СОЧ ТЖБ Биология 9 сынып

«Биология» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 9-сынып

МАЗМҰНЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты……………………..3
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар…..3
3. «Биология» пәні бойынша күтілетін нәтижелер……………………3
4. «Биология» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейі……………..4
5. Ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды тоқсандарға бөлу
5
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі……………………………..5
7. Модерация және балл қою……………………………………..5
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ…………………6
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………..15
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………….24
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ………………….33
2
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау күтілетін нәтижелерді және оқу жоспарында жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9 сыныптарына арналған «Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. «Биология» пәні бойынша күтілетін нәтижелер Білу:
— бастапқы биологиялық ұғымдарды;
— заманауи өмірдегі жаратылыстану ғылымының мәнін;
— негізгі биологиялық теориялар мен заңдардың мәнін;
— атақты ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін;
— практикалық және эксперименттік жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін;
— микробиология, молекулалық, жасушалық биология негіздерін;
— өсімдіктер және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен мүшелер жүйесінің компоненттерін;
— өсімдіктердің және жануарлардың негізгі топтарын;
— тірі ағзалардың адам және табиғи кешен үшін маңызын;
— эволюциялық дамудың негізі мен заңдылықтарын;
— сұрыптау әдістерін; биогеоценоздар мен агроценоздардың құрылымын;
— тірі ағзаларға қоршаған орта факторларының әсерін;
— адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсерін біледі.
Түсіну:
— микробиологияның медицинадағы, ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіптегі маңызын;
— жасушалардағы молекулалар және органоидтар деңгейінде жүретін процестерді;
— өсімдік және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен мүшелер жүйесінің функцияларын,
— өсімдік пен жануарлардың негізгі топтарының жіктелу қағидаттарын;
— метаболизм процестерін;
— жаһандық және жергілікті экологиялық проблемаларды түсінеді.
Қолдану:
— тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін негізгі биологиялық ұғымдар мен терминдерді;
— тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын қауіпсіз жүргізу әдістерін;
— қолданбалы және оқу тапсырмаларын шешу, практикалық және зертханалық жұмыстарды орындау барысында биологияның заңдары мен формулаларын;
— нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді, өлшем бірліктердің Халықаралық жүйесін;
— алынған білімдерін физикалық және химиялық құбылыстардың жүру жағдайларын және процестерді түсіндіруге;
— ағзалардың әртүрлі топтарын сипаттаған кезде бинарлық номенклатураны қолданады.
3
Талдау:
— ғылыми-жаратылыстану эксперименті нәтижесінде алынған деректерді;
— графиктік және кестелік нысанда берілген ақпаратты;
— адам ағзасының химиялық құрамын және оның дұрыс жұмыс істеуі үшін микроэлементтер мен макроэлементтердің маңызын;
— биологиялық процестер мен құбылыстардың заңдылықтарын;
— тірі ағзалардың мүшелер жүйесінің құрылысы мен функциясын;
— трансгендік технологияларды қолдануға байланысты проблемаларды;
— биогеоценоздағы заттар айналымының процестерін талдайды.
Жинақтау:
— кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды;
— гипотеза, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді;
— эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын жинақтайды.
Бағалау:
— жасалған эксперименттің нәтижелерін, зертханалық жұмыстарды жүргізу кезіндегі тәуекелдерді;
— түрлі физикалық және химиялық процестердің адамның тыныс-тіршілігі мен қоршаған ортаға әсерін;
— табиғи биогеоценоздар мен агроценоздардың жағдайын;
— өнеркәсіптің технологиялық қағидаттарының тірі табиғат компоненттері арасындағы тепе-теңдікті сақтауға әсерін;
— пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланудың маңыздылығын бағалайды.
4. «Биология» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау дағдыларының деңгейі Сипаттама Тапсырмалар түрлері
Білу және түсіну — тірі табиғаттың негізгі патшылықтары ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе, биоалуантүрлілік туралы білім жүйесін асыру, қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық іс-шараларға қатысу қажет екенін біледі; — табиғи биологиялық құбылыстар мен үдерістердің мәнін, адам қызметінің өсімдіктер мен жануарлар әлеміне, сонымен қатар адамның денсаулығына әсерін, оқушыларға экологиялық жағдайды бағалау және тірі әлемге құндылық деп қарау қажеттілігін түсінеді. КТБ-Көп таңдауы бар тапсырмалар ҚЖ — Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
Қолдану — органикалық дүниенің көптүрлілігін, тірі ағзалардың түрлі топтарының ұйымдастырылу және қызмет ету ерекшеліктерін, адамның қоршаған ортаға және тірі дүниеге әсер ету салдарын, оған ұқыпты қарау, биологиялық білімдерін практикада қолдануға, қоршаған ҚЖ — Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ — Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
4
ортаны қорғау саласындағы практикалық іс-шараларға қатысуға ұмтылады.
Жоғары деңгей дағдылары — эксперимент жүргізу үшін зертханалық жабдықты пайдаланады; — табиғи биологиялық құбылыстар, үдерістер, заңдар мен заңдылықтардың мәнін түсіну үшін зерттеу жұмысын жүргізеді; — ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланады. ҚЖ — Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ — Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
5. Ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды тоқсандарға бөлу
Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары
I 25% 38% 37%
II 28% 36% 36%
III 38% 54% 8%
IV 28% 64% 8%
Барлығы 30% 48% 22%
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды: диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқыңыз және білім алушыларға жұмыстың орындалуына бөлінген уақытты хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына жәнеолардың бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
5
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы — 40 минут
Балл саны — 30
Тапсырмалар түрлері:
КТБ-Көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ- Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ -Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Аталған нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін 15 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар берілген жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Тапсырмаларда суреттер, кестелер, сызбанұсқалар ұсынылған.
6
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін оқу мақсаты Ойлау дағдыларыны ң деңгейі Тапсырм а саны* Тапсы рма №* Тапсы рма түрі* Орындау уақыты, мин* Балл* Бөлім бойынш а балл саны
9.1А Жасушалық биология 9.4.2.1 Өсімдік және жануар жасушаларының негізгі бөліктерінің құрылысы мен қызметін түсіндіру Білу және түсіну 1 1 ҚЖ 3 2 4
9.4.2.2 Микрофотографияны қолданып, жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу Қолдану 1 2 ТЖ 3 2
9.1В Тірі ағзалардың көп түрлілігі. Биосфера және экожүйе 9.1.1.1 Әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлы номенклатураны қолдану Қолдану 1 3 КЖ 1 1 9
9.1.1.2 Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін ерекшелік белгілері бойынша танып білу (анықтағыш бойынша) Қолдану 1 4 ТЖ 3 2
9.3.1.1 Популяция өсімінің экспоненциалдық және сигмоидтік үлгілерінің қисық сызықтарының графиктерін талдау Жоғары деңгей дағдылары 1 5 ТЖ 3 2
9.3.1.3 Энергия, биомасса және сандар пирамидаларын салыстыру Қолдану 1 6 ТЖ 2 2
9.3.1.4 Азот пен көміртектің табиғаттағы айналымының сызбасын құру Жоғары деңгей дағдылары 1 7 ҚЖ 3 2
9.1Б Адам қызметінің қоршаған ортаға әсері 9.3.2.2 Пестицидтерді пайдаланудың қоршаған орта мен адам денсаулығына әсерін түсіндіру Қолдану 2 8,9 ҚЖ 4 3 7
9.3.2.3 — Парниктік эффектінің тірі ағзаларға әсерін түсіндіру Білу және түсіну 1 10 ҚЖ 3 2
9.3.2.4 — Озон қабатының бұзылуының себептері мен салдарын түсіндіру Білу және түсіну 1 11 ТЖ 3 2
9.1Е Қоректену 9.1.2.2 Ас қорыту үдерісіндегі органикалық заттар мен сәйкес ферменттердің арасындағы байланысты орнату Жоғары деңгей дағдылары 1 12 ҚЖ 1 1 5
9.1.2.4 Өттің әсерінен майлардың эмульгациялануы үдерісін зерттеу Жоғары деңгей дағдылары ҚЖ 3 2
9.4.1.1.Ферменттер механизмін оқып тану Білу және түсіну КТБ 1 2
9.1.2.3 Ферменттердің белсенділігіне әр түрлі жағдайлардың (температура, рН) әсерін зерттеу Жоғары деңгей дағдылары
9.1Ғ Заттардың тасымалдан уы 9.1.3.1 Активті және пассивті тасымалдарды салыстыру Қолдану 1 13 ҚЖ 3 2 5
9.1.3.2 Өсімдіктердегі транспирация үдерісінің мәнін түсіндіру Қолдану 1 14 ҚЖ 1 1
9.1.3.4 Сыртқы факторлардың флоэма арқылы заттардың тасымалдануына әсерін зерттеу Білу және түсіну 1 15 ТЖ 2 2
Барлығы 40 30 30
Ескерту: * — өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
8
Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгісі «Биология» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Суретте өсімдік жасушасы бейнеленген.
(a) Суреттте 1, 5 сандармен белгіленген органоидтарды атаңыз.
1______________________________________________________________
5______________________________________________________________
(b) Суретте 4 санымен берілген органоидтың қызметін сипаттаңыз.
2. Суретте митохондрияның микросуреті көрсетілген.
[1]
[1]
Митохондрия 5000 есе ұлғайтылған. Суреттегі X және Ү нүктелерінің арақашықтығы арқылы оның ұзындығын өлшеңіз. Митохондрияның нақты өлшемін есептеңіз.
Жауап
мкм.
[2]
3. Суретте Рапіһега Ьео Ьео- бербериялық арыстан көрсетілген.
(а) Осы арыстанның туысының атауын Туыс
жазыңыз.
Түр Рапіһега Ьео Іео бербериялық арыстан.
[1]
4. Суретте буынаяқтылар типінің бунақденелілер класының өкілі — балауса барылдауық қоңыз көрсетілген.
Қоңыздың буынаяқтылар типіне және бунақденелілер класына жататын белгілерін сипаттаңыз.
[2]
9
5. Төмендегі қисықтарда популяцияның өсу қисығының екі типі берілген.
А
В қисық сызықта көрсетілген популяцияның өсуін талдаңыз.
Уакыт
в
[2]
Биомасса пирамидасы әр трофикалық деңгейдің биомассын көрсетеді. Биомасса пирамидасы қандай жағдайда төңкерілген болуы мүмкін екендігін түсіндіріңіз.
[2]
7. Табиғаттағы азот айналымының сызбасын құрыңыз. Тірек сөздер: атмосферадағы азот, нитраттар, өсімдіктердегі нәруыздар, жануарлардағы нәруыз бен несепнәр, азотфиксация, денитрификация, аммонификация, микроорганизмдер.
[2]
8. Диаграммада 1963-2002 жылдар аласындағы КСРО (ашық түсті бағандар) және Ресейдегі мунай өндірісі көрсетілген.
Жылдар
Мұнай өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін түсіндіріңіз.
[1]
9. Кәдімгі сұңқар — Қазақстанда мекендейтін құс. Ол басқа құстармен қоректенеді, ал өсімдіктермен қоректенбейді. Оның қорегі болып табылатын көптеген құстар өзендердің жағасында тіршілік етеді және балықпен қоректенеді. Өзенге фермалардан аз мөлшерде қалдық су төгілді.
10
(a) Кәдімгі сұңқардың кейбіреулерінен фермаларда қолданылатын химиялық пестицидтер табылды.
Бұл жағдайдың қалай орын алғанын түсіндіріңіз.
[2]
(b) Қолданылған пестицидтің әсерінен кәдімгі сұңқарлардың жұмыртқа қабығының әдеттегіден едәуір жұқаруына әкелді.
Оның кәдімгі сұңқарлар санының азаюына қалай әсер ететінін түсіндіріңіз.
10. Суретте парниктік эффекттің сызбасы берілген.
[1]
Парниктік эффекттің тірі ағзаларға тигізетін салдарын сипаттаңыз.
[2]
11. Суретте озон қабатының бұзылу үдерісі көрсетілген.
Озон қабатының бұзылуының экологиялық салдарын түсіндіріңіз.
12. Ферменттер — биологиялық катализаторлар.
(а) Суретті пайдаланып ферменттің жумыс жасау механизмін сипаттаңыз.
[2]
(Ъ) Ауыз қуысында сілекей ферменті көмегімен ыдырай бастайтын затты көрсетіңіз.
A) пептид
B) крахмал
C) липид О) ақуыз
[1]
[1]
11
13. Өттің ағза үшін, әсіресе асқорыту жүйесінің жұмысы үшін маңызы өте зор.
Ыдыс жуғыш сұйықтықтар өттің қызметіне негізделіп жасалған. Олардың құрамында көп мөлшерде тұздар болады. Оның себебі неде?
[2]
14. Суретте жасуша мембранасы арқылы заттардың тасымалдану сызбасы берілген.
А және С бөліктеріндегі заттардың тасымалының айырмашылықтарын сипаттаңыз. 15. Суретте жапырақтың ішкі құрылысы берілген.
[2]
(а) Бұл сызбада 7 санымен таңбаланған бағдаршалармен қандай процесс көрсетілген?
[1]
(Ь) Суретте флоэмадағы сахароза концентрациясының 24 сағат аралығындағы өзгерісі көрсетілген.
00.00 06.00 12.00 18.00 24.00
Уакыт, саг
Жапырақтағы сахароза концентрациясының тәуліктің жарық және қараңғы бөлігіндегі өзгерістерінің себебін түсіндіріңіз.
[2]
12
Балл қою кестесі

Жауабы
Балл
Қосымша ақпарат
1 (а)
1-жасуша қабырғасы, 5-жасуша ядросы
1
1 (Ь)
фотосинтез
Енін дұрыс өлшеген(мм / см);
ені / 5000, және дұрыс аударылған (мкм)
Шама қолданылып, есептеу жолы толығымен көрсетілсе — 2 балл; тек жауабы көрсетілсе -1 балл
Рапіһега
— аяқтары бунақтар арқылы байланысқан
— хитинді жамылғысы болады
— денесі бунақталған
— 3 жұп аяғы, 1 жұп мұрты, денесі 3 бөлікті
Сигма тәрізді қисық сызық болып табылады. Популяция санының лаг/өсу/стандартты/өлу фазасын көрсетеді;
Полпуляцияның өсуіне шектеуші факторлар әсер ететіндіктен қисық сызық сигмоидты пішінге ие болады. Бұл популяцияның шексіз өсуі мүмкін емес, оның өсуін әртүрлі факторлар тежейді. Табиғи популяциялардың өсуін көрсететін қисық
Биомасса пирамидасы сынақ өткізілген уақыттағы экожүйе жағдайын көрсетеді және әр трофикалық деңгейдің өнімділігін көрсетпейді. Сондықтан продуценттер арасында жылдам өсетін түрлер болғанда пирамида төңкерілген болуы мүмкін. Мысалы, көктемде су экожүйесінің биомасса пирамидасы маусымдық өзгеріске байланысты төңкеріледі.
Басқа мысалдар да түсіндірмелер де қабылданады
Кез келген екі дұрыс жауап қабылданады
Өсімдік және жануар дүниесіне, адам денсаулығына кері әсері, теңізге төгілуі- су жануарларының жаппай қырылуына әкеледі.
Мағынаны өзгертпейтін басқа да тұжырымдар қабылданады.
9 (а)
Пестицид өзенге өтеді; пестицид қоректік тізбекке өтеді; пестицид ауланған балықта болады;
балықпен қоректенетін құстар пестицидтерді жұтады; бірде бір ағза пестицидтерді ағзадан
Кез келген екеуі:
Биожинақталу
Пестицидтер
қорытылмайды/
ыдырамайды
2
2
3
4
2
5
2
6
2
7
2
8
2
13
шығара алмайды; кәдімгі сұңқар пестицидтердің жоғары концентрациясын сіңіреді (жемтігі арқылы)
9 (Ь) Кез келген біреуі: Жұмыртқа жарылады Балапандары өліп қалады Келесі ұрпақта құстардың саны аз 1
10 Себебі: Жанғыш қазба қалдықтарының жануы, өндірістік процестердің нәтижесінде атмосфераның ластануы, көмірқышқыл газының, әртүрлі көмірсулардың(метан, этан, пропан және т.б.) иіс газының жинақталуы, бұл газдар таралмайды керісінше Жер бетінен шағылысқан жылуларды өзіне сіңіреді, нәтижесінде қалқан пайда болады Салдары: Жаһандық жылыну, ауа райының өзгерісі, биотаның өзгерісі: экожүйелерде өсімдік формацияларының шекарасының жылжуы, ауылшаруашылық дақылдары өнімділігінің өзгерісі, мұздар мен мұздақтардың еруі есебінен теңіз деңгейінің көтерілуі 2 Жауаптың басқа тұжырымы қабылданады
11 Улы газдар/ ауаны ластау/жылудың шашырауына кедергі болу/парниктік эффект/ғаламдық жылыну/су тасқыны/мұздықтардың еруі/ауыз су тапшылығы 2
12 (а) Фермент шығынданбайды, өнім пайда болғаннан кейін оның белсенді орталығы босатылады. Өйткені, пайда болған өнім пішіні бойынша ферменттің белсенді орталығына сәйкес келмейді. Ферменттің белсенді орталығы босап калағандықтан жаңа субстрат молекулаларын қабылдай алады. 1 Кез келген бір дұрыс жауап қабылданады
12 (Ь) В 1
13 Өттің құрамындағы өт тұздарының әсерінен липидтер ұсақ тамшыларға эмульгацияланады. Эмульгацияланған липидтерді липаза ферменті оңай ыдыратады. 2
14 А-диффузия; В- жеңілдетілген диффузия С- белсенді тасымал; жеңілдетілген тасымал -тасымалдаушы нәруызды каналы арқылы өтеді Диффузия -заттардың концентрациясына қарай энергия жұмсамай жүреді. Белсенді тасымал -энергия жұмсап заттардың концентрациясы аз жақтан көп жаққа қарай тасымалдануы Белсенді тасымал тасымалдаушы аймағы наруыз каналдары арқылы жүреді. 2
15 (а) Транспирация 1
15 (Ь) Күндіз/жарықта жапырақта сахароза концентрациясы/мөлшерінің артуы 2 Фотосинтез үдерісімен байланыстырған идеялар қабылданады
Барлығы 30
14
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы — 40 минут
Балл саны — 30 Тапсырмалар түрлері:
КТБ- Көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ- Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ -Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Аталған нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін 15 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар берілген жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Тапсырмаларда суреттер, кестелер, сызбанұсқалар ұсынылған.
15
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін оқу мақсаты Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсыр ма саны* Тапсыр ма №* Тапсы рма түрі* Орындау уақыты, мин* Балл* Бөлім бойын ша балл саны
9.2А Тыныс алу 9.1.4.1 Тыныс алу реакциясының химиялық теңдеуін пайдалана отырып, анаэробты және аэробты тыныс алуды салыстыру Қолдану 1 1 ҚЖ ТЖ 2 2 6
9.1.4.2 Бұлшықет қажуы және аэробты, анаэробты тыныс алу үдерістері арасындағы байланысты қарастыру Жоғары деңгей дағдылары 2 2 ТЖ 3 2
3 ТЖ 2 2
9.2В Бөліп шығару 9.1.5.1 Нефронның құрылысы мен қызметін сипаттау Білу және түсіну 1 4 ҚЖ 1 1 5
9.1.5.2 Фильтрация және несептің түзілу үрдістерін сипаттау Білу және түсіну 1 5 ТЖ 3 1
9.1.5.4 Бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларының алдын алу жолдарын түсіндіру Білу және түсіну 1 6 ҚЖ 1 1
9.1.5.5 Әртүрлі ағзалардың мекен ету ортасы мен зат алмасудың соңғы өнімдері арасындағы байланысты орнату Жоғары деңгей дағдылары 1 7 КЖ 3 2
9.2С Координация және реттелу, биофизика 9.1.7.1 Жүйке жасушасының құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату Жоғары деңгей дағдылары 1 8 ТЖ 3 2 19
9.1.7.2 Жүйке ұлпалары мен оның құрылымдық бөліктерінің қызметтерін талдау Жоғары деңгей дағдылары 1 9 ҚЖ ТЖ 4 3
16
9.1.7.4 Нейрогуморалды реттелудің механизмін түсіндіру Қолдану 1 10 ТЖ 3 2
9.4.4.1 Тірі ағзалардағы электрлік үдерістерді зерттеу Білу және түсіну 1 11 ТЖ 4 3
9.1.7.3 Жүйке импульсінің туындауы мен өтуін сипаттау Қолдану 1 12 ТЖ 3 2
9.1.7.5 Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын ұстаудағы гомеостазды сақтаудың механизмін түсіндіру Білу және түсіну 1 13 ТЖ 2 2
9.4.4.2 «Компьютер-ми» интерфейс технологиясының ерекшеліктерін оқып білу Білу және түсіну 1 14 ҚЖ 1 1
9.1.7.6 Өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсер ететін заттардың әрекетін талдау Жоғары деңгей дағдылары 1 15 ТЖ 5 4
Барлығы 40 30 30
Ескерту: * — өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
17
Тапсырмалар мен балл қою кестесі үлгісі «Биология» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Сызбада сау адамның қаны құрамындағы оттегі концентрациясы мен бұлшықеттегі сүт қышқылының мөлшеріне физикалық жаттығудың бес минут ішіндегі әсері көрсетілген.
(а) Сызбаны пайдаланып адамның жаттығуды бастаған уақытын анықтаңыз.
[1]
(Ъ) Сызбада алғашқы 2 минутта оттегі концентрациясының өзгеруіне әсер ететін процесті атаңыз.
[1]
2. Жылқының бұлшықет ұлпасының бір жасушасында 8 моль глюкоза ыдырауға түсті.
Оның 8 молі оттексіз, ал 3 молі оттегімен толық тотықты.
Осы жасушада сүт қышқылының, көмірқышқыл газының, АТФ- тің қанша молі түзілетінін есептеңіз.
Есептеу жолын көрсетіңіз:
Жауабы: СзНбОз__________________моль, СО2 моль , АТФ_моль.
[2]
3. Неге ауыр жаттығулар орындағанда бұлшықеттерде қажу және ауырсыну сезімдері болатындығын сипаттаңыз.
[2]
4. Төмендегі сызбада нефронның құрылысы көрсетілген.
(а) Суреттегі А және В әріптерімен таңбаланған құрылымдарды атаңыз.
А____________________________________________В__________________________________[2]
18
5. Ұзақ уақыт бойы жаттығу жасап терлегеннен кейінгі нефронның С бөлігіндегі зәрдің концентрациясының өзгерісін сипаттаңыз.
[1]
6. Зәр шығару жүйесінің ауруларының алдын алу шараларының екі жолын ұсыныңыз.
[2]
7. Әртүрлі ағзалардағы тіршілік ортасы мен соңғы өнімдері көрсетілген. Неліктен бұғы мен бүркіт құрлықты мекен ете тұра әртүрлі өнімдерді бөліп шығарады?
Жануарлар Аммиак Несепнәр Зәр қышқылы
Сазан +
Бұғы +
Бүркіт +
[2]
8. Суретте жүйке жасушасы — нейрон бейнеленген.
Нейронның жүйке импульсын тасымалдауға мүмкіндік беретін ерекшеліктерін сипаттаңыз.
[2]
9. Суретте жүйке ұлпасының серіктес жасушалары көрсетілген.
(a) Суреттегі 4 санымен таңбаланған серіктес жасушаны атаңыз.
[1]
(b) Серіктес жасуша — астроциттің қызметін сипаттаңыз.
[2]
19
10. Сызбада ағзадағы гомеостазды тұрақты ұстау механизмінің мысалы көрсетілген.
Қандағы глюкоза мөлшерінің реттелу механизмін сипаттаңыз.
_[2]
11. Суретте аксон мембранасы көрсетілген.
(а) 0 белгілеген бөлігіндегі процесті атаңыз.
(Ь) Аксонның Р кезеңдегі процесті сипаттаңыз.
[1]
[2]
12. Суретте аксондағы электрлік құбылыстардың белсенділігі көрсетілген.
20
Аксон бойымен жүйке импульсы берілгеннен кейінгі мембрананың жағдайы көрсетілген бөлікті қоршауға алып сипаттаңыз.
[2]
13. Дене температурасының тұрақтылығын сақтаудың ағза үшін маңызы зор.Термореттелудің жүйкелік-гуморальдық механизмін сипаттаңыз.
[2]
14. Кейбір зерттеушілер компьютер-ми интерфейсін жасап шығарды.
Бұл адамдарға ми және электрондық құрылғы арасындағы ақпарат алмасуға көмек береді. Компьютер-ми интерфейсінің мүмкіншіліктеріне мысалдар келтіріңіз. [1]
15. Суретте ауксин концентрациясына тамыр және өркеннің өсу тәуелділігі көрсетілген.
Неге ауксиннің түрлі концентрациясы өркендер мен тамырлардың өсуіне бірдей әсер етпейтінін түсіндіріңіз.
[2]
21
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1(а) 0,3-0,4 минуттар 1 қабылданады 0,18-0,19 секунд
1 (Ь) Оттегі жетіспегендіктен анаэробты тынысалу жүреді, глюкоза соңына дейін ыдырай алмай, сүтқышқылы жиналғаннан ауырсыну сезімі туындайды. 1
2 СзНбОз — 16 моль СО2 — 18 моль АТФ — 16+114= 130 моль 2 Есептеу жолдарын дұрыс көрсетсе -1 балл
3 Бұлшықет жиырылуы/ глюкоза шығыны/оттегі келуі артады; сүт қышқылы жиналады/ шығарылады. 1 1
4 (а) А-Боумен капсуласы; Г енле ілмегі 2
5 Зәр концентрациясы жоғары болады, себебі жаттығу кезінде термен бірге көп су бөлініп шығып кеткен. 1
6 Тоңазудан сақтану, жеке бас гигиенасын сақтау, диета сақтау 2 Басқа да тұжырымдар қабылданады, екі дұрыс жауап берсе
7 Бүркіттің ұшуға бейімделуіне байланысты дене салмағын жеңілдету үшін қуығы жойылғандықтан оның ағзасында су мөлшері жеткіліксіз. Сондықтан оған зәр қышқылын бөлген тиімді. Ал бұғының мекен ортасында сазанға қарағанда су мөлшері аздау болғандықтан токсикалығы жоғары аммиакты бөле алмайды, ол үшін несепнәрді бөлу тиімді. 2
8 Аксонын сыртқы ортадан оқшаулап импульстың өту жылдамдығын арттыруға көмектесетін миелинді қабықшасы болады Нейронның аксонның терминалында, синапста нейротрансмиттерлер орналасып, импульстың бір нейроннан екінші нейронға өтуін қамтамасыз етеді. 2 Жауаптың Ранвье белдеушелері мен дендриттері, нейрон денесіне қатысты дұрыс үлгілері де қабылданады
9 (а) микроглия 1
9 (Ь) Астроцит/нейрондарға қоректік заттарды жеткізеді Артық нейротрансмиттерлерды жояды Кальций және калий иондарының балансын реттеу Мидың дамуында нейрондардың қозғалуына көмектеседі 2
10 Қандағы глюкоза мөлшері артқанда ұйқыбезі инсулин бөледі; төмендегенде глюкагон бөледі, бауырдағы гликогенды глюкозаға ыдыратады. 2 Мағынаны өзгертпейтін басқа да тұжырымдар қабылданады
11 (а) Тыныштық потенциалы 1
11(Ь) Р кезеңінде аксон мембранасында натрий каналдары ашылып, деполяризация шегіне жеткенде әрекет потенциалы туындау арқылы импульс аксонның бір 2
22
бөлігінен екінші бөлігіне өтеді.
12 Реполяризация кезеңін яғни шамамен 2,2-ден бастап 3 -ке дейінгі кезең қоршауға алынады. Нартрий каналдары жабылып, калий каналдары ашылғаннан калий иондары мембранадан сыртқа қарай өтіп, мембрананың реполяризациясы жүреді. 2
13 Термореттелуді гипоталамус бақылайды, ыстықта адам тері арқылы жылуды бөледі, қан тамырлары кеңейеді; салқындағанда қан тамырлары тарылып, бұлшықеттерде қалтырау сезімі байқалады. 2 Мағынаны өзгертпейтін басқа да тұжырымдар қабылданады
14 Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек; протездеу т.б. 1
15 Ауксиннің дәл сол концентрациясы өркендер мен тамырлардың өсуіне тікелей қарама-қарсы әсер етеді. Осылай, ауксин концентрациясы өркеннің өсуін 5 млн дейін ынталандырады, бірақ қысым көрсете, яғни тамырлардың өсуін тежейді. 5 млн көп концентрация өркеннің өсуін бәсеңдетеді. 10-4 концентрациясы тамыр жүйесінің өсуін ынталандырады, ал 10-3 көп концентрация тамырдың өсуін бәсеңдетеді, бірақ өркеннің өсуін ынталандырады. 2
Барлығы 30
23
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы — 40 минут
Балл саны — 30 Тапсырмалар түрлері:
КТБ- Көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ- Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ -Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Аталған нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін 15 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар берілген жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Тапсырмаларда суреттер, кестелер, сызбанұсқалар ұсынылған.
24
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін оқу мақсаты Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма №* Тапсырма түрі* Орындау уақыты, мин* Балл* Бөлім бойынша балл саны
9.3А Қозғалыс 9.1.6.1 Қол бұлшық еттерінің максималды жұмыс күшін және күшке төзімділігін зерттеу Жоғары деңгей дағдылары 1 1 ТЖ 3 2 2
9.3В Молекулалық биология 9.4.1.2 ДНҚ молекуласының қос шиыршықты құрылымын сипаттау Қолдану 1 2 ҚЖ 3 3 3
9.3С Жасушалық цикл 9.2.2.1 Жасуша айналымының интерфаза кезіндегі жүретін үдерістерді түсіндіру Қолдану 2 3, 4 ҚЖ ТЖ 4 3
9.2.2.2 Митоз кезеңдерін сипаттау Білу және түсіну 1 5 ҚЖ ТЖ 4 3 9
9.2.2.3 Мейоз кезеңдерін сипаттау Білу және түсіну 1 6 ҚЖ 1 1
9.2.2.4 Митоз және мейоз үдерістерін салыстыру Қолдану 1 7 ТЖ 3 2
9.3^ Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары 9.2.4.2 Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу және есептер шығару; Қолдану 2 8, 9 ТЖ ҚЖ 6 4
9.2.4.4 Толымды және толымсыз доминаттылықты салыстыру Қолдану 1 10 ТЖ 4 2 12
9.2.4.7 Жынысты анықтау кезінде хромосомалардың рөлін түсіндіретін сызба Қолдану 1 11 ТЖ 3 2
25
жасау
9.2.4.8 Адамның қан тобының тұқымқуалауын және қан топтарын анықтау механизмін түсіндіру Қолдану 1 12 ҚЖ 3 3
9.2.4.10 Шежіре сызбасын құру Қолдану
9.2.4.9 Адам генетикасын зерттеудің негізгі әдістерін сипаттау Білу және түсіну 1 13 КТБ 1 1
9.3Е Микробиология және биотехнология 9.4.3.1 Инсулин өндіру мысалында биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасын сипаттау Қолдану 1 14 ҚЖ 4 3 4
9.4.3.2 Биотехнологияда өндірілетін өнімдерге мысал келтіру Білу және түсіну 1 15 ТЖ 1 1
Барлығы 40 30 30
Ескерту: * — өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
26
Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгісі «Биология» пәні бойынша 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Төмендегі графикте спортшылардың қол жаттығуларын жасау кезіндегі бұлшықеттегі гликоген мөлшері берілген.
(a) Графиктегі мәліметтерді пайдалана отырып А және В спортшыларының жаттығу жасау қарқындылығының бұлшықеттегі гликоген мөлшерінің өзгерісіне қандай әсері бар екендігі туралы қорытынды жасаңыз.
[1]
(b) Жаттығу жасау аралықтарындағы уақыттың қол бұлшықетінің төзімділігіне әсері қандай екендігін болжаңыз.
[1]
2. Төмендегі 2.1 суретінде ДНҚ молекуласының бөлігі көрсетілген.
(a) ДНҚ молекуласының құрылымдық бөліктері фосфор қышқылының қалдығы мен дезоксирибозаны суретке белгілеп көрсетіңіз.
[2]
(b) Бос бөліктерге комплементарлы азотты негіздерді толықтырыңыз.
[1]
3. Жасушалық циклдің интерфазасындағы ДНҚның екі еселенуі жүретін кезеңді атаңыз
[1]
4. Төмендегі 4.1 суретінде жасушалық циклдің сызбасы берілген.
27
(a) 4.1 суретіндегі сызбаға интерфазаның Оіжәне 02 кезеңдерін тиісті әріптерді пайдалана отырып белгілеңіз.
[1]
(b) Интерфаза кезеңін неліктен дайындық кезеңі деп атайтындығын түсіндіріңіз.
[1]
5. Төмендегі суретте сарымсақтың тамырының ұшында белсенді бөлініп жатқан жасушалар көрсетілген.
(a) 5.1 суретінде көрсетілген жасушалардың бөліну типін анықтаңыз.
(b) Жасуша бөлінуі кезіндегі профазада болатын өзгерістерді сипаттаңыз.
6. Суретте жасушаның мейоздық бөлінуі берілген.
[1]
[2]
Суреттегі ақпаратты пайдаланып мейоз кезеңін анықтаңыз.
[1]
7. Мейоз нәтижесінде 4 жасуша түзілсе, митоз нәтижесінде 2 жасуша түзіледі. Мейоз нәтижесінде түзілген жасушалардың митоздық жолмен бөлінген жасушалардан жоғарыда аталғаннан басқа 2 айырмашылығын салыстырыңыз.
1____________________________________________________________________________________
2____________________________________________________________________________________
[2]
28
8. Мендельдің 1-заңын тұжырымдаңыз.
[1]
9. Төмендегі сызбада бұршақ тұқымының сыртқы пішініне жауапты доминантты және рецессивті аллельді гендері көрсетілген. Олар 8 жэне 8 деп белгіленген.
(а) Сызбаны пайдалана отырып, аллель терминіне анықтама беріңіз.
[1]
(Ъ) а және Ъ әріптерінің тұсына тиісті ұғымдарды жазу арқылы сызбаны толықтырыңыз
[2]
10. Толымды және толымсыз доминаттылықты салыстырыңыз. Бір ұқсастық пен бір айырмашылықты көрсетіңіз.
Ұқсастығы
Айырмашылық
[2]
11. Болашақ ағзаның жынысы ұрықтану кезінде анықталады. Ол зиготадағы хромосома жиынтығына байланысты. Төмендегі бос орынға сүтқоректілердің жынысын анықтаудағы хромосомалардың рөлін түсіндіретін сызбаны көрсетіңіз.
[2]
12. Сызбада АВО қан топтары жүйесінің тұқым қуалауы көрсетілген. Генеологиялық шежіреде кейбір адамдардың қан топтары берілген.
29
(а) Сызбаны және I А , I в , I 0 символдарын пайдалана отырып 2 және 4 индивидтің фенотипі мен генотипін анықтап, жауабын кестеге толтырыңыз.
Индивид Фенотип Генотип
2
4
[2]
(Ъ) Сызбада көрсетілген шежіреде неше ұрпақ берілгенін анықтаңыз [1]
13. ДНҚ-ға талдау жасау арқылы баланың ата-анасын дәл анықтай алатын әдісті анықтаңыз.
A) Популяциялық әдіс
B) Биохимиялық әдіс
C) Онтогенетикалық әдіс Б) Генеологиялық әдіс
[1]
14. Төмендегі суретте адамға қажетті инсулин гормонын өндірудің кейбір сатылары берілген.
(а) Суретте көрсетілген құрылымның атауларын қандай әріптермен көрсете отырып кестені толтырыңыз.
Құрылым Таңбалануы
Бактерия
Инсулин гені
Плазмида
[3]
15. Тағам өнеркәсібіндегі биотехнологиялық жолмен алынған өнімдерге мысал келтіріңіз.
[1]
30
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1(а) А спортшысында гликоген мөлшері жоғары/ В спортшысында гликоген мөлшері төмен Графиктегі сандарды көрсету/А жоғары/В төмен 1
1(Ь) Үздіксіз жаттығу жасау бұлшықеттің қажуына әкеледі Бұлшықетке үздіксіз оттегі қажет 1
2(а) Дтксмрийоіа фосфп|і кіаііікылыііыіі киллмгы 2 Әрбір дұрыс көрсетілген бөлікке 1 балл
2 (Ь) Т-А О-С 1
3 8/синтетикал ық 1
4 (а) 1
4 (Ь) Жасушаның бөлінуі жүрмейді/биосинтез қарқынды жүреді/органоидтардың екі еселенуі жүреді 1
5 (а) митоз 1
5 (Ь) Ядро қабықшасы\ядрошық жойылады Хромосомалар жуандап, қысқарады Хроматидтер центромерлер арқылы байланысады Бөліну шүйкесі пайда болады 2 Кез келген екеуі қабылданады
6 Анафаза 1 1
7 Мейоз: кроссинговер/гентикалық рекомбинация/ хромосома саны гаплоидты. Митоз:Генетикалық біркелкілік/ хромосома саны диплоидты 2 Кез келген екеуі қабылданады
8 Біркелкілік заңы бойынша әртүрлі таза сұрыптарға (линия) жататын және бір-бірінен альтернативті жұп белгінің тек біреуінен ғана айырмашылығы бар гомозиготалы ағзаларды шағылыстыру кезінде бірінші ұрпақ фенотипі және генотипі бойынша бірдей болады. Ұрпақ ата-аналардың тек біреуінің белгілеріне ғана ұқсайды. 1 Тұжырымның мағынасына сай басқа жауап нұсқасы қабылданады
9 (а) Гомологтық хромосомалардың бірдей үлескісінде орналасқан геннің әртүрлі күйі 1
9 (Ь) а — гетерозигота 2
31
Ъ- кедір-бұдырлы бұршақ
10
Ұқсастық — аллельді гендердің әрекеттесуі Айырмашылық — толық доминанттылықта аллельді жұп геннің біреуі басымдылық көрсетеді/
Толымсыз доминанттылықта — тұқым қуалаудың аралық сипаты орын алады___________________________________
11
Аналық ХХ аталық ХУ гаметалар дұрыс көрсетілген Зиготаның түзілуі көрсетілген___________________________
12 (а)
Индивид Фенотип Генотип
2 А немесе В ІА1° немесе Ів 1°
4 А ІАІ°
Әрбір дұрыс баған 1 балл
12 (Ъ)
13
В
14
Құрылым
Бактерия
Инсулин гені
Плазмида
Таңбалануы
Е
С
15 Нан, арақ-шарап алу, сүт өнімдері мысалдары
Барлығы
30
2
2
2
3
1
1
3
1
32
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 4 -тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы — 40 минут
Балл саны — 30 Тапсырмалар түрлері:
КТБ- Көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ- Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ -Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Аталған нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін 15 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар берілген жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. Тапсырмаларда суреттер, кестелер, сызбанұсқалар ұсынылған.
33
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін оқу мақсаты Ойлау дағдыларының деңгейі Тапсырма саны* Тапсырма №* Тапсырма түрі* Орындау уақыты, мин* Балл* Бөлім бойынша балл саны
9.4А Көбею 9.2.1.1 Адамның жыныс жүйесінің құрылысын сипаттау Қолдану 1 1 ҚЖ 7 5 16
9.2.1.2 Аталық және аналық жыныс жасушаларының құрылысын зерттеу Жоғары деңгей дағдылары 1 2 ҚЖ ТЖ 4 3
9.2.1.3 Жыныстық жетілу кезеңіндегі екінші реттік жыныстық белгілердің дамуын сипаттау Қолдану 1 3 ҚЖ 2 2
9.2.1.4 Менструалдық цикл мен экстроген және прогестеронның маңызын сипаттау Қолдану 2 4,5 ҚЖ,ТЖ 5 4
9.2.1.5 Контрацепцияның маңызы мен түрлерін түсіндіру Қолдану 1 6 ТЖ 2 1
9.2.1.6 Жыныстық жолмен таралатын аурулардың салдары мен алдын алу шараларын түсіндіру Қолдану 1 7 ТЖ 1 1
9.4В Өсу және даму 9.2.3.1 Ұрықтың дамуындағы плацентаның маңызын түсіндіру Қолдану 1 8 ТЖ 3 3 5
9.2.3.3 Адам ұрығының дамуына шылым шегу, алкоголь мен басқа есірткілер әсерінің салдарын Қолдану 1 9 ТЖ 3 2
34
түсіндіру
9.4СЭволюциялық даму 9.2.5.1 К. Линней мен Ж.Б. Ламарк еңбектерінің негізгі қағидаларын оқып зерттеу Білу және түсіну 1 10 ТЖ 2 1 9
9.2.5.3 Эволюцияның қозғаушы күштерін сипаттау; Білу және түсіну 1 11 ТЖ 3 2
9.2.5.4 Ағзалардың бейімделудегі табиғи сұрыпталудың рөлін сипаттау Қолдану 1 12 ТЖ 3 2
9.2.5.5 Түрдің құрылымы мен критерийлерін сипаттау Білу және түсіну 1 13 КТБ 1 1
9.2.5.6 Түр түзілу үдерісін түсіндіру Қолдану 1 14 ҚЖ 3 2
9.2.5.7 Жердегі тіршіліктің дамуының негізгі кезеңдерін оқып-білу әртүрлілігін сипаттау Білу және түсіну 1 15 ҚЖ 1 1
Барлығы 40 30 30
Ескерту: * — өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
35
Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгісі «Биология» пәні бойынша 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалау тапсырмалары
1. Төмендегі суретте әйелдің жыныс мүшелер жүйесі берілген.
Сурет 1.1.
(a) А және В әріптерімен белгіленген құрылымдарды атаңыз.
А____________________________________________________________________________________
В____________________________________________________________________________________
[2]
(b) Төменде берілген үдерістер жүретін бөліктерді 1.1. суретінен тиісті әріптермен белгілеп, көрсетіңіз.
(i) ұрықтану жүреді — Ғ
(ii) гаметалар түзіледі — О
(iii) эстроген түзіледі — О
[3]
2. Төмендегі суретте сканерлеуші микроскоп астындағы аналық және аталық жыныс жасушаларының микрофотографиясы берілген.
(a) Суретті пайдалана отырып аталық гаметалардың аналық гаметамен салыстырғандағы көзге көрініп тұрған 2 айырмашылығын көрсетіңіз.
1___________________________________________________________________
2___________________________________________________________________
[2]
(b) Сперматозоидтың атқаратын қызметіне сәйкес құрылыс ерекшелігін сипаттаңыз.
. ^ ^^
3. Жасөспірімдердің жыныстық жетілу кезінде гормондардың әсерінен екінші реттік
жыныстық белгілер дамиды.
Қыз балалардың екінші реттік жыныстық белгілеріне мысал келтіріңіз.
[2]
36
4. Менструалдық цикл әйел ағзасындағы қалыпты үрдістердің біріне жатады. Төмендегі суретте менструалды цикл кезіндегі қандағы гормондардың өзгерісі көрсетілген.
(а) цикл кезіндегі Х және Ү әріптерімен көрсетілген кезеңдерді атаңыз.
[1]
(Ь) Эстроген гормонының фолликула ынталандырушы гормонға (ФЫГ) тигізетін әсерін көрсетіңіз.
[1]
5. Прогестерон гормонының қызметін сипаттаңыз
[2]
6. Мүшеқап жоспарланбаған жүктіліктен сақтайтын барьерлі контрацептив түріне жатады. Мүшеқапты пайдаланудың жоғарыда аталғаннан басқа бір артықшылығын атаңыз.
[1]
7. Жыныстық жолмен таралатын аурулардың салдарын атаңыз.
8. Суретте жатырдағы ұрықтың дамуы бейнеленген.
[1]
(a) ^ әрпімен белгіленген бөлімді атаңыз.
(b) Плацентаның қорғаныштық және гормоналды қызметін сипаттаңыз.
[1]
[2]
9. Нашақорлық тек жасөспірімдер, ересектер ғана емес, жүкті әйелдердің де дерті болуда. Есірткі заттарының ұрықтың дамуына тигізетін 2 кері әсерін түсіндіріңіз.
1
2
[2]
37
10. Чарльз Дарвин «Табиғи сұрыптау» теориясымен әйгілі болды. Жан Батист Ламарк өзгеше идеяның- өсімдіктер мен жануарлардың қажеттілігіне қарай өз ерекшеліктерін дамыта алатындығын айтты. Ламарк теориясын қандай тәжірибе немесе фактілер арқылы теріске шығаруға болатындығын болжаңыз.
[1]
11. Тұқым қуалайтын өзгергіштік — эволюцияның негізгі қозғаушы күштерінің біріне жатады. Өзгергіштіктің бұл түрінің эволюциядағы маңызын атаңыз.
[2]
12. Табиғи сұрыпталу қалай жүзеге асатындығын сипаттаңыз.
[2]
13. Төмендегі жауаптардың ішінен түрді анықтау үшін тек морфологиялық критерийді пайдалану неліктен шынайы нәтижеге жеткізбейтіндігін анықтайтын жауапты белгілеңіз
А) Егіз түрлердің болуы
в) Түрлер популяцияларға жіктеледі
С) Түрлер өзара шағылысады
Б) Жақын түрлер әртүрлі ареалдарда таралуы мүмкін
[1]
14. Түрдің түзілу механизмдері мен сипаттамалары арасындағы сәйкестікті анықтаңыз. Жауабыңды төмендегі жауап кестесіне толтырыңыз.
А. Түрдің таралу ареалының кеңеюі
В. Түрдің таралу ареалының өзгеріссіз қалуы
Географиялық Экологиялық С. Солтүстік және Балтық теңіздерінде шағалалардың екі түрінің пайда болуы
Б. Ареалдағы жаңадан мекен ету ортасының пайда болуы
Е. Алабұғалар популяциясында уылдырық шашу мерзімі өзгеше даралардың болуы
Жауап кестесі
Географиялық
Экологиялық
[2]
15. Жердегі тіршіліктің дамуы кезіндегі оқиғалардың реттілігін анықтаңыз
1. адамның пайда болуы
2. кайнозой дәуірі
3. мезозой дәуірі
4. палеозой дәуірі
5. архей және протерозой дәуірлері [1]
38
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1(а) Жатыр мойны Қынап 1 1
1 (Ъ) (i) жатыр мойнының кез-келген жері (ii) жұмыртқа бездерінің кез-келгені (iii) жұмыртқа бездерінің кез-келгені 1 1 1
2 (а) Мөлшері кішкентай Құйрығының болуы 1 1
2 (Ъ) Акросома /құйрығындағы митохондрия 1
3(а) Сүт безі/етеккір 2
4(а) Х — овуляция Ү — жаңа циклдің басталуы 1
4 (Ъ) Эстрогеннің көп бөлінуі ФЫГ тежейді 1
5 жатырдың қалыңдауына әсер етеді жатыр безінің белсенділігін реттейді. Гипофиздан ЛГ және ФЫГ бөлінуін тоқтатады 2 Кез-келген 2 дұрыс тұжырым
6 Жыныстық жолмен таралатын аурулардан сақтайды 1
7 Жыныс мүшелері мен басқа мүшелерге әсері/ бедеулік/ туылған нәрестеге әсер етуі/ өлі тууы 1 Кез келген бірі аталса қабылданады
8 (а) Кіндік бау 1
8 (Ъ) Қорғаныштық — ұрыққы анасының антиденелерін өткізеді/иммунды конфликтінің болмауын қамтамасыз етеді Гомоналды — хорионды гонадотропин гомоны бөлінеді 2
9 Ұрықтың жетілмеуі Салмақтың аз болуы Психологиялық ауытқушылық Қантамыр жүйесінің ауруларының дамуы 2 Басқа да дұрыс жауаптар қабылданады
10 Құйрығы кесілген тышқандардан құйрығы ұзын тышқандар туады/фактілерге кез-келген дәлелді ой жатады 1
11 Гендік аппараттағы өзгеріс жеке даралар арасындағы алуандылыққа әкеледі, бұл өзгергіштік эволюциялық үрдіске материал болады 2
12 Бір түрге жататын даралар арасындағы өзгергіштіктің пайда болуы қоршаған ортаға жақсы бейімделген даралар тірі қалады Бейімделушілігі жоғары даралардың гендер/аллельдердегі белгілері тұқым қуалайды 2
13 А 1
14 Географиялық А,С Экологиялық В,Б, Е 1 1
15 5,4,3,2,1 1
Барлығы 30
39

One thought on “СОЧ ТЖБ Биология 9 сынып

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *