Обновленка Дүниетану 4 сынып ҚМЖ Қысқа мерзімді жоспар Жаңа бағдарлама КМЖ

Қысқа мерзімді жоспар

Күні:
Сынып: 4 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Менің өлкемнің өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сәйкес) 4.2.3.1 өзөңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты шаруашылық іс-әрекетін талдау
Ойлау дағдыларының деңгейі Талдау, жинақтау
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар: Өз өлкесінің ауылшаруашылық және өнеркәсіп өндірісін, қызмет саласын орналастыру факторларын талдайды.
Басым көпшілігі: ауылшаруашылық және өнеркәсіп өндірісін салыстырады.
Кейбір оқушылар:Қызмет саласын орналастыру факторларын жасап шығарады
Бағалау критерийі • Қазақстанның ауылшаруашылық және өнеркәсіп салаларын кесте арқылы жіктейді.
• Қазақстанның өнеркәсіп өндірісін диаграмма арқылы салыстырады.
• Қызмет саласының орналастыру факторларын жасап шығарады.
Тілдік мақсаттар Ауылшаруашылық кооперативі, шаруа қожалығы, фабрика, завод, комбинат
Тыңдалым: Қазақстанның ауылшаруашылық саласы жайлы видеоролик көрсетіледі.
Оқылым: оқулықтағы мәтінмен танысу, қосымша үлестірме материалдар таратылады.
Жазылым: кесте толтырады, диаграмма құрастырады.
Айтылым: топпен пікір-талас жүргізеді,постер қорғайды
ауыл шаруашылығы сельскохозяйственное agricultural
өндіріс производство production
өнеркәсіп промышленность industry
Құндылықтарға баулу Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, топтық, жұптық жұмыстар арқылы бір-бірін құрметтеу, ынтымақтастық, ашықтыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Тарих-Қазақстанның ауыл шаруашылық саласы жайлы мағлұмат, биология- мәдени өсімдіктердің түрлері мен орналасуы
Алдыңғы білім
Жоспар
Сабақтың жоспарланған уақыты Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Дерексөздер, ресурстар
Сабақтың басы
7 мин

Сабақтың ортасы
30 мин

Ұйымдастыру кезеңі оқушыларды кезекшінің көмегімен түгелдеу, сергіту сәті «Ақ тілек» әдісі -оқушылар шеңберге тұрып бір – біріне тілек айтады.
«Ел жүрегі- Астана» деп жазылған түрлі- түсті қағаздар арқылы топтастырамын.
Үй тапсырмасын «Кім жылдам» әдісі арқылы сұраймын.
1. Өнеркәсіп дегеніміз не?
2.Қандай ауыл шаруашылық салаларын білеміз ?
3. Байлық дегеніміз не?
«Менің өлкемнің өнеркәсібі мен ауылшаруығы і»тақырыбындағы видеоролик көрсетіледі.(2:55 мин) Видеоролик арқылы «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі арқылы оқушылардың не ойлайтындығы сұралады:
1. Cіз видеоролик арқылы не байқадыңыз?
Жұппенен өз ойларын бөліседі, топтағы оқушылармен біріктіреді, ойларын толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, топпен өз ойларын бөліседі. Мұғалім оқушыларға ауылшаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын ұйымдастыру түрлері туралы ақпарат таратады
1-тапсырма: Топпен жұмыс. Әткеншек әдісі.
1 топ Өздерінің тұрып жатқан жеріндегі ауылшаруашылық салаларын жіктеп, түрлерін көрсетеді
2-топ-Өнеркәсіптің маңыздылығы мен пайдасын жазып көрсетеді
3-топ-Өнеркәсіптің қызмет көрсету салаларын жіктеп сызбаға салады

Бағалау критерийі Дескриптор
-Шаруашылық, өнеркәсіп, қызмет көрсету салаларын жіктей алады
-Салаларын біледі
-Мамандануына байланысты ажырата алады
-Орналасуына сипаттама береді

2-тапсырма.
Өзі тұрған өлке ауылшаруашылық жүйесін және қосымша ақпараттарды пайдаланып кестені толтыру(топтық жұмыс)

Дақылдар Орналасу факторлары Ірі орталықтары
Бидай
Қарақұмық
Күріш
Картоп
Күнбағыс
Қант қызылшасы

Өңдеуші өнеркәсіп Өндіруші өнеркәсіп

Дескриптор
— Дақылдардың орналасу факторларын, ірі орталықтарын кестеге толтырады
— Өңдеуші өнеркәсіп және өндіруші өнеркәсіп салаларына тоқталады

Топтар бір-біріне кері байланыс жасайды, оқушылар өз-өзін бағалайды.

Қосымша, кесте, атлас картасы

8- сынып қалыптастырушы бағалау

№2-тапсырма. Жұптық жұмыс
Қазақсатнның өнеркәсіп өндірісін диаграмма арқылы салыстырады (топтық жұмыс)

Дескриптор
— Металлургия түсінігімен танысады
— Химия өнеркәсібін пайызбен көрсетеді
— Жеңіл өнеркәсіп саласын талқылайды
— Тамақ өнеркәсібін сұрыптайды
— Тоқыма өнеркәсібі сипаттайды
— Машина жасау саласының үлесін көрсетеді
— Қазақстанның өнеркәсіп өндірісін диаграмма арқылы салыстырады
Топтар бір-біріне кері байланыс жасайды, оқушылар өз-өзін бағалайды.

Жеке жұмыс
№3-тапсырма. «Біреуін аласың – біреуін бересің» әдісі
Оқулық материалдарын және қосымша деректер көздерді пайдаланып қызмет көрсету, соның ішінде туризм мен рекреациялық қызметті орналасу факторларын жасаңдар.

Дескриптор
— Қызмет көрсету салалрымен танысады
— Туризмнің орналасу факторларын жасайды
— Рекреациялық қызмет түрлерімен танысады

Топтар бір-біріне кері байланыс жасайды, оқушылар өз-өзін бағалайды.

Сабақтың соңы
3 минут Рефлексия: ТАҚТАДАҒЫ ГРАФФИТИ
Оқушылардан әртүрлі уақытта граффитиге арналған тақтаға «БББ»
тұжырымдамасы арқылы өз үлестерін қосу, олар осы тақырып туралы не ойлайды, не «біледі»,
нені «білгісі келеді» және тақырыпты талқылау қорытындысында олар нені «білгендігі»
сұралады.

Белсенді оқушыларды марапаттаймын.
Үйге тапсырма: Жергілікті жердің қызмет көрсету салалры. Эссе жазу
Стикер
Саралау- сіз оқушыларғақандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау- Сіз
оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау. Ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолдану
1.Мұғалімнің қолдауын қажет ететін оқушыларға
Қазақстанның ауылшаруашылық картасын және қосымша ақпараттарды пайдаланып кесте толтырады.
2.Мұғалімнің қолдауын аса қажет етпейтін оқушыларға Қазақсатнның өнеркәсіп өндірісін диаграмма арқылы
салыстырады.
3. Мотивациясы жоғары оқушыларға «Түймедақ» әдісі бойынша ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және қызмет салаларын жетілдіру жолдары жайлы өз ойларын жеткізеді.
Оқушылардың алдын-ала белгіленген критериийлер мен дескрипторлар арқылы бағаланады. Өзін-өзі бағалайды.

Оқушыларға жағымды психологиялық ахуал қалып Оқу құралдарын пайдаланғанда ұқыптылықты қадағалау.АКТ тиімділігін қолдануға жағдай жасау, техника қауіпсіздігін есекру.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:
Мерзімі:
Сынып: 4
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Менің өлкемнің өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 4.2.3.1 өзөңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары) байланысты шаруашылық іс-әрекетін талдау
Сабақ мақсаттары Оқушылар
• Табиғи жағдайлардың адам қызметіне әсерін түсіндіре алады;

Бағалау критерийлері • адам қызметіне табиғи жағдайлардың әсер ету дәлелдерін келтіреді;
• халықтың әр түрлі қоныстану себебін анықтап, мысал келтіре алады.
Тілдік мақсаттар Оқушылар:
-табиғи жағдайларға байланысты халықтың орналасу себептерін түсіндіре алады;
— тілдік қорларын қызмет түрлері атауларымен толықтырады;
-ауызша сұрақтар құрастырып, жауап бере алады.
Терминология:
Шаруашылықтар (балық шаруашылығы, мал шаруашылығы т.б.)
Пайдалы сөз тіркестер:
Адам өмірі мен қызметі сол аймақтың климаттық ….
Халықтың қоныстануы табиғи жағдайларға…

Құндылықтарды дарыту Сыйластық – бір-бірінің жауабын мұқият тыңдау барысында көрініс табады.
Еңбексүйгіштік – әртүрлі шаруашылықта қызмет ететін еңбек иелерін үлгі тұтудан, адал еңбекті бағалаудан көрінеді.

Пәнаралық байланыстар География: Рельеф, климат, өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары ұғымдары талданады
Экономика: Қазақстандағы шаруашылық түрлері
Алдыңғы меңгерілген білім Оқушыларда қолайлы, қолайсыз табиғи жағдайлар туралы
түсінік бар. Дүниежүзінде адам көп қоныстанған аймақтарды біледі және оның себебін түсінеді. Кескін картамен жұмыс жасау дағдылары бар.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
0-3

4

5-9

10 Топқа бөліну
Оқушылар туған күндері мен айларының кему ретімен қатарға тұрады. Бірақ дауыстап сөйлеуге рұқсат етілмейді, тек ыммен бір-бірін түсініп орналасады. Тұрып болғаннан кейін әр оқушы өз туған күні мен айын атау арқылы қатар дұрыстығы тексеріледі. Түзетулер еңгізіледі. Оқушылар 1-5 дейн санау арқылы 5 топқа бөлініп жайғасады.
Кіріспе әңгіме
Оқушылардың көңіл-күйлері сұралып, сабақ өтуге ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ туғанын айтылады. Бұл жасанды қолайлы жағдай екені айтылады.
«Гүл сыйлау» стратегиясы
Талқылауға ұсынылатын сұрақтар:
-адам өмір сүру үшін қандай табиғи жағдайлар қажет?
-қолайлы табиғи жағдайлар ата;
-қолайсыз табиғи жағдайларды ата;
-мысалдар келтір;

Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
Сабақ мақсаты ұсынылады:
— табиғи жағдайлардың адам қызметіне әсерін түсінесің;
Әдістемелік нұсқаулықтарға қараңыз

Әдістемелік нұсқаулықтарға қараңыз

Слайд№3

Сабақ ортасы
11-14

15-25

26-34

Топтық жұмыс Тапсырма №1 (т) «Тырысып көр» әдісі
Топқа бөлу.
Табиғаттың негізгі бөліктері арқылы оқушылар үш топқа бөлінеді.
1-топ. Географиялық орта және пайдалы қазбалар
2- топ Адам мен табиғат арасындағы байланыс
3-топ Өсімдіктер мен жануарлар

Сен тұратын жердің табиғи жағдайлары қандай?
Өз өңіріңнің табиғи жағдайлары туралы ақпарат жина және кестеге түсір
Жер бедері Климаты Су нысандары Өсімдіктер мен жануарлар әлемі

Бағалау критерийі :
— Өз өңірінің жер бедерін, климатын, су
нысандарын, өсімдіктері мен
жануарларын сипаттайды.
— жыл мезгілдерінің атауын жазады;
— бос уақытты табиғатта өткізудің мүмкіндіктері туралы
әңгімелейді.
Жұптық жұмыс
Картамен жұмыс (жұпта) «Халықтың орналасуы тығыздығы» картасы ұсынылады.
-Неліктен кейбір аймақтарда халық көп, ал кейбір аймақтарда аз қоныстанған? Оқушылар өткен сабақта алған білімдеріне сүйеніп дәлелдер келтіреді.
«Үздік ойлар алаңы» стратегиясы
Әр топқа суреттер таратылып беріледі. (мақта, балық, мал, астық шаруашылығы)
Талқылауға ұсынылатын сұрақ:
-Бұл шаруашылық түрлері туралы не білесіңдер?
-Бұл шаруашылық түрлері қай аймақтарда басым болады?
-Табиғи жағдайлар адам қызметіне қалай әсер етеді?
Оқушылар суреттер негізінде сұрақтарға жауап іздейді. Өз ойларын ортаға салып, шағын зерттеулер жүргізу арқылы қорытынды шығарады.
Бағалау критерийлері:
• адам қызметіне табиғи жағдайлардың әсер ету дәлелдерін келтіреді;
Жеке жұмыс
«Бірге ойлаймыз» әдісі.
Берілген тірек сөздерді оқыңыз және екі топқа бөліп жазыңыз.
Тірек сөздер:
Су тасқыны ̹ құрғақшылық ̹бұршақ̹ ̹ нөсер ̹жаңбыр̹ жаңартау̹ құйын .
Қауіпті табиғи құбылыстар:
Қолайсыз ауа- райы:
Бағалау критерийі: Табиғи құбылыстарды біледі.
Дескриптор
Табиғи құбылыстары жайлы мәлімет жинайды
«Сәйкестендіру» тапсырмасы (жеке)
Қазақстанның физикалық картасымен жұмыс.
Халық шаруашылығы бейнеленген суреттерді физикалық картадағы халықтың орналасуына қатысты сәйкестендіреді. Халықтың әртүрлі қоныстануы және олардың шаруашылығы қолайлы климаттық жағдайларға байланысты екенін талдап, түсіндіреді.
Бағалау критерийлері:
• адам қызметіне табиғи жағдайлардың әсер ету дәлелдерін келтіреді;
• халықтың әр түрлі қоныстану себебін анықтап, мысал келтіре алады.
Кері байланыс : « Сигнал парақшасы»арқылы Табиғи құбылыстарды біледі дұрыс және бұрысын тексеру.
Ж .Тапсырма№3 «Диолог және қолдау» көрсету тәсілі.
«Еркін пікір» әдісі бойынша
Ауа райының адам өміріне тигізетін оң және кері әсері туралы екі сөйлем құрастырып жазыңыз.
Оң әсері :
Кері әсері:
Бағалау критерийі: • Табиғи жағдайлардың қоршаған ортаға тигізетін оң және кері әсерін анықтайды.
Дескриптор
Ауа райының адам өміріне тигізетін әсері жайлы біледі.
Кері байланыс:Ауа -райы

Анкета әдісі
1.Өз өңірінің климаты қандай ?
2.Сен су қоймаларын білесің бе?
3.Табиғи жағдайлардың қоршаған ортаға әсері қандай?
4.Қолайсыз ауа-райын атап көрсетің?
Жер бедері және табиғи құбылыстар жайлы мәлімет жинау. «Халықтың орналасу тығыздығы» картасы
Дәлелдер парағы

Ауыл шаруашылығы бейнеленген суреттер немесе шаруашылық аттары жазылған қағаздар
(дидактикалық материалға қараңыз)

Энциклопедиялар
Интернет сілтеме:
http://farmers.kz

Қазақстанның физикалық картасы
(дидактикалық материалға қараңыз)

Сабақтың соңы
35-40 1. Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек»
Оқушылар сабақ мақсатына жету бойынша өздерінің әрекетінің екі плюсын және бір минусын (өзіне тілегін) айтады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушыларға Қазақстанда облыстар бойынша халықтың қоныстануы туралы салыстырмалы талдау жасауды ұсыныңыз.
Оқуда кедергісі бар оқушыларға «Сәйкестендіру» тапсырмасында жекелей көмек көрсетіңіз, не болмаса жұптастырып орындатуға болады. Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.
«Гүл сыйлау» стратегиясында қай оқушы сапалы сұрақ қойды, қай оқушы дұрыс/қате жауап бергенін түртіп отырыңыз. Сабақ барысында бірден кері байланыс беріңіз. «Үздік ойлар алаңы» стратегиясында әр сұрақтың толық дұрыс нұсқасын 2 ұпаймен бағалауға болады. 6 ұпай жинаған топ үздік атанады. Топтардың жауаптарын бір-біріне толықтыруға мүмкіндік бере отырып кері байланысты күшейтіңіз.
Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.

Бөлім Мектеп
Күні Мұғалімнің аты -жөні:
Сынып: 4 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны
Сабақтың тақырыбы: Отбасының қоғам өміріндегі маңызы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 4.1.1.1 отбасыныңқоғамөміріндегімаңызындәлелдеу4.1.1.2 отбасымүшелерініңфункционалдықрөлінталдау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:
Отбасы ,отбасының қоғамдғы рөлі туралы меңгереді, жауап бере алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Отбасы түрлерін бөле алады,отбасындағы қарым –қатынас туралы біледі.
Кейбір оқушылар:
Ата-аналар мен балалардың құқықтары туралы қосымша ақпаратпен бөлісе алады.
Бағалау критерийлері -Ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерін білуі.
— Сабақта өтілген жаңа терминдерге анықтама беру алуы

Тілдік мақсаттар: Оқушылар:
Отбасы туралы өз ойларын баяндай алады
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Достық, отбасы, құқық, міндет,
Құндылықтарға баулу: «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық құндылығы:
-шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
-қарым-қатынас жасау қабілеті;
-өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;
— жауапкершілік;
-отбасы құндылықтарын құрметтеу, қамқорлық көрсету;
Пәнаралық байланыстар Күнделікті өмірмен,өзін-өзі тану пәнімен байланысты.
Бастапқы білім: Отбасы туралы түсініктерін еске түсіру
Сабақтың барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: Сабақтағы жоспарланған іс әрекет Ресурстар
Сабақтың басталуы:

10мин (МК). Ынтымақтастық атмосферасын құрамын. Әр топтан бір оқушы тілек айтады.
Оқушыларды түгендеу.
Тақырыпқа сай 5 топқа бөлу. Топ басшы сайлайды.
1 топ-Отбасы тобы
2 топ-Достық тобы
3 топ- Ата-аналар тобы.
4 топ- Балалар тобы.
5 топ-Қоғам тобы.
Қайталау сұрақтары:
«Ашық микрофон» әдісі.
Меншіктің қандай түрлері бар?
Экономика сөзінің қазақша мағынасы қандай?
Экономикалық жүйе нешеге бөлінеді және оларды ата?
Ақша дегеніміз не?
Ақшаның қызметі қандай?
Нарық дегеніміз не?
Қазрігі таңда Қазақстанда қандай экономикалық жүйе?
Қоғам дегеніміз не?
Ең үлкен қоғам.
Ең кіші қоғам
Үй тапсырмасын бағалау
Көрнекілік

АКТ

Үлестірмелі қағаздар
Сабақтың ортасы

Түсіну деңгейі
10 минут

Қолдану 5мин

Талдау 8мин Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлап. Сабақтың мақсатын айтып өтемін . Оқушылар өзінің мақсатын дәптерге жазады.Әр топқа тапсырмалар беріледі«джигисо» әдісі( дайындыққа 5 минут, әр топқа жауап беруге 1-2 минут уақыт беріледі)
мәтелдерді білесіңдер?
«Қоғам және отбасы»
Сабақтың жоспары:
1. Отбасы – басты мақсат.
2. Отбасын құру ұстанымдары.
3. Отбасындағы балалар мен ата – аналардың құқықтары.
4. Отбасындағы қатынастар.
Қоғам дегеніміз – қоршаған ортадағы адамдардың өзара қарым – қатынас жасауын айтамыз.
Отбасы – ерлі – зайыптылардың, ата – аналардың, балалардың және басқа туыстардың арақатынасын реттейтін нормалардың, тәртіп үлгілерінің жиынтығымен сипатталатын әлеуметтік институт.
«Отбасы» – сөзіне ассоциация жасау.

Дискриптор:
-Тақырыпты нақты, түсінікті жеткізуі
-уақытты тиімді қолдануы
-жаңа термин сөздерді қолдануы

Жаңа тақырыпты түсінгендерін тексеру үшін сұрақтар қою.

Ата-ана мен балалардың құқықтары мен міндеттерін жаз Жаңа сөздерге анықтама бер
— Отбасы-
— Неке-
— Қоғам-

1 – тапсырма
Әр топ өз түсініктерін жазады? (3 мин)
1 – топ «Адам» Отбасын құру міндеті қандай?
2 – топ «Қоғам» Балалар мен ата-ана құқықтары мен міндеттері қандай?
3 – топ «Құқық» Отбасындағы тәрбие қандай міндеттерді шешеді?
2 – тапсырма (5 мин)
Жағдаяттар талдау.
1 – топ «Адам»
Қарттар үйінде тұрып жатырған Бекзат ата атақты еңбек ері, зейнеткер, 5 баланың әкесі, 9 немеренің атасы. Балаларына жақсы тәрбие, білім беріп өсірген. Бекзат ата күнде таңертең терезеге қарайды да, ойланып отырады. Бекзат ата не ойлап отырады деп ойлайсыңдар?
2 – топ «Қоғам»
“Ата – ананың көңілі балады, баланың көңілі далада” – деген мақалмен мына бір жағдаятқа назар аударып, өз пікірлеріңізді білдірсеңіздер. Майра ауылдан мектеп бітіргенен кейін, қалаға келіп коледжге оқуға түсті. Студент болды, жақын туыстары болмағасын, жатаханадан орын алды. Бірінші курсты өте жақсы аяқтады, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысты. Курстастарының алдында беделді болды. Екінші курста сабағы төмендеді, себепсіз жиі –жиі сабақ қалдырды. Сөйтіп жүріп ол коледжді тастап кетті. Ауылда ата – анасы қызына сенімді оқып жүр деп ойлады, бірақ Майра өз бетімен білгенін істеп жүр. Майраның осындай жағдайға жеткеніне не себеп болды деп ойлайсыңдар?
3 – тапсырма (2 мин)
Миға шабуыл.
Қазақ не үшін «Жеті атасын білмеген — жетесіз»деген? (Оқушылардың ойларын білу). Жеті атаға дейін адам қаны сақталады екен. Оны ғылым дәлелдеп отыр. Қанның ұқсастығы тұқым қуалайтын ауруларды қоздырып ұрпақ азатынын қазақ әу баста-ақ білген.

Дискриптор:
-нақты 3 сөзге анықтама бере алуы
— Жауапты өзара тексеріп бағалау

Бейнеролик көрсетіледі
Бейне ролик бойынша өз ойларын айтады. Қандай ой түйдіңдер?
Оқулық

Көрнекілік

Үлестірмелі қағаздар
Ватман, маркер, керекті құрал жабдықтар

Үлестірмелі кесте тапсырмалары

АКТ
Сабақтың аяқталуы7 мин
Жинақтау

Бағалау

Кері байланыс

Мақсатты тақтаға шығарып , жеткен, жетпегенімізді анықтау. Әркім өз мақсатына жетті ма бір екі оқушы мақсатын оқып жеткен, жетпегенін айтады
Бағалау.әр топтың топ басшысы өз тобының мүшелерін сабақ барысында бағалап отырады, қорытынды баға қояды.

Кері байланыс

Сабақты қортындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгенін, қалай жұмыс істегенін , не қызықты әрі жеңіл болғанын, не киындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін қолдарындағы суреттің артына жазып ковертке салады.
Үйге тапсырма «Менің отбасым» эссе жазу
АКТ

Бағалау парағы

Үлестірме қағаздар, конверт.
Саралау тапсырма Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
1. 1. Бала құқықтары қандай заңдарда жазылған.?
2. Қандай жағдайда ата-ана құқығынан айырады? Оқушылар өзін өзі бағалайды. Қалыптастырушы бағалау, топпен бағалайды. Мұғалім бағалайды. Кабинет жарық болу керек, парталары ыңғайлы тұру керек, қауіпсіздік техникасы сақталу керек
Рефлексия
Сабақ / оқу мақсаттары шынайыма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болдыма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердімбе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:

2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

One thought on “Обновленка Дүниетану 4 сынып ҚМЖ Қысқа мерзімді жоспар Жаңа бағдарлама КМЖ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *