Обновленка Математика 4 сынып ҚМЖ Қысқа мерзімді жоспар Жаңа бағдарлама КМЖ

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ : № Мектеп:
Күні: Мұғалім:
Сынып: 4 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Көптаңбалы сандар
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 4.1.1.1 көптаңбалы сандардың құрылу жолын түсіну, натурал сандар қатарындағы 1 000 000 көлеміндегі санның орнын анықтау
4.1.1.2 көптаңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру
Сабақтың
мақсаты Барлық оқушылар үшін:
1000000-ге дейінгі сандар, толық ондықтар, сандарды салыстыру, жазу жəне оқу.
Бірқатар оқушылар үшін:
1000000-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну, натурал сандар тізбегінде санның орнын анықтау.
Кейбір оқушылар үшін:
1000000-ге дейінгі сандардың түрлі моделін ұсыну, модельдің көмегімен сандарды салыстыра алу.
Бағалау
критерийлері 1000000-ге дейінгі сандардың түрлі моделін ұсыну, модельдің көмегімен сандарды салыстыра алады
Тапсырмалар арқылы сұрақтары бар есептерді ажыратады;
күрделі есептерді шешуде әртүрлі әдістерді пайдаланады.
Қолданады: заттарды саналанда сандарды дұрыс қолданды
Тілдік
мақсаттар Дағдыларды дамыту:
1000000 көлеміндегі сандарды тура және кері санауды біледі.
Пәндік лексика және терминология:
1000000 көлемінде тура және кері санау, оқу, жазу, салыстыру,
теңсіздік, көптеген теңсіздіктердің шешімі, сандар сәулесі.
Диалог/жазу үшін қолданылатын тіл.
Талқылау:
Разряд деген не?
Санды разрядты қосылғыштар қосындысы түріндегі байқау.
Жазылым:
Үш таңбалы сандарды жазу, сандар сәулесін сызу, теңсіздіктің шешімі болып табылатын аумақты қиғаш сызықпен көрсету.
Құндылықтарды
дарыту — жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға дегени құрмет;
— топтық жұмыстарды орындау барысындағы ынтымақтастық;
— өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;
— топтық жұмыстар, кретаивті шығармашылық ізденістер барысындағыеңбек және шығармашылық;
Пәнаралық
байланыстар Қазақтілі, дүниетану
Алдыңғымеңгерілгенбілім Есептерді әртүрлі әдістермен шығара алады.
Жоспар
Жоспарланатын уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер Дереккөздер
Сабақ басы
5 мин
І Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Ынталандыру.
Неліктен кемелер
Адасып қалмайды
Ал тура жолменен
Тұман мен жауында
Желдей есіп самғайды,
Өйткені, өйткені
Байқасаңыз, мінеки
Капитандарға көмекке
Келеді
Ма — те — ма — ти – ка
(Ұ) «Жалғасын тап» ойыны
Мақалдың жартысын айтып ары қарай жалғастыруды тапсыру.
Ағаш жапырағымен,………. жер топырағымен.
Таулы жер бұлақсыз болмас,
………………………………………………
Сулы жер құрақсыз болмас.

Көлдің көркі құрақ,
…………………………………………..
Қызығушылықты ояту үшін миға шабуыл.
Оқимыз, үйренеміз, жалықпаймыз,
Өзектендіруді ойын түрінде ұйымдастыруға болады. Тақтада сандар жазылған бұлт: 9, 0, 1; жауын тамшыларын 2, 6, 7 сандарымен; қарларды 4, 8, 3 сандарымен белгілеу. Балалардан бар сандардан қалай әртүрлі сан құруға болатынын сұрайды?
– Бүгін біз үш таңбалы санмен жұмыс жасаймыз. Олар туралы білетініміздің барлығын есімізге түсіреміз.
– Бұлттағы сандарды пайдаланып, құруға болатын сандарды атаңыз. (109, 901, 910, 190) (сандар магнитті тақтаға жабыстырылады).
— Осы сандарда «0» қандай мағына береді? (Бір разрядтың жоқ екенін береді) Ең кіші санды атаңыз.
(109)
— Осы санның разрядтық құрамын атаңыз. (1 жүздік, 0 ондық, 9 бірлік)
Оның алдындағы санды атаңыз. (108) Келесі сан. (110)
— Ең үлкен санды атаңыз. (910) Бұл сандағы 0-дің орны қандай?
Тамшылардағы сандарды пайдаланып, құруға болатын сандарды атаңыз. (267, 276, 627, 672, 726, 762). (Сандар магнитті тақтада құрастырылады.)
Қарлардағы сандарды пайдаланып, құруға болатын сандарды атаңыз (483, 438, 348, 384, 834, 843).
Сандарды өсу ретімен қойыңыздар.
— Ең кіші санды атаңыз. (348)
— Сіз құраған сандардың ұқсастығын табыңыз? (Олар үш таңбалы.)
— Олар неге бұлай аталады? (Олар үш таңбадан тұратын сан.)
— Үш таңбалы сан қандай разрядтардан тұратынын атаңыз. (жүздік, ондық, бірліктен).
Тексергеннен кейін мұғалім балалардың қайсысы қиындыққа тап болғанын, кім қай тапсырмада қателескенін анықтайды. принципін айтыңыз
Оқу мақсатымен, математикалы0 тілдік мақсатпен танысады;
Жетістік критерийлерін болжайды;
Жетістік критерийлерімен танысады. Үлестірме қағаз;
Слайд 1-4

Сабақ ортасы
10 мин

15 мин

5 мин Мұғалім оқушыларға үш таңбалы сан жазылған карточкадан алып жəне төменде ұсынылған жоспар бойынша оған сипаттама беруді сұрайды.
1 тапсырма. «Ауызша санау»
Әрбір торкөз 4 апельсин деп санасаңдар, әрбір себетте неше апельсин бар?

8 6 9 12

2 тапсырма
«Иә-жоқ» математикалық диктант
• 29 бен 3-тің нәтижесі 87- ге тең.
• 5 санын 19 есе арттырдық, 85 деген сан пайда болды.
• 17 мен 5-тің қосындысын 4 есе арттырдық, 98 деген сан шықты.
• 56-ның жетіден бір бөлігін 12 есе арттырдық, 96 саны шықты.
• Бірінші көбейткіш 25-тің бестен бір бөлігіне, екінші көбейткіш 11-ге тең. Сонда нәтиже 55-ке тең.
• 12 мен 8-дің көбейтіндісі 100-ден кем.
• 57 мен 37-нің айырмасын 4 есе арттырдық. 90 саны пайда болды.
• Бөлінгіш 72-ге, бөлгіш 20 мен 11-дің айырасына тең. Сонда бөлінгіш 9-ға тең болады.
Бірінші көбейткіш 37 мен 4 сандарының қосындысына, екінші көбейткіш 2-ге тең. Көбейтіндінің мәні 82-ге тең болады Топтық жұмыс: « Жүйрік болсан озып көр» әдісі арқылы орындалады
Сәйкестендір» ойыны
Өрнекті жауабымен сәйкестендір

( 32 + 40 ) : 9 =

45 : 5 ∙ 3 =

6 ∙ 4 – 23 =

46 + 60 : 6 =

( 84 – 39 ) : 5 =

57 – 48 : 8 =

( 12 + 18 ) : 6 =

(52 – 31 ) : 3 =

1

56

9

8

7

5

27

51
Өзектендіру.
(Т) Дүкенге әрқайсысы 8 кг-нан 5 жәшік мандарин және олардан 10 кг артық апельсин әкелінді. Барлық жемістер 10 кг-дық жәшіктерге бөлініп салынды. Әр жәшікке неше кг жемістен салынды.
Есепті топта оқиды, талдайды. Есептің шығарылуын амалдардың орындалу реті бойынша және өрнек түрінде жазады. Одан соң тақтада көрсетілген есепті шығарған өрнекті тауып сәйкестендіреді.
Қорытынды : есепті шығару үшін қандай сұрақтарға жауап іздеді, есеп моделін құрастырады. Оқушы жауаптары толықтырылады.
Қысқаша жазба түрінде есепті модельдеу жолын көрсету, ол үшін сұрақтар қою. Не белгілі, нені табамыз, бірінші қандай амал орындалады?
Мандарин- 8 кг-нан 5 жәшік
Апельсин-? 10 кг артық
Бөлініп салынды – 10 кг-дық жәшікке
Әр жәшікте-? Кг жеміс
«Бармақпен» бағалау жүргізіледі.

«Жұптық жұмыс
Оқушылар фигураның ішіне кіретін торкөздерді санайды. Бұл тапсырма фигураның ауданы, фигура ауданының өлшем бірліктері туралы түсінікке дайындық іспеттес.

(ЖЖ) Өрнек құрып, мәнін тап:
10 және 60 сандарының қосындысына 8–ді қос.
70-ке 12 мен 6 сандарының айырмасынан 30-ды кеміт.
65 пен 5 сандарының айырмасынан 30-ды кеміт.
90-ға 11 мен 9-дың айырмасын қос.
(Дұрыс жауапты белгіле:

Өзара бағалау ( дескриптор бойынша)
Бағалау СГ 2. Есептердің шығару нәтижелерін көрсету
Оқытудың мақсаты бойынша.
Бағалау кртитериі Дескриптор
Кез келген есептерді шығару тәсілдерін мен анықтамаларды пайдаланады Қосымша ақпарат көздерін пайдалана отырып тексереді
Шығарылған есептердің дұрыстығын бақылайды
Тапсырмалардың нәтижесін тексеру
Шығарылған есептердің жақсы үлгілерін көрсетеді
Жеке жұмыс

«

Смайликтер» арқылы бағалау

Кері байланыс.
Тыңдаған топтардың кері байланысы. Слайд 5
Мәтін жазылған үлестірме қағаз;
Таймер

Слайд 3-9

Сабақ соңы
5 мин
«Құпия хат» әр түрлі фигуралар тізбегі оқушыларға таратылады.

1. Сабақта қандай бөлімді қарастырдық?
2. Оқу мақсатына жету үшін біз қандай іс –әрекеттер жасадық?
3. Жұптық жұмыс түрінен алған әсеріңізбен бөліссеңіз?
4. Сөздік қорын қандай жаңа сөздермен толықтырдық?
5. Жеке жұмыс қаншылықты қиын болды?

Бағалау
Жетістік критерийлері бойынша
Үй жұмысы
Жаңа сандарды і жаттау
Рефлексия. Оқушылар қиық қағаздарға жазып береді.
Сабақта маған не пайдалы болды?
Сабақта маған не қызықты болды?
Сабақта маған не қиын болды? Үлестірме қағаз
Қосымша ақпарат
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
Дифференциация үш түрде іске асады:
1- үлгерімі төмен оқушыларға қолдау топтық жұмыста үлгерімі жақсы оқушылар тарапынан көрсетіледі.
2 –оқушылардың тапсырмасынан күтілетін нәтиже дифференциацияланған.
Оқушылар бір-бірін дискрипторлар арқылы бағалайды. Сол арқылы кері байланыс беріледі. Сабақ философияға қатысты болғандықтан, белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға септігін тигізеді. Сабақта оқушылардың өміріне қауіпті ештеңе пайдаланылмайды. PowerPoint таныстырылымы, аудиофайл тыңдау үшін компьютер қолданылады.
Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға
Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады.
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1.
2..
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

One thought on “Обновленка Математика 4 сынып ҚМЖ Қысқа мерзімді жоспар Жаңа бағдарлама КМЖ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *