СОЧ ТЖБ География 7 сынып

«Г еография» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға
арналған спецификация
7-сынып
1
2
Мазмұны
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты…………………………..4
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат…………..4
3. Күтілетін нәтиже…………………………………………………4
4. Ойлау дағдыларының деңгейі………………………………………..5
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 6
6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері……………………6
7. Модерация және балл қою…………………………………………..6
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………………7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ……………………..13
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ……………………..19
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ……………………..24
3
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. Күтілетін нәтиже Біледі:
— бастапқы географиялық ұғымдарды, атақты ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін; адам іс-әрекертінің қоршаған ортаға әсерін; карталардың түрлерін, жіктелуін және элементтерін; материктер мен мұхиттардың, жекелеген аумақтардың, және Қазақстан Республикасының табиғат ерекшеліктерін; жекелеген аймақтар және Қазақстан Республикасы шаруашылығының аумақтық және салалық құрылымын, Қазақстан Респуликасының экономикалық-географиялық жағдайын, аумақтық-әкімшілік бөлінуін; табиғатты қорғау және тұрақты даму шараларын.
Түсінеді:
— табиғи және әлеуметтік-экономикалық заңдылықтардың, процестердің, құбылыстардың мәнін; заманауи географиялық кеңістіктің, аумақтық кешендердің ерешеліктерін; географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың өзара байланыстарын; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестердің себептерін.
Қолданады:
— тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі географиялық ұғымдар мен терминдерді; практикалық жұмыстарды орындау барысында географияның заңдары мен формулаларын; нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді, географиялық қабық пен географиялық орта компоненттерінің сандық және сапалық сипаттамаларын анықтау әдістерін.
Талдайды:
— графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты; заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестер мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын; жаратылыстану ғылымдары саласындағы жетістіктер мен ғылыми жаңалықтарды қолдану аясын; географиялық объектілердің орналасу факторларын; қоғамдық өндірістің ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; Қазақстанның географиялық, экономикалық және әлеуметтік дамуының ерекшеліктері мен факторларын, оның дүниежүзіндегі рөлі мен орнын.
4
Жинақтайды:
— кесте, сызбанұсқа, хабарлама түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, эмпирикалық қағидаларды, қағидаттар мен заңдылықтарды жүйелеу, жіктеу және анықтау үшін тірі және өлі табиғатта болатын процестер туралы білімдерді.
Бағалайды:
— түрлі физикалық және химиялық процестердің адамның тыныс-тіршілігі мен қоршаған ортаға әсерін; өнеркәсіптің технологиялық қағидаттарының тірі табиғат компоненттері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға әсерін; пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланудың маңыздылығын; әртүрлі мақсаттар мен қызмет түрлері үшін географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың жарамдылық және пайдалану дәрежесін.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау дағдыларының деңгейі Сипаттамасы Ұсынылған тапсырма түрі
Білу және түсіну География пәнін ғылым ретінде тани отырып, осы ғылымның дамуын үлес қосқан саяхатшылар мен ғалымдардың еңбектерімен танысады, географиялық қабық және оның құрамдас бөліктері туралы білім негіздерін қалыптастырады, әлем халықтарымен, жеке мемлекеттердің орналасу ерекшеліктерімен танысады, табиғат ресурстарының түрлері мен ерекшеліктерін түсінеді, шаруашылық ұғымымен танысады, негізгі салаларын ажыратады. КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
Қолдану Саяхатшылардың жолдарын, географиялық нысандарды картада көрсетеді, кескін картада белгілейді, географиялық қабықта болатын үрдістерді АКТ арқылы әртүрлі форматта көрсетеді (кестелер, диаграммалар, макеттер т.б.), дүниежүзі халықтарының тығыздығын есептейді, халықтардың нәсілдік, этникалық және діни таралу аймақтарын картадан көрсетеді, картадан мемлекеттердің орналасуына қарай бөліну түрлерін ажыратады және көрсетеді, шаруашылықтың салаларын анықтайды. ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жоғары деңгей дағдылары Г еография ғылымының дамуына қосқан саяхатшылардың үлесін талдап, бағалайды, географиялық қабықта болатын құбылыстардың себебі мен салдарын анықтап, алдын алу жолдарын ұсынады, халықтың қоныстануы мен тығыздығына, этнолингвистикалық және діни таралуына байланысты туындайтын мәселелерге экологиялық, экономикалық баға береді, шаруашылық салаларын талдайды, табиғат ресурстарының қорына баға береді. ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
5
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін
мақсаттарды бөлу
Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары
I 33% 44% 23%
II 40% 40% 20%
III 37% 37% 26%
IV 14% 43% 43%
Барлығы 32% 40% 28%
6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы, сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
6
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы — 40 минут Балл саны -25
Тапсырманың түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 9 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырмаларынан білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс бір жауабын таңдайды.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
7
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім / бөлімше Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма № * Тапс ырма түрі* Орындал у уақыты, мин* Балл* Бөлімге берілетін балл саны
7.1.1.1 географияның зерттеу нысандарын анықтайды Білу және түсіну 1 1 КТБ 1 1
7.1.1.3 географиялық дереккөздермен жұмыс істейді: карта,сурет, мәтін, фотосуреттер, графикалық материалдар Қолдану 1 4 ҚЖ 3 2
Географияны зерттеу тәсілдері — Зерттеу мен зерттеушілер 7.1.1.6 географиялық нысандардың, құбылыстардың және үрдістердің ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелейді: диаграмма, профиль, график Қолдану 1 5 ҚЖ 5 2 11
7.1.1.2 саяхатшылар мен зерттеушілердің география ғылымының дамуына қосқан үлесін сипаттап, баға береді Жоғары деңгей дағдылары 1 8 ТЖ 10 6
Картография және деректер базасы -Географиялық карталар 7.2.2.1 географиялық нысандарды топтастырып кесте түрінде көрсетеді Қолдану 1 6 ҚЖ 4 4 4
7.3.1.1 литосфераның құрылысы мен заттық құрамын анықтайды Білу және түсіну 1 2 КТБ 1 1 10
Физикалық география- Литосфера 7.3.1.4 литосфералық катаклизмдердің себеп-салдарын, таралуын түсіндіреді Білу және түсіну 1 3 КТБ 1 1
7.3.1.2 Жердің тектоникалық құрылымы мен литосфералық плиталардың орналасуын картадан көрсетеді және сипаттайды Қолдану 1 7 ҚЖ 5 2
7.3.1.3 Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарын талдайды: дрейф, коллизия, субдукция, спрединг Жоғары деңгей дағдылары 1 9 ТЖ 10 6
Барлығы 9 40 30 30
Ескерту: * — өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
8
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі «География» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Физикалық географияның зерттеу нысанын атаңыз.
A) жер бедері
B) өнеркәсіп
C) халық Б) көлік
Е) шаруашылық
[1]
2. Мұхиттық жер қыртысы қандай тау жыныстары қабаттарынан тұрады?
A) гранит және базальт
B) гранит және шөгінді жыныстар
C) базальт және гнейс Б) әктас және гранит
Е) базальт және шөгінді жыныстар
[1]
3. Литосфералық тақталар қандай соқтығысу аймағында пайда болады?
A) қалқандар
B) жазықтар
C) ойпаттар Б)таулар
Е) платформалар [1]
4. Төмендегі суреттерде бейнеленген нысандардың тиісті кеңістіктік иерархиялық деңгейін атаңыз.
1. 2.
[2]
5. Қазақстанның тауларын биіктіктері бойынша бағандық диаграмма түрінде бейнелеңіз.
Таулар, шыңдары Биіктігі
Алтай, Белуха шыңы 4506 м
Тянь — Шань, Хан Тәңірі шыңы 6995 м
9
[2]
6. Тиісті бағанға белгі қою арқылы географиялық нысандарды, оны зерттейтін географиялық ғылым саласына сәйкестендіріңіз.
Географиялық нысан Физикалық география Экономикалық география
таулар
халық
қалалар
өзендер
[4]
7. Төменде кескін карта берілген.
a. Литосфералық тақталардың біреуінің шекарасын кескін картаға түсіріңіз.
[1]
b. Осы литосфералық тақтаның бір ерекшелігін жазыңыз.
[1]
Жердің тектоникалық қүрылымы. Литосфералық тақталар.
Шартты белгілер
10
8. Мәтінге сүйеніп, сұрақтарға жауап беріңіз.
Ұлы географиялық ашулар кезеңі ХУ-ХУПІ ғасырлар аралығындағы жаңа жерлердің ашылуымен байланысты география тарихында болған аса маңызды жаңалықтармен сипатталады.
1492 жылы Христофор Колумб басқарған испан экспедициясы Атлант мұхиты арқылы Үндістанға баратын жолды іздеу барысында Багам, Кіші Антиль аралдарын ашты, сөйтіп Жаңа дүниедегі жаңа ашуларға негіз салды. Колумб өзі Вест-Индия деп аталған осы аймаққа 1504 жылға дейін тағы 3 рет саяхат жасады.
1497-1498 жж. португал саяхатшысы Васко да Гама төрт кемемен Африканы айналып, араб лоцманының көмегімен Үндістанға жол салды. 1498 жылдың 20 мамырында Васко да Гама басқарған португал кемесі Каликут (Калькутта) қаласының айлағында зәкір тастады. Шығыс Азияны игеру, тонау және бөлісу кезеңі осы күннен басталды. Португалия бұдан былай біраз уақытқа дейін Азиямен сауда байланысында өктемдікке ие болды.
Колумб ашқан жаңа жерлерге 1499-1503 жылдар аралығында Америго Веспуччи 3 рет саяхат жасады. А.Веспуччи жаңа ашылған жерлердің Үндістан емес, жаңа дүние екенін дәлелдеді.
a. Ұлы географиялық ашуларға алып келген жорықтардың мақсатын сипаттаңыз.
[2]
b. Ұлы географиялық ашулардың оң салдарына баға беріңіз. [2]
c. Осы жорықтардың теріс салдарына баға беріңіз.
[2]
9. Суретте бейнеленген жер қыртысының тектоникалық қозғалыс түрін сипаттап жазыңыз.
a. Қозғалыс түрінің атауын жазыңыз._____________________________________________________
[1]
b. Осы тектоникалық қозғалыс үрдісін сипаттаңыз. [2]
с. Үрдіс барысында қалыптасатын жер бедері түрін атаңыз. [1]
й. Осы тектоникалық қозғалыс барысында болатын табиғи апаттық құбылысты атаңыз. [1]
е. Осындай тектоникалық қозғалыс болатын аймақтарға нақты бір мысал келтіріңіз. [1]
11
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша
ақпарат
1 А) жер бедері 1
2 Е) базальт және шөгінді қабат 1
3 ^) таулар 1
4 1-аймақтық; 2- жергілікті. 2
5 Тауларды бағандық диаграмма түрінде бейнелейді 2
6 Физикалық география: таулар өзендер Экономикалық география: халық қалалар 1 1 1 1
7 Литосфералық тақталардың бірінің шекарасын кесін картада көрсетеді (мысалы, Үнді-Австралия мен Африка); бір ерекшелігін атайды (жарықтардың пайда болуы). 1 1
8 — Жорықтардың мақсаты- жаңа жерледің ашылуы; бай мемлекет болып танылған Үндістанмен сауда дамыту. — Географиялық ашулардың маңызы зор: жаңа жерлер ашылды; географиялық карта жаңа жер атауларымен толықтырылды. — Географиялық ашулар жаңа жерлердегі халықтың байлығын тонау және басқа мемлекетке өктемдік жүргізу сияқты кері әсерін де тигізді. 2 2 2
9 — Коллизия (қозғалыс түрі); — Ірі литосфералық плиталардың бірімен бірі соқтығысуы әсерінен болатын құбылыс. Осы қозғалыс түрін Гималай тауларының пайда болу әсерімен байланыстыруға болады. — Тау (жарықтар деп те атауға болады). — Жер сілкіну — Альпі-Гималай аймағы. 1 2 1 1 1
Жалпы балл 25
12
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы — 40 минут Балл саны -25
Тапсырманың түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 10 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырмаларынан білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс бір жауабын таңдайды.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының өз жұмысында географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
13
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім /бөлімше Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма № * Тапсырма түрі* Орындалу уақыты, мин* Балл* Бөлімге берілетін балл саны
Физикалық география- Атмосфера 7.3.2.1 атмосфераның құрамын сипаттайды Білу және түсіну 1 1 КТБ 1 1 13
7.3.2.3 «ауа райы» ұғымын түсіндіреді Білу және түсіну 1 2 КТБ 1 1
7.3.2.2 атмосфераның құрылысы мен қабаттарының ерекшеліктерін графикалық түрде бейнелеп, түсіндіреді Қолдану 1 5 ҚЖ 3 2
7.3.2.6 жергілікті жер компоненті негізінде температура, қысым,жел, бұлттылық, жауын-шашын, ылғалдылық метеорологиялық элементтерінің көрсеткіштері бойынша синоптикалық графикалық материалдарды жасайды Қолдану 1 6 ҚЖ 6 3
7.3.2.7 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде қолайсыз атмосфералық құбылыстарды талдай отырып, сақтану шараларын ұсынады Жоғары деңгей дағдылары 1 9 ТЖ 10 6
Физикалық география- Гидросфера 7.3.3.1 гидросфера және оның құрамдас бөліктерін сипаттайды Білу және түсіну 1 3 КТБ 1 1 12
7.3.3.3 Дүниежүзілік мұхиттың құрамын, географиялық жағдайын сипаттайды Білу және түсіну 1 4 КТБ 1 1
7.3.3.5 мұхит суының қасиеттеріне әсер ететін факторларды анықтайды Қолдану 1 7 ҚЖ 3 2
7.3.3.6 мұхит суының қозғалыстарын жіктеп, түсіндіреді Қолдану 1 8 ҚЖ 4 2
7.3.3.8 Дүниежүзілік мұхит проблемаларын топтастырып, шешу жолдарын ұсынады Жоғары деңгей дағдылары 1 10 ТЖ 10 6
Барлығы 10 40 25 25
Ескерту: * — өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
14
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі «География» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Тропосферадан жоғары 50 км биіктікке созылатын атмосфера қабатын атаңыз.
A) экзосфера
B) тропосфера
C) стратосфера Б) мезосфера Е) термосфера
[1]
2. Тропосфераның белгілі бір жердегі қысқа мерзімдік жай күйін атаңыз.
A) климат
B) ауа райы
C) атмосфералық қысым Б) ауа температурасы
Е) атмосфералық құбылыс
[1]
3. Құрлық суына жатпайтын нысанды көрсетіңіз.
A) атмосферадағы су буы
B) өзендер
C) мұздық Б) көл
Е) жер асты сулары
[1]
4. Суының қасиеті, жануарлар дүниесі ерекше болып келетін мұхит бөлігін белгілеңіз.
A) шұңғыма
B) шығанақ
C) бұғаз Б) арал Е) теңіз
[1]
5. Суретте атмосфераның қабаттары көрсетілген.
а. Бос тор көзге атмосфера қабатының атауын жазыңыз.
[1]
Ъ. Бұл қабаттың ерекшелігін сипаттаңыз.
15
[1]
6. Берілген мәліметтерді пайдаланып, Қазақстан аумағының қарапайым синоптикалық картасын жасаңыз. Тиісті изосызықтарды түсіріп, көрсеткіштерін белгілеңіз. Синоптиктердің хабарлауы бойынша 28.03.2017 ж. сағат 18.00-00.00 аралығындағы ауа райы көрсеткіштері берілген.
Қала Ауа температурасы Атмосфералық қысым Бұлттылық, жауын шашын
Шымкент 15-20 оС 950 Мб Күн ашық
Астана 5-10 оС 920 Мб Бұлтты, тұман
Атырау 10-15 940 Мб Күн ала бұлтты
Қазақстанның синоптикалық картасы
…. . . . [3]
7. Мұхит суының қасиеттерінің бірі — тұздылық. Әлемдегі ең тұзды теңіз — Қызыл теңіз. Осы теңіздің тұздылығына әсер ететін факторлардың ішінен екеуін сипаттап жазыңыз.
[2]
8. Мұхиттың беткі суы толқын жасап қозғалатынын білесіз. Осы толқындардың пайда болуының екі түрлі себебін сипаттап жазыңыз.
[2
9. Ауа райының қолайсыз кубылыстарын атап, сипаттаңыз.
а. Берілген суреттерде бейнеленген ауа райының қолайсыз құбылыстары ішінен өзіңіз өмір сүретін аймақта жиірек болатын біреуін таңдап атаңыз.
16
[1]
Ъ. Осы құбылыс өзіңіз тұратын аймақта қаншалықты жиі болатынына дәлел келтіріп жазыңыз.
[1]
с. Аталған қолайсыз ауа райы құбылысының адамға теріс әсерін сипаттаңыз.
[2]
ё. Осы құбылыстың әсерінен сақтану жолдарын ұсыныңыз.
[2]
10. Дүниежүзілік мұхит проблемаларының ішінен екеуін атап, олардың себептерін, салдарын сипаттап, сол проблемаларды шешу жолдарын ұсыныңыз.
1.
себебі
салдары [1
[1
проблеманы шешу жолдары
[1
2.
себебі
[1
салдары
[1
проблеманы шешу жолдары
[1
Балл қою кестесі
17
№ Жауап Балл Қосымша
ақпарат
1 С) стратосфера 1
2 В) ауа райы 1
3 А) атмосфералық су буы 1
4 Е) теңіз 1
5 Озон қабаты Жердегі тіршілікті күннің ультракүлгін сәулелерінен қорғайды 1 1
6 Шымкент қаласындағы ауа райы көрсеткіштерін белгілейді Астана қаласындағы ауа райы көрсеткіштерін белгілейді Атырау қаласындағы ауа райы көрсеткіштерін белгілейді 1 1 1
7 Тропиктік белдеуде орналасуы Құятын өзендердің жоқтығы 1 1 мұхиттан өте оқшаулығы
8 Толқындар желдің әсерінен пайда болады Цунами толқынын сипаттайды 1 1 толысу және қайтуды сипаттайды
9 Қатты жел (көктайғақ, қуаңшылық) Қатты жел жылдың 4 мезгілінде де болады Терінің құрғауы, тыныс жолдарының ауыруы Қатты жел болғанда маска кию; желден сақтану үшін ық жерлермен жүру. 1 1 2 2
10 Дүниежүзілік мұхит проблемасының бірінші себебі: мұнаймен ластану; салдары мұнайдың суға жайылуынан организмдердің өлуі; тасымалдау кезінде танкерлердің толық тексеруден өткізу. Дүниежүзіік мұхит проблемасының екіншісі себебі: антропогендік әсері; салдары: адамдардың қалдырған қалдықтардың шіруінен организмдердің ластануы; адамдармен жүргілетін жұмыс түрлері. 1 1 1 1 1 1
Жалпы балл 25
18
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы — 40 минут Балл саны -25
Тапсырманың түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырмаларынан білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс бір жауабын таңдайды.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының өз жұмысында географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
19
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім / бөлімше Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма № * Тапс ырма түрі* Орындалу уақыты, мин* Балл* Бөлімге берілетін балл саны
Физикалық география- Биосфера 7.3.4.1 биосфераның құрамын, құрылымын, шекаралары мен қасиеттерін анықтайды Білу және түсіну 1 1 ҚЖ 2 2 12
7.3.4.2 топырақ құрамын, түрлерін анықтап, құрылымын графикалық түрде көрсетеді Қолдану 1 4 ҚЖ 4 2
7.3.4.3 Қазақстанда топырақ түрлерінің таралуын анықтайды Қолдану 1 5 ҚЖ 2 2
7.3.4.5 топырақтардың экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады Жоғары деңгей дағдылары 1 7 ТЖ 10 6
Физикалық география- Табиги аумақтар 7.3.5.1 географиялық қабық, материктер мен мұхиттар, зоналар және белдеулер, ландшафт табиғи-аумақтық кешендерінің қалыптасуын түсіндіреді Білу және түсіну 1 2 ҚЖ 2 2 6
7.3.5.2 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде түрлі деңгейдегі табиғи кешендерді жоспар бойынша сипаттайды Қолдану 1 6 ҚЖ 5 4
Әлеуметтік география — Халық географияс ы 7.4.1.1 дүниежүзі халқықтарының этнолингвистикалық жіктелуін түсіндіреді Білу және түсіну 1 3 ҚЖ 2 2 7
7.4.1.4 Қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде ұлтаралық және дінаралық келісімнің қажеттілігін дәлелдейді және оны қалыптастыру жолдарын ұсынады Жоғары деңгей дағдылары 1 8 ТЖ 13 5
Барлығы 8 40 25 25
Ескерту: * — өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
20
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі «География» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Сурет бойынша биосфераның шекарасын анықтап, ағзалардың биосферадағы таралу шекарасын бос жолдарға жазыңыз, ол ағзалардың басқа тірі ағзалардан бір
ерекшеліктерін көрсетщіз.
2. Сөйлемді толықтырыңыз.
Табигат кешендері — географиялық қабықтың құрамдас бөліктері: жер бедері — тау жыныстары, климат, ауа, су, топырақ, өсімдік, жануарлар дүниесі. Жалпы табиғат
кешендері: І.жаһандық, 2.____________ , 3. жасанды, 4. зоналық, 5.______________ деп
бөлінеді. Жаһандық табиғат кешеніне географиялық қабық жатады.
[2]
3. Кестеде берілген тілдік семьяға Қазақстан халықтарына кіретін ұлт атауларымен толықтырыңыз.
[2]
4. Топырақтың қалыптасуына әсер ететін факторларды анықтаңыз.
Топырақ
[2]
5. Топырақтың қалыптасуына және таралуына әр түрлі факторлар әсерін тигізеді.
21
a.Картадан Қазақстанның «?» белгісі қойылған аймағының топырақ түрін анықтаңыз. [1]
b.Осы топырақтың басты ерекшелігі қандай?
^ ^ [1]
6. Жергілікті жердің табиғат кешендерін жоспар бойынша сипаттаңыз.
Табиғат кешенінің аты Климаты (орташа і, орташа жауын-шашын мөлшері) Топырағы Өсімдіктері Жануарлары

[4
7. Төмендегі фотосуреттерде топырақтың экологиялық жағдайы берілген.
1 2 3
a. Әр суреттегі топырақтың құнарсыздану жолын жазыңыз.
__________________________________________________________________________________ [3]
b. Топырақтың экологиялық жағдайын қалпына келтірудің 2 жолын ұсыныңыз.
[2]
c. Өз пікіріңізді қорытындылаңыз.
[1]
8. Жергілікті жердегі халықтың ұлттық құрамына жоспар негізінде талдау жасаңыз.
a. Жергілікті жерде тұратын ұлт өкілдері_________________________________________________ [1]
b. Жергілікті жерге қоныстану себептері__________________________________________________ [1]
c. Ұлттардың діни нанымы ________________________________________________________________ [1]
й. Ұлтаралық, дінаралық келісімінің іске асырылуы________________________________________ [1]
е. Қорытынды _____________________________________________________________________________[1]
22
Балл қою кестесі
№ Жауапт Балл Қосымша ақпарат
1 1. Атмосфера — 18 км 2. Литосфера — 3-7 км 1 1
2 2. Ірі 5. Шағын 1 1
3 Украиндар Беларустар 1 1
4 А1 — 5,8 м А 2 — 25,4 м 1 1
5 Қара топырақ Г умусы жоғары 1 1
6 Өзі таңдап алған табиғат кешенін кестеде сипаттайды: Климаты Топырағы Өсімдіктері Жануарлары 1 1 1 1
7 1 -суреттегі топырақтың құнарсыздану жолы-шамадан тыс ылғалдың көп болуы; 2-суреттегі топырақтың құнарсыздану жолы-егістіктің көп отырғызылуы; 3-суреттегі топырақтың құнарсыздану жолы-қуаңшылық; Қалпына келтірудің жолы- дамба орнату Қалпына келтірудің жолы- жер асты суларынан жасанды фонтан салу; Сол әрекеттер нәтижесінде топырақтың қалпына келуін бақылауға болады. 1 1 1 1 1 1
8 Жергілікті жердегі ұлттарды жоспар бойынша сипаттайды a. Елді жерде тұратын ұлт өкілдері- орыстар, қырғыздар, т.б. b. Жергілікті жерге қоныстану себептерінің бірі шекара жақын орналасуы, (тарихи қоныстану) т.б. c. Христиандар Ь. Мәдени орталықтары бар (тарихи байланыс) т.б. е. Қорытынды жасайды 1 1 1 1 1
Жалпы балл 25
23
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы — 40 минут Балл саны -25
Тапсырманың түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 7 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырмаларынан білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс бір жауабын таңдайды.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
24
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім / бөлімше Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма № * Тапс ырма түрі* Орындалу уақыты, мин* Балл* Бөлімге берілетін балл саны
Экономикалық география- Табиги ресурстар 7.5.1.1 табиғи ресурстарды жіктейді Білу және түсіну 1 1 ҚЖ 2 2 10
7.5.1.3 табиғи ресурстардың шоғырлананған орындарын картада көрсетеді Қолдану 1 2 ҚЖ 5 4
7.5.1.4 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде табиғи ресурстарды игерумен байланысты проблемаларды талдап, шешу жолдарын ұсынады Жоғары деңгей дағдылары 1 5 ТЖ 8 4
Экономикалық география- 1. Әлеуметтік- экономикалық ресурстар 2.Дүние жүзілік шаруаш ылықт ың салалық және аумақтық құрылымы 7.5.3.1 шаруашылық салаларын жіктейді және маңыздылығын түсіндіреді: ауылшаруашылық және өнеркәсіп Қолдану 1 3 ҚЖ 2 2 7
7.5.2.2 Қазақстандық компонентті қосымша қамти отырып әлеуметтік инфрақұрылымының элементтерін сипаттау негізінде оның маңыздылығына баға береді Жоғары деңгей дағдылары 1 6 ТЖ 10 5
Елтану және саяси география негіздері — Дүниежүзі елдері 7.6.1.1 Қазақстандық компонентті қосымша қамти отырып, елдерді географиялық орнына байланысты топтастырады Қолдану 1 4 ҚЖ 3 4 8
7.6.1.5 Қазақстандық компонентті қамту негізінде елдердің географиялық, экономикалық-географиялық жағдайына баға береді Жоғары деңгей дағдылары 1 7 ТЖ 10 4
Барлығы 7 40 25 25
Ескерту: * — өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
25
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі «География» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Табиғат ресурстарын қолдануға байланысты сызбанұсқаны толықтырыңыз.
2. Кескін картаға су ресурстарының қоры бойынша (а), мыс қоры бойынша (Ъ), жер ресурстарының қоры бойынша (с), алтын қоры бойынша (Ъ) бірінші орындағы елдерді көрсетіңіз.
а________________________ [1]
Ь________________________ [1]
с________________________ [1]
Ь________________________ [1]
3. Берілген анықтама мен ұғымдарды пайдаланып, шаруашылық салаларын анықтаңыз.
a. Материалдық өндірістің ежелгі әрі кең тараған саласын__________________________________________ [1]
b. Құрамына мұнай, газ, көмір өнеркәсібін біріктіретін шаруашылық саласын
[1]
4. Берілген мемлекеттерді географиялық орнына байланысты топтастырыңыз: Қазақстан, Индонезия, Үндістан, Мадагаскар, Жапония, Испания, Австралия.
Құрлықтық Аралдық Түбектік Архипелаг-елдер

[4]
26
5. Төмендегі суреттерде минералдық ресурстарды игеруге байланысты жер бедерінің өзгерісі берілген.
Өз таңдауыңыз бойынша бір суретті алып, талдау жасаңыз.
a. Сіз таңдаған суреттер қай терминге сәйкес келеді: өндіру, террикон, карьер.
b. Осындай өзгерістің қай түрі сіздің аймақта кездеседі?
c. Жер бедерінің өзгерісінен қандай экологиялық мәселе туындайды?
б. Мәселені шешудің нақты бір жолын ұсыныңыз.
[1]
[1]
[1]
[1]
6. Әлеуметтік инфрақұрылымға (қызмет көрсету): білім беру, денсаулық сақтау, сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету, т.б жатады. Осы түрлердің бірін таңдап, жоспар бойынша талдаңыз, маңыздылығына баға беріңіз.
a. Өзіңіз таңдаған инфрақұрылым түріне сипаттама беріңіз.
[1]
b. Осы инфрақұрылым түрінің маңыздылығын сипаттаңыз. [1]
[1]
[1]
[1]
с. Заман ағымына байланысты өзгерістерді жазыңыз.
б. Сіз үшін маңыздылығы қандай?
е. Осы инфрақұрылым түрінің адам өміріндегі рөлін бағалаңыз.
7. Картаны қолдана отырып, Қазақстан мемлекетінің экономикалық-географиялық жағдайына сипаттама беріңіз.
a. Қазақстанмен шекаралас мемлекеттер.
b. Мемлекет территориясы арқылы өтетін транзиттік жолдар.
[1]
[1]
с. Экономикалық-географиялық орнының әлемнің басты экономикалық орталықтарына қатысы.
б. Елдегі табиғат ресурстарының қоры және әлем экономикасындағы рөлі.
[1]
[1]
27
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 a. Қалпына келетін b. Қалпына келмейтін 1 1
2 a. Бразилия b. Чили c. Австралия ё. ОАР 1 1 1 1
3 Материалдық өндірістің ежелгі әрі кең тараған саласы — ауыл шаруашылыгы Құрамына мұнай, газ, көмір өнеркәсібін біріктіретін шаруашылық саласы — отын-энергетика кешені 1 1
4 аралдық — Мадагаскар, Жапония түбектік — Испания, Үндістан құрлықтық — Қазақстан, Австралия архипелаг-елдер — Индонезия 1 1 1 1
5 a. Карьер b. Пайдалы қазбалардың ашық әдіспен алынуы c. Қоршаған ортаға шаң (газ) т.б. бөлінуі Ъ. Карьерден кейін жасанды көл (амфитеатр) жасауға болады. 1 1 1 1
6 a. Тұрмыстық қызмет көрсету (шаштараз, әдемілік салондары т.б.) b. Адамның сырт бейнесін дұрыстауда маңызды c. Технология дамуына байланысты жаңа түрлері ашылуда Ъ. Менің жеке басымның әдемілігі үшін т.б. е. Жеке адам үшін де маңызды (әдемілік, әсемдік, күтіну т.б.) 1 1 1 1 1
7 a. Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан b. Азия-Европа, Ресей-Қытай, Батыс Европа -Қытай т.б. c. Транзиттік мемлекет Ъ. Жер қорынан 9-орын, химиялық элементтердің 103 астам түрі бар. 1 1 1 1
Жалпы балл 25
28

One thought on “СОЧ ТЖБ География 7 сынып

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *