СОЧ ТЖБ Физика 8 сынып

«ФИЗИКА» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
8-сынып
ЖОБА
2
ЖОБА
МАЗМҰНЫ
1. ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАҚСАТЫ…………………..4
2. ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАЙТЫН ҚҰЖАТТАР ……………………………………………………. 4
3. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР………………………………….4
4. ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ……………………………4
5. ТОҚСАНДАРҒА ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІНЕ БАЙЛАШІСТЫ ТЕКСЕРІЛЕТІН МАҚСАТТАРДЫ БӨЛУ……………………………5
6. ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ…………………….6
7. МОДЕРАЦИЯ ЖӘНЕ БАЛЛ ҚОЮ………………………………6
1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………7
2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ……………..13
3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ……………..18
4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ……………..26
3
ЖОБА
1. ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАҚСАТЫ
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
2. ТОҚСАНДЫҚ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАЙТЫН ҚҰЖАТТАР
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «Физика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
3. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР Білім алушы:
— қоршаған әлемді тану және ондағы өзінің орнын сезіну үшін ғылыми ұғымдар мен терминдерді, заңдар мен заңдылықтарды пайдалана біледі, табиғаттағы процестердің себеп-салдарлық байланыстарын анықтай алады;
— табиғи құбылыстар мен процестердің, заңдар мен заңдылықтардың болмысын және олардың түсініктемелерін ашу үшін тәжірибелік эксперименттік, зерттеушілік жұмыс жүргізе біледі;
— әлемнің ғылыми көрінісі туралы өз көзқарасын кеңейту үшін, жағдайларды бағалау және белгілі шешім қабылдау үшін жаратылыстану-ғылыми білімнің ақпараттық-ұғымдық аясында түсінігі болады, оларды пайдалана біледі.
4. ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ
Ойлау дағдыларының деңгейі Сипаттама Ұсынылатын тапсырмалар түрлері
Білу және түсіну Білу: — бастапқы физикалық ұғымдарды; — физикалық шамалардың өлшем бірліктерін; — жылу физикасы, жылу мөлшері, электр өрісі, магнит өрісі, электр тогы, өткізгіштерді жалғау, электр энергиясын тұтыну, жарық құбылыстары, оптикалық құралдар, электромагниттік толқындар спектрі бөлімдеріндегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды; — физикалық құбылыстарды; Түсіну: — шамалардың физикалық мағынасын, механика, астрономияның негізгі терминдері мен заңдарын; — физикалық құбылыстардың маңыздылығын; Деңгейді тексеру үшін Көп таңдауы бар тапсырмалар (КТБ) және/немесе Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
4
ЖОБА
Қолдану Қолдану: — процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі физикалық ұғымдар мен терминдерді; — қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында физика заңдары мен формулаларын; — нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді; — өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін; — алынған білімдерін физикалық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге; Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ)қажет ететін тапсырмалардыжәне/нем есе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
Жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау) Талдау: — эксперимент нәтижесінде алынған деректерді, — графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты, — заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына және оның құрылымына тәуелділігін; Жинақтау: — кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды, — гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді, — эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын; Бағалау: — жасалған эксперименттің нәтижелерін. Деңгейді тексеру үшін Қысқа жауапты (ҚЖ) қажет ететін тапсырмаларды және/немесе Толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмаларды пайдалану ұсынылады
5. ТОҚСАНДАРҒА ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТЕКСЕРІЛЕТІН МАҚСАТТАРДЫ БӨЛУ
Тоқс ан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары
Ұсынылған Ұсынылған Ұсынылған
I 56 % 20 % 24 %
II 32 % 52 % 16 %
III 20 % 60 % 20 %
IV 24 % 56 % 20 %
Барл ығы 33 % 47 % 20 %
5
ЖОБА
6. ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын нұсқаулық оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
7. МОДЕРАЦИЯ ЖӘНЕ БАЛЛ ҚОЮ
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
6
ЖОБА
1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИК А ЦИЯСЫ
1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы — 40 минут Балл саны — 25 балл
Тапсырма түрлері:
КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ -қысқажауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ — толықжауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп таңдауы бар тапсырмаларды, қысқа және толық жауапты сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларға білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Білім алушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
7
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма саны* № тапсырма* Тапсырма түрі* Орындау уақыты, мин* Балл* Бөлім бойынша балл
Жылу құбылыстары 8.3.1.1 -молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау Білу және түсіну 5 1 КТБ 1 1 15
8.3.2.1 -дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдерін сипаттау Қолдану 2 ҚЖ 2 2
8.3.2.2 -жылу берілудің түрлерін салыстыру Білу және түсіну 4 ТЖ 6 2
8.3.1.2 -температураны әр түрлі шкала (Цельсий, Кельвин) бойынша өрнектеу Қолдану 3 ҚЖ 4 2
8.3.2.9 -жылулық тепе-теңдік теңдеуін есептер шығаруда қолдану Қолдану 5 ТЖ 11 8
Заттың агрегаттық күйлері 8.3.2.11 -заттың балқу және қатаю үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау Жоғарғы деңгей дағдылары 3 8 ТЖ 7 4 10
8.3.2.15 -меншікті булану жылуын анықтау қолдану 6 ТЖ 8 5
8.3.2.16 -қайнау температурасының сыртқы қысымға тәуелділігін түсіндіру Білу және түсіну 7 ҚЖ 2 1
Барлығы: 8 40 25 25
Ескерту: * — өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Физика» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларының дұрыс тұжырымдалған нұсқасын таңдаңыз.
A) Бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі. Дене бөлшектерінің арасында тебілу күштері де тартылу күштері де болады.
B) Бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі. Дене бөлшектерінің арасында тек тебілу күштері ғана болады, ал тартылу күштері ешқашан болмайды.
C) Бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі. Дене бөлшектерінің арасында тек тартылу күштері ғана болады, ал тебілу күштері ешқашан болмайды.
Б) Барлық денелер макробөлшектерден тұрады.
[1]
2. Ішкі энергияны өзгертудің бір тәсілі суретте көрсетілген. Колба ішінде ауа бар.
экран
Г»
бояү
О
а) Ішкі энергияны өзгертудің тәсілін атап көрсетіңіз.
[1]
Ь) Колба ішіндегі ауаның ішкі энергиясын өзгертудің тағы бір жолын жазыңыз.
[1]
3. Суретте екі түрлі термометрлер бейнеленген.
0 «С————
273 К
а) Екі термометр арасындағы байланыс формуласын жазыңыз.
[1]
Ь) Берілген суретті пайдалана отырып, белгісіз термометр көрсеткішін анықтаңыз.
.оС
[1]
9
ЖОБА
4. Арман әр түрлі металдан жасалған, бірақ массаслары бірдей блоктарды қыздыру үшін тек бір ғана қыздырғышты қолданады. Қыздырғышты тек 300 секунд уақыт бойы қыздыратын функциясына қояды.
а) Қай металдан жасалған блок қаттырақ қызады?
Металл блок Меншікті жылу сыйымдылық Дж/(кг*°С)
Алюминий 900
Темір 450
Қорғасын 130
Дұрыс деген жауапты дөңгелектеп белгілеңіз.
алюминий темір қорғасын
ш
Ь) Неліктен бұл жауапты таңдағаныңызды меншікті жылу сыйымдылығы тұрғысынан сипаттап жазыңыз.
[1]
5. 1) Арман зертханалық жұмыс жасау үшін массасы 200 г, температурасы 90 °С болатын ыстық суға массасы 100 г, температурасы 10 °С болатын салқын суды құйып араластырады. Судың меншікті жылусыйымдылығы 4200 Дж/(кг*°С).
a) Берген және алған жылу мөлшерінің формуласын жазып көрсетіңіз.
[1]
b) Орныққан температураны анықтайтын өрнекті жазып көрсетіңіз.
[2]
c) Шыққан сұйықтықтың орныққан температурасын есептеп шығарыңыз.
[2]
2) Температурасы 10 °С, массасы 300 г су құйылған массасы 500 г болатын алюминий ыдысты 80 °С дейін қыздырады. Алюминийдің меншікті жылу сыйымдылығы 900 Дж/(кг*°С). Қыздыруға кеткен жылу мөлшерін анықтаңыз.
[3]
6. Суретте жаңбырдан кейінгі жолдағы шалшық су бейнеленген.
а) Күні бойы су асфальт бетінен жоғалып кетеді. Бұл су бөлшектерінің шалшық судан ауаға бөлінуі нәтижесінен болады. Бұл қандай процесс? Дұрыс жауапты дөңгелектеп белгілеңіз.
конденсация кебу сәулелену
[1]
10
ЖОБА
b) Бұл процестің тез жүруіне себепші болатын ауа-райының екі өзгерісін сипаттап жазыңыз.
[2]
c) Асфальт бетіндегі шалшық су 2 кг болса, ол толығымен буланып кетуге кеткен жылу мөлшерін анықтаңыз. Меншікті булану жылуы 2,3 106 Дж/кг.
7. Неліктен терең шахтада судың қайнау температурасы 100 °С емес?
8. Графикте муздың еріп буға айналғандығы көрсетілген.
[2]
[1]
[1]
Ъ) егер мұз массасы 500 г болса, мұздың толық еруіне кеткен жылу мөлшерін анықтаңыз. Мұздың меншікті жылу сыйымдылығы мен меншікті балқу жылуы сәйкесінше: 2100 Дж/(кг*°С) және 330 кДж/кг.
[3]
Жалпы балл: 25
11
ЖОБА
1-тоқсан бойынша балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1 А 1
2 а) жылу беру арқылы 1 Үйкеліс
Ъ) механикалық жұмыс 1
3 а) Т = (і + 273)К 1
Ъ)-173 оС 1
4 а) қорғасын 1 Кестені қолданады
Ъ) Қорғасынның меншікті жылусыйымдылығы төмен Аз жылу беріп, тез қыздыруға болады 1
5 1) а) Фыстық Фсуық н/е —стъ1(Ө — 1і) = стс (Ө — і^) 1
Ъ) = ШыГі + тсІ2 Шы + Шс 2
с) ХБЖ масса дұрыс ауыстырса 0,2 кг; 0,1 кг 63,3 оС н/е 63 оС 1 1
2) ^ = сАітАі (80 — 10) = 31500 Дж @2 = сстс (80 — 10) = 88200 Дж С = Сі +

One thought on “СОЧ ТЖБ Физика 8 сынып

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *