СОЧ ТЖБ Қазақ тілі 10 сынып ҚГБ

«Қазақ тілі» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

МАЗМҰНЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты……………………..3
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат……..3
3. Күтілетін нәтижелер…………………………………………3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі…………………………………..3
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі……………………………..4
6. Модерация және балл қою……………………………………..5
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ…………………6
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………..16
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………..27
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………..39
2
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік, дағдыларын анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан бойы меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарға арналған «Қазақ тілі (бірінші тіл)» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы
3. Күтілетін нәтижелер
1) тыңдалым және айтылым:
білім алушы сөйлеу тәртібінің, бағалаудың ашық және жасырын берілген түрлерін талдай отырып, тілдесу және стильдік қатыстылығы бар түрлі саладағы мәтіндерді түсінеді; дайындалған және дайындалмаған монологтік және диалогтік, оның ішінде көпшілік алдында тілдесу жағдайында коммуникацияның әртүрлі мақсаттарына қол жеткізеді; тыңдаушыларға әсер етуге талпына отырып, сөйлеу тәртібінің тактикасын іске асырады; өзінің көзқарасын білдіре отырып, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты талдайды және сыни тұрғыдан бағалайды; мәтіннің мазмұнын болжайды; стилистикалық дифференциацияны есепке ала отырып, тілдік бірліктерді қолдану құрылымы мен нормаларын сақтайды;
2) оқылым:
білім алушы түрлі типтегі, стильдегі және жанрдағы, оның ішінде ғылыми-техникалық тақырыптағы мәтіндердің мазмұнын түсінеді және түсіндіріп айтып бере алады; мәтіннің жасырын мағынасын және мәтінге енгізілген көркем бейнелеуіш құралдардың мәнін анықтай алады; күрделі мәтіндердің тілдік, композициялық және жанрлық ерекшеліктерін айқындайды; оқырман алдында қойылған міндеттерге байланысты оқудың түрлі стратегияларын пайдаланады; ақпараттық іздеу жүргізеді, қажетті ақпаратты іріктейді және өңдейді; әртүрлі жанр мен стильдегі мәтіндердің композициялық, лингвистикалық, жанрлық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; қорытынды жасай отырып және шешу жолдарын ұсына отырып, проблемалық мәтіннің мазмұнын сыни тұрғыдан бағалайды;
3) жазылым:
білім алушы түрлі типте, жанр мен стильде, оның ішінде әсер етуші сипатқа ие мәтіндерді құрастырады; ақпаратты қысқарту және кеңейту тәсілдерін қолдана отырып, тұтас және аралас мәтіндерді құрастырады; өзінің пікірін дәлелдей отырып және зерттеу дағдыларын қолдана отырып, шығармашылық, академиялық сипатта мәтіндер, жаһандық мәселелер бойынша эссе жазады; түрлі жазбаша немесе ауызша дереккөздерінен алынған ақпаратты жинақтайды және оны нақты дәлелденген жүйелі түрдегі хабарлама түрінде ұсынады; мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; жоспарлардың әртүрлі түрлерін құрастырады; орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Дағдылар тобы Ойлау дағдылары ның деңгейі Сипаттама Сұрақтар түрі
Тыңдалым мен айтылым Білу және түсіну — дәйексөз, үзінді негізінде мәселені болжайды; — астарлы ойды анықтайды; — тұрмыстық, әлеуметтік мәтіндерді талдау арқылы негізгі ойды анықтайды; Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
3
Қолдану Жоғары деңгей дағдылары — перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты анықтайды; — әлеуметтік-қоғамдық, мәдени-тарихи тақырыптарға байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас үзінді) автор көзқарасы мен экспрессивті-эмоционалды сөздердің рөлін талдайды; — көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдайды; — коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогте өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізеді.
Оқылым және әдеби тіл нормалары Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары — тұтас және аралас мәтіндердегі ақпаратты салыстырады; — тілдік құралдар арқылы публицистикалық және ғылыми стиль ерекшеліктерін таниды; — мақала, аннотация, презентация құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады; — ғылыми және публицистикалық стильде жазылған мәтіндерді талдап, сілтеме жасайды. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жазылым және әдеби тіл нормалары Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары — тезистік жоспар құрайды; — мақала, аннотация, тезис құрастырып, графиктік мәтіндердегі деректердің маңызды тұстарын анықтап жазады; — аргументативті эссе жазады; — бұқаралық ақпарат құралдары материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасайды, редакциялайды. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды орындаудың бастапқы және соңғы 15 минутында сыртқа шығуға болмайтындығын ескертіңіз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, орындалу уақытын хабарлаңыз. Білім алушыларға жиынтық бағалау барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушылардың жиынтық бағалауды өздігінен орындап жатқандығына, орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, сөздіктерді пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың тапсырманы орындау уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
4
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау барысында нұсқаулыққа немесе уақытқа қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғанда, оқушыларға ескертіп хабарлаңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін, білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудағы кезекші мұғалімге өз жұмысымен және қосымша алаңдататын істермен айналысуға қатаң тыйым салынады. Мұқият болған жөн.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін, жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
5
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым — 15 минут Жазылым — 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Балл саны: 30 Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі тыңдалым — айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі — оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
6
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы (1-тоқсан)
*Тапсыр ма Қамтылатын мақсаттар Тапсырма лар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1-4 10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру; 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау; 10.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау. Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 200-250 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды. Оқушылар мәтінді оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсінеді. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны. Онда көтерілген мәселелер бойынша 2 сұрақтан қояды, Көтерілген мәселені талдайды, негізгі ойды анықтайды. Екінші оқушы да осы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3- 5 минут беріледі). 10
1-6 10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері); 10.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу; 10.2.3.1 көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау; 10.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу. Көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар Көлемі 150-200 сөзге жуық мәтін беріледі. Мәтінді оқып, мазмұны, құрылымы негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және жанрлық ерекшеліктерін ажыратады. Берілген мәтіндердің тақырыбын, стиль түрлерін, құрылымын салыстырып талдайды. 15 10
7
1-4 10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі); 10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе) Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Оқушылар ұсынылған төрт тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Жазылым жұмысында берілген тақырып бойынша эссе, мақала жазады. Оқушының жазылым барысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ұстануы, тілдік құралдарды орынды қолдануы, берілген жанрды талапқа сай жазуы бағаланады. 25 10
Барлығы 40 минут 30
8
«Қазақ тілі» Т1 пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Тіл және алаш идеясы», «Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті»
бөлімдері бойынша Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтерілген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
А мәтіні
«Егер менің тілім ертең өлсе, мен бүгін өлуге дайынмын». Дағыстан ақыны Расул Ғамзатовтың бұл сөзі ғасырлар өтсе де, өзіндік мәнін жоймақ емес. Расында тілі жоқ халықтың тауқыметін адамның басына бермесін. Өлі тілдерді оқу және зерттеу орталығының директоры Майкл Краусс әлемде 600 ғана тілдің қалатынын айтады. Басқаны былай қойғанда, бұрынғы Кеңес Одағының аумағында құрдымға кеткен тілдер өте көп. Аты ғана мемлекет. Халқы орысша сөйлейді, өйткені бір тілдің басымдығы екіншісін жоқ етеді. КСРО тұсында Мәскеудің қызыл саясаты арқылы «Бір тіл — бір ұлт» идеологиясы жүргізілді. Соның салдарынан Кеңес Одағында тұратын халықтың барлығы да орыс тілінде сөйледі.
Осы орайда, америкалық тілші-ғалым Майкл Краустың жойылу қаупі төнген тілдерді жіктеуіне тоқталайық:
Біріншісі — қауіп төне бастаған тілдер. Олар әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан қажетсіз деп табылған, үлкен тілдердің қыспағына түскен тілдер. Басты белгісі — алдымен бұл тілдерде сөйлейтін жастар азая бастайды.
Екіншісі — қауіп-қатер төнген тілдер. Бұл халықтың жас ұрпағы өз тілінде сөйлегісі келмесе, онда оған қатер төнді деп есептей беріңіз.
Үшіншісі — аса қауіп-қатер төнген тілдер. Бұл тілде жақсы сөйлейтіндердің — жасы елуден асқандар.
Төртіншісі — өле бастаған тілдер. Бұл тілде тек қартайған адамдар ғана сөйлейді. Бесіншісі — жойылған тілдер. Бұл сол тілде сөйлейтін бірде-бір адам қалмаған тіл.
Бұдан шығатын қорытынды не? Ортасы жоқ тіл — өлі тіл. Ал тіл өлі болмас үшін талпыныс керек. Мейлі үш тілді бол, бірақ негізгі мемлекет құраушы ұлттың тілі өзінің басымдығын көрсетіп тұруы керек.
Ә мәтіні
Қазақ елінің азаттығын аңсап қана қоймай, ұлт тәуелсіздігі жолында күрес көрігін қыздарған Алаш ардақтыларының тіл тақырыбында жазған көсемсөз мұраларын жүйелі жинау егжей-тегжейлі зерттеу, нәтижелерін ел игілігіне жаратудың маңызы орасан зор. Ұлттық құндылықтардың ішінде өзекті саналатын тіл мәселесі қашан да маңызды болып қала беретініне ешқандай күмәніміз жоқ. ХХ ғасыр басында Алаш көсемсөзінің көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы «төңірекке қарасақ түнерген-түнерген бұлттар көрінеді» деп жазып, қауіп-қатердің қайдан келіп жатқанын дөп басып танып, ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалудың жолын іздеді. Әсіресе, біртіндеп қолдану аясын қолдан тарылта бастаған қасиетті ана тіліміздің қамын ойлағанда жанын қоярға жер таппай, шыр-пыр боп араша түсті, қолы қабарғанына қарамастан, көсемсөз жазып, дабыл қақты, күрескерліктің тың даңғылын салды. Солардың бірінде былай дейді:
« …Қазақ деген қашаннан өз алдына ұлт болып, Еділден Ертіске Оралдан Ауғанға дейін тұтас тұрған халық еді. Арамызға әртүрлі жұрт кіріскенде солармен қатар атымыз жоғалмай,
9
қазақ ұлты болып тұра аламыз ба? Бізді төсекте дөңбекшітіп, ұйқымызды бөлетін нәрсе -осы. Басқа жұртпен араласқанда өз алдына ұлт болып, өз алдына тілі бар, өз тілінде жазылған сөзі (әдебиеті) бар жұрттарға не тұрады. Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жойылуына да себепкер болатын нәрсенің ең қуаттысы — тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын деген жандар әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. Егер біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпастың қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлауымыз керек…». Бұл сөзден соң өзіңіз, жас ұрпақ, ой түйе беріңіз!
А мәтіні
«Ұлытаудың» Еуропадағы сапарлары — қазақ эстрадасының дамуындағы жаңа кезеңнің көрінісі. Олар қазақ эстрадасының әлемдік музыка саласындағы алғашқы қарлығаштары деуге болады. Қазір бізге үлкен жол ашылған. Мұндай іссапарлар жиі ұйымдастырылып тұрса, шетелдіктер қазақ өнері мен мәдениеті туралы көбірек хабардар бола түседі. Қазақ мәдениеті мен өнерін насихаттауда үкімет тарапынан шет елдерде ұйымдастырылып жатқан апталықтар мен айлықтар жеткіліксіз. Оған іскерлік мақсатпен сырт елдерге жиі сапарға шығатын барлық азаматтар атсалысуы керек. Егер олар әрдайым өздерімен бірге өнер шеберлерінің аудио және бейне күйтабақтарын ала кетіп, әріптестеріне кәде ретінде ұсынып отырса, нұр үстіне нұр болар еді.
Қазіргі таңда қазақ өнері мен мәдениетін шетелге насихаттау, қайта жаңғырту мақсатындағы ауқымды бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асуы жолға қойылған. Дәстүрлі және классикалық музыка бағыты бойынша шығармашылық ұжымдар гастрольдік сапарға шығуда. Театр өнерінің жетістіктерін арттыру үшін «Қыз Жібек», «Біржан-Сара» ұлттық операларын Ресей, Италия, Франция, Түркия, Қытай, Жапония, Корея Республикасы, Грузия мен өзге де мемлекеттерде қою жоспарланып отыр. «I ат а зіпдег Қазақстан» халықаралық тележобасының екінші маусымы жүргізілуде. Астана, Алматы қалаларында дәстүрлі түрде әлемнің 15 елінің қатысуымен «Астана дауысы», «8іаг оГ Азіа» атты музыкалық фестивальдері ұйымдастырылады. Кино өнері саласындағы айтулы оқиға ретінде 71-Канн фестивалінде қазақстандық павильонның ашылуын айта кетуге болады. 2018 жылдың басынан бері қазақстандық 18 фильм 14 халықаралық кинофестивальге қатысты. 11 жүлдеге қол жеткізілді. Осылайша, қазақ өнері мен мәдениетінің әлемдік сахнаға шығуына жол ашылуда.
Ә мәтіні
Осы кезге дейін театр залын толтыруды ғана мақсат етсек, енді залды немен толтырғанымызға да қарайтын уақыт жеткен сияқты. Ел мінінің түзеуші саналатын театрымыздағы көрермендердің мәдениеті қай деңгейде? Театрдағы халықтың мәдениетін көргенде ішімізге найзағай түскендей күй кешетініміз жасырын емес. Қойылым кезінде ұялы телефонының қоңырауына ие бола алмай, онымен қоймай, телефонмен сөйлесу, орынсыз қол шапалақтау, кішкентай балалардың жылаған даусы, жастардың орынсыз күлкісі көзі ашық, көкірегі ояу басқа көрермендерді мезі етеді. Театрға киіп келетін киім үлгісі де өз алдына бөлек талғамды талап ететін мәселелердің бірі. Мәдениетсіздігі мен талғамсыздығын қоғамда орын алған демократияға теліп, қолына ілінгенін киетін көрермендеріміздің көбейіп кеткені қынжылтады.
Спектакльдің соңында артистер көрермен алдына иіліп, алғыс білдіруге шыққанда, барлығы ысқырып, шыңғырып, театрды басына көтереді. Бір жаманы — олар спектакль жақсы шықса да, жаман шықса да солай істейді. Бұл құбылысты бұрын байқамайтын едім. Бір жылы өзбекстандық Әлімжан Салимов деген режиссер біздің театрмен тығыз шығармашылық байланыста жұмыс істеп, ағымдағы спектакльдерді күн сайын тамашалады. Кетерінде: «Мен сендердің көрермендеріңе сене бермеймін, кез келген спектакльдеріңді қошаметтей береді екен» деді. Сонда мен: «Жоқ, біз жақсы ойнағандықтан қолпаштайды» деп мойындамадым. Кейін зерделеп-зерттеп қарасам, ол кісінің пікірімен келісуге болады
10
екен. Бұл құбылыстардың барлығы — көрермен деңгейінің театрдан «биік жетіліп» кеткендігінен шығар… Осы орайда жаңа қарқынмен келе жатқан тәуелсіз елдің театры: «Мен түзелдім, көрермен сен де түзел!..» дейтіндей боп тұрады.
Оқылым
Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
[10]
Ана тілін жетілдірудің бірден-бір әлеуметтік ұясы — білім беру жүйесі. Бұл салада әзір қазақ тілінің мәселелері күрделене түспесе, жеңілдей қоятын емес. Кейбір қалаларда қазақ мектептері жеткіліксіз, аралас мектептердің негізі орыс сыныптары да, аз бөлігі қазақ сыныптары болып отыр. Бұл қазақтың ұл-қыздарының өз ана тілін жүйелі меңгеруінде көптеген кедергілер келтіруде.
Жоғары білім беру саласында да студенттердің қазақ тілінде сөйлейтіндері кездесе бермейді. Орыс топтарындағы ұлты қазақ студенттердің 80-90 пайызы өз тілдерінде сөйлемейді. Орыстілді қазақ оқытушылары өзара да, студенттермен де тек орыс тілінде сөйлеседі. 2 жыл бұрын еліміздегі белгілі университеттердің біріндегі қазақ және орыс тілі кафедралары қазақ тілін оқытуға байланысты сауалнама жүргізген болатын. Содан мысалдар келтіре кетейік. «Сіздің қазақ тілін меңгеру деңгейіңіз қандай?» деген сұраққа 149 студенттің 11%-ы «өте жақсы» және «жақсы» деп, 75%-ы орта деңгейде, 14%-ы ортадан төмен деңгейде деп жауап берген. «Қазақ тілін білу деңгейің төмен болса, оған не себеп болды?» дегенге 11%-ы «орыстілді қоғамда өмір сүргендіктен» десе, 56%-ы «отбасында, достарымен қазақ тілінде сөйлеспеу не аз сөйлесу» депті.
1. Мәтін қандай стильде жазылған? Стильге тән тілдік құралдарды теріп жазыңыз.
[2]
2. Мәтін қандай жанрда жазылған?
[2]
3. Автордың ойын өз сөзіңізбен жазыңыз, бірақ айтылған әр тұжырымның соңында ойдың авторына сілтеме жасаңыз.
[2]
4. Мәтін қандай мақсатта жазылған? Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.
[1]
5. Мәтіннің құрылымын анықтаңыз.
I. Кіріспе____________________________________________________________________________________
II. Негізгі бөлім________________________________________________________________________________
III. Қорытынды_________________________________________________________________________________
[3]
11
Жазылым
Екі бөлім бойынша берілген 4 тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз.
[10]
1-бөлім. Тіл және алаш идеясы. Сөз мәдениеті
1. Алаш пен ағылшынды салыстырар болсақ, екеуіне де ортақ тағылым — ұлт дамуында тілдің маңызды рөлін түсінуі деп білеміз. Қазірде жаһан жұрты ағылшын тілін үйренуге неліктен үйірсек? Сіздің пікіріңізді растайтын аргументтер мен дәлелдер келтіре отырып, эссе жазыңыз.
2. Сіздің мектебіңізде Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай «Алаш рухы және ұлт тілі» атты апталық болып өтті. Мектеп газетіне осы апталықтың қалай өткізілгені туралы мақала жазыңыз.
2-бөлім. Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет. Сөз мәдениеті
3. Әлемде балет өнеріне тыйым салған мемлекеттер бар. Балеттің денсаулыққа зияны туралы да естіп жатамыз. Қалай ойлайсыз, балет өнеріне тыйым салу керек пе? Пікіріңізді дәлелдеп, эссе жазыңыз.
4. Қазақ өнерін және мәдениетін насихаттап, жергілікті газет бетіне жастарға арнап «Қазақтың дәстүрлі мәдениеті» деген тақырыпта мақала жазыңыз.
12
Тыңдалым және айтылым бойынша балл қою кестесі
Балл Г рамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы Балл Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті
5 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. 5 Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын жетік жеткізе алады.
4 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. 4 Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын жақсы жеткізе алады, бірақ кей уақытта сырттау қолдауды қажет етеді.
3 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсініспеушілік тудырмайды. 3 Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын-ала дайындап келгендей көрінеді.
2 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілік тудырады. 2 Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
1 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын өте аз түсінеді. Түсініспеушілік тудыратын қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. 1 Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға аз қатысады.
13
Оқылымға арналған балл қою кестесі
№ Дескриптор Балл
1 Публицистикалық стильдегі мәтін 2
2 Жанры — мақала 2
3 Бүгінгі күні қазақ тілінің деңгейі әлі де төмен деңгейде қалып отыр. «Әзір қазақ тілінің мәселелері күрделене түспесе, жеңілдей қоятын емес» деп автор көрсеткендей, орыс тілінің үстем болып тұрғаны рас. Оны сауалнама нәтижесі көрсетіп отыр. 2
4 Мәтін оқырманды ойландыру мақсатында жазған, мәтіннің аудиториясы жаппай көпшілік. 1
5 Мәтіннің құрылымы толық сақталмаған. Тек кәрәспе және негізгі бөлімдерден тұрады. Кіріспе бөлім: Қазақ тілінің бүгінгі жай-күйі Негізгі бөлім: Сауалнама нәтижесі 3
Барлығы 10
14
Жазылымға арналған балл қою кестесі
Балл Сипаттама
9-10 □ Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені өте жақсы қолданады, аудиторияны толық тарта біледі, мэтіннің сәйкес формасын дәлелді қолданған. □ Қурылымы сэйкес жэне қатаң сақталған. □ Оқырманға ерекше әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын өте жақсы қолданған. □ Еркін, мәнерлі ойластырылған мазмұндауы бар, күрделі әсерлерге қол жеткізеді. □ Сауаттылықтың деңгейі жоғары.
7-8 □ Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені орынды қолданады, аудиторияны тарта біледі, мэтін формасының қолданысы жүйелі. □ Қүрылымы сәйкес жэне сақталған. □ Оқырманға ерекше әсер ету үшін тілдің шығармашылық қолданысы нақты, анық. □ Қажетті әсерге жетуге ықпал ететін анық жэне үзіліссіз мазмүндауы бар. □ Мағынаны жеткізуде кездейсоқ қателер қиындық тудырмайды.
5-6 □ Сәйкестендірілген құрылымы мен шығармашылық қабілеті анық, аудиторияны сезеді, өз ойын жобалап жеткізеді. □ Қолданылған құрылымы дұрыс, бірақ кейбір жағдайда жүйеленбеген, қүрылымнан ауытқу кездеседі немесе біртексіз қүрылымдар бар. □ Тіл қолдануға деген талпынысы, суреттеу мен баяндау жазбалары қажетті деңгейде. □ Нақты, бірақ біртекті сөз қүрылымдарын қолданады. □ Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы қажетті әсер алуды төмендетеді.
3-4 □ Қажетті үстаным мен мазмүн бар, аудиторияны сезу қабілеті байқалады. □ Құрылымында ауытқушылық кездеседі, (дәл анық емес), нақты суреттеу мен карама-қайшылықтарды баяндау қабілеті бар, бірақ солғын. Өз ойын жобалап жеткізеді. □ Тілдік амал құралдарын қолдану әрекеті бар, суреттеу, сипаттау элементтері қанағаттанарлық деңгейде. □ Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады. □ Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы жиі кездеседі.
1-2 □ Мағына мен мәселеге тоқталғанмен, шығармашылық тәсілдемеге сай емес, формасы нақтыланбаған, мысалы, суреттеу сұрағына баяндау арқылы жауап береді, өз ойын білдіруде шектеуліктер байқалады. □ Қүрылым әлсіз, үйымдастырылмаған, ауытқулар жиі байқалады. □ Тек кейбір жағдайда ғана тілдің жиі қолданылатын әдістері баяндау мен суреттеу жазбаларына сәйкес. □ Шақтардың қолданылуы анық емес, құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.
0 □ Жұмыс қойылған мақсатқа сай емес, түсініксіз, құрылым мен мазмұны сай емес. □ Төменгі деңгейдегі құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) оқушының жалпы әсер ету қабілетін көрсетуге кедергі келтіреді.
15
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым — 15 минут Жазылым — 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Балл саны: 30 Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі тыңдалым — айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі — оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
16
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы (2-тоқсан)
*Тапсыр ма Қамтылатын мақсаттар Тапсырма лар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1-4 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау; 10.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау; 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау; 10.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу. Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 200-250 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды. Оқушылар мәтінді оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсінеді. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны. Онда көтерілген мәселелер бойынша 2 сұрақтан қояды, Көтерілген мәселені талдайды, негізгі ойды анықтайды. Екінші оқушы да осы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Оқушының сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдануы бағаланады. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3- 5 минут беріледі). 10
1-2 10.2.3.1 көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау; 10.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу; 10.2.3.1 көпшілікке арналған интервьюдің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау; 10.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу. Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Бірге есептегенде көлемі 150-200 сөзге жуық екі мәтін беріледі. Жанры, көзделген аудиториясы, мақсаты, мазмұны, стилі, тіліне салыстырмалы талдау жасай отырып, екі мәтіннің ұқсастығы және айырмашылығы анықтайды. 15 10
17
7 10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу; 10.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу; 10.3.3.1 мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу; 10.4.4.1 сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Оқушылар ұсынылған төрт тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Жазылым жұмысында берілген тақырып бойынша интервью, әңгіме, көпшілік алдында сөйлейтін сөзді жазып, пікір білдіреді. Оқушының жазылым барысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ұстануы, тілдік құралдарды орынды қолдануы, берілген жанрды талапқа сай жазуы бағаланады. 25 10
Барлығы 40 минут 30
18
«Қазақ тілі» Т1 пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет», «Экономикалық интеграция — бүгінгі күннің даму үрдісі» бөлімдері бойынша
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
А мәтіні
«Елге ұстаздық еткен қарттан алғыр, құйма құлақты,
Қонақтары сұрапты:
— Аға, неше балаңыз бар соңыңыздан самғаған?
— Бір жарым! — деп тіл қатыпты әлгі адам.
— Ал, дәл айтсам, үш ұлым бар зерек әрі білімді,
Үшеуі де ғылым қуып назарға ерте ілінді.
Сол үш ұлдың бірі ғана қайсар, ұшқыр арманын,
Техникалық санаты мен ғылыми өр талғамын Өз ұлтының рухани байлығына жалғады,
Содан шуақ, қуат алып, ғаламдық ой толғады.
Екі ұлымның тағдырында ол өзгеріс болмады,
Екеуі де жалаң білім шеңберінде сорлады.
Рухы, жаны аласаның зорлық жатар парқында,
Сондықтан қос перзентімді санаймын мен жарты ұлға.
Мейлі, мейлі, екі ұлымды қақса да уақыт арқадан Нағыз ұлым біреу ғана, ана екеуі жарты адам!
…Біз қанша мың жас өскінді аттандырдық шет елге:
Білім алып келсін дедік,
Жер, ел танып көрсін дедік
Бірақ осы ізгі үмітті жалаң білім өтер ме?
Қайтсек екен, мониторкөз, компьютербас, жас талап,
Білім+Рух болуы үшін ажырамас қос қанат?
…Сан жас қанат ғаламзатқа болмақ үшін өтімді,
Түнгі оттарды іздеп ұшар көбелектер секілді,
Қасиетті ата қоныс — өзен-тауын жерсінбей,
Баба тарих ардақтаған рух тұғырын менсінбей,
Ойын тұсап ессіз, көзсіз еліктеудің жарқылы,
Тек батыстық даңғаза өнер толқынында қалқыды.
… Бүгін неге рухсыздық секілді зор батырлық?
Ізгіліксіз батырлықтан зардап шегіп жатыр жұрт.
Ньютон ашқан үшінші заң нені үндейді білдік пе?
«Әрбір қимыл — қарсы қимыл тудырады» тірлікте.
М.Шаханов «Өркениеттің адасуы» романынан үзінді
19
Ә мәтіні
Ертеректе «өркениет» деп — адамның өз болмысының мәнін ұғып, өмірден саналы ой түйіп, адамгершілік құндылықтар негізінде тату-тәтті бірге өмір сүруді айтатынбыз. Мәдениетті өмір сүруге деген саналы ұмтылыс — адам табиғатына тән ерекшелік.
Өркениетті ұшқыр уақыттың өзіне шаң қаптырған өнеркәсіптің шарықтап дамуы, ғылыми-технологиялық прогресс, шойын табанынан шоқ шашыраған жүрдек пойыздар, құс қанаты жетпейтін құрлықаралық ұшақ-тар, ғарыштық технологиялар, орасан үлкен метро-польді қалалар мен зәулім ғимараттар, ғаламат су бөгеттері, алып зауыт-фабрикалар, атомдық станциялар, т.б. деп түсінетіндер де баршылық. Ал, осындай материалдық игіліктерге қол жеткізген елдерді өркениет өркешіне шыққан ел ретінде қарастырып жүрміз. Әйтсе де, аталған технологиялық жетістіктер адам тұрмысын жеңілдетіп, жайлы өмір сүруіне дәнекер болғанымен, адамгершілік құндылықтармен бір арнада тоғысып, адам өмірінің материалдық-рухани тамырына бойламайынша өркениеттің негізі бола алмайды.
Адамдағы өркениеттіліктің нышанын ой-пікір мен сана-сезімнің қазыналы қойнауынан іздеген жөн. Әйтпесе, өркениеттілікті жанға жайлы кең сарайлар мен шалқыған байлық секілді тән құмарлығынан, өндіру мен тұтынуға негізделген нәпсілік көрсеқызарлықтан іздеу бекершілік. Бүгінге дейін кейбіреулер өркениетті адам өмірінің жайлылық пен молшылыққа кенелуі үшін ғылыми технологиялық құралдардың жетілдірілуі және жаңалануымен байланыстырып келді. Өркениеттіліктің адам рухының асыл қазыналарынан бастау алатын рухани құндылықтарда, рухани кемелденуде екендігін ұғына алмауымыз өкінішті-ақ. Өркениет деген — уақыт, мекен және адам секілді үш фактор негізінде рухани кемелденуді қамтамасыз ететін қоғамдық орта, жасампаз ақылға негізделген адам өмірінің рухани-материалдық жағын қоса қамтитын идеалды қоғамдық жүйе болуы қажет еді…
Ендігі жерде тоң боп қатқан жерге жағылған отты ары қарай лаулата түсу үшін жастық жалынымен жарқын болашақтың туын желбіретер қазіргі ұрпақ болаттай берік сенім мен мұқалмас ерік-жігер арқылы өз халқының төл құндылықтарын жанындай қорғауы қажет.
А мәтіні
Жаһандану үрдісі кең етек алған XXI ғасырда әлем елдерінің алдында туындаған жалпы ортақтық сипаттағы мәселелер адамзат баласын алаңдатпай қоймайды. Мұндай мәселелердің шешілуі барлық мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ шараларын қажет етеді. Ал әрекеттер мен шаралар тиімді әрі нәтижелі болу үшін үйлесімділік қажет. Мемлекеттер арасындағы әрекеттерді үйлестіруге апаратын бірден-бір жол — интеграция.
Экономикалық интеграция ұлттық мемлекеттілікті нығайтады. Экономиканы дамыту арқылы одан әрі беріктендіре түсуге ықпал етеді. Себебі интеграциялық бірлестіктердің өзегінде экономикалық прагматизм, өзара сыйластық, барлық шешімді қабылдауға қажетті тең құқықтылық және ашықтық жатыр. Еуразиялық одақты құру басқалардан іргемізді ажырату үшін емес, керісінше, басқа серіктестермен неғұрлым тығыз ынтымақтастық орнату үшін құрылып отыр. Олай болса, экономикалық одаққа бірігуден мемлекеттер тек қана ұтысқа ие болады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Бүгінде интеграциясыз алға қадам басу мүмкін емес, себебі қандай да бір мемлекет өзге елдермен өзара ықпалдастық орнатпайынша, бірлесе іс-қимыл жасамайынша, алға жылжи алмайды» деген болатын. Еуразиялық интеграция аясында Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің экономикасы бұрынғысынан да қарқынды дамитын болады. Өйткені Қазақстанда жалпы нарыққа, бизнеске арналған жобаларды жүзеге асыруға барынша қолайлы жағдай жасалған. Біздің елімізде теміржол құрамдары, жүк көліктері мен электротехника салалары қарқынды дамып келе жатыр. Сонымен қатар одақ аясында әр кәсіпорын өз қызметін емін-еркін жүргізетін болады. Ол үшін қосымша лицензия немесе тағы басқа келісім-шарт әзірлеудің қажеттілігі туындамайды. Жаңа нарық әр кәсіпорын мен әр азамат үшін ұтымды болады. Еуразиялық экономикалық одақ интеграция үдерісін дамытады. Интеграциялық үдерістердің дамуы — тауарлар мен өндіріс факторларының халықаралық қозғалысының өсуінің заңды нәтижесі. Осы нәтиженің жүзеге асуы барысында
20
елдер арасында шаруашылық-тұрмыстық байланыстардың құрылуы және халықаралық сауда мен өндіріс факторларының қозғалысы жолындағы көптеген кедергілерді жою жүйесі қалыптасады.
Ә мәтіні
Халықаралық валюта қоры неғұрлым әділ табысты бөлу тек тұрақты әлеуметтік саясат қана емес, сонымен қатар мықты экономикалық саясат болады деп есептейді. Ғылыми зерттеулер жоғары деңгейдегі теңсіздікті төмендетудің ұзақ мерзімді перспективада экономикалық өсімді жоғарырақ және тұрақтырақ ететінін көрсетеді. Әр елдің теңсіздікті шешу үшін жасай алатын бірнеше қадамдары бар.
Біріншіден, үкіметтің автоматтандыру және аутсорсингтен қатты зардап шеккен географиялық аймақтарда біліктілігі төмен қызметкерлерді тікелей қолдауы. Атап айтқанда, үкімет медициналық қызмет, білім беру, дағдыларды оқытуға қоғамдық инвестицияларын ұлғайту керек. Әр ел жылдам өзгеретін технологиялар үшін қазіргі және болашақ ұрпақты дайындау үшін өмір бойы білім алу қажеттілігін түсінуі тиіс.
Екіншіден, үкімет қолжетімді бала күтімі, ата-ананың бала күтімі бойынша демалысы, денсаулық сақтау қызметі, жұмыс орнының икемділігін жақсарту жолымен, әсіресе отбасы үшін әлеуметтік қорғау шараларын нығайту қажет. Олар сондай-ақ табысы аз адамдарды салық реформалары және заңды минималды жалақыны төлеу арқылы қолдай алады; еңбек нарығына көбірек әйелдерді тарту үшін салықтық жеңілдік те жасай алады.
Үшіншіден, үкімет әлеуметтік сенімді қалпына келтіру және реформалар жөніндегі қоғамдық қолдауды нығайту мақсатында экономикалық әділдікті қамтамасыз етуді өзіне міндеттеме ретінде алуы тиіс. Атап айтқанда, бәсекелестік жетіспейтін маңызды салаларда көп бәсекелестікті ынталандырып, салық төлеуден жалтаруды азайтып және табыстарын салық төмен жерлерге апаратын бизнес тәжірибесін болдырмауы керек. Бұлар экономикалық интеграцияны жақсартуға бағытталған саясаттардың кейбір мысалдары. Оларды тиімді іске асырумен қатар, қосымша шараларды анықтау үшін де әлі көп жұмыс жасалуы тиіс. Бұл саясаткерлер мен мемлекеттік қызметкерлерге ғана емес, сондай-ақ тұтастай алғанда экономика мамандарына салынатын тапсырма, міндет болуы шарт. Тек бірлесіп, күшті, неғұрлым инклюзивті жаһандық экономиканы құру үшін тез іс-қимыл жасау арқылы ғана табыс деңгейін көтере аламыз.
Оқылым
Тапсырма
Мәтіндерді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
[10]
Өркениет: бізге не берді, бізден нені алды? — Дидахмет аға, бүгінгі әңгімемізді өркениетке арнасақ. Айтыңызшы, бізге өркениет не берді
— Бұл кең ауқымды әңгіме. Қалыпты ой түюден сәл ауытқып, бұл жерде еркін ойға ерік берейік. Қалыпты өмір сүру, стандарт ойдың шырмауында қалып қою — көп жағдайда дамуға қайшы дүние. Сондықтан, артық кеттім, қателестім демей, ойымызды еркін қозғайық.
Ең бірінші, «өркениет бізге не берді?» дейсің. Өркениеттің не бергенін, міне, көз алдымызда бәрін көріп отырмыз. Жан-жағыңа қарасаң, барлығы ғылыми-техникалық прогрестің жемісі, өркениеттің көрінісі. Көшеде зулаған машиналар, компьютер алдында тапжылмай отырған адамдар.
— Өркениет адам баласынан нені алды?
Әлемдегі адамзат мойындаған ұлылардың, ойшылдардың көбісі (бәрі емес) өркениетке сын көзбен қараған. Солардың ішінде XV ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың басында өмір сүрген Томас Мор да бар. Оның пайымы бойынша, даму жолына түсеміз деп алға қарай жылжыған сайын адамзат табиғилығынан айырыла бастаған. Біздің қарапайым сөзбен
21
айтсақ, Құдайдың дарытқан шынайы қалыбынан ауытқи берген. Адам ішкі дүниесіндегі асыл-жауһарларды көрмей, оны тануға тырыспай, ұмыта бастаған. Батыс әлемінде ең алғаш осыған қарсы болған ғалым, философ Томас Мор корольдің ең жақын көмекшісі бола жүріп, әлгіндей тың ойларға ерік берген. Соның нәтижесінде «Утопия» деген еңбек жазған. Утопия дегеніміз — қазіргі біздің ұғымымызда қиялшылдық қой. Бірақ Томас Мордың «Утопия аралының» мағынасы — «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған арал». Бақытты елді, оның тамаша қалаларын, гүлденген даласы, ғажап тәртіптері мен заңдарын суреттеп жазады. Утопияда қанау жоқ. Барлық адам еңбек етуге міндетті. Оларда азық-түлік мол, өйткені онда еңбек етпейтін жалқаулар жоқ. Арал тұрғындары ғылыммен, өнермен, спортпен айналысады. Утопия тұрғындары үйлерінің есіктері әрқашан да құлыпсыз, ашық тұрады, олар ұрлықтан қауіптенбейді. Томас Мордың идеясы барлық адам тең өмір сүретін қоғам құру болды. Өзінің арманындағы бақытты елдің өмірі мен мемлекеттік құрылымын елеп-екшеп, дәлелдермен жазды. Бірақ оны жүзеге асыру қиял еді…
Сұхбаттасқан Дәурен Сейітжанұлы
1. Мәтін қандай жанрда жазылған? Мәтіннің жанрлық ерекшелігін талдаңыз
[2]
2. Көпшілікке арналған мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін анықтаңыз
[2]
3. Мәтіннің мақсаты қандай? Аудиториясы кімдер?
[2]
4.Берілген кестені толтырыңыз
Өркениеттің оң жақтары Өркениеттің теріс жақтары

[2]
5. Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз пікіріңізді білдіріңіз. Мәтіннен деректерді қолданып, авторына сілтеме жасаңыз.
[2]
22
Жазылым
Екі бөлім бойынша берілген 4 тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз.
[10]
Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тілдік жүйе және норма
1. Сіз «Парасат» журналының редакциясына жаңадан жұмысқа тұрдыңыз. Сізге атақты саясаттанушыдан сұхбат алу тапсырылды. Сұхбатта төмендегідей ақпараттар қамтылуы керек:
• Қазіргі қоғам құндылықтар туралы
• «Мәдениет» және «өркениет» ұғымдарының арақатынасы
• Жаһандануға көзқарасы
2. Сіз мектеп журналына әңгіме жазбақшысыз. Сіздің әңгімеңіз мынадай сөйлемдерден аяқталу керек: «…Білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт, себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын адам ғана табысқа жетеді.
Экономикалық интеграция — бүгінгі күннің даму үрдісі. Тілдік жүйе және норма
3. Сіздер мектепте әлемдегі экономикалық интеграцияның болашағы туралы талқыладыңыздар. Сізден сыныптастарыңыздың алдында еліміздегі экономикалық интеграцияны қалай дамытуға болатыны жөніндегі ұсынысыңызбен сөз сөйлеуді сұрады. Сөйлейтін сөзіңіздің мәтінін жазыңыз.»
4. Сіз «Жаһандық перспективалар және жобалау» пәні бойынша «Еуразиялық одақ не үшін керек» тақырыбында жоба жасап жүрсіз. Төмендегі графиктік мәтіндегі ақпараттарды талдап, маңызды тұстарын анықтап жазыңыз.
23
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ: БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІКТІҢ ЖАҢА БИІКТЕРІНЕ!
24
Тыңдалым және айтылым бойынша балл қою кестесі
Балл Г рамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы Балл Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті
5 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. 5 Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын жетік жеткізе алады.
4 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. 4 Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын жақсы жеткізе алады, бірақ кей уақытта сырттау қолдауды қажет етеді.
3 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсініспеушілік тудырмайды. 3 Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын-ала дайындап келгендей көрінеді.
2 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілік тудырады. 2 Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
1 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын өте аз түсінеді. Түсініспеушілік тудыратын қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. 1 Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға аз қатысады.
Оқылымға арналған балл қою кестесі
№ Дескриптор Балл
1 Мәтіннің жанрын анықтап, ерекшелігін талдайды; 2
2 Интервьюдің құрылымы мен рәсімделуін біледі; 2
3 Мәтін мақсатын анықтап, көздеген аудиториясын табады; 2
4 Өркениеттің оң және теріс жақтарын ажыратады; 2
5 Мәтінде көтерілген мәселеге қатысты өз пікіріңізді білдіреді, мәтіннен деректерді қолданып, авторына сілтеме жасау жолдарын біледі. 2
Барлығы 10
25
Жазылымға арналған балл қою кестесі
Балл Сипаттама
9-10 □ Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені өте жақсы қолданады, аудиторияны толық тарта біледі, мэтіннің сәйкес формасын дәлелді қолданған. □ Қурылымы сэйкес жэне қатаң сақталған. □ Оқырманға ерекше әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын өте жақсы қолданған. □ Еркін, мәнерлі ойластырылған мазмундауы бар, күрделі әсерлерге қол жеткізеді. □ Сауаттылықтың деңгейі жоғары.
7-8 □ Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені орынды қолданады, аудиторияны тарта біледі, мэтін формасының қолданысы жүйелі. □ Қүрылымы сәйкес жэне сақталған. □ Оқырманға ерекше әсер ету үшін тілдің шығармашылық қолданысы нақты, анық. □ Қажетті әсерге жетуге ықпал ететін анық жэне үзіліссіз мазмүндауы бар. □ Мағынаны жеткізуде кездейсоқ қателер қиындық тудырмайды.
5-6 □ Сәйкестендірілген құрылымы мен шығармашылық қабілеті анық, аудиторияны сезеді, өз ойын жобалап жеткізеді. □ Қолданылған құрылымы дұрыс, бірақ кейбір жағдайда жүйеленбеген, құрылымнан ауытқу кездеседі немесе біртексіз қүрылымдар бар. □ Тіл қолдануға деген талпынысы, суреттеу мен баяндау жазбалары қажетті деңгейде. □ Нақты, бірақ біртекті сөз қүрылымдарын қолданады. □ Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы қажетті әсер алуды төмендетеді.
3-4 □ Қажетті үстаным мен мазмүн бар, аудиторияны сезу қабілеті байқалады. □ Құрылымында ауытқушылық кездеседі, (дәл анық емес), нақты суреттеу мен карама-қайшылықтарды баяндау қабілеті бар, бірақ солғын. Өз ойын жобалап жеткізеді. □ Тілдік амал құралдарын қолдану әрекеті бар, суреттеу, сипаттау элементтері қанағаттанарлық деңгейде. □ Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады. □ Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы жиі кездеседі.
1-2 □ Мағына мен мәселеге тоқталғанмен, шығармашылық тәсілдемеге сай емес, формасы нақтыланбаған, мысалы, суреттеу сұрағына баяндау арқылы жауап береді, өз ойын білдіруде шектеуліктер байқалады. □ Қүрылым әлсіз, үйымдастырылмаған, ауытқулар жиі байқалады. □ Тек кейбір жағдайда ғана тілдің жиі қолданылатын әдістері баяндау мен суреттеу жазбаларына сәйкес. □ Шақтардың қолданылуы анық емес, құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.
0 □ Жүмыс қойылған мақсатқа сай емес, түсініксіз, кұрылым мен мазмүны сай емес. □ Төменгі деңгейдегі құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) оқушының жалпы әсер ету қабілетін көрсетуге кедергі келтіреді.
26
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым — 15 минут Жазылым — 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Балл саны: 30 Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі тыңдалым — айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі — оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
27
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы (3-тоқсан)
*Тапсыр ма Қамтылатын мақсаттар Тапсырма лар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1-6 10.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау; 10.1.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау; 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау. 10.1.4.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси) талдай отырып, негізгі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру; 10.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу. Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 200-250 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды. Оқушылар мәтінді оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсінеді. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны. Онда көтерілген мәселелер бойынша 2 сұрақтан қояды, Көтерілген мәселені талдайды, негізгі ойды анықтайды. Екінші оқушы да осы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Оқушының сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдануы бағаланады. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3- 5 минут беріледі). 10
1-7 10.2.3.1 көпшілікке арналған очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау; 10.2.6.1 белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу; 10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау; Көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар Көлемі 150-200 сөзге жуық мәтін беріледі. Мәтінді оқып, мазмұны, құрылымы негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және сөздік қолданысына талдау жасайды. 15 10
28
1-3 10.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу; 10.3.4.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, аргументативті эссе); 10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, нұсқаулық жазу; 10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Оқушылар ұсынылған 3 тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Жазылым жұмысында берілген тақырып бойынша эссе, екіжақты пікір, баяндама тезисін жазады. Оқушының жазылым барысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ұстануы, тілдік құралдарды орынды қолдануы, берілген жанрды талапқа сай жазуы бағаланады. 25 10
Барлығы 40 минут 30
29
«Қазақ тілі» Т1 пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма», «Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік.Тілдік жүйе және стиль», «Сәулет өнері. Стильдік ерекшеліктер» бөлімдері
бойынша
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
А мәтіні
Отыз екінші қара сөз
Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білім керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Әуелі — білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратамын деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздеу керек. Ол үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет деп бағаласаң және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады. …Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
Екінші — ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек…
Үшінші — әрбір ақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма!
Төртінші — білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі — мұлахаза (ойлау, пікір айту) қылу, екіншісі — берік мұхафаза (сақтау, қорғау) қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде (жағдайында) болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.
Бесінші — көптеген ақыл кеселінен қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар, соған бек сақ бол. Ол халықтың, дәулеттің, ғибраттың, ақылдың, ардың — бәрінің дұшпаны.
Алтыншы — ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!
Ә мәтіні
Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру
1. Білімнің салтанат құруы
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу — біздің қанымызда бар қасиет. Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды, дегенмен білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себептері бар. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ
30
ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді…
6. Сананың ашықтығы
Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «отбасы, ошақ қасы» аясында қалуынан туындайды… Ол үшін санамыз ашық болуы шарт. Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді:
Біріншіден, ол дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді…
Үшіншіден, бұл — өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. …басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл — табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі. Егер қазақстандықтар жер жүзіне үйден шықпай, терезеден телміріп отырып баға беретін болса, әлемде, құрлықта, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды. Көкжиектің арғы жағында не болып жатқанын да біле алмайды.
А мәтіні
Тоқсаныншы жылдардан бері «байлар» мен «кедейлер» деп қоғамды екіге бөлетін жаман әдеттен әлі де арыла алмай жүргендейміз. «Ой, олар бай ғой…», «Байлар білгенін істейді екен ғой…», «Байдың баласы .» осылай бағалауды айналамыздан жиі естиміз. Әсіресе, оқыс оқиғаларда тілге тез оралады. Екі көлік соғысып қалса да «байдың баласы болған соң құтылып кетті» деп оп-оңай баға беріп тастаймыз. Таптық заманнан қалыптасқан жаман әдетпен бүгінгі қазақ өз қазағын қалтасына қарай қоғамның жағымсыз кейіпкерлеріне айналғандай. Бәлкім, сіз бай деп жақтырмай отырған азамат, сол байлыққа адал еңбегі, маңдай терімен жеткен болар. Сіз аспанға қарап «өкімет өлтірмейді», «өкімет жұмыс тауып беруі керек» деп жатқанда ол арба айдап, базарда етік тігіп, сауда жасап, тиынға тиын құрап, қаржы жинап, келе-келе дүкен, сауда орталығын ашқан болар. Сіз осы жағын ойланып көрдіңіз бе?
«Қалталы» деген азаматтардың бірқатары қайырымдылық шараларынан сырт қалмайтыны тағы бар ғой. «Бергеніңді ұмыт…», «Жасаған жақсылығыңды міндет қылма» дегенді ұстанатындары аз емес. Олай болса, қалтасындағы бақырына байлықты «шақыра» білгені үшін ол кінәлі ме? Тиыннан тиын құрағаны ақылдылығы емес пе? Ал сізде сондай ақыл бар ма? Түсінгенге тірліктің көзін таба білу де бір өнер.
Жалпы бүгінгі «бай» дегеніміз кім? Бай адам қандай болу керек? Осы жағын да ойлау артық болмас. Өзін кедеймін дейтіндердің ойынша бүгінгі байлардың «уайымы жоқ». Ал Сіздегі сол уайымды кім жіберді? Дәл осы ретте бізге Сұлтанмахмұд Торайғыровша айтсақ, «Жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем өзімнен» дей алу жетіспей жатқандай. Бұлай деу үшін біз өзімізді өзіміз тани білуіміз керек. «Өзін-өзі тәрбиелей алған ең ақылды адам» деуші еді ғой ғұламалар. Олай болса ақылды болуға тырысайық.
Ә мәтіні
Қазақстанда бай мен кедей арақатынасы 22:1 қатынасындай екен. Яғни халқымыздың ең бай 10 пайызын ең кедей 10 пайызға бөлгенде 21 есе айырмашылық шығады екен. Біз қанша бай мемлекет болсақ та, егер осы айырмашылық үлкен болса, дамыған ел қатарына қосыла алмаймыз. Осы алшақтықтың бірқатар себептері бар.
Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жүйе байлардың байи, кедейлердің кедейлене түсуіне «жағдай жасап» отыр. Еліміздің үлкен қалаларындағы тұрғын үй құны өте қымбат, оған жағдайы төмен отбасы ешқашан қол жеткізе алмайды. Жаңа салып жатқан үйлерді көбіне бақуатты адамдар сатып алады. Кейбіреулері ескі пәтерін сатуға асықпай, оны жалға беру арқылы ақша табуда.
31
Бізде ақшасы жоқ, бірақ идеясы бар адамның кәсіпкерлік айналысып, үлкен компания ашуына мүмкіндік аз. АҚШ-та белгілі бір идеясы бар адам жақсы инвесторлар тауып, акционерлік қоғам құру арқылы қалтасында ақшасы жоқ болса да, еңбектеніп әлемнің ең бай адамдарының қатарына ене алады. Стив Джобс пен Билл Гейтс осыған үздік мысал. Ал бізде бастаманы қолдайтын инвесторлар жоқтың қасы. Оған қоса, кәсіпкерлерді қолдауға арналған банк несиелерінің пайыздары да өте жоғары. Ал өзің тиын-тебен жинап, бір кәсіп бастайын десең, техника да, офис те, ғимарат та өте қымбат. Сатып алудан бөлек, олардың жалға алу құны да бастаушы кәсіпкерге қолжетімсіз.
Бай мен кедейге бірдей салық салынуы. Дамыған елдердің көбінде прогрессивтік табыс салығы енгізілген және ол бойынша неғұрлым көп табысқа қол жеткізетіндер табысының 40, 50 немесе тіпті 70 пайызына дейін мемлекетке өткізеді. Прогрессивтік табыс салығы біздің елде 2011 жылы енгізілді, алайда оның көлемі дамыған елдердікіне жетпейді. Осы секілді факторлар әсерінен, Қазақстанда бай мен кедей арасындағы айырмашылық өте үлкен деңгейде сақталып келеді. (245 сөз)
А мәтіні
Сәулет өнері мен дизайнда Еуропаға мұсылмандардан енген жаңалықтар
Бүгінгі күні сырты абажурмен қапталмаған шам жоқтың қасы. Абажур жасау өндірісі осыдан 500 жыл бұрын Османлы империясында жолға қойылған. Мұсылмандар жарыққа ұмтылған жәндіктердің ашық отқа күйіп өлмесі үшін мешіттердегі шамдардың үстін керамикалық және шыны ыдыстармен жауып қоятын. Дінімізде тірі жандыны, ол тіпті жәндік болса да отпен өлтіруге тыйым салынған еді. Еуропаға шамды сыртынан қоршап тұратын абажурлар 200 жылдан кейін ғана енді. Алғаш Францияда көшедегі шамдарды жаңбыр мен желден қоршау үшін қолданылды.
Ислам елдерімен тығыз байланысты өнер туындыларының бірі — кілемдер. Кілем тоқу
б.д.д. оңтүстік Каспийдің көшпелі тайпалары арасында пайда болған. Ең ескі кілем үлгісі (V ғасырда тоқылған) Алтай өңірінен табылды. Еуропаға кілемдер ХІ ғасырда крестшілер арқылы келді. Олардың қымбат әрі сирек болғаны сонша, еуропалықтар кілемді жерге төсеуге қимай, қабырғаларды сәндеген. Ал, еуропалық кілем тоқу өндірісі Францияда басталды. XVII ғасырда патша IV Генрихтің бұйрығымен түрік кілемдерінің үлгісімен кілем тоқитын зауыт ашылды.
Биік үйлер қазіргі заманның жетістігі болып саналады. Бірақ мұсылман сәулетшілері ерекше технология қолдану арқылы тігінен құрылыс салу ғылымын 1000 жыл бұрын игерген. Йеменнің Хадрамут ауданында қыш тастан салынған әлемдегі ең ескі биік үйлері бар Шибам деген ерекше қала орналасқан. Йеменде биік үйлер IX ғасырларда салына бастайды, дегенмен ғимаратты салу технологиясы сол кезеңнен әлі күнге көп өзгере қоймаған. Биіктігі 30 метрге жететін зәулім ғимараттар күйдірілмеген қыш кірпіштен тұрғызылған. Кірпіш саз балшыққа туралған қамысты араластыру арқылы жасалады, басқа ешбір қосынды жоқ. Бұл ғимараттардың мықтылығы мен беріктігі құрылыс барысындағы кішкене ғана қулығында — қабырғалардың қалыңдығы биіктеген сайын жұқара береді. Мысалы, ең жоғары қабатындағы қабырғалардың қалыңдығы ең төменде орналасқан қабырғалардан бес есе жұқа.
Ә мәтіні
Астанадағы халықаралық сәулетшілер конгресіне қатысушылары үш бағыт — қалалық орта үшін инновациялар, урбанистика және жергілікті қоғамдық кеңістікті дамыту, «жасыл» технологиялар енгізу бойынша ойларын ортаға салып, ұтымшы шешім қарастырды. Тұрғындар үшін қысқы жылыжай кешендерін жасауды ұсынған «8геба1аЬ» командасы жылыжайлардың ғимараттардың шатырлары мен қасбеттерінде шыны үйшіктер түрінде салынып, жылу трассалары, күн батареяларын қосу, жел энергиясы арқылы жылытыла алатындығымен ерекше жобасын таныстырды. Жылыжайдың іске қосылуынан түсетін кірісті идея авторларының ойынша, аудан тұрғындары аула территориясын абаттандыруға
32
немесе балаларға қажетті құралдары сатып алуға бағыттай алады. Ал «№гсе1опа» командасы қаладағы көлік тұрақтары үшін АігВпВ баламасын жасауды ұсынды.
Азіапа Іппо^аііопз басқарма төрағасы Олжас Сартаев жас сәулетшілердің өз идеяларын «ақылды» аудан жобасы аясында іске асыруға мүмкіндіктері болатынын айтты. «Ол «Жастар» шағын ауданында. Бүгінде онда осы үш бағыт бойынша бірнеше технология енгізілген. Жұмыстар жалғасуда. Жылыжай кешендері туралы айтсақ. Оларды іске асыру үшін үш-төрт ай уақыт керек. Біз өз тарапымыздан бағалап, биыл ең болмаса бір жылыжайды шағын ауданға шығаруға тырысамыз. Көлік тұрақтары бойынша жобаларға қатысты. Оны Жастар шағын ауданында басымдықпен іске асырамыз. Бірақ біз бұл ауданмен ғана шектеліп қалмаймыз», — деді О. Сартаев. 2018 жылы сәуір айында Байқоңыр ауданының А. Бараев, А. Кравцов, Ж. Тәшенов және Т. Хусейн көшелерінің қиылысындағы «Жастар» шағын ауданында орналасатын «ақылды» аудан жобасы таныстырылды. Жоба 60 млн теңге жеке инвестициялар тартты. Инвестициялар «ақылды» есептеуіштерді орнатуға, жаяу жүргінші жолдарына, аялдамаларды, сонымен қатар фин компаниясының жылуды автоматты реттеуішін қоюға жұмсалды.
Оқылым
Тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, салыстырмалы талдау жасаңыз.
[10]
А мәтіні
Тоғызыншы сыныпта оқитын Әлихан бұл құрылғыны жасау үшін бір ай уақыт жұмсаған. Ол өз жаңалығын мектеп қабырғасындағы 8ТЕМ лабораторияда жасап шыққан. Ол ойлап тапқан таяқ көзі көрмейтін жандар үшін таптырмайтын құрал болмақ.
8ТЕМ-лабораториясы Қазақстандағы мектептер мен арнайы білім беретін мекемелердің жанында жаңа робототехнология негізінде балаларға білім беруде. Әлихан жасап шығарған таяқ — 8ТЕМ-лабораториясының мақтауға тұрарлық көрсеткіші.
Өнертапқыш Әлихан жасаған робот таяқ датчиктер мен динамика арқылы жұмыс істейді. Таяқты қолданушы, жолында кездескен 1 метрдегі бөгетті дыбыс арқылы біледі. Сонымен бірге, электронды құрылғы адамның айналасындағы бөгетті 90 градуста көрсетеді. «Таяқтағы датчик, жолдағы бөгетті көргенде дереу дыбыс береді. Таяқтың ұшына динамика арқылы сигнал беретін ультрадыбысты сенсор орнатылған. Біз арнайы 4000 герц жиілікке қойдық, ол кез келген жерде де, тіпті қала ортасындағы шулы аймақтарда да анық естілетін болады. Таяқ ұзақ мерзімді батарея арқылы қуатталады. Қолданушы оны үй жағдайында қуаттап алады. Толық қуатталған кезде, қуат көзі бір аптаға жетеді», — дейді оқушы.
Қазақстандық үлгіде алғаш рет жасалып отырған сиқырлы таяқ, келешекте барша қажеттілік танытып отырған жандардың қолында болуы тиіс, себебі шетелдің қымбат құрылғыларына қарағанда Әлихан жасаған таяқ қолжетімді. Әлихан өзі ойлап тапқан ақылды таяқты патенттеп, арнайы түрде сатылымға шығармақшы. Егер көпшіліктен қолдау тауып, жоба алға жылжитын болса, таяқты құрастыратын және қызмет көрсететін орындарды ашу да ойда бар.
Ә мәтіні
Робототехника бойынша жазғы мектепке шақырамыз!
Жаздың соңғы күндерін қызықты өткізіңіз, сабақтан тыс кезде Сіздер қызығушылық танытатын салалар бойынша өздеріңізге арналған жаңа мүмкіндіктерді ашып, робототехника әлемінен сабақ алыңыз.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы «КазРоботикс» Қазақстандық білім және спорттық робототехника федерациясымен бірлесе 2018 жылдың 22-24 тамыз аралығында робототехника бойынша жазғы мектеп ұйымдастырады.
33
Жазғы мектеп робототехника мұғалімдері үшін ІТ-технологиялар саласындағы перспективалық бағытты дамыту, мұғалім қызметін сапалы ұйымдастыру және робототехникалық іс-шараларда жобаларды сәтті жүзеге асыру мақсатында
ұйымдастырылған.
Барлық келушілер 2018 жылғы 20 тамызға дейін онлайн режимінде тіркелуі тиіс:һйр5://йос5.аооа1е.сош/Гогш5/й/е/1ҒАІрОЬ8с КиН2Ь57аБЬБаБ
кпХх2һгіОг3у3пЬрдх2ҒшуАМММЫіі:М3ц/үіеМЪгт, өзіңізбен бірге Лего немесе Ардуино білім беру құралын алып келіңіз.
Барлық сұрақтар бойынша жазғы мектептің жетекшісі мен тренерге хабарласуыңыз сұралады:
Гончаров Александр Сергеевич, Казроботикс вице-президенті (ұялы тел.: 87078924589, 87052883301).
Абдиров Раушанбек Тулгабекович, робототехника тренері, Ақтөбе облысы БАИ кафедрасының аға оқытушысы (тел.: 8-701-782-57-82).
Өткізілу орны: «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы (Тургенов көшесі,86), Робокабинет
Екі мәтіннің ұқсастығы және айырмашылығы
А мәтіні Ә мәтіні
Жанры

Көзделген аудиториясы (кімдерге арналғандығы)

Мақсаты

Мазмұны

Стилі

Тілі (морфологиялық, синтаксистік ерекшелігі; мәтіндегі сөздер, тіркестер және сөйлемдердің қолданылу мақсаты)

34
Жазылым
Үш бөлім бойынша берілген тақырыптардың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз.
[10]
5-бөлім. Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма
Сізге уақыт машинасына мініп, роботтар заманына сапар шегу мүмкіндігі туды делік. Роботтардың сізді қатты таңғалдырған іс-әркеттері туралы көркемдегіш құралдарды қолдана отырып әңгіме жазыңыз.
6-бөлім. Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль
Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікке мемлекет кінәлі ме, әлде адамның өзі ме? Сіздің пікіріңізді растайтын аргументтер мен дәлелдер келтіре отырып, эссе жазыңыз.
7-бөлім. Сәулет өнері. Стильдік ерекшеліктер
Сіз жас сәулетші ретінде кәсіби тәжірибе алмасу мен заманауи сәулет өнерін дамыту мақсатында ұйымдастырылатын Халықаралық сәулетшілер конгресіне қатысып, баяндама жасадыңыз. Көпшілік алдында тиімді сөйлеуге дайындық жолдарын көрсетіп, нұсқаулық жазыңыз.
35
Тыңдалым және айтылым бойынша балл қою кестесі
Балл Г рамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы Балл Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті
5 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. 5 Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын жетік жеткізе алады.
4 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. 4 Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын жақсы жеткізе алады, бірақ кей уақытта сырттау қолдауды қажет етеді.
3 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсініспеушілік тудырмайды. 3 Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын-ала дайындап келгендей көрінеді.
2 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілік тудырады. 2 Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
1 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын өте аз түсінеді. Түсініспеушілік тудыратын қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. 1 Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға аз қатысады.
36
Оқылымға арналған балл қою кестесі
Балл Сипаттама
9-10 — Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, формасын, жанрын, мақсаты мен мазмұнын, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін өте жақсы түсініп талдайды; нақты тапсырмаларға қойылатын балл қою кестесіндегідей етіп көрсетеді. — Өте ауқымды сөздік қор және көркем тіл құралдарын орынды және сенімді қолданады.
7-8 — Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, формасын, жанрын, мақсаты мен мазмұнын, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін жақсы түсініп талдайды; нақты тапсырмаларға қойылатын балл қою кестесіндегідей етіп көрсетеді. — Ауқымды сөздік қорды және көркем тіл құралдарын орынды қолданады.
5-6 — Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, формасын, жанрын, мақсаты мен мазмұнын, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін қанағаттанарлық деңгейде түсініп талдайды; нақты тапсырмаларға қойылатын балл қою кестесіндегі кейбір жауап нұсқаларын қамтиды. — Қанағаттанарлық сөздік қорды және көркем тіл құралдарын жалпы орынды қолданады
3-4 — Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, формасын, жанрын, мақсаты мен мазмұнын, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін шектеулі түсінеді, талдауға талпыныс жасайды; нақты тапсырмаларға қойылатын балл қою кестесіндегі шектеулі жауап нұсқаларын қамтиды. — Шектеулі сөздік қорды және көркем тіл құралдарын орынсыз қолданады.
1-2 — Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, формасын, жанрын, мақсаты мен мазмұнын, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін өте шектеулі деңгейде түсінеді; нақты тапсырмаларға қойылатын балл қою кестесіндегі өте шектеулі жауап нұсқаларын қамтиды. — Өте шектеулі сөздік қорды қолданады.
0 — Мәтін түрлерін, тұтас аудиторияны, формасын, жанрын, мақсаты мен мазмұнын, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін түсінбейді; нақты тапсырмаларға қойылатын балл қою кестесіндегі жауап нұсқаларын қамтымайды. — Өте нашар сөздік қорды қолданады.
37
Жазылымға арналған балл қою кестесі
Балл Сипаттама
9-10 □ Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені өте жақсы қолданады, аудиторияны толық тарта біледі, мэтіннің сәйкес формасын дәлелді қолданған. □ Құрылымы сэйкес жэне қатаң сақталған. □ Оқырманға ерекше әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын өте жақсы қолданған. □ Еркін, мәнерлі ойластырылған мазмұндауы бар, күрделі әсерлерге қол жеткізеді. □ Сауаттылықтың деңгейі жоғары.
7-8 □ Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені орынды қолданады, аудиторияны тарта біледі, мэтін формасының қолданысы жүйелі. □ Қүрылымы сәйкес жэне сақталған. □ Оқырманға ерекше әсер ету үшін тілдің шығармашылық қолданысы нақты, анық. □ Қажетті әсерге жетуге ықпал ететін анық жэне үзіліссіз мазмұндауы бар. □ Мағынаны жеткізуде кездейсоқ қателер қиындық тудырмайды.
5-6 □ Сәйкестендірілген құрылымы мен шығармашылық қабілеті анық, аудиторияны сезеді, өз ойын жобалап жеткізеді. □ Қолданылған құрылымы дұрыс, бірақ кейбір жағдайда жүйеленбеген, құрылымнан ауытқу кездеседі немесе біртексіз қүрылымдар бар. □ Тіл қолдануға деген талпынысы, суреттеу мен баяндау жазбалары қажетті деңгейде. □ Нақты, бірақ біртекті сөз қүрылымдарын қолданады. □ Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы қажетті әсер алуды төмендетеді.
3-4 □ Қажетті ұстаным мен мазмұн бар, аудиторияны сезу қабілеті байқалады. □ Құрылымында ауытқушылық кездеседі, (дәл анық емес), нақты суреттеу мен карама-қайшылықтарды баяндау қабілеті бар, бірақ солғын. Өз ойын жобалап жеткізеді. □ Тілдік амал құралдарын қолдану әрекеті бар, суреттеу, сипаттау элементтері қанағаттанарлық деңгейде. □ Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады. □ Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы жиі кездеседі.
1-2 □ Мағына мен мәселеге тоқталғанмен, шығармашылық тәсілдемеге сай емес, формасы нақтыланбаған, мысалы, суреттеу сұрағына баяндау арқылы жауап береді, өз ойын білдіруде шектеуліктер байқалады. □ Қүрылым әлсіз, ұйымдастырылмаған, ауытқулар жиі байқалады. □ Тек кейбір жағдайда ғана тілдің жиі қолданылатын әдістері баяндау мен суреттеу жазбаларына сәйкес. □ Шақтардың қолданылуы анық емес, құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.
0 □ Жұмыс қойылған мақсатқа сай емес, түсініксіз, қүрылым мен мазмұны сай емес. □ Төменгі деңгейдегі құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) оқушының жалпы әсер ету қабілетін көрсетуге кедергі келтіреді.
38
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 40 минут
Оқылым — 15 минут Жазылым — 25 минут
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Балл саны: 30 Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі тыңдалым — айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі — оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.
39
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы (4-тоқсан)
*Тапсыр ма Қамтылатын мақсаттар Тапсырма лар түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, мин Балл
1-4 10.1.3.3 тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық мәселелермен байланыстыра білу, астарлы ойды анықтау; 10.1.2.1 мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау; 10.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу. Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Тапсырма жұппен орындалады. Оқушыларға 200-250 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды. Оқушылар мәтінді оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсінеді. Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны. Онда көтерілген мәселелер бойынша 2 сұрақтан қояды, көтерілген мәселені талдайды, негізгі ойды анықтайды. Екінші оқушы да осы тапсырманы қайталайды. Бағалау екі оқушыға жеке-жеке қойылады. Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3- 5 минут беріледі). 10
1 10.2.4.1 әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, көркем әдебиет стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау; 10.2.5.1 мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу; 10.2.7.1 БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу. Толық жауапты қажет ететін сұрақтар Екі сурет ұсынылады. Берілген суреттердің бірін таңдап, ондағы көтерілген мәселеге қатысты ойын білдіреді. Өз ойын суретпен байланыстыра жазады. Сөйлем ішіндегі даралаушы, ерекшелеуші, ойдың аражігін ажырататын тыныс белгілерді қолдануы, сөйлемдер стильдік жағынан дұрыс құрылуы және көркемдегіш құралдарды орынды қолдануы бағаланады. 15 10
40
1-4 10.3.2.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазу; 10.3.6.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу; 10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Оқушылар ұсынылған 4 тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Жазылым жұмысында берілген тақырып бойынша мақала немесе берілген жағдаят бойынша баяндама тезисін немесе газетке хат, көпшілік алдында сөйлейтін сөзін жазады. Оқушының жазылым барысында жанрлық, стильдік ерекшеліктерді ұстануы, тілдік құралдарды орынды қолдануы, берілген жанрды талапқа сай жазуы бағаланады. 25 10
Барлығы 40 минут 30
41
«Қазақ тілі» Т1 пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер. Пунктуация», «Сөз мәдениеті және
шешендік өнер» бөлімдері бойынша Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
А мәтіні
Әлемдік тәртіптер мен қатынастар үнемі өзгерісте. Әлемдік тәртіптерге жаһандық экологиялық өзгерістер, соғыстар қаупі, ядролық қауіпсіздік, азық-түлік тапшылығы (әлем халқының 1 млрд. адамы қазір ашығуда), әлемдік ортақ ақпараттану, түрлі індет аурулары, индустриалдық-техникалық ортақтану, техногендік катастрофалар, халықаралық терроризм, наркотрафик, халықаралық заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік, адамдарды құлдыққа сату, діни экстримизм т.б. әлемдік қауіптер мен қайшылықтар үздіксіз өз ықпалдарын тигізіп отырды.
Әлемдік қауіптердің шиеленісуі әлемдік экономикалық, қаржылық дағдарыстарға себеп болуда. Жаһандық дағдарыстардан әр мемлекет зардап шегеді, сондықтан олар әлемдік дамудың ортақ мәселелерін шешуге мүдделі. Дегенмен, қанша қуатты болмасын жеке бір мемлекет әлемдік мәселелерді шешуге қауқарсыз. Жаһандық қауіптер мен қайшылықтарға қарсы барлық мемлекеттердің бірлескен әрекеттері мен ортақ шаралары қажет. Әлемдік саясат мәні осындай зәруліктен туындайды.
Мысалы, ғаламшардың жаһандық жылынуы әлем халықтарына түрлі табиғи апаттар әкелуде, сондықтан өндірістің зиянды қалдықтарын азайтуға әрбір мемлекет атсалысуы керек. Өкінішке орай, мемлекеттердің көпшілігі өздерінің капитал мүдделеріне әлі де болса басымдылық беруде. Өндіріс дамуда, зиянды қалдықтар өсе түсуде. Ал, әлемдік саясат адамзатты сақтау үшін әр ел өзінің эгоистік, ұлттық мүдделеріне тыйым салу қажеттілігін талап етуде. Әлемдік саясат мақсаты мемлекеттерді ғаламшарлық ортақ мәселелерді ұжымдық шешуге ұйымдастыру, олардың арасында бейбітшілік пен татулықты сақтау.
Халықтар мен мемлекеттердің тарихи тағдырлары бір-біріне байланысты. Олардың өзара қатынастары мемлекетаралық деңгейде, халықаралық ұйымдар арқылы, трансұлттық корпорациялар, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар т.б. әлемдік саяси процесс субъектілері арқылы өтеді. Әлемдік саясат акторлары адамзаттың сақталуы мен өмір сүруін қамтамасыз етуді көздейді. Әсіресе ядролық және жаппай қыру қаруларының басқа түрлерін қолдануға, сынауға тыйым салу, оларды таратпау, сатпау мәселесін әлем мемлекеттері бірлесіп шешу қажеттілігін түсініп, ортақ шаралар жасай бастады.
Ә мәтіні
Әлем мемлекеттерінің жаһандық мәселелерді шешу жолдары БҰҰ, ЕЫҚҰ, ШЫҰ, БСҰ сияқты халықаралық ұйымдар арқылы жүргізілсе, әлем халықтары жаһандық қауіптерге қарсы халықаралық азаматтық ұйымдар Гринпис, Халықаралық Қызыл Крест, Шекарасыз дәрігерлер, феминистік, гендерлік ұйымдар қызметтері арқылы жүргізілуде. Бұл ретте әлемдік және аймақтық басым державалардың бейбітшілік пен татулық үлгілерінің маңызы үлкен. АҚШ, Қытай, Ресей, Индия, Бразилия, Жапония, Германия, Ұлыбритания, Пәкістан сияқты қуатты мемлекеттердің агрессияға бармауы, әлемдік тәртіптерде бейбітшілік пен
42
қауымдастығының жаһандық мәселелері мен қауіптерді тиімді шешу саясатын жүргізуге жағдай туғызатыны анық.
Әлемдік саясат халықаралық экономикалық, саяси, мәдени-ақпараттық, технологиялық байланыстардың жаңа деңгейге шығуы нәтижесінен туды. Жаһандық мәселелер ұлттық мемлекеттік шекара көлемінде мүлдем шешілмейді. Көптеген күрделі мәселелер барлық мемлекеттерге ортақ жаһандық жүйеге айналып, жалпы әлемдік сипат алған. Әлемдік саясат әлемдік тәртіпте бейбітшілікті, тұрақтылықты, демократияны сақтауға, саясатқа қатысушы субъектілерді біріктіретін халықаралық орта жасауға бағытталған. Мүдделердің ортақтастығы, адамзатты сақтауға деген зәрулік көптеген мемлекетердің жалпыадамзаттық мүдделердің басымдылығын мойындауына әкеліп отыр.
Әлемдік саясат өркениетті адамзат пен дамыған мемлекеттер ықпалымен біртіндеп ізгіленіп, гуманизацияланып келеді. Ол адамдарды ұлттық, нәсілдік, мемлекеттік, әлеуметтік-таптық тегіне қарамастан жаһандық мәселелерді бірігіп шешуге бастап келеді. Адамдардың бостандығы мен теңдігіне негізделген әлемдік саясаттың қазіргі мақсаттары: халықаралық қауіпсіздік жүйесін жасау, , зорлыққа жол бермеу, халықтар арасындағы сенім мен бейбітшілікке бастайтын қатынастарды қалыптастыру және реттеу, жаппай қырып жоятын және ядролық қарулардың таралуына жол бермеу, әлемдегі қорқыныш пен үрейді, өзара жауласуды тоқтату сияқты жеке адамдар мен халықтардың бейбіт және тыныш өмір сүруін қамтамасыз ету.
[10]
А мәтіні
Тіл үйрену бала санасында ұлттық бірегейліктің қалыптасуымен өріле байланыса жүреді. Мысалы, Ж.Пиаже деген психолингвист ғалым: «Баланың санасында 9-12 жас аралығында өзінің ұлттық бірегейлігі қалыптасады» дейді. Ұлттық бірегейлік психологиялық құбылыс ретінде танылған: тұлғаның өзін бір нәрсенің өкілі, мүшесі санау, жақтаушысы ретінде тануы. Мысалы, бала дүниеге келген соң, өзінің кім екені туралы ойлана бастайды. Сөйтіп, 9-12 жасында өзінің қай ұлттың, мәдениеттің өкілі екенін түсінеді екен. Оның соны түсінуіне әсер ететін нәрсе — ең алдымен тілі, ортасы, қоғамы. Мысалы, үйде атасы-әжесі, ата-анасы орыс тілінде сөйлесе, бала өзін орыс ұлтының өкілімін деуі әбден мүмкін.
Ұлттық бірегейлік деген нәрсе ғалымдардың зерттеуінше үш негізден тұрады:
1. Генетикалық бірегейлік;
2. Мәдени бірегейлік;
3. Тілдік бірегейлік.
Мәселен, тұлға өзін қазақ ұлтының өкілімін деп тануы үшін генетикалық жағынан әке-шешесі қазақ болуы керек. Мәдениет жағынан «Ассалаумағалейкум!» деп қол беріп амандасуы керек, отырысы, жүріс-тұрысы, өзгелермен қарым-қатынасы қазақ мәдениетінде ұстанымдарға сәйкес болу керек. Тілдік бірегейлікке келгенде, қай тілде сөйлесе, сол ұлттың өкілі болады. Осы үшеуінің қайсысы маңызды компонент дегенде ғалымдар мынадай фактілерді келтіреді. Мысалы, шығу тегі, мәдениеті сол ұлтқа тән, бірақ тілі басқа болса, онда мұндай адам өз ұлтымен бірегейлене ме? Кейбіреулер «менің әкем қазақ, шешем қазақ, қазы-қарта жеймін» дейді, бірақ үйде орысша сөйлеседі. Сонда ол адам қазақ ұлтымен бірегейлене ала ма? Толыққанды бірегейлене алмас, бәлкім жартылай бірегейленер. Сөйтіп, ғалымдар мынадай қорытындыға келген: ұлттық бірегейліктің компонентінің ішіндегі ең әмбебабы, ең маңыздысы, тірегі — тілдік бірегейлік. Қай тілде сөйлесең, қай тілде ойласаң, сол тілді жасаған ұлттың өкілі болып саналасың. Бала өз ұлтымен бірегейлену үшін 9-12 жасқа дейін ана тілінде сөйлеу керек.
Ә мәтіні
Жастар арасында сөз кестесін бұрмалау, өзге елдің жаргон сөздерімен сөйлеу күнделікті әдетке айналған. Тарихи қалыптасқан сөйлемнің орын тәртібін бұзып қолданып жүргендері де бар. Қазіргі жастардың күнделікті қалыптасып қалған тіл мәдениетінен мысал
43
келтіре кетейік, бұрынғы «ата» деп сәлем беретін жас бала атасына «аташка», әкесіне «папаша», анасына «мамуля» деп мойындарына асылады. Иіліп сәлем беретін жас келіндер «здрасти» дейтін дәрежеге жетті. Ана омырауындағы сәбиіне «Айналайын, қүлыншагым» деудің орнына өзге тілдегі «сыночек», «дочка» дейді. Жастар бір-біріне «жарасымды киініп алыпсың», «өзіңе құйып цойгандай» деудің орнына «тема киініп алыпсың» дейді. Бірнәрсеге алаңдап, өзіңді қоярға жер таппай тұрсаң «неге потеря болып жүрсін?» дейді.
Бүгінгі жастардың тіл жүтацдыгыныц себептері неде?
Қазақ тілінің әлеуметтік мәртебесі, қоғамдық беделі үш бағытқа тікелей байланысты,
олар:
1. Басқару жүйесі, 2. Ғылым-білім саласы, 3. Бұқаралық ақпарат құралдары.
Егер осы үш жүйеде тіл өз деңгейінде дұрыс қолданылмаса, тілдің беделі төмендей береді. Сондай-ақ, жастардың тіл мәдениетінің төмен болу себептеріне тағы да:
1. Отбасында балалардың сөз әдебіне, тіл мәдениетіне жеткілікті дәрежеде мән берілмеуін;
2. Айналасындағы достарының дөрекі сөздерді қолданып сөйлесулерін;
3. Көркем әдебиетті оқуға деген оқушылардың қызуғушылығының бәсеңдігін жатқызуға болады.
Сөз соңында айтарым, жастық шақ — рухани қор жинау кезеңі, бала кезден жастарға білім алып, жақсыдан ғибрат, оны көкейге түюге дағдылану керек. Осының бәрін ескере отырып, жастарымыз сөйлеу мәдениетін сақтап, «сөз арасын бөтен сөзбен былғамай», тілімізді талан-таражға салмаудың амалын қарастыруы тиіс.
Оқылым
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз.
[10]
Шешендік — қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік — сирек ұшырасатын қасиет, дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.
Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді «риторика» деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. «Риторика» ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан «Шешендікке қысқаша басшылық» атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.
Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: «Қазақтар. мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын», — деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.
Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі — Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жасөспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.
Қазақтың шешендік сөз үлгілерін жинақтап, халықтың осы бір ерекше қасиетін байқаған, бағалаған белгілі ғалым В.В.Радлов: “…Қырғыздар (қазақтар) өз көршілестерінен
44
ұтымды сөздің ұрымтал тұсын тауып қолдана білетін тапқырлығымен және керемет шешендігімен ерекшеленеді. Менің жинаған материалдарым қазақтардың ақылы, ой өрісі мен тілі жайында нақты түсініктер мен мағлұматтар береді деп ойлаймын” деп, ойын басқа түркі тілдес халықтармен салыстыра отырып қорытады.
Қазақ шешендік сөздері — бастау алар қайнар бұлақтарын түркілік танымнан түптен тартып, өзіндік ұлттық ерекшеліктерді, қасиеттерді бойына жинақтап, көркемдік қуатымен, ғибраттық сарынымен дараланған, сондай-ақ, аса бай поэтикалық тілімен өзгеше қалыпта көрінген, халқымыздың рухани азығына айналған көркемдік құбылыс. Сондықтан да баба мұрасы — ұрпаққа ұлағат, кейінгіге аманат, келер күнмен бірге жасайтын рухани асыл қазына.
1. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.
[2]
2. Берілген кестені толтырыңыз
Пікір Түсініктеме
«Қазақтар… мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласың» В.В.Радлов
“…Қырғыздар (қазақтар) өз көршілестерінен ұтымды сөздің ұрымтал тұсын тауып қолдана білетін тапқырлығымен және керемет шешендігімен ерекшеленеді. Менің жинаған материалдарым қазақтардың ақылы, ой өрісі мен тілі жайында нақты түсініктер мен мағлұматтар береді деп ойлаймын” В.В.Радлов
3. Шешендік туа біткен қасиет пе әлде үйренуге болатын өнер ме? Өз пікіріңізді білдіріңіз [2]

[2]
4. Жоғарыдағы мәтін ақпараттарына сілтеме жасай отырып, төрт сөйлем құрастырыңыз.

[4]
45
Жазылым
Екі бөлім бойынша берілген тақырыптардың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз.
[10]
8-бөлім. Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер
1. Жергілікті журналға «Қазіргі таңда жаһандық мәселеге айналып отырған жастардың түрлі ағымдардың жетегінде кетуінің себебі неде?» деген тақырыпта мақала жазыңыз
2. Сіз газеттен «Латын әліпбиі жаһандық ықпалдасуға жол ашады» деген тақырыпта мақала оқыдыңыз. Осы мақалаға өз пікіріңізді білдіру үшін газетке хат жазыңыз»
9-бөлім. Сөз мәдениеті және шешендік өнер
3. «Кез келген адам шешен бола ала ма? деген сұраққа өз пікіріңізді дәлелдеп аргументтік эссе жазыңыз
4. Сіздер мектепте қазіргі қазақ жастарының сөйлеу мәдениетін талқыладыңыздар. Сізден сыныптастарыңыздың алдында қазақ жастарының сөйлеу мәдениетін қалай жақсартуға болатыны жөніндегі ұсынысыңызбен сөз сөйлеуді сұрады. Сөйлейтін сөзіңіздің мәтінін жазыңыз
Тыңдалым және айтылым бойынша балл қою кестесі
Балл Г рамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы Бал л Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті
5 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді. 5 Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды. Талқылау кезінде өз ойын жетік жеткізе алады.
4 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді. 4 Тақырыпты жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып әрі орынды жеткізеді. Талқылау кезінде өз ойын жақсы жеткізе алады, бірақ кей уақытта сырттау қолдауды қажет етеді.
3 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсініспеушілік тудырмайды. 3 Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын-ала дайындап келгендей көрінеді.
2 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді. Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілік тудырады. 2 Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды. Талқылау кезінде қолдаусыз өзін көрсете алмайды.
1 Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын өте аз түсінеді. Түсініспеушілік тудыратын қайталанып келетін қателер жиі кездеседі. 1 Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тіпті жауап бере алмайды. Талқылауға аз қатысады.
46
Оқылымға арналған балл қою кестесі
№ Дескриптор Балл
1 Шешендік — тамырын тереңге жіберген тіл өнері. Шешендік өнер — баба мұрасы, ұрпаққа ұлағат, кейінгіге аманат, келер күнмен бірге жасайтын рухани асыл қазына. 2
2 1. Қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған. 2. Қазақтың шешендік сөз үлгілерін жинақтап, халықтың осы бір ерекше қасиетін байқаған, бағалаған, ойын басқа түркі тілдес халықтармен салыстыра отырып қорытқан. 2
3 Шешендікті туа біткен қасиет, сонымен қатар үйренуге болатын өнер деуге болады. Туа біткен қасиет дейтініміз қазақтың би-шешендері тіл мен жақтың арқасында тұтастай бір ұлттың өмірін сақтап қалатын үлкен даулы мәселелерді тоқтатқан, ал үйренуге болатын өнер деуіміз адам егер шын талаптанып сөз өнеріне ден қойса, оған да үйренуге болады. Бүгінде түрлі шешендік курстарының ашылуы — соның бір мысалы. 2
4 1-сөйлем 2-сөйлем 3-сөйлем 4-сөйлем 4
Барлығы 10
[2]
47
Жазылымға арналған балл қою кестесі
Балл Сипаттама
9-10 □ Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені өте жақсы қолданады, аудиторияны толық тарта біледі, мэтіннің сәйкес формасын дәлелді қолданған. □ Қурылымы сәйкес жэне қатаң сақталған. □ Оқырманға ерекше әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын өте жақсы қолданған. □ Еркін, мәнерлі ойластырылған мазмұндауы бар, күрделі әсерлерге қол жеткізеді. □ Сауаттылықтың деңгейі жоғары.
7-8 □ Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені орынды қолданады, аудиторияны тарта біледі, мэтін формасының қолданысы жүйелі. □ Қүрылымы сәйкес жэне сақталған. □ Оқырманға ерекше әсер ету үшін тілдің шығармашылық қолданысы нақты, анық. □ Қажетті әсерге жетуге ықпал ететін анық жэне үзіліссіз мазмүндауы бар. □ Мағынаны жеткізуде кездейсоқ қателер қиындық тудырмайды.
5-6 □ Сәйкестендірілген құрылымы мен шығармашылық қабілеті анық, аудиторияны сезеді, өз ойын жобалап жеткізеді. □ Қолданылған құрылымы дұрыс, бірақ кейбір жағдайда жүйеленбеген, қүрылымнан ауытқу кездеседі немесе біртексіз қүрылымдар бар. □ Тіл қолдануға деген талпынысы, суреттеу мен баяндау жазбалары қажетті деңгейде. □ Нақты, бірақ біртекті сөз қүрылымдарын қолданады. □ Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы қажетті әсер алуды төмендетеді.
3-4 □ Қажетті үстаным мен мазмүн бар, аудиторияны сезу қабілеті байқалады. □ Қүрылымында ауытқушылық кездеседі, (дәл анық емес), нақты суреттеу мен карама-қайшылықтарды баяндау қабілеті бар, бірақ солғын. Өз ойын жобалап жеткізеді. □ Тілдік амал құралдарын қолдану әрекеті бар, суреттеу, сипаттау элементтері қанағаттанарлық деңгейде. □ Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады. □ Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы жиі кездеседі.
1-2 □ Мағына мен мәселеге тоқталғанмен, шығармашылық тәсілдемеге сай емес, формасы нақтыланбаған, мысалы, суреттеу сұрағына баяндау арқылы жауап береді, өз ойын білдіруде шектеуліктер байқалады. □ Қүрылым әлсіз, үйымдастырылмаған, ауытқулар жиі байқалады. □ Тек кейбір жағдайда ғана тілдің жиі қолданылатын әдістері баяндау мен суреттеу жазбаларына сәйкес. □ Шақтардың қолданылуы анық емес, құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.
0 □ Жүмыс қойылған мақсатқа сай емес, түсініксіз, қүрылым мен мазмүны сай емес. □ Төменгі деңгейдегі құрылымдық қателер (шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) оқушының жалпы әсер ету қабілетін көрсетуге кедергі келтіреді.
48

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *