Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар 9-сынып «Арман ПВ» баспасы

Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар
9-сынып
«Арман ПВ» баспасы
І тоқсан-16 сағат
№1 сабақ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Мәңгілік Ел-мұратым

Сабақ тақырыбы: Мектеп:
Күні: Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 9 Қатысқандар саны: Қатыспағандар: 0
Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары) 9.1. Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру.
9.2.3.1 мақала құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:Мәтін бойынша сұрақтар дайындайды, құрастырылған сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың басым бөлігі:Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға толық жауап береді, түпнұсқамен салыстырады. Мақала құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады;
Кейбір оқушылар:Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік
Жолдау, үндеу, мәңгілік ел, мұрат
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Тарих, қазақ әдебиет
Алдыңғы тақырып 8 сыныпта өткенді қайталау
Жоспарланған
уақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)
Ресурстар
Басталуы 5 минут
Мұғалім мен оқушылардың амандасуы
Кезекші мәліметі
Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру:
Әр оқушы өз есімдерінің бас әрпінен аталатын сын есіммен көршісіне комплимент айту
Топқа бөлу2 минут
ҚР мемлекеттік рәміздер суреттері арқылы 3 топқа бөлу.
1-топқа Елтаңба суреті
2-топқа Ту суреті
3-топқа Әнұран мәтіні жазылған сурет

Бағалау критериийлері:
— Мәтін мазмұны бойынша сұрақтардайындайды
— Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап береді, түпнұсқамен салыстырады
— Мақала құрылымы мен ресімделуі бойынша жанрлық ерекшеліктерін ажыратады
— Сурет пен мәтінді байланыстыра әңгімелейді.
— Тақырып бойынша постер жасайды.
Дескрипторлар
— Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады және сұрақтарға болжаммен жауап береді.
— Мәтінді құрылымына, ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін біледі, ажыратады.
— Мәтінге тақырып қояды.
— Сурет пен мәтінді байланыстырады, әңгімелейді.
— Берілген тақырып бойынша постер жасайды, қорғайды.

Ортасы 20 минут Миға шабуыл. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

-Жолдау деген сөзді қалай түсінесіңдер?
-Елбасы жолдауы дегеніміз не?
-Жолдау не үшін керек?
-Мәңгілік дегенді нені білдіреді?
-Мәңгілік ел дегенді қалай түсінесіңдер?
-Ұлттық идея қандай болуы керек деп ойлайсыңдар?

Оқылым.
«Елбасымыз ұсынған «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – «Мәңгі ел» тұжырымдамалық идеологемасының жаңа әлемдегі, жаңа тарихи дәуірдегі заңды жалғасы» . Мәңгілік ұғым-түсінігі – барша адамзатқа ортақ қазына. Оның негізінде саналы-санасыз тіршілік иесінің өмірге, қоршаған ортаны игеруге құштарлығы жатыр. Мәңгілікке ұмтылған арман-мақсаттың нышанына, ескерткішіне Египет пирамидаларын, мәңгі қала Рим тәмсілін, суға батпайтын, отқа жанбайтын батырлар жайлы тарихқа дейінгі аңыз-ертегілерді жатқызуға болады. Біздің пайымдауымызша, әлемдік және дәстүрлі діндердің бастау-бұлағында да мәңгілікті бейнелейтін түпжаратушы тұр. Оның есімі – Тәңірі, Құдай, Алла, Бог, т.б. Демек, байырғы түркі қоғамында дүниеге келген қысқа да нұсқа «Мәңгі Ел» ұстанымы, біріншіден, арғы бабаларымыздың адамзат өркениетіне, оның ақыл-ой қазынасына қосқан айрықша интеллектуалдық үлесін айшықтаса, екіншіден, адамдардың әрқайсының һәм баршасының мүддесін, әрекетін, ұрпағының сабақтастығы мен жалғастығын жарасымды үйлестіруге септесетін әмбебап формуласы. Үшіншіден, осынау кемел пайым-тұжырым қазақ жерінен, Ұлы Дала елінен ешқашан табан аударған емес. Ол Қорқыттың ажалдан қашқанынан тартып ақын Ж. Молдағалиевтің: «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деген өлең жолдарымен санамызға шегеленген. XVIII ғасырда Әбілқайыр ханның: «Жайық өзені кеуіп қалғанша, тіпті ақыр заман келгенше қазақ халқы бұл жерден ешқашан айырылмайды», ХХ ғасырда Ә. Бөкейханның: «Қияметке шейін қазақ қазақ болып жасамақ» дегенінен де мәңгілікке нық сенім еседі.
2015 жылы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы – «Мәңгілік Ел» деп жариялады. Осылайша кемел келешекке байсалды қадамдар жасау үстіндегі тәуелсіз Қазақстанның көздеген заманауи мақсат-мұраты артта қалған ғасырлар құндылығымен сабақтасып, жалғасып жатқаны, біз Еуразия түркілерінің қара шаңырағын ұстап қалған мұрагері болып табылатынымыз ресми дәйектелді.

Тапсырмалар:
1. Мәтінге тақырып қойыңыздар.
2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар.
3. Мәтіннің құрылымы және рәсімделуі бойынша жанрына ажыратыңыз
4. Сурет пен мәтінді байланыстыра отырып әңгімелеңіз.

«Интервью» әдісі
Оқушылар өз ойларын, сұрақтарын стикерлерге жазып жабыстырады. Мұғалім әр сқрақты келесі топқа оқытып, жауабын тыңдап, ұқсастықтарын, айырмашылықтарын тапқызып көреді.
Сергіту сәті
3 минут ҚР туралы викториналық сұрақтар
Викторина

Аяқталуы 12 минут Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы жаттығуларды орындау.

Талдау 10 минут Постер жасау

Рефлекция
«Екі жұлдыз, бір тілек»

Оқулық

сурет

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз? Бағалау — Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
• • •
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?

№2 сабақ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Мәңгілік Ел-мұратым
Мектеп
Сабақтың тақырыбы:
Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
СЫНЫП: 9
Қатысқаноқушылар саны:
Қатыспағаноқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 9.1.2.1 қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (Жолдау) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау
9.3.6.1 жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу, редакциялау
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс орындайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөле алады, ойын жеткізеді.
Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндерге (Жолдау) талдау жасайды.
Ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелейді, логикалық түзетулер енгізеді, редакциялайды.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік
Жолдау, үндеу, мәңгілік ел, мұрат
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Тарих, қазақ әдебиет
Алдыңғы оқу
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз) Бағалау түрлері
Басталуы
5 минут Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
1.Оқушылармен амандасу.
2.«Бес бармақ» әдісі бойынша 5 топқа бөлу.
Бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.
3.Сабақтың мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.
Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Өзі туралы кластер» тренинг
Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б

Бағалау критерийлері
-қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (Жолдау) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдайды
-жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөледі,
-өз ойын дұрыс жүйелейді,
-логикалық түзетулер енгізеді, редакциялайды
Дескриптор
-әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (Жолдау) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдай алады
-жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөле алады,
-өз ойын дұрыс жүйелей біледі,
-логикалық түзетулер енгізе алады, мәтінді редакциялайды.

«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.
10 минут

Білу және түсіну.
Оқылым.
Берілген мәтіндерді оқушылар «Джигсо» әдісімен оқиды.

«Мәңгі елді» ұлықтаған Орхон ескерткіштері
2015 жылы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы – «Мәңгілік Ел» деп жариялады. Осылайша кемел келешекке байсалды қадамдар жасау үстіндегі тәуелсіз Қазақстанның көздеген заманауи мақсат-мұраты артта қалған ғасырлар құндылығымен сабақтасып, жалғасып жатқаны, біз Еуразия түркілерінің қара шаңырағын ұстап қалған мұрагері болып табылатынымыз ресми дәйектелді. Байырғы түркілерден жеткен «Мәңгі Ел» ұғым-түсінігінің мәні мен мазмұнын анықтап алу бүгінгі және болашақтағы ғылыми танымның нәтижесін дәйектеу бағытындағы бірінші қадам болып табылады. Біздің ойымызша, Күлтегін, Тоныкөк, олардың үлкен-кіші замандастары «Мәңгі Елді» идея ретінде де, манифест ретінде де тасқа басқан жоқ. Бұл ұғым-түсінікке халық пен тұлғаның, билік пен мемлекеттің пайда болғаннан соңғы демі таусылғанға дейінгі тағдыр-тәлейін сиғызды. Жарық дүниені қамтуы жағынан идеядан да, манифестен де әлдеқайда ауқымды. Өйткені идея дүниетанымның, ғылыми, көркем, т.б.с.с. ақыл-ойдың сүйенетін іргетасы, тірегі болса, манифистің мәнін жоғары билік немесе танымал күш тарапынан жарияланған бағдарламалық мәлімдеме құрайды. Орхон мұраларынан бұл екеуінің де белгілерін көруге болады. Дегенмен «Мәңгі Ел» сөзтіркесін бірінші кезекте тұжырымдама (концепция) мәртебесімен қабылдағанымыз жөн деп білемін. VIII ғасыр тұрғысынан келгенде, концепция дегеніміз — уақыт пен кеңістікке, үдеріс пен құбылысқа, бар мен жоққа, көк аспанның астындағы, қара жердің үстіндегі тыныс-тіршілікке тұтас көзқарас жүйесі. Осы тұтас көзқарас жүйесі, құрамдас бөліктерінің бәрінің мәні бір ауыз «Мәңгі Ел» сөзіне сыйғызылған. «Мәңгі ел» тұжырымдамасы дүниеге келген VІІІ ғасырда байырғы түркілер саяси, экономикалық, әлеуметтік, өркениеттік дамудың биік шыңына көтерілген еді. Бұған Күлтегін тасындағы: «Тәңірі жарылқап, құтым бар үшін, нәсібім бар үшін өлімші халықты тірілттім. Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым. Аз халықты көп қылдым. Ығыр (болған) елдікті, ығыр (болған) қағандықты игі қылдым. Төрт тараптағы халықты бағындырып, бейбіт қылдым. Жаусыз қылдым. Бағынып менің қоластыма кірді. Ісін-күшін берді. Осындай төрді басқарып інім Күлтегін өзі бұл дүниеден өтті» деген жолдар айғақ-дәлел бола алады. Империялық шалқыған көңіл 753 жылы орнатылған Тариат (Теркін) мәтінінде де тұр. Онда: «Алдыңғы күн шығыстың [елі], одан соң ай туар жақтың халқы, [дүниенің] төрт бұрышының халқы күш-қуатын берер, [ойы] бөлек жауым болмады. Жайлар жайлауым, егін алқабым сегіз Селеңгі, Орхон, Тоғла суы (дария бойы), Телдү, Қарға, Борғу ол жерлермен, сулармен көшіп-қонып жүрдім» делінген екен. Осындай пайым-тұжырымды Тоныкөк тасындағы жазудан да оқуға болады: «Бұл түрік халқына жарақты жау келтірмедім. Шұбырған аттыларды жүргізбедім. Елтеріс қаған иелік етпесе, оған еріп мен өзім иелік етпесем, ел де, халық та жойылар еді. Иелік еткендіктен, қасиетті еліме иелік еткендігім үшін, ел де ел болды, халық та халық болды». Сонымен, тағдыр анықтағыш ұлы идеологема геосаяси факторлардың мемлекет мұратына жегілген немесе дөп келген дәуірінде, халықтың әл-ауқаты жоғары ортада, елішілік бірлік пен татулықтың салтанат құруымен түзілді. Өз кезегінде ұлттық қауіпсіздігі бекем, сыртқы саясаты мен халықаралық байланыстары көрегендікке, парасатқа жүгінген, әскері сақадай сай мемлекетте оның қоғамға, мемлекетке, азаматтарға қуат беруші артықшылығы да, мүмкіншілігі де зорая түседі екен. «Мәңгі елді» ұлықтаған Орхон ескерткіштерінде, яғни Бумын, Күлтегін, Тоныкөк замандарында мемлекеттің, тіпті империяның тағдыры халықаралық ахуалдан, яғни экономикалық, сауда-саттық, дипломатиялық қатынастардан гөрі соғыс қорытындысымен шешіліп жататыны көзге түседі. Алайда Күлтегін жазуындағы: «Қаракөлде соғыстық», «Ізгіл халқымен соғыстық», «бір жылда бес жолы біз соғыстық», «төртінші рет біз Чүш басында соғыстық», Тоныкөк жазуындағы: «сары алтын, ақ күміс, қыз-қырқын, иір түйе, ақық қазына есепсіз келіп жатты. Елтеріс қағанның білік иесі, алып иесі болғаны үшін Табғачпен он жеті рет соғыстық. Қытайға жеті (рет) аттандық. Оғызға бес (рет) аттандық» деген мәліметтерден соғысқұмарлықты, бөтеннің жерін жаулап алу саясатын емес, елді сақтаудың, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, бәсекеге қабілетті биіктен көрінудің қам-қарекетін көргеніміз жөн. Соғыс пен мәңгілік ешқашан қабыспайды. «Бейбітшілікті аңсасаң, соғысқа даярлан», деген емес пе халық даналығы.

«Жариялау» әдісі
(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)
1-топ: Бас бармақ
2-топ: Балаң үйрек
3-топ: Ортан терек
4-топ: Шылдыр шүмек
5-топ: Кішкентай бөбек.

мәтіндер.
Ортасы
10 минут

Қолдану

«Салыстыру кестесі»
Елбасы жолдауындағы «Мәңгілік ел» идеясы Орхон ескерткіштеріндегі «Мәңгі ел» идеясы

Ортақ тапсырма: Тақтада сызылған кестеге жауаптарын стикерге жазып жабыстырады немесе, маркермен жазады.

Жазылым
Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы жазылым тапсырмасын орындау

Талдау
«Ыстық орындық» орындық әдісі
(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.
Жаттығудың сипаттамасы:
Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтады және тақырып бойынша оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.

«Салыстыру кестесі»

қабырғаға ілінген ватмандар,
стикерлер, түрлі-түсті маркерлер

«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.

Сергіту сәті
2 минут
Сергіту сәті «Көзге арналған жаттығу»https://www.youtube.com/watch?v=J9Gc_-7KM2s
Көзге арналған жаттығуды орындау .
Аяқталуы
Сабақты бекіту
5 минут «Білім қоржыны» кері байланыс

«Білім қоржыны» әдісі

Бағалау

5 минут

Кері байланыс
3 минут Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.

Оқушы аты-жөні «Джигсо» әдісі «Жария
лау»
әдісі «Салыстыру кестесі» «Ыстық
орын
дық»
әдісі «Білім қоржыны» әдісі Балл

«Рефлексиялық шеңбер»
Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
Сабақта қандай қиындықтар туындады?
Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?
Бағалау парақшасы

Рефлексиялық шеңбер

Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз? Бағалау — Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
• • •
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?

№3 сабақ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Мәңгілік Ел-мұратым Мектеп
Сабақтың тақырыбы:
Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
СЫНЫП: 9
Қатысқаноқушылар саны:
Қатыспағаноқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 9.1.1.1. Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру.
9.4.1.1. Мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.
9.2.3.1 мақала құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.
Сабақ мақсаттары
(Бағалау критерийі) Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, оқулықтағы берілген тапсырмаларды орындайды.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Мәтін бойынша сұрақтар дайындайды. Тілдік бірліктерді орфоэпиялық нормаға сай жазады. Топта бірлесе жұмыс атқарады. Үлестірме материалдармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік Идея, жолдау, бірлік, Қазақстан жолы – 2050,

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс қазақ әдебиеті, тарих.
Алдыңғы оқу
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы
5 минут Сәлемдесу. Сынып реттілігін қадағалау. Оқушыларды түгелдеу.

Оқу мақсаттарымен бағалау критерийлерімен таныстыру
Топтарға бөлу.

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын. Конфеттің түрлеріне қарай 4 топқа бөлініп отырады.

1-топ «Сары кәмпиттер»
2-топ «Көк кәмпиттер»
3-топ «Қызыл кәмпиттер»
4-топ «Жасыл кәмпиттер»

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!
Ұйымшыл боламыз десек 2 рет
Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!

Бағалау критериийлері:
— Мәтін мазмұны бойынша сұрақтардайындайды
— Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап береді, түпнұсқамен салыстырады
— Орфоэпиялық нормаға сай жазады.
Дескрипторлар
— Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады және сұрақтарға болжаммен жауап береді.
— Тілдік бірліктерді орфоэпиялық нормаларға сай жаза алады.
1-топ
«Сары кәмпиттер»
2-топ
«Көк кәмпиттер»
3-топ «Қызыл кәмпиттер»
4-топ «Жасыл кәмпиттер»

Жаңа білім
10 минут

Оқылым.
Мәтінді топтарға бөліп оқыту. Мәтінді оқып болған соң «Әткеншек» әдісімен келесі топқа түсіндіру.

«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде
1-топ
Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы — халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам. «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті… Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады. Өйткені, тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен өнегесімен келген аманат дүние болатын. «Мәңгілік Ел — ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман — әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман — тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.

2-топ
Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол — Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі — Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ — Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы — Мәңгілік Ел!» деп Елбасымыз атап көрсеткендей тәуелсіздіктің тұрақтылығы мен мәңгілігі қазіргі ұрпақтың оны түйсініп, түсінуінде жатыр. Осындай қасиетті ұғымның мәнін жете ұғынып, бағасын біліп, зердесіне сіңіру қазіргі ұрпаққа жүктелер үлкен міндет болып табылады. Тарихи құндылығымыз болған тәуелсіздік идеясының негізінде сол ұлттың тағдыры, ұлы тұлғалардың ерен еңбегі жатыр. Тәуелсіздіктің бабаларымыздың сан ғасырғы арманымен келгенін Елбасымыз әрдайым қазіргі ұрпақтың есіне салып отырады:

3-топ
«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты — Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Ел тағдырының мәні азаттықтыққа қол жеткізіп, тәуелсіз мемлекеттілікті сақтау болса, осы жолда қаншама алаш зиялылары тәуелсіздік үшін күрес жолын жалғастырды. Кешегі кеңестік кезеңде де ғасырларға созылған тарихы бар қазақ елін жоққа шығаруға бағытталған әрекеттерге тойтарыс беріліп, «қазақ жері» деген ұғымның сақталып қалу жолында ерен еңбектер атқарылды. Қазақ халқының тарихында ғұндардан бастау алатын «Мәңгілік ел» идеясын тасқа қашалған Орхон-Енисей жазбаларынан бастап қайда барса көрге кезіккен Қорқыт ата мен өмір бойы жерұйықты іздеп өткен Асан қайғы бабамыздан кездестіруге болады. Олардың әрекеттерінің негізінде де осы мәңгілік ел болуға ұмтылған, мәңгілік елді орнатуға деген құштарлық жатты. Асан қайғы — елдің ертеңінің жарқын, еркіндігі мен бақытының баянды болғанын армандап, қазақ жерінің түкпір-түкпірін аралап, жайлы қоныс табудың жолын іздеген данышпан. Оның аңсағаны елді орнықтыратын жайлы мекен тауып, елдің мәңгілігін жаңғырту еді. Оның іздеген жерұйығының мәні халқы тәуелсіздік құндылығын ұлықтайтын, ел-жұрты бейбіт өмір сүретін, адамгершілік пен бауырластықты ту етіп, татулықта ұйысып өмір сүретін құтты қонысты табуда болды.

4-топ
Жарқын болашаққа жетелейтін жастарымыз бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білуі тиіс. Өйткені, бабаларымыздың ұлан байтақ жерін қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап-қадірлегенін білеміз. Жастар сондай текті ұрпақтың ұрпағы екендіктерін сезініп, осы «тәуелсіздік», «мәңгілік ел» ұғымдарын саналарына сіңіріп, қастерлеуге міндетті. Жаңарудың, өміршеңдіктің негізі жастарда. Бұл үшін азаматтар тәлім-тәрбие мен ғылымға баса мән беріп, біліммен мықтап қарулануы қажет. Елдің экономикалық, рухани жағдайының дамып, өркендеуі, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру елдің білім деңгейімен де тығыз байланысты. Қазіргі кезде бұл бағытта нәтижелі жұмыстар атқарылып та жатыр. Жастар «Болашақ» бағдарламасының аясында шетелдерде білім алып, шетел тәжірибесінің артықшылықтары мен кемшін тұстарына көз жеткізіп, санасына тоқып келіп, еліміздегі маңызды қызмет салаларында сол тәжірибелерін қолданып еңбек атқаруда.
«Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырып, одан әрі дамытатын жастар болғандықтан олар ең алдымен білімді, ұлттық құндылықтар мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, ұштастыра білген, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпынуы керек.
Қазақстан тағдыры үшін, өткен ата-бабалар мен болашақ ұрпақ алдында ең бағалы құндылығымыз — егемендігімізді сақтап, мұратымызға айналған «Мәңгілік ел» болу идеясын жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ете білейік!

Оқулық,
мәтіндер.
«Әткеншек» әдісі

Ортасы
10 минут

Жазылым
«Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі
Оқушылар тақырып бойынша білімдерін түйіндейтін бір сөйлем жазады.
Сөйлемдер кім, не, қашан, неліктен, қалай, қай жерде және т.б. сөздерден тұруы мүмкін.
Содан кейін сөйлемдерді сыныптастар бағалай алады, немесе көшіріп жазады, т.б.

Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
Оқулық

Сергіту сәті
2 минут «Он сұрақ»
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут «Бес жолды өлең» Мәңгілік ел
1 жол – зат есім
2 жол – 2 сын есім
3 жол – 3 етістік
4 жол – 4 сөзден тұратын сөйлем (сөйлем ойды білдіру керек)
5 жол – алғашқы сөздің синонимі «Бес жолды өлең»

Бағалау

Кері байланыс
3 минут Қалыптастырушы бағалау жүргізіледі

Рефлекция
«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының
1 — баспалдағы Мен………….. БІЛЕМІН
2 — баспалдағы Мен……………… ТҮСІНЕМІН,
3 — баспалдағы Мен…………. ЖАСАЙ АЛАМЫН
.
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз? Бағалау — Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
• • •
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?

№4 сабақ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Мәңгілік Ел-мұратым Мектеп
Сабақтың тақырыбы: Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
СЫНЫП: 9
Қатысқаноқушылар саны:
Қатыспағаноқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 9.2. Қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану.
9.4.1.1.мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік
Шешендік сөздер, билер.
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Тарих, қазақ әдебиеті
Алдыңғы оқу Мәңгілік ел -мұратым
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы
5 минут Амандасу.
Сабақтың мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстыру.
Қазақ халқының белгілі билерінің суреттері бойынша топтарға бөлу.
1-топ Төле би
2-топ Қазыбек би
3-топ Әйтеке би
4-топ Бөлтірік би
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Оқушылар бір-біріне батада айтылатын, кездесетін тілектерді айтады. Мысалы: Өркенің өссін! Жортқанда жолың болсын!

Бағалау критерийлері
Берілген мәтінді түсініп оқу
Рөлге бөліп оқиды, рөлдік ойынға қатысады.
«ПОПС» әдісін қолданады: өз пікірін түсіндіре алады, фактілермен дәлелдейді, қорытынды шешімге келеді.
Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жаза алады.
Дескриптор
Берілген мәтінді түсініп оқиды
Рөлге бөліп оқиды, рөлдік ойынға қатысады.
«ПОПС» әдісін қолданады: өз пікірін түсіндіре алады, фактілермен дәлелдейді, қорытынды шешімге келеді.
Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жаза алады

Жаңа білім
10 минут

Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді оқушылар оқып алады.

Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ» дегенді сұрайды. Сонда. әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:
— Балам, мынаны сындырып көрші.
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
— Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:
— Бұдан не түсіндің, балам? — дейді.
Сонда. Төле бала:
— Түсіндім, әке бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.
— Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын» дегенінің мәнісі осы, — депті.

Қолдану
Рөлдік ойын. Мәтінді рөлге бөліп оқу .

Оқулық,
мәтіндер.
Ортасы
10 минут

Талдау. Төле би турлы мәтінді «ПОПС» әдісіне салып талдау.
«ПОПС» әдісі
Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, …»
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін: …»
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын: …»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім: …»

Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс
Жазылым тапсырмасы бойынша жаттығуды орындау.
ГРАММАТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ

ӘДЕБИ ТІЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ НОРМАСЫ
Сөйлеу де, жазу да сөз қолдану заңдылығына сүйенеді. Жалпы халықтық тілді жұмсаудын. дәстүрлі үлгісі болады.
Тіл нормасы деп адамдардың бір-бірімен қатынас жасау нәтижесінде қалыптасып бекіген, жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстарды айтамыз.
Тіл нормасы — тарихи құбылыс. Ол сөйлеу және жазу арқылы қалыптасып, адамдардың санасында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, дамып, жетіліп отырады. Соған орай, әр кезде тіл колдану заңдылықтарын білдіретін үғымдар да өзгеше болады. Мысалы, белгілі бір тарихи кезең үшін “дәстүр” деп қолдану орынды болса, қазір “тіл нормасы”, “әдеби норма”, “әдеби тіл” теминдері қалыптасты.
•Әдеби тіл үғымын дұрыс түсіну үшін, алдымен “әдеби” сөзінің терминіне түсінік бере кеткен жөн. Әдебиет сөзінің қазақ тіліне арабшадан ауысқаны белгілі. Орыс тілінде әдебиет (литература) латынша (“ІШега”) жазу деген сөзден алынған. Ал әдеби тіл (ли-тературный язык), әдеби норма (литературная норма) деп жоғары тіл нормасы мағынасында қолдану орыс тілінің ықпалы екенін аңгару қиьш емес.
Әдебиет ұғымына әлеуметтік мәні бар жазу үлгілерінің бәрі енеді, мысалы, саяси әдебиет, ғылыми әдебиет, медициналық әде-биет және көркем әдебиет (поэзия, проза драма т. б.). Ал бұлардың барлығы да жалпы халықтық тілдің жазбаша түріне жатады да ә д еб и т і л д е (жазба тілге қойылатын талапқа сай) жазылады. Сонымен бірге, сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары бір-бірімен ара қатынаста болады.
Әдеби тілдің нормасы жазба тіл арқылы қалыптасып, шыңдалып отырады. Ал оның өңделіп жетілуі және халық арасында тарап, жалпыға танылуы ұлттық әдебиеттің дамуымен байланысты , болды. Қазақта тұңғыш жазба әдеби тіл үлгісін жасағандар — -Абай мен Ыбырай. Олар жалпы халықтық тіл қорының тек түсінікті фөмаларыи ғана шығармаларында қолданған. Фольклорлық бай мұраны шебер пайдалана білген. Сөйтіп, Абай мен Ыбырай шығар-малары жалпы халықтық тіл қорының бай қазынасының ең тамаша қасиеттерін бойына сіңірген. Сондықтан да, ол шығармалар көркем сөздің ерекше үлгісі ретінде мәңгі жасамақ.
Ескерте кететін бір жай, әдеби тіл мен көркем шығарма тілі екеуі бір үғымды білдірмейді. Өдеби тіл, ол тек көркем шығарманың ғана тілі емес, жалпы жазба тіл түрлерінің бәрін түгел қамтиды. Солай бола тұрса да көркем шығарма тілінен оның шеңбері тар. Өйткені, әдеби тіл — сөйлеуде және жазуда пайдаланылып нормаланған. тілдік белгілер. Ал нормаланған тілдің “қ а л ы пт ы л ы ғ ы” басым болады. Көркем шығармада олай емес, онда стильдік мақсатта жалпы халықтық тілдегі қарапайьш, тұрпайы және жергілікті ерекшелік сипатындағы сөздердің бәрі де қолданылады. Сондықтан әдеби тілден оның аясы кең. Сонымен бірге тілдің басқа формаларына қарағанда, көркем шығарма тілі көрнекті орын алады.

«Сақина салмақ ойыны»
Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгіінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді. Бүгінгі тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылады.

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.

Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут «Екі жақты күнделік» стратегиясы
Жаңа сабаққа дейін білгенім Сабақтан кейін алған білімім

Бағалау

5 минут

Кері байланыс
3 минут Кері байланыс кемесі
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз? Бағалау — Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
• • •
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?

№5 сабақ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Мәңгілік Ел-мұратым Мектеп
Сабақтың тақырыбы: Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
СЫНЫП: 9
Қатысқаноқушылар саны:
Қатыспағаноқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 9.1.2.1 қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (Жолдау) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау.
9.2.3.1 мақала құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыра алады. Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа дұрыс жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырып талдай алады,тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік
Мәңгілік ел, бірлік ынтымақ, рухани жаңғыру.
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Тарих, қазақ әдебиеті.
Алдыңғы оқу
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы
5 минут Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу.
Тірек сөздер бойынша топқа бөліну.
Оқушыларға сөздер қиындыларын беремін. Әріп қиындыларда ел, халық, мемлекет деген сөздер болу керек.
Оқушылар сол сөздер бойынша топтарға бөлінеді.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Суретке байланысты тілек» тренинг
Оқушыларды шеңберге шақыру,амандасу. Стикерлерге салынған әртүрлі суреттерді ұсыну. Суретті не үшін таңдағанын білу. Оқушылар таңдаған суретке байланысты тілектер айтады.

Бағалау критерийлері
Мәтінді түсініп оқу,
Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау
Тақырыпқа қатысты он сөзді атау
SWOT талдауын жасау

Дескрипторлары
Мәтінді түсініп оқиды,
Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды
Тақырыпқа қатысты он сөзді атайды
SWOT талдауын жасайды

1-топ: ел
2-топ: халық
3-топ: мемлекет

Суреттер
Жаңа білім
10 минут

Білу және түсіну

Елбасының жолдауындағы үзіндімен танысады. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтап, ойды жалғастыру арқылымақсатты аудитория үшін әртүрлі жанрда мәтін құрайды.

1-топқа
Кәсіпкерлер, іскер азаматтар!
Мемлекет сіздердің бизнестеріңізді дамытып, аяққа нық тұруларыңызға барлық жағдайды жасады. Бүгінгідей сын сағаттарда сіздерге үлкен жауапкершілік артылады. Жекешелендірудің жаңа легіне белсенді қатысыңыздар, қаржыны заңдастырып, ашық жұмыс істеңіздер. Қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті болу деген сөз. «Қазақстанда жасалған» әрбір бұйымда төрт қасиет – сапалы, ыңғайлы, әдемі және арзан болуы керек. Сонда ғана ісіміз өнімді, затымыз өтімді болады. Өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек, бізді сырттан келіп ешкім жарылқамайды.
2-топқа
Мен кәсіпкерлер табына, барлық ауқатты қазақстандықтарға, барлық бизнесмендер мен іскер адамдарға сөз арнағым келеді. Мемлекет жекешелендіру мен экономикалық ырықтандыру бойынша біздің тарихымызда бұрын-соңды болмаған қадамдарға барып отыр. Еліміз қазірдің өзінде көпшіліктеріңізге ақша табуға және іскерлік журналдардың бірінші беттерінен көрінуге мүмкіндік берді. Мен сіздерді капиталдарды заңдастыруға, жекешелендіру тендерлеріне белсенді қатысуға шақырамын. Осылайша сіздер өздеріңізге және Қазақстанға, барша халқымызға жәрдемдесетін боласыздар.
3 –топқа
Қазақстанның жас азаматтары!
Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда.
Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақырамын. Жұмысшы мамандықтарын меңгеру керек. Кезінде мен де жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші от-жалынының жанында тұрдым. Үлгі алыңдар! Жылдар өтеді, бірақ, осы өмірлік тәжірибелерің, сендер қандай өмір жолын таңдап алсаңдар да, міндетті түрде кәделеріңе жарайды.

Қолдану
Топтарға тапсырма:

«…қатысты 10 сөзді атаңыз» әдісі
Оқушылардан нақты бір тақырыпқа осы жолдауға қатысты 10 сөз атауды сұраңыз.

Елбасы жолдауы

Кеспе мәтіндер.

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер.
Ортасы
10 минут

Пайымдауды көрсету КӘМҚ-талдауы (SWOT)
«Әділетті мемлекет»
Күшті жақтары Әлсіз жақтары

Мүмкіндіктер Қауіптер

Талдау
«Броундық қозғалыс» Оқушылар сыныпты шарлап, талқыланатын мәселе бойынша ақпарат жинап, басқалармен пікірлеседі. Бұл тәсілді қолданғанда оқушыларға партаға отыруға болмайтынын ескерту керек.
SWOT талдауы

Оқулықтағы мәтінді оқып алады.

Сергіту сәті
2 минут https://www.youtube.com/watch?v=i8FFtlTwJRs
Миды шынықтыру тапсырмасын орындайды.
Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут Оқулықтағы тапсырманы орындау.
Айтылым тапсырмасы
Жазылым тапсырмасы
Тыңдалым тапсырмасын орындау

Оқулық
Бағалау

5 минут

Кері байланыс
3 минут
Рефлексия парағы

Сабақтағы жетістіктерім Оның себептері Сабақтағы жетістіктерім Оның себептері

Бағалау парақшасы

Қағаз қиындылары.
Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз? Бағалау — Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
• • •
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?

№6 сабақ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Мәңгілік Ел-мұратым Мектеп
Сабақтың тақырыбы: Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
СЫНЫП: 9
Қатысқаноқушылар саны:
Қатыспағаноқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 9.1.1.1. мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру;
9.3.2.1. мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
• Мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап береді. Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.
Оқушылардың басым бөлігі:
• Мәтін мазмұнын түпнұсқамен салыстыралды. Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Кейбір оқушылар:
• Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.Жолдаудағы мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдайды.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік
Жолдау, үндеу, мәңгілік ел, мұрат
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Тарих, қазақ әдебиеті, Адам және Қоғам
Алдыңғы тақырып
Жоспарланған
уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар,
ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Басталуы 5 минут
Топқа бөлу2 минут
Өз қалаулары бойынша топқа бөліну
Мұғалім оқушыларға бүгін өз қалаулары бойынша үш немесе өзі жоспарлағандай төрт топқа топтасуларын сұрайды. Оқушылар өз еріктерімен топтасады

Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Жүректен-жүрекке» тренингі
Бағалау критерийлері
Мәтінді түсініп оқу
Мәтінді жұбына, топта әңгімелеу
Мәтінге байланысты сұрақтар құрастыру
Дескриптор
Мәтінді түсініп оқиды
Мәтінді жұбына, топта әңгімелейді.
Мәтінге байланысты сұрақтар құрастырады.

Ортасы 20 минут Білу және түсіну 10 минут
Оқылым
Мәтінді «Джигсо» әдісімен оқу.
«Мәңгі ел» манифесінің көне түркі жазба ескерткіштерінде жариялануы
Алғаш рет «Мәңгі ел» идеясы Шығыс Түрік қағанаты әскерінің бас қолбасшысыКүлтегінге арнап қойылған бітіктаста түркі еліне жария етілген. Күлтегін ескерткішіндегі жазудың сол жақ бетінде: «Өтікен жынысында отырсаң мәңгі ел тұтып отырар ең», – деп айтылған. Тура осы сөздер Білге қаған ескерткішінің оң жақ бетінде қайталанған. «Мәңгі» сөзі айтылмаса да, оның мағынасы Тоныкөк ескерткішінің екінші ұстынының сол жақ бетінде «ел» сөзінің бір сөйлемде екі рет қайталануы арқылы берілген: «ел де ел болды»
Тоныкөк ескерткішінде мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін ынтымақтың, барлық күштердің ұйтқысы болу қажеттігі түп нысана ретінде айтылады. Түркі халқының елдігінен айрылып, қағансыз қалып, тағы да басқаларға бағынып, одан қайта көтеріле бастағаны, жаңа қаған отырғаннан кейін елдің басын біріктіру шаралары, яғни «түнде ұйықтамай, күндіз отырмай, түркі елі үшін қызыл қанын ағызып, қара терін төккені, күш-қуатын бергені» паш етіледі. Осының бәрі кейіңгі ұрпаққа да үндеу ретінде айтылғаны көрінеді. Сонымен қатар, бұл жерде «Мәңгі ел» ұғымы, тәуелсіздік рухы, азаттық идеясы бір-бірімен үндесіп тұр.
Көне түркі жазба ескерткіштерін алып қарастырсақ, біріншіден, олардың заттық, яғни материалдық сипатқа ие болып, еркіндік, азаттық пен тәуелсіздіктің нышандарын айғақтайтын мемлекеттік рәміздер белгілерін көруге болады. Мысалы, Күлтегін ескерткішінің ұшар басы бөрі бейнелі бесбұрышты қалқан түрінде ойылуы кездейсоқ емес. Көк бөрі – түркі халықтарының ежелгі тотемдік нанымына негізделгендігі белгілі. Түркілер әулетінің негізін қалаған Ашина Алтай тауына қоныс тепкеннен кейін, «өзінің тегін ұмытпайтындығын елге жария ету үшін қақпасына қасқыр басты туын іліп қойды» — делінген қытай жылнамаларында. Толық бөрі бейнесін оның басы арқылы беру «тұтастықты бөлшек арқылы беру» деген ғылыми принципіне негізделген. Мұндағы бөрі бейнесі көркемдік емес, саяси-әлеумет-тік, яғни елдік пен еркіндікті, тәуелсіздік пен азаттықты айшықтайтын тудың рәміздік нышаны. Бөрінің бейнесі көптеген түркі тайпалары мен руларының таңбасы болған. Қазірде кейбір түркі тілдес халықтар қауымдастығының рәмізі ретінде қолданыста.
Л.Н.Гумилев те өзінің орхон-енисей ескерткіштеріне талдау жасағанда руникалық жазулар эпитафиялық емес, публицистикалық сипатта деп жаңа бір пікірді білдірген болатын: «үш жазудың мәтіндері де түркілердің барлық қоғам мүшелеріне үндеу тұрғысында айтылған, оның өзінде ештеңемен бүркемелемей, халықты сендіргісі келеді. Ендеше жазу – үндеу, ондағы берілген материал таңдап алынған. Мұндай жанрдың болуының өзі сөздің түркі қоғамында нақты күш екендігін көрсетеді. Олай болса, дамыған қоғам және қоғамдық пікір де бар». О.Сүлейменов те публицистиканы әлемдік тарихқа ескерткіштің кірігуінің кезеңі ретінде, сонымен қатар, бұқаралық санаға кеңінен тартылуы тұрғысынан қарастырады Ендеше, бұдан шығатын қорытынды: «Мәңгі ел» — көне түркі жазба ескерткіштерінде Ұлы Түркі қағанаты мемлекетінің манифесі ретінде жария етілген.
Ескерткіште «мәңгі ел» Өтікенде, яғни түркі мемлекетінің бас ордасымен бірге айтылған. «Қаған», «қан», «хан» атауларының бір-бірімен тығыз байланысты екеніне кәсіби мамандар ерекше көңіл бөледі. В. Бангтың пікірінше: «йетікан» (жұлдыз атауы) сөзіндегі «кан» және «мәңгілік елдің» сақталуын Түркі қағанатының астанасы – «Өтікенмен байланыстырған Күлтегін мен Білге қаған ескерткіштеріндегі («Өтікен жынысында отырсаң мәңгі ел тұтып отырар ең») сөздің соңғы буыны «кен» ~ «кан» да осы «Қан» сөзі батыс ғұндарда да болғанын Атилланың Арықан [Арығ қан -таза, пәк патшайым) есімді әйелі болғанынан байқауға болады . Атақты ақ ғұн әміршілерінің бірі Византия деректерінде Күн хан (V ғ.) деп көрсетіледі және «хан» сөзінің ғұндар дәуірінің өзінде «ел» терминімен қатар қолданылғаны мәлім болып отыр . Асылында түрікше екені белгілі және кей жер атауларында кездеседі (мысалы: Ханбалық — Хазар астанасы) . Бұл термин түріктер исламды қабылдаған соң да қолданыстан түскен жоқ. Сөздің кең географиялық аймақта әр түрлі мағынада қолданылғаны мәлім.

Топтарға тапсырма:
1. Мәтінге байланысты сұрақтар құрастыру
2. Сұрақтарын келесі топқа қою.

Қолдану 8 минут «Балық қаңқасы» әдісі

«Мәңгі ел» идеясы көне түркі ескерткіштерінде

Тілдік бағдар
Әдеби тіл туралы
Әдеби тіл
— жалпыхалықтық тілдің өңделіп,қырланған түрі деп таныса, енді бірсыпырасы жалпы хатқа түскен дүниелердің тілі.
Әдеби тіл — жазба тіл. Жазба әдебиет арқылы тіл байлықтары, оның құрылысы сымбатты қалыпқа түсіпекшеленеді.
М.Балақаев

Оқулық тапсырмаларын орныдау
Айтылым тапсырмасы
Жазылым тапсырмасы
Тыңдалым тапсырмасы
«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі. Топта президент қалады. Келген өзге топ мүшелеріне берілген білім мазмұнын түсіндіреді.
«Интервью» әдісі
Оқушылар өз оайларын стикерлерге жазып жабыстырады. Мұғалім әр жауапты оқытып ұқсастықтарын, айырмашылықтарын тапқызып көреді.
Сергіту сәті
2 минут «Қыдырып қайтайық!»
би билеу
«Қыдырып қайтайық!» биі

Аяқталуы 20 минут
«Екі жақты күнделік» стратегиясы
Жаңа сабаққа дейін білгенім Сабақтан кейін алған білімім

Рефлексия 3 минут
Рефлексиялық эссе
Оқушылар мына сұрақтарға жауап бере отырып, сабақта туындаған ойларын тізбектейді:
Алдымен біз былай деп ойладық…..
Одан кейін біз мына проблемаға тап болдық………….
Проблеманы шешу үшін……жасадық.
Бұдан біз………………көрдік.
Демек, бұл мынаны білдіреді……………..
Сонымен біз……………..деген шешімге келдік.
Рефлексиялық эссе жазылған парақшалар таратамын. Оқушылар өз топ мүшелерімен бірлесіп жазады.
Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз? Бағалау — Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
• • •
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен? Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?

№7 сабақ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Мәңгілік Ел-мұратым Мектеп
Сабақтың тақырыбы: Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
СЫНЫП: 9
Қатысқаноқушылар саны:
Қатыспағаноқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 9.2.31. мақала құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату; 9.4.1.1.мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Мәтінді түсініп оқиды. Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізедіТоптық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Екі мәтінді тиімді салыстырады, талдау жасайды. Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік

Трактат, Әл Фараби, Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматық саясат», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері»
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс қазақ әдебиеті, тарих.
Алдыңғы оқу
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Ресурстар
Басталуы
5 минут Ұйымдастыру кезеңі 2 минут
Топтарға бөлу. «Қағаз қиындылары»
Бірнеше құттықтау қағаздарын топ құрамындағы оқушылар саны бойынша беске, алтыға жыртып, оларды араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Оқушылар қиықтарды құрастырып бүтін сурет шығарады. Сол арқылы топтарға бөлінеді.

Психологиялық ахуал қалыптастыру: 3 минут
«Өзі туралы кластер» тренинг
Оқушылар танысу үшін өздері туралы кластерлер құрастыруы керек. Олар парақтың ортасындағы шеңберге өз есімдерін жазып, одан таралатын шеңберлерге өздерінің өмірінде маңызы бар бес негізгі рөлін жазады. Мысалы: Жанұяның еркесі, адал дос т.б

Бағалау критерийі
Мәтінді түсініп оқу
Өз позициясын жариялау.
Басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізу.
Шағын көлемді мәтінді салыстыра алу
Постер жасау
Дескриптор
Мәтінді түсініп оқиды
Өз позициясын жариялайды.
Басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.
Шағын көлемді мәтінді салыстырады.
Топта постер жасайды
1-топ:
Жазушылар
2-топ: Зерттеушілер
3-топ: Суретшілер

«Өзі туралы кластер» тренинг, қағаздар, қалам.
Жаңа білім
10 минут

Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

«Әткеншек» әдісі
(Әрбір топ берілген мәтінді келесі топқа барып түсіндіреді. Бұл үшін топ ішінен бір оқушы берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа топ мүшелері алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

«Мәңгі ел» идеясын Әл-Фарабидің саяси- философиялық тұрғыдан негіздеуі.
Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің «Мәңгі ел» философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым «Мәңгі ел» теориясының негізгі ережелерін «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматық саясат», «Мемлекет билеушінің нақыл сөздері» шығармаларында баяндайды. Ғұлама ғалым өмір сүрген кезеңде түркілердің қала — мемлекеттері көп болған еді. Сондықтан ол «мемлекетті» көбінесе «қала» түсінігімен қатар қойды. Бақытқа жету жолында адамдардың арасындағы қайрымдылық пен түсінушілік, бір-біріне көмек беру, достық пен бейбітшілік, тәрбие мен тәлім – Әл — Фарабидің тұтас әлеуметтік — саяси теориясының ажырамас бір бөлігін құрайды. Мемлекет пен қоғамның кемелденуі туралы әлеметтік-саяси теориясында мемлекет басқарушылары мен сол қоғамда өмір сүретін адамдардың да ұстануы тиіс мемлекетті басқарудың императивтері мен механизмдері ашылды. Сондықтан, бұлардың бәрі қазіргі таңда түркі тілдес мемлекеттердің ұлттық құндылықтары ретінде саналуы тиіс.
Фараби өз трактаттарында қоғамдық саяси мәселе бойынша халық билігімен демократия жайлы айтады. Мәдениетсіз қалалардың барлық түріне қарама – қарсы қайырымды қалаға ең жақыны коллективті қала дейді . Бұл қаланың тұрғындары барлық іс – қимылды тең құқылы, бұл жерде бағыныштылар мен билік етушілер жоқ . Ал қаланың басшылары құрметке иеленгендер ғана бола алады. Фараби бостандықпен тең құқылыққа ықыласпен қарайды, бірақ басшысыз, оның өкіметінсіз жалпыға ортақ бақытқа жету мүмкін емес деп есептейді .
Өзінің «қайырымды» және «қайырымсыз» қалалардың әр түрлі мінездемелерімен классификацияларында Фараби қоғамның жетілдірілген әлеуметтік құрылымын қайта жасады. Ол қала – мемлекеттің қоғамдық өмірінің толық мінездемесін береді .
Фараби мемлекеттің міндетін және оның ішкі және сыртқы міндеттерін толық анықтап береді. Сыртқы міндеті мемлекеттің қайрымды қала тұрғындарын немесе мемлекетті сыртқы жаулардан қорғау , яғни күшті қорғаныс ұйымдастырумен жүктеледі. Ішкі міндеті мемлекеттің өз халқының бақытқа жетуі үшін көрнекті шараларды іске асыру керек : Әділеттілікті орнату , халықты оқыту, оларды керекті ғылыммен толықтыру оны адамгер-шілікке тәрбиелеу, қайырымдылықты тарату және ең жақсы бақытқа жеткізілетін әдеттерді бойға сіңіру . Қалған мәселелердің бәрі экономикалық және саяси мәселелерге яғни негізгі міндетке бағынады , яғни адамдардың бақытқа жетуі олардың рухани жетілуіне тәуелді .

Оқулық,
мәтіндер.
Ортасы
10 минут

Қолдану
Постер жасау. Әл Фараби еңбектеріндегі қала сипатына постер жасау.
1-2 топ Қайырымды қала
3-4-топ Қайырымсыз қала

Талдау
«Ыстық орындық» орындық әдісі
(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.
Жаттығудың сипаттамасы:
Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.
Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

«Ыстық орындық» орындық әдісі, сұрақтар, орындық.

Сергіту сәті
2 минут https://www.youtube.com/watch?v=mvolys8aLaw
миды шынықтыруға арналған логикалық сұрақтар.
Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут Синтез «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

Бағалау

5 минут

Кері байланыс
3 минут Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.

Оқушының аты-жөні «Әткеншек» әдісі «Постер» «Ыстық орын
дық» орындық әдісі «Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі Балл

«Рефлексиялық шеңбер»
Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
Сабақта қандай қиындықтар туындады?
Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?
Бағалау парақшасы

Рефлексиялық шеңбер

Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз? Бағалау — Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
• • •
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?

№8 сабақ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Мәңгілік Ел-мұратым Мектеп
Сабақтың тақырыбы: Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
СЫНЫП: 9
Қатысқаноқушылар саны:
Қатыспағаноқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 9.2.3.1. мақала құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;
9.4.1.1.мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу

Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік Мәңгілік ел идеясы, Жүсіп Баласағұн “Құтты білік”, дастан. Ата заң

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс қазақ әдебиеті, тарих, этнография
Алдыңғы оқу
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы
5 минут Сәлемдесу.
Топқа бөлемін : «Билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 вагондарға бөлініп отрады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:Шаттық шеңбері. Әр оқушы өз есімінің басқы әрпінен басталатын сын есім айту. Мысалы: Ақылды арман, Дарынды Дастан т.б.
Сынып реттілігін қадағалау.
Оқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын байқау.

Бағалау критерийлері
Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу
Мәтінді түсініп оқу, талдау
Шағын көлемді мәтіндерді салыстыру.
Топпен, жұппен бірлесе, белсенді жұмыс істеу
Дескриптор
Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады
Мәтінді түсініп оқу, талдайды
Шағын көлемді мәтіндерді салыстырады.
Топпен, жұппен бірлесе, белсенді жұмыс істейді 1-топ:
«Бақыт» вагоны
2-топ:
«Сүйіспеншілік» вагоны
3-топ:
«Жарқын өмір» вагоны
«Қызыл гүлім-ай» би билету.
Жаңа білім
10 минут

Білу және түсіну
Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.
«Жариялау» әдісі
(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

“Құтты білік” — Мәңгілік елдің алғашқы Ата заңы.“Құтты білік” дастаны орта ғасырларда өркениетті ел болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылғаны белгілі. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ, қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді. Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Жүсіп Баласағүни өзінің “Құтты білік” дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Шығармада ел басқарудың, экономиканы, əлеуметтік-тұрмыстық ахуалды, əскери істі ұйымдастырудың, шаруашылықты, тағы басқа да мемлекеттің əл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктері суреткерлік-философиялық тілмен баяндалады. Жүсіп Баласағүни дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады.
Дамыған ортағасырдағы Ұлы Даланың мемлекеттік басқару дәстүрінің негізі, белгілі бір дәрежеде, орхон-енисей түркілерінің дәуірінде ақ қаланған еді. Шыңғыс ханның Алтын Орда империясы да өзінің мемлекеттік басқару жүйесін құрғанда өзінің алдындағы, яғни Түрік қағанатының ел басқару құрылымдарын тек жоғары деңгейде қайталаған болатын.
Тарихи сабақтастық. Алтын Орда дәуірінде «Мәңгілік Ел» идеясы «Мәңгі Тәңірінің күші» тұрғысында кездеседі.Мысалы:
-Күйік ханның мөрінде;
-Арғұн ханның француз королі Филипке жазған хатында;
-Алтын Орда ханы Өзбектің елшісін растаған құжатта осы «Мәңгі Тәңірінің күші» сөздерімен басталған.
Қазақ хандығы тұсында — «Алаш» идеясы осы Мәңгілік Ел идеясының жалғасы болды.Қазақ тарихын зерттеуші әйгілі американ тарихшысы Марта Олкоттың: «Осындай ұлан-ғайыр жерге иелік ету оларға оңай болмаған. Сондықтан бір Алаштың баласымыз деген ой-тұжырым тамаша идея болды. Себебі осы идея қазақтардың басын қосты» дегені белгілі.
Сонымен, көне тарихтан бастау алған ұлттық идеямыз қазірде тарихи сабақтастықты бастан кешіріп, тәуелсіз мемлекетіміздің рухани тұрғыдан тұрақты даму ресурсына айналып отыр. Оны Елбасының кеше ғана жария еткен 2015 жылға арналған Жолдауында айқын көрсетіп берді: «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры».
Сонымен, көне тарихтан бастау алған ұлттық идеямыз қазірде тарихи сабақтастықты бастан кешіріп, тәуелсіз мемлекетіміздің рухани тұрғыдан тұрақты даму ресурсына айналып отыр. Оны Елбасының кеше ғана жария еткен 2015 жылға арналған Жолдауында айқын көрсетіп берді: «Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры».

Оқулық,
мәтіндер.
Ортасы
10 минут

Қолдану
«Салыстыру кестесі»
Мәңгі ел идеясы көне түркі ескерткіштері, Әл Фараби еңбектері мен Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” еңбегінде қалай көрініс тапқан?
Ортақ тапсырма: Тақтада сызылған кестеге жауаптарын стикерге жазып жабыстырады немесе, маркермен жазады.

Көне түркі ескерткішінде Әл Фараби еңбектерінде
Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” еңбегінде

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер

Сергіту сәті
2 минут «Қыдырып қайтайық!»
би билеу
Оқушылар би билеп сергіп қалады.
Аяқталуы
Сабақты бекіту
10 минут Суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгімелеп, түсіндіру

«Мәңгілік Ел-мұратым» бөлімі бойынша БЖБ алу.

суреттер

Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмасы
Бағалау

5 минут

Кері байланыс
3 минут «Білім қоржыны» кері байланыс

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.
Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз? Бағалау — Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
• • •
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?

№9 сабақ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
Жаһандану мәселелері Мектеп
Сабақтың тақырыбы: Мұғалімнің аты-жөні:
Күні:
СЫНЫП: 9
Қатысқаноқушылар саны:
Қатыспағаноқушылар саны: 0
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 9.1.4.1.мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау
9.4.3.1. стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктерді дұрыс қолдана білу.
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:Мәтінді түсініп оқиды. Сұрақтарға жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Мәтіннен негізгі ойды анықтайдыТоптық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктерді дұрыс қолдана біледі, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік құзіреттілік Жаһандану, өркениет, ғаламдық қауіп-қатер, дамушы, дамыған елдер,ғылыми-техникалық саясат, халықаралық қатынастар,
Экономикалық, энергетикалық, демографиялық мәселелер
Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Тарих, қазақ әдебиеті, география
Алдыңғы оқу
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт Сабақ барысы : Бағалау түрлері
Басталуы
5 минут Бағалау парақшасымен таныстыру
Топтарға бөлу.
Сурет қиындылары таратылады, біріктіргенде тақырыпқа байланысты сурет шығады сол суреттер арқылы топқа бөлінеді

Психологиялық ахуал қалыптастыру:
Мұғалім оқушыларға сабаққа сәттілік тілеп, жағымды атмосфералық орта қалыптастырады.

Бағалау критерийі
Мәтінді түсініп оқу, негізгі ойды анықтау.
Сұрақтарға толық жауап беру.
Стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктерді дұрыс қолдану.
Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіру.
Дескрипторлар
Мәтінді түсініп оқиды, негізгі ойды анықтайды.
Сұрақтарға толық жауап береді.
Стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктерді дұрыс қолдана алады.
Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Сурет қиындылары.
Жаңа білім
10 минут

Білу және түсіну
Мәтіналды тапсырма
«Миға шабуыл» әдісі. Оқушыларға сұрақ қою.

Мәтінмен жұмыс
2-тапсырма. Оқушылар мәтінді оқиды.
Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Теадор Левита. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін ХХ ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді.
Жаһандану дегеніміз — бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-техникалық, саяси, мәдени байланыстағы біртұтас адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Ол — біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс. Ол — біздің көз алдымызда өте тез қарқынмен жүріп жатқан үрдіс. Бүкіл ХХ ғасырдың өн бойында адамзат алуан түрлі жаһандық мәселелермен тұспа-тұс келіп отырды. Ол үшін дүниежүзілік екі соғысты, фашизм мен ұлтшылдықтың пайда болуын, ядролық қару мен Жер бетінде тіршілік атаулының құрып кету қаупін және т.б. еске алудың өзі жеткілікті болып табылады. Алайда, өкінішке орай, осы орын алған жағдайлардан сабақ алып, адамзатқа төнетін барлық қауіп-қатердің алдын алдық деп тұжырым жасай алмаймыз.
Қазіргі таңда қуатты бес күш әлемдік қауымдастықты жаңа бір жағдайға алып бара жатыр.
Алғашқысы – бір өрістіліктің (однополярность) белгіленуі,
екіншісі – әлемдік экономиканың жаһандануы,
үшіншісі – ұлттар мен мемлекеттердің әлсіреуі,
төртіншісі – өркениеттік сәйкестілікті іздестіру,
бесіншісі – әлемдік қауымдастықтың басым бөлігі болып табылатын кедейлердің бас көтеруі.
Яғни, біздер мұнда әлемнің бес басты түрткісі – күш-қуатттылық, байлық, хаос, ұқсастық пен әділеттілік туралы әңгіме қозғап отырмыз. Ресейдің танымал ғалымы А.Уткиннің пікірі бойынша, осы түрткілердің әсерінен «әлемдік тәртіп қайта түзеледі, жаңа геосаяси, экономикалық, өркениеттік әлем бейнесі қалыптасатын болады»

Мәтінсоңы жұмыс
3-тапсырма.
«А,В,С» әдісі
А-сұрақ қояды.
В-жауап береді.
С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.
Оқушылар топта үшеуден отырады. Мәтін бойынша А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.
Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады.

Грамматикалық материал
Стилистика — тіл білімінің бір саласы. Оның зерттеу нысаны — стиль. Стиль терминінің мазмұны терең, қолданылу аясы кең. Бұл сөзді көркем өнер саласында, архитектурада, әдебиетте, лингвистикада қолданады. Лингвистикаға байланысты «стиль деп тілдегі лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тәсілдердің дұрыс қолданылу принциптерін айтамыз». Сөйлемдегі сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарының, сөздердің сөйлемде орналасу тәртібінің, тіпті сөздегі дыбыстардың өзара үйлесімділігінің де белгілі бір стильдік мәні бар.
Жалпыхалықтық тілдің негізінде қалыптасқан әдеби стильдің екі түрі бар: ауызекі сөйлеу тілінің стилі және кітаби-жазба стиль.
Стиль нормалары тілдің әр саладағы атқаратын қызметі мен қолданыс аясына қарай: ресми құжаттар және іс-қағаздары стилі, публицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі, ғылыми стиль болып бөлінеді. Іс қағаздарының түрлері көбінесе белгілі, бір жағдайға байланысты нақты бір тұлғаның атынан жазылатындықтан, ол сөздер сөйлемнің баяндауышы болып, жіктік форманың бірінші жақ, жекеше түрінің жалғауын қабылдайды. Ресми құжаттардың тілі мен іс қағаздарының тілі ресми іс қағаздары стилі болып табылады.

суреттер

Оқулық,
мәтіндер.
Ортасы
10 минут

Қолдану«Борт журналы»
«Борт журналы» — тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы. «Борт журналы» қарапайым түрде мәтінді оқу алдында және оқу материалымен танысқан соң қолданылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:

Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін? Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?

«Борт журналы»

Сергіту сәті
2 минут ««Айна»
Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.
Оқушылар айна жаттығуын орындайды
Аяқталуы
Сабақты бекіту
5 минут «Жуан және жіңішке» сұрақтар арқылы
Бағалау

5 минут

Кері байланыс
3 минут Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

«Аяқталмаған сөйлем» тәсілі

«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.
Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:
— бүгінгі сабақта мен….түсіндім, …білдім, ….көзімді жеткіздім.
— бүгін сабақта қуантқаны…..
— мен өзімді…..үшін мақтар едім.
— маған ерекше ұнағаны…..
— сабақтан соң маған……..келді.
— бүгін маған……….сәті түсті.
— қызықты болғаны…..
— ……қиындық тудырды.
— менің түсінгенім…..
— енді мен……аламын. «Аяқталмаған сөйлем» тәсілі

Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша
көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Сіз
қабілеті жоғары
оқушыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай
жоспарлайсыз? Бағалау — Оқушылардың
үйренгенін тексеруді
қалай жоспарлайсыз? Пəнаралық байланыс
Қауіпсіздік жəне еңбекті
қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы
байланыс
• • •
Рефлексия
Сабақ / оқу
мақсаттары
шынайы ма?
Бүгін оқушылар
не білді?
Сыныптағы ахуал
қандай болды?
Мен жоспарлаған
саралау шаралары
тиімді болды ма?
Мен берілген
уақыт ішінде
үлгердім бе? Мен
өз жоспарыма
қандай түзетулер
енгіздім жəне
неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес
келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1:
2:
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды
жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *