынша Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып, негізгі ойын анықтаңыз. Мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың қолданылуына сыни тұрғыдан өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Пікіріңізді жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дәлелдей сөйлеңіз.
2. Жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Талқылауға белсенді қатысып, пікір білдіріңіз.
[10]
Транскрипт 1-мәтін
Әрбір адам мейлі, ол жазушы болсын, ақын болсын, не әнші болсын өзінің асқан бір сүйіспеншілігімен жазатын не орындайтын шығармасы болады. Ал мен жазушы да, ақын да, әнші де емеспін. Бірақ бүгінгі жазылмақ болған шығарма мен үшін үлкен жауапкершілікпен жазылар шығарманың бірі болмақ. Бұл шығарманы мен кітаптан да, ғаламтордан да көшірмедім. Теңіздің жағаға толқып соққан толқындарындай жүрек пен көңілден шыққан ойлар…
Бұл шығарманың тақырыбы — тамырын тереңге жайған үлкен ағаш секілді. Тамыры тереңге жайылған ағаштың жапырағы да көгеріп, мәңгі көктеп гүлденері шындық. Тамырын тереңге жайған, жапырағы жайқалған ағаш деп отырғаным — қазақ ұлты, қазақ елі, қазақ халқы. Бұл мен үшін мәңгілік ел бейнесінде көрініс тапты.
Мәңгілік ел — бұл қазақтың өткен тарихынан бастау алуы тиіс. Тамыры тереңге жайылған тарихтан сыр шертер болсақ, біз қазақ не көрмедік, қанша қиын жағдайларды, ашаршылық, соғыс, елден жыраққа ауып кету, тілімізден айырылу, барлығын бастан кешірдік. Осының бірде-біріне мойымастан бүгінгі күнге де аманшылықпен жетіп отырмыз. Шүкір, міне осының өзі-ақ мәңгі ел керегесі.
550 жыл бойына көрген қиындығымызға ешкімді жазғырмай, біреуді кінәламай, қайғы көрсек тереңіне батып кетпей, қуанышқа асып-таспай бүгінгі күнге аман-есен жеткеніміз біз үшін үлкен бақыт! Терезесі тең, керегесі кең, шаңырағы биік еліміздің тарихы мен мәңгілік елдің іргетасын қалап кеткен Керей мен Жәнібектен бастау алған қазақ елінің мәңгілік ел болуы, құрылуы осының айғағы.
2-мәтін
Қадірлі халқым!
Мәңгілік Ел — ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ол арман — әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман — тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.
Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол — Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі -Мәңгілік Ел ордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ — Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің ұлттық идеясы — Мәңгілік Ел!
Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары — «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл — әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын
9
құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.
«Қазақстан-2050» — Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!
1-мәтін
Қазіргі уақытта нарықтық экономика негізінде әлемдік экономикалық жаһандану үрдісі кең етек жайып келе жатыр. Бұның басты себебі — көптеген интеграциялық бірлестіктердің пайда болуы, ұлттық экономиканың тікелей бір-біріне тәуелділігі, экспортқа және импортқа деген тәуелділіктің өсуі, нарықтық қарым-қатынастардың баға белгілеуі, трансұлттық компаниялардың беделінің өсуі, мемлекеттің экономикаға араласуының шектелуі, әлемдік қаржылық ұйымдардың беделінің өсуі сияқты белгілердің пайда болуы.
Әлемдік жаһандану терминін ең алғаш рет 1983 жылы американ ғалымы Теодор Левит енгізген болатын. Ол ең алғаш рет «Гарвард Бизнес Ревю» журналындағы «Нарықтардың жаһандануы» атты мақаласында осы мәселе жайлы жазып кеткен. Қазіргі уақытта жаһандану терминіне берілетін түсініктемелер өте көп. Жалпы, жаһандану — капиталдың, еңбек ресурстарының, тауарлардың бірігуі, сонымен қатар, компания, концерндердің және корпорациялардың іріленіп, әлемде таралуын айтамыз. Қазіргі уақытта әлемдік экономикалық жаһандануға тән өзіндік сипаттар бар. Олар: әлемдік сауда-экономикалық одақтар мен бірлестіктердің пайда болуы, халықаралық және жаһандық валютаның пайда болуы, қаржы нарықтарының қызмет етуі, трансұлттық компаниялардың іріленуі, банктік, саудалық және кез келген қаржылық операциялардың жаһандық желілер арқылы қызмет жасауы. Өз кезегімде, әлеуметтік еңбек саласын, еңбек нарығындағы тұрақсыз жұмыс мәселесін зерттеуді жөн көрдім. Еңбек ету мемлекеттегі қоғамның айнымас бір бөлігі болғандықтан, экономикалық даму, макроэкономикалық тұрақтылық, адами потенциалдың қалыптасуы мен дамуы, адамдардың өмір сүру сапасының өсуі, осының бәрі еңбек етумен байланыстырылады.
2-мәтін
Қадірлі қазақстандықтар!
Қымбатты отандастар!
Қазіргі уақытта адамзат жаңа жаһандық сын-тегеуріндермен бетпе-бет келуде. Егер біз өз дамуымызда жаңа табыстарға одан әрі қол жеткізуді жоспарлайтын болсақ, олардың әрқайсысын міндетті түрде ескеруге тиіспіз.
Адамзат Үшінші индустриялық революция табалдырығында тұр, ол өндіріс ұғымының өзін өзгертеді. Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі өзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде өзгеше технологиялық болмыста өмір сүріп жатырмыз.
Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да көптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның өзін трансформациялап, күнделікті ақиқатқа айналады.
Қазіргі уақытта ең үлкен әлемдік проблемалардың бірі — күшейе түскен әлеуметтік тұрақсыздық. Оның негізгі себебі — әлеуметтік теңсіздік.
Бүгінде әлемде екі жүз миллионға жуық адам жұмыс таба алмай отыр. Еуропалық Одақтың өзінде жұмыссыздық соңғы онжылдықтардағы ең жоғары деңгейге жетіп, көптеген жаппай тәртіпсіздіктерге түрткі болып отыр. Мұның жанында Қазақстандағы ахуал біршама қолайлы болып отырғанын мойындау керек. Бүгінде біз бүкіл жаңа тарихымыз ішіндегі жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейіндеміз. Бұл, сөз жоқ, үлкен жетістік. Солай бола тұра, біз масаттануға тиіс емеспіз.
10
Әлеуметтік-саяси дағдарысқа ұласатын жаһандық экономикалық дағдарыс Қазақстанға сөзсіз қысым көрсетіп, біздің төзімімізді сынаққа алатын болады, сондықтан күн тәртібіне әлеуметтік қауіпсіздік және әлеуметтік тұрақтылық мәселесі қойылады. Біз үшін маңызды міндет — қоғамымыздағы әлеуметтік тұрақтылықты нығайту.
Оқылым
Тапсырма
Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.
[10]
Ел ішіндегі тұрақтылық пен тұтастықтың бірқалыпты дамуының шешуші факторы болып табылатын ұлттық бірлік қоғамдық келісімге бастайды. Ал бұл құндылықтар «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясында көрініс тапқан. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады, өйткені тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. Бұл Елбасымыздың: «…біздің бір ғана Отанымыз — тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсек, осы жолда бар әлеуетімізді салсақ, 2050 жылы мұрат еткен «Мәңгілік Елге» жететінімізге сенімдімін…, …өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бағытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел», — деген сөздерімен толыға түседі. «Мәңгілік Ел — ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман -әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.
1. Кестені толтырыңыз.
№ Тілдік құралдар Мәтіннен 2 мысал
1 Қоғамдық-саяси терминдер мен сөздер
2 Эмоционалды-экспрессивті сөз орамдары
3 Ой салу мағынасында қолданылған сөздер
2. Мәтінді құрылымына сай бөліктерге бөліп, жанрын, стилін анықтаңыз.
Мәтін бөліктері Мәтін бөліктері басталатын сөйлем Жанры, стилі
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
3. Сұрақтарға жауап беріңіз.
• Мәтінде қарамен берілген сөйлемдерде автор көпшілікке бағытталған қандай сөздерді қолданады?
• «Мәңгілік Ел» сөзін сипаттауда Елбасы қандай бағалаушы сөздерді қолданған?
4. Қарамен берілген мәтін бөлігі қай қатарға сай екенін анықтаңыз.
A. Очерк
B. Шешендік толғау
C. Шешендік арнау Д. Баяндама
11
Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Стильдік және жанрлық ерекшеліктеріне сай тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай дұрыс қолданыңыз.
[10]
1. Бүгінде біз — тарихымызды танып, әлем жұртына өзімізді танытып, қарқынды түрде дамып келе жатқан мәңгілік елміз. Ана тіліміз арқылы мың жасап, ана тіліміз арқылы таныларымыз хақ, олай болса, келешекте қазақ тілін әлем деңгейі тілдері қатарынан көруіміз мүмкін бе? Оқырманға әсер қалдыратындай етіп баяндама жазыңыз.
2. Жаһандық қоғам әлдеқайда ашық бола түсуде: капиталдың, қаржының, адамдардың, ақпараттың еркін қозғалысы осы заманғы «шекараларсыз әлем» тұжырымдамасының негізіне айналды. Осы жаһандық байланыстың елімізге деген пайдасы мен зияны қандай? Екіжақты пікірдің біреуіне таңдау жасап, өз ойыңызды дәлелдеп аргументативті эссе жазыңыз.
12
Балл қою кестесі Тыңдалым және айтылым
Балл Г рамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы Балл Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті
5 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. 5 Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.
4 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. 4 Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.
3 Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. 3 Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.
2 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады. 2 Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
1 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. 1 Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз қатысады.
Оқылым және мәтінді талдауға арналған балл қою кестесі
№ Жауабы Балл
1 1. Фактор, қоғамдық келісім, құндылықтар, Мәңгілік ел, тәуелсіздік. 2. Бір ғана Отанымыз, «Мәңгілік Елге» жететінімізге сенімдімін, тағзым да, мақтаныш та сенім де, «Мәңгілік Ел», сан мың жылдан бергі асыл арманы 3. Тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат, әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабақ ретінде түйсек, осы жолда 3
13
бар әлеуетімізді салсақ, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын
2 1. Ел ішіндегі тұрақтылық… 2. Мәңгілік елге айналу үшін… 3. «Мәңгілік Ел — ата-бабаларымыздың… Жанры — мақала, шешендік сөз, стилі — публицистикалық 1 1 1 1
3 1. Біз, Отанымыз, тәуелсіз елміз, әрқайсысымыз сезініп, 2. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бағытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де 2
4 С 1
Барлығы 10
Жазылым
Балл Сипаттамасы
9-10 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданады. Ойын еркін әрі толық беруде, күрделі әсерлерді жеткізе алады, тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.
7-8 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолданады. Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір орфографиялық қателер түсінуді қиындатпайды.
5-6 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қанағаттанарлық деңгейде қолданады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, орфографиялық қателер, мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы жалпы әсерді бұзады.
3-4 Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолдануға тырысады. Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама -қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.
1-2 Қолданған тілдік құралдары жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай емес Сөздер кейде анық емес, орфографиялық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.
14
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым — 15 минут Жазылым — 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
КТБ — көп таңдауды қажет ететін сұрақтар ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар ТЖ — толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі -тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі — оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі — жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
15
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырмал ар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1 9.1.2.1 қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (дәріс, интервью) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау; 9.1.3.1 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу; 9.1.5.1 мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту; Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 150-200 сөзден тұратын ортақ тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады). Оқушылар мәтінді оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсініп, мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдайды, өмірлік мәселелермен байланыстырып, өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айтады. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды, көтерілген мәселені талдайды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды.. Сөйлеу барысында стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктердің дұрыс қолдана білуі бағаланады. Бағалау әр оқушыға жеке-жеке қойылады Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі) 10
16
2 9.2.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру; 9.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу. Көп таңдауы бар сұрақтар Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Оқушыларға 120-150 сөзден тұратын мәтін беріледі. Мәтіннен қажетті ақпаратты іріктеп, берілген ақпаратқа комментарий жасайды. Көтерілген мәселе бойынша оқырман тұрғысынан талқылау сұрақтарын құрастырады. 15 10
3 9.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе); 9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Жазылым жұмысында құрылымын сақтай отырып, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірдің немесе жағдаяттың біреуін таңдап, өз ойын дәлелдеп, салалас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданып жазады. 25 10
Барлығы 40 30
17
«Қазақ тілі » пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017», «Адам құқығы мен
бостандығы» бөлімдері бойынша
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып, мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың рөлін анықтаңыз. Көтерілген мәселені өмірмен байланыстырып, сыни тұрғыдан көзқарасыңызды білдіріңіз. Пікіріңізді жан-жақты тұжырымдап, мысалдармен дәлелдей сөйлеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдап, оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Талқылауға белсене қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
Транскрипт
1-мәтін
ЭКСПО дегеніміз не? Оның бізге берер пайдасы қандай? Ол не туралы болмақ? ЭКСПО — индустрияландыру символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме. «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай іс-шараға барлық құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. Бәсі биік бәсекеде Астананың жеңіп шығуы бекерден бекер емес. Оған бірнеше факторлар ықпал еткендігі аян.
Біріншіден, елордамыздың әлемдік-деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі болды.
Екіншіден, таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын білдіреді және Еуразия өңірінде де оның даму келешегі кемел екенін айғақтай түседі.
Үшіншіден, біздің «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуымыз жеңіске жетуімізге көмектесті. Көп жылғы тарихы бар «ЭКСПО» көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіледі. Бұл көрме бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және оны тамашалаушы миллиондаған адамның назарын өзіне аударатын ірі оқиға болып саналады. Сонымен қатар «ЭКСПО» көрмесі экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістерін қалыптастыру алаңы қызметін атқарады.
2-мәтін
Франция ЕХРО-ға қатысуды жақсы дәстүрге айналдырған. Ұзақ жылдар бойы сіздің ел осы көрме арқылы өз жетістіктерін таныстырып келеді. Астанадағы шараның ұйымдастырылуын қалай бағалайсыз?
Паскаль Лоро, Франция павильонының бас комиссары:
— Қазақстанға қысқа уақыт ішінде тұтастай кешен салып, оған 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйымның павильонын орналастыру керек болды. Бұл міндетті сіздер мінсіз орындап шықтыңыздар. Ұйымдастырушыларды осы жетістіктерімен құттықтау керек деп ойлаймын. Иә, біздің осындай шараларға қатысу, оларды ұйымдастыру бойынша тәжірибеміз мол екені рас. Мен қазақстандық көрме халықаралық стандарттарға толықтай сай деп айта аламын.
Париждегі атақты Эйфель мұнарасы ЕХРО-ға арнап салынғаны белгілі. Астанадағы «Нұр Әлем» сферасы сол сияқты бүкіл әлем танитын көрікті ғимаратқа айналуы мүмкін бе?
Паскаль Лоро, Франция павильонының бас комиссары:
— Біздегі Эйфель мұнарасы Францияның символы ғана емес, ол — бүкіл әлемде бәрі танитын көрікті нысан. Бірақ оның құрылысы басталғанда француздардың көбі жақтырмай,
18
сын айтқан. Арада жылдар өтіп, Эйфель мұнарасы адамдардың жүрегін жаулап алды және оны қазір барлығы біледі. Сондықтан барлығына уақыт қажет сияқты. Меніңше, Астанадағы «Нұр Әлем» сферасы да танымал ғимарат атануы әбден мүмкін. Қалай болғанда да ол Астананың, Қазақстанның символына айналары хақ. Бірақ айттым ғой, бұл үшін уақыт қажет.
1-мәтін
Адам құқықтары мен бостандықтары — жеке тұлғаның әлем қауымдастығы мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары. Адамның қандай да бір игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін, өз еркімен іс-әрекет жасауына мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақатынасының негізгі принциптері адам құқықтары мен бостандықтарына жатады. Адамзат қоғамында бұл мәселеге ежелден баса назар аударылған. Мысалы, Аристотель адам құқықтарын «табиғи» және «шартты» деп екіге бөледі. Адамның табиғи құқықтарын мемлекет орнатқан шартты құқықтардан жоғары қояды. Орта ғасырда адам құқықтары мен бостандықтары жасалған қайырымдылықтар, рақымшылықтар ретінде түсіндірілді. Қағидалардың ең маңыздылары ретінде олар адамдардың еркін, қауіпсіз өмір сүруге, жеке меншік иеленуге тең құқықтарының болуын, халық биліктің негізгі иесі екендігін, биліктің тармақталуын, биліктің халық мүддесіне қызмет етуі керектігін атап көрсетті. Жүзеге асырылу ортасына қарай адам құқықтары мен бостандықтары азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени болып жіктеледі. Саяси және азаматтық құқықтардың қазіргі тұжырымдары БҰҰ Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында баяндалған.
2-мәтін
— Әбен Алдабергенұлы, әуелі өзіңіз басшылық ететін өкілдіктің мақсат-міндетіне тоқтала кетсеңіз.
— Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Халықаралық адам құқығын қорғау комитеті ел ішіндегі дау-дамайларды халықаралық деңгейде реттеуге атсалысады. Өркениетке ұмтылған кез келген зайырлы мемлекетте құқықтық келіспеушіліктің бәрі заң шеңберінде шешімін табуы тиіс. Комитет адамдарға дау-дамайды реттеудің халықаралық заңдардағы тетіктерін көрсетеді, құқықтық кеңес береді. Өкілдіктің көздегені — екі адамды бір-бірімен айтыстырып қою емес, керісінше, адам құқығының қорғалуын қамтамасыз ету. Комитеттің темірқазық етіп ұстанатыны — бейбітшілік, бейбіт бітім.
— Демек комитет өкілдігі Қазақстан азаматтарының арасындағы құқықтық дауларға тікелей араласады, солай ма?
— Иә, мәселен, кейбір азаматтық істер шешілмей немесе іске қатысты бұрмалаушылықтар болып жатады. Осындай жағдайда біздің өкілдік қызметкерлері дауды шешудің жолдарын көрсетіп, тәртіптерін түсіндіріп береді. Даудың әділдікпен бітіп, тараптардың бейбіт келісімге келуіне қызмет жасайды, көмектеседі.
— Халықтың құқықтық сауатының деңгейі жөнінде не айтар едіңіз?
— Көпке топырақ шашуға болмайды, дегенмен бәрі бірдей сауатты деп тағы айта алмаймын. Ел іші болғасын сауаттысы да бар, сауаты кемі де кездеседі. Көбіне адамдар салақтығының, жауапсыздығының кесірінен дауға тап болып жатады. Мысалы, салық төлеу мәселесінде үйінің, көлігінің немесе жерінің алым-салығын уақытында төлеп тұрса, ешқандай құқықтық дау туындамайды. Тек осыны ескере бермейтіндер бар.
— Құқықтық насихат жұмыстарын жүргізесіздер ме?
— Мектептерде, діни мекемелерде, жоғары оқу орындарында көпшілікпен кездесу өткізіп, құқықтық тақырыптарда әңгіме қозғап, түсініктемелер береміз.
— Әңгімеңізге рақмет.
19
Оқылым
Тапсырма
Мәтінді оқыңыз, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.
[10]
Биылғы жыл ел жылнамасында айрықша әріптермен жазылатын айтулы оқиғаларға толы болды десек, олардың көш басында төрткүл дүниенің назарын Қазақ еліне бұрған айтулы оқиға — ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі тұрғаны талассыз. Үш айға созылған жаһандық шара мемлекетімізді әлемдік қауымдастыққа жаңа қырынан танытып қана қоймай, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өрістеуіне, мәдени дамуына тың серпін берді.
Көрме аяқталған соң Елбасы Н.Назарбаев ЭКСПО-ның Қазақстан экономикасын дамытуға оң әсер еткенін ерекше атап өтті.
— Шағын және орта бизнестегі 1400-ден астам кәсіпорын құны 640 миллиард теңге болатын тауарларды жеткізуге және қызмет көрсетуге тапсырыс алды. Туристік сектор жандана түсті. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артты. Астанада кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 пайыздан аса көбейді. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті, — деді Мемлекет басшысы.
Елбасы ЭКСПО бүкіл әлемнің интеллектуалдық және технологиялық әлеуетін көрсетуге зор мүмкіндік бергенін айтты. Көрмеде жаңартылатын энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаңалық көпшілік назарына ұсынылды.
1. Мәтіннен ақпаратты іріктеп, оған комментарий жасаңыз.
Іріктелген ақпарат Комментарий
Мәселенің оң 1.
жақтары 2.
Мәселенің 1.
мүмкіндіктері 2.
2. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі әлемдегі және Қазақстандағы қандай өзекті мәселелерді шешуге жол ашты? Пікіріңізді білдіруде мәтіннен авторына сілтеме жасай отырып, дәлел келтіріңіз.
Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында жанры мен стильдік ерекшеліктерін ескеріңіз. Көркемдегіш құралдарды, ығайлас, себеп-салдар, қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданып, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз.
[10]
1. «ЭКСПО Халықаралық көрмесі: маңыздылығы, тиімділігі және келешекке көзқарас» тақырыбында жинақы мәтін (тезис) жазыңыз. Жазба жұмысын орындауда жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ескеріңіз.
2. Мектепте үзіліс кезінде Мақсат Қайраттың кітабын ұрлап алды. Қайрат кітабының жоғалғанын сынып жетекшісіне айтты, ол кімнің ұрлағанын анықтады. Сіздің ойыңызша, Мақсат қандай жаза тартуы керек? Өз ойыңызды дәлелдеп, аргументативті эссе жазыңыз.
20
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
Балл Г рамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы Балл Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті
5 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. 5 Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.
4 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. 4 Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.
3 Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. 3 Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.
2 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады. 2 Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
1 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. 1 Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз қатысады.
21
Оқылым және мәтінді талдауға арналған балл қою кестесі
Тапсырма № Жауабы Балл
1 Мәселенің 2 оң жағын көрсетеді; 2
Мәселенің 2 мүмкіндігін жазады; 2
Мәселенің оң жағына комментарий жасайды; 2
Мәселенің мүмкіндіктеріне комментарий жасайды 2
2 Пікірін жүйелі білдіреді 1
Авторына сілтеме жасай отырып, мәтіннен дәлелдер келтіреді. 1
Барлығы 10
Жазылым
Балл Сипаттамасы
9-10 Жанры мен стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымы мен тілдік құралдарды орынды қолданады. Салалас құрмалас сөйлемдерді жүйелі қолданады, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады
7-8 Жанры мен стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымы мен тілдік құралдарды қолдануда мардымсыз қателер жібереді. Салалас құрмалас сөйлемдерді жүйелі қолдануда, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазуда жіберген қателері түсінуді қиындатпайды.
5-6 Жанры мен стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымы мен тілдік құралдарды қолдануға тырысады. Салалас құрмалас сөйлемдерді қолдануда қателіктер жібереді Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.
3-4 Жанры мен стиліне сай құрылымы жүйесіз немесе анық емес. Салалас құрмалас сөйлемдерді қолдануда жіберген қателері ақпаратты түсінуге кедергі келтіреді. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.
1-2 Стилі мен жанрына сай көркем тіл құралдарын, салалас құрмалас сөйлемдерді аз қолданады немесе мүлдем қолданбайды. Сөздері кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.
22
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым — 15 минут Жазылым — 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
КТБ — көп таңдауды қажет ететін сұрақтар ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар ТЖ — толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі -тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі — оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі — жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
23
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырмал ар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1 9.1.3.1 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу; 9.1.4.1 мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау; 9.1.2.1 қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (пікірталас, дәріс) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау; 9.1.5.1 мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту. Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 150-200 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады). Оқушылар мәтінді тыңдау немесе оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі ойды анықтайды, шынайы өмірмен байланыстырады, мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдайды, мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айтады. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды, көтерілген мәселені талдайды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау әр оқушыға жеке-жеке қойылады. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3- 5 минут беріледі) 10
24
2 9.2.1.1 тұтас емес (кесте, диаграмма, сызба, сурет) мәтіндердегі мәліметтерді салыстыру, өңдеу; 9.2.4.1 әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау; 9.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдана білу. 9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану. Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Оқушыларға 2 тұтас емес мәтін беріледі. Мәтіндердегі мәліметтердің тақырыбын, қызметін салыстыра талдайды, мәтінге қатысты өз көзқарасын білдіруде мәліметтерді өңдеп жазады. Мәтіндерді талдау барысында салалас құрмалас (түсіндірмелі, талғаулы, кезектес) сөйлемдерді түрлендіріп қолданады. 15 10
3 9.3.2.1 мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру; 9.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе); 9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Бірінші, екінші жұмыста мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыра отырып, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай жазба жұмысын жазады. Үшінші жазылым жұмысында құрылымын сақтай отырып, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірдің немесе жағдаяттың біреуін таңдап, өз ойын дәлелдеп, тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданады. 25 10
Барлығы 40 30
25
«Қазақ тілі » пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Отбасы және демографиялық өзгеріс», «Биотехнология және гендік инженерия келешегі», «Бұқаралық ақпарат құралдары» бөлімдері бойынша
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып, негізгі ойын шынайы өмірмен байланыстырыңыз. Мәтіннің мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдардың рөлін анықтап, айтылған ойға сыни тұрғыдан өз көзқарасыңызды білдіріңіз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдармен дәлелдей сөйлеңіз.
2. Өз жұбыңды мұқият тыңдап, мазмұны бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Талқылауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
Транскрипт
1-мәтін
Соңғы санақ нәтижесі Қазақстанда адам санының өсімі бар екенін көрсетті. Алайда кейінгі жылдардағы елдің демографиялық ахуалының нашарлап бара жатқанын ресми деректер де жоққа шығармайды. Осы өзекті мәселеге арналған Азаттық радиосының дөңгелек үстеліне ресми орындар және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
24 желтоқсанда Алматыда өткен республикалық конференцияда сөйлеген сөзінде мәжіліс депутаты Айткүл Самақова «өткен жылдың қаңтарынан қыркүйек айына дейін алдыңғы жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда 1339 сәби кем туды», — деп мәлімдеді. Алайда депутат 2009 жылы нақты қанша сәбидің дүниеге келгені туралы тіс жармады.
Оған қоса ерлер мен әйелдердің санындағы айырмашылықтың алшақтай түскені байқалды. Айткүл Самақованың атап көрсетуінше, ерлер мен әйелдер санындағы айырмашылық 30 жастан басталып, зейнетке шығатын уақытқа қарай 100 ер кісіге 140 әйел адам келеді. Оның ішінде бала тәрбиелейтін жастағы ерлердің саны айтарлықтай кем болып отыр.
Мәжіліс депутатының мәліметіне сәйкес, ерлер мен әйелдердің жас ұзақтығында да айтарлықтай айырмашылық бар. Мысалы, 2008 жылы ерлердің орташа жасы әйелдерден 10,5 жылға кем болған.
2-мәтін
Қазақстандағы демографиялық көрсеткіштердің айтарлықтай нашарлағанын ресми билік мойындады. Ал олардың нашарлауына нақты қандай факторлар себеп болды?
Г аухар Нұрахметова:
— 2001 жылдан бастап демографиялық ахуал жақсарғанымен әр жанұяда баланың туу деңгейі төмендеп кетті деп айтуға болады. Мысалы, әрбір отбасында қазір 1-2 бала ғана тұрақтанады. Бұл — үлкен мәселе. Ауруға байланысты айтар болсақ бұл жерде жүрек дертінен қаза табатындардың саны бірінші орында тұр. Сонымен қатар Семей полигонының зардабын шеккендердің әртүрлі деңгейдегі онкологиялық ауруға ұшырап, дүние салуы жоғарғы қалпында қалып отыр.
Әзімбай Ғали:
— Жалпы туу үрдістерінің әлеуметтік, демографиялық заңдылықтары бар. Соңғы санақ деректерін қарасақ, Қазақстан жұртшылығының саны 37 пайызға өскен екен. Егер де санақтың деректері рас болса, бұл — өте жоғары көрсеткіш. Қазақстан жұртшылығының санының өсуі — оралмандар есебінен болды. Тек қана соңғы он жылдың ішінде Қазақстанға 1 миллионнан астам оралман келді. Сол санның арқасында Қазақстан жұртшылығы 16 миллион 400 мыңнан асты. Егер санақ деректері дұрыс болып шықса.
26
Бақтылы Түменова:
— Сапалы өмір деген адамның өзін-өзі сезінуі. Ертеңгі күнде бәрі жақсы болады, үкімет тарапынан айтылған анау болады, мынау болады деген уәделерге деген сенім. Алайда қазір сенім де азайып барады.
Әзімбай Ғали:
— Мен миграциялық мәселелерге назар аударайын деп отырмын. Біріншіден, Қазақстаннан орыс, украин, татар жұртшылығы көшіп жатыр. Оларды тоқтатуға болмайды. Өйткені дүниежүзілік адам құқын бұзамыз. Сондықтан кететін адамдар өздері кетуге құқылы. Ол халықаралық демократиялық норма.
Екіншіден, қазақтарды жинау және Қазақстан жұртшылығының санын кемітпеу — үлкен бір мәселе.
1-мәтін
Гендік инженерияда гендерді тасымалдау арқылы түраралық кедергілерді жойып, қажетті тұқым қуалайтын белгілерді бір организмнен екіншісіне беру іске асырылады.
Инженерия түсінігінің өзі «құрастыру» деген мағынаны береді. Олай болса, гендік инженерия организмнің жағымды белгілерін сақтай отырып, оған арнайы мақсатта қосымша жаңа қасиет беріп, генотипін қалаған бағытта өзгерту болып табылады. Гендік инженерияны ауыл шаруашылығында, медицинада пайдалану арқылы өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің қажетті гендерінің қызметін басқаруға мүмкіндік туды.
Соңғы жылдары гендік инженерияның көмегімен бактериялық клеткадан вирустық ауруларды емдеуге қолданылатын интерферон және өсу гормоны — соматотропин нәруыздарын алуға қол жетті. Қант диабеті ауруын емдеуге қолданылатын инсулин гормонын алудың арзан жолы табылды. Бұрын инсулин жануарлардың ұйқы безінен өте қымбатқа түсетін жолмен алынатын еді. Қазіргі кезде гендік инженерия әдісімен ішек таяқшасы бактериясынан бөлініп алынатын болды.
Жануарлар селекциясында гендік инженерияға байланысты аустралиялық ғалымдар гендер құрамына өсу гормонының генін енгізе отырып, кәдімгі шошқаға қарағанда екі еседей жылдам өсетін шошқаның жаңа қолтұқымын шығарды.
Ағылшын ғалымдары геномына қанның ұюын тездететін ген енгізілген қой алды. Мұндай қойдан бөліп алынған арзанға түсетін препаратты гемофилия ауруын емдеуде қолданады.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамыр жүйесінде ауадағы азотты тұтатын қасиеті бар түйнек бактериялары селбесіп тіршілік ететіні белгілі. Олар топырақты азотты қосылыстармен байытады. Қазіргі кезде осы бактериялардағы азотты тұтатын генді астық тұқымдастар геномына енгізу жұмыстары жүргізілуде.
2-мәтін
Гендік инженерияның табысты саласы болып саналатын гендік түрлендірілген өнімдер туралы әлі күнге нақты көзқарас пен саяси шешім қалыптаса қойған жоқ. Оның басты себебі — адамның адам ағзасына қаншалықты әсер ететіндігі әлі толық зерттелмегенінде. Осыған қатысты пікір қайшылығы өте көп.
Александр Панчин, биолог-ғалым: — Табиғи тағамның бәрі пайдалы, ал пайдалысы міндетті түрде табиғи болуы шарт емес. Мысалы, шешек деген — нағыз табиғи патоген. Ол адам ағзасына өте қауіпті. Осы ауруды жеңу үшін оған қарсы вакцина ойлап табылды. Мұндай жасанды екпе болмаса, не істер едік?! Сол сияқты талай адам табиғи патогендер туындатқан неше түрлі инфекциялық аурулардан көз жұмып жатыр. ГМО-дан өлді деген бірде-бір жағдайды естіген жоқпыз.
Евгений Климов, эколог-биолог: — Г ендік модификацияланған өнімдер зиянды деген пікірмен келісемін. Трансгендік өнімдерді жан-жақты зерделей келе, мұның шынымен де өзекті мәселе екеніне көз жеткіздік. Модификацияланған өнімдерді тұтыну тұрмақ, осындай азық-түлікті өсіріп шығаратын елдерде қуықалды безі мен сүт бездерінің қатерлі ісігі
27
басқалардан төрт есеге көп болатыны анықталған. ГМО енді жетіліп келе жатқан ағзаға қауіпті. Сондай-ақ мұндай өнімдер бала туу жасындағы әйелдерге де зиянды. Белгілі ғалым Ирина Ермакованың зерттеулері соны меңзейді. ГМО туу көрсеткішін кемітіп, жер бетіндегі адамдар санын азайту үшін ойлап табылған деген пікірдің жаны бар. Асқа асылық айтпаймыз десек те, көзге көрінгенді жей берген де дұрыс емес екенін есте ұстаған жөн.
1-мәтін
«Цифрлы дәуірдегі бұқаралық медиа: өлше де, үстем бол» тақырыбындағы
пікірталастан үзінді
— Телеарна көрермені азайып бара жатыр. Мұны мойындау керек. Былтыр көрермендер аз да болса бар еді, биыл тек футбол көру үшін ғана теледидардың алдына келетін секілді. Ол үшін жарнама берушілерге шығуға тура келеді. Алдымен 25-40 жас аралығындағы аудиторияны алайықшы. Олар кредит алғысы келеді, қымбат машина, ұялы телефонға қызығады. Егер көрермендердің орта жасын алатын болсақ, орыстілді телевизия үшін — 40 болса, қазақтілді телевизия көрермендерінің орта жасы шамамен 28-29 жас, — дейді саясаттанушы Айдос Сарым
— Қазақтілді газеттерді тек тілді, тарихты, салт-дәстүрді ғана жазатын, соның жоқшысы ретінде қарайтын қалыптасқан ұғым бар. Осы мемлекетке ат беріп отырған қазақ ұлтының кешегісі, бүгіні, ертеңі, салт-санасы, тарихы, ұлтқа қатысты кез келген жаңалық біз үшін әр кез маңызды деп айтар едім. Тағы бір жайт — уақыт қазақ тілді аудиторияның үстемдік алуына мүмкіндік беріп келе жатыр. Әрине, бір уақытта беделді газеттердің біржолата сайтқа айналып кеткен үрдістері де болды. Дегенмен негізгі айтатын жағдай — қазақтілді буынның әртүрлі саладағы көрсеткіші қазақ ұлтының пайдасына шешіліп жатқанын айғақтайды. Біз дәнекер болып қана отырмыз. Бұл жетістік — өсіп келе жатқан тәуелсіз ұрпақтың тегеуріні деп айтар едім, — деді бірінші болып сөз алған Нұртөре Жүсіп.
2-мәтін
Қазақстанда ВВС мен СКК сынды ағылшын тіліндегі телеарналар ашу ұсынылды. Мұндай депутаттық сауалды мәжілісмен Жұматай Әлиев премьер-министрге жолдады, — деп хабарлайды Тепагіпет.кг тілшісі.
«Қазақстан шетелдік компаниялар үшін қызықты бола бастады, ол біздің елге келіп жатқан шетелдік инвестицияның күн сайын өсіп жатқанын және мемлекеттің тұрақты саясатын көрсетеді. Бұл жетістіктің барлығы жарыққа шығуды талап етеді. Мысалы, Ресейде Кшзіа Тоёау телеарнасы бар, ол әлемнің көптеген еліне тарайды. Киззіа Тоёау Атегіса мен Киззіа Тоёау Шііеё Кіпдёот телеарналары Вашингтон мен Лондондағы жеке студиялары арқылы эфирге шығады. Кшзіа Тоёау телеарнасының тәулік бойы әлем бойынша 700 миллион көрермен үшін қолжетімді екені белгілі», — дейді Әлиев. Оның айтуынша, әлемнің көптеген елінде имидждік саясатқа едәуір қаржы бөлінеді. «Қазақстанның позитивтік имиджі, оның отандық және шетелдік қоғамдық-саяси және іскерлік шеңбердегі беделі әлемдік аренада ұлттық мүддені ілгері бастыруға негіз болатын фактор және серіктестік қарым-қатынасты дұрыстауда маңызды ресурс бола алады», — деді ол.
«Осыған байланысты Кшзіа Тоёау, ВВС және СМК сынды қосымша телевизиялық ағылшын тіліндегі телеарналар ашуды; шетел аумағындағы біздің радиохабарларды дамыту жоспарларын жетілдіруді; шетелге біздің елдің жетістіктерін жазып тарататын Тһе Тітез, ^іе ^еК, ^аііу Теіедгарһ сынды қазақстандық басылымдарды ашуды ұсынамыз», — дейді мәжілісмен өзінің сауалында. Сонымен қатар депутат бұл жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік-жеке серіктестікті пайдаланып инвесторларды тарту керегін айтты.
Депутаттың ойынша, Қазақстанның позитивті имиджі жаңа инвестицияларды тарту арқылы әлеуметтік-экономикалық дамуды тездететін және туризмді дамытатын алғышарт болады.
28
Оқылым
Мәтіндерді тақырыбын, қызметін, тілдік ерекшеліктерін өзара салыстырып, өңдеп, өз көзқарасыңызды жазбаша білдіріңіз. Жазбаңызда түсіндірмелі, кезектес, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдерді түрлендіріп қолданыңыз.
А мәтіні
18 195,9
Ә мәтіні
2018жылш 1 наурызға Қазаңстан Респұбликасының халық саньі, мың адам
10 452,3
7 743,6
8 810,9
9 385,0
Барлық халық Қала халқы Ауыл халқы Ерлер Әйелдер
29
Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, сабақтас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданыңыз. Орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз.
[10]
1. «Отбасы — сыйластық, жарастық орнаған орта» тақырыбында дәлелдер келтіре отырып, эссе (аргументативті) жазыңыз.
2. Сіз теледидардан әлем жаңалықтарын қарадыңыз. Кешкісін естіген хабарыңызды ой елегінен өткізіп ойланып отырсыз. Кейбір нәрселер сізді толғандырып, мазасыздандырды. Өз бойыңыздағы осы сезімді сипаттап жазыңыз.
30
Балл қою кестесі Тыңдалым және айтылым
Балл Г рамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы Балл Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті
5 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. 5 Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.
4 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. 4 Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.
3 Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. 3 Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.
2 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады. 2 Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
1 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. 1 Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз қатысады.
31
Оқылым және мәтінді талдауға арналған балл қою кестесі
Балл Мазмұнды түсіну және ашу деңгейі Балл Жазылым сапасы
5 Мәтінді өте жақсы түсінеді және тиісті мағыналарды аша біледі. Тапсырманы орындау үшін материалды еркін қолданады. Мәтіндерді талдау барысында кезектес, түсіндірмелі, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдерді жиі қолданады. 5 Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтайды; Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.
4 Мәтінді жақсы түсінеді және тиісті мағыналарды аша біледі. Тапсырманы орындау үшін материалды еркін қолданады. Мәтіндерді талдау барысында кезектес, түсіндірмелі, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдерді орынды қолданады. 4 Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтайды, кейде мардымсыз қателер жібереді; Жалпы сөз саптауы дұрыс, анда-санда қате жібереді.
3 Мәтінді жеткілікті түсінеді және кейбір тиісті мағыналарды аша біледі. Тапсырманы орындау үшін қажетті материал қолданғанымен, мәтіннің бөліктері өзара үйлеспейді. Мәтіндерді талдау барысында кезектес, түсіндірмелі, талғаулы салалас құрмалас сөйлемдерді қолданады 3 Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтайды, кейде қателер жібереді; Сөз саптауы дұрыс. Қателері байқалғанымен, түсініспеушілікті тудырмайды.
2 Мәтінді орташа түсінеді және кейбір тиісті мағыналарды ашады. Мәтіннің ішкі реттілігі жоқ, тапсырманы орындау үшін қажетті кейбір материалдар қолданылған. Мәтіндерді талдау барысында салаластың түрлерін қолдануға тырысады. 2 Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтауда ауытқушылық байқалады, жиі қателер жібереді; Сөз саптауы нақты емес, кейде түсініспеушілікті тудырады.
1 Мәтінді аз түсінеді, мағыналарды ретсіз таңдаған. Тапсырманы орындау үшін аз материал қолданылады. Салаластың түрлерін шектеулі қолданады 1 Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтауда қателер көп кездеседі; Түсініспеушілікті тудыратын қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.
32
Жазылым
Балл Сипаттамасы
9-10 Құрылымы сәйкес және қатаң сақталған. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары өте жақсы қолданады. Еркін, мәнерлі ойластырылған мазмұндауы бар, күрделі әсерлерге қол жеткізеді. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін жүйелі қолданады. Сауаттылықтың деңгейі жоғары.
7-8 Құрылымы сәйкес және сақталған. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары жақсы қолданады. Қажетті әсерге жетуге ықпал ететін анық және үзіліссіз мазмұндауы бар. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін орынды қолданады. Мағынаны жеткізуде кездейсоқ қателер қиындық тудырмайды.
5-6 Құрылымын сақтайды. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданады. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін қанағаттанарлық деңгейде қолданады. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.
3-4 Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама -қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін сирек қолданады Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.
1-2 Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін шектеулі қолданады немесе мүлдем қолданбайды. Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.
33
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым — 15 минут Жазылым — 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
КТБ — көп таңдауды қажет ететін сұрақтар ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар ТЖ — толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі -тыңдалым, айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі — оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі — жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
34
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырмал ар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1 9.1.2.1 қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (мақала, интервью) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау; 9.1.6.1 қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді монолог дайындау; 9.1.3.1 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты өмірлік мәселелермен байланыстыра білу. Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады). Мәтіннің мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдарының рөлін талдайды. Көтерілген мәселені өмірлік мәселелермен байланыстырады. Коммуникативтік жағдаятқа сай сөздер мен тіркестерді орынды қолданып, диалогке қатысады, ойын анық жеткізеді. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қояды, көтерілген мәселені талдайды. Дәл осылай екінші оқушы тапсырманы қайталайды. Бағалау әр оқушыға жеке-жеке қойылады. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3- 5 минут беріледі) 10
2 9.2.3.1 тұжырымдамалардың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату; 9.2.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру; Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Оқушыларға мәтін беріледі. Мәтінді оқып, құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады, талдайды. Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды. Көтерілген мәселе бойынша оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастырады. 15 10
35
5 9.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе); 9.3.2.1 мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру; 9.4.5.1 құрмалас сөйлемнің тыныс белгілерін (даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын) ережеге сай қолдану. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Бірінші жұмыста жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай, мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыра отырып берілген жазба жұмысын жазады. Екінші жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп, көркемдегіш құралдарды, құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін ережеге сай қолданып жазады. 25 10
Барлығы 40 30
36
«Қазақ тілі » пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік», «Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану»
бөлімдері бойынша Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып, мақсатты аудиториясы мен көркемдегіш құралдарының рөлін анықтаңыз. Көтерілген мәселені өмірлік мәселелермен байланыстырып, көзқарасыңызды мысалдармен дәлелдеңіз. Жағдаятқа сай сөздер мен тіркестерді қолдануды ескеріңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдап, мазмұны бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Татқылауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
Транскрипт 1-мәтін
Әрбір қоғам көптеген адамдарды, партияларды, ұйымдарды, әлеуметтік топтарды біріктіретіндіктен, әр адамның, әр топтың өзіндік ерекшеліктерге ие мүдделері мен талаптары болады. Кейде осы мүдделер қақтығысып қалатын жағдайлар да орын алып отырады. Мәселен, белгілі бір аудан тұрғындары үйлеріне жақын жерден көлік гараждарын немесе жанармай станциясын салуға болмайды деп санайтын кезде, ал қала әкімдігі құрылыс жоспарын бекітіп қойған жағдайда қақтығыстың әбден орын алуы мүмкін екендігін сеніммен айтуға болады.
Қақтығыстар үлкен ауқымда да көрініс табуы мүмкін. Мәселен, оппозициялық партия кандидаттардан арнайы қорларға ақша төлеуді талап ететін сайлауалды заңнамасымен келіспей, заңның осы бабын қайта қарауды талап ететін жағдайда да қақтығыс орын алуы мүмкін. Біздің әрқайсысымыз осы тәрізді орын алуы мүмкін көптеген қақтығыстардың қатысушылары бола аламыз.
Әдетте, ең күрделі қақтығыстар тек шектеулі түрдегі заттар туралы егестердің төңірегінде орын алады. Мәселен, көрші елдердің арасында шекараларда орналасқан су ресурстарын бөлу бойынша пікір қайшылықтары көп орын алады. Осы ретте болашақ астық пен өнімдер суарылатын жерлермен тікелей тәуелділікте көрінетін Орталық Азия елдері арасында өткір ахуалдардың орын алуы әбден мүмкін. Біздің еліміздегі көптеген экологиялық ұйымдар мен саяси қайраткерлер Ертіс өзенін бұру жолымен Қытайда салынып жатқан Ертіс-Қарамай каналына қатысты алаңдаушылық білдіруде, өйткені бұл жағдайда Қазақстанның едәуір аумағы құрғақшылық тартатыны анық. Мұндай жағдайларда қақтығысты шешу үшін оған қатысушы тараптардың белгілі бір түрде шегіністер жасауы талап етіледі.
2-мәтін
Ақтолқын Құлсариева, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры:
— «Адамның күні — адаммен» демекші, өмірде барлығымыз бір-бірімізбен өзара байланыстамыз. Дегенмен адамдар шын мәнінде жарастықта, үйлесімде өмір сүріп жатпағаны да рас. Бүгінгі күні адамзат ақпараттар, технологиялар және біліммен жақсы қаруланған, бірақ, өкінішке орай, соғыс пен түрлі қақтығыстарға жол бермеуге қауқары жетпеуде.
Көпшілігіміз үшін, шүкір, бейбіт өмір — күнделікті шындық. Күнбе-күн біздер университетке жұмысқа барамыз, көшелеріміз тыныш… Сонда біз осы мамыражай бейбіт тірлік құндылығына аса көңіл бөлмеуіміз де мүмкін. Бейбітшілік те ауа сияқты — барлығы білінбейді, ал егер жазатайым жоқ болып қалса — тіршілікке үлкен қауіп тудырады. Өкінішке орай, бізге күнделікті үйреншікті жағдай — әлемнің түрлі бөліктерінде шиеленіс пен қорқыныш қаупіне бөленген адамдар үшін арман ғана.
37
Бүгінде кикілжің мен қақтығыстар шиеленісе түсуде. ХХІ ғасыр дерті дерлік лаңкестік зардаптары, қоғамдағы қорқыныш пен үрей, жеке тұлғалар санасының зиянды стереотиптерге бейім болуы адамзат өркениетіне, тіпті, бүкіл планетадағы өмірге қауіп төндіруде. Демек әлеуметтік жүйе де, рухани-адамгершілік принциптер мен құндылықтар да сынға түсер заман туып тұр.
Біз қоғамның жүйелі қағидаттары ретінде «қауіпсіздік мәдениетін», «бейбітшілік мәдениетін» жиі айтамыз. «Бейбітшілік мәдениеті» құндылықтарын қолдау және оны өндірудің маңыздылығын мойындау аясында шынайы саясатта көретініміз мүлдем басқа жағдай — қоғамдық қауіпсіздік атын жамылған «соғыс мәдениеті». Осы жағдайды терең түсінген Президент: «…соғыс вирусы халықаралық жағдайды ушықтыруын жалғастыруда. Ол бірқатар мемлекеттерде экономиканың өлім ұрығын себетін ең қуатты саласына айналып, әскери-өнеркәсіптік кешеннің әлеуетін арттырып отыр», — деп ескертті.
1-мәтін
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауында: «ХХІ ғасырда әлемнің табиғи ресурстарға деген мұқтаждығы жалғасуда. Олар болашақта жаһандық экономиканы және еліміздің экономикасын дамыту барысында ерекше маңызға ие болады. Бірақ шикізат индустрияларын ұйымдастыру ісін, табиғи ресурстарды басқаруға қатысты ұстанымдарды сыни тұрғыдан қайта пысықтау керек», — деп, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселесіне айрықша назар аударған болатын.
Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану — қазіргі заманауи қоғамның ең маңызды мәселесі болып тұр. Ғылым мен техниканың қарыштап дамуы табиғатқа жағымсыз әсерін тигізбей қоймайды. Соңғы қырық жылдың ішінде ресурстарды тиімді тұтыну жиырма бес есе, ал өндірістің қалдықтары жүз есе өскен.
Табиғи ресурстардың азайып, сарқылуы — өзекті. Қор деңгейінің төмендегені соншалық адам баласына жеткіліксіз екендігі мықтап сезілуде, сондықтан оларды тиімді пайдалану, адамзат әрекетінің зиянды зардаптарына жол бермеу, бүкіл табиғи кешендердің өнімділігін сақтап, арттыру қажеттілігі туындайды. Бұл тұста табиғат ананың берген сыйын кешенді қолдану, қалдығы кем немесе қалдықсыз технологияларының пайдаланылуы, ресурстардың қайта қолданылуы ерекше өзектілікке ие болып тұр. Ғалымдардың айтуынша, еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуды, еңбек өнімділігін, өндіріс көлемін және ауылшаруашылығы өнімінің сапасын арттыруды, сондай-ақ табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға негіздеу керек. 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада суармалы жерлер алқабын 1,5 есеге арттыру көзделген. Негізгі акцент жер және су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталып отыр.
2-мәтін
— Арман Азатұлы, 2025 жылға қарай судың тапшығы болып, күрделі ахуал қалыптасады деген пікірлер қаншалықты шындыққа сайкес келеді?
— Су — жер бетіндегі өмірдің көзі ретінде маңызды табиғи және стратегиялық ресурс. Соңғы онжылдықта бүкіл әлемде су ресурстарының ахуалы бойынша алаңдаушылық артып келеді, себебі халық саны ұлғайып, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бұл суды пайдаланудың көлемін арттырып отыр. БҰҰ мәліметі бойынша әлемде жылына ауызсудың тапшылығы 230 млрд. текше метр мөлшерінде бағалануда. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарында: «Онжылдықтағы мақсат — барлық деңгейдегі су ресурстарына байланысты іске асырылып жатқан бағдарламалар мен жобалар бойынша шараларға және проблемаларға баса назар аударуға негізделген», — делінген.
— Қазақстанда халқымызды ауызсумен, ал экономиканың салаларын су ресурстарымен қамтамасыз етудің нақты жоспарлары бар ма?
— Қазақстан аумағы ТМД-ның еуропалық және сібірлік бөліктеріндегі республикалармен салыстарғанда су ресурстарына біршама жұтаңдау. Ауызсу тапшылығы
38
бізде экологиялық және экономикалық проблема болып табылады. Мәселен, халық пайдаланатын ауызсудың көзі ретінде табиғи су қоймалары, өзендер мен көлдер қарастырылады. Осылардан су жинақталады және ол тазартылып, кейіннен таза су ретінде пайдаланылады. Сіз айтқан мәселелерді шешу үшін су қоймалары мен суды тазарту жабдықтарынан бастап сумен қамтамасыз ететін нысандарға дейінгі құрылыс нысандары, яғни бірнеше шақырымға созылған су құбырлары салынады. Осы орайда айта кетерлігі, өткен ғасырда салынған су құбырлары жүйесінің және ауызсумен қамтамасыз ету нысандарының бүгінде 60 пайызының тозығы жеткен. Жаңадан әзірленіп, жүзеге асырыла бастаған «Ақ бұлақ» атты салалық жаңа бағдарлама осы мәселелерді шешеді деген ойдамыз.
Оқылым
Тапсырма
1. Мәтінді оқып, көтерілген мәселені анықтаңыз. Құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратыңыз.
2. Көтерілген мәселе бойынша оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған 3 талқылау сұрағын құрастырыңыз.
[10]
Қақтығыстарды реттеудің әдістері
Тар мағынада «Қақтығыстарды реттеу» термині қақтығыстарды басқару тәсілінің бірі деп қарастырылады. Оның қолданылуы қақтығыстардың жойылуын немесе аяқталуын білдірмейді, тек екі қарама-қарсы жақтың бір-біріне деген өшпенділіктерін шектей тұру, шығынға әкелмеуді білдіреді. Негізгі мағынасы қақтығыстарды алып тастау емес, оны нәтижелі қылу.
Келіссөздер — тек қана қақтығыстың аяқталып, оның реттелуінен, шешілуі ғана емес, сондай-ақ қақтығыста қатысу әдісі, оның дамуының бір формасы болып табылады. Келіссөздер процесінің өзі оған дайындық, бұл процесс кезінде екі жақты татуластыру үшін қақтығыстың дамыған кезеңінде қолданылып, қатысушылардың өз көзқарастары мен құндылықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Келіссөздер — бұл біріншіден, ортақ көзқарастарды көздеген шаралардың бірі. Келіссөздер кезінде көрінетін бәсекелестікте, бір жақ екінші жаққа өзінің көзқарастарын жүзеге асыратындай іс-қимыл кезінде сыйақы алуға мүмкіндік береді.
Келіссөздер — бұл екі жақтың да көзқарастары мен мүдделері көзделген картаға қойылған стратегия. Әрине екі жақ бірден келісімге келе қоймайды. Келіссөздер кезіндегі күштердің арақатынасына сай олардың мазмұны мен көзқарастары, келіссөз жүргізушілердің жеке стилі мен келіссөзер формасы, фазалары, келіссөз жүргізу тәсілі әртүрлі болып ауыса береді. Келіссөздерде, әрине, қақтығыстарға қатысушылар күші мен олардың бір бірімен күреске дайындығының арасындағы арақатынас маңызды болып табылады.
Келіссөздерді қақтығысқа қатысып отырған бөлек мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, жеке азаматтар, делдалдар мен қызығушы топтар жүргізе алады, бірақ тәжірибе көрсеткендей, біліктілігі бар, осы салада сәтті келіссөздер жүргізіп танылған, арнайы дайындықтан өткен адамдар ғана келіссөздің сәтті өтуіне себепші болады. Оның классикалық мысалы келіссөз жүргізуші — басқалармен диалог жүргізуде өз елінің көзқарасын білдіретін дипломат-елші болып табылады.
______________________________________________________Б.И. Нұрбосынов, Р.Ғ. Ережепова
Талдау_
Сұрақ:
1.
2.
3.
39
Жазылым
Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында тақырыптан ауытқымай, көтерілген мәселе бойынша өз ойыңызды дәлелдеп, құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін ережеге сай қолданып жазыңыз.
[10]
1. Қарулы қақтығыстардың құрбаны болып жатқан жеткіншектердің тағдыры әрбір саналы азаматты бейжай қалдырмасы анық. Балалық шағын ұрлаған олардан қарулы қақтығысты тоқтатуды талап етіп, бейбітшілікке шақыра отырып, мақала жазыңыз.
2. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану еліміздің тұрақты дамуының негізгі аспектісі болып табылады. Осы пікірмен келісу не келіспеу себептерін айқындап, ойыңызды дәлелдеп жазыңыз.
40
Балл қою кестесі
Тыңдалым және айтылым
Балл Г рамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы Балл Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті
5 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. 5 Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын толық жеткізе алады.
4 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. 4 Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып, әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын түсінікті жеткізе алады, бірақ кейде сырттан қолдауды қажет етеді.
3 Грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аясын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсінуге кедергі тудырмайды. 3 Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын ала дайындап келгендей көрінеді.
2 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілікті тудырады. 2 Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде жақсы қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
1 Грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аясын өте аз түсінеді. Түсініспеушілікті тудыратын, қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. 1 Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға өте аз қатысады.
41
Оқылым және мәтінді талдауға арналған балл қою кестесі
Балл Мазмұнды түсіну және ашу деңгейі Балл Жазылым сапасы
5 Мәтінді өте жақсы түсінеді және тиісті мағыналарды аша біледі. Тапсырманы орындау үшін материалды еркін қолданады. Көтерілген мәселе бойынша талқылау сұрақтарын жоғарғы деңгейде құрастырады. 5 Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтайды; Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.
4 Мәтінді жақсы түсінеді және тиісті мағыналарды аша біледі. Тапсырманы орындау үшін материалды еркін қолданады. Көтерілген мәселе бойынша талқылау сұрақтарын орынды құрастырады. 4 Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтайды, кейде мардымсыз қателер жібереді; Жалпы сөз саптауы дұрыс, анда-санда қате жібереді.
3 Мәтінді жеткілікті түсінеді және кейбір тиісті мағыналарды аша біледі. Тапсырманы орындау үшін қажетті материал қолданғанымен, мәтіннің бөліктері өзара үйлеспейді. Көтерілген мәселе бойынша қанағаттанарлық деңгейдегі талқылау сұрағын құрастырады. 3 Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтайды, кейде қателер жібереді; Сөз саптауы дұрыс. Қателері байқалғанымен, түсініспеушілікті тудырмайды.
2 Мәтінді орташа түсінеді және кейбір тиісті мағыналарды ашады. Мәтіннің ішкі реттілігі жоқ, тапсырманы орындау үшін қажетті кейбір материалдар қолданылған. Көтерілген мәселе бойынша талқылау сұрағын құрастыруда қиналады, қателіктер жібереді. 2 Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтауда ауытқушылық байқалады, жиі қателер жібереді; Сөз саптауы нақты емес, кейде түсініспеушілікті тудырады.
1 Мәтінді аз түсінеді, мағыналарды ретсіз таңдаған. Тапсырманы орындау үшін аз материал қолданылады. Көтерілген мәселе бойынша талқылау сұрағын құрастыра алмайды. 1 Қажетті деңгейге сәйкес стиль мен барлық заңдылықтарды сақтауда қателер көп кездеседі; Түсініспеушілікті тудыратын қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.
42
Жазылым
Балл Сипаттамасы
9-10 Құрылымы сәйкес және қатаң сақталған. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары өте жақсы қолданады. Еркін, мәнерлі ойластырылған мазмұндауы бар, күрделі әсерлерге қол жеткізеді. Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін ережеге сай қолданады. Сауаттылықтың деңгейі жоғары.
7-8 Құрылымы сәйкес және сақталған. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен көркем тіл құралдары жақсы қолданады. Қажетті әсерге жетуге ықпал ететін анық және үзіліссіз мазмұндауы бар. Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін ережеге сай қолданады. Мағынаны жеткізуде кездейсоқ қателер қиындық тудырмайды.
5-6 Құрылымын сақтайды. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданады. Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін ережеге сай қолдануда қателіктер кездеседі. Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.
3-4 Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама -қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді. Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілерін ережеге сай қолданудағы түсінігі шектеулі. Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.
1-2 Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған. Құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері туралы түсінігі өте шектеулі немесе құрмалс сөйлемдерді мүлдем қолданбайды. Сөздер кейде анық емес, техникалық және құрылымдық қателер (сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.
43

One thought on “СОЧ ТЖБ Қазақ тілі 9 сынып

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *