Обновленка Әдебиеттік оқу 4 сынып ҚМЖ Қысқа мерзімді жоспар Жаңа бағдарлама КМЖ

Пән:әдебиеттік оқу
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«
Күні:
Сынып: 4 Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні:.
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Ешбір дұшпан басынбаған елміз.
«Қазыбек бидің шешендігі».
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 4.2.4.1–аңыз,шешендіксөз,батырларжыры,фантастикалықәңгімелердіңжанрлықерекшеліктерінанықтау.
4.2.6.1–кейіпкердің,кейіпкерлердіңіс-әрекеті,мінез-құлқыныңөзгерусебептерінмәтіннентауып,салыстырыпбағалау.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Қазбек бидің шешендік сөздері мен толғауларын іс- жүзінде, қолдана білуге дағдыландыру жақсы қасиеттерді өз бойына сіңіру Көптеген оқушылар: иллюстрациялар бойынша әңгімелеуде нақыл сөздерді қолдана алады
өлеңнің құрылымдық бөліктерін ажыратады, бөліктеріне тақырып қояды
Кейбір оқушылар:нақыл сөздің жанрлық ерекшеліктерін анықтауда, өз тұжырымдарын ұсына алады
Бағалау критерийлері сөйлеу барысында иллюстрациялар қолдана алады
нақыл сөздің ерекшеліктерін анықтайды
Қазыбек бидің тарихтағы орны мен шешендік сөздерінің шығу тарихын түсінеді
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
Шешендік өнердің мазмұны туралы өз ойын айта алады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Жатпа қарап, жұмыссыз, даналық, ұшқан құс, кетпес байлық.
Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
Білімді іздеп тауып алға бола ма?…
Күш білімде, себебі…
Құндылықтардыдарыту
Топтық жұмыста бір біріне құрмет көрсетеді, ынтымақтастықтарын нығайтады.
Жеке жұмыс кезінде еңбек ету және шығармашылық құндылықтары қалыптасады.
Пәнаралықбайланыстар Қазақ тілімен байланыс
АКТ қолданудағдылары Слайд, тақта
Бастапқыбілім Нақыл сөздерді біледі, сөйлеу барысында суреттерді қолдана алады

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет
Ресурстар
Сабақтыңбасы

0-5 минут Ширату тапсырмасы. 1.«Үш пікір» әдісі.«Нақыл сөз» деген не?
Осы тақырып төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы коробкаға тастап отырады.
Сабақ мақсаты: біздің бүгінгі сабағымызда сөйлеу барысында иллюстрациялар қолданып, нақыл сөздің ерекшеліктерін анықтайдықолдануды үйренеміз. Таяқшалар
4 cлайд

Сабақтың ортасы

5 минут

Ой қозға

Келдібекұлы Қазыбек би – қазақтың Тәуке, Болат, Сәеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері. Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атакты шешен, Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығармашылардың бірі.
Қаз дауысты Қазыбек-асқан шешен, ақын, дау шешкен әділ қазы, халықаралық дәрежедегі елші-дипломат, қоғам қайраткері.
Балалар! Қазыбек би-халықаралық дәрежедегі елші-дипломат болғанын білеміз. -Елші деген кім? Елші – ел мен ел арасындағы келіссөзді жүргізетін адам. Елші ең алдымен елдің намысын қорғайды, өйткені жердің бүтіндігі, елдің дербестігі, өзін-өзі билеу құқығы- әр халықтың ары меннамысы болып табылады.
Қазыбек бидің қандай өсиетін 3 сыныпта оқыдық? -Қазыбек бидің толғауы Қазыбектің толғауында не делінген еді? Кімнің есінде? -Ал,бүгін енді Қазыбек бидің шешендігі жайлы оқып білеміз.
Мәтінді түсініп , іштей, жалғастырып, рөлмен оқу; шешендік сөздерге көңіл бөлу. Қазбек бидің сұрақтарына берілген жауапты тауып оқы. Сөздік жұмыс: Кемеңгер кісі – дана, данышпан адам. Несие – бұл жерде: берген тәрбиенің
Топтық жұмыс
«ЖИГСО» әдісімен мәтінді бөліктерге бөліп оқиды.
Әр топтан бір оқушыдан шығып кезектесіп мәтін мазмұнын әңгімелейді.
Ұжымдық жұмыс.
Сұрақ-жауап.
— Төле би Қазыбектен не сұрайды?
— Қазыбек оған қалай жауап береді?
— Әкесі Қазыбекті неге Төле биге жібергісі келмеді?
— Келдібек бидің қорқынышы расталды ма?
1. Төле би Қазыбектен не сұрады? Қазыбек бидің алыс, жақын, тәтті деп жұмбақтап сұрағаны нелер екен? Қазбек бидің сөзге шешен, тапқыр екенін жұмбақтап сұраған қай сөздерінен байқауға болады? (Әкеме жете туған баласы болармын. … Төле биге қойған сұрағынан оның тапқырлығын, шешендігін білуге болады.)
Кестемен жұмыс: зер сал, өз ойыңды тұжырымда. Төле бидің Қазбекке қайырған жауабының мәнін кестеге сүйеніп жаз.
Алысыңыз қандай? Алысым жақын. Жақыннан көру Тәттіңіз қандай? Тәттім сирек. Ұйқысының сирегені Несиеңіз қандай? Несием өсіп жатыр. Балаларының күтімі

(Б) «Отшашу» әдісі арқылы бағалау

Мақал — мәтелдер:
1. Ердің сыншысы болма, адамның сыншысы бол.
2. Оқу инемен құдық қазғандай
3. Көп сөз көмір, аз сөз алтын.
4. Өлімнен ұят күшті.
5. Атаңның баласы болма, елдің баласы бол.
Осы мақал-мәтелдерді оқи отырып не алдық?
Адамгершілік, инабаттылық, ізгілік, кішіпейілділік, ақылдылық, туған жерді сүю, мейрімділік.
НЕ БІЛДІК? НЕ ҮЙРЕНДІК?
Қандай қазақ би – шешендерімен таныстық?
Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.
Шешендік – билер жалпы қандай болуы керек?
Яғни, қайраткер, дау, билік, дарынды, сауатты, ұтымды болулары керек. Бабаларымыз айтқандай «Бата менен ел көгерер, жаңбыр менен жер көгерер.» Сондықтан да оқушыларымыз дайындаған шағын көрініске назар аударайық. (Рөлдік ойын)
БАТА
— Ата, бата деген не?
— Бата – ақ ниет, жақсы тілек, халқымыздың ежелгі мұрасы.
— Ендеше ата маған батаңызды беріңіз.
«Арыстандай болсын айбатың,
Аюдай болсың қайратың,
Гүлге толсын өңірің,
Көңілді өтсін өмірің,
Асқа толсын табағың,
Ашық болсын қабағың!»
— ӘУМИН!
5 слайд
1-қосымша
Флипчарт,
маркер, қалам, кесте

Сабақтың соңы
5 минут Рефлексия:«Аяқталмаған сөйлем» тәсілі
«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.
Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:
 бүгінгі сабақта мен….түсіндім, …білдім, ….көзімді жеткіздім.
 бүгін сабақта қуантқаны…..
 мен өзімді…..үшін мақтар едім.
 маған ерекше ұнағаны…..
 сабақтан соң маған……..келді.
 бүгін маған……….сәті түсті.
 қызықты болғаны…..
 ……қиындық тудырды.
 менің түсінгенім…..
 енді мен……аламын. 8 слайд
Саралау

Бағалау:

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
1 тапсырма – «Дереккөздер арқылы саралау».Қабілеті төмен оқушылардың сурет бойынша не ойлайтынын сұраңыз. Алқабілетті оқушылардың тек білетін мәліметтері бойынша тұжырымдай білуге ынталандырыңыз.
2 тапсырма – «Диалог және қолдау көрсету. Қабілеті төмен оқушыларға Тапсырманы орындау барысында жан-жақтыәрі нақты көмек беріңіз
3 тапсырма –«Қарқын арқылы саралау». Қабілеті төмен оқушыларға жетекші сұрақтар қою арқылы көмек беріңіз,ал қабілетті оқушыларға жоғары деңгейлі ойлаудағдысын қажет ететін сұрақтар беріңіз.
4 тапсырма – «Дереккөз» арқылы саралау». Қабілеті төмен оқушылар дереккөздерді қарап 1-2 ақпарат алуына қолдаукөрсетіңіз, ал кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

Дескриптор:
• берілген суреттер бойынша ойларын ортаға салады;
• мәтінді оқиды;
• кесте толтырады
• нақыл сөздің ерекшеліктерін анықтайды

Сабақбойынша рефлексия

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім:
Сынып: 4 Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Туған жердей жер болмас…
Мағжан Жұмабаев. «Туғанжер».«Туған жерім – Сасықкөл».
Оқу мақсаттары 4.2.1.1–шығарманыдауыстаптүсініп,рөлгебөліп,мәнерлепоқу,теріпоқу,шапшаңоқу.
4.2.3.1–шығарманыңтақырыбыжәненегізгіойдыанықтау,автордыңойынмәтіндеректеріненкелтіреотырыпдәлелдеу.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: . . бүкіл өмірін Алашына арнаған ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру
.Көпшілік оқушылар: Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдері кеңейеді Кейбір оқушылар: мәтіндегі оқиғаны өмірмен байланыстырады және өз ойын еркін білдіреді.
Бағалау критерийлері М.Жұмабаев өмірі мен шығармашылығынан хабардар болады.
Ұсынылған тапсырмалардан автор бейнесін анықтай алады.
Тұлғалық болмысты гумантистік тұрғыдан талдай алады.
Тірек сөздер Терек,теректің қабығы,ауызбірлік,сыпырылып,қапа
Құндылықтарды дарыту «Құрмет», «ынтымақтастық»,«еңбек пен шығармашылық»сияқты құндылықтарын бойына сіңіруіне,Отанына риясыз қызмет ететін, білімді,білікті, рухани терең азамат болып қалыптасуына ықпал ету
Пәнаралық байланыстар Қазақ тілі,көркем еңбек
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта
Алдыңғы білімді игеру Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқи алады.

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
1-7 минут Ширату тапсырмасы: Сынып оқушылары ағаштардың суреттері бойынша топтарға бөлінеді
1Әрбір топ ағаштардың түрін айтып,қысқаша мәлімет береді
Ағаштар туралы видеоролик қарау
үй тапсырмасына шолу жасау

Қызығушылықты ояту. Мақалдың мағынасын аш.
.jpg
Қосымша 1

https://yandex.kz/images

https://www.youtube.com/watch?v=-iHBKxN9hDg

Сабақтың ортасы
8-9 минут

10-15 минут

16-21 минут

22-28минут

29-32минут

33-36 минут Автор өмірбаянымен танысу
Жаңа сабақ: Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылығы
Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Мәскеуде оқып жүргенде «Алқа» ұйымын ұйымдастырғаны үшін тұтқындалып, он жылға сотталады. 1937 жылдың аяғында ұсталып, 1938 жылы «халық жауы» деген жаламен ату жазасына кесіледі.
Мағжан Жұмабаев – қазақ романтикалық лирикасының дамуына зор үлес қосқан ақын. Өз өлеңдерінде қазақ арасындағы әртүрлі келеңсіз мінез-құлықты, әрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты сынайды. Елін білім алуға, өнер үйренуге шақырады. «Жазға таң», «Өнер-білім қайтсе табылар», «Қазағым» т.б. өлеңдерінде ақын осы тақырыпты көтереді.
Ақын лирикалық өлеңдермен қатар бірнеше көркем поэмалар жазған. «Қойлыбайдың қобызы», «БатырБаян», «Қорқыт» т.б. поэмалары ақын талантының ерекше қырын танытады.
1923 жылы Ташкентте «Педагогика» атты кітап шығарады. Сонымен бірге 1928 жылы Мәскеуде төменгі сынып шәкірттеріне арналған «Сауатты бол» атты оқулығы жарық көреді.
1-тапсырма. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты қосымша дереккөздерлі пайдалана отырып, жұптық жұмыс орындау үшін 6 сұрақ дайындаңдар. Өз жұптарынмен сұрақтарды талқылап, жауаптарын кестеге тостырыңдар.

Дикриптор:
— Дереккөздерді пайдалану.
— 6 сұрақ дайындау.
— Жұбыңмен сұрақтарды талқылау.
-Кестеге жауаптарын жазу.
ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы жұптарын бағалайды.
2-тапсырма. «Хронология мұнарасы» әдісі арқылы қосымша дереккөздерді пайдалана отырып, Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты хроногиялық кесте дайындаңдар.

Дискриптор:
— Мұнарадағы жылдардың жанына оқиғаны жазады.
— Ойларын айтады.
— Дәптерлеріне хронологиялық кесте түрінде түсіреді.
ҚБ «Бағдаршам» әдісі арқылы жұптарын бағалайды.
Туған жерім – Сасықкөл
Алыстан мұнарланып шалқыған көл,
Бетіңде күннің нұры балқыған көл.
Жарысып саф күмістей ақ көбігің,
Мап-майда мөлдірінде қалқыған көл.

Жанында жас балалар ойнаған көл,
Жан-жануар суыңды ішіп, тоймаған көл
Көз салып жалтырыңа, мұңға батып
Ғашықтар жарын іздеп, ойлаған көл.

Шешініп қыз-келіншек су алған көл
Әр жанды мөлдіріңнен суарған көл
Масайрап, суға тойып төрт түлік мал
Дөңіне ойнақ салып, қуанған көл.

Сыртыңда ақ боз үйлер жарасқан көл,
Байларың кедейлерге қарасқан көл
Ағайын тату-тәтті – қоныс бірге,
Саулықты сағат сайын сұрасқан көл.

Түрлі құс әуез қосып, шулаған көл
Шуақта балықтарың тулаған көл
Сапырып сары қымыз ертенді-кеш
Басында кеңес құрып, дулаған көл.

Сасық деп еркелетіп, ат қойған көл,
От-суға иең түгіл, жат тойған көл,
Назданып, жүйрік мініп, тарлан шүйіп,
Көксілдер тұс-тұс жақтан ат қойған көл.

Кір жуып, кіндік кесіп, сенде өскен көл,
Құрбымен ойнап-күліп, кел дескен көл,
Жарысып, тайға мініп, батпаққа аунап
Күресіп күн батқанда белдескен көл.
(Ұ) «Оқиғалар желісі» әдісі
Әр топқа оқиға желісі көрсетілген сурет қиындыларын беріп, суреттерді ретімен орналастыруды тапсырады. Оқушылар оқиға желісіне сүйеніп, сурет қиындыларын орналастырады

ҚБ «Екі жұлдыз,бір тілек»
Екі жұлдыз-Жұмыстарындағы ұнағаны
Бір тілек-Жақсартуға болады
Жеке оқушымен жұмыс:
Өлеңді мәнерлеп оқы.
Басбармақ арқылы формативті бағалау
Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.
Басбармақ көлденең = Мен түсінген-деймін.
Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім Қосымша 2

Слайд №6

Слайд №7
Қосымша 3

Қосымша 4

Слайд №8

https://ru.depositphotos.com/stock-photos

Қосымша 5

Сабақтың соңы
37-40 минут «Шеңбердегі доп» шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы сабақ туралы бір сөйлем айтады.

доп
Саралау
1-тапсырмада
Оқушылардың есте сақтау қабілеті сақталады. Өз ойын ашық айта алады
2-тапсырмада
Өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгере алады. Сыныптастарының жауаптарын ықылас қойып тыңдайды және сұрақтар қояды.
3-тапсырмада
Оқушының логикалық ойлауы дамиды, жылдам ой түйіндейді.
4-тапсырмада
Тапсырма барлық топқа ұсынылады,бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Көмек қажет ететін топқа уақыт беріледі Бағалау
«Бас бармақ» әдісі
«Бір- бірін бағалау» әдісі
«Смайликтер» әдісі
«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі
Дескриптор
 мәтінді өз рөлін сақтай отырып, қатесіз оқиды;
 мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
 мәтіндегі оқиғаға қатысты ойын айтады.
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Топқа бөліну кезінде қауіпсіздік ережелері ескеріледі
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсатына жеттім бе?
Оқушылар не үйренді?
Ынтымақтастық атмосферасы орнады ма?
Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?
Жоспарланған уақытты ұстандым ба?
Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, к\
елесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *