СОЧ ТЖБ Қазақ әдебиеті 10 сынып ЖМБ

«Қазақ әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып
(жаратылыстану-математикалық бағыт)

МАЗМҰНЫ
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты………………………….3
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар……….3
3. Күтілетін нәтижелер………………………………………….3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі……………………………………4
5. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі…………………….4
6. Модерация және балл қою……………………………………..5
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ…………………6
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………..11
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………..15
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………..21
2
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11-сыныптарға арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. Күтілетін нәтижелер
1) тарихи-әдеби процестің негізгі заңдылықтарын; өлең жолдары мен прозалық мәтіндердің үзінділерін (таңдау бойынша) жатқа; оқытылатын тақырыптар шеңберінде әдеби-тарихи мағлұматтарды және әдеби теориялық түсініктерді; оқытылатын шығармалардың мәдени-тарихи мәнмәтінін және олардың авторларының өмірлік және шығармашылық жолы туралы негізгі деректерді біледі;
2) әдебиеттің рухани-адамгершілік және эстетикалық мәнін; әдебиеттің тарихпен, өнермен байланысын; түр мен мазмұн тұтастығында көркем шығарманы; шығарманың тақырыбын, идеясын, мәселелер жиынтығын, шығармада автордың ұстанымын; көркем шығармалардың бейнелеу табиғатын және жасырын мағынасын; орыс, қазақ және әлем әдебиетінің шығармалары арасындағы ұлттық сипатқа негізделген айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсінеді;
3) көркем шығарманың мазмұнына талдау жасау барысында әдебиеттанудың түсінікті тілін белсенді азаматтық ұстанымды, адамгершілік-рухани қасиетін көрсете отырып, көркем бейнелеуіш құралдар мен стилистикалық тәсілдерді: әдеби тақырыпта ауызша немесе жазбаша сөздерде, талдамалық сипатта өзінің мәтінін дайындағанда, оқыған мәтінді түсіндіріп беруде, пікірталастарда, көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде қолданады;
4) әртүрлі әдеби шығармалар мен оларды сыни тұрғыдан және көркем түрде түсіндіріп беруді; сюжет, композиция ерекшеліктерін, көркем бейнелеуіш құралдар рөлін, басты эпизодтарды, кейіпкерлердің әрекеттері мен қылықтарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін; көркем шығармаларда және фольклорда қазақтың және өзге де ұлттардың адамгершілік мұраты туралы түсініктерін талдайды;
5) көркем шығармаларды қорытындылау, шығармалардың мазмұнын тарихи деректермен салыстыру үшін әртүрлі ресурстарды қолдану арқылы жазбаша мәтіндерді; көркем шығарманың мәселелер бойынша дәлелді пайымдауларды, шығарманың мазмұнын адамгершілік-рухани жағынан толықтыру туралы дәлелді пікірді жинақтайды;
6) мазмұнының өзектілігі мен адамның адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастырудағы оның мәні жағынан шығарманы; композициялық, стильдік тұтастық және тілдік ресімдеу тұрғысынан ауызша және жазбаша сөздерді; өнердің өзге де түрлерімен дайындалған көркем туындыны түсіндіріп беруді; өзі үшін белсенді оқырмандар тобын анықтау үшін көркем шығармаларды бағалайды.
3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Дағдылар тобы Ойлау дағдыларының деңгейі Сипаттама Ұсынылатын тапсырмалар түрі
Түсіну және жауап беру Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсінеді; әдеби шығарманың жанрлық табиғатын таниды; көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтайды және даралайды; көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолданады; ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіреді. Таңдауды қажет ететін сұрақтар
Анализ және интерпрета-ция әдеби шығарманың әртүрлі композициялық ерекшеліктерін талдайды; автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісі; шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін ашу;көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс жазу;қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтайды. Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Бағалау және салыстыру шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалайды; көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға береді; шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады; ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, әдеби сын жазады. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
5. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсандық жиынтық бағалау кезінде кабинеттегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдардың (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) бетін көрінбейтіндей етіп жабу;
Тоқсандықжиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлау;
Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескерту;
Нұсқаулықпен таныстырылып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы ескерту;
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру;
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
4
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізу;
Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескерту;
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің, штрих сұйықтығын қолданудың орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыну;
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам / қарындаштарын партаның үстіне қоюын өтіну.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
5
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы — 40 минут
Түсіну және жауап беру — 10 минут Анализ және интерпретация — 10 минут Бағалау және салыстыру — 20 минут Балл саны — 30
Тапсырмалар түрлері:
Таңдауды қажет ететін сұрақтар Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім — түсіну және жауап беру, екінші бөлім — анализ және интерпретация, үшіншісі — бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
6
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапс ырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырма түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, минут Балл
1-5 10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану; 10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану; 10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру. Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. 10 5
6-8 10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау; 10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орны мен қызметін талдау; 10.2.4.1 көркем шығармада көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы шығармашылық жұмыс (әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу. Толық жауап ты қажет ететін сұрақ тар Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. 10 15
9 10.3.1.1 шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Берілген тақырыпқа өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады. 20 10
Барлығы 40 минут 30
7
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ
1. «Сегіз аяқ» өлеңі лириканың қай түріне жатады?
A) Азаматтық лирика
B) Махаббат лирикасы
C) Саяси-әлеуметтік лирика Б) Табиғат лирикасы
[1]
2. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңінде ақын нені сынға алды?
A) Ел билеушілердің, патшаның болыстық, билік тәртібін
B) Елеулі әлеуметтік мәселелердің бірі — қазақ әйелдерінің жайын
C) Өнердің қадірін кетіріп жүрген ақынсымақтарды
Б) Бай мен кедейдің арасындағы тұрмыс қайшылығын, дәулет теңсіздігін
[1]
3. «…Жақсылыққа елжіреп еритұғын — мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын -мен…» — Абайдың қай қарасөзінен үзінді және бұл сөз кімге тиесілі?
A) 32-қарасөзі, талапқа қатысты
B) 17-қарасөзі, жүрекке тиесілі
C) 19-қарасөзі, хакімнің сөзі
Б) 28-қарасөзі, жақсылықпен байланысты
[1]
4. «Масғұт» поэмасының идеясына сәйкес келетін мақалды көрсетіңіз?
A) Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.
B) Бай мақтанса табылар,
Кедей мақтанса шабылар.
C) Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
Б) Жақсы әйел — жігітке біткен бақ
[1]
5. 32-қарасөзіндегі көтерілген мәселелердің ішіндегі сәйкес емес (айтылмаған) ақпаратты анықтаңыз.
A) Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады.
B) Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?
C) Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын — мен, бірақ мені таза сақтай алмайды.
Б) Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі.
8
2-БӨЛІМ
6. «Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын»,- дейді ұлы Абай атамыз. Өлең жолдарындағы көтерілген мәселеге сәйкес ойыңызды шығармашылықпен (ой толғау,өлең т.б.) жеткізіңіз.
[5]
7. Өлең жолдарындағы астарлы ойды анықтап, көркемдегіш құралдардың қолданысына анықтаңыз.
Лай суға май бітпес қой өткенге,
Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге.
Сол қасқырша алақтап түк таппадым,
Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?
[5]
8. Атадан алтау,
Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Ағайын бек көп,
Айтамын ептеп,
Сөзімді ұғар елім жоқ.
Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым — тап шыным!-деген жолдардағы ақын бейнесін (ішкі сезім, толғанысын) көрсетіңіз.
[5]
3-БӨЛІМ
9. Масғұттың қызыл жемісті таңдауына өзіндік баға бере отырып, шығарманың көркемдік құндылығын талдап, әдеби эссе жазыңыз.
[10]
9
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпараттар
1 С 1 5
2 А 1
3 В 1
4 Б 1
5 С 1
6 Үзіндінің мағынасын ашады; 2 15
Ойын шығармашылықпен жеткізеді; 2
Өзіндік тұжырым жасайды. 1
7 Астарлы ойды табады; 1
Көркемдегіш құралдардың қолданысын анықтайды; 2
Ойын дәлелдейді. 2
8 Берілген өлең жолдары арқылы автор бейнесін анықтайды; 2
Автордың ішкі сезім, толғанысын көрсетеді; 2
Өз ойын дәлелдейді. 1
9 Кейіпкер әрекетіне талдау жасап, өзіндік баға береді; 2 10
Көзқарасын дәлелдейді; 2
Шығарманың көркемдік құндылығын анықтайды; 2
Логикалық қорытынды жасайды 2
мәтін құрылымын сақтайды. 2
10
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы — 40 минут
Түсіну және жауап беру — 10 минут Анализ және интерпретация — 10 минут Бағалау және салыстыру — 20 минут Балл саны — 30
Тапсырмалар түрлері:
Таңдауды қажет ететін сұрақтар Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім — түсіну және жауап беру, екінші бөлім — анализ және интерпретация, үшіншісі — бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапс ыр ма Қамтылатын мақсаттар Тапсырма түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, минут Балл
1-5 10.1.3.1 көркем шығарма дағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; 10.1.2.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну. Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. 10 5
6-8 10.2.1.1 әдеби шығарма ның композициялық ерекшеліктерін талдау; 10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау. Толық жауап ты қажет ететін сұрақ тар Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. 10 15
9 10.3.4.1 ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, шығармаға әдеби сын жазу. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Берілген тақырыпқа өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады. 20 10
Барлығы 40 минут 30
11
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1-БӨЛІМ
1) Қаныштың азан шақырып қойған есімі қандай?
A) Ғабдулғазиз
B) Ғабдулғани
C) Қаныш Б) Кенжетай
[1]
2. Қаныш Сәтбаевтың Семейде семинарияда оқып, білімін шыңдаған кезеңі қай бөлімде қарастырылады?
A) «Алғашқы сапарда»
B) «Биге шықты дөңгелеп»
C) «Қанат ұшқанда қатаяды»
Б) «Судья және профессор»
[1]
3. Оқуын ары қарай тереңдетіп, ағылшын тілін үйренуге талпынған Қаныштың арманы орындалмай елге қайтуына не себеп болды?
A) Ақпан төңкерісінің дүмпуі
B) Оқуын жалғастыратын арнайы мамандардың табылмағаны
C) Ата-анасының өтініші
Б) Денсаулығының сыр беріп, шұғыл емдеу қажеттігі
[1]
4. Қаныштың отбасына қатысты кейіпкерлерді көрсетіңіз.
A) Нұрым, Шорман, Садуақас, Нұрғали
B) Әлима, Имантай, Бөкеш, Шәрипа
C) Имантай, Жүсіпбек, Ғазиз, Қайнекей Б) Әбікей, Таисия, Фатима, Жақып
[1]
5. М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесінің негізгі идеялық мақсаты қандай?
A) Хаттар мен естеліктер, ұлы ғалымның өмірінің бел-белестерін бүкпесіз ашып, ұлағатты ғұмыр жолын ұлықтау
Ә) Ғалымның құпияда келген өмірін сипаттау, ақтап алу
B) Қаныш Сәтбаевтің өмір жолын зерттей отырып, шетелдіктерге таныстыру
Б) Ұмытылып қалған тұлғаның бейнесін ашу, тарихи оқиғаларды зерттеу, қазақтың кен орындарының ашылу тарихын баяндау
12
2-БӨЛІМ
6. «Қазақтың Қанышы» роман-эссесіндегі кейіпкерді сомдаудағы автор бейнесіне талдау жасаңыз. Пікіріңізді мысалдармен дәлелдеңіз.
[5]
7. Медеу Сәрсекенің Қаныш Сәтбаев туралы еңбегінің композициялық ерекшелігіне талдау жасаңыз.
[5]
8. Қаныш Сәтбаев: «Туган жердің тагдыры толгантпаган, жаны тебіреніп, ол туралы ойланбаган жігітті қайтіп азамат дейміз? Туган жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпас». Ұлы тұлғаның бұл пікіріне қатысты өз ойыңызды білдіріңіз.
[5]
3-БӨЛІМ
9. Берілген әдеби сын-пікірге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазыңыз.
«…Жақсы шыгарма — жан серігің. Сәтті сомдалган кейіпкерімен қоса қуантады, ойландырады, мұңайтады. Жаңа шыгармаларды әркез оқуга уақыт табамын. «ЖЗЛ» сериясымен шыққан Медеу Сәрсекенің Қаныш Сәтбаев пен Ебіней Бөкетов жайлы терең зерттеуден туган кітабын сүйсіне оқыдым. Соңгы екі шыгарма кәнігі металлург ретінде маган жаныма ерекше жақын» — деп Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жазушы М.Сәрсекенің шығармашылығына пікір білдірген. Қаныш Сәтбаевтың тұлғалық тұғырын биіктете түсетін шығармалары Медеу Сәрсеке өмірінің өзегіне айналғандай. «Қазақтың Қанышы» романына жазған аңдатпа сөзінде Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың «Ұлтымыздың ұлы перзентін ұлықтаудың тамаша үлгісі осындай-ақ болар…» дегенін Медеу Сапаұлының Сәтбаев тұлғасын әспеттеуіне берілген әділ баға ретінде бағалаймыз.
Ерзат ЖАНАТҰЛЫ
[10]
13
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпараттар
1 В 1 5
2 С 1
3 Б 1
4 В 1
5 А 1
6 Автор бейнесін анықтайды; 2 15
Мысалдармен дәлелдейді; 2
Өзіндік қорытынды жасайды. 1
7 Композициялық ерекшелігін талдайды; 2
Мысалдармен дәлелдейді; 2
Өзіндік баға береді. 1
8 Кейіпкер әрекетін көрсетеді; 2
Өз көзқарасын білдіреді; 2
Түйін жасайды; 1
9 Берілген сыни пікірді негізге алады; 2 10
Өзіндік көзқарасын, сыни пікірін танытады; 2
Ойын мысалдармен дәлелдейді; 2
Логикалық қорытынды жасайды; 2
Сыни-пікірдің стилін сақтайды. 2
14
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы — 40 минут
Түсіну және жауап беру — 10 минут Анализ және интерпретация — 10 минут Бағалау және салыстыру — 20 минут Балл саны — 30
Тапсырмалар түрлері:
Таңдауды қажет ететін сұрақтар Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім — түсіну және жауап беру, екінші бөлім — анализ және интерпретация, үшіншісі — бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
15
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсы Р ма Қамтылатын мақсаттар Тапсырма түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, минут Балл
1-5 10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну; 10.1.3.1 көркем шығармада ғы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; 10.1.5.1 ұлттық құндылықтардың маңыздылығын контекстермен үндестіру. Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. 10 5
6-8 10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау; 10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау; 10.2.5.1 қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтау. Толық жауап ты қажет ететін сұрақ тар Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. 10 15
9 10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Берілген тақырыпқа көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады. 20 10
Барлығы 40 минут 30
16
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1-БӨЛІМ
1. А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесіндегі оқиға немен аяқталады?
A) Тұлпары Қыпшақбоз өлгенде құрмет көрсетілуімен
B) Шаштының ата-анасымен қауышуымен
C) Шашты есімінің қойылуы, сәуегейдің жорамалымен Б) Тасқұлдың азаттық алып еліне қайтуымен
[1]
2. Тасқұлдың Кенжебекті құтқаруына не себеп болды?
A) Кенжебекті аяды, күндіз-түні жұмысқа салғанын көргісі келмеді
B) Олардың ата-анасына сөз бергені есіне түсті
C) Өзінің тағдырын қайталамауын қалады
Б) Тасқұл Кенжебекті құтқармады, ол өзі қашып кетті
[1]
3. Т.Сұлтанбековтың «Көшпелі алтын» шығармасындағы профессорға қатысты ақпараттарды анықтаңыз
A) Көздермен сырласады, өте өжет, есімі — Жоңғаров, лабораториясы бар
B) Сыпайы, көп сөйлегенді ұнатпайды, білімді, био-физик, үйінде қызы бар
C) Есімі — Созақов, редакциядағы профессор, Сәуле деген механикалық адам бар
Б) Ғалым, мейірімді, парасатты, көздер дүниесін басқарушы, Сәуле деген ассистенті бар
[1]
4. Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңіндегі ұлттық құндылық көрінісін көрсетіңіз.
A) Ілінбеу үшін елдік, бірлік керек Ешқашан енді ешкімнің қармағына.
B) Мәнге ие сәттерің көп елде өтетін,
Озбыр жоқ сыбағаңнан кенде ететін…
C) Бөленіп онда бәрің байлық, баққа,
Тіпті ие болсаңдар да атақ, даңққа,
Б) Уақытша көрсендер де қиыншылық,
Мың артық күн кешуден қорқып-бұғып,
[1]
5. «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің идеясына сәйкес келетін мақалды көрсетіңіз.
A) Ел болам десең, бесігіңді түзе
B) Жаңбыр жауса, жер ырысы,
Батыр туса, ел ырысы.
C) Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас Б) Сабыр түбі — сары алтын
[1]
17
2-БӨЛІМ
6. «Шашты» шығармасында Тасқұл бейнесін ашудағы (кейіпкердің әрекетін талдау арқылы) автор көзқарасын анықтаңыз.
[5]
7. Оразақын Асқардың шетте жүрген қандастарға арналған өлеңінің композициялық ерекшелігіне талдау жасаңыз.
Шетелге кетсеңдер де бауыр басып, Құтты орын тепсендер де ауырласып, Атажұрт шақырады тұқымым деп, Құшағын байтақ дала, тауың да ашып. Бөленіп онда бәрің байлық, баққа,
Тіпті ие болсаңдар да атақ, даңққа,
Бірге ұрпақ барсын жарқын болашаққа, Бұрыңдар көшті атамекен жаққа. Қазағың жетті ежелгі арманына, Жағдайдың қарамаңдар бар, жоғына, Ілінбеу үшін елдік бірлік керек Ешқашан енді ешкімнің қармағына. Уақытша көрсендер де қиыншылық, Мың артық күн кешуден қорқып-бұғып, Қожа боп өз жеріңде өз еліңе Не жетсін тер төгуге соны ұғып. Астында өз аспаның, өз туыңның,
Өз ауа, нәрін жұтып өз суыңның, Қандастар қапы қалма, орны бөлек Күнде өз әнұраныңмен оянудың.
Мәнге ие сәттерің көп елде өтетін, Озбыр жоқ сыбағаңнан кенде ететін. Бәріміз ұйымдасып көркейтейік Қазақтың бейбіт, дербес мемлекетін.
Шетелге кетсеңдер де бауыр басып, Құтты орын тепсендер де ауырласып, Атажұрт шақырады тұқымым деп, Құшағын байтақ дала, тауың да ашып. Бөленіп онда бәрің байлық, баққа,
Тіпті ие болсаңдар да атақ, даңққа,
Бірге ұрпақ барсын жарқын болашаққа, Бұрыңдар көшті атамекен жаққа. Қазағың жетті ежелгі арманына, Жағдайдың қарамаңдар бар, жоғына, Ілінбеу үшін елдік бірлік керек Ешқашан енді ешкімнің қармағына. Уақытша көрсендер де қиыншылық, Мың артық күн кешуден қорқып-бұғып, Қожа боп өз жеріңде өз еліңе Не жетсін тер төгуге соны ұғып. Астында өз аспаның, өз туыңның,
Өз ауа, нәрін жұтып өз суыңның, Қандастар қапы қалма, орны бөлек Күнде өз әнұраныңмен оянудың.
Мәнге ие сәттерің көп елде өтетін, Озбыр жоқ сыбағаңнан кенде ететін. Бәріміз ұйымдасып көркейтейік Қазақтың бейбіт, дербес мемлекетін.
[5]
8. «Көшпелі алтын» фантастикалық әңгімесінің әлем әдебиетімен үндестігін байланыстырыңыз. Өз пікіріңіз бен көзқарасыңызды дәлелдеңіз, шығармадан мысал келтіріңіз.
[5]
18
3-БӨЛІМ
9. Біртұтас ел болуымыз үшін әлемнің түкпір-түкпірінде тарыдай шашылып жатқан қазақтың басын қосып, бір шаңырақ астына жиналуы керек. Бұл — бүгінгі күнгі өзекті мәселенің бірі. Шығармаларда көтерілген мәселенің жаңашылдығына баға бере отырып, өз пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
19
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпараттар
1 А 1 5
2 С 1
3 Б 1
4 В 1
5 С 1
6 Кейіпкер әрекетін талдайды; 2 15
Автор бейнесін анықтайды; 2
Өзіндік тұжырым жасайды. 1
7 Өлеңнің композициялық ерекшелігіне талдау жасайды; 2
Автордың стилін анықтайды; 2
Түйін жасайды. 1
8 Әлем әдебиеті үлгілерімен байланыстырады; 2
Өз көзқарасын білдіреді; 2
Мысалдар келтіреді. 1
9 Шығарманың жаңашылдығын талдайды; 2 10
Өткен шығармалармен байланыстырады; 2
Өзіндік ой-пікірін білдіреді; 2
Логикалық қорытынды жасайды; 2
мәтін құрылымын сақтайды. 2
20
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы — 40 минут
Түсіну және жауап беру — 10 минут Анализ және интерпретация — 10 минут Бағалау және салыстыру — 20 минут Балл саны — 30
Тапсырмалар түрлері:
Таңдауды қажет ететін сұрақтар Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім — түсіну және жауап беру, екінші бөлім — анализ және интерпретация, үшіншісі — бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
21
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар Тапсырма түрлері *Тапсырмалар сипаттамасы *Орындау уақыты, минут Балл
1-5 10.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық табиғатын тану; 10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану. Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. 10 5
6-8 10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау; 10.2.2.1 автор бейнесінің шығармадағы белгілі бір оқиғадағы көрінісін анықтау; 10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдардың орыны мен қызметін талдау. Толық жауапты қажет ететін сұрақ тар Оқушылар оқыған шығармалары негізінде берілген сұрақтарға жауап береді. 10 15
9 10.3.3.1 шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар Берілген тақырыпқа өз көзқарасын дәлелдеп, жазба жұмысын жазады. 20 10
Барлығы 40 минут 30
22
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1-БӨЛІМ
1. Драма жанрына сай ерекшеліктерді көрсетіңіз.
A) Көрініс, шымылдық, ремарка, эпилог
B) Әңгіме, кейіпкер, драма, бөлім
C) Тарау, поэзия, жыр, шымылдық Б) Автор, роман, кейіпкер, пьеса
[1]
2. Голощекин (әуелі тұтығып). А-а-ау, л-л-либерализмнің ш-шегі болмаушы ма е-е-еді! Бұл не, Иванов?! Ау, бұл бізді қайдағы бір қаныпезер деспоттар мен тирандарға теңеді ғой! Соны да түсінбедіңдер ме?!
Үзіндіде Голощекин қандай оқиғаға байланысты ашуға булықты?
A) Мүсіреповтың Крайкомның іссапарымен, ұжымдастыру науқанын бақылау мақсатымен өңірлерді аралау кезі туралы жайып салғанда
B) Бір үзім нан сұрап, оның кеңсесінің алдында сұлап жатқандардың үстінен аттап-бұттап өткенін айтқанда
C) Ғабиттің «Біз халық қырылып жатқандықтан атыламыз. Ал сендер халық қайта тіріліп кеткендіктен атыласыңдар!» деген жан айқайын естігенде
Б) Римнің баяғы императорлары Нерон мен Калигуланың «диалектикасы» жөнінде сөз қозғалғанда
[1]
3. «Бесеудің хаты» драмасында «мүнә-фикүн» сөзі қандай мағынада жұмсалады?
A) Азғындық
B) Сатқын
C) Екіжүзді Б) Озбырлық
[1]
4. Жәркен Бөдеш «Жалғыз» поэмасының кіріспесінде қай жануар туралы айтылады?
A) Арыстан
B) Киік
C) Қасқыр ^) Арқар
[1]
5. Автор шығармасында «жалғыздықты» неге балайды?
A) Қорқақтық пен қорқаулыққа
B) Даралық мен даналыққа
C) Сабырлылық пен төзімділікке ^) Ыза мен жеккөрушілікке
23
2-БӨЛІМ
6. «Бесеудің хаты» драмасындағы Голощекиннің бейнесін берудегі композициялық ерекшелігіне талдау жасаңыз.
[5]
7. Мүсірепов: Әне, қап-қара бұлт та ыдырап күн көрінді. Сен ұлы Анасың, Балым! Сен жанын сақтап қалган осы ұлдан әлі бір тайпа ұрпақ дүниеге келіп, өлгендердің орнын толтырмақ. Орнында бар оңалар, жеңеше!
Берілген үзіндінің астарлы мағынасын ашыңыз. Көркемдік сипатына талдау жасаңыз.
[5]
8. «Жалғыздықты» сипаттаудағы ақынның стильдік ерекшелігіне баға беріңіз. Шығармадағы автор бейнесінің көрінісін талдаңыз.
[5]
3-БӨЛІМ
9. Елінің қиямет өмірі мен Голощекиннің солақай саясатынан ығыр болған «бесеуге» хат жаздырған жағдайды сипаттай отырып, әдеби эссе жазыңыз. Шығарма идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдаңыз.
[10]
24
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпараттар
1 А 1 5
2 Б 1
3 С 1
4 Б 1
5 В 1
6 Кейіпкер бейнесін берудегі композициялық ерекшелікті талдайды; 2 15
Шығармадан мысалдар келтіре отырып дәлелдейді; 2
Өз көзқарасын білдіреді. 1
7 Астарлы мағынасын ашады; 2
Көркемдік сипатын талдайды; 2
Ойын мысалдармен дәлелдейді. 1
8 Ақынның стильдік ерекшелігіне баға береді; 2
Автор бейнесін талдайды; 2
Өз ойын дәлелдейді. 1
9 Шығарманың идеялық құндылығын анықтайды; 2 10
Адамгершілік құндылығы тұрғысынан талдайды; 2
Өз көзқарасын, ұсынысын білдіреді; 2
Ойын жүйелі жеткізеді; 2
Эссенің құрылымын сақтайды. 2
25

2 thoughts on “СОЧ ТЖБ Қазақ әдебиеті 10 сынып ЖМБ

  1. Соч қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен керек еді. жаратылыстану бағыты бойынша. алдын ала рахмет

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *