СОЧ ТЖБ Қазақ әдебиеті 10 сынып ҚГБ

«Қазақ әдебиеті» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып
(қоғамдық — гуманитарлық бағыты)

МАЗМҰНЫ
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты………………………….3
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар……….3
3. Күтілетін нәтижелер…………………………………………3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі…………………………………..4
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі……………………………..5
6. Модерация және балл қою……………………………………..5
1 -ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ…………………….6
2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ…………………….10
3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ…………………….15
4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ…………………….20
2
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. Күтілетін нәтижелер
1) тарихи-әдеби процестің негізгі заңдылықтарын; өлең жолдары мен прозалық мәтіндердің үзінділерін (таңдау бойынша) жатқа; оқытылатын тақырыптар шеңберінде әдеби-тарихи мағлұматтарды және әдеби теориялық түсініктерді; оқытылатын шығармалардың мәдени-тарихи мәнмәтінін және олардың авторларының өмірлік және шығармашылық жолы туралы негізгі деректерді біледі;
2) әдебиеттің рухани-адамгершілік және эстетикалық мәнін; әдебиеттің тарихпен, өнермен байланысын; түр мен мазмұн тұтастығында көркем шығарманы; шығарманың тақырыбын, идеясын, мәселелер жиынтығын, шығармада автордың ұстанымын; көркем шығармалардың бейнелеу табиғатын және жасырын мағынасын; орыс, қазақ және әлем әдебиетінің шығармалары арасындағы ұлттық сипатқа негізделген айырмашылықтар мен ұқсастықтарды түсінеді;
3) көркем шығарманың мазмұнына талдау жасау барысында әдебиеттанудың түсінікті тілін белсенді азаматтық ұстанымды, адамгершілік-рухани қасиетін көрсете отырып, көркем бейнелеуіш құралдар мен стилистикалық тәсілдерді: әдеби тақырыпта ауызша немесе жазбаша сөздерде, талдамалық сипатта өзінің мәтінін дайындағанда, оқыған мәтінді түсіндіріп беруде, пікірталастарда, көпшілік алдында сөз сөйлеген кезде қолданады;
4) әртүрлі әдеби шығармалар мен оларды сыни тұрғыдан және көркем түрде түсіндіріп беруді; сюжет, композиция ерекшеліктерін, көркем бейнелеуіш құралдар рөлін, басты эпизодтарды, кейіпкерлердің әрекеттері мен қылықтарын, жазушы стилінің ерекшеліктерін; көркем шығармаларда және фольклорда қазақтың және өзге де ұлттардың адамгершілік мұраты туралы түсініктерін талдайды;
5) көркем шығармаларды қорытындылау, шығармалардың мазмұнын тарихи деректермен салыстыру үшін әртүрлі ресурстарды қолдану арқылы жазбаша мәтіндерді; көркем шығарманың мәселелер бойынша дәлелді пайымдауларды, шығарманың мазмұнын адамгершілік-рухани жағынан толықтыру туралы дәлелді пікірді жинақтайды;
6) мазмұнының өзектілігі мен адамның адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастырудағы оның мәні жағынан шығарманы; композициялық, стильдік тұтастық және тілдік ресімдеу тұрғысынан ауызша және жазбаша сөздерді; өнердің өзге де түрлерімен дайындалған көркем туындыны түсіндіріп беруді; өзі үшін белсенді оқырмандар тобын анықтау үшін көркем шығармаларды бағалайды.
3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Дағдылар тобы Ойлау дағдыларын ың деңгейі Сипаттама Ұсынылатын тапсырма лар түрі
Түсіну және жауап беру Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары — шығарманың тақырыбын, түрі мен жанрын, идеясын, автордың көзқарасын, суреттеулерді, астарлы мағыналарды түсінеді; — әдеби шығармада қолданылған көркемдегіш және стилистикалық құралдардың ерекшеліктерін анықтайды және оларды сипаттай алады; — әртүрлі әдеби шығармалардың мазмұнын зерттейді және өз түсінігін ұсынады; — әдеби шығармалардың мазмұнын баяндайды; — поэзиядан немесе қара сөзден дауыстап үзінді оқиды; — әдеби шығармалардың мазмұны туралы пікірлермен келіседі және қарсыболады; — әртүрлі медиаматериалдарды пайдаланады. Көп таңдауы бар сұрақтар
Анализ және интерпретац ия — әдеби шығармалардың сипаттаутәсілдерін анықтайды; — берілген әдеби шығармалардың тақырыбы мен мазмұнын анықтайды және талдайды; — әдеби шығармалардың тілі мен құрылымын талдайды; — әдеби шығармадағы дәлелдемелерді пайдаланып, өз көзқарастарын ұсынады; — жазушының ойын әдеби шығармада сипатталған кезеңдегі өмірге қатысты байланыстырады. Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Бағалау және салыстыру — авторлардың жұмыстары мен стильдерін бағалайды; — өз жазбаларында, соның ішінде шығармашылық жазуларда әдеби құралдар пайдаланады; — жоспарлау әдістерін пайдаланады; — қазақ және әлемдік әдебиеттегі шығармалардыңмазмұнын салыстырады. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
4
5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/ қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
5
1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Ұзақтығы — 40 минут
Түсіну және жауап беру — 10 минут Анализ және интерпретация — 10 минут Бағалау және салыстыру — 20 минут Балл саны — 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
1-тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар *Сипаттама *Орындау уақыты, мин Балл
1 10.1.1.1 Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну; 10.1.2.1 Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; 10.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; 10.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру; 10.1.5.1 Шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу. Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар 10 5
2
3
4
5
6 10.2.2.1 Шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау; 10.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау. Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар 10 15
7
8
9 10.3.1.1 Шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар 20 10
Барлығы: 40 минут 30
6
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1-БӨЛІМ
1. Үзінділер композициялық құрылымының қай кезеңіне жатады? Сәйкестендіріңіз.
1. Елсіз шөлге тап болуы. Өлдім -талдым дегенде мөлдір бұлаққа кездесуі. А) оқиғаның басталуы 1. 2. 3.
2. Филипп патша қайтыс болған соң В) оқиғаның байланысуы 4.
Ескендірдің таққа отыруы. Әскер жиып көрші елдерді жаулауы. 5.
3. Алған сыйдың қу сүйек екенін біліп ашуға булығу. Аристотельдің ақылы. Таразыға түскен қу сүйек. С) оқиғаның шиеленісуі
4. Алтын қорған. «Бұл — Құдайға ^) оқиғаның шарықтау
бастайтын қақпа» деп ашпай қоюы. Қақпаның ар жағынан алған сый. шегі
5. Хакім Аристотельдің жауабы: Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да, Өлсе тояр көзіне құм құйылғанда. Е) оқиғаның шешімі
[1]
2. «Сегіз аяқ» өлеңінің қай жолдарында мәселе ұлттық мүдде тұрғысынан тұжырымдалған?
A) Еңбек қылсаң ерінбей -Тояды қарның тіленбей.
B) Біріңді, қазақ, бірің дос Көрмесең, істің бәрі бос
C) Баяғы жартас — бір жартас,
Қаңқ етер, түкті байқамас.
Д) Моласындай бақсының
Жалғыз қалдым — тап шыным!
[1]
3. «- Талпынған талаппенен мен де бір ер,
Көп жүрдім, кездей келді көрмеген жер.
Ең болмаса, халқыма көрсетейін,
Сый қылып, белгі болар бір нәрсе бер», — деген өлең жолдары қай кейіпкерге тиесілі?
A) Күзетші
B)Аристотель
C) Ескендір Д) Автор
[1]
4. Өлең жолдарындағы асты сызылған тармақтарда қоғамдағы қандай мәселе көтерілген? Сабырсыз, арсыз, еріншек,
Көрсеқызар жалмауыз,
Сорлы қазақ сол үшін Алты бақан, алауыз.
Өзін-өзі күндейді,
Жақынын жалған міндейді,
A) көрінгенге көзін сүзіп, тамақ асырайтындар туралы
B) ел билеген зорлықшыл жуандардың әрекеті туралы
7
С) берекесі, бірлігі жоқ елдің іс-әрекеті туралы Д) біреудің қол шоқпарына айналғандар туралы
[1]
5. «Болыс болдым мінекей» өлеңінің идеясындағы ұлттық құндылықтың әлемдік тақырыптармен үндестігі бар нұсқаны белгілеңіз.
A) болыстың сайлау үстіндегі іс-әрекеттері мен ой-толғаныстарын баяндау
B) ел қамын ойлап, табанынан тозып, жүгіріп жүрген болыстың портретін сипаттау
C) елге ояз келгендегі болыстың көңіл күйі мен тыныштығының кету себебін көрсету Б) малын шашып, болыс болған жанның әлеуметтік-психологиялық келбетін жасау
[1]
2-БӨЛІМ
6. Лай суға май бітпес қой өткенге,
Күлеміз қасқыр жалап, дәметкенге.
Сол қасқырша алақтап түк таппадым,
Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе? — деген өлең жолдарындағы автордың ойын жеткізудегі көркемдегіш құралдардың қолданысын анықтаңыз. Ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.
[5]
7. Неге Абай адамның көп қасиеттері ішінен қайрат, ақыл, жүрек үшеуін ғана таңдап алған? Пікіріңізді білдіріңіз.
[5]
8. «…ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады. Сол мінез бұзылмасын!..» үзіндіде Абай неліктен мінезді сауытқа теңеп тұр? Автордың идеясына қатысты ойыңыз бен өз көзқарасыңызды жеткізіңіз.
[5]
3-БӨЛІМ
9. Төмендегі тақырыпқа 200-250 сөзден тұратын әдеби эссе жазыңыз.
Абайдың «Ескендір» поэмасының тарихи және көркемдік құндылығын бағалаңыз, шығарма идеясымен мазмұндас туындылармен салыстырыңыз.
[10]
8
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 1. В 2. А 3. Д 4. С 5. Е 1
2 В 1
3 С 1
4 С 1
5 Б 1
6 Көркемдегіш құралдарды анықтайды; 2
Қолданысына талдау жасайды; 2
Өзіндік тұжырым жасайды; 1
7 Автор көзқарасын анықтайды; 2
Өмірмен байланыстырып, дәлелдейді; 2
Өз көзқарасымен байланыстырады; 1
8 Автордың идеясын анықтайды; 2
Автор көтерген мәселеге талдау жасайды; 2
Өз көзқарасын білдіреді; 1
9 Шығарманың тарихи құндылығын бағалайды; Шығарманың көркемдік құндылығын бағалайды; Мазмұндас шығармалармен байланыстырады; Орынды пікір, дәлел келтіреді; Эссе құрылымын сақтайды. 2 2 2 2 2
9
2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Ұзақтығы — 40 минут
Түсіну және жауап беру — 10 минут Анализ және интерпретация — 10 минут Бағалау және салыстыру — 20 минут Балл саны — 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлім, 9 тапсырмадан тұрады: бірінші бөлім -түсіну және жауап беру, екінші бөлім — анализ және интерпретация, үшіншісі -бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
10
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар *Сипаттама *Орындау уақыты, мин Балл
1 10.1.1.1 Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну; 10.1.3.1 Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; 10.1.4.1 Көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру; 10.1.5.1 Шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу. Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар 10 5
2
3
4
5

6 10.2.1.1 Әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау; 10.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау; 10.2.5.1 Әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту. Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар 10 15
7
8

9 10.3.4.1 Шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар 20 10
Барлығы 40 минут 30
11
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ
1. «Ақбілек» романында көтерілген мәселені белгілеңіз.
A. ауыл-елдің тұрмыс-дәстүрлері, тіршілігі
B. қазақ қызының тағдыры, әйел теңсіздігі
C. Ақбілектің жетістікке жетудегі өмір жолы Б. қазақ халқының өткен өмірі мен тарихы
[1]
2. «Ақбілек» романында Мамырбайдан алар өші бар, Ақбілекті орыстарға тауып берген, ауылға қасірет тигізген адам.
A. Іскендір
B. Бекболат
C. Балташ Б. Мұқаш
[1]
3. «…Бұлттар-ау, серпілмейсіцдер ме?! Жапырақтар-ау, сыбдырлап жерге төгілгенше, шерлі сүлуга сая болсацдаршы! Ызгыръщ-ау, ызылдаганша, жапанда жалғыз қалған баланыц әкесіне хабар берсецдерші! Ой, мейірімсіз шіркіндер-ау! Сендердіц қас- қабагыца қараймын, сендерге еркелеймін деп есіл сұлу мұндай күйге ұшырады гой!». Ақбілек осы сөзді қашан айтты?
A. анасының өлімін естіген сәтте
B. орыстардың қолына түскен кезде
C. орыстар соғысқа аттанған соң
Б. анасы апанға апарып тыққан кезде
[1]
4. «Аңыздың ақыры» шығармасындағы ұлттық құндылық қалай көрініс табады?
A. Кіші ханымның шеберге сый көрсетуі
B. Кіші ханымның Әміршіге адалдығы
C. Жаппар шебердің мұнара соғуы
Б. Әміршінің жорықтан қайту салтанаты
[1]
5. «Аңыздың ақыры» романында Кіші ханымның ой-толғанысы, психологиялық ахуалы, күмбезбен үнсіз сұхбаты, Әміршімен, шебермен қарым-қатынасы қай бөлімде кеңірек суреттелгенін көрсетіңіз.
A. Мұнара
B. Қызыл алма
C. Аңыздың ақыры Б. Махаббат
12
2-БӨЛІМ
6. Неліктен автор «Ақбілек» романында қазақ қызының тағдырымен қатар, әлеуметтік төңкеріс тұсындағы қазақ ауылының өзгерісін суреттеген? Ойыңызды 3-4 сөйлеммен жеткізіңіз.
[5]
7. «…Үцірейген-үңірейген екі көздің түбіне тажал тыгылът түргандай. Өндіршегі сорайып, танауы қусырылып, екі беті күлдей боп-боз боп кетіпті, өцінен кісі шошыгандай». Үзіндіде кейіпкер бейнесін сиптаттаудағы көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасаңыз.
[5]
8. Әлем әдебиетіндегі Ақбілек сияқты кейіпкерлердің іс-әрекетін, бейнесін құндылықтар тұрғысынан байланыстырыңыз.
[5]
3-БӨЛІМ
9. Төмендегі тақырыпқа 200-250 сөзден тұратын жазба жұмысын жазыңыз.
«Аңыздың ақыры» шығармасын идеясы жағынан мазмұндас шығармамен салыстырып, әдеби сын жазыңыз.
[10]
13
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 В 1
2 Б 1
3 С 1
4 В 1
5 А 1
6 Шығармадағы қазақ қызының тағдырына қатысты оқиғаларды талдайды; 2
Өз көзқарасы мен пікірін дәлелдейді; 2
Өзіндік тұжырым жасайды; 1
7 Көркемдегіш құралдарды анықтайды, 2
Кейіпкер бейнесін ашудағы қолданысын талдайды; 2
Өзіндік баға береді; 1
8 Әлем әдебиетімен салыстырады; 2
Құндылықтар тұрғысынан талдайды; 2
Өзіндік тұжырым жасайды; 1
9 Шығарманың идеясына талдау жасайды; Мазмұндас шығармалармен салыстырады; Дәлелдер келтіреді; Сыни баға береді; Логикалық бірізділікті сақтайды. 2 2 2 2 2
14
3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Ұзақтығы — 40 минут
Түсіну және жауап беру — 10 минут Анализ және интерпретация — 10 минут Бағалау және салыстыру — 20 минут Балл саны — 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлім, 9 тапсырмадан тұрады: бірінші бөлім — түсіну және жауап беру, екінші бөлім — анализ және интерпретация, үшіншісі -бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
15
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар *Сипаттама *Орындау уақыты, мин Балл
1 10.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; 10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; 10.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру. Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар 10 5
2
3
4
5

6 10.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысы айқындау; 10.2.4.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу; 10.2.5.1 әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту. Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар 10 15
7
8

9 10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру. Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар 20 10
Барлығы 40 минут 30
16
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1-БӨЛІМ
1. «Шақан шері» шығармасындағы кейіпкерлердің ойларын сәйкестендіріңіз.
1. Құдай кедейлікті маңдайыңа жазған. Аңшы атамның екі үйір жылқы, бір қара бура мен кер жорға ат еді, оның өзін сәскеде сұрадың А) Құба-мерген
2. Менің малым-құмда өрген киік, қырда жортқан құлан В) Ажар
3. Жолбарыс аулау-қазақтың ата дәстүрі, машықты өнері С) Қара батыр
4. Тым құрыса ,ел аралап,қайғыңды сейілтіп қайтсаңшы Д) Шақан
A. 2-А, 3-В, 4-С, 1-Б
B. 1-В, 2-Б, 3-А, 4-С
C.1-А, 2-Б, 3-С, 4-В Б.1-А, 2-С, 3-Б, 4-В
[1]
2. «Бұл шеріде диюдың күші, жынның жылдамдығы бар. Ерлігі мен мәрттігі адамда жоқ. Бірақ өз бетімен тимейді ешкімге. »,-деп мінездеме берген кім?
A. Құба мерген
B. Шақан шері
C. Атабек ақсақал Б. Қосаяқ
[1]
3. «Алғашқы ұстаз» шығармасында Алтынай Сүлейменова ұстазы Дүйсенді жамандағандарға неліктен ренжіп, Мәскеуге қайтып кетті?
A. ағасынан рұқсат алып, оқуға шақырғандықтан
B. ең алғаш сауатын ашып, жазу-сызу үйреткендіктен
C. Алтынайды қорғап, Ташкентке оқуға жібергендіктен Б. барлық жауаптар дұрыс
[1]
4. «Алғашқы ұстаз» шығармасында Алтынайды не себепті Ташкентке балалар үйіне жіберді?
A. Алтынайға зорлық жасағандардан қорғағандықтан
B. Алтынайды жеңгесінен қорғағандықтан
C. Дүйсен ұстаздың өз білімінің аздығынан Б. Болашағынан үлкен үміт күткендіктен
[1]
5. «…Атқа мінсем кетемін айбаттанып,
Қылыш көрсем кетемін қайраттанып.
Ғасырлардың бетіне қалқып шыққан,
Біздің халық — бұ да бір қаймақ халық!..» өлең жолдарының негізгі идеясын табыңыз.
17
A. Намысшылдық, батырлық, даралық
B. Мықтылық, өркөкіректік, ұлылық
C. Ерлік, менмендік, жанқиярлық
Б. Өр мінезділік, көрегенділік, шыдамдылық
[1]
2-БӨЛІМ
6. «Шақан шері» шығармасында адамға өздігінен тиіспейтін жыртқыштың әрекетін автордың идеясымен байланыстырыңыз.
[5]
7. «Біз түркілерміз» өлеңінде ұлтжандылық қалай сипатталады? Оқырманға әсерін талдап, өз ойыңызды шығармашылықпен жеткізіңіз.
[5]
8. «Алғашқы ұстаз» әңгімесіндегі Алтынайдың қиын тағдырын әлеуметтік мәселелер тұрғысынан талдаңыз, ойыңызды дәлелдеңіз.
[5]
3-БӨЛІМ
9. «Шақан шері» шығармасындағы көтерілген мәселенің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беріп, пікір білдіріңіз. 100-150 сөз.
[10]
18
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 В 1
2 А 1
3 Б 1
4 С 1
5 А 1
6 Автордың идеясын анықтайды; 2
Автор идеясын оқиғамен байланыстырады; 2
Өзіндік тұжырым жасайды; 1
7 Көтерілген мәселені анықтайды; 2
Оқырманға әсерін талдайды; 2
Өз ойын шығармашылықпен жеткізеді; 1
8 Ғаламдық мәселені анықтайды; 2
Ойын дәлелдейді; 2
Өзіндік тұжырым жасайды; 1
9 Көтерілген мәселені анықтайды; Сыни тұрғыдан талдайды; Жаңашылдығына баға береді; Орынды пікір, дәлел келтіреді; Өзіндік ұсынысын, қорытынды шешімін жаза алады. 2 2 2 2 2
19
4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Ұзақтығы — 40 минут
Түсіну және жауап беру — 10 минут Анализ және интерпретация — 10 минут Бағалау және салыстыру — 20 минут Балл саны — 30
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлім, 9 тапсырмадан тұрады: бірінші бөлім — түсіну және жауап беру, екінші бөлім — анализ және интерпретация, үшіншісі -бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Тапсырма Қамтылатын мақсаттар *Сипаттама *Орындау уақыты, мин Балл
1 10.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну; 10.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу; 10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; 10.1.5.1 шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу. Жауап нұсқаларынан бір дұрысын таңдау/жабық сұрақтар 10 5
2
3
4
5

6 10.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау; 10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау. Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар 10 15
7
8

9 10.3.3.1 шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу; Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар 20 10
Барлығы 40 минут 30
20
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1-БӨЛІМ
1. Роман сюжетіне арқау болған негізгі оқиғаны көрсетіңіз.
A. қазақтың көшпенді өмірі, отырықшы өмірге үйренуі
B. орыс пен қытай арасындағы шекара бөлінісі
C. шекара бөлісінің қазақ жеріндегі ел басқару жүйесіне әсері ^. қытайлардың қамал-қорғандарын соғуы
[1]
2. «Тәуекел той» әңгімесіндегі «…Ата дәстүрін білмеген албастылар, қай қазақ бұрын тойга гүл ұстап келуші еді? Гүл дегеніц кәдімгі шөп. Аш сиыр болмаса, мұндайды мал да жемейді. Бірер күннен кейін өрт шалгандай бүрісіп, қарайып қурап қалады. Көп қабатты үйден шыгарып, цоцысца тастап цүр бекер әуре боласыц?». Үзіндідегі қай кейіпкердің сөзі?
A. Төрегелдінің
B. Жеңіскүлдің
C. Керімқұлдың Б. Төкеңнің
[1]
3. «Томирис» драмасында сақ қызының қандай ерлігі сипатталады?
A. Кир патшасының еліне барып, ерлікпен жерін басып алады.
B. Кир патшасының әскерін ойсырата жеңіп, жеңіске жетеді.
C. Кир патшасымен қанды шайқаста жекпе жекте жеңіске жетеді ^. Кир патшаның басын қанға бөктіріп, еліне қайтарады.
[1]
4. «Тағдыр» романындағы «…Ас пен тойга бару дегеніціз — ет жеп, цымыз ішіп цайту емес, ел көру, жұрт тану болмац. Ертец сеніц алысатын да, ацдысатын да адамдарыц солар болады» үзіндісі арқылы автор қандай ойды астарлайды?
A. Елмен араласу
B. Баланы тәрбиелеу
C. Ұлттық құндылық Б. Қазақы мінез
[1]
5. «Тағдыр» романындағы орыс пен қытай арасындағы шекара бөлінісі қазақтың қай аймағында орын алғанын көрсетіңіз.
A. Құлжа
B. Шәуешек
C. Тарбағатай
Б. Шар-Қызылсу
[1]
21
2-БӨЛІМ
6. «…Жап-жазық ашық маңдайы, жаңа туған айдай иіліп біткен қигаш қасы, жауын шайган мойылдай мөлдіреген ұялы нәркес көзі, қызыл арайлана шапақ атып тұратын, ат жақты сұлу жүзі, түп-түзу пісте мұрыны мен уылжыған оймақ ерні бәрі бүгін айрықша көз тартып тұр». Үзіндідегі көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасаңыз.
[5]
7. «Су бойында бақалар бақылдай бастады. Олардың бацылдаганы әлдекімдердің сақылдап күлгені сияқты боп естіледі. Даладан бақалар да безіп кетіп, қалага келген бе? Несі бар мұнда?». Үзіндіде қандай астарлы ой бар?
[5]
8. «Томирис» драмасындағы «Қазақ үшін қыз — ұлттық намыстың бір белгісі» ойды қалай түсіндірер едіңіз? Өз ойыңызды жеткізіңіз (3-6 сөйлем).
[5]
3-БӨЛІМ
9. Төменде берілген тақырыпта 100-150 сөзден тұратын әдеби эссе жазыңыз.
«Тағдыр» романындағы орыс пен қытай арасындағы шекара бөлінісінің қазақ халқының тағдырына ықпалын талдап жазыңыз.
[10]
22
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 В 1
2 С 1
3 Б 1
4 С 1
5 С 1
Көркемдегіш құралдарды анықтайды; 2
6 Көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасайды; 2
Сипатына баға береді; 1
7 Үзіндідегі астарлы ойды анықтайды; 2
Автор көзқарасын талдайды; 2
Өзіндік тұжырым жасайды; 1
Шығармадағы мәселені талдайды; 2
8 Өз ойын дәлелдейді; 2
Өз ойын шығармашылықпен жеткізеді; 1
9 Шығармадағы қазақ халқының тағдырына талдау жасайды; Өз көзқарасын білдіреді; Шығармадан дәлелдер келтіреді; Өзіндік ұсынысын, қорытынды шешімін жазады; Логикалық бірізділікті сақтайды. 2 2 2 2 2
23

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *